6
19 сәуір 2014 жыл
Шетелдік құжаттарды тану үрдісін жеңілдету мақсатында 1961 жылы
Нидерланды Корольдігінің Гаага қаласында шетелдік ресми құжаттарды
заңдастыру талабының күшін жоятын конвенцияға қол қойылды.
Қазақстан Республикасы 30.12.1999ж. Заңына сәйкес аталған конвенция-
сына мүше болып еніп, 30.12.20002ж. Қазақстанда осы заң күшіне толық
еңген.
ҚР Үкіметінің «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін
жоятын конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы
24 сәуіріндегі қаулысына сәйкес, апостиль қою бойынша өкілеттілікке ие ретінде
9 мемлекеттік орган белгіленді: ҚР Әділет министрлігі, ҚР Білім және ғылым ми-
нистрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Қаржы министрлігі,
ҚР ҰҚҚ, ҚР ІІМ, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет, ҚР
ақпарат және мәдениет министрлігі.
Апостиль дегеніміз бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның қолын, оны рас-
тайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба.
Апостильің нысаны кемінде 9х9 сантиметр мөлшеріндегі шаршы түрінде
жасалған мөртабан болып табылады. Барлық мәліметтер мемлекеттік тілде апо-
стиль мортабанында айқындалады, осыдан кейін құжат Гаага конвенциясына
қатысушы күзіретті мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен бекітіледі. Апостиль
қою рәсімінің мақсаты Гаага конвенциясына мүше елдерінің аумағында қолдануға
арналған апостиленетін құжаттардық тұпнұсқалығымен дұрыс рәсімделуіне кепіл-
дік қамтамасыз ету болып табылады.
Апостиль қою үшін мемлекеттік баж салығы төлінеді. Апостиль қоюға өкілетті
мемлекеттік мекемелер Салық Кодексінің 540 бабының 8 тармақшасына сәйкес
әр бір құжатқа апостиль қойған жағдайда бір айлық есептік көрсеткіштің 50%, яғни
926 теңге көлемінде мемлекеттіқ баж өндіреді.
Гаага Конвенциясының мүше елдерінің дипломатиялық және консулдық
мекемелерінің, сонымен қатар кедендік және коммерциялық операцияларға
қатысты құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында апостильсіз
қабылданады.
Аумақтық әділет департаменттеріне жергілікті жерде әділет органдарынан,
АХАТ және нотариустардан шыққан құжаттарды апостильдеу уәкілеттілігі берілген.
АХАТ органдарымен берілген барлық куәліктер, анықтамалар, некеге тұруға құқық
кабилеттілігі жөнінде анықтамалар апостильдеуге жатады. Осы құжаттарды
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында ОҚО Әділет департаментінің АХАТ
және апостильдеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бөлімі апостиль
мөртабанын қояды.
Ш.КАРИМКУЛОВА,
Төлеби ауданының Әділет басқармасы
АХАТ бөлімінің бас маманы
Лот жер учаскесінің ныса-
налы мақсаты
Жер көлемі
(га)
Ауылшаруашылы
ғы мақсатындағы
жерлердің түрі
Орналасқан мекен
жайы
Жеңімпаздардың А.Т.Ә.
Конкурс жеңімпаздарының
мекен жайы
1.Қыш зауыты құрылысы
үшін
3,0
жайылым
Леңгер қаласы, Солтүстік
м/а
«Муслим+К» ЖШС директоры
Ахшалов Есали Турисбекович
ОҚО облысы, Сарыағаш ауданы,
Ынтымақ е.м.
2. Мал қора және шопан үйі
қызметі үшін
0,6863
елді мекен
Леңгер қаласы, Шахта-
Тоғыс е.м.
Бектаева Роза Жайлаубеккызы
Шымкент қаласы
3. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
20,0
тәлімі егістік
Алатау а/о
Раймкулова Асел Жумадиловна
ОҚО, Төлеби ауданы, Нысанбек
е.м.,Ордахан көшесі №2 үй
4. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
20,0
тәлімі егістік
Алатау а/о
Кыстаубаева Базаркуль
ОҚО, Төлеби ауданы, Нысанбек
е.м.,Ордахан көшесі №19 үй
5. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
12,0
жайылым
Алатау а/о
Ералиев Омирали Шералиевич
Шымкент қаласы, Еримбетов
көшесі №28 үй
6. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
13,0
жайылым
Алатау а/о
Жолсеитов Нургали Козыханович
Төлеби ауданы, Алатау а/о,
Екпенды е.м.
7.Жылыжай салу үшін
0,23
елді мекен
Аққұм а/о
«Тайқазан» азық-түлік өңдірістік
корпорациясы» ЖШС директоры
Бекеев Мухтар Айнабекулы
ОҚО, Төлеби ауданы, Жаңа-уйым
е.м., Бекбауов көшесі №1А үй
8. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
0,25
жайылым
Бірінші Мамыр а/о
Ибрагимов Элдар Билал-оглы
ОҚО, Төлеби ауданы, Ыңтымақ
е.м.
9. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
2,0
жайылым
Бірінші Мамыр а/о
Муфтиев Асхат Амирович
Леңгер қаласы, Пригородная
көшесі №19 үй
10. Жылыжай және қойма
құрылысы үшін
1,55
жайылым
Көксәйек а/о
Пак Юрий Алексеевич
Шымкент қаласы, Ш.Айманов
көшесі 103-4
11. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
9,34
тәлімі егістік
Қазығұрт а/о
Тасболатов Нурдос Бахтиярович
Леңгер қаласы, Д.Аблаев көшесі
№8 үй
12. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
6,22
тәлімі егістік
Қазығұрт а/о
Тасболатов Нурдос Бахтиярович
Леңгер қаласы, Д.Аблаев көшесі
№8 үй
13. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
12,0
жайылым
Қасқасу а/о
Исакулов Аскар Абдибекулы
ОҚО, Төлеби ауданы, Қасқасу е.м.
14. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
15,0
жайылым
Қаратөбе а/о
«Аңсар» ШҚ төрағасы Турекулов
Женисбай Кенесович
ОҚО, Төлеби ауданы,
Қаратөбе е.м.
15. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
15,0
жайылым
Қаратөбе а/о
«Аңсар» ШҚ төрағасы Турекулов
Женисбай Кенесович
ОҚО, Төлеби ауданы, Қаратөбе
е.м.
16. Күн көзінен алынатын
электростанция құрылысы
үшін
14,0
жайылым
Леңгер қаласы
«ДСТО Solar (Солар)» ЖШС
директоры Сафин Тахир
Мингалиевич
ОҚО, Шымкент қаласы,Қапал
батыр көшесі н/с
17. Күн көзінен алынатын
электростанция құрылысы
үшін
6,0
тәлімі егістік
Леңгер қаласы
«ДСТО Solar (Солар)» ЖШС ди-
ректоры Сафин Тахир
Мингалиевич
ОҚО, Шымкент қаласы,Қапал
батыр көшесі н/с
18. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
15,0
тәлімі егістік
Киелітас а/о
Камшыбеков Мухтар Утемисович
Шымкент қаласы, Алғитойшыбек
көшесі №29 үй
19. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
15,22
тәлімі егістік
Киелітас а/о
Камшыбеков Мухтар Утемисович
Шымкент қаласы, Алғитойшыбек
көшесі №29 үй
20. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
14,7
тәлімі егістік
Киелітас а/о
Камшыбеков Мухтар Утемисович
Шымкент қаласы, Алғитойшыбек
көшесі №29 үй
21. Антенна-мачталық
құбырғысын салу үшін
0,03
жайылым
Қоғалы а/о
Өтінім түспеді
-------
22. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
47,30
жайылым
Қасқасу а/о
«Шымкент -Ет» ЖШС директоры
Әбдіхалық Қасымбай Жақанұлы
ОҚО, Арыс ауданы, Акдала е.м.,
Байзахов көшесі №20 үй
23. Шаруа қожалығын жүргізу
үшін
52,50
жайылым
Қасқасу а/о
«Шымкент -Ет» ЖШС директоры
Әбдіхалық Қасымбай Жақанұлы
ОҚО, Арыс ауданы, Акдала е.м.,
Байзахов көшесі №20 үй
Барлығы
295,0263
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы №165 және Қазақстан Рес-
публикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы №24-ө бірлескен бұйрығымен
бекітілген Ережесіне сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға
беру жөнінде 2014 жылы 02 сәуір күні сағат 16-00-де өткен конкурс жеңімпаздарының тізімі:
Б.ЖАКИПОВ
Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы
Құжаттарды апостильдеу туралы
Ленгер
жаршысы
7
19 сәуір 2014 жыл
Маманның кеңесі.
Жеміс ағаштарының карантиндік зиянкестері.
Калифорниялыық қақаншалы сымыр-Guadraspiotus perniciosus Comst.
Теңқанаттылар отрядының жалған сымырлар тұқымдасына жатады қауіпті зиянкес, ішкі ка-
рантин нысаны болып табылады. Калифорниялық қалқаншалы сымыр бір жастағы дернәсіл
күйінде қалқанша астында қыстайды. Көктемде жеміс ағаштарының «шырын жүру» кезеңі баста-
лысымен дернәсілдер қысқы ұйқыдан оянады да 10-12 күн ішінде екі рет түлеп, ересек бунақ денеге
айналады.
Ұрықтанған ұрғашы сымырлар 60-80 дернәсіл туады, дернәсілдер алғашында тез қимылдап, ағаштың өн
бойына таралады. Кейіннен олар ағаштың діңі мен бұтақтарының қабығына сүлікше қадала жабысады да
бірте-бірте қозғалу қабілетін жоғалтады және олардың арқа жағында қалқанша пайда болады. Зиянкес
қоректенген жеміс ағашының діңі мен бұтақтарының ескіре бастаған қабығында ұзын салалы және көлденең
сызықтар, ал жапырақтары мен жемістерінде және жас қабығында осы түрге ғана тән қызғылт дақтар пайда
болады. Нәтижесінде ағаш өнімі азайып, жемістерінің сапасы төмендейді. Сымыр әсіресе көшеттіктермен жас
бақтарға қатты зиян келтіреді. Жылына 2-4 ұрпақ береді.
Күрес шаралар жүйесі: карантиндік іс шаралар - калифорниялық қалқанша сымырымен залалданған
аймақтардан жеміс ағаштарының көшеттерін, бұталарын аймақтық карантин қызметкерлері берілетін
фитосанитарлық сертификатсыз тасымалдауға тыйым салынады. Кең көлемде анықталған калифорниялық
сымырының ошағын басқа залалданбаған жеміс бауына таралу қауіпсіздігі үшін залалданған ағаштарды
жұлып өртеу керек.
Агротеникалық іс шаралар:
- Жоғарғы агротехниканы сақтау: жеміс ағаштарын тиімді схемамен отырғызу, тыңайтқыштарды тиімді
мөлшермен беру, ағаштың түб шеңберін қопсыту.
- Уақытылы суару.
- Ағаштарды мерзімінде бұталау.
Химиялық іс шаралар:
- Гүлдегенге дейін, гүлдеуден кейін мына препараттардың бірімен бүрку керек 1-га: БИ-58, 40% к.э.(0,8-
2л/га), ДИМЕТОАТ 40% к.э.(0,4-0,8л/га), Золон 2-4 л/га. Соңғы бүрку жұмысы жеміс ағаштарының өнімдерін
жинаудан 40 күн бұрын жүргізіледі.
Шығыстың жеміс жемірі-Grapholitha molesta Busck.
Шығыстың жеміс жемірі - аса қауіпті карантиндік нысан болып табылады. Зиян келтіретін жеміс
ағаштары: шабдалының жемісі мен, жаңа буын бұтақтарын, алхоры, өрік, алма, алмұрт, айва, долана,
шие –ағаштарының жемістерін зақымдайды.
Жұлдыз құрттары ағаштың діңі мен бұтақтарының өлі қабықтарының астында, өсімдік қалдықтарының
астында, топырақтың жоғарғы қабатында қыстап шығады. Көктемде жұлдызқұрттар қыстап шыққан орында-
рында қуыршаққа айналады. Ауаның орташа температурасы +15ºС болған кезде көбелектер ұшып шығады,
3-4 күннен кейін көбелектер жұмыртқа қоюға кіріседі. Жұмыртқа қою кезеңі 7-14 күн.Сүйекті дақылдардың(шаб-
далы, алхоры, өрік, шие) жапырақтарының төменгі жағына қояды. Алма ағашының жапырағының үстіңгі
жағына қояды. Көбелектедің ұшуы 250-300 метрге дейін. Желдің күшімен алысқа таралады. Ерекше таралуы:
залалданған аудандардан шабдалы, алмұрт, айва т.б. жемістерінен, олар салынған ыдыстардан, көшеттер
мен бұтақтардан, тасымалдаушы көліктермен келеді. 4-8 күннен кейін тұқымнан жұлдызқұрттар шығады.
Жұлдызқұрттар жас бұтақтардың төбесіне және жаңа жеміс түйіндеріне жайғасады. Осында 8-12 күн
қоректенеді де, қуыршаққа айналады. Қуыршақтану кезеңі 7-12 күндей.
Жалпы шығыс жеміс жемірінің орташа дамуы тұқымнан ересекке дейін 24-30 күн. Жылына 2-3 ұрпақ бе-
реді.
Күресу шаралары: карантиндік ісшаралар-шығыс жеміс жемірімен залалданған аймақтардан жаңа піскен
шабдалы, алхоры, шие, алша, алма, алмұрт жемістерін және көшеттермен бұтақтарын алып келу мен
шығаруға тыйым салынады. Зиянкес анықталған жағдайда тез өңдеу жұмыстарын жүргізу керек.
Агротехникалық ісшаралар: Шығыс жеміс жемірі ошағы анықталған жеміс ағаштарына көбелектерін ұстау
мақсатында жарықтық және феремондық ұстағыштарды пайдалану. Залалданған бұтақтарды кесіп алып
өртеу. Қурап қалған бұтақтарды кесу, өртеу. Өлі ағаш діңіндегі қабықтарын тазалау, айналасындағы
жапырақтар мен өсімдік қалдықтарын жинап өртеу керек. Қатар аралықтарды жыртып, ағаштардың түбтерін
қопсыту.
Химиялық іс шаралар-алынатын өнімді сақтап қалу мақсатында және зиянкестің санын азайту мақсатында
мына төмендегі пепараттардың бірімен бүрку керек:БИ-58 к.э.0,8-2,0 л/га, Гюхарад 5% к.э 0,4-0,8 л/га,Децис
2,5 к.э. 0,5-1,0 л/га гүлдеуге дейін және гүлдеуден кейін. Өнімді жинауға 30 күн қалғанға дейін бүрку жұмыс
тарын жүргізу қажет.
Қ.САУРАНБАЕВ,
ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық
диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы»
мм-нің Төлеби аудандық филиалының агроном-энтомологы
Облыс көлемінде 2013 жылы обылысымызда
ботулизм ауыруының 19 жағдайы тіркеліп, 42
адам ауырып, 1-і қайтыс болса, 2014 жылдың 3
айында 8 жағдай тіркеліп, 14 адам ауырған,
оның 1-і қайтыс болды. Біз бұл ауру туралы біз
не білеміз?
Ботулизм - бактерия арқылы болатын ауру.
Ботулизмнің бактериясы қоршаған ортада көптеп
кездеседі. Бұл бактерия қоршаған ортада (топырақ
та) спораға айналып жылдар бойы сақталады.
Ботулизмнің спорасы дұрыс жуылмаған өнімдерден
даярланған консервіленген өнімдерге түскеннен
кейін токсин (улы зат) бөледі. Спора анаэробты яғни
оттегі жоқ ортада көбейеді. Ботулизмнің уы өте
қатерлі. Көп жағдайларда консеркіленген өнімдердің
дәмі, түсі өзгермейді. Кейбір жағжайларда газ бөлі
ніп, консервіленген өнімдердің қақпағының көтерілуі
кездеседі. Спора тағамдар арқылы адам ағзасына
түскеннен кейін, ағзада өте тез өрбиді. Бұл аурудың
инкубациялық (өрбу) мерзімі 2 сағаттан 10 тәулікке
дейін жетеді, алайда көбіне 12 сағаттан 24 сағат
арасында көрінеді.
Ботулизмнің алғашқы белгілері: әлсіздік, бастың
айналуы, бастың ауруы, ауыздың құрғауы. Мұнда
темперетура бірқалыпты күйінде қалуы мүмкін не-
месе 36,90С-37,20С болады. Кейде лоқсу, құсу кез-
деседі, іштің өтуіне немесе қатуына әкеп оғады.
Бірнеше сағаттан соң, кейде 1-2 күннен кейін боту-
лизм улы заты ағзадағы нерв системасын зақым
дайды, көзге әсер етеді, заттар қосарланып көрінеді,
оқуға мүмкіндік болмай қалады. Көздің қарашығы
үлкейіп кетеді, жутынуы, сөйлеуі қиындайды, көз
қабағы түседі, қозғау қиындайды, жүргенде теңселіс
пайда болады. Беттің әжімдері кетіп, маска кигендей
кейіпке түседі. Ботулизмнің улы заттары ағзадағы
бұлшық еттерді зақымдайды. Соның салдарынан
тыныс алу бұзылып, кейде тіпті адам тұншығып өлуі
де ұшырасады.
Қатты уланып, дәрігерлер кеш араласқан
жағдайда өлімнің орын алуы мүмкін. Тіпті жеңіл
уланғанның өзінде 1 айға жуық емделу керек. Кәдімгі
антибиотиктермен емделу күткендегідей нәтиже бер-
мейді, мұндай науқас арнайы ботулизмге қарсы
сары сумен емделеді. Олай болса ботулизмнің бел-
гілері білінгеннен бастап, адамды тез арада
ауруханаға жеткізу қажет.
Әр түрлі көкөністер мен жеміс – жидектерден
жасалған тосаптар (компоттар) мен консервіленген
өнімдер дайындаған кезде мына жайларды ескерту
қажет:
- барлық көкөністерді, саңырауқұлақтарды даярлау
алдында ағын суда өте мұқиат жууды;
- өнімдерді консервілеудің режимін сақтау, уксус
немесе лимон қышқылын міндетті түрде пайдала-
нуды;
- үйде әзірленген консервілерді пайдаланар ал-
дында қуыру немесе 15 минуттай қайнатуды;
- қақпағы көтерілген, түсі бұзылып исі шыққан бан-
кілерді жедел түрде жою қажет, тіпті дәмін де татуға
мүлдем болмайтындығын естен шығаруға бол-
майды;
- консервіленген саңырауқұлақтарды тағам
әзірлеуге пайдаланар алдында аса жоғары темпе-
ратурада ұстаған жөн.
- үйде дайындалған окорокты тек қайнатқаннан
кейін пайдалану қажет.
- күдікті консервіленген тағамдарды тастамай
зертханалық бақылау үшін сақтаңыздар.
Естеріңізде болсын! Бұл талаптарды сақтаған
жағдайда өзіңізді және отбасыңызды аса қауіпті бо-
тулизм ауруынан сақтайсыздар.
Барлықтарыңызға денсаулық тілейміз.
Б.СӘРСЕНБАЕВ,
Төлеби аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасының
бас маманы
ҮЙЛЕРІҢІЗДІ ӨРТТЕН
САҚТАҢЫЗДАР!
МҰНЫ БАРЛЫҒЫ БІЛУІ ТИІС!
- Төсекте жатып шылым шекпеңіз!
- Электр қыздырғыштарды желіге қосылуы күйі
қалдырмаңыз;
- Сыртқы қорғаушы қабығы зақымдалған электр сым-
дарын пайдаланбаңыз;
- Газ алауының үстінде жуылған киімдерді
кептірмеңіз;
- Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз;
- Қолдан жасалған сақтандырғышты қолданбаңыз;
- Тұрмыста пайдаланатын химиялық заттарды отқа
жақын ұстамаңыз;
- Пеш жаққан кезде жаңғыш сұйықтықтарды
қолданбаңыз.
ЕГЕР ӨРТ ШЫҚСА:
- Жедел түрде 101 телефонына хабар беріңіз;
- Өрт шыққан үйдегі адамдарды тез сыртқа шығару
қажет;
- Қолда бар құралдармен (өрт сөндіргіштер, су, құм,
тығыз маталар) өртті сөндіруге кірісіңіз;
- Өрт шыққан бөлмедегі есік-терезелерді аса
мұқтажыдық болмаса, ашпаңыз.
АДАМДАРДЫ СЫРТҚА ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ:
- Баспалдақ бөлімшесі;
- Сыртқы өрт басқышы;
- Зәулім биік үйлердің балкондарындағы құтқару
ұяшалары.
БІЛУ КЕРЕК!
- Тыныс органдарын сулы орамалмен жабу қажет;
- Уақытылы (жедел жәрдем келіп жеткенше) жасалған
жасанды тыныс алдыру зардап шегушінің өмірін сақтап
қалады;
- Жасанды тыныс алуды таза ауада жасау қажет.
АПАТҚА ҚАРСЫ БІРІГЕЙІК!
Өрт болғанда 101 нөміріне телефон соғыңыз;
Өрттен сақтану ережесін бұлжытпай орындаңыз,
сонда сіз өз үй-мүлкіңізді сақтап қаласыз, адам
шығынының алдын аласыз.
Е.АЙТЫМБЕТОВ,
Төлеби ауданы ТЖБ
аға инженері ө.қ.қ майоры
БОТУЛИЗМ қауіпті кесел
Ленгер
жаршысы
8
19 сәуір 2014 жыл
1.Сабақтың тақырыбы: «БІЛІМ ШЫҢЫНА ШЫҚ»Туындыға есе-
птер шығару
2.Сабақтың мақсаты:Туынды туралы ұғымдарын,туындыларды
есептеу ережелерін,туындылардың қолдануларын тиянақтау бе-
кіту,білім мен біліктіліктерін арттыру.
Шығармашылығы: ойлау қабілеттерін,іскерліктерін дамыту
Тәрбиелілігі:ұйымшылдыққа,өз бетімен еңбектенуге үйрету
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаз,буклеттер,кестелер,тест тап-
сырмалары,түсті фишкалар,слайдтар
Сабақтың барысы: а)ұйымдастыру
ә) үй тапсырмаларын тексеру
1-ші асу.Байқампаздық.
2-ші асу.Талаптыға тапсырма.
3-ші асу.Шығармашылық ізденіс.
4-ші асу.Шапшаңдық сатысы. «теңдік тура ма?»
5-ші асу.Кім үшқыр?
Қорытындылау.Оқушыларды бағалау.Үй тапсырмасы.
1-ші асу.Байқампаздық:
Тапсырма оқушыларға кеспе қағазбен беріледі.
1.Слайд
f (х)
f '(х) -cosx
-2
3(1+x)² -2sin2x+1 1/(√2x-1)
6x²
4/sin²4x
f (х) к
е
с
і
н
д
і
f '(х) -cosx
-2
3(1+x)² -2sin2x+1 1/(√2x-1)
6x²
4/sin²4x
f (х)
f '(х) 7cos7x 6(3x-1) 3x²
-sinx
34x
f (х) с
ә
у
л
е
f '(х) 7cos7x 6(3x-1) 3x²
-sinx
34x
Тапсырманы дұрыс орындап тиісті әріптерді орнына қойғанда геометриялық
элемент шығады.Сол элементтің қасиетін айту.Оқушылар жауаптарына қарай
фишкалармен бағаланады.
2-ші асу. Талаптыға тапсырма функцияның туындысын табыңдар
f(x)=1/3 x3 +x2 +2x f(x)= (3x-8)9
f(x) =4sin4x f(x)= -cos3x
f(x)= x3+x2 f(x)= tg3 (4x-5)
Оқушылар тапсырманы орындауда қате жіберген оқушы есепті тақтаға орын-
дайды.Қатемен жұмыс жасалады.Шығарған тапсырмаларына қарай фишка бері-
леді.
3-ші асу.Шығармашылық ізденіс 2-слайд
1-деңгей
Тапсырма
f `(2)=2
(5x4)`
(2x+3)`
f`(-4)=?
(2x2 +20√x)1
Жауабы:
Тапсырма
f `(2)=2
(5x4)`
160
(2x+3)`
f`(-4)=?
-8
4x+10/(√x)
(2x2 +20√x)1
Шыққан жауаптарын қарандаш пен қосады, сонда үш бұрыш шығады.
Қате жіберген оқушы тақтаға есебін шығарады.
Жауабын дұрыс шығарған оқушыдан үшбұрыштың қасиеттерін ай-
тады.
2-деңгей
Тапсырма
(2x-3)3 f `(3)
[ (x-4) (x-3)]` f `(-1)=?
(cos`2x)
(3x2 +10√x-3)
Тапсырма
(2x-3)3 f `(3)
54
[ (x-4) (x-3)]` f `(-1)=?
-9
(cos`2x)
-2sin2x
(3x2 +10√x-3)
6x+5/(√x+5)
Тақтаға бір оқушы қате жіберген есебін шығарады.
Жауабын тексеруде дұрыстан төрт бұрыш шығару.
Төртбұрыш қасиетін айтыңдар?
3-деңгей
(-8x2 +1)4
3sin2 2x+2x
√1-3x²+1/(x²+4)
Жауабы
(-8x2 +1)4
-64x(-8x2+1)3
3sin2 2x+2x
2(6sin2x •
•cos2x+1)
√1-3x²+1/(x²+4)
3x/(√1-3x²) - 2x/((x²+4)²)
Қандай фигура?
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері?
Оқушылар тапсырмаларына қарай фишкалар таратылады.
4-асу.Шапшаңдық сатысы.Теңдік тура ма?
(3x)`=x ( tg5x)`=1/cos²5x
(5x10 )`=50x9 (6x2 )` =12x
5-асу.Сөздік қорын байқау.
Сынып оқушыларына туынды тарауында өткен таныс сөздерді жазып
шығады.Ең көп жазған мен ең аз жазған оқушылардың сөздерін тыңдап шығамыз.
Қорытындылау.Оқушылардың жинағын фишкаларын санап,сол бойынша
бағаланады.
Үй тапсырмасы Өзіндік есеп.
Ұ.Ахпаева,
Момынай шағын жинақты жалпы
орта білім беретін мектебінің
математика пәні мұғалімі. 10- сынып
«БІЛІМ ШЫҢЫНА ШЫҚ»