Ритмика сабақтарында келесі міндеттер орындалуы керек:
1. Музыкалық қабілеттерді дамыту;
2. Музыкалық жанрларды анықтау, қарапайым музыкалық түсініктерді
ажырату қабілеттері;
3. Түзу арқаны қалыптастыру, көркем қозғалыстарды үйрету;
4. Шығармашылық қабілеттерді дамыту.
Музыка мен қозғалыстың арақатынасы эмоционалды-руханилық пен
нақты-физикалық
арасында
көпір
орнатады.
Музыкалық-ритмикалық
жаттығулар балаға өз денесін игеруге, басқа балалардың қозғалысымен
келістіре отырып қозғалысын үйлестіруге көмектеседі, кеңістіктік бағытталуға
үйретеді, қозғалыстың негізгі түрлерін бекітеді, би, ойын элементтерін игеруге
әсер етеді, түрлі заттармен жұмыс жасауды тереңдетеді.
Музыкалық қызметтің кез-келген нысанын игере отырып, келесі
қағидаларды есте ұстау қажет:
− музыкалық тәрбиенің негізгі міндеттерін кешенді орындау;
− жүйелілік;
− сатылылық;
− реттілік;
− қайталану;
Музыкалық қызметтің жоғарыда аталған барлық нысандары музыканы белсенді
қабылдауды қалыптастыруға көмектеседі, балалардың музыкалық тәжірибесін
байытады, білім береді, мұның барлығы жалпы алғанда балалардың музыкалық
қабілетінің баюының негізгі алғышарты болып табылады. Музыкалық
16
қабылдаудың түрлі нысандарының үдерісіне балап музыкалық тілдік
заңдылықтарын біледі, түсінеді және игереді, музыканы сезініп, орындауды
үйренеді, өздерін ноталық сауаттылыққа баулиды. Мұның барлығы балалардың
таным өрісін кеңейтіп, орындаушылық қабілетін елеулі түрде арттыруға,
балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
СЦЕНАРИЙЛЕР
Іске асыру тетіктері: алдын ала жоспарлау, мерекенің пайда болу
тарихымен алдын ала танысу, сценариймен жұмыс жасау; мерекені дайындау,
мейрамды өткізу бойынша балалар мен ата-аналармен жеке жұмыс жасау;
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным!»
Мақсаты: Балалардың өз болашағын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету.
Барысы:
1. Ән бөлімі
2. Би жанры (топтық 2 жеке би-1)
3. Драмалық көрініс. (3)
4. Мәнерлеп оқу
5. Сурет салу
6. Қолданбалы өнер өткізу
Жүргізуші: Тәуелсіздік – азаттық мәңгілік,
Соны жырла, соны шырқа ән қылып.
Соны ғана әсперттеуге арналып,
Барша дәстүр, барша өнер, барша ғұрып.
Көз салып қараңызшы бойыңызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз, ұстаздар мен ата-ана!
Айгөлектің шашу атқан тойына – дей отырып ұлағатты ұстаздар, құрметті
қонақтар, ата-аналар мен балалар, бүгінгі «Ботақан» тобындағы «Айгөлек»
балалар шығармашылық байқауына қош келдіңіздер!
Ердің жырын жырлаған,
Қайғысын да толғаған.
Домбырасыз ешқашен,
Жүрекке ем қонбаған.
Естіген жан тамсанған.
Алдарыңызда --------------- орындауында «Жігіттер» әнімен қарсы алыңыздар.
Абай, Жамбыл, Біржан сал
Таң қалдырып ән салған.
17
Жүрегіңді жандырған,
Естіген жан тамсанған
Ортада «Қошақаным» әнімен -------қарсы алыңыздар
Қошеметтеп отырайық.
Қазақстан – айтылар жаз әнім,
Қазақстан – керемет ғажап үн
Қазақстан − ғаламға әуен,
Қазақстан атыңды мен жазамын.
Алдарыңызда «Солдат болам мен ертең» әнімен болашақ сарбаздарды қарсы
алыңыздар!
Домбырасыз ән қайда,
Домбырасыз сән қайда.
Ән мен күй бар өмірде,
От та лаулап жаңбай ма?
Ортада бүлдіршініміз «Ананың тілі» әнімен. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Ән жоқ шығар арналмаған,
Жан жоқ шығар толғанбаған.
Айналайын батаменен
Бақыт болып қонған маған.
Сіздердің қошеметтеріңізбен, «Мұғаліміміз ол біздің» әнін қарсы алыңыздар!
Өмірге мынау талпындым,
Әуенмен танды қарсы алдым.
Әлемді әуен тербетіп,
Бұлбұлмен бірге ән салдым – дей келіп, кішкентай бүлдіршіннің орындауында
«Жау, жау жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар!
Мекен ғой бұл ел көшкен қия – құздан,
Қара тастан жас тамып, күй ағызған.
Жақсыны да, жаманды да көрген дала,
Кеңділігінен нәзік үн үзіп алған – дей отырып, алдарыңызда ең кішкентай
сүйкімді де, әдемі қыздарыңыздың орындауында «Ойыншықтар» әнін
қошеметпен қарсы алыңыздар!
Қуанамын мен күнде,
Бұлбұл құстың үніне.
Бейбіт елге мол шуақ,
18
Төгіп тұрған күніне, – демекші «Ел қорғауға әзірміз» әнімен бір топ балаларды
қошеметпен қарсы алайық!
Мекен ғой бұл тұлпардың ізі қалған,
Көкжиекті жүріпті жүзіп арман,
Домбырадан бір мезгіл күй шалықтап,
Ән айтылса, Арулардан нәзік үн үзіп алған, – дей отырып, ортада бөбегімізді
«Ана тілін сүйеміз» асқақтаған әнімен қарсы алыңыздар!
ІІ. Би жанры
Мың бұралып билеу неткен құдірет,
Сұлулық пен әсемдік тұр үлбіреп.
Ырғақпенен көп нәрсені аңғартқан,
Оны көріп бұлқынады жас жүрек, – дей отырып, ортада «Қуыршақтар» биімен
кішкентай қыздар.
Құрметіне кәне, достар,
Шаттық жыр шалқысын.
Аққу қаздар, сұлу қыздар.
Би билесін, балқысын, – дей отырып, «Шөжелерім» биімен бір топ ару қыздар.
Би «Маусымжан» – бір топ қыздардың орындауында.
Еңбекпен ер жеткен
Отан даңқын өрлеткен
Туған жерді гүлдентіп
Шаттық бимен тербеткен- дей отырып ортада «Қазақ биімен» балапанды қарсы
алыңыздар.
ІІІ. Драмалық көрініс.
«Шұбар тауық», «Бауырсақ» , «Шалқан» ертегілерінен көріністер тамашалау.
ІV. Мәнерлеп оқу.
«Тәуелсіз Қазақстанға балалардың арнауы»
V. Қолданбалы өнер.
Өзің сен, өзіңнің күшіңе сен
Қос қолыңмен істеген ісіңе сен.
Алысың да сыйлайды, жақының да
Өзіңді-өзің төменге түсірмесең.
VІ. Аяқтау.
Хор: «Елім менің», «Әрқашан күн сөнбесін!»
19
Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің»
мерекелік ертеңгілік
Ханша:
Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды)
Біз қандай елге келдік, ақылшы періштем?
Періште: Бұл «Балауса» балдырғандар елі.
Бұл елде өте әдемі, ақылды, білімпаз, өнерпаз балалар тұрады.
(осы сәтте бір топ бала шығады)
1-бала:
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.
2-бала:
Бейбітшілік әніміз
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз
3-бала:
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша
4-бала:
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
(Бір топ бишілер: «ча-ча-ча»биімен ортаға шығады)
Ханша:
Ой, қандай керемет балалар, қандай өнерлі балалар, қандай әдемі балалар.
Періште:
20
Көрдің бе, сүйікті ханша, менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа
айналғандай. Мен сізге уәде беріп едім ғой, егер сіз тек әділдік пен адалдық
жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп.
Міне мен өз уәдемде тұрдым.
(Осы кезде Шайтан келеді)
Шайтан:
О-О, мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп
қалдыңдар, а? Неге, айтшы, Ханша, мен де сенің досың едім ғой.
Періште:
Сен Ханшаны азғырма.Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді.Сенімен дос
болғысы келмейді, сен тек жаманшылыққа бастайсың.
Шайтан:
Иә, саған! Мен де Ханшаның досымын. Өткенде өзеннен алтын балық ұстап,
алғанда Ханша оны аяп қайтадан өзенге жібере салғысы келді. Ал,мен болсам
Ханшаны үгіттеп 3 тілегіңді орындат дедім.
1-ші тілегің «Мен әлемдегі ең әдемі ханша болсам»деп айт дедім.Ол тілегі
орындалды.
2-тілегің «Мен әлемдегі ең бай Ханша болсам»деп айт дедім. Ол тілегі де
орындалды.
3-ші тілекті айтқалы жатқанда сен келіп киліктің Періште білесің бе, есіңе түсті
ме?
Періште:
Иә, мен кешігіп қалдым. Әйтпесе 3 тілегің де әділдікпен адалдық тек ғана
жақсылыққа арнатар едім.Тек соңғы тілекте ғана «Мен әлемдегі өте адал,
мейрімді, өнерлі, білімпаз балалардың өмірін көріп өзім де солардан өнеге
алғым келеді» деген тілек еді. Міне, сол тілек орындалып біз Ханша екеуміз
«Балауса» балдырғандар еліне келіп тұрмыз.
Ханша:
Сендерге не болған,қойыңдар енді. Маған сөз беретін түрлерің жоқ ғой. Маған
Періштенің ақылы ұнады. Өйткені мен осы жасқа келгенше мынадай ғажайып
елде болған емеспін. Сондықтан, Шайтан сен бұл ғажайыпты бізбен бірге
тамашала! Ойыңды сосын айтарсың.
Шайтан:
Құп! Мәртебелі Ханшам Құзырыңа құлдық.
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке, қуанышта балалар, хош келдіңдер, хош
келдіңдер ата-ана, қонақтар!
Құрметті «Балауса» балабақшамыздың көркі де, сәні де болған
бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз
жарқын, аспандарың ашық, елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар
демекпін.
Бүгінгі 1-маусым Балалар күніне арналған «Балалардың күлкісі - көркі, сәні
әлемнің» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және мерекелік
21
лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісі мен балабақша ата-ана
комитетінің төрайымына береміз.
Жүргізуші:
Бүгінгі ертеңгілігімізге «Ертегі әлемінің қонақтары да келіпті, хош келдіңіздер!
Төрден орын алыңыздар. Құрметті Ханша менімен бірге бүлдіршіндер өнерін
жүргізуге басшылық жасауға қалайсыз? Келісесіз бе?
Ханша:
Жарайды, келісемін мен де соны қалап тұр едім.
Жүргізуші:
Өте тамаша келіңіз, менің қасыма. Біздің балаларға қандай тартуыңыз бар?
Мүмкін ән айтып, не би билеп берерсіз.
Ханша:
Әрине, мен де құр қол келген жоқпын. Періштем менің әуенімді қосшы.
(«Бала тілегі» әнін орындайды).
Жүргізуші:
Өте тамаша, рахмет өнеріңе. Кезекті біздің балаларға берейік.
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Қара жорға» биімен
«Мектеп алды даярлық» тобы бишілерінің биі.
Жүргізуші:
Айдында жүзген аққудай
Айжан қыздың биін-ай
Әуеніне ілесіп,
Биіне қол соғайық.
Зейнелбай Айжанның орындауында «Аққу» биі
Ханша:
Келесі кезекте Жұмабек Бақытжамалдың орындауында «Айгөйлек» әні
Жүргізуші:
«Орыс биімен» бишілер тобын шақырамыз.
Ханша:
«Достық» әнімен Бітімбай Қарақатты шақырамыз.
Жүргізуші:
Енді ортаға «Катюша» биімен бишілерді шақырамыз.
Ханша:
Біздің елге қайтатын уақытымыз болды. Бізге рұқсат бересіңдер ме балалар?
Менің достарым қайда?
(Періште мен Шайтан келеді)
Жүргізуші:
Жарайды, келіп бізбен бірге мерекені тойлағандарың үшін рахмет!
Жолдарыңыз болсын!
Ханша:
22
Сіздің балаларыңыздан көп өнеге алдық. Мен енді тек бойыма жақсы
қасиеттерді жинауға уәде беремін, осындай ғажайып әлеммен таныстырған
Періште досыма көп рахмет.
Періште:
Достар, қош болыңдар? кездескенше күн арайлы болсын!
Шайтан:
Менде енді жақсы дос болуға уәде етемін, кешіріңдер мені.
(Қоштасып үшеуі шығып кетеді)
Жүргізуші:
Қане, балалар, жақсы әнімізбен достарымызды шығарып салайық.
«Әрқашан күн сөнбесін» әні
"Қош бол, балабақша!"
ертеңгілік
Зал мерекеге сай безендірілген.
Мерекені «Есіл ағады» өлеңімен ересек тобы жұп биімен ашады.
1-ші жүргізуші:
- Қадірлі ата-аналар, қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп
тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы
отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
2-ші жүргізуші:
Өсті ақыл ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
Құрметті ата-аналар! Осы бүгінгі мерекемізді қазақ халқының «Мектеп −
кеме, білім − теңіз» мақалымен байланыстырып өткізгелі отырмыз.
Біздің теңізшілерімізді, жас түлектерді
және теңізшілеріміздің арасында екі сұлу қыздарымызды қарсы алыңыздар.
Балалар «Морячка» биін билейді.
1-жүргізуші: - Құттықтау сөз Білім бөлімінің бастығы Қадырова Гүлнәр
Ерғалиқызына беріледі.
2-жүргізуші: - Ендігі сөз кезегін біздің теңізшілерімізге береміз.
Тақпақтар.
Данияр А: Қуантамыз, сыйлаймыз
23
Бақшамызды қимаймыз.
Биіл күзде мектепке
Біріншіге барамыз.
Темірлан Ж: Халқым бізге сенеді,
Ұрпақ оған қуаныш.
Ұстаз жақсы көреді,
Балаларды тіл алғыш.
Алихан Ж: Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Нұржаусын А: Балалабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.
Ерназар М: Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Бексұлтан А: Болсын кіші бойымыз,
Биікке ұшып ойымыз.
Өсіп оймен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Абылайхан З: Баулап баптап өсірдіңіз
Балалық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз сөзіңізді,
Ұмытпаймыз өзіңізді.
Эльдана Ж: Бұл алғашқы қадамым,
Таудай менің талабым.
Білім нәрін алуға,
Мен мектепке барамын.
Дильнас А: Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.
1-жүргізуші: - Балалар, сендер балабақшаға келгенде кішкентай болдыңдар, ал
енді мектепке барасыңдар. Сондықтан, сәби кезімізді еске алып, кіші тобын
қарсы алайық.
«Зеңгір төккен» ән.
2-жүргізуші: Мың бұрылып билеген,
Қыздарды кім сүймеген.
Күміс көмей қыздарға,
Кімдер басын имеген – демекші Дильнасты «Қамажай»
биімен қарсы алайық.
24
«Қамажай» биі.
1-жүргізуші: - Балалар, балабақшаға келгенде сендерді кім қарсы алады?
Дұрыс, тәрбиеші. Ендеше балалардың орындауында «Тәрбиеші» әні.
«Тәрбиеші» әні.
1-жүргізуші: - Дильнас өз биімен бізді қуантса, алдарыңызға Эльдана
тәрбиешісі Әсел апайымен «Өзбек» биін ұсынады. Қарсы алыңыздар.
«Өзбек» биі.
2-жүргізуші: - Алдарыңызда ересек тобы «Алақай» биімен.
«Алақай» биі.
Осы кезде Леопольд болып киінген бала, велосипед теуіп залға кіреді. Қолында
қармағы бар.
Леопольд: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Анау екі бұзық тышқандарды
көрдіңдер ме? Ендеше тиіш жер тапқан екенмін. Мынау өзенде балық аулауға
бола ма?
1-жүргізуші: - Болады, бірақ бұл жай өзен емес, бұл сиқырлы өзен. Сиқырлығы
неде екенін балық аулағаннан кейін білеміз.
(Даярлық тобының балалары балық аулап, ішіндегі тапсырмаларды
орындайды).
1-тапсырма: Апта күндерін атап беру.
2-тапсырма: Геометриялық пішіндерді еске алу және қоршаған ортада қандай
заттар пішіндерге ұқсас.
3-тапсырма: Қандай қарама-қарсы мәндес сөздерді білесіңдер?
4-тапсырма: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін еске аламыз.
5-тапсырма: Сөйлем құрастыру (хабарлы, лепті, сұраулы).
6-тапсырма: Сөздерді буынға бөлу (оқушы, мұғалім, балапан, кітап).
7-тапсырма: Мына сөздерге сөйлемдер құрастыру (гүл, бала, оқушы, мектеп).
8-тапсырма: Есептер шығару.
9-тапсырма: Оқу құралдарын айтамыз.
Леопольд балаларға өз ризашылығын білдіріп, кетеді.
2-жүргізуші: - Қыз әкеге жақын дейді өмірде, деген сөзді тек айтпаған екен.
Алдарыңызда Айғаным, Меруерт тәрбиеші Шәмшия апайымен «Әкетай»
әнімен қарсы алыңыздар.
«Әкетай» әні.
1-жүргізуші: - Алдарыңызда Фархат «Брэйк» биімен.
Қошеметпен қарсы алайық.
«Брэйк» биі.
2-жүргізуші: Мың бұрылып билеген,
Қыздарды кім сүймеген.
Тойымызға сән беріп,
Билейді Аделя шығыс биін.
«Шығыс» биі.
1-жүргізуші: - Балалар, көктем мезгілі келгенін қайдан білесіңдер? Табиғатта,
қоршаған ортада қандай өзгерістер болады? (Жылғалардан су ағады, құстар
ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады).
25
«Көктем келді» әні.
2-жүргізуші: - Ең кішкентай қызымыз Рабиғаның орындауында «Бала тілегі»
әнін қабыл алыңыздар.
«Бала тілегі» әні.
1-жүргізуші: - Көктемнің белгісі қай құс? Дұрыс, қарлығаштар.
Ендеше, қыздардың орындауында «Қарлығаштар» биін қарсы алыңыздар.
«Қарлығаштар» биі.
2-жүргізуші: - Даярлық тобының орындауында «Мектебімде үйретеді» әні.
«Мектебімде үйретеді» әні.
Ерназар: Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығармыз.
Таза сәби жүректен,
Қызметкерлерге мың алғыс!
1-жүргізуші: - Сөз кезегін Мектеп-бақша директоры Жувасова Ботагөз
Зарлыққызына беріледі.
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес үндерің.
Белсенді қатысқан ата-аналарға алғыс хат ұсынды және балаларға «Балабақша
өмірі» деген альбомдар ұсынды.
2-жүргізуші: Сүйкімді балғын болашақ
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, осымен мектеп алды даярлық
тобының «Қош бол, балабақша!» атты ертеңгілігін аяқтаймыз.
( Сандықтау ауданы Білім бөлімінің «Мектеп-бақша» мемлекеттік мекемесі.
Авторлар: Жанұзақова Ә.Б, Есенбаева Ш.Т)
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік
Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.
Балалар:
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
26
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Тәрбиешіге 6әpi қосылып:
Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!
«Жаңа жыл» әні орындалады.
Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады.)
Шыршаның артынан қоян ceкірiп шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз Атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ceкipiп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |