Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағЫ 3-том мақалалар, ӘҢгімелер, аудармалар, пьесалар 1921-1929 "ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014


ЖАЛПЫ ТЕАТР ӨНЕРІ МЕН ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ



Pdf көрінісі
бет2/27
Дата19.01.2017
өлшемі4,32 Mb.
#2190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ЖАЛПЫ ТЕАТР ӨНЕРІ МЕН ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ

Театр  –  сымбатты  өнердің  ішіндегі  ең  зор  өнердің  бірі. 

Ешбір өнерді тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай елдегі, қай 

түрдегі  өнерді  алсақ  та,  сән-салтанатпен  ырғалып-жырғалып, 

бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ. Барлығы да бо-

лымсыз  кішкене  ұрықтан  жайлы  топыраққа  көміліп,  белгілі 

шартпен  бағылып-қағылған  уақытта  ғана  бой  жасап  өсіп-

өнген. Ана жатырында баланың бітуі сияқты сәті келген сағатта 

тіршілік  белгісін  бастап,  тоғыз-тоқсан  құбылып,  ащы  толғақ, 

ауыр азап ішінде туады. Олай болса, әрбір өнердің иесі болған 

ел сол өнерді туғызып өсірген анасы есебінде. Әрбір өнер өзінің 

туып-өсу  жолында,  анайы*  топырағы  сияқты  болған  еліне 

міндетті.  Ел  тіршілігінің  өткен  күні  сол  өнердің  бойы  өсуіне 

қажет  болған  шарттың  барлығын  берген  болады.  Сондықтан 

елдің өз денесінен жаралған өнер әуелгі кезінде, өз елінің әдет-

салтын, ұғым-нанымын, мақсұт-тілегін өзгеден бөлек пішінде, 

сол елдің өзіне ғана хас болған суретте қабылдайтын болған. 

Бұл  халден  тысқары  жолмен  өскен  ешбір  ел  жоқ.  Қай  өнерді 

алсақ та, әуелде өз елінің халық өнері болып, содан ілгері карай 

басқан сатысында ғана көптікі болып, жалпы адам баласының 

ортақ теңізіне барып құяды.

Бүгінгі күнде қазақ елі бір туыстың үстіне жетіпті. Қазақтың 

театры туатын мезгіл болды деген пікірге келіппіз. «Өзімізден 

бірдеме  жасалса  екен»  деген  тілекті  де  тілейтін  болдық. 

Сондықтан біз жаңағы айтылған жалпы сөзді екі салаға бөліп, 

соның екі тарауына да ойланып қарап, көз салуымыз керек.

Жоғарғы айтқан жалпы пікірдің ішінде әрбір жұрттың өнері 

әуелі әр елдің тіршілік қалпындағы белгілі шарттарынан туа-

*

 Анайы – өзіндік, тума деген мағынада.



17

ды. Әуелгі туысында ұлт өнері болып туады дедік. Бұл халдің 

анығын білу үшін қазірде біз көтеріп отырған театр мәселесі 

өнерлі елдердің өмірінде қандай сатыдан өтті, театрдың өсіп-

өрбіген  тарихы  не  айтады?  Соның  тәжірибесі  біздей  елге 

қандай сыбаға ұсынады, соған көз салу керек. Мәселенің екінші 

жағы қазақ елінің өз қалпында театрға арналған қандай ұрық, 

қандайлық мүмкіндік бар, соны тексеруге арналу керек.

Осы жікке қарап мәселені мен екі бөлімге бөлемін. Біреуі 

Еуропа  театрының  тарихынан  азырақ  мағлұмат  беру  болады. 

Екіншісі қазақ топырағында театр өнерінің мүмкіндігі қандай, 

соған арналады.

Еуропа  театрының  тарихы  өте  кәрі  заманнан  басталады. 

Театр  өнерін алғашқы туғызған ел – грек жұрты. Грек театры-

ның басы осыдан екі жарым мың жыл бұрын басталған. Енді 

жоғарыда айтылған сөз бойынша театр тарихын қарағанда, осы 

өнердің грек топырағында тууына қандай шарт, қандай халдер 

себеп  болды?  Сол  шарт,  сол  себептерден  туған  грек  театры 

қаншалық дәрежеде ел театры болды?

Осы  мәселелермен  танысуымыз  керек.  Екінші,  осымен 

бірге қарастыратын мәселе – жалпы театр өнері гректе, я басқа 

жұртта  белгілі  заманда  қандай  халде  болды?  Өнер  есебіндегі 

маңыз-мағынасы қандайлық еді? Театр тарихының қай буыны-

на жетіп еді, сол жағынан қарау керек. Қай жұрттың театрын 

алсақ та, барлығын да осы сияқты екі түрліден қарайтын бола-

мыз. Осы әдіспен қарасақ, кейінгі қазақ театрына келген заман-

да  да  біздің  жалпы  пікір,  мақсатымыз  анығырақ,  ұғымдырақ 

болар деймін.

Гректің театры – көпшіліктің театры, халық театры деп са-

налады.


Себебі, бұл театрды туғызған жалпақ елдін әдет-салты мен 

ұғым-нанымы, жалпақ елдің бәріне бірдей ортақ мүлік болып 

саналатын  ескілікті  грек  театры,  бір  жағынан,  елінің  ұлттық 

пішінін  айқын  көрсетіп,  екінші  жағынан,  жалпақ  елге  бірдей 

болған діни әдеттен туған.

Ілгері-соңғы  заманда  тарих  жүзінде  аты  шыққан  елдердің 

ішінде грек жұртындай ақындық қиялы бай, ақындық өнері мол 

ел болған емес. Гректің дінінің өзі ақындық қиялының туынды-

2–1247


18

сы сияқты. Бұл көп құдайға табынған ел болатын. Сондықтан 

дүниені  түсінуі  де,  жасырын  сырын  ұғуы  да  түгелімен  сол 

көп құдайдың сыр-сипатын ұғынумен бірге ұғынып, сонымен 

бірге  білетін.  Дүниедегі  ерекше  көзге  түсетін  денелі  зат  пен 

денесіз  заттар  болсын,  яки  адамның  табиғатына  біткен  неше 

түрлі  жақсылық,  жаманшылық  салахияты*  болсын  –  осының 

барлығының  өзіне  арнаулы  жеке-жеке  құдайы  бар.  Ескі  дінді 

көп  құдайды  құр  санап  айтқанмен,  дін  тұтушы  адамның 

көкейіне толық сурет қонбайды. Ақыл жолында бала күйінде 

жүрген  адам  құдайын  танымауға  мүмкін.  Ұғынса,  таныса  да 

шала ұғынып, көмескі күйде түсінуге мүмкін. Сондықтан әрбір 

қүдайлар жайынан арнаулы әңгімелер айтылатын. Не қызықты, 

не  қайғылы  ертегілер  –  мидодер  жасалатын.  Мұның  мысалы 

қай түрдегі дінде болса да бар. Мұсылман дінінде хазірет Ғали, 

Хасен,  Хұсайын,  Сейітбаттал**  әңгімелері  –  соларға  ұқсаған 

дін ертегілері. Бері келген заманда ел білім-мәдениет жолында 

ілгері басқан соң ақыл-санасы да қадам басып бойы өсіп, артқы 

күні балалық күні сияқты ескіріп, татымсыз, мағынасыз нәрсе 

сияқты болып қалды.

Сондықтан  ескінің  дін  деп,  хақиқат  деп  таныған  нәрсесін 

кейінгі есі кірген адам көргенде жансыз әңгіме, ертек деп қа те 

түсінетін болған. Бергі заманды қай елдің ертегісі болса, бар-

лығы да бір заманда шын нанымнан, шын деп түсінген ұғымнан 

туып, артынан өзі үстірт сөз сияқты болып саналатын болды.

Бірақ грек жұртының жоғарыда айтқан көп құдайға табынған 

дәуірі  –  дін  жолында  өзінше  ең  өрлеп,  ең  тереңдеп  тұрған 

дәуірі  болатын.  Ол  күнде  құдайлар  жайындағы  әңгімелерінің 

барлығы  да  жалпақ  елдің  ортасында  ешбір  қалтқысыз,  ешбір 

күдіксіз  анық  сеніп,  анық  қадірлеген  әңгімелер  болатын.  Сол 

әңгімелер  бойынша  бір  елдің  ішінде  әрбір  құдайына  арнаған 

белгілі  күндерінде  арнаулы  тойлар,  ел  мейрамдары  болатын. 

Дін әдеті грек жұртының ел әдеті, ел салты, ғүрып-заңы сияқты 

болып кеткен.

*

 Салахият – ерекше деген ұғымды береді.



**

 Ғали – Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, кейде оны Әзіретәлі дейді немесе 

Ғали Арыстан деп те атайды. Хасен, Хұсайын балалары.

Сейітбаттал – діни қиссалардың кейіпкері.



19

Гректің  құдайларының  шынында  адам  бойындағы  әр түр лі 

салахияттың  әрқайсысына  арналған  иесі  Құдай  болатын  де-

дік.  Сондай  құдайлардың  ізгілік  құдайы,  сұлулық,  өнерлілік 

құдайы,  яки  жаманшылық,  қастық  құдайы  болса,  тағы  бір 

құдайы қызық, сауық, ішкілік құдайы болатын. Бұл құдайының 

аты  –  Дионис.  Дионис  –  аспан  мен  жердегі  судың,  діннің 

құдайы. Судан болып, өсімдік шығарып, жаңа туыс туғызатын 

қасиет иесі.

Қызық-сауық құдайына жыл сайын арнаулы күндерде құрбан 

шалып, той қылып, жалпақ ел мейрам жасайтын. Бұл мейрам 

әм сауық құдайына арналған соң түгелімен сауық, қызық күні 

болу керек. Қүдайға құлшылық, тілек ретінде әуелі құрбан ша-

лады. Құрбандығы теке болатын. Сол текені шалып тұрып, ай-

наласына  бар  халық  жиналып,  Дионистің  өмірі  турасындағы 

әңгімелерді өлең қылып айтатын. Сол өлеңнің ішіне адам ба-

ласына істелген жақсылығы үшін сиынып, қасиеттеген сөздері 

де  кіретін.  Мейрамның  дін  әдетіндегі  парызы  –  осы.  Осы 

біткен соң жалпақ елдің ішіндегі той, ойын, би, ән-күй баста-

латын. Дионистің мейрамына шалатын құрбандығы теке бола-

тын. Себебі баяғыда бір теке виноград жемісін жеп алып, мас 

болғанның  белгісін  көрсетіпті.  Мұны  көрген  адамдар  текенің 

неден мас болғанын ойлап келіп тапқан. Бірақ бізге осы сыр-

ды  тапқызған  Дионистің  өзі  ғой,  олай  болса,  бұдан  былай 

Дионистің мейрамына құрбанға теке шалайық деп, соны салт 

қылып әкеткен.

Текені грекше «трагус» дейді. Сондықтан Диониске құрбан 

шалған жерде айтатын өлеңді де теке жайындағы өлең деп ата-

ған. Өлең грекше – «оде». Бері келген заманда осы сөздерден 

әлгі «трагедия» деген сөз шыққан. Бүгінгі заманда біздің қанды 

оқи ға деп жүргеніміз сол Еуропа тілінде трагедия деп атала-

тын қай ғылы оқиғаны білдіретін пьесаны айтады. Күлкілі пье-

саны комедия деп атау да сол заманнан қалған сөз. Дионистің 

тойында теке жайындағы өлең екі түрлі айтылатын. Өлеңінде 

Дионистің өмірін баяндайтын әңгімесін жалғыз өлеңші айтып 

келгенде,  айналада  тұрған  көп  халықтың  «хоры»  (көптің  әні) 

аяғына  қосылып,  көп  дауыспен  көтеріп  әкететін.  Міне,  осы 

әдеттің  өзінде  жалпы  драма  түріне  тиісті  болатын  екі  кісінің 



20

әңгімесі  бар.  Берірек  келген  заманда  жүре  бастайтын  жалғыз 

өлеңші  өзінің  өнеріне  түр  қоса  бастаған.  Айтылып  тұрған 

оқиға  елге  Қызығырақ  болып,  жандырақ  көріну  үшін  өлеңші 

денесінің  қозғалысымен,  пішін  құбылысымен  басына  үлкен 

маска  (қолдан  жасаған  дін  тұлғасын)  киіп,  сол  құдайлардын 

өз дерінің  халіне  түсіп,  суретін  толығырақ  келтіріп  ойнайтын 

болған.


Осы халмен дін мен салттан туған қалың елдің мейрамын 

грек тің атақты ақыны Эсхилдың заманына келгенде, бұрынғы 

қалпына жаңа түр қоса бастады. Дионис мейрамының құрбан 

шалардағы өлеңінде бұрын оқиға хормен, жалғыз өлеңші екі-

ақ кісі сияқты болып араласатын болса, Эсхил бұл мейрамды 

бұрынғыдан  көрнекті  қылып  көрсету  үшін  жаңағы  оқиғаның 

ішіне  тағы  ойнаушыны  қосқан.  Ол  құр  ғана  ойыншы  емес, 

бұрынғы  Дионистің  әңгімесіне  араласатын  құдайлардың 

біреуін  кіргізген.  Сонымен  Эсхил  заманындағы  драмаға  ара-

ласатын ойнаушылар үшінші кісі болған. Содан кейінгі заман-

дарда драмаға кірушілердің саны көбейе берген. Эсхилдан соң 

Софокл,  одан  кейін  Эврипид  заманында  бұрынғы  Дионистің 

тойында айтылатын «теке жайындағы өлеңнен» әдебиеттің ең 

сұлу, ең зор түрінің бірі болған драматрагедиялар туған.

Бірақ  грек  трагедиясы  өзінің  ең  жоғарғы  биігіне  жеткенге 

шейін  елдің  әуелгі  салтынан,  әуелгі  ұғымынан  бөлініп-жы-

рылып келген жат нәрсе сияқты болған жоқ.

Ақындар  жазған  трагедияның  барлығы  да,  ең  алдымен, 

Құдайлар өмірінен, онан соң Құдай мен адамның ортасындағы 

саты сияқты болған алыптар, асыл заттар өмірінен жазылатын, 

барлығы да елдің бәріне мәлім әңгімеден алынатын. Трагедия-

лар  елдің  баяғы  дін  мейрамдарына  арналған  күнінде  ойна-

лып,  сонымен  өнер  түріне  кірген.  Ақын  қиялымен  жазылған 

трагедияның өзі де қалың елдің қара өзегін жарып шыққандай 

ел топырағынан шыққан.

Жылдағы  арнаулы  күндерінде  қалың  ел  дін  мейрамын 

қызықтап тойлауға баяғысынша жиылып келіп, бұрынғы жалғыз 

теке  жайындағы  өлеңді  естіп  көрудің  орнына  үлкен  қайғылы 

оқиға,  терең  сырлы  халдерін  көріп  ұғынып  қайтатын.  Бұл 

жиынға келген елдер баяғыша мұсылманның айт күні мешітке 



21

жиылғанындай, дін парызын, салт-әдет парызын атқаруға келе-

тін. Сонымен бірге үлгі, өсиет өнерден де жұғындар алатын.

Осы жағынан қарағанда, грек театры, бір жағынан, кейінгі 

ұрпаққа  өнер  есігін  ашып  бергендей  болса,  екінші  жағынан, 

ол  заманның  халқына  діни  қызметін  де  атқаратын  болған. 

Сондықтан гректің атақты философы Аристотель өз заманының 

театрын сөз қылғанда: «Театр елдің ең терең, ең асыл сезіміне 

әсер етсін, театр тыңдаушы мен көрушінің денесін мұздатып, 

жүрегі  еліккендей  болсын.  Көңілді  ыстық  сезім,  ұлы  толқын 

қалпына жеткізсін», – деген.

Адам  баласына  театр  өнерінің  алғашқы  асыл  қазынасын 

ашып берген – грек жұртының театры. Осындай жайдан туып-

өскен бұл өнер елдің қолындағы тесік моншақ сияқты болым-

сыз кішкене ұрықтан басталып, заман өткен сайын бойы өсіп 

жетіле-жетіле келіп, қалың елден бір уақыт бөлініп кетпестен 

аясында қараңғы елдің өзін жетектеп отырып, ең биік өнердің 

кақпасына бір-ақ келіп кіргізіп жібергендей болған.

Кейінгі заман театрының барлығы да сол үлгіні осы грек те-

атрынан  алған  Эсхил,  Софоклдердің  драмалары  шыққан  соң, 

Дионистің тойы кез келген жерде жасалмай, арнаулы театрда 

көрсетілетін болған. Ол заман театры өте үлкен болатын. Бір 

қаланың бар халқы сыятындай орындары бар, төбесі ашық: ойын 

күндіз болатын. Ойын сондай үлкен үйдің ішінде болғандық-

тан; екінші, ойнайтын оқиғаларының барлығы құдайлар жай-

ынан болғандықтан, артистер әншейін адам қалпында шықса, 

көзге  қораш  болады,  дауыстары  жөндеп  естілмейді,  бойлары 

көрінбеуге мүмкін. Сондықтан әрбір артист жоғарыда айтылған 

маскадан  басқа  ауыздарына  дауыс  зорайтатын  мұржа  сияқты 

құрал тығып, сонымен сөйлейтін. Бойларын зор қылып көрсету 

үшін, котурна дейтін айрықша биік етік киетін. Грек театрын-

да бүгінгі театрдағы белгілердің барлығы да бар-ды. Ең әуелі 

қазір «театр» деген сөзден бастап, «хор», «оркестр», «сахна» 

дегендер – барлығы сол грек театрының қосқан аттары бола-

тын. Кейінгінің барлығы алған үлгі – грек үлгісі.

Грек жұртынан соң тарихта үлкен орынға ие болған көрнекті 

ел – Рим халқы. Бірақ бұл елдің барлық жаратылыс қалпында, 

мінез  салтында  гректерге  ұқсамайтын  бір  зор  айырмасы  бар 



22

еді. Ол айырмасы – қиял мен сезімге бай емес, салқын ақыл мен 

іске қолайлырақ болған. Қиялдан келетін пайдадан да қолына 

түсіп, көзіне көрінетін пайданы артығырақ көрген пысықтық, 

ширақтық жағы басымырақ болған ел. Сондықтан оларда театр 

өнері гректікіндей болып дәуірлеп, гүлденген жоқ. Гүлденбеген 

себебі  –  елдің  қалпы  мен  салтында  театрды  туғызатын  шарт 

болмағандықтан.  Римде  сезім-қиялды  тарбиелейтін  траге дия-

ның орнына көңіл көтеріп күлдіруге жарайтын күлкі ойындар 

«комедиялар» көбірек орын алған. Бірақ сондай дінді жасаушы-

лар ел кезінде төмен саналатын болған.

Сондықтан  Римде  бері  келген  заманда  театр  әуелгі  грек 

жұртында  болған  асыл  қасиеттерінің  барлығынан  айырылып, 

көбінесе цирк түріне айналып кеткен. Римнің ақсүйектері, қара 

халқы  –  барлығы  да  циркте  тұтқын  құлдардың  жекпе-жек-

ке шығып бірін-бірі өлтіргенін, сүзеген бұқамен алысып қаза 

тапқанын, яки піл, жолбарыс сияқты жыртқыш хайуандармен 

алысып өлгендерін қызық көріп, соларды қарауды салт қылып 

кеткен. Әрине, жалпы театр өнеріне бұл сияқты салттан пәлен 

дерлік жақсы үлгі жамалған жоқ.

Театр өнерінің үшінші дәуірі орта ғасыр театры болады. Бұл 

театр христиан дінінің шіркеулерінен туған.

Ол заман – елдің діні өте күшті болған заман; ел тіршілігі, 

елдің  әдет-салтын,  мінез-ғұрпын  түгелімен  дін  кісені  мықтап 

тұсап  алған  заман;  бүкіл  дүниені,  бір  тарының  қауызына 

сыйғызғандай, дін уысына түгел сыйғызып, ешбір сезікті ша-

шау шығарып, шет жайылдырмайтын заман болған. Сондықтан 

бұл кездегі театр түгелімен діннен туып, дін жолында қызмет 

етсе, елге жат нәрсе болып саналмаған. Орта ғасырдағы шіркеу 

драмалары  сол  замандағы  ірі  мемлекеттердің  барлығында  да 

болған. Әсіресе, гүлденген жері – Испания, Франция, Италия. 

Бұл замандағы шіркеу драмаларының жалпы аты – мистерия

Көрсетілетін әңгімелерін алмасақ, сыртқы үлгісінің барлығы да 

ескі театрынан алынған. Ойналатын оқиғалары гректікі сияқты 

ескі дін әңгімелері болып, дін мейрамдарында ойналады. Ой-

налатын жері бас кезінде ылғи шіркеуде болатын. Ойнаушылар, 

көбінесе дін адамдары болған. Сондағы мақсат – дін нанымын-

ша  хақиқат  деп  саналатын  уақиғаларды  ел  көзіне  іс  жүзінде 



23

көрсетін,  сонымен  діндар  жұрттың  көңіліне  дін  уағызын,  дін 

мақсұтын ұғындыру мақсатымен ойналатын. Мистериялардың 

ішінде  көп  ойналатын  драмалар:  Адам  пайғамбардың,  Ғайса-

ның,  Ғайса  шәкірттерінің  яки  Мариямның  өмірі,  я  болмаса 

солардың  тіршілігіне  қастық  қылған,  жаманшылық  істеген 

бұзық адамдардың өмірінен алынған әңгімелер болатын.

Театр  алғашқы  кезде  шіркеудің  ішінде  жасалатын  болған. 

Сахнаның бір жағы ұжмақ, бір жағы дозақты көрсететін. Жауап-

тылар ұжмаққа жіберіліп, дозақы күнәкәрлер болса қолма-қол 

дозағына баратын. Шіркеу драмасын ойнайтын артистер алған 

міндетін  дұрыс  атқарып,  репетицияға  адал  келіп  тұруына  – 

інжілді кеудесіне ұрып ант береді екен. (Тегі, біздің артистердің 

салдыбалақтығы ол заманда да болса керек.)

Мистериялардың  өз  заманында  бағасы  халыққа  өте  зор 

болған,  ел  өте  қадірлеп  қатты  қызықтаған.  Бұл  да  өзінше 

заманының халық театры болған. Мистерия ойыны көпке та-

рап,  қалың  ел  түгел  қызықтайтын  болған  соң,  берірек  келген 

заманда  шіркеуден  шығып,  сырт  жерде  ойналатын  болды. 

Қалың елдің түгел қызықтағанының белгісі – үлкен қалалардан 

ойын  болардың  алдынан  маңайдағы  ауылдардың  халқы  бар 

жұмысын тоқтатып, қалаға ағылатын болған. Қалада ойын бо-

лардан бірнеше күн бұрын салт атты жаршылар жүріп, көше-

көшеде  сыбызғы  тартып,  белгі  беріп,  өлеңмен  сауын  айтады. 

Ойын  күні  қала  халқы  түгелімен  театрға  жиналатындықтан, 

барлық  үйлердің  қақпалары  жабылып,  сауда-саттық,  қызмет 

атаулы тоқтап, қаланың шеттерінде талан-тараж болмас үшін 

мықты күзет қойылады. Ойын мұнда да күндіз болады.

Сондықтан ойын күні жұрттың бәрі күн шықпастан театрға 

жиылып келіп, орын алысады. Бұл уақыттағы драмалар күніне 

сегіз  сағаттан  ойналып,  кем  болғанда  үш  күнге  созылады. 

Кейбір  драмалар  он,  жиырма  бес,  қырық  күнге  шейін  созы-

латын  да  болған.  Театрға  жиналған  халыққа:  «Дауыстама!»  – 

деп  айқайлап  тұратын  қарақшылар  болады.  Дауыстап,  тәртіп 

бұзғандар  болса,  ұстап  алып  дозаққа  жіберетін  әдеті  бар. 

Сондықтан кейбір көрушілер ықтиярсыз, ойда жоқтан артистің 

міндетін атқарып кететін де болған.

Ойын басталардың алдында бар халық артистермен қосылып 

намаз оқып алады. Онан соң ойынның уақытында Ғайса, Ма-


24

риям  сияқты  құрметті  жандар  Құдайға  құлшылық  қылып, 

сажда қылған уақытта, театрда отырған халықтың барлығы да 

орындарына жалп-жалп жығылып, қоса сажда істейтін.

Орта ғасырдың шіркеу туғызған театрының жайы – осы. Бұл 

театрлар әрбір елдің ұлт театры болмаса да, жеке елдің әдет-

салтынан тумаса да, жалпы христиан дінін тұтынған елдердің 

бәріне бірдей ортақ болған салт-санадан туғандығы анық.

Сондықтан  көпшіліктің  тіршілігімен,  сезім-тілегімен  нық 

байланысы барлығында дау жоқ.

Бірақ  шіркеу  драмасы  өзінің  негізі  мен  қалпын  мәңгілікке 

сақтап  қала  алған  жоқ.  Қауымның  ақыл-сезімі  өсіп,  бойжете 

бастаған  сайын  театр  әуелі  шіркеудің  іргесінен  шығып  алып, 

содан кейін біраз заманда дін таңбасынан да айығып, серги бас-

тады. Ел әрі-беріден соң театрға үнемі дін мақсатымен қарамай, 

бір  жағынан,  өнер  есебінде  сүйетін  болып,  екінші  жағынан, 

көңіл көтеретін сауық-қызық есебінде де қадірлейтін болды.

Сондықтан орта ғасырдың аяқ кезінде шіркеу драмасы ның 

негізгі пішіні әр елде әртүрлі болып бұзыла бастайды. Театр да 

дін әңгімесі ойналмай, әр елдің әдет-салтын көрсететін жеңіл 

күлкі, мысқыл-мазақ сияқты қызықты нәрселер ойнала баста-

ды.


Шіркеу  театрынан  жаңа  бұтақ  шығып,  жаңа  бір  ағымның 

белгісі басталады. Французда шіркеу драмасынан шығып, жаңа 

түр болып жайылған күлкі ойындарын фарс деп атайды.

Германияда  бұған  ұқсайтын  ойындар  фастнахтшпиль 

деп  аталған.  Бұлар  орта  ғасырдан  кейін  туатын  жаңа  заман 

театрының  басы  сияқты,  я  болмаса  дін  театры  мен  дүниелік 

театр дың  ортасындағы  өткел,  саты  сияқты.  Күлкі  ойындар-

ды  жасаушы  артистер  шіркеуден  біржолата  алыстай  бастады. 

Көбіне, дін атынан лағынет оқылып, қуғын да жасалады. Бірақ 

әрбір  елде  көпшілік  солардың  ойынынан  өзінің  өмірін  көріп, 

әдет-салтын  сезген  соң,  күлдіргі  ойыншылардан  айырылмай-

тын  болды.  Күлдіргілердің  қолында  жазылған  арнаулы  театр 

кітаптары  болған  жоқ.  Көпке  жайылған  күлдіргі  әңгімелерді 

алып,  соларды  көрсетуді  салт  қылған.  Мәселен,  немістің 

бір  фастнахтшпилі  –  «Кәрзеңке»  әңгімесі.  Мұның  қысқаша 

оқиғасы:  бір  мырза  өзінің  қызметкерін  дүкенге  арақ  әкелуге 



25

жібе реді. Қызметкер көшеде келе жатса, бір ерлі-қатынды кісі 

ұрсысып тұр екен. Ұрсысқан себебі– қатын қолына ұстап келе 

жатқан кәрзеңкені:

– Енді сен алып жүре бер, – деп байына береді. Байы алмай-

ды.


Қатыны:

– Алмасаң қой, – деп тастап кетеді. Байы соған ашуланып 

қатынын ұрады.

Осы  оқиғаны  қараймын  деп  бағанағы  қызметкер  кешігіп 

қалып,  үйге  келгенде,  мырзасы:  «Неге  кешіктің?»  –  дейді. 

Қызметкер  көргенін  айтады.  Мырза  сол  арада:  «Байынікі 

дұрыс, мен де алмас едім», – дейді.

Мырзаның қатыны:

– Алар едің, мен алғызар едім, – дейді.

Байы:


– Иә, алғызар едің, өйтетін болсаң, мен де сені сойып салар 

едім.


Қатыны:

– Мені ме?

Байы:

– Сені.


Қатыны:

– Қайтіп ұрасың? Кәне, ұрып көрші, – дейді.

Сонда байы:

– Мә, олай болса, – деп қатынын сабайды.

Қызметкер  өзінің  қатынына  келгенде,  малшы  қатын:  «Бай 

мен бәйбіше неге ұрсысты?» – дейді. Қызметкер көргенін ай-

тады. Бұл арада қызметкердің қатыны да әлгіні істейді. Сонан 

соң байы ұрады.

Мінеки,  осындаймен  басында  шіркеуден  шыққан  театр  ел 

өміріне қарай жылжи бастап, осыдан кейінгі сатысында Еуро-

па  мемлекеттерінің  барлығында  жаңа  заманның  театрларын 

туғыза  бастайды.  Бұдан  кейінгі  театр  әрбір  елдің  өзді-өзінің 

театры  болады. Өзінің әдет-салтын, өзінің ұғым-сезімін өзгеден 

бөлек пішінде, өз бетімен қалыптайтын жолға түсе бастайды.

Еуропа театрының ұзын-ырға тарихына қарасаң, грек теа-

трынан соңғы дәуірлерде екі түрлі ағым байқалады.



26

Мұның  бірі  –  елдің  өз  әдет-салтынан  туған  емес,  өзгеден 

алған үлгі сияқты, көпке бірдей ортақ болған ағымдар.

Екінші – әр елдің өзінің әдет-заңынан, өзінің дін сауығынан, 

өзінің ұрығынан өсіп шыққан ағым.

Орта ғасыр театрларын алсақ, алғашқы ағым шіркеу драма-

лары, шіркеуден шыққан өнер болады. Шіркеуден шыққан те-

атр барлық христиан жұртына ортақ үлгі еді.

Сондықтан  француз,  неміс,  ағылшын  халқы  –  барлығы  да 

сол өнерді көптің салты сияқты қылып қолданады. Бірақ осы-

мен қатар орта ғасырлардың аяқ кездерінде жоғарыда айтылған 

әр елдің әдет-ғұрпынан туған театрдың белгісі көріне бастаған.

Орта ғасырдан соң жаңа заманда театрда тағы да жаңа ағым 

болды.


Мұның  бірі  –  анық  шеттен  келген  үлгі,  грек  театрының 

үлгісі. Ескі трек өнеріне еліктеуден туған түр.

Екіншісі – жоғарыдағы француздың фарсы, немістің фаст-

нахтшпилі  сияқты  әр  елдің  өз  әдетінен  туған  белгілерді  ұл-

ғайтып,  кестелеп,  соның  бағытымен  өскен  бытовой  театр . 

Өмірден туған, халықтың ұғымына жақын күндегі дін сауығы-

нан дән алған.

Жаңа заман театрындағы алғашқы ағым театр өнерінің сән-

салтанат жағына (гуманистическое классическое направление) 

бет бұрған дәуірі деп аталады.

Бұл  бағыт  дін  сандырағынан  айығып,  таза  өнер  дегенге 

бас июден туған. Қайдан шықса да өнерді ғана қадірлеп, соны 

ғана  ұстатпақ  болған  мақсаттан  туған.  Бірақ  дін  жұғынын 

жоғалтумен бірге салтанатты театр әр елдің өмірінен де алыс-

тап  кетіп,  елдің  әдет-заңына,  ақыл-сезіміне  жанаспайтындай 

болды. Сондықтан көпшіліктің, халықтың өнері болмай, санама 

жақсылардың,  ақсүйектердің,  білімділердің  ғана  өнері  болуға 

айналды.  Бұл  заманға  шейін  қай  түрде  болса  да  қалың  елдің 

қызығы  болған  театр  енді  көптен  қол  үзіп,  сытылып  шығуға 

айналды.  Салтанатты  театрды  қызықтаушы  қолдаушылар  кім 

болғанын  білсек,  бұл  түрдегі  театрдың  елмен  қатынасы  аз 

болғанын да білеміз: Жаңа замандағы салтанатты театр барлық 

Еуропа  мемлекеттерінде  ылғи  ғана  патшалар  сарайында, 

ақсүйек алпауыттар сарайында жасалатын болды.


27

Әрине, ондай театр бұрынғы көп елдің ортақ өнері бола ал-

мады.  Ескі  грек  трагедиялары  өз  заманында,  өз  топырағында 

қан шалық жанды, қызықты өнер болса да, қаншалық халық ел-

дің жан тамырына тиіп, көптің жүрегін бір мұздатып, бір ысы-

туға  жараса  да  жаңа  заман  театрына  келгенде,  бұрынғы  қол-

қа-бауыры араласқан түбірінен айырылып қалды. Салтанатты 

театр  сарайдың ғана қызық сауығы, жақсылардың ғана салта-

наты болып қалды.

Бірақ  қалың  елдің  сезім-тілегі  салтанатты  театрдан  қана-

ғаттана  алмаған  қалпында  шөгіп  қалған  жоқ.  Бұл  өзінен  шы-

ғып,  бірден  жол  қарап,  әдет-заңынан,  өз  өмірінен  жаңа  түр 

туғы зуға талаптанады. Сол ізденудің себебінен елдің бұрынғы 

дін сауығынан болсын яки өмір қалпынан болсын, жаңа театр 

қайта тууға айналды.

Бұл театр тағы да көптің, қалың елдің театры болды. Жаңа 

замандағы  салт  театрының  басы  фарс,  фастнахтшпильде  бар 

деп  едік.  Соларға  туыс,  жақын  бір  үлгі  Италиядан  шықты. 

Италияда  да  сарайдың  салтанатты  театры  болған.  Бірақ  ол 

қаншалық көркейіп, гүлденіп тұрса да, жоғарғы ретпен, онан 

жем ала алмаған. Көпшілік жаңадан күлкі ойындар шығарады.

Италияның комедиясын ойнаушылар артистік өнерін кәсіп 

қылған,  кәдуескі,  қалыптанған  ойыншылар  болатын.  Бұлар 

қаладан-қалаға  қыдырып  жүріп  ойнайды.  Әңгімелер  елдің 

салтынан,  әдет-ғұрпынан,  сол  замандағы  өмірінен,  әңгіменің 

ішіндегі  адамдары  сол  замандағы  көп  халыққа  тегіс  белгілі 

болған күлкі адамдар болады. Бұл комедияның өзгеден ерекше 

жері – ойналатын оқиға туралы жазылған кітап жоқ. Оқиғаны 

құраушы кісі, белгілі адамдардың өміріндегі керекті халдерді 

алады да, солардың ортасындағы оқиға неден басталады, немен 

бітеді, сонысын ғана белгілейді. Әңгімеге қанша адам араласа-

тынын, қашан кіріп, қашан шығатынын айтады. Содан соңғы 

іс пен сөздің барлығы ойнаушылардың өз өнеріне тапсырыла-

ды.  Қалжың  сөз,  күлдіргі  іс,  ақыл  өсиет,  талас-тартыс  болса, 

барлығына  лайықты  сөз,  лайықты  мінезді  ойнаушылардың 

өздері сахнада жанынан шығаруға керек. Сондықтан ол коме-

дияның ойыншысы өзі ақын, өзі жазушы сияқты болуға керек.

Комедиялардың  екінші  айырмасы  –  бұлардың  қай  түрдегі 

ойындары  болса,  барлығына  бірдей  үнемі  араласып  жүретін, 


28

үнемі  жоғалмайтын  арнаулы  типтер  (алуаны  бөлек  адамдар) 

болады. Бұлардың бірі, мәселен, әйелқұмар, ішкілікқұмар, кәрі 

шал,  өзі  аңқау  болады,  бала-шағасы,  малшы-қосшысы  болса, 

түгелімен мұны алдап күлкі қылып жүреді.

Екінші, тағы бір шал, ол анадан оқымысты, құрғақ даныш-

пан, ылғи керексіз, орынсыз жерде білмей, керек сөз айтамын 

деп  күлкі  болып  жүретін  адам.  Сөзінің  барлығы  сырт  қарап 

тұрған кісінің беті көрінбейді деген сияқты қырындық болады.

Бұдан соңғы бір алуан адамдары – қызметкер, мұның бірі – 

қалжыңқой,  тапқыш  қу,  күлдіргі,  екіншісі  –  аңқау,  ақы мақ. 

Комедияның  ішінде  осы  адамдар  үнемі  болады.  Әрбір  ойын-

да  бұлардың  өмірінде  кездескен  әртүрлі  оқиға,  әртүрлі  жаңа 

әңгімелер ойналады.

Ойынның  түпкі  адамдары  өзгермейтіні  болған  соң,  әлгі-

лердің әрқайсысына арналған белгілі киім және бір белгілі ма-

ска болады. Сондықтан бұл комедияны кейде маскалар коме-

диясы  деп  те  атайтын.  Италияның  осы  комедиясынан  кейінгі 

замандардың театрында осы күнге шейін сақталып келе жатқан 

екі тип бар. Оның біреуі – Арлекин, екіншісі – Пьерд, бұл екеуі 

маскалар комедиясында жаңағы екі қызметкер болатын. Итали-

яда Арлекин ақымақ қызметкер еді. Бірақ комедия де Льертенің 

үлгісі французға көшкенде, Арлекин өткір, сөз тапқыш, шешен 

болып кетті.

Италияның комедиясы артистік ақын сияқты өнерлі болуын 

керек қылушы еді. Сол шартты Италиядай зейінді, туысы өткір, 

шешен  елдің  орындауына  әбден  жараған.  Комедияның  негізі, 

көбінен,  елдің  өз  аузында  жүрген  күлкі  әңгімелерден  туды. 

Қазақ  өмірінен  мұндай  күлкі  әңгімелердін  мысалын  іздесең, 

Алдар  көсе,  Жиренше  шешен,  я  болмаса,  бергі  замандағы 

Торсықбай, Айдарбек сияқты көп күлдіргі қулардың әңгімелері 

әбден үйлесуге болады.

Жаңа  заман  театрының  басы  осы  сияқты  ел  күлдіргісінен 

басталған.  Осыдан  кейінгі  сатысында  жаңа  заман  театры 

ғылым, өнердің үлкен жолына шыға бастады.

Күнбатыс Еуропаның ірі мемлекеттерінен атақты драматург-

тер, ірі жазушылар шықты. Бұлардың, драмалары сарайдың сал-

танатты театрының жолымен кеткен жоқ. Түгелімен бұрынғы ел 


29

өнерінде белгі беріп келе жатқан, орныққан, өсіп-өніп барлығы 

да өз елдеріне салт театрын, халық театрын жасап беріп, елін 

өнерге жетектеп әкелгендей болды. Испанияда «ақындық негізі» 

деп аталған Лопе де Веганың салт театрын түзеді, ағылшында 

Шекспир, Германияда Ганс Ракт, Францияда Мольер – барлығы 

да өз елдерінің өмірімен, салт-санасымен, әдет-қалпымен нық 

бай ланысқан  «Бытовой  реалистический  театрды»  жасады. 

Осы айтылатын ірі ақындар, ірі жазушылар шыққан соң, театр 

өнерінің бет-бағыты нығайып, қалыптанып, енді іргесі мықты, 

өнер атын алып, дүние майданында бірден-бірге тарап жайыла 

бастады. Бұлар – театр өнерінің, драмашылдық өнерінің тари-

хында асқар тау сияқтанып тұратын ұлы тұрғылары. Кейінгінің 

көбі талай ғасырлар өтсе де, солар ңұсқаған бет, солар көрсеткен 

жол, солар берген үлгіден шетке жайылған жоқ, адасқан жоқ. 

Бірақ Шекспир, Лопе де Вегалар заманы туралы айтылатын бір 

сөз бұлардың тұсында театрдың ішкі мағынасы сияқты болған 

пьесалар қалыптанғанмен, театрдың өзі олардың кезінде XVI 

ға сырда  Англияның  патшасы  Елизавета  деген  әйел  болатын.  

Ағылшын театры Шекспир мен Елизаветаның тұсында бұрын-

ғыдан көп ілгерілеп, көп ірілеп кетті деп тарих айтады. Бірақ 

бүгінгі күнде Шекспирдің Гамлетін ойнап жүрген театр мен ол 

замандағы театрдың жайын салыстырып көрсек, ескі театр дың 

таңғалдыратын үлгісі көрінбейді. Ең әуелі мұнда да ойын күн-

діз болатын. Театр – төбесі ашық, түсетін жарық сәуле – күн 

сәулесі. Сахнада бүгінгі театрдағы шымылдық, декорация, ку-

ли  са  деген  болмайды.  Оқиға  күндіз  болса,  көк  кілем  ілінеді, 

түнде  болса,  қара  кілем  іліп  қояды.  Осы  сияқты  сахнада  бір 

нәр  сенің суретін көрсету керек болса, болымсыз белгісін қоя-

ды.  Одан  арғысын  жұрт  өзі  ұғуы  керек.  Мәселен,  бір  түйір 

шым  ға  екі  ағашты  шаншып  әкеп  қойса,  оны  бақша  деп  білу 

керек. Оқиға бақшаның ішінде болатынның белгісі. Патшаның 

сара   йын  көрсетудің  орнына  тақты  әкеп  қояды.  Шіркеуді  көр-

се ту дің  орнына,  шіркеуде  намаз  оқитын  орындықты  қояды. 

Шекс пир заманындағы театрдың табысы – бұрынғы бір сахна 

үстінен екінші бір сахна жасалған. Егер әңгіменің ішінде оқиға 

биік тау басында болатын болса, сол екінші сахнаға шығып ой-

найтын.  Шекспир  театрының  халқы  да  бүгінгіге  ұқсамайтын. 



30

Театр ға жиылған елдің ішінде қадірлі кісілер көппен бірге зал-

да отырмайды. Сахнаның екі жағында отырып қарайды. Және 

ірі кісілер дін басталмай тұрып келуді бойына лайық көрмей, 

орын   дарынан  сахнада  ойын  ойналып  жатқанда,  артистердің 

ара  сынан өтіп баратын. Ақсүйектер ойынға жалғыз келмейді. 

Көп  қызметкерлермен  келеді.  Қызметкерлер  мырзаларына 

ойын  үстінде  темекі  жасап  әкеп  беріп  жүреді.  Ойын  үстінде 

те ме   кі тарту, сусын ішу, алма, қияр жеу – бар халықтың әдеті 

болатын.


Театрда  ойналатын  әңгімелердің  жайын  жазып  қоятын 

қара тақтай болады. Кейде сол тақтайға театрдың ішінде қолға 

түскен ұрыларды халықтың өзі апарып байлап қоятын әдет те 

болған. Шекспир заманындағы театрдың суреті осындай.

Бұған  қарағанда,  пьеса  мен  театрдың  өсіп  көркеюі  біріне-

бірі байланбайтын сияқты. Пьеса жақсы болғанмен, театрдың 

көңілдегідей жақсы болуы шарт емес.

Шекспир  театрынан  соңғы  заманда  жалпы  Еуропа  театры 

заман өткен сайын түр тауып көркейе берді. Бір елде шыққан 

жаңалық  болса,  екіншіге  үлгі  болып,  жайыла  бастайды. 

Сондықтан  бұдан  кейінгі  дәуірлерде  театрдың  қалпы  қандай 

болғанын  айтудың  орнына  театрда  ойналатын  пьесалардың 

қандай  өзгеріс,  қандай  жаңа  бағыттары  болды,  сол  жайынан 

біраз сөз айтпақшымыз.

Бұл турада XIX ғасырдың аяқ кезінен бері қарай соңғы за-

манда шыққан жазушыларды айту керек.

Театр өнері жалпыға бірдей өнер болған соң, пьесалар әде-

биет пен театрдың ішіндегі ең қасиетті бұйымдары болған соң, 

соңғы замандағы жазушылар өз елінің өмірін суреттеуден басқа 

жалпы адам баласының көңіл күйін суреттеп, жалпының мінін, 

жалпының кемшілік, жақсылығын пьесаға кіргізетін болды.

Жазушының өнері өз елінің шеңберінен шығып, адам бала-

сының ортақ қазынасына, көбіне бірдей мүлік болып қосыла-

тын болды. Бұл түрдегі пьесалар адам баласының бәріне бірдей 

болған  білім,  мәдениеттің,  толғаулы  ақыл,  терең  сезімінің 

туын дысы  сияқты  болып  кетті.  Сол  үлгіні  керсететін  жаңа 

ағым  ды шығарған жазушының бірі – Норвегияның драмашы-

лы Ибсен. Бұл бір елдің әдет-салтын көрсетудің орнына бар-

лық  пьесасында  адам  баласына  тиісті  болған  жан  сипатын, 

мінез  бітімін  тереңдетіп  көрсете  бастады.  Мұның  пьесалары 



31

көбі не се  адамның  ішін  сыртқа  шығарғандай,  іштегі  пішінді 

көп мүсіндеп, сезім мен мінездің талай қараңғы бұрыштарын 

сурет тейді.

Ибсеннен  соң  тағы  бір  жаңа  үлгіні  шығарған  адам  – 

Бельгия ның  жазушысы  Метерлинк.  Бұның  адамы  ұғымға 

Ибсеннің  адамынан  да  қиынырақ.  Метерлинктің  әдебиеттегі 

беті  –  символизм.  Бұл  көпке  ұғымды,  жабайы  жалпыға  бір-

дей  тілмен  сөйлемейді.  Сұлу  белгімен,  емеурінмен,  күйімен 

сөй лейді.  Сондықтан  Метерлинк  пьесасындағы  адамдарда 

ақыл,  сезім,  қайрат  бітімі  түгел  біткен,  толық  пішінді  адам 

жоқ.  Әдейі  қансыз,  денесіз  қылып  жаратқан  сурет,  көлеңке 

сияқты. Бұлар белгілі қауымның үлгі айнасы болатын типтер 

емес. Адам көңіліндегі сезім, кілең қиял мен халдің шеберлеп 

құраған  кестесі  сияқты.  Метерлинк  пьесаларында  екі  мағына 

болады.  Біреуі  –  көзге  көрінетін  оқиға  мен  көз  алдыңыздағы 

адамдардың әңгімесі. Екіншісі – сол оқиға, сол әңгімеден туа-

тын  терең-терең  мағына.  Метерлинк  пьесасы  құрғақ  сөзбен 

айтқанда ұғымсыз болуға мүмкін. Сондықтан «Соқырлар» де-

ген бір пьесасының қысқаша әңгімесін айтып өтейік.

Жаңбырлы күздің күнінде бейуақытта тоғай ішінде бірнеше 

соқырлар  отырады.  Күздің  суық  желі  соғады.  Қураған  жапы-

рақтар  сылдырлайды.  (Метерлинк  пьесаларында  табиғат 

үнемі араласып отырады.) Соқырлар бір приютта

*

 жатқан кем-



кетіктер. Бұларды тоғайға әкелген – поп. Соқырлар поптан айы-

рылып қалған, қайда кеткенін білмейді. Сол келгенше приютқа 

қайта алмай күтіп отырады. Соқырлар неше алуан: кейбірі туа 

соқыр, кейбірі жүре соқыр болған. Көпшілігі – қатын. Ішінде 

әрі соқыр, әрі жынды бір қатын бар. Мұның қолында кішкентай 

жас баласы бар. Жалғыз көзі сау – сол. Соқырлар поп қашан 

келеді  деп  сөйлесіп  күтеді.  Жынды  қатын  әр  нәрсе  айтып  өз 

бетімен  сөйлейді.  Қолындағы  бала  шырылдап  жылайды.  Бір 

жаққа қарай талпынады. Соқырлар маңындағы жерді қолымен 

сипалап: «Жаңбыр жауып тұр, жел соғып тұр», – деп, әрқайсысы 

сезгенін айтады. Попты көп күтеді. Ақырында жердегі жапырақ 

сылдырлайды. Біреу келе жатқан сияқтанады. Отырғандар поп 

шығар  дейді.  Келген  ит  болады.  Ит  бір  соқырдың  қолын  жа-

лап,  қыңсылап,  артынан  ерткісі  келеді.  Соқыр  ереді.  Қолын 

созып  сипалап  келе  жатып,  соқырлардың  ішінде  отырған  бір 

*

 Приют – кембағалдар мекені, жетімхана.



32

адамның  басына  қолы  тиеді.  Бетін  сипаса,  үлкен  сақалы  бар 

беті мұздаған поп болады. Поп соқырлардың ортасында оты-

рып өлген екен. Ылғи көзі жоқ кем-кетіктер басшы поп келеді 

деп бос күтіп отырған болады. Басшысы өздерінің ортасында 

отырып әлдеқашан өліп қалған. Өлгенін білдірген – ит.

Мінеки, «Соқырлар» деген пьесаның сыртқы әңгімесі мен 

көрінісінің  барлығы  осы.  Бірақ  ішкі  мағынасын  тексерсек, 

терең философия болады. Көп соқырлар – дүниедегі зор қиял, 

зор  мақсұтынан  айырылып,  көңілі  кер  болып,  жұтап  отырған 

адам баласы. Дене тіршілігі болмаса, жаны әлдеқашан елік бо-

лып  қалған  адам  қауымы.  Бұлардың  бұл  күнге  шейін  басшы 

қылып, соңына еріп келгені – дін болатын. Поп – діннің белгісі, 

бірақ бұл заманда дін қартайды, өлді. Соқырлардың ортасын-

да  отырып  өлді.  Бірақ  оны  көретін  көз  ешқайсысында  жоқ. 

Көп соқыр әлі де болса: «Поп келер, бастар» – дейді. Көптен 

бөлек жалғыз сөйлеп отыратын жынды қатын – ақындық өнері, 

поэзияның  белгісі.  Ол  көптің  жолына  бағынбайды.  Өз  бетіне 

бірдеме тілеп, бірдеме іздейді. Үмітсіз халдің үстінде отырған 

бар  соқырлардың  ішінде  жалғыз  көзі  сау  жынды  қатынның 

қолындағы кішкене бала. Ол – ақынның шабыты. Метерлинк 

жаратылыстың жарық сәулесін сезетін жалғыз ғана ақынның, 

есі  жоқ  бала  сияқты  шабыты  деп  есептейді.  Пьесаның  ішіне 

араласатын  ит:  адам  баласының  дүниедегі  ұзақ  тіршілігінің 

ішінде өзінен басқа мен иесінің ішінен тапқан жалғыз-ақ досы 

бар.  Онысы  –  ит.  Сол  жаңағы  соқырлар  сарғайып  жүдеген 

уақытта өзінің достығын көрсетеді.

Мінеки, «Соқырлар» пьесасындағы терең сыр, терең ой бел-

гісі – осы. Метерлинктің жазуы қара халық үшін емес, оқыған, 

бойы өскен, сезімді, білімді қауымның тілегіне арналған, соңғы 

замандағы  зорайған  мәдениет,  тереңдеген  білім,  етек  алып 

жайылған  кестелі  өнер  туғызған  жазу.  Сондықтан  бұл  –  бір 

ұлттыкі, бір таптыкі емес, жалпы адам баласының жай-күйін 

білдірмек болған жалпыға ортақ өнердің бір саласы.

Ибсен,  Метерлинк  үлгісі  –  бұрынғы  әр  елде  болған  салт 

театрларының үстіне келіп қаланған үлгі. Бұлар – білім жолын-

да жетіліп толған қауымға ғана ұғымды.

Біз Еуропа театрының қысқаша тарихын шолып өткен соң, 

қазақ жайына көшуден бұрын енді өзімізге жақын тұрған орыс 

театры туралы аз сөз айтып өтейік.



33

Орыс театры жоғарыда айтылған жалпы Еуропа театрлары 

басып  өткен  басқыштың  барлығын  да  басынан  атқарған.  Сол 

дәуірлердің кейбірі толық күйде туылса, кейбірі шала-шарпы, 

жарым-жарты күйде туған. Қалайда болса, орыс топырағында 

да орта ғасырдың шіркеу театры, сарайдың салтанатты театры, 

өзгенің үлгісіне еліктеген театры – барлығы да болған.

Орыс  қауымындағы  қалың  топтардың  нағыз  өзіне  тиісті 

болған салт-санасын, мінез қалпын анық көрсетіп, ел тіршілігін 

ең алғашқы рет ашық қылып көрсете бастаған жазушы Остров-

ский  деп  саналады.  Орыс  елінің  өзіне  біткен  заңы  мен  өзіне 

біт кен мінез-әдетті Островский орыстың саудагер купецтерінің 

салтынан алып жаза бастады. Сондықтан нағыз орыс пішінін 

керсететін, орыс иісін танытатын, көп өміріне жанасатын атасы 

Островский болады. Содан кейінгі Толстой бастаған жазушы-

лар орыстың көп елінің өмірін әлденеше жағынан алып, неше 

алуан салт пьесаларын туғыза бастады. Бұрынғы шеттен келген 

жат өнер осылардан кейін ғана орыс елінің өз өнерін құрауға 

айналды.

Орыс  театрының  Островскийден  соңғы  бір  алуан  үлгісі 

Чехов театры болған. Мұның драмалары да осы қауымның өз 

өмірінен  алынған  салт  драмалары.  Бірақ  Чеховтың  пьесала-

рында жаңалық – драма оқиғаларының барлығы көңіл күйінен 

құралады.  Сол  себепті  Чехов  театры  –  көңіл  күйінің  театры 

деп  аталады.  Бұның  пьесаларында  патша  заманындағы  орыс 

тіршілігінің бір орнынан қозғалмай қатып тұрған қалпы сурет-

телген. Сол сурет өте сұр пішінді, өте жансыз болғандықтан, 

жазушының  көңілінде  қайғы  күйін  күшейтеді.  Барлық  дра-

маларында  қайғымен  құлазып  жүдеген  жансыз  ауыр  күйлер 

шертіледі, тіршіліктің бейуағы сияқты тыныс бітіп, жан үзіліп 

бара жатқандай мұздап, жұтап тұрған халдер кеп болады. Адам-

дары  белгілі  мақсұт  қуған,  белгілі  тілектің  соңына  салынған 

еті  тірі  адамдар  емес.  Көңіл  мен  Островскийдің  адамдарын-

дай ашық пішінді адамдар емес. Мінездерінің нобайы, ыңғайы 

ғана көрінетін адамдар. Сондықтан Чеховтың жасаған типтерін 

ойнаушы  артистер  жазушының  әдейі  тұлға  қылып  көрсетпей 

қойған мінезі мен күйлерін өз жанынан қоса толтыруға міндетті. 

Чеховтың пьесалары ойнаушының ең ірісін таңдайтын пьеса.

Сол шартты орындауға жараған артистер – Вера Комиссар-

жевская бастаған артистер болды.

3–1247


34

Бұлардан  соңғы  жаңа  заман  театрлары  болса,  көпшілігі 

мәдениетті қаланың бойы аспанға шығып жатқан қызулы, шулы 

тіршіліктің айнасы болады. Сатырлап жатқан машина ағындап 

бара жатқан өнерлі тұрмыстың ағымына салынған жаңа үлгінің, 

жаңа  өмірдің  театры.  Бұл  театр  шеберленген  өмірдің  биікке 

кеткен өнері сияқты. Сондықтан ол жайындағы сөзді ұзартпай, 

жалпы  театрлар  тарихын  осы  мағлұматтармен  тоқтатып,  енді 

қазақ театрының мәселесіне келеміз.

Жоғарыда саналған елдердің театрларына қарасақ, көпшілігі 

өз бастарынан екі түрлі күй кешірген: біреуі – шеттен келген, 

өзгеден алған үлгі сияқты ақсүйектер, сарайлар орнатқан өнер; 

екіншісі  –  ел  тіршілігінің  іргесінен  шыққан,  ел  салтындағы 

ойыннан, ел аузындағы әңгімелерден, көп елдің той мейрамы-

нан, ұлы жиында айтылатын өлең, ән-күйлерінен шыққан өнер. 

Өзге жұрттың тарихына қарағанда, кең өріс, даңғыл жолға ие 

болған соңғы түрі. Алғашқы түрдегі өнер көп елде азғана топ-

тың ғана қызығы сияқты болып, көпшілікке жат күйінде қал ды. 

Сондықтан бойы өсіп, өрістей алған жоқ. Көпке шейін жоғал-

май,  салт  театрымен  қатар  жасасып  келсе  де,  көптің  сүйген, 

тілеген өнері сияқты болып өміріне жанасып кете алған жоқ.

Мұнымен  қатар  елдің  болымсыз  ойынынан,  болымсыз 

күлдіргі  әңгімелерінен,  ертегі  жырларынан  шыққан  кішкене 

театрларды  алсақ,  олар  заман  озған  сайын  буын-буын  болып 

тұрған  ірі  жазушылардың  тартуына  ілініп,  бәйгеге  қосылған 

аттай  ілгерілеп,  алды  ашыла  берген,  ел  тіршілігінің  дәл  өз 

топырағынан туған кішкене театрлар кейінгі заманның ірі жа-

зушыларына  бет-бағыт  белгілеп  бергендей  болды.  Қай  елдің 

жазушысы болса да, драмаларында алдымен өз елінің өмірін, 

өз жұртының салт-әдетін, мінез жаратылысын көрсетуді міндет 

деп  санады.  Барлығы  да  еліне  салт  театрын  жасап  берді.  Ба-

сында  елдің  өз  денесінен  болымсыз  ойын-сауықтан  шыққан 

кішкене театрлар аяқ кезде салт театрына айналған уақытына 

шейін бір мезгіл елді тастаған емес. Бұл көптің қызығы, қалың 

елдің  театры  болудан  айныған  жоқ.  Ел  өмірі,  ел  қалпымен 

қол  ұстасып  қатар  отырды.  Барлық  салт  театрының  бетімен 

жазылған пьесалар бұл сөздерге дәлел.

Енді осы жайды еске алып, қазақ қалпына келсек, бізде жа-

салып, қалыптанып тұрған театр жоқ. Театрдың орнында әзірше 

бірнеше  сұрау  тұр.  Қазақтың  өз  театры  бола  ма?  Өз  театры 



35

боларлық  мүмкіндігі  бар  ма?  Келешегі  қандай?  Болса  қандай 

театр  болмақ?  Онан  соңғы  ақырғы  сұрау:  қазақ  театрының 

бүгінгі күйін қандай деп білеміз? Бұл сұрау қазіргі театр мен 

қазірде көзге көрініп жүрген пьесалар, онан соң артистер жа-

йы на тиісті сұрау болады.

Мәселенің шешуін: «Қазақтың өз театры бола ма?»– деген 

сұрақтан  бастайық.  Бұған  ұзақ  жауап  қажет  емес;  болуы  ке-

рек, болады дейміз. Себебі, барлық ел мен қауым тіршілігінің 

үлкен шарты – өнер. Сымбатты өнер болмаған елде мағыналы 

тіршілік жоқ. Қандай қауым, қандай тапты алсақ та, қаны мен 

жанының  суретін  өнер  айнасына  түсірмей  отыра  алмайды. 

Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді.

Күн шуақты, жылы күнді көрмей қуарып солған гүлдей бо-

лып семіп, суалады. Сондықтан театр өнер есебінде: «Керек-

керек!» – дейміз.

Бұл  сұрақтың  екінші  буыны:  «Өз  театры  бола  ма?»  де-

ген  мәселе.  Мұның  жауабын  да  ойланбай-ақ  беруге  болады. 

Өз театры болуға керек. Себебі, өнер атаулының барлығында 

қай  елде,  қай  түрде  туса  да,  сол  өз  ортасының  шартынан,  өз 

топырағының  қалпынан  туады.  Сол  ортасының  түйінін  киіп, 

соның іші-бауырынан шыққан суреті сияқты болып туады.

Өнердің  ғылымнан  айырылатын  жері  де  –  осы.  Ғылым 

арна йы топырақты білмейді, еркін, отансыз, анасыз зат. Бұған 

қарағанда, өнер қаны, жаны бар денелі зат сияқты. Бұл анасы-

ның ұрпағы болып қана туа алады. Солай болып туа алса ғана 

өсіп-өніп  дәурен  сүреді.  Елінің  тонын  киіп,  елінің  өз  исімен 

шықпаса,  өнер  ерте  күннен  өрістен  айырылып,  тығырыққа 

қамалып,  өлімге  қарай  бас  иді  деу  керек.  Сондықтан  қай  ел 

болса  да,  өз  өнері  әлсіз,  көріксіз  болса  да,  өзгенікінен  артық 

көреді;  өзгенің  алтынына  өзінің  қара  темірін  айырбастамай-

ды. Расында ойланып көрсек, Бетховеннің сонаталарына қазақ 

«Саймақтың сары өзенін» сатар ма еді? Рафаэльдің Мадонна-

сы,  Репиннің  суреттері  қазақ  топырағына  келсе,  өз  жеріндей 

ұғылып, өз еліндегідей көрген жұртты еліктірер ме еді? Не бол-

маса,  Шекспирдің  «Гамлетіне»,  Гетенің  «Фаустына»  қазақ  өз 

елінде болған, заман шерін айтқан Асанқайғыны, толғау айтқан 

Бұқар жырауды айырбастар ма екен? Рас, бір заманда осының 

бәрін қазақ та өзгелердей ұғатын болар. Бірақ елді сол заманға 

жеткізетін, сол санаға шейін жетектеп апаратын өз өнері бола-



36

ды. Әзірше әлгінің бәріне қазақ өзінің қолындағысын айырба-

стамайды дейміз. Себебі, оның бәрі – өнер. Өнер – елдің бел ба-

ласы. Қарға баласын аппағым десе, қазақ та өз өнерін аппағым, 

асылым,  үміт,  қуанышым  дейді.  Олай  болса,  театр  өнеріне 

келгенде,  біз  өзге  елден  алсақ,  сыртқы  үлгіні  ғана  аламыз. 

Өз  өнерімізді  қалыптауға  себеп  болатын  көпке  бірдей  заңын, 

өлшеуін ғана аламыз. Солардан басқа өнердің жаны мен денесі 

боларлық  бұйымның  барлығын  өз  елімізден,  өз  етімізден  өз 

пішініміз сияқты қылып шығарамыз. Сол себепті қазақ театры , 

қазақ  елінің  өз  театры  болуға  керек  дейміз.  Театр  жа йын да 

бүгінгі күнде біздің алдымызда тұрған екінші сұрақ: «Қазақ тың 

өз театры боларлық мүмкіндігі бар ма?» деген мәселе. Қазірде, 

театр әңгімесін жаңа қолға алып, отырған жерде біздің ең кеп 

қадалып  қарайтын  мәселеміз  осы.  Театрдың  кіндік  мәселесі 

осы болғандықтан біз енді бұл күнге шейін көп айтып келген 

«ел», «ел» деген еліміздің қандай жай-күйі барын тексеріп, сы-

нап шығуымыз керек.

Өзге  жұрттың  мысалына  қарағанда,  театр  өнерінің  ұрығы 

елдің әдет-салтынан, ойын-сауығынан, ән-күй, өлең-жырынан 

басталған.  Театр  өнерін  туғызатын  жайлы  топырақ,  қолайлы 

шарт  елдің  өз  денесінен  шыққан.  Өнердің  іргесін  қалай тын 

елдің  өзі.  Содан  кейін  мықты  дүкен,  сұлу  күмбезді  жасай-

тын  –  сол  ел  тірегіне  иығын  сүйеген  өнершілер.  Театр  өне-

рін  ту ғызатын  негізгі  шарт  осы  болғандықтан,  біз  қазақтың 

театрын  жасауға кіріскенде, ең алдымен сол театр ел өмірі мен 

жалға са алатын бола ма? Келешек заманда дәурендеп көркейе 

ала  ма?  Қалай  жасап,  қандай  бағыт  берсек,  келешегінен  үміт 

қылуға болады? Осы жағының барлығын да ойланып, өлшеп, 

ұғынып  алуымызға  керек.  Мүмкін  болғанынша  өзге  кейбір 

елде болған жаңылыс, теріс жолға түсірмеуіміз керек. Біз өнер, 

мәдениеттің барынша толып, пісіп, шалқып тұрған заманында 

театр мәселесін қолға алып отырмыз. Сондықтан өзгелер жүріп 

өткен іздің ішіндегі ең керектісін, ең дұрысын алуымызға ке-

рек. Қазақтың театр өнері біздің заманымызда басталғанына біз 

қуанамыз. Бірақ сол қуанышпен бірге бұл сияқты ірі өнердің 

келешегі үшін жауапты екенімізді де ұмытпау керек. Сондықтан 

бұл мәселеге үлкен сақтықпен кірісіп, көп ойланып, ептеп бас-

тау керек.

Өзге  жұрттың  өнімді  театрының  барлығы  салт  театры 

болған,  елдің  өмірі  мен  мінез-әдетін  көрсететін,  тіршілікке 


37

пайдасы бар реалистический театр болған. Олай болса, солар 

сияқты  салт  театры  туғызатын  шарт,  қазақ  топырағында  бар 

ма? Бұл сұраққа елдің ескілігі мен бүгінгі тұрған қалпы, онан 

соң бүгінгі көрініп жүрген пьесалары жауап беруге керек.

Алдымен, елдің ескілігін қарайық.

Қазақ  елінің  ескілігі  әдебиет  жағынан  қарасақ,  мейлінше 

бай. Бай болғанда, құр ғана саны көптігінен емес, түрі де, ма ғы-

насы да көп болғандықтан. Бірақ біздің қазіргі міндетіміз – жал-

пы  әдебиетті  қарастыру  емес,  ол  әдебиет  ескілігінің  ішіндегі 

театрға ұрық болатын бұйымдарды қарау. Сондықтан Радловқа 

«Күншығыстың  французы»  дегізген  қазақ  елі  театр  сияқты 

өнерге қандай бұйым қосуға жарайды екен, соны іздеуіміз ке-

рек.


Осы  мақсұтпен  заманның  шаңы  басқан  ескіні  тексеріп 

қарасақ, театр өнеріне елдің ескі салты, ескі өнері беретін жем 

өте көп дейміз. Біздің елде театр ерте күннен бар болатын.

Рас,  ол  замандағы  өнер  бүгінше  театр  деп  аталған  жоқ. 

Бүгінгідей  мәдениет  шеңберіне  кірген  жоқ.  Бірақ  бақытты 

ел театр деген шеңберді керек қылмайды. «Оның барлық ой-

ын-жиын,  қызық-сауығының  өзі  театр»  деген  сөзді  біреудің 

айтқаны бар.

Сол сөз қазақ елінің ерте күніне әбден үйлеседі. Шынында, 

ерте  күнде  ас  пен  тойда,  ұлы  жиында  ізденіп  келіп  өлеңмен, 

әнмен айтысатын көп ақындар өз заманында театр жасамай, не 

жасады? Солар  жасаған  сауық  елдің  құр  қуанып,  құр  көңілін 

көтергенінен басқа кәрі-жастың сай сүйегін босатып, аруағын 

шақыртып, барынша қыздырып, желіктірген жоқ па еді? Онан 

соң  ұзататын  қыздың  тойында  еркек  пен  әйел  қақ  жарылып 

алып, айтысатын жар-жар, салт ойынын туғызған театрдың өзі 

емес  пе?  «Жар-жар»  мен  «Беташар»  бүгінгі  заманның  сахна-

сына қою үшін ешбір қосымша керек қылмайды. Солар сияқты 

толып жатқан айтыс өлеңдерінің қай-қайсысы болса да қалай 

болса, солай қоюға болады.

Бұл  ескіліктердің  тағы  бір  қасиеті  –  барлығы  да  арнаулы 

әнмен  айтылатын.  Сондықтан  жалғыз  ғана  драмалық  театр 

емес,  әнмен  ойналатын  операларға  да  емін-еркін  жарайды. 

Онан соңғы көзге түсетін бір жері: дәл осы күнге шейін не ай-

тыс өлеңдері, не жар-жар, беташар болсын, – барлығы да қалың 

елдің  ортасында  ұмытылған  жоқ.  Әлі  де  бұрынғы  шарықты, 

жанды өлеңдер болып келеді.


38

Осы  күнге  шейін  ойын-тойда  кездескен  құда  мен  құдағи 

біріне-бірі  «әриәйдай,  бойдай  талайды»  айтса  да,  айтыстың 

ырымын істеп, жол алып, жол беріседі. Осыларға бір азғантай 

ғана  кесте  қосылып,  сахнаға  қойылса,  театр  қалың  қазақтың 

қанын  қыздыруға  жарайтын  қадірлі  өнер  болып  кетуінде  дау 

жоқ.  Себебі,  жаңағы  айтылған  өлеңдерін  ел  осы  күнге  шейін 

сағынып көксеп отырады. Егер бүгінгі театр жалғыз мұнымен 

қанағаттанбай,  ел  ескілігінен  күлдіргі  қызық  бұйымдар  алам 

десе, яки көп халыққа ой түсіріп, ақыл-сезімге татымдырақ дән 

беремін десе, ондайлар табылады.

Қазақтың көп күлдіргі әңгімесі белгілі қулардың айналасына 

жиналады.  Мәселен,  Семей  аймағындағы  атақты  күлдіргілер: 

«Шаншардың» қулары, онан соң тапқыштық, шешендікпен аты 

шыққан Жиренше, Алдар көсе бар. Бұлардың барлық өмірі то-

лып жатқан комедия.

Ел  сауығына  ақыл,  өсиет  сияқты  ой-санаға  дем  беретін 

үлгіні кіргізу керек болса, ертеде заман шерін айтып сарнаған 

Асанқайғы, толғау айтқан Бұқар сияқты жырауларды тірілту ке-

рек. Тақпақ айтқан билерді, естірту, жоқтау өлеңдерін айтқан 

ақындарды, қобызбен сарын айтатын бақсыны, сыбызғымен күй 

шығарған  күйшілерді  тірілту  керек.  Осылардың  барлығының 

жайында толып жатқан сұлу әңгімелер бар. Соларға болымсыз 

ғана мәдениет исін сіңдірсе әрі ел өнері тіріліп, әрі театрдың 

іргесі құрылады.

Онан  соң  бүгінгі  күнде  жаңа  туғалы  тұрған  театр  жалғыз 

ғана әдебиет ескілігін тірілтуді қанағат қылу керек емес, ескі-

лік тің  ән-күйін,  қобыз,  сыбызғысын  да  қайта  ояту  керек. 

Қазақтың өткен күндегі бір байлығы әдебиет болса, екіншісі – 

ән-күй.  Біз  қазірде  мәдениет  табалдырығына  қазақтың  әнін 

ғана апарып жүрміз. Нотаға салынса, ән ғана салынды. Париж 

бәйгесіне барған да – жалғыз ғана ән. Біз әлі күйді тірілте ал-

май, ескере алмай келеміз. Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің 

сезім  байлығы  мен  ішкі  жаратылыс  қалпын  білдіретін  болса, 

солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күйі. Күйдің 

тіліндей  бай  тіл  қазақтың  әнінде  жоқ.  Бұл  екеуінің  қайсысы 

терең, қайсысы бағалы екенін елдің өзі әлдеқашан айырған бо-

латын. Ел әңгімесінде күй тартатын сыбызғышыға есті қыздың 

бәрі  ғашық  болатын  себебі  –  сол.  Бұлай  болса,  бүгінгі  театр 

ескілігіндегі  күй  мен  әнді  бір  минут  есінен  шығармау  керек. 



39

Бұларды тіршілікте ескі заманның өз аспабымен тірілту қажет. 

Жалғыз ғана домбыраны қанағат қылмай, қобыз бен сыбызғыны 

қайта тауып алу керек. Елдің кәрі замандағы өнерін алсак, дом-

быраны ескінің елі менсінбеген. Домбыра киіз үйдің ішіндегі 

бесті-онды кісінің ғана тыңдауына татиды. Егер қазақ даласын-

дай сары даланың, сары өзеннің күйін түсіру керек болса, ол 

уақыттағы ұлы аспап – сыбызғы, қобыз болатын.

Сол себепті қазақтың барлық әнші, барлық өлеңшісі қолына 

алған  домбырасын  «екі  шекті  домбыра»  деп  қорашсынып, 

кемсініп сөйлейді.

Қазақтың  ескі  салты  мен  ойын,  жиындағы  өлең  сауықтың 

барлығы ән мен өлеңді аралас жүргізетін, сондықтан ел театры 

қалың  елдің  өмірімен  шын  жанасамын  десе,  ескінің  суретін 

толық пішінді қылып құрауға міндетті екені даусыз. Өлең мен 

әнді  қатар  тірілтіп,  театр  жасауға  айналсақ,  «Қозы  Көрпеш  – 

Баян»  сияқты  ел  поэмалары,  «Бекет  батыр»  сияқты  тарихи 

өлеңдер, барлығы да театрдың ішіне оп-оңай сыйып кетеді.

Міне,  қазақ  ескілігінің  бүгінгі  жас  театрға  тартатын  сый-

сипаты осы. Егер біздің театр осы сияқты мол қордың ішінен 

тесік  моншақ  сияқты  асыл  бұйым,  асыл  ұрықты  таңдап,  та-

нып  алуға  жараса,  осы  сияқты  анайы  топырақтың  үстіне 

іргесін орнатып дүкен құрса, ол өнер әрі елдің өнері болып, әрі 

келешегін кең өріске беттеткен өнер болады. Егер соларды пай-

далана алмай, ескерусіз тастап аттап кетсек, ол біздің мәдениет 

жолындағы  балалығымызды,  шикілігімізді  білдіреді.  Қайдан 

шығып, қайда баратынын білмейтін жолаушыға «жол болсын-

ды» кім айтады?

Сол сияқты көбелек қуған баладай аспанға қарап қаңғалақтап 

жүрген театр болса, оның пішінін ұғу да жат болмайды. Бағыты 

мен  мақсаты  жоқ  болып,  жұрттың  бәріне  ұғымсыз  жат  нәрсе 

болып қалады.

Бірақ  біздің  театрдың  бүгінгі  белгілеріне  қарағанда, 

бағытсыз,  мақсатсыз  болып  адасатын  сияқты  емес.  Мүмкін 

болғанынша, ескі күн мен бүгінгі күнін жалғастырып, өмірге 

жанасатын театр болуға ыңғайланатын сияқты. Театр, жоғарыда 

айтқан, ел іргесіне орнап, бүгінгі кішкене белгілерінің бетімен 

кетсе, біз де салт театры өмірге жанасатын театр болады деп 

есептеу керек.


40

Жоғарыда қойылған сұрақтың ендігі ақырғысы бүгінгі пьеса 

мен артист, бүгінгі театр туралы еді. Біздің білуімізше, қазіргі 

дәуірдің  театры  екі  саламен  өсетін  сияқты;  біреуі  –  қырдағы 

қалың елге ұғымды болатын елдің өз бұйымдарынан құралған 

ескіліктің  белгілерін  тірілткен  ел  театры,  қырдағы  театр.  

Мұндай  театрдың  ойнайтын  нәрселері  жоғарыда  саналған 

ел  әңгімелері,  көпке  белгілі  өлеңдерден,  ойын-сауықтардан 

құралатын елге ұғымды жеңіл пьесалар, жеңіл репертуар болуға 

тиіс. Осы сияқты негізгі құрылатын театр болса, ол, ең алды-

мен,  көшпелі  болу  керек.  Жаздыгүнгі  жайлауда,  жәрмеңкеде, 

айт пен тойда ойналатын театр болады. Мұны жасаушы қала 

театрының артистері болуға керек. Солар жаздыгүнгі мезгілге 

ерте бастан елдің нағыз өз денесінен шыққан жар-жар, айтыс 

сияқтылардан әлденеше пьеса құрап алу керек. Әрине, бұларды 

қала театрында да ойнауға болады.

Бірақ, көбінесе, арналатын халқы қалың елдің өзі болсын. 

Бүгінгі  дәуірдегі  театрдың  бір  сатысы,  бір  түрі  осы  болуға 

қисынды  ғой  дейміз.  Осыдан  бастасақ,  театр  өнеріне  қалың 

елдің өзін әкеліп қосуға да мүмкін болмас па екен?!

Бұдан соңғы екінші түрдегі театр – қала театры, аз да бол-

са, оқыған сезімдірек, сыншырақ халықтың мәдениетті театры. 

Мәдениетті дегенге, бұл театр Шекспир, ІІІиллер, Метерлинкті 

ойнайды  деп  есептеу  керек  емес.  Ең  алдымен  мұның  да  ірге 

тіреген негізі – жаңағы театр сияқты қалың елдің өзі болу керек. 

Бұл театр да ел денесінен туады. Елге ұғымды театр болады. 

Көрсететіні – қазақ елі, қазақ қауымдарының әдет-салты, мінез-

құлқы  болады.  Солардың  өмірін  барлық  тілек-мақсұтымен, 

жақсылық-жаманшылығымен  толық  суреттеп  көрсететін  бо-

лады. Қазіргі уақытты алсақ, қала театры осы қалыпты болып 

құралып  келе  жатыр.  Бүгінгі  шығып  отырған  пьесалардың 

барлығы беттеген бет – осы. Көпшілігі ел тұрмысын, ел салтын 

көрсетеді. Не болмаса, қазақ қауымының ішіндегі кемшілікті, 

әдет-мінезден туатын әртүрлі ауыр халдерді көрсетеді. «Алтын 

сақина* сияқтылар сондай пьесалардың мысалы. Бұдан соңғы 

бір алуан пьесалар елдің артқы өмірін суреттейді. Мысалы: хан 

заманын көрсететін «Арқалық»**. Бұл аталғандардың барлығы 

*

 Қошке Кемеңгеровтің пьесасы.



**

 Жұмат Шаниннің пьесасы.



41

да қалың елмен байланысы күшті болған, ел тіршілігінің жанды 

суреті сияқты нағыз салт пьесалары.

Біздің  бүгінгі  театр  бұлардан  басқа  жаңа  алуанды  пьеса-

ларды туғызып келе жатқаны да бар. Ол пьесалар – оқығандар 

өмірінен  алынған,  одан  соң  пьеса  болып  құралған  ретіне  ай-

татын  дауым  көп  болса  да,  алған  ортасына  қарап  бір  жікке 

шығаратын пьесамыз – «Қызыл сұңқарлар». Осы пьесалардың 

барлығы да ел өмірінен туған бүгінгі қазақ ортасының айнасы 

сияқты. Барлығы да салт театрының пішінін құрау үшін керек-

ке жарайтын бұйымдар.

Бұдан кейінгі сатысында қазақ пьесалары қалың елдің өмірін 

көлемдей кең суретпен көрсетумен бірге, мәдениетті қауымның 

ақыл-сезіміне толғырақ жем беретік жаңа үлгіні де туғыза бас-

тау керек. Әрине, мұнын бәрі жазушының шеберлігіне байла-

нады. Сөйтсе де сұлу әндей ескілік пен бүгінгі өмірді қосып, 

соның  бәріне  жарастықты  жаңа  үлгіні  әдемі  кесте  сияқты 

қылып жамаса, қазақ театры алдынан да, артынан да кең өріс 

табар еді деймін.

Сондықтан бұдан бір-екі жыл бұрын «Қызыл Қазақстанның» 

бетінде  қазақ  пьесаларына  баға  берген  сыншы:  «Мұғалімнің 

қатын алып қашқанын көрсеткен пьеса – қазақ өмірі емес», – 

де се, біз ол сөзін өрескел қате деп білеміз. Мұғалімнің қатын 

алып  қашқаны  болсын,  яки  бүгінгі  төңкеріс  оқиғалары  бол-

сын – барлығы да сол оқиғаларды көрсетумен бірге елдің салт-

санасын, өмір қалпын көрсететін болса, барлығы да қазақ пье-

сасы болады.

Енді бүгінгі артист пен бүгінгі театрға келсек, әзір қазақша 

қалыптанған  артист  жоқ.  Артист  болуды  түбегейлі  мақсұт 

қылып соңына түскен де кісі жоқ. Біздің білуімізше, қазақтан 

артист  шығару  үшін  сол  өнерге  ыңғайлы  кісілерді  орыс 

артистерінің  мектебінде  оқыту  керек.  Онан  соңғы  бір  үлкен 

шарт – бүгінгі театрдың басына кез келген кісіні қоймай, бір 

жағынан, артист боларлық ыңғайы бар, екінші жағынан, пье-

са шығарып жүрген жазушыны қою керек. Бізде осы міндетті 

атқаруға  жарайтын  Жұмат  сияқты  бірен-саран  кісілер  бар. 

Бұдан соң Қызылорда сияқты жерде жасалатын театрда режис-

сер есебіне жақсы артистерін, яки театр артистерін алу керек. 

Осы  сияқты  істермен  қатар  қатты  көңіл  бөлетін  бір  мәселе  – 

бүгінде қазақтың ән-күйін жиып нотаға салып жүрген Затаевич 



42

сияқты  күйшілер,  онан  соң  әншілер  туралы  қазақ  театрының 

жанында бұл адамдар не қылса да болу керек. Солардың өнері, 

еңбегін біздің театрдың толық пайдалануы қажет.

Ендігі бір ұсақ мәселе – театрдың іші, сахнасы туралы. Егер 

қазақтың өзіне арналған жаңа театры салынатын болса, менің 

ойымша, сахнасын бүгінгі орыс театрынан гөрі басқарақ істеу 

керек.


Біздің  ел  тұрмысынан  алған  пьесаларымыздың  барлығын-

дағы оқиға жерде отырып ойналады. Орыс сахнасында жерде 

отырған артист артта отырған халыққа көрінбейді. Сондықтан 

біздің  театрда  мойны  ұзын  кісі  болмаса,  қысқа  мойынды  кісі 

сорлы болады. Ойынның қызу жерінде түрегеп кету я болма-

са  орындыққа  шығып  алу,  тәртіп  бұзу  –  барлығы  да  бүгінгі 

сахнаның кемшілігінен туады.

Тағы  бір  ескертетін  нәрсе  –  біздің  театрдың  декорация-

сы. Жаңа театр қазақ өмірінің декорациясына бай болу керек. 

Табиғат суретін алғанда: алыстағы тау, дала, жайылып жатқан 

мал, алыста отырған ауыл, желідегі құлын, өрістеп бара жатқан 

қой сияқтылар болу керек. Жаздыгүнгі киіз үй, қыстыгүнгі жер 

үйлердің де көп суреті болу керек. Тоғай суреті болса, қалың 

жиын тоғай керек емес, жартасты өзек, тоғай, қайың, тал керек. 

Сахнада төбешік, дөң жасаудың айласын табу керек.

Бұл  сияқты  шарттардың  барлығы  қазақтың  өз  театры 

боларлық салт театрын жасап, қыр пішінін толық көрсетуге зор 

себеп болады.



43


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет