Шахмардан: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Құралай: Ендеше, «Қоштасу кешімізді!» вальспен бастауға рұқсат етіңіздер.
Би: «Вальс»
Тәрбиеші: Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі оқушы болатынына сеніміз мол. Кәнекей, кішкентай түлектерімізге тағы да бір қошеметпен қол соғып қояйық.
Бүгінгі кешіміздің түлектерін таныстырып өтсек.
1.Биязы мінезімен
Түрлі рөлді сомдайды.
Күлімдеген Жасминді Барлық досы қолдайды.
2. Сабырлы, жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді.
Бәрі де бәрі сыйлайды
Топтас құрбы Айбибіні.
3. Ортамыздың ажары,
Кәусардай ерке қыз.
Әр қылығын көтеріп,
Еркелете береміз.
4. Ойы ұшқыр Нұрәділ,
Математиканы сүйеді.
Қиын есеп болса да,
Лезде шешіп береді.
5. Айтыскер болу арманы
Өзі сондай салмақты.
Нұрландырған ортаны,
Біздің Нұрдаулет жан-жақты.
6. Мына біздің Аниса Ибалы да өнерлі.
Ақылы оның өте көп,
Сүйкімді боп жүреді.
7. Арсен деген бала бар,
Бойында түрлі сала бар.
Көпшілікті қуантып,
Үлкен үмітпен қаратар.
8. Қане, Ханшайым тобымның,
Гүлі болып шыға ғой.
Сені көрген адамның
Қуанбауы күнә ғой.
9. Ахмедиярдеген ұл да бар,
Қыздар оны мақтаған.
Жарыс десе жайнайтын,
Топ намысын қорғайтын.
«Қызғалдақ» тобының бітіруші түлектеріне тағы да бір қошемет көрсетіп қояйық.
Тәрбиеші:
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады
Ән «Рахмет деп біз айтамыз! »
Көрініс «Портфель»
Портфельдің суреті салынған үйшік
Жүргізуші: Биік те емес, аласа
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа
Сонда бұны кім алған,
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік
Тук, тук, тук
Кіруге бола ма?
Әлде біреу тұра ма
Әрине ешкім тұрмайды
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді
Мүмкін пенал кіреді.
Пенал: Нұрдаулет Пай, пай, пай
Түсім бе, әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын
Тук. Тук, тук
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрарын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын
(Ішіне кіріп кетеді)
Жүргізуші: Енді әліппе келеді
Портфельді олда көреді.
Әліппе: Ахмедияр. Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін
Жүргізуші: Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарайды олда телміреһ
Дәптер: Жасмин. Жазу жазар болса кім
Онда менде керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық демекпін
Жүргізуші: Пайда болды «4»-ік те
Көп ұзамай «5»- тік те
Айтып жатты жарасып
Өз ойларын естірте.
«5»- тік: Кәусар. Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
«4»- тік: Рабиға. Жақсы оқитын балалар
«4»-пен «5»- ті алады
Ұқыпты, өзі ынталы
Тәрбиелі болады.
Жүргізуші: Түрлендірген бір - бірін
Достарды күтіп алыңдар
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі – түсті қаламдар.
Қызыл қалам: Айбибі. Әрине, әрине
Керексіңдер бәріңде
Көңіл сиса сиямыз
Тар болса да ұямыз
Көк қалам: АнисаТәртібінен сабақтан
«4», «5» алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар танысын
Жүргізуші: Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2»- лік пен «1» де жетті
«2»- лік: Ханшайым Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын үшіне
«1»-лік: Нұрәділ. Жалқауларды жалдап алам
Аңқауларды алдап алам
Көшпей қалса сыныпта
Досым үшін менде қалам
Жүргізуші: Сұрланып босағадан
Пенал шықты
Ұрысып «1» мен «2»- ні
Жерге тықты
Пенал: Құралай Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз- ақ күн көретін
Жүргізуші: Ұл, қыздары көңілді,
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін шаттана.
«Әліппе » биі.
Жүргізуші: Әндетейік жырлайық. «Саубол балабақшам!», әнін шырқайық!
Жүргізуші:Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар.