79
C
C
М. Жұмабаев
C
C
дүние затына жұмсалған іскерлік сыртқы іскерлік деп ата-
лады. Өзіміздің бір көрінісімізге жұмсалған іскерлік ішкі
іскерлік деп аталады.
Баланың іскерлігі. Баланың іскерлігі жеткен адам
іскер лігінен көп төмен, көп нашар. 1. Баланың іскерлігі
ерікті емес, еріксіз яғни бала өзі тілеп іскерлігін бір нәрсеге
байлай алмайды. Бір нәрсе еріксіз тартса, сонда ғана бала
іскер бола алады. 2. Баланың іскерлігі ішкі емес, сыртқы.
Яғни сыртқы заттарға ғана іскер бола алады. Өз жанында
болып жатқан көріністерге іскер бола алмайды. 3. Баланың
іскерлігі табансыз. Бала бір нәрсеге табанды іскер болам
десе де, бола алмайды. Бір нәрседен екіншіге әп-сәтте ауып
жүре береді. «Жас бала жеңсікқой, әуесқой» деп қазақ
дұрыс айтады. Балада табанды іскерлік 11–12 жастарда
ғана бола бастайды.
Іскерліктің қымбаттылығы һәм оны
тәрбие қылу жолдары
Іскерлік – жан тұрмысының негізі. Бала іскер болмаса,
ешнәрсе ұқпайды һәм ешнәрсе үйрене алмайды. Іскерлік
осындай қымбат болса, сөз жоқ, оны тәрбие қылу керек.
Тәрбие қылудың жолдары мыналар:
1. Әсер күшті болса, бала еріксіз іскер болады. Мысалы,
мұғалім қатты сөйлесін, тақтайға жазғанда айқын қылып
жазсын, балаға көрсететін суреттің бояуы ашық болсын...
Балаға кеспелі әліп-бидің берілетін себебі осы. Және де
есте болу керек, әсер неғұрлым күшті болса, іскерлік те
сонша күшті болады дедік қой. Ал енді сол әсердің өзінің
күшті болуына бірнеше шарт бар. Бірінші, әсерді қабыл
алуға сыртқы сезімдер неғұрлым көп қатынасса, әсер сонша
күшті болмақ. Сондықтан балаға бір нәрсені білдірмекші
болғанда, сол нәрседен әсер алуға баланың көп сыртқы
80
C
C
Шығармалары
C
C
сезімдерін қатынастыруға тырысу керек. Мысалы, баланы
бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп
қана қойма, алып келіп балаға көрсет, көрсетіп қана қойма,
сол заттың суретін салдыр, суретпен ғана қанағаттанба,
балаға балшықтан сол затты жасат. Әсердің күшті болып,
іскерлікті көп тартуының бір шарты осы. Екінші, әсерді
қабыл алу денеге қолайсыз болмасын. Денеге қолайсыз
болса, әсердің қүші бітеді. Әсердің күші бітсе, іскерлік
бітеді. Мысалы, бір нәрсеге қанша іскер болып отырсаң
да, отыруың қолайсыз болса, іскерлік бітіп қалады. Баланы
партаға жатқызбау, таяндырмаудың керектігі осыдан.
2. Әсер жеке болсын. Егер біздің көз алдымызда бір
ғана зат тұрса, біз сол затқа іскерлікті көп жұмсап, тексеріп
қараймыз. Егер бірнеше зат тұрса, іскерлігіміз бытырап,
жақсы қарай алмаймыз. Бір әсермен әсерленіп, соған
іскерлігін жұмсап отырып, екінші әсердің өзін тыйып қалу
балада тіпті болмайтын жұмыс. Бала бір әсерден бір әсерге
тез көше береді. Сондықтан балаға сабақ берген уақытта
бала ның алдында оның іскерлігін бөлгендей беріліп
отырған сабаққа жанасы, қатынасы жоқ ешнәрсе тұрмасқа
тиіс. Балада жақсы оқысам, молдадан мақтау, сый аламын,
жаман болсам, молдадан таяқ жеймін, ұрыс естимін деген
ой да болмасын. Мұндай болса, баланың іскерлігі соған
жұмсалып, мұғалімнің беріп отырған сабағын білейін деген
шын ынтамен тыңдамайды.
3. Әсер жаңа болсын. Әсер неғұрлым жаңа болса, іс-
керлікті сонша көп тартады. Бір нәрсе қанша жат, қызықты
болғанмен, ылғи көз алдымызда тұрса, біраздан соң ол біз-
дің іскерлігімізді оятпайтын болады, біз оны байқамайтын
боламыз. Сондықтан бала іскер болсын десең, балаға әсерді
жаңалап беріп отыру керек. Мысалы, бір сабақтың артынан
екінші түрлі сабақ. Қазақтың ендігі жас балалары баяғы күн
батқанша балдырған жас балаларды қалғытып, мүлгітіп
81
C
C
М. Жұмабаев
C
C
«әліпсін-ә, әлбәсін-әй, әліптүр-әу» дегізіп шұлғытып қоя-
тын надан молдалар заманында тумағанына қанша шүкірлік
қылса да аз-ау. Түрлі сабақты ауыстырып отыру ғана емес,
бір сабақтың өзін де түрлендіріп, жаңалап беруге болады.
Мысалы, бір харіппен таныстырғанда, мұғалім әуелі харіпті
көрсетіп, онан соң кеспе харіптің ішінен тапқызады. Онан
соң жазғызады. Қысқасы, баланың іскерлігі сөніп қалмас
үшін әсерді жаңалап отыру керек. Бірақ түрлендіргеннің
жөні осы екен деп, үсті-үстіне бастырмалай беру жарамай-
ды. Онда бала біреуіне іскерлігін тоқтата алмай қалады. Мі-
не, баланы түрлі ойыншыққа көміп тастаудың дұрыс емес
екендігі осыдан. Жаңа бастаған жас балаға 5–10 минуттан
артық сабақ беру дұрыс емес.
4. Жаңа алынатын білім мен ескі білімнің қатынасы
болсын. Біз өзіміздің туғандарымыз яки таныстарымыз ту-
ралы сөз естісек, іскерлікті жұмсап, құлақты түріп тыңдай
қаламыз. Егер жат кісілер туралы сөз болса, тыңдамаймыз.
Міне, балаға білім бергенде осы жолды ұстау керек. Яғни
балаға білім бергенде жақыннан алысқа, таныстан жатқа
көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек. Мыса-
лы, балаға дыбыстарды айыртқанда, балаға таныс сөздерді
алып, дыбыстарға айырту керек. Жағрафия оқытқанда
тұрған ауылдан бастау керек.
5. Болашақ әсерге даярлану болсын. Яғни бір нәрсені
күтіп барып жолықтырсаң, сол нәрсеге іскерлік күшті
болады. Сондықтан мұғалім балаларға жаңа бір нәрсені
білдірмек болғанда балаларды күткізіп, даярландырып
қойсын. Мысалы, сұрауды жалпы класқа берсін. Сонда бар
класс құлағын түріп тұрады.
Іскер болмау себептері. Жоғарғы айтылған шарттар
табылмаса, адам іскер болмайды. Олардан басқа іскер
болмаудың тағы мынадай себептері бар:
82
C
C
Шығармалары
C
C
1) Дененің һәм жанның шаршауы. Жұмыс қылып дене
шаршаса, яки бір іс істеп жан шаршаса, адамда іскерлік
болмайды. Класта отырғанда баланың тез шаршауы оның
ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе тік отыруынан һәм
ауаның бұзылуынан. Сондықтан сабақ уақытында балалар
іскер болмай бастаса, мұғалім дереу балаларды босатып,
жүгіртіп, ойнатып, кластың ауасын жаңарту керек. Бір
сабақтың ішінде де балаларды тұрғызып, отырғызып гим-
настика жасатып, ән салдырып алуға болады. Мұндайда
бала сергіп қалады. Ән мен гимнастиканы бір келтіруге де
болады. Бір сағаттық сабақтың орта кезінде солай істелсе,
балалар тіпті көтеріліп қалады.
Мысалы, балалар қосылып айтады
1
.
Баяғыда болыпты тоғыз тоңқылдақ,
Тоғызы, тоғызы, тоғыз тоңқылдақ.
Олар ішпейді, жемейді,
Қарнымыз ашты демейді.
Бір уақыт істеді былай
(дегенде екі қолды жоғары көтереді);
Құрсақтары тоғыздың тоғыз қорқылдап,
Тоғызы, тоғызы, тоғыз қорқылдап,
Сонда да олар жемеді,
Жыртаң-жыртаң күледі.
Сөйтіп істеді былай
(дегеңде қолдарын қанаттай жаяды);
Жата берді тоғызы тоғыз қоңқылдап,
Тоғызы, тоғызы, тоғыз қоңқылдап,
Олар ішпеді, жемеді,
Бәрі де аштан өледі.
Өлгенде істеді былай
(дегенде екі қолды төмен жібереді).
1
«У дедушки Якова семеро детей» әнімен – М.Ж.
83
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Мұғалімдер қолайлы тапса, осы өлеңді айтқызып, гим-
нас тика жасатар. Әрине, бұл өрнек үшін ғана.
2) Жанның толқынданып тұруы, яғни бір іспен, яки уақи-
ғамен жан толқынданып тұрса, жанда іскерлік болмайды.
Толқын басылып, жан тыныштануы керек. Мысалы, ойнап,
жүгіріп, ән салып тоқтасымен бала іскер бола қоймайды.
Мұғалім осыны ескеру керек.
3) Іскер болмаудың үшінші себебі – бейғамдық (рас-
сеянность). Бейғамдық тума да болады, жүре де болады.
Бей ғамдық екі түрлі – тіпті ешбір нәрсеге іскерлікті тоқтата
ал май тын адамның бейғамдығы һәм бір нәрселерге іскер
болып, басқа нәрселерге іскер болмайтын адамның бейғам-
дығы. Бұл екі бейғамдықтың бастапқысын бір ауру деп
атауға болады. Бұл – терең, ұзақ тәрбие тілейді. Ал енді
екіншісін зиянды бейғамдық деуге болмайды. Қайта мұндай
бейғамдық данышпан адамдарда көп ұшырайды..
Жоғарыда саналған іскерлік түрлерінің ішінде адамға ең
қымбаты адамның терең, толық білімді болуына себепші
болатыны, сөз жоқ, ерікті іскерлік. Сондықтан тәрбиеші
күшін баланың ерікті іскерлігінің өркендеуіне жұмсау ке-
рек. Ерікті іскерлікті өркендету әсіресе, жоғарыда айтылған
іскерлік шарттарын орындаумен танылады.
Суреттеу
Суреттеу ұғымы. Бір заттан яки көріністен болған
әсер лену, зат яки көрініс жоғалса, ол да, яғни әсерлену де
тоқтайды. Бірақ әсерлену өзі тоқтағанмен, жоғалғанмен,
оның жанда ізі қалады. Яғни жанды заттың яки көріністің
суреті қалады. Мысалы, біз жаздыгүні көрген кемпірқо сақ-
ты қыстыгүні суреттей аламыз.
Міне, осы заттың өзі бізге әсер беруден тоқтаған күңде
де, біздің ой мен жанымызда сол затты тірілте алуымыз,
84
C
C
Шығармалары
C
C
сол заттың суретін көз алдымызға алып келуіміз суреттеу
деп аталады.
Суреттеу мен әсерлену арасындағы айырма. Суреттеу
мен әсерлену арасындағы айырмалар: 1) әсерленудің бо-
луына жан да, дене де қатысады. Ал енді суреттеу – жалғыз
жанның ғана ісі; 2) әсерлену әсер беріп тұрған зат болса
болады. Зат жоғалса, тоқтайды. Ал енді суреттеу қайта
зат жоғалса – болады; 3) суреттеудің күші әсерленудің
күшінен кем болады. Мысалы, күн күркіреуді есту бар. Күн
күркіреуді еске түсіріп, оймен суреттеу бар. Күн күркірін
ойлап, суреттеп отырғанда біз естіп отырғандағыдай
қорықпаймыз. Ал енді егер суреттеудің күші әсерленудің
күшіне жетсе, ол уақытта суреттеу ауруға айналады. Ау-
рулы суреттеу галлюцинация деп аталады.
Галлюцинация – бізге ешбір әсер бермеген бір затты
яки көріністі суреттеу деген сөз. Бұл адамның миы, жалпы
сау болмағандықтан болады. Мысалы, өлген адамды көру,
жын, пері көру, әлдеқайдағы бір затты көру, жоқ дауысты
есту сықылды. Қазақтың бақсы-балгері осы галлюцинация
ауруына ұшырағандар ғой.
Суреттеулердің бөлінуі. Суреттеулер ауданына қарап
екіге бөлінеді: жалқы суреттеу һәм жалпы суреттеу. Егер
біз жалқы бір затты суреттесек, жалқы суреттеу деп атала-
ды. Мысалы, Сәрсенбай деген бір жалқы адамды суреттеу
бо лады. Ал енді біз бір-біріне ұқсас, тұқымдас көп затты
суреттесек, жалпы болады. Мысалы, жалпы сиырды сурет-
теу жалпы суреттеу болып шығады.
Суреттеулер ішіне қарап тағы екіге бөлінеді: жабайы
һәм күрделі суреттеулер. Заттың өзін емес, сынын ғана су-
реттеу жабайы суреттеу деп аталады. Мысалы, қаралықты
яки қызылдықты суреттеу сықылды. Ал енді затты барлық
сындарымен суреттеу күрделі суреттеу деп аталады. Мыса-
лы, қара сиыр, жирен атты суреттеулер сықылды.
85
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Баланың суреттеулері. Бір затты дұрыс суреттей алу
үшін сол заттан адам жанында көп әсерлену болу шарт.
Егер бір заттан бірлі-жарым ғана әсерлену болса, ол
уақытта заттың барлық сыны жанда қалмайды. Баланың
әсерленулері әлсіз. Бұл – бір. Сыртқы заттармен бала жаңа
танысып келеді, яғни балада әсерлену әлі көп болған жоқ.
Бұл – екі. Міне, осы себептерден бастапқы кезде баланың
суреттеулері дұрыс болмайды. Жас балада бір заттан
әсерлену болғанда, заттан түгел әсерлену емес, сол заттың
бір балаға жат көрінген сынынан ғана болады. Мысалы,
бала қанттан әсерлену алғанда қантты қатты ақ зат деп
емес, тура тәтті бір зат деп қана біледі. Сондықтан ол екеуі
де тәтті болғандықтан, қант пен кәмпитті айыра алмайды.
Балада дұрыс суреттеу болу үшін оның жанында көп
һәм ашық әсерленулер болуы шарт. Сондықтан тәрбиеші
баланы көп заттан әсерлендіруге, әсерлендірген соң, дұрыс
һәм ашық әсерлендіруге ыждиһат қылу керек.
Суреттеу ассоциациясы
Біздің жанымызда сансыз көп суреттеулер бар. Осы
суреттеулер қанша көп болғанымен, біз оларды бір-
біріне араластырып, жанастырып алмаймыз. Мұның
себебі біз суреттеулерді байлам-байлам қылып байлай-
мыз да, жанымыздың әр түкпіріне тастаймыз. Бізге бір
байламның ішіндегі бір суреттеу керек болса, біз сол
суреттеулерді алып келеміз. Бұл суреттеу анау өзімен бірге
байлаулы тұрған суреттеулерді бірге ала келеді. Міне, осы
суреттеулерді бір-біріне байлау суреттеулер ассоциациясы
деп аталады. Бірақ суреттеулерді беталдына бір-бірімен
байлай беруге болмайды. Байлаудың яғни ассоциацияның
белгілі жолдары бар. Олар: 1) жақындық ассоциациясы; 2)
тұқымдастық ассоциациясы.
86
C
C
Шығармалары
C
C
Жақындық ассоциациясы
Бір уақытта яки бірінің артынан бірі болған әсерлену лер-
ді біз бір байлам қылып тастаймыз. Яғни сол бір уақытта
яки бірінің артынан бірі болған әсерленулердің біреуін
суреттегенде, сонымен бірге байланған әсерленулер өздері
келіп суреттеледі. Жақындық ассоциациясы дегеніміз осы.
Жақындық ассоциациясы екі түрлі болады: 1) орында бірлік
ассоциациясы һәм 2) уақытта бірлік ассоциациясы.
Орында бірлік ассоциациясы. Біз бір затты суреттесек,
сол заттың жаныңда тұрған басқа заттарды да суреттемей
қоймаймыз. Мысалы, біз киіз үйдің оң жақ босағасында
тұрған кебежені суреттесек, соның жаныңда тұрған
қазан, ошақ, шелек, астау өздері ана кебежеге еріп келіп
суреттеледі.
Балада осы орында бірлік ассоциациясы күшті бола-
ды. Мұның себебі бала басқа сыртқы сезім құралдарына
қарағанда көзді көп жұмсайды. Балаға не нәрсе үйретсең де,
көрсетіп (наглядно) үйрету керек екендігі осыдан. Балаға
берілетін кітаптың ірі харіппен басылуы және осыдан.
Орында бірлік ассоциациясы балаға, әсіресе жағрафия
оқығанда көп көмек көрсетеді. Картадан бала бір жерді
атаса, соның жанындағы екінші жер көз алдына елестей
қалады.
Уақытта бірлік ассоциациясы. Бір уақытта яки бірінің
артынан іле-шала суреттеулердің бірі келсе, басқалары
да соған еріп келеді. Мысалы, біз ұстау үшін бір атқа
құрық салғанымызды суреттесек, аттың үркіп кеткендігі,
біраз барып тоқтағаны, біздің жүгендегеніміз өздері келіп
суреттеледі. Уақытта бірлік ассоциациясы балаға әсіресе та-
рих оқығанда көп көмек көрсетеді. Бір нәрселерді, мысалы,
өлең жаттағанда да біз осы уақытта бірлік ассоциациясымен
пайдаланамыз. Яғни белгілі бір сөздерді бірінің артынан
87
C
C
М. Жұмабаев
C
C
бірін айтуға біздің кеңірдегіміз машинаша үйреніп қалған
болады. Егер жаттаған өлеңді суылдатып айтып отырғанда
тоқтай қалсақ, біз қазір жаңылып қаламыз.
Осы уақытта бірлік ассоциациясына ұқсас, себеп ассо-
циациясы бар, яғни екі көрініс іле-шала бірінің артынан
бірі келеді. Соңғы көріністің болуына әуелгі көрініс себеп
болады. Сіреңке сызсаң, жарық болады. Бірақ барлық
бірінің артынан іле-шала бірі болатын екі көріністің әуелгісі
соңғының болуына себеп деуге болмайды. Бұлай болу
әншейін тура келіп қалудан, қазақ айтқандай, мергеннің
басуына құланның қасынуы тура келгеннен яки басқа бір
себептен болуға мүмкін. Мысалы, қонақ келген күні қой
егіз тапса, қонақтың құттылығынан емес. Қой егіз қозыны
қонақ келген соң көтерген жоқ қой одан пәленше ай бұрын
көтерген. Қойдың егіз табуы қонақтың келуіне тура келіп
қалды.
Бірінің артынан бірі болатын екі көріністің біреуі
біреуіне ылғи себеп болып отырады деп ұғу адамды зор
қатаға түсіреді.
Қазақтың неше түрлі ырымдары осы қате ұғынудан
туған. Тәрбиеші баланы осы қатеден, яғни ырымшыл бо-
лудан сақтау керек.
Тұқымдастық ассоциациясы
Біз бір нәрсені суреттесек, соған тұқымдас, ұқсас екінші
нәрсе бір орында, бір уақытта болмаса да, ана нәрсеге өзі
еріп суреттеледі. Тұқымдастық ассоциациясы дегеніміз
осы. Тұқымдастық ассоциациясы екі түрлі: 1) ұқсастық
ассоциациясы һәм 2) қарсылық (контраст) ассоциациясы.
Ұқсастық ассоциациясы. Біз бір нәрсені суреттесек,
соған ұқсас екінші бір нәрсені де суреттейміз. Мысалы, біз
бір адамды суреттесек, сол адамымыз пішіні, сөзі, жүріс-
88
C
C
Шығармалары
C
C
тұрысымен біздің бір досымызға ұқсайтын болса, сонда біз
мынау досымызды да суреттейміз.
Осы ұқсастық ассоциациясы бойынша оқуды тез һәм
жақсы меңгеріп алу үшін оқу материалын концентр қылып
құрудың керектігі келіп шығады. Концентр – бір пәнді
басқыштап, кеңейтіп оқыту деген сөз.
Қарсылық ассоциациясы. Бір нәрсені суреттегенде соған
тіпті ұқсамайтын қарама-қарсы нәрсені суреттеуге болады.
Қысты суреттегенде – жазды суреттеу, қараны суреттеген-
де – ақты суреттеу, байды суреттегенде кедейді суреттеу
сықылды. Бұл қарсылық ассоциациясы тұқымдастық ассо-
циациясына жатады. Себебі біз тұқымы жат екі нәрсені бір-
біріне байлай алмаймыз. Суреттегенде, соған қарсы болып,
тіпті тұқымы жат екінші нәрсе суреттелмейді. Мысалы,
қысты суреттегенде, оған қарсы сиырды суреттемейсің,
бәлки жазды суреттейсің. Себебі қыс пен сиырдың тіпті
тұқымы басқа.
Балаларды оқытқанда қарсылық ассоциациясының
көп пайдасы тиеді. Бір нәрсені балаға ашық ұқтырмақшы
болсаң, сол нәрсенің қарама-қарсысын алып кел. Мысалы,
балаға жер ортасының ыстығын түсіндірмекші болсаң,
солтүстіктің суығымен салыстыр.
Ес (зейін)
Ес һәм еске түсіру. Суреттеулерді жанның жоғалтпай
сақтай білуі ес деп аталады. Ал енді сақталып тұрған
суреттеулерді бұрынғы түрі, бұрынғы ретімен жанның
тірілтіп алып келе білуі еске түсіру деп аталады.
Әр адамның есі әр түрлі. Кейбіреулер тез алып, яғни
тез жаттап алып, тез ұмытады. Кейбіреулер шабан алады,
бірақ тез ұмытпайды. Кейбіреулер тез алады, сонда да
ұмытпайды. Адамның білімді болуына, әрине, естің осы
төртінші түрі, онан соң үшінші түрі пайдалы.
89
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Адамның есі тағы төмендегі түрлерге бөлінеді:
1) Көру есі. Көру есі күшті адам нәрсенің сыртқы түрін
есінде ұстап қалады. Мысалы, таныс адамдарының пішіні
есінде болады, аты, фамилиясы есінде болмайды. Яки бір
шәкірт бір пәннің бір жерінен жауап беріп тұрғанда сол пән
кітабының айтып тұрған сөздер жазылған бетін көргендей
болады.
2) Есту есі. Есту есі күшті адам заттың дыбысын есінде
ұстампаз болады. Мысалы, кейбір адам таныс адамдарының
аты, фамилиясы, пішінін де ұмытып қалып, жалғыз даусын
ғана есінде ұстайтын болады. Яки кейбір шәкірт сабақты
өзі оқығаннан да мұғалімнің сөйлегенін тыңдағанда тез
жаттап алатын болады.
3) Қозғалу есі яки мотор есі. Қозғалу есі күшті адам
заттың қозғалуын есінде ұстайтын болады. Мысалы, кейбір
адам таныстарының жүріс-тұрысын ұмытпайтын болады.
Адамда осы ес түрлерінің біреуінің күшті болуы көбінесе
тұқым қуалайды. Мысалы, әнші, домбырашы, өлеңшінің
баласында есту есі күшті болады. Және бір адам көңіл
қойған нәрселеріне есті болып, көңіл қоймағандарына ессіз
болуға мүмкін. Мысалы, өлеңші өлеңді тез жаттампаз бо-
лады. Атақты жаратылыс ғалымы Линей өсімдік аттарын
жаттауға шебер болған да, шет тілдерді үйренуге тым-ақ
топас болыпты.
Адам өмірі үшін естің керектігі. Ес өмір үшін аса
керек. Ес болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұрса,
өмірінде адамның білімі артпас еді. Адам адам да болмас
еді. Ес болса ғана адам білімді бола алады. Ес болса ғана
адам дұрыс ойлай алады. Ес неғұрлым мол, бай болса, ой да
терең болады. Терең ойлы адамдардың аса есті болғандығы
бізге тарихтан белгілі. Балада ес болмаса, оған ешбір нәрсе
үйретуге мүмкін емес. Сондықтан тәрбиеші баланың есті
болуына аса көп күш жұмсау керек.
90
C
C
Шығармалары
C
C
Баланың есі. Жеткен адамның есіне қарағанда баланың
есі тым әлсіз. Бала тез ұмытады. 2–3 жасар бала аз уақыт
ата-анасынан айырылып тұрса, оларды танымай қалады.
9–12 жасар бала шетелде ана тілін біржола ұмытып қалады.
Бала ұмытып қалып, бір нәрсенің атын қайта-қайта сұрай
береді, бір көрген нәрсесін қайта-қайта қарай береді. Ес
түрлерінен балада есту есінен көру һәм қозғалу есі күшті.
Есті өркендету жолдары. Естің өркендеуі үшін тө-
мендегі шарттардың орындалуы керек.
1) Әсердің күштілігі. Әсер күшті болса, есте ұзақ ұста-
лады. Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды
күшті көріністер тез ұмытылмайды. Қатты дауыс пен ашық
ұқтырылған сабақ баланың есінен шықпайды. Бір сабақтан
бала күшті әсер алу үшін баланың сол сабаққа құмар болуы
шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмар болу
керек. Мұғалім сабақ бергенде өзі есіней түсіп, ыңылдап
тұрса, шәкіртте құмарлық бола ма?
2) Сыртқы сезімдердің көбінің қатынасуы. Бір затпен
танысқанда сыртқы сезімдердің көбі қатынасса, ол зат
ұмытылмайды. Міне, балаға бір нәрсені білдіру керек бол-
ғаңда, осы жолды ұстау керек. Яғни, мүмкін болғанынша,
баланың сыртқы сезімдерінің көбін қатынастыру керек.
Мысалы, бір заттың түрін де көрсет, дыбысын да естірт,
ұстатып та көр, иіскет, дәмін татқыз, сипат, суретін салғыз.
Баланың жаратылысының өзі осыны тілейді. Бала өзінің
көрген нәрсесін ұстағысы келеді, естіген нәрсесін көргісі
келеді. Ұстаған нәрсенің дәмін татқысы келеді. Міне, осы
жолды ұстағанда баланың білімі берік болмақ. Мысалы,
дұрыс жазу үшін құр ережелерді білу жетпейді. Қолдың,
көздің, құлақтың әдеттенуі шарт.
3) Жаңа білімді бұрынғы біліммен байлау. Бір нәрсенің
еске тез алынуы һәм естен тез шықпауы үшін ол нәрсенің
бұрын есте бар нәрсеге байлануы шарт. Мысалы, саудагер
91
C
C
М. Жұмабаев
C
C
заттардың бағасын есте ұстампаз келеді. Мұғалім осыны
ескерту керек. Яғни бір нәрсені бала есіне тез алсын һәм
есінде ұзақ ұстасын десе, балаға жаңа беретін білімді жат
күйінше бермесін, баланың бұрынғы таныс білімдеріне
байлап берсін.
4) Пысықтау. Бала жаңа білімді неғұрлым көп пысықта-
са, есінде сонша берік болып қалады. Бұрынғы Рим елінен
қалған бір дұрыс мәтел бар «пысықтау – білудің анасы»
деген. Мұғалім балаға оқытқан нәрсесін көп пысықтату
керек. Бірақ, мұғалім, құрғақ жаттауға кірісіп, баланы
бұзып алып жүрме.
Осы жоғарыдағы айтқан шарттар табылмаса, адам ессіз,
ұмытшақ болады. Бірақ психология пәні адамда біржола
ұмыту болмайды дейді. Яғни адам бір білген нәрсесін
біржола ұмытпаса керек. Тек кейбір нәрсені еске түсіру
қиын болады дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |