Н. К. Кибатаева педагогика ғылымының


БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫНА МАЗМҰНДАМА МЕН ШЫҒАРМА



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата19.01.2017
өлшемі4,54 Mb.
#2235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 
БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫНА МАЗМҰНДАМА МЕН ШЫҒАРМА 
ЖАЗДЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Сельбаева Ж.Е., 
Ақтөбе қаласы №51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі 
 
Оқушылардың  өз  ойын  ауызша  және 
жазбаша  тиянақты  айтып,  жазып  беруге  үй-
рету  бастауыш  класс  бағдарламасының  бас-
ты талабы. Таза, әрі дұрыс сөйлем жаза білу 
үйретуге байланысты. Оқушы өз ойын терең, 
шебер,  толғана  айтып,  жазып  бере  алмаса, 
онда біздің әдебиеттік оқу мен қазақ тілінен 
берген біліміміздің бір жақты болғаны. Әде-
биеттік оқу сабағы-оқушылардың логикалық 
ойын,  ойлау  қабілетін,білімін  жетілдірудің, 
сезімталдығын  арттырудың  басты  құралы. 

 
     
 
38 
Сондықтан  бұл  пәннің  білімдік,  тәрбиелік 
мүмкіндіктерін сарқа пайдалануымыз керек. 
Оқушыларға мазмұндама, шығарма жа-
зуды  үйретудегі  басты  мақсат  білетін  сөзде-
рін  қаншалықты  дұрыс  қолдана  алатынды-
ғын анықтап,ойын жүйелі жазуға үйрету. 
Шығарма  жаздыруды  ең  алдымен  маз-
мұндамадан  бастаған  дұрыс.  Мазмұндама 
жазуға әуелі оқыған мәтіннің мазмұнын оқу-
шы  ауызша  айтып  төселеді.  Онда  мұғалім 
мәтінді әуелі өзі көрнекті етіп оқып, одан соң 
мазмұнын  қысқаша  айтады  да,  кейін  тағы 
оқушылардың өздеріне қайталатып оқытады. 
Егер мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер 
кездессе,  оған  түсінік  беріледі.  Мұғалім  сұ-
рақты  класқа  қояды.  Жауаптың  бір  сөйлем-
нен болғаны тиімді. Сонда оқушылардың ой-
лануына  жеңіл  тиіп,  мәселенің  түйінін  ше-
шуге  жетелейді.  Кейде  сұраудың  жауабын 
мәтіннен таптырудың да пайдасы бар. 
Мәтінді  ауызша  мазмұндауға  жаттық-
тырған  соң  ғана  жазбаша  мазмұндауға  ауы-
самыз. Мұғалім мәтінді оқып, ауызша түсін-
діреді  немесе  оқушылардың  өздеріне  қайта 
оқытып, айтқызып мазмұнын толық түсіндір-
геннен  кейін  тиісті  сұраулармен  мәтіндегі 
түсініксіз және жазылуы қиын сөздер тақтаға 
жазылады.  Оқушылар  тақтадағы  жоспардың 
ретімен мәтіннің мазмұнын жаза бастайды. 
Оқушыларды  мазмұндама  жазуға  дағ-
дыландырудың бір жолы өлең жолдарын қа-
ра  сөзге  айналдырту.  Мәселен,  Крыловтың 
«Шегіртке  мен  құмырсқа»  өлеңін  оқушылар 
қара  сөзге  былай  айналдырды:  «Шегіртке 
жаздың жайдары, әдемі күндерінде еңбек ет-
педі.  
Бір  көгалдан  екінші  көгалға  ұшып-қо-
нып,  дайын тамақты  жеп,  уақыт  өткізді.  Ал, 
құмырсқа  болса,  бұл  кезде  өзіне  күн  суыт-
қанда тұратын үйшік жасады. Азық жинады. 
Күз  басталғанда  ол  осы  үйіне  кірді.  Жазда 
жинаған  тамағын  қорек  етіп  тұра  берді.  Бұл 
кезде шегіртке тоңып, кіруге орын, жеуге та-
мақ  таппады.  Құмырсқадан  келіп  тамақ  пен 
үй  сұрады.  Құмырсқа  сұрағанын  бермеді. 
«Қыс  боларын  жаз  неге  ойламадың?  -  деп 
ұрысты». Мәтінде стильдік кемшіліктер бар. 
Оны  мұғалімнің  көмегімен  қайта  мазмұнда-
тып,  түзеген  соң  ғана  жазбаша  орындауға 
көшеді. 
Мазмұндама  жазуға  толық  төселіп, 
меңгеріп алғаннан кейін ғана балалар жақсы 
білетін тақырып бойынша шығарма жаздыр-
та  бастаймын.  Шығарма  жазғызу-оқушыны 
өздігінен жұмыс істеуге үйретудің ең күрделі 
түрі.  Сондықтан  шығарма  жазуды  үйретуді 
жеңіл де ең қарапайым, балаларға бұрыннан 
таныс  тақырыптардан  бастаған  дұрыс.  Мұн-
дайда көрнекіліктің пайдасы зор. 
Шығармадағы  сөйлем,  сөйлемдегі  сөз 
саны  да  солай  молаяды.  Қарапайым  жай 
жоспарлы  сұрақтармен  қатар,  бір  сұраққа 
үш-төрт, кейде одан да көп сөйлемдік жауап 
қайтаратындай  да  жағдай  жасалады.  Бұдан 
оқушылардың  логикалық  ойды  қадағалап, 
толықтыра  білу  қабілеттері  жетіле  түседі. 
Олар  өмірден  көргенін,  табиғаттан  сезгенін, 
адам тіршілігінен түйгенін байыптай алатын 
дәрежеге көтеріледі.  
Мұндайда 
кітаптан 
оқығандары, 
мұғалімнен естігендері, саяхат, еңбек үстінде 
көріп  қаныққандарының  да  жәрдемі  көп. 
Шығарма  жазушы  өмір,  табиғат,  тіршілік 
құбылыстарын  бақылаушы  ретінде  ғана 
емес,  соған  тікелей  араласып,  тиісті  қоры-
тынды жасаушы болып та сезінеді. Ауа-райы 
мен  табиғат  күнделігін  жүргізу,  жыл 
мезгілдеріне  қарай  орындалатын  шаруа-
шылық туралы жазғызу: Әжесінің айтуымен 
хат  жазу  т.б  жұмыстар  шәкірттерді  машық-
тандырады. 
Демек,  көрген-білгендері  бойынша  ер-
кін тақырыпқа шығарма жаздыру-оқушылар-
дың  шығармашылық  ойын  дамытудағы  ай-
рықша  мәні  бар,  қолайлы  әдіс.  Тәжірибеде 
шығарма жаздыруда көбінесе мынадай тақы-
рыптарды пайдалануға болады: «жаз», «күз», 
«Орманда»  «Біз  шыршаны  қалай  безен-
дірдік»,  «Бүгінгі  ауа-райы»,  т.б.  Тақырып 
қиындау болған жағдайда жай жоспар жүргі-
зуге  болады.  Мәселен,  «Жайлау»  тақырыбы 
бойынша  мынадай  сұраулар  беріліп,  қысқа 
әңгіме жүргізілді. 
1. Жайлауда не көрдіңдер? 
2. Қойшылар не істеді? 
Ауызша 
әңгімеден 
кейін 
былай 
жоспарладық; 
1. Жайлау. 
2. Қойшылардың жұмысы 
3. Бөрі басар 
Осы  жоспар  бойынша  бір  оқушының 
шығармасын келтірейін. 
 
 

 
39 
     
 
Жайлау 
Біз  жайлауға  бардық.  Ауыл  көлдің  жа-
ғасында екен. Самал жел соғып тұрды. Қой-
шылардың  өмірімен,  тіршілігімен  таныстық. 
Біреуі  қой  жайса,  екіншісі  күзетеді.  Қойшы-
ның  Бөрібасар  деген  үлкен  иті  бар.  Түсі 
суық, айбынды-ақ.  
Өзі қойшының жанынан қалмайды. Ол-
қойларды  қасқырдан  қорғай-ды.  Бұдан 
шығатын қорытынды: оқушылардың көрген-
білгені 
мен 
сурет 
бойынша 
жазған 
шығарманың  арасында  елеулі  айырма-
шылық аз. Тек шығарма жаздыруға алынған 
суреттің  мазмұнына,  эстетикалық  құрылы-
мына ерекше көңіл бөлінеді. 
Яғни,сурет  сюжетінің  оқушы  өміріне, 
жас ерекшелігіне, ой өрісіне, біліміне лайық 
болғаны  мақұл.  Мысалы;  -  «Мұз  үстінде» 
деген  сурет  алдымен  төмендегіше  ауызша 
мазмұндалады. 
Мұз  үстінде  бір  ересектеу  бала  тұр. 
Аяғында коньки. Екінші бала қасында құлап 
жатыр.  Оның  аяғында  да  коньки.  Үлкені 
кішісіне  коньки  тебуді  үйретіп  жүргені 
байқалады.  Үлкені  кішісін  сүйемелдей  ұста-
ған. екеуі қатарласып барады. Кішісі коньки 
тебуді  аздап үйренген сияқты. Осы шамалас 
мазмұндама  балалар  суретті  көріп,  түсінген 
ойын  жүйеге  келтіріп,қағаз  бетіне  түсіреді. 
Мұнда  қажетті  сөз,сөйлемдерді  талғап, 
таңдап  алады.  тақтаға  әңгіменің  мынадай 
жоспары жасадық: 
1.Ағасы мен інісі қайда барды? 
2.Інісі неге құлады? 
3.Інісі коньки тебуді қалай үйренді? 
Оқушылар осы жоспарға орай суреттің 
мазмұнын  ретімен  жазбаша  баяндайды. 
Әрине жоспарды өзгертіп, басқаша да құруға 
да болады. Сыныпта шығарма жазуға арнал-
ған  суреттердің  ішінде  мазмұны  күрделілері 
де кездеседі. Мұндайда шығарманың жоспа-
ры тақырып жүйесімен де жасалады.  
Экскурсия 
материалдары 
да 
пайдаланады.  Оқушылар  барған  жерінің 
табиғат  жағдайларын,  көріністері  мен  сол 
күнгі ауа райын, жыл мезгілін, желдің соғуы 
мен  күннің  батуын,  кім  бастап  апарғанын, 
қай жерге барғанын т.б. дәптерлеріне жазып 
алу  күні  бұрын  ескертіледі.  Экскурсия 
жөнініде  әңгімелесіп,  оны  шығарма  етіп 
жаздыру  қолайлы.  Бұл  туралы  балалар 
ұмытып қалмау үшін ізін суытпай жаздырған 
дұрыс. 
Кей  ретте  балаға  жазылатын  шығарма-
ның  тақырыбын  беріп,шығарманы  өздігінен 
жазуға  көшеміз.  Мұндайда  тақырып  жеңіл, 
баланың  өзінің  таныс  істерінен  бастау  жақ-
сы.  Мазмұндамада  бала  бір  адамның  ойын 
айтып  не  жазып  беруге  үйренсе,  шығармада 
өзінің  ойын  жүйелі  көрсетуге  дағдыланады. 
Шығарма  баланың  шығармашылық  ойын, 
қиялын дамытады.  
Бастауыш 
кластарда 
шығарманы 
оқыған,  естіген,  көрген,  өмірлеріндегі 
кездесетін оқиғаларына, әр түрлі өнер саласы 
мен 
табиғат 
құбылыстарына 
бақылау 
негізінде  де  жаздыру  пайдалы.  Мен  шығар-
маны  көбіне  табиғат  құбылыстарына,  жыл 
мезгілдеріне жазғызамын. Бала табиғат тура-
лы көп нәрсені жақсы біледі.  
Сондықтан  білетіндерін  қағаз  бетіне 
оңай түсіреді. Мысалы 3 класта «Алтын күз» 
тақырыбына  шығарма  жазу  жоспарланса, 
балаларға  10-15  күн  бұрын  хабарлап, 
тапсырма бердім, ауа райы, күздің белгілерін 
жазып  жүреді,  яғни  табиғат  күнтізбелік 
жүргізеді. 
Грамматика  сабағында  да  оқушылар-
дың сөздік қорына назар аударып,  оның мо-
лығуын  қадағаладым.  Класқа  әр  түрлі  ағаш-
тардың  жапырақтары  мен  бұтақшаларын, 
піскен  жемістердің  әр  түрін  әкеп,  олардың 
түр-түсін,  аттарын,өнімдері  жайлы  сөздерді 
дәптерлеріне жазғыздым.  
Мысалы:  құрғақ,  күз,  ашық,  сарғылт, 
түсті алма, қызғылт, піс-кен, хош иісті, күзгі 
күн  т.б.  сөздер  жөнінде  мағұлмат  беріп 
отырдым. Түрлі түсті суреттер көрсетілді. 
Сөйтіп,  бастауыш  класс  оқушыларына 
мазмұндама және шығарма жаздырып үйрету 
өте  үлкен  жауапкершілдікті,  еңбектенуді 
және  шеберлікті  талап  етеді.  Бастауыш 
кластың  ең  басты  міндеті-оқушылардың 
ойын,  тілін  ауызша  және  жазбаша  дамыту 
екендігін естен шығармау керек. 
 
 
 
 

 
     
 
40 
ТЕХНОЛОГИЯ ЛИЧНОСТНО-ОРИЕНТИРОВАННОГО ОБУЧЕНИЯ  
НА УРОКАХ МАТЕМАТИКИ 
 
Харенко И.В., 
ГУ «Средняя школа №26» г.Актобе 
 
У  каждого  ребенка  свои  индивидуаль-
ные  интеллектуальные  способности,  разный 
уровень  мотивации  обучения,  да  и  содер-
жание  образовательных  программ,  особенно 
в  основной  школе  стремительно  усложняет-
ся,  уровень  навыков  требований  по  всем 
учебным предметам повышается от класса к 
классу.  Решить  эту  проблему  мне  позволяет 
технология 
личностно-ориентированного 
обучения  (ЛОО).  Поэтому  я  уже  несколько 
лет  работаю  по  теме  «Личностно-ориенти-
рованное  обучение  на  уроках  математики  и 
во внеурочной деятельности», так как имен-
но  ЛОО  обеспечивает  всемерный  учёт  воз-
можностей  и  способ-ностей,  обучаемых  и 
создаёт  необходимые  условия  для  развития 
их индивидуальных способностей.
 
Идея лич-
ностно  ориентированного  образования  при-
нята сегодня массовой школой. Это означает
что учителя отказываются от авторитарного, 
инструктивно-репродуктивного 
характера 
обучения 
в 
пользу 
демократического, 
поисково-творческого.  Попытаюсь  ответить 
на  вопрос:  “Почему  я  решила  реализовать 
эту идею в своей работе?” 
Во-первых,  меня  беспокоит  падение 
интереса  школьников  к  обучению  вообще  и 
обучению  математике  в  частности.  Во-вто-
рых,  изучая  специальную  литературу,  меня 
заинтересовала идея рассматривать обучение 
как  обеспечение  права  каждого  школьника 
на  индивидуальное  развитие,  которое  не 
противоречит его психологическому статусу 
(возможностям, склонностям, интересам). 
В-третьих,  я  считаю,  что  именно  эта 
идея актуальна, то есть, отвечает потребнос-
тям нашего времени. 
В-четвёртых, мой предмет имеет широ-
кое  практическое  применение  в  различных 
сферах  жизнедеятельности.  Но  часто  полу-
чается,  что  ученик,  имея  знания,  не  владеет 
ими. А, как известно, первый компонент раз-
вития умение применять полученные знания 
на  практике.  Это  умение  нельзя  сформи-
ровать,  если  школьник  не  знает,  зачем  ему 
необходимо  данное  конкретное  знание.  По-
этому  очень  важный  компонент  личностно 
ориентированного  обучения  развитие  моти-
вации  учебной  деятельности.  Личностно-
ориентированные технологии ставят в центр 
всей образовательной системы личность обу-
чаемого,  обеспечение  комфорта,  бесконф-
ликтных условий её развития, реализацию её 
природных потенциалов. 
Характеризуются  гуманистической  и 
психотерапевтической  направленностью  и 
имеют  целью  творческое  развитие  учащего-
ся, формирование у него положительной «Я» 
-  концепции.  Личностно-ориентированные 
технологии имеют следующие особенности: 
Продумывание учителем возможностей 
для  самостоятельного  проявления  учеников. 
Предоставления  им  возможности  задавать 
вопросы,  высказывать  оригинальные  идеи  и 
гипотезы.  Организация  обмена  мыслями
мнениями,  оценками.  Стимулирование  уча-
щихся к дополнению и анализу ответов това-
рищей. Стремление к созданию ситуации ус-
пеха  для  каждого  обучаемого.  Побуждение 
учащихся  к  поиску  альтернативной  инфор-
мации при подготовке к уроку. Продуманное 
чередование видов работ, типов заданий, что 
уменьшает  утомляемость  учащихся.  Лич-
ностно-ориентированная  педагогика  откры-
вает  новые  принципиальные  подходы  и 
тенденции  в  решении  вопросов  «чему»  и 
«как» учить сегодня. 
-содержание  обучения  рассматривается  как 
средство  развития  личности,  а  не  как 
самодовлеющая цель 
-обучение  ведется,  прежде  всего,  обобщен-
ным  знаниям,  умениям  и  навыкам  и  спосо-
бам  мышления;  осуществляются  объедине-
ние, интеграции различных дисциплин 
-достигается  вариантность  и  дифференциа-
ция обучения на основе деятельного подхода 
-активно 
используется 
положительная 
стимуляция учения. 
На  личностно-ориентированном  уроке 
создается  та  учебная  ситуация,  когда  не 
только излагаются знания, но и раскрывают-
ся,  формируются  и  реализуется  личностные 

 
41 
     
 
особенности  учащихся.  На  таком  уроке  гос-
подствует  эмоционально  положительный 
настрой  учащихся  на  работу.Учитель  не 
просто  создает  благожелательную  творчес-
кую атмосферу, он признает самобытность и 
уникальность каждого обучаемого. 
В  рамках  ЛОО  как  самостоятельные 
технологии можно выделить: 
-разноуровневое обучение, 
-коллективное взаимообучение, 
-модульное обучение, 
-технологию проектного метода, 
-  игровые  и  информационно-коммуникатив-
ные технологии, 
-технологию сотрудничества. 
В  своей  работе  активно  использую 
четыре основные технологии ЛОО: 
1. Технология разноуровневого обучение 
2. Технология проектной деятельности 
3. Игровые технологии 
4.  Информационно-коммуникационные  тех-
нологии. 
Я  считаю,  что  система  работы  учителя 
математики  состоит  из  следующих  компо-
нентов: 
-  Диагностика  обучаемости  и  обученности 
учащихся  как  условие  реализации  техноло-
гии  личностно-ориентированного  обучения 
математике. 
-  Дифференциация  обучения  с  постановкой 
разноуровневых  целей  к  каждой  учебной 
теме  позволяет  учителю  использовать  инди-
видуальный подход к детям, управлять учеб-
но-познавательной деятельностью учащихся. 
-  Рефлексивный  характер  обучения;  оценка 
учащимися  своих  возможностей  и  результа-
тов учения; предоставление учащимся выбо-
ра  содержания  и  форм  учения;  сочетание 
самоконтроля,  взаимоконтроля  учащегося  и 
контроля со стороны учителя; система поощ-
рительных  приемов,  дающая  комплексный 
подход  к  получению  оценки;  самостоятель-
ная  формулировка  реальных  и  перспектив-
ных целей урока. 
-  Создание  условий  для  включения  каждого 
ученика  в  деятельность,  соответствующую 
его  «ЗБР»:  организация  системы  дифферен-
цированных  заданий  на  протяжение  всей 
темы, работая с алгоритмами, тестами позво-
ляет организовать доминирующую самостоя-
тельную  деятельность  ученика  по  целепола-
ганию,  самопланированию,  самоорганиза-
цию,  самоконтролю,  самооценке  и  коррек-
ции своих знаний, умений и навыков. 
- Уровневое домашнее задание на всю тему с 
различными  способами  коррекции  на  каж-
дом  занятии.  Разработка  учениками  к  каж-
дому занятию серии репродуктивных и проб-
лемных вопросов по изучаемой теме. Состав-
ление  учащимися  кроссвордов,  карточек-
заданий,  написание  ими  рефератов,  сказок, 
стихов. 
Таким  образом,  использование  техно-
логий  ЛОО  на  уроках  математики  и  во  вне-
урочной работе в течение нескольких лет да-
ет высокие, и стабильные результаты обуче-
ния развивает творческие исследовательские 
способности  учащихся,  повышает  их  актив-
ность, способствует интенсификации учебно 
-воспитательного  процесса,  приобретению 
навыков  самоорганизации,  помогает  разви-
тию  познавательной  деятельности  учащихся 
и  интереса  к  предмету.  Все  это  подтверж-
дают результаты итоговой и промежуточной 
аттестации  обучающихся  во  всех  паралле-
лях, а также результаты ЕНТ. 
Итак,  новые  жизненные  условия,  в  ко-
торые  поставлены  все  мы,  выдвигают  свои 
требования  к  формированию  молодых  лю-
дей, вступающих в жизнь: они должны быть 
не  только  знающими  и  умелыми,  но  и  ини-
циативными,  самостоятельными.  Растить 
именно  таких  людей  вот  заказ  нашего 
современного общества. 
Литература: 
1. Капустин Н.К. Педагогические технологии 
адаптивной школы. - М., Академия, 2001. 
2.  Селевко  Г.К.  Современные  образователь-
ные технологии. -.,1998 
3.  Степанов  Е.Н.,  Лузина  Л.М.  Педагогу  о 
современных 
подходах 
и 
концепциях 
воспитания.  Творческий  центр  «Сфера»  - 
М.,2002,160с. 
4. 
Якиманская 
И.С. 
Личностно- 
ориентированное  обучение  в  современной 
школе. – М.,1996. 
 
 
 

 
     
 
42 
БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГТАРДЫҢ РЕФЛЕКСИВТІК 
ДАҒДЫЛАРЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ 
 
Шаштыгарина С.М., Асанбай Б.З., 
«Өрлеу»БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ 
 
Білім  беру  саласындағы  реформалау 
үдерістері,  жаңашыл  бастамалар,  осыған 
орай  педагогтардың  біліктілігін  арттыру 
жүйесіндегі  өзгерістер  қоғамның  әлеуметтік 
экономикалық  дамуындағы  басты  мақсаты 
пен  құралы.  Жаңа  өмір  жағдайында  әлеует-
тік мүмкіндіктерін меңгерген педагогикалық 
ойлау  стилімен  ерекшеленетін,  кәсіби  мәсе-
лелердің  шешімін  сауатты  шеше  алатын,  іс-
әрекет  нәтижелерін  мен  педагогикалық  шы-
найылықты көрсете білетін маман. 
Қазақстанда  мұғалімдердің  біліктілігін 
арттыру  жүйесі  түбегейлі  өзгерістерге  ұшы-
рады: білім саласын реформалау жүйелі іске 
асырылып, оқыту сапасын көтеру мәселелері 
шешілуде,  интерактивті  оқыту  әдістері  енгі-
зілуде. 
Осы 
мақсатпен 
ПШО 
және 
«Назарбаев 
Зияткерлік 
мектептерімен», 
Кембридж Университеті мамандармен бірле-
се  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  курс-
тары ұйымдастырылды. Бұл жоба жалпы бі-
лім  беретін  мектеп  мұғалімдернің  біліктілі-
гін  халықаралық  үздік  тәжірибелерге  сай 
арнайы  бағдарлама  бойынша  жүргізілуде. 
Бағдарлама  мұғалімдердің  шығарамашылық 
қабілетінің  дамуына,  өз  еңбегінің  мазмұны 
мен  нәтижесіне  жауапкершілікпен  қарауды 
дамытуды,  оқу  үдерісіне  интерактивті  әдіс-
терді енгізуге мүмкіндік береді. 
Деңгейлік  Бағдарламалар  курстарында 
педагогтың  кәсіби  шеберлік  қасиеттерін 
қалыптастырып,  дамытатын  тәсілдердің  бірі 
рефлексия.  Ал  рефлексия  педагогтың  кәсіби 
дамуының кепілі. Рефлексивті мұғалім өз тә-
жірибесін  зерделей  алатын,  талдайтын,  са-
раптайтын  ойшыл  мұғалім.  Рефлексия  деге-
німіз бұл мұғалімнің қызметінің кемелденуі-
не  бағытталған  саралау,  өз  ішкі  әлеміне,  өз 
әрекеттеріне  терең  бойлауы  болып  табыла-
ды.  Рефлексияның  төмен  деңгейдегі  көрініс 
табуы, өкінішке орай, білім саласындағы ре-
формалардың  табысты  орындалуына  кедергі 
келтіреді.  Рефлексивті  дағдыны  дамыту  мә-
селелері  кәсіби  ғана  емес,  кең  ауқымдағы 
әлеуметтік мазмұнға ие. Деңгейлік Бағдарла-
ма  курстарында  рефлексивтік  дағдыларды 
дамытуға аса зор назар аударылады. 
Рефлексия  сөзі  латын  тілінен  кірген 
reflexio кейінге айналым мағынасын білдіре-
ді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда бер-
ген.  «Рефлексия  адамның  өз  істерінің  мәнін 
түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне 
өзінің  нені,  қалай  жасағаны  туралы  толық 
және анық есеп беруі немесе өзі әрекет бары-
сында  басшылыққа  алған  ережелер  мен  кес-
телерді  мойындауы  не  жоққа  шығаруы». 
Өзін-өзі  дамытумен  қатар  индивидтің  жан 
мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау 
қабілетін  бейнелейтін  рефлексия  ұғымы 
пайда болды.  
Жаңа  дәуір  философиялық  идеялары 
"өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағыттала-
ды.  Жаңа  құндылық  адамның  өзіндік  "мен" 
құндылығы  пайда  болды.  Бұдан  басқа  да 
рефлексия жайында айтылған философиялық 
ойлар  негізінен  «адамның  өзіне  бағытталған 
зерттеу  жұмысы»,  «өзіңнің  ақылын  мен  ру-
хыңды  өзіңнің  бақылауың»  дегенге  келіп 
саяды.  Н.В.Кузьмина  адам  өзін-өзі  іске  қосу 
барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, 
ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған бі-
лімді  жинақтау,  оларды  тәжірибеде  қолдану 
үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жү-
зеге  асыру  сияқты  әрекеттер  жасайтынына 
тоқталады.  Н.Б.Ковалева  және  И.Н.Семенов 
кәсіби  шығармашылықтағы  рефлексияның 
рөліне  байланысты  оны  әр  түрлі  кәсіби  по-
зицияларға  өтудегі  икемділік  деп  есептейді. 
Рефлексияны  ойлау,  ес,  сана  сияқты  таным-
дық  үрдістер  адам  табиғатына  тән  болған-
дықтан олардан бөліп қарауға болмайды.  
Оқыту  барысында  білім  алушылардың 
жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да 
әр  түрлі  формаларын  жиі  қолдануды  мақсат 
етіп,  ол  сабақ  соныңда  асығыс  атқарыла 
салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік 
беретіндей етіп үйымдастырылуы шарт. Реф-
лексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен 
анықтаудың инновациялық жолдарының бірі 
деп 
тани 
отырып, 
Б.З.Вульфов 
пен 
В.И.Харькин  «Рефлесияны  ешкім  және  еш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет