Бағдарламасы бойынша шығарылды Жұмабаев Мағжан Шығармалары (әдеби басылым). 2-том: Әңгіме


Адамның  жасындағы  өзгеріске  қарап  ес  өзгерісі



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата19.01.2017
өлшемі1,21 Mb.
#2251
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

Адамның  жасындағы  өзгеріске  қарап  ес  өзгерісі. 
Бас тапқы  кезде  нәрсені  еске  шабан  алып,  тез  ұмытады. 
Естің аса күшті болатын кезі – 7 мен 15 жас арасы. Сыртқы 
дүниемен,  адамзат  тұрмысымен  жаңа  таныс  болып  келе 
жатқанда  адам  бір  нәрсені  білуге,  бар  білгенін  есте 
ұстауға ұмтылады. Естің қатынасуын қатты керек қылатын 
ғылымдарды үйренуге нағыз қолайлы шақ – осы 7 мен 15 
арасы. Бұл жеткіншектік шағы деп аталады. Бұл жасында 
бала  өмірлік  білім  даярлайды.  Яғни  бұл  жаста  баланың 
міндеті ой жүргізіп білімді іске асыру емес, білімді молай-
та беру, даярлай беру, бар нәрсені еске ала беру. Ал енді 
жігіттік жасында  адам  жаңадан  жаттай беруге емес,  бар 
білімді  оймен  тереңдетуге  ұмтылады.  Жігіттіктен  соңғы 
кекселік шағында адам ойын белгілі бір бетке салып, өзінің 
ұстаған жолына қатынасы бар нәрселерді ғана еске алатын 
болады. Ал енді шалдық шағында адамның есі бірте-бірте 
сөне  бастайды.  Бір  нәрсені  тез  еске  алмайтын,  алса,  тез 

92
C
C
Шығармалары
C
C
ұмытып қалатын болады. Шалдық шағында адам ның жас 
күніндегі естері көзге елестей береді. Шалдардың жастық 
шағын кеңес қыла беретіңдері сол. «Балаларым, тегі, мен 
қартайсам  керек,  жастықтағы  істерімді  көп  айта  беретін 
болдым-ау!» – депті Абылай хан.
Қиял
Қиял  ұғымы.  Жанның  өзінде  бұрыннан  бар  сурет-
теулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады.
Мысалы, қанатты ат, яғни тұлпар болады деп қиял қылу, 
жеті  басты  адам  яғни  жалмауыз  болады  деп  қиял  қылу 
сықылды. Бірақ адам жанында тіпті болмаған суреттеулер-
ден сурет жасай алмайды. Мысалы, тума соқыр заттардың 
түстері туралы қиял жүргізіп, түстерді ешбір уақыт біле 
алмақ емес.
Еріксіз һәм ерікті қиял. Егер жанымыздағы суреттеу-
лер ді  біз  билемей,  суреттеулер  бізді  билеп  алып  кетсе, 
яғни  жанымыздағы  суреттеулерден  жаңа  бір  суреттеу 
жасаймыз деп өзіміз қайрат жұмсамай, бар суреттеулер-
ден жаңа суреттеулер өздері жасала берсе, міне, жанның 
осы ісі яғни бұрынғы суреттеулерден жаңа суреттеудің өз 
еркімен жасалуы еріксіз қиял, бос қиял яки мечта деп ата-
лады. Ояу отырып берекесіз бос қиялға батып отыру, яки 
ұйқтап жатқанда түс көру сықылды. Ал енді жанымызда бар 
суреттеулерден жаңа суреттеулерді қайрат жұмсап, өзіміз 
тілеп жасау ерікті қиял, берекелі қиял яки фантазия деп 
аталады. Мысал үшін Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз 
Жамалын» алайық. Дәл романда суреттелгендей Жамал де-
ген қыз қазақта болған емес. Бірақ Нұрила, Сағила, Аққыз, 
Ақбала... деген қазақтың қыздары бар. Осы – сүйгенімен 
қосыла алмай, қосылса, бақытты өмір сүре алмай, сар да-
ланы көз жасымен көл қылатын қазақтың сорлы қыздарын 
оймен  бірге  жинасаң,  солардың  бәрінен  сорлы,  бәрінен 

93
C
C
М. Жұмабаев
C
C
бақытсыз  Сәрсенбайдың  Жамалы  келіп  шығады.  Міне, 
Міржақып  жанында  бұрыннан  бар  суреттеулерден  яғни 
Нұрила,  Сағила,  Аққыз,  Ақбала...  суреттеулерінен  жаңа 
суреттеуді, яғни бақытсыз Жамал суретін қайрат жұмсап 
өзі тілеп жасап отыр.
Фантазия төмендегі жолдармен жасалады: 
1)  Заттардың  өздерін  яки  олардың  бір  мүшелерін  зо-
райту  яки  кішірейтумен.  Мысалы,  біз  бойы  бір  тұтам 
ергежейлі деген адам болады екен деп, төбесі көкке тиіп 
жүретін алып болады екен деп қиял қыламыз. 2) Әр заттың 
түрлі мүшелерін алып қосумен. Мысалы, адам басты, ит 
кеуделі, жылан құйрықты бір жануар болады-мыс деп қиял 
қылу сықылды. 3) Реті келгеңде өздері де жиыла алатын 
көріністерді  бір  суретке  жиюмен,  түрлі  адам  мінездерін 
бір адамға жиюмен. Мысалы, Міржақып Нұрила, Сағила, 
Аққыз, Ақбалалардың мінезін һәм олардың тұрмысындағы 
болған  көріністерді,  уақиғаларды  Жамалға  жинап  отыр. 
Міржақып  қолдан  жасамай-ақ,  сондай  мінезді,  сондай 
тұрмысты Жамал деген қыздың шынында болуы да мүмкін.
Адам  өмірі  үшін  фантазияның  керектігі. Фантазия 
өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз 
адам – тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңітеді. Фантазия-
сыз жаңадан бір нәрсені ойлап табуға мүмкін емес, фантазия 
құлықты түзейді. Біз құлықсыз адамның орнына өзімізді 
қойып,  құлықсыздықтан  жиренеміз.  Фантазия  әдемілік 
сезімін тереңдетеді. Біз неше түрлі әдеміліктерден фантазия 
арқылы ғана ләззат ала аламыз.
Фантазиясыз  адам  өмірі  үнсіз,  түссіз  бір  нәрсеге 
айналмақ.  Мылқау  өмірге  үн  беретін,  сақау  өмірге  тіл 
беретін, жоқты бар қылатын, барды гүлді, көрікті қылатын, 
бізді арсыға аяқ басқызып, тәңірімен тілдестіретін – сол 
фантазия.  Осы  фантазияны  қазақтың  ең  терең  сыршыл 
ақыны Шәңгерей Бөкеев мынадай деп суреттейді: 

94
C
C
Шығармалары
C
C
Таудағы тас ұядан, 
Лашындай сарыққан қиядан
Шалқып сөзім шығады
Ойласам пікір-қиялдан. 
Аспалап қиял кетеді, 
Шыққан оқтай жаядан. 
Жасындай барып жалт етіп
Көк капусын ашады, 
Жарығына алданып, 
Дидарға қадам басады...
Баланың қиялын – фантазиясын тәрбие қылу жолда-
ры. Біз жоғарыда қиял деген жандағы бір суреттеулерден 
жаңа суреттеу жасау дедік. Бұдан көрінеді: қиял терең һәм 
бай  болу  үшін  жанды  суреттеулер  көп  болу  керек  екен. 
Адам неғұрлым білімді, тәжірибелі болса, қиялы да сонша 
бай  болсын  десек,  оның  білімді  болуына  ыждиһат  қылу 
керек. Бала тұрмыспен көзбе-көз таныссын. Оның есінде, 
жанында  көп  білім  болсын,  жан-жануардың  тұрмысын 
бақыласын.  Жаратылыстың  тұрмысымен  таныс  болсын. 
Міне, сонда баланың қиялы өткір һәм бай болмақ.
Қиялды өркендетудің екінші жолы – баланы қиялды аса 
керек қылатын ғылымдармен таныс қылу: әдебиет, тарих, 
жағрафия, жаратылыс сықылды.
Сөз арасында арнап қазақ баласының қиялы туралы бір-
екі сөз айтып өтейік. Жаратылыстың құшағында, меруерт 
секілденген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем 
үстінде күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен 
бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран 
далада туып, өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, 
терең болуға тиісті. Бірақ қазақ қиялы тәрбие көрген жоқ, 
әлі тағы, әлі бала. Біз күндер, жылдар өткен соң қазақ қиялы 
тәрбие  алып,  тереңдеп,  адамзат  дүниесін  бастайтын  бір 
жарық жұлдыз болар деп иманымыз кәміл.

95
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Тағы бір сөз. Орыс учительдерінің аузыңда және солар-
дан сабақ алған қазақ оқығандарының аузында бір сөз бар – 
қазақ баласы әдебиет, тарих сықылды ғылымдарға зерек 
болмайды, бәлки математика, есеп пәніне зерек болады де-
ген. Мен бұл пікірді қате ме деп ойлаймын. Менің ойымша, 
қазақ баласы математикаға емес, әдебиет, тарих, жағрафия, 
жаратылыс  сықылды  ғылымдарға  зерек  болуға  тиісті. 
Дәлелім:  қазақ  баласының  жаратылысы  осыны  тілейді. 
Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы 
қазақ баласы да қиялқұмар болуға тиісті. Яғни ол әдебиет, 
тарих  сықылды  қиялды  көп  керек  қылатын  ғылымдарға 
ұмтылуға тиісті. Ал енді орыс школасында оқыған қазақ 
баласының математикашыл болуы: әдебиет, тарих сықылды 
ғылымдарды сөйлеуге, жазуға орыстың тілін білмеген соң 
бейшара қазақ баласы тіл керек қылмайтын математиканы, 
есепті айналдырмағанда қайтсін.
Баланың  фантазиясы  һәм  оның  өркендеуі.  Балада 
қиял  ерте  оянады.  Бірақ  оның  жанында  суреттеулер  аз 
болғандықтан, қиялы да бай емес. Әйткенмен де бала әсер-
ленімпаз болғандықтан, оның аз, тайыз қиялы ашық, жанды 
болады. Бала түсін өңім деп біледі. Балаға дүниедегі бар 
заттың бәрі жанды сықылды көрінеді. Баланың түсінуінше 
дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ. Бәрі мүмкін, бәрі бола-
тындай. Бала ертегінің бәрі шын деп ұғады. Жоғарғы ерні 
қыбырлап, төменгі ерні жыбырлап Қобыландының Тайбу-
рылы сөйлейді десең, көк ешкінің құйыршығы жұлынып 
қалған соң, бір құйыршық бала болыпты десең, қотыр тай 
құрық салғанда құнан болды, жүгендегенде дөнен болды, 
ерттегенде  бесті  ат  болды  десең,  бала  осылардың  бәрін 
шын көреді.
Ертегі. Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы 
кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі – 
тым қымбат нәрсе. Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды. Ер-

96
C
C
Шығармалары
C
C
текке шын көңілімен нанады. Бала құрғақ ақылды ұқпайды. 
Жандандырып,  суреттеп  алып  келсең  ұғады.  Мысалы, 
балаға өтірік айтпа деген құрғақ сөзің желге айтылғанмен 
бірдей. Егер сен балаға өтірікші туралы ертек айтсаң, сол 
ертекте өтірікшінің өтірігінен қор болғанын, зиян көргенін 
суреттеп  алып  келсең,  міне,  бала  өтірік  айтпау  керек 
екендігін сонда ұғады. Қысқасы, балаға ертегі – тым қымбат 
нәрсе. Бірақ ертегінің ертегісі бар. Кейбір ертектер баланы 
бұзудан басқаға жарамайды. Мысалы, дию, пері, жалмауыз 
кемпір, аруақ, көрден кебінін жалмап шығатын обыр, жын-
шайтан секілді ертегілерді балаға айту тіпті дұрыс емес. 
Мұндай ертегілер баланы бұзады, қорқақ, жасық қылады. 
Қазақтың баланы «бөки келеді», «қызыл көз келеді» деп 
қорқытулары да тым-ақ жарамайтын іс.
Бала ойыны. Баланың қиялы әсіресе ойыңда жарыққа 
шығады. Ойын – балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда 
бала әсерлерімен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыста 
нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат 
болып қашады, біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіп-
тізіп көш жасайды. Балшықтан мал жасайды, қуыршақтан 
қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіреді, құда түсіреді.
Жалқы һәм жалпы ойын. Тіпті жас бала жалқы ой-
ынды – жалғыз ойнауды жақсы көреді. Әлі тілі еркін же-
тілмегендіктен,  ол  басқа  балалармен  қатынаса  алмайды. 
Ал енді өскен сайын жалпы ойынды бірігіп ойнауды жақсы 
көре бастайды. Жалғыз ойнаса, іші пысады. Жалпы ойын 
баланың тілінің өркендеуіне көп пайда. Бірігіп ойнағанда 
тоқтаусыз қозғалып, күліп, былдырлап сөйлей береді. Жал-
пы ойын жалпы тұрмысқа яғни басқа адамдармен бірігіп 
тұруға  үйретеді.  Өзінің  сөзін,  тілегін  біреуге  тыңдатып, 
басқаның  тілегін,  сөзін  өзі  тыңдап,  қысқасы  біріккен 
тұрмыстың  бірін ші  шарты  –  жалпы  заңдарды  орындап, 
атқарып үйренеді. Ал енді жалқы ойын яғни жалғыз ойнау 

97
C
C
М. Жұмабаев
C
C
баланың  алаңғасар,  еліктегіш  болмай,  өз  ісіне  ынталы, 
тиянақты болуына пайдалы. Бірақ осы екі түрлі ойынның 
екеуінің де кемдік жағы бар. Ылғи жалғыз ойнап үйренген 
бала  тағы,  менменшіл  болып,  ылғи  көппен  бірге  ойнап 
үйренген алаңғасар, тиянақсыз, еліктегіш бо лып шығуға 
мүмкін. Сондықтан дұрысы – ойынның екі түрін кезекпен 
ауыстырып отыру.
Осы түрдің қай түрімен болса да ойнап отырған баланың 
ойынын бақылауға тәрбиеші міндетті. Бірақ бақылаймын 
деп бүлдіріп алма. Бүлдіріп алу былай болады: былай ойна 
деп бұйырсаң, баланың ойыннан ынтасын суытып аласың. 
Баланың  ойынына  үлкен  адам  кіріссе,  балаға  ойынның 
қызығы бітеді. Ойын – баланың өз ісі. Баланың ойынына 
кірісуші болма. Баланы бір нәрсені бүлдірмес үшін тек шет-
тен бақыла. Есте болу керек, бақыла деген сөз қарауылда 
тұрған солдаттай қабағыңды түйіп қақиып тұр деген сөз 
емес. Олай тұрсаң, бала ойнай алмайды. Егер енді баланың 
ойынына қатысқың келсе, өзің бала болып қатыс. Яғни ой-
ындарына бөгет, оралғы болма. Балалар сенің жеткен адам 
екеніңді сезбейтін дәрежеде болсын.
Ойыншықтар. Ойыншық деген сөз – баланың жанын-
дағы суреттеулердің белгісі деген сөз. Балаға уқалауына 
көнетін,  не  қылса  соған  жарайтын  жабайы  ойыншық 
баланың ішін пыстырады. Балаға нағыз қолайлы ойыншық 
бір үйім құм деген бір педагогтің сөзі дұрыс сөз. Базар-
дан  алып  келген  әшекейлі  ойыншығыңнан  бірде  құрық 
бола тын, бірде ат болатын бір шыбық балаға көп артық. 
Әшекейлі  жат  бір  ойыншықпен  бала  сүйіп  ойнамайды. 
Алады да, сындырып тастайды. Және балаға көп ойыншық 
беру жарамайды. Олай болғанда балада іскерлік болмайды.

98
C
C
Шығармалары
C
C
Ойлау
Ойлау ұғымы. Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял 
жүр гізу арқылы біз бір затты түгелімен білеміз, яки оның 
бөлімдерін, мүшелерін білеміз. Мысалы, мен бір жылқыға 
қараймын,  оның  бар  мүшелерін,  ол  мүшелердің  қандай 
екенін һәм қандай қызмет атқаратынын байқаймын. Осы-
лай тексе ріп қараған соң сол жылқы көз алдымнан кетсе 
де, мен оны суреттей аламын, бірталай заман өтсе де мен 
оны еске түсіре аламын. Егер көп жылқыны көрген болсам, 
қиял жүргізіп, басқа түрлі жылқыны да суреттей аламын. 
Мысалы,  бір  арғымақ  жылқы  болар  деп  ойлай  аламын. 
Міне, менде осы жоғарыда айтылған жан көріністері болса, 
мен жылқыны білген боламын. Тағы мен жылқыны қарап, 
тексеріп тұрып мынадай нәрселер істеймін: жылқыға мына 
мүшелер неге керек екен, мына бір мүше болмаса, жылқыға 
не  болар  деп  ойлаймын,  яғни  жылқының  мүшелерінің 
арасыңдағы  байламды  табамын.  Бұл  ғана  емес,  тағы 
ойлаймын,  жә,  жылқының  мүшелерінің  арасында  мына-
дай  байлам  бар  екен.  Бұл  жыл қының  мүшелері  қойдың 
мүшелеріне ұқсай ма – ұқсайды. Жылқының ана мүшесі 
қойдың ана мүшесіндей, мынасы мынасындай. Ә, қой мен 
жылқы, екеуі де төрт аяқты жануар екен деймін. Енді мен 
жылқыны  жалғыз  біліп  қана  тұрғам  жоқ,  ұғып  тұрмын. 
Яғни жылқының мүшелері арасында қандай байлам барын, 
жылқы  мен  басқа  төрт  аяқты  жануар  арасында  қандай 
ұқсастық, қаңдай айырма барын мен ұғып тұрмын. Міне, 
осы заттарды ұғу үшін жұмсалатын жан көрінісі ойлау деп 
аталады.  Ойлау  ұғым,  хұкім  һәм  ой  тізулерді  жасаумен 
болады. Енді осы үшеуін шешейік.
Ұғым  һәм  оның  жасалуы.  Бір-біріне  ұқсас  бірнеше 
заттарды суреттесек, біз сол заттарды бір-бірімен салысты-
рамыз. Мысалы, біздің жанымызда суреттері бар көп адам-
ды біз бір-бірінен айырамыз. Себебі оларды бірінен-бірін 

99
C
C
М. Жұмабаев
C
C
айыратын сындары бар. Бірақ сол адамдардың айыратын 
сындары болған сықылды соларды бірін-біріне ұқсататын 
да сындары бар. Дене бітімдері сықылды. Әрине, салысты-
ру үшін заттарды тар тапта алсақ, олардың ұқсастықтары 
көп болады. Егер кең тапта алсақ, ұқсастықтары аз болады. 
Мысалы, жылқы мен сиыр арасындағы ұқсастықты табу 
оңай.  Себебі  араларында  ұқсастық  көп.  Ал  еңді  жылқы 
мен ағаш арасындағы ұқсастықты табу қиын. Себебі ара-
ларында  ұқсастық  аз.  Қысқасы,  біз  бір  затты  бір  затпен 
салыстырғанда  олардың  әрқайсысының  өздеріне  ғана 
арналған дербес сындарын алып тастап, ортақ сындарын 
ғана аламыз. Ортақ сындарды екеуіне де жабамыз, ортақ 
сындарды жалпылаймыз. Яки екі заттың, яки көп заттың 
ортасынан оймен жасалған бір зат шығады. Мысалы, мен 
адам туралы ойлаймын. Сәрсембай, Бейсембай, Фахыред-
ден,  Иван  туралы  емес,  жалпы  адам  туралы.  Сонда  мен 
Сәрсембайдың қара шашын, Фахыредденнің сопақ басын, 
Иванның сары сақалын, яғни солардың әрқайсысының дер-
бес сындарын алып тастап, бәріне ортақ сындарды, мысалы, 
екі аяқты, екі қолды болуы, сөйлей, ойлай білуі сықылды 
ортақ сындарды аламын. Міне, осы көп заттардың ортақ 
сыңдарын алып жия білу, екінші түрлі айтқанда, зат туралы 
ой, ұғым деп аталады.
Ұғым  мен  суреттеу  арасындағы  айырма. Суреттеу 
қашанда болса жалқы болады, яғни бір затты суреттеу деген 
сөз – сол затты белгілі бір орында, белгілі бір уақыттағы 
түрімен,  барлық  сындарымен  тірілтіп  алып  келу  деген 
сөз. Мысалы, адамды суреттеу деген не Сәрсембайды, не 
Бейсембайды, әйтеуір дербес бір адамды суреттеу болып 
шығады. Белгілі бір түрсіз жалпы адамды суреттеу мүмкін 
емес.
Ал  енді  ұғым  жалпылықты  тілейді.  Жалпыламасаң, 
яғни бір топ заттардың әрқайсысының дербес сындарын 

100
C
C
Шығармалары
C
C
алып тастамасаң, ұғым болмайды. Мысалы, жылқы туралы 
ұғым – әрбір жылқының дербес сыңдарын алып тастасаң, 
торылығын, көктігін, жалдастығын, қайқылығын сықылды, 
сонда ғана ұғым болады. Яғни ұғым болу үшін заттардан 
алып,  жалпы  зат  жасау  керек.  Бірақ  дүниеде  жалпы  зат 
болмайды. Мысалы, дүниеде жалпы жылқы жоқ: не көк, не 
қара... Сондықтан ұғым – ойдың ғана ісі. Ұғымды оймен 
ғана жасауға болады.
Ойлау мен қиял арасындағы айырма. Қиял суретте-
улерден жасалады. Ал ойлау болса ұғымдардан жасалады. 
Мысалы, Қобыландының Тайбурылы туралы біз ойлаймыз, 
қиял жүргіземіз. Жалпы жылқы туралы біз қиял қыламыз, 
ойлаймыз. Қиял – суретті, жанды көрініс, ойлау – белгісі бір 
тірі суретсіз жалаңаш көрініс. Қиял мен ойлау арасындағы 
айырма – осы.
Ұғымның іші һәм ауданы. Бір ұғымды басқа ұғым-
дар дан айыратын сол ұғымның сындары ұғымның іші деп 
аталады. Сол ұғымға кіретін заттар ұғымның ауданы деп 
аталады. Мысалы, құс деген – ұғымның сыны, яғни ұша 
алатындығы, тұмсығы, қанаттары – бұлар іші болады. Ал 
енді құс деген ұғымға кіретін заттар: торғай, қарға, бүркіт, 
үйрек... – ұғымның ауданы болады.
Ұғымның іші мен ауданының арасы. Іші мен ауданын 
салыстырғанда әр ұғым әр түрлі. Іш пен аудан арасында 
қарсылық  бар,  яғни  ұғымның  іші  неғұрлым  кең  болса, 
ауданы  сонша  тар  болады.  Ал  енді  аудан  неғұрлым  кең 
болса,  іш  сонша  тар  болады.  Адам  һәм  қазақ,  ағаш  һәм 
қайың деген сықылды.
Ұғымдардың  ішіне  қарап  бөлінуі. Егерде  ұғымның 
бір ғана сыны болса, ондай ұғым – жабайы ұғым деп ата-
лады. Мысалы, тәттілік деген ұғым – жабайы ұғым. Ал 
енді ұғымның сыны көп болса, ондай ұғым күрделі ұғым 
деп  аталады.  Мысалы,  ағаш  деген  ұғымның  сыны  көп, 

101
C
C
М. Жұмабаев
C
C
сондықтан ол – күрделі ұғым. Егер бірнеше ұғымдардың бір 
яки бірнеше ортақ сындары болса, мұңдай ұғымдар ұқсас 
ұғымдар  деп  аталады:  қасқыр,  түлкі  сықылды.  Егер  бір 
ұғымның сындары екінші ұғымның сындарына қабысатын 
болса, мұндай ұғымдар қабысатын ұғымдар деп аталады: 
хайуан һәм жануар, қазақ һәм алаш сықылды. Ортақ сын-
дары болмаған ұғымдар ұқсамайтын ұғымдар деп аталады. 
Адам һәм тас сықылды сындары бір-біріне қарсы болған 
ұғымдар қарсы ұғымдар деп аталады: жақсылық, жауыздық 
сықылды.
Жалаңаштау. Біз жылқы, ағаш, адам сықылды заттар 
туралы ғана ойлаймыз. Сол заттардың қаралық, аласалық, 
кәрілік, қайырымдылық сықылды сындары туралы да ой-
лаймыз. Яғни бір затты жалаңаштап, сынын бөліп алып, 
сол сынды жеке бір зат сықылдандырып ойлаймыз. Заттың 
сынын заттан бөліп алып, сол сынды жеке бір зат қып ойлау 
жалаңаштау деп аталады. Осы заттан бөлініп алынған сын 
ұғымы жалаңаш (абстракты) ұғым деп аталады. Қаралық, 
алыстық, жақсылық сықылды барлық сындарымен алынған 
зат ұғымы киімді (конкретті) ұғым деп аталады: жылқы, 
ағаш, мұрын сықылды.
Ұғымдардың қомағына қарап бөлінуі. Көп заттарды 
қомағына алатын ұғым жалпы ұғым деп аталады. Қомағына 
са наулы заттарды ғана алатын ұғым дербес ұғым деп ата-
лады.  Қомағына  бір-ақ  затты  алатын  ұғым  жалқы  ұғым 
деп  аталады.  Жалпы  ұғым  дербес  ұғымның  тұқымы  деп 
аталады. Дербес ұғым жалпы ұғымның түрі деп аталады. 
Бір ұғым оны қандай ұғыммен салыстыруымызға қарап, 
әрі жалпы, әрі дербес, әрі тұқым ұғым, әрі түр ұғым болуға 
мүмкін. Мысалы, «адам» деген ұғым «қазақ» деген ұғымға 
қарағанда,  жалпы  һәм  тұқым  ұғым.  Ал  енді  сол  «адам» 
ұғымы  «жанды  зат»  деген  ұғымға  қарағанда  дербес  һәм 
түр  ұғым.

102
C
C
Шығармалары
C
C
Өзінің қомағына басқа ұғымдарды алатын ұғым соның 
қомағына кіретін ұғымдарға қарағанда бағындырушы ұғым 
деп  аталады.  Ал  енді  бағындырушы  ұғымның  қомағына 
кіретін  ұғымдар  бағынушы  ұғым  деп  аталады.  Жоғарғы 
бір ұғымға бір дәреже бағынатын ұғымдар бірге бағынатын 
ұғымдар деп аталады. Мысалы, «ағаш» ұғымы терек, қайың, 
қарағайға  қарағанда  бағындырушы  ұғым,  терек,  қайың, 
қарағай бағынушы һәм бірге бағынушы ұғымдар.
Жалпылау  һәм  шектеу.  Дербес  ұғымдардан  жалпы 
ұғым  жасау  жалпылау  деп  аталады.  Мысалы,  біз  ағаш-
тардың, шөптердің, гүлдердің дербес сындарын алып тас-
тап, ортақ сындарын ғана алып, өсімдік деген жалпы ұғым 
жасаймыз.  Ал  енді  жалпы  ұғымдардан  дербес  ұғымдар 
жасау шектеу деп аталады. Мысалы, біз сындарды қоса-
қоса қайың деген ұғым жасаймыз.
Категория.  Бір  ұғымдарды  жалпылай-жалпылай  ең 
жалпы, ең жоғарғы ұғымға жетеміз. Ең жалпы, ең жоғарғы 
ұғым категория деп аталады. Категория үшеу: 
1) зат (адам, жануар, тас, зат);
2) сын (түс, түр, сын); 
3) іс (сөйлеу, бөлу, істеу).
Хұкім
Хұкімнің  жасалуы.  Ұғымдарды  жеке-жеке  ойлаған 
сықылды, біз оларды бір-біріне байлап та ойлаймыз. Яғни 
біз екі ұғымды қатар алып, сол екеуінің арасында не байлам 
барын, не байлам жоғын табамыз. Мысалы, бізде «жылқы», 
«шабу», «ұшу» деген үш ұғым бар. Біз осы ұғымды бір-
біріне  байлап  байқаймыз  да,  «жылқы»  ұғымына  «шабу» 
ұғымын  байлау  мүмкін  екенін  тауып,  «жылқы  шабады» 
дейміз.  Сол  «жылқы»  ұғымына  «ұшу»  ұғымын  байлау 
мүмкін емес екендігін тауып, «жылқы ұшпайды» дейміз. 
Осы екі ұғым арасында байлам хұкім деп аталады.

103
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Хұкім берілген ұғым – ие деп, иеге жапсырылған ұғым 
айтылыс деп аталады. Айтылыс иенің ісін көрсеткендіктен, 
ол хұкімнің іші деп аталады.
Ұғым мен хұкім арасындағы айырма. Бір заттың ұғы-
мын ойлағанда, сол заттың сыны заттың өзімен бірге, яғни 
зат сынымен қосылып, бір зат болып ойланады. Ал енді сын 
заттан жеке ойланып, біз сол жеке сыңды затқа алып барып 
не бекітеміз, болмаса заттан сол сынды алып тастаймыз. 
Мысалы,  «қызыл  сиыр»  деген  сөз  ұғым  болады.  «Сиыр 
қызыл» деген сөз – хұкім болады. Біріншіде сиыр деген 
заттың қызыл деген сынын затпен бірге ойлап отырмыз. 
Екіншіде қызыл сынын шеттен алып келіп бекітіп отырмыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет