15
C
C
М. Жұмабаев
C
C
– Тағы бастадың ба! Сал жігіт, мені әуре қылып не қы-
ласың? Анау пісіп тұрған қыздарға сөз айтсайшы.
– Мен сенен қыз сұрадым ба? Саны көп, сапасы жоқ
қыздары құрысын. «Орамал тастайды ғой теңдесіне»
дегенді білмейсің бе?
– Жиырмаға жетпей алжысайшы. Сегіз жыл біреуге
қатын болған сенің теңің мен бе?
Осы сөзді айтып күліңкіреп, көзін ерке мысықтай сы ғы-
райтыңқырап сынап, Шолпан Әзімбайға қарады. Шолпан-
ның мынау сөзінен, мынау көзқарасынан сасыңқырап,
ты ғы лыңқырап қалған Әзімбай:
– Жоқ. Жақсы көрген дегенім ғой. Тәңірі, неше жыл
қатын болса да, бала таба алмаған әйел кәрі бола ма?
Өзінің мынау сөзінен Әзімбай тіпті тығылып қалды.
«Бала» деген сөзбен Шолпанның жүрек жарасына тиіп, оны
өзінен алыстатып алғанын сезіп, Әзімбай үзілген сөзді енді
жалғап алып кетуге шамасы келмей, сөз орнына қолымен
Шолпанның сол жақ санын қысып-қысып қойды.
Шолпан санынан Әзімбайдың қолын алды да, көйлекке
қарап біраз ойланып отырып:
– Жақсы көргенің рас шығар... бірақ жақсы ағаңның
көзіне қалай шөп сал дейсің? Балалардың: «Ұрлық қыла-
йық, қылсақ, қылайық, Құдайды қайтеміз?» дегеніндей,
Құдайды қайтеміз?.. Және сен жассың. Аузыңа да ие бола
алмайсың ғой...
Мынау сөздерді айтқанда, Шолпанның қара көздері
тұңғиық түпсіз теңізге айнала бастады. Әзімбайдың көз-
дерінде есалаң от ойнай бастады... Әзімбай күнә, құдай
деген жаққа аяқ баспай, бар түйін соның сөзінде тұрғандай-
ақ, асығып-сасып өзін бекітуге кірісті:
– Сыр шашып мен бала ма? Жоқ, саған қаспын ба? Әй,
жеңге-ай, менің жақсы көргенімді білмейсің ғой... Жә, үш
жыл бойы сүйрегенің де жетер. Бүгін түнде келейін бе?..
Келем...
16
C
C
Шығармалары
C
C
Әзімбайдың қолы жеңі ұшталып жатқан Сәрсенбайдың
көйлегінің ғана үстіне емес, Шолпанның өз көйлегінің
үстіне барып қалып еді.
– Жарайды... бірақ... жарайды...
– Бір сүйгізші!..
– Сабыр қылсайшы. Әне, біреу келеді...
– Сал жігіт, үйге кіріп, ас ауыз ти...
...Жібек Майдың сұлу түні. Көкте бір бұлт жоқ. Қара
көк барқыт кең көкте ойменен, мұңменен, салмақпен ақ
алтын Ай жүзіп барады. Не іздейді екен ол? Жарынан
айырылған әйел ме екен? Баласынан айырылған ана ме
екен?.. Қыстаудың сыртындағы сулы шіліктегі көлбақалар
шулап жатыр. Бақ-бақ-бақ. Не дейді екен олар? Жан керек,
жар керек, бала керек дей ме екен? Көл бойынан дамылсыз
«құдірет-ау, құдірет-ау» деген дауыс естіледі. Өмір бойы
құдіретті аузынан тастамайтын қандай ауыр күнә істеді
екен ол құс?..
Төсек ағаш үстінде Шолпан жатыр. Жатар алдында иісті
сабынмен жуынған, сандықтан жаңа көйлек алып киген. Ол
кім үшін жуынған? Кім үшін киінген?
Кімді күтеді ол? Әзімбайды күтеді. Сегіз жыл бал алы-
сып тұрған, еш шай деспеген жан жары Сәрсенбайдың кө-
зіне шөп салу үшін Әзімбайды күтеді. Не үшін? Бала үшін!
Жасаған-ау, өзің кеше гөр, кеше гөр... Аяқ даусы... Есікті
ашып, үйге кірді... Әзімбай тура төсек ағашқа келе жатыр...
Шолпанда үн жоқ. Мойнына құрық түскен құландай денесі
дір-дір етеді. Жүрегі дәл аузында тұр. Бір үн шығарса-ақ
жүрегі аузынан атып шығатындай. Денесінің бір жері мұз.
Түлкі алған жас тазыдай екі иінінен демін алып, жалма-жан
шешініп, Әзімбай көрпеге кіріп келе жатыр.
Тап сол минутте тазының көздеріндей Әзімбайдың
көздері де қып-қызыл шығар. Шолпан «ой, кет!» деп айқай
салып жіберуге ойлады. Жоқ, үні шықпайды. Әзімбай
көрпеге кірді де, «жеңге» деп жұлмалай бастады. Шолпан
17
C
C
М. Жұмабаев
C
C
соққы жеген адамдай сыбырлап: «Сал жігіт, кішкене жай
жата тұрсайшы...» – деді. Ол күнә есігінен кірер алдында
жүрек жарасын Әзімбайға ашпақшы еді. Жанын жеген
жегіні суырып алып, Әзімбайға көрсетпекші еді. Туғаннан
бері қиянат жолына баспай, тас болып келген жүректің не
үшін бүгін жібігенін айтпақшы еді. Оның іздегені отты,
жынды құшақ емес, бала екенін білдірмекші еді. Әзімбайды
өз қасіретіне ортақ қылмақшы еді... Бірақ Әзімбай оны
тыңдаған жоқ. Қоян қуған төбеттей көрпеге кіргеннен-ақ
аласұра бастады. Бір ауыз сөзге келместен, Шолпанның
денесін умалай бастады. Ойын бітті... Шолпан сұлап
жатқан өлік сықылды жатыр еді. Есалаң, мас Әзімбай
мас ойынмен әуре болып жатқанда, Шолпанның бота
көздерінен мамық жастыққа ыстық мөлдір жас сорғалап
жатыр еді. Әзімбайдың Шолпанның жанымен, көзінен
аққан жасымен ісі болған жоқ. Өзімен-өзі әуре, Шолпанның
денесімен әуре... Шолпанның басы астындағы мамық
жастық шылқылдаған су болды. Түн ортасынан ауған кезде
су жастыққа беті тиіп, Әзімбай: «Өй, сен неге жылайсың?
Бірадар десе, бірадарсың-ау»,– деді. Есалаң Әзімбайдың
Шолпанды ұққаны осы болды...
Таң ағарып келеді... Шолпанның бетінен бір сүйді де:
«Енді мен қайтам, ертең ертерек келем»,– деді Әзімбай.
Жылап-жылап шаршап-талып жатқан жас баладай сұлық
жатқан Шолпан: «Жоқ, енді тіпті келме!» – деп айтуға
оңтайланып еді, бірақ оның іздегені не еді? Бала. Осы бір
түннен бала болса жақсы, болмаса... мынау түн өмір бойы
Шолпанның мойнында лағынет қамыты болмай ма? Мынау
күнә өмір бойы күнә болып қалмай ма?.. Бота көзінен мөл-
дір жасын жеңіменен сүртіп, Шолпан күбірлеп қана: «Кел,
сал жігіт... кел... кел...» – деді.
18
C
C
Шығармалары
C
C
ІV
Шолпан екіқабат. Бес жыл бойы санадан сарғайып
күткен тілегі болды. Уланған өмір гүлденді. Күнә күнә
болып қалған жоқ, күнә сауапқа айналды. Бала біткенін
білген кезде қандай қуанып жүрді Шолпан, бір минут
қабағы жабылды ма? Күн-түн күлкіден аузы тыйылды ма?
Кішкене ғана аулақ қалса, алақанымен қарнын сипап-сипап,
сол алақанын сүюші еді, ессіз Шолпан ішіндегі жаны жоқ
бір кесек етті, ерні күбір-күбір етіп, айналып-толғанушы
еді. Ессіз Шолпан! Жә, іздеген жоғы табылды. Басты
байлап, естен айырылып, күнәға айдаған кесел жойыл-
ды. Енді Шолпанның Әзімбаймен арасын үзбеуі қалай?
Шыны мен-ақ оның суық жолға түсіп кеткені ме? Шолпанға
да ойнастың әдетке айналғаны ма? Жоқ, ойнасты өнеге
көретін, суық жолды әдет қылатын әйел Шолпанба-ай?
Ендеше! Бұл ендешеге жауап жоқ. Теңіз терең емес, әйелдің
жаны терең. Жеті қабат жер астындағы нәрсені білуге
мүмкін, бірақ әйел жанының мінезін білуге мүмкін емес.
Бір қарасаң, әйел – бала, күйерін білмей отпен ойнайды.
Әйел – ердің тәңірісі, жарата да алады, жоқ қыла да алады,
сүйдіре де алады, күйдіре де алады. Әйел – ердің құлы,
табанының астында топырақ болады, ердің көлеңкесіне
айналады, өзі жоқ болады. Әйелдің аруағы басса, ер күйеді,
жанады. Бірақ өзінің жеке бір адам екендігін ұмытпайды,
жоймайды. Ердің аруағы басса, әйел адамдықтан шығып,
жоққа айналады. Есінен айырылады. Тілі байланады.
Әсіресе әйел бұзық жанды болмаса. Ол уақытта мұндай
әйелдің ердің көнгіш күңі болуында еш дау жоқ. Шолпан
осындай әйелдің бірі еді. Жанынан денесі, денесінен жаны
айырылмайтын. Кімге берілсе де, жан-денесімен түгел
берілетін әйел еді. Әзімбайға денесін уақытша ғана беріп,
жанын аман алып қаламын деп ойлады Шолпан. Бірақ
ой мен ісі біріне-бірі қабыспады. Үш-төрт айдың ішінде
Шолпанның жаны да Әзімбайға құл болып, берік байланып
19
C
C
М. Жұмабаев
C
C
қалып еді. Дұрыс, Шолпанның жаны Әзімбайдан айырыла
алмағанға бала іздегеннен аз азап шеккен жоқ. Ежелден көз
жасына сараңдық қылып үйренбеген Шолпан бұл туралы да
талай түндерде жылады. Бірақ көз жасымен жанды түзетіп
бола ма? Шолпан да болдыра алмады. Әзімбайды көргенде
басы айналған болып, денесі дірілдеп, тілі күрмелуші еді.
Денесінде ыстық қан ойнаған мас Әзімбайдың жансыз
нәрседей жұлмалап, умалауына қалай көнетінін Шолпан
өзі де білмеуші еді. Шынын айтқанда, есалаң Әзімбай
тілге келуге, ойлауға мұрша да бермеуші еді-ау. Жарайды,
не болса да Жасағанның жазуы шығар, іштегі баланың
атасы болғандықтан, Әзімбаймен араны үзуге тиіс емес те
шығар. Күнә да емес шығар. Сәрсенбай некелі ері болса,
Әзімбай – баласының атасы: Жасаған өзі кешірер. Бірақ мы-
нау жегідей жайылып бара жатқан өсекпен қалай күреседі
Шолпан? Жас Әзімбай. Мас Әзімбай. Есалаң Әзімбай!
Мынау сырды тырнақтай жасыруды білмейді. Кісі бар-ау
деп айылын жиюды білмейді.
Көрінген жерде күшіктей арсалаңдап жатқаны. Жолық-
қан жерде жұлмалап жатқаны... Өсегі құрғыр жайылғаннан
жайылып барады. Пірәдар келін қар келін деп аталса, Шол-
пан жұртқа не бетімен қарар? Анау күні енесі: «Осы, келін,
Әзімбай сенің отауыңа неге қалжыңдап келе береді?» –
дегенде, Шолпан жерге кіріп кете жаздады-ау! Жұрты
құрысын. Енесі құрысын. Өмірі құрысын. Сәрсенбай... жа-
нынан жақсы көрген Сәрсенбай... Сол Сәрсенбай Шолпанға
баяғыдай ма? Неге ол бұрынғыдай жадырап жүрмейді? Неге
ол ылғи ойлы? Екі жанды байлаған жібектей нәзік махаббат
жібі үзілген сықылды емес пе? Баласы құрысын! Сүттей ақ
махаббатты, балдан тәтті өмірді улаған баласы құрысын!
Сегіз жыл бойы «сен» демеген Сәрсенбай бір жылы сөз ай-
тудан қалды. Қит етсе, сынықтан сылтау тауып, балағаттап
тастайтын болды. Балағаттың аяғы жекуге, қамшыға айна-
лып бара жатқан жоқ па? Күні кеше Сәрсенбай Шолпанды
20
C
C
Шығармалары
C
C
неге ұрды? Бұрын барлық дүниесі суға ағып бара жатса
ләм демейтін Сәрсенбай Шолпанды неге сілейтіп салды?
Не үшін?
Бір шыны аяқ шоғыры қолдан түсіп кетіп сынған үшін,
сол үшін бе? Жоқ. Әзімбаймен ойнас қылғаны үшін!
Ұрам деп айтып ұрмайды. Неге ол аузына тас салғандай
үндемейді? Ол бірдеңе десе, Шолпан да айтар еді. Өзінің
не үшін күнә қылғанын, бала үшін ойнас қылғанын айтар
еді. Жоқ, үн жоқ, балағаттау бар, тепкілеу бар. Махаббат
жібі үзілді. Өмір бұзылды. Бәріне лағынет жаусын! Өмірді
улаған сол іштегі балаға лағынет жаусын!..
Талай түндерде мынау түйінді шешу үшін қасіретпен
сарғайған Шолпан талай ой теңізіне кірсе де, ой түбіне
жете алмады. Мынау жанды жеген жұмбаққа «ортасында
екі оттың – мені, Тәңірім, қор еттің» деп зарлаудан басқа
жауап таба алмады. Сәрсенбаймен екі ара шиеленіскеннен
шиеленісе берді. Екі жанның арасы алыстағаннан алыстай
берді. Бірақ дүниеде адам таппаған жұмбақты заман таппақ.
Адам құрығынан құтылғанмен, заман құрығынан құтылып
кететін еш нәрсе жоқ. Сәрсенбай мен Шолпан арасындағы
мынау түйінді де ұзатпай заман өзі шешіп берді.
Сентябрь жұлдызының соңғы күндері. Ауыл қыстаудың
ғана алдында отыр. Салқын түн. Түсі суық сұр бұлттар
аспанда бір-бірімен жарысып бара жатыр. Жердің бетін
аппақ кебіндей болып боз қырау жапқан. Арба астында
байлаулы жатқан бұзаулар тоңып, анда-санда «мө-мө»
дейді. Олардың жандарында қарны кебежедей болып
жатқан сиырлар еш нәрсені елең қылмай «пыс-пыс» етеді.
Сәрсенбай бүгін та ңертең ғана қалаға мал айдап кеткен.
Отауда, төсек ағаш үстінде шыт көрпеге оранып Шолпан
жатыр. Оның қойнында ерке баладай көлденеңдеп жатқан
Әзімбай қор-қор етеді. Шолпан да ұйқыда... Арбаның
тысырлағанындай бір дауыс. Шолпан селк етіп оянып
кетті. Сүйкеніп жатқан сиыр ма екен!.. Жоқ, Арба. Арбалы.
21
C
C
М. Жұмабаев
C
C
«Әзімбай!..» «Ім-м-м-м-е-е», – деді Әзімбай. Шолпан тағы:
«Әзімбай! Әзімбай!» – деп бір рет айтты да, сөздің пайда-
сыз екенін біліп, Әзімбайдың санын шымшып келіп алды.
– Ой, сені жын соғып кетті ме?
– Ойбай, масқара болдық, бір арба келе жатыр, тұршы.
Кетші. Жақсы ағаң болмаса игі еді...
– Мынау есінен адасқан шығар! Ол ұшып келе ме?
– Ойбай, тұр деймін тұр. Әне, келіп қалды!..
Әзімбай жылжып шығып, үйдің артына қарай жүре
бергенде, есік артында Сәрсенбай арбадан түсіп жатыр еді.
– Бұл кім, әй!– деді Сәрсенбай.
«Мен» деген жауап орнына қыстау желкесіндегі шілікке
қарай жүгіріп бара жатқан Әзімбайды көрді. Сәрсенбай
атты доғармастан үйге кіріп, үстіндегі қаптал күпіні жұлып
тастай беріп, қолындағы құнтпен төсек ағаш үстінде жатқан
Шолпанды шықпырта бастады. Көзін қан жауып кетті.
Еш нәрсені көрмеді, еш нәрсені ойлай алмады. Ақылын
ашу биледі, қолын құнт биледі. Шып-шып-шып... шып.
Көрпенің астында жатқан Шолпанда тірлік белгісі жоқ.
Өлген адамдай сұлық жатыр. Шолпанның бұлай жатуы
Сәрсенбайдың зығырданын тіпті қайнатты.
– Ах-е-е, иттің баласы!– деп, Сәрсенбай қолындағы
құнт ты лақтырып жіберіп, шыт көрпені жұлып тастап, кө-
зінен жасы бұршақтап жатқан Шолпанды қолынан сүйреп,
төсек ағаштан жерге түсірді де, тепкілей бастады. Шол-
панда ләм-мим деген бір сөз жоқ. Жеңіменен көзін сүрте
береді. Басы тепкіленді, қабырғасы тепкіленді. Үн жоқ.
Етіктің өкшесі өкпеге тиген кезде «Ах-ах!» дейді Шолпан.
Тағы үн жоқ. Өкше ішке тиді. Шолпан алақанымен ішін
басып: «Бала!..» – деді. Мынау сөз Сәрсенбайды құтырған
қасқырдан бетер құтыртты.
– Иттің ғана баласы, мен сенен бала сұрадым ба?.. Мен
саған ойнас жасап, бала тауып бер дедім бе? Сен иттің адал
ісімді арамдап жүргеніңе жарты жыл болды ғой!.. Шығарма
22
C
C
Шығармалары
C
C
дыбысыңды!.. Өлтірем мен сен итті! Өлтірем! Күнде күй-
генше, бір-ақ күйейін!.. Өл, ит, өл!..
Сәрсенбай мынау сөздерді айқайлап айтқандықтан,
ауылдың бәрі-ақ оянып қалып еді. Алдымен үлкен үйден
жаман күпісін жамылып сүйретіліп Сәрсенбайдың кәрі
шешесі келді. Оның артынан іле-шала, жалаңаш етіне
байының ескі жеңсізін киген, жыртық ішкі киімінен тізесі
жылтырап, көрші бадырақтың қатыны келді. Екеуі де
есіктен ойбай сала кірді.
– Ойбай-ау, кісі өлтіресің бе, ойбай?.. Балам-ау, ақылмен
іс қылсайшы...
– Ақылдарың өзіңе, жұмыстарың болмасын. Өлтірем
бұл итті, өлтірем!..
Кемпір мен қатын арашаламақшы болды. Ойбайласты,
елбелеңдесті, біреуі қолмен қағылып кетті, біреуі аяқпен
соғылып кетті. Болмады. Беті құп-қу, көзі қып-қызыл
болған Сәрсенбай тепкілеуден тоқтаған жоқ. Шолпанда
тірлік белгісі жоқ. Бір кәлима сөз жоқ, дем де алмайтын
сықылды. Әлде талып жатыр, әлде біржола өліп қалды? Екі
қатын өздерінен еш қайрат болмайтынына көздері жеткен
соң, ауылды жимақшы болды. Бадырақтың қатыны есік
алдына шығып:
– Ойбай-ау, ойбай! Өліп қалдыңдар ма? Келсеңдерші!
Мұнда кісі өліп жатыр!– деп ойбай салды.
Өздері үрпиісіп отырған ауыл мынау ойбайды естіген
соң үйлерінен жүгіре шықты. Кимешегін қисық киіп, аяғы-
на кебіс іле салып шыққан қатын, қақырынып-түкірініп,
елді басына көтерген отағасылар, мәсісін қоңылтаяқ киген,
өзі нен-өзі ұялатын келіншектер, кең қоныш етік, кең қолтық
қаптал киіп, дамбалының ауы салақтап, семіз болмаса да
семіз адамдай талтаң-талтаң басатын жаңа атқа мініп келе
жатқан кісімшіктер... сырыған ақсұр бешпетін киіп, қолына
асасын алып, зекет жиып жүріп, бір үйде қонып жатқан
Темір қожа да келіп қалды. Ауылдың жиылуын күтпей-ақ,
23
C
C
М. Жұмабаев
C
C
бадырақтың қатынының ойбайы шыққан соң, Сәрсенбай
ұрудан өзі-ақ тоқтап еді. Шолпанда тірлік әсері жоқ, сұлық
жатыр. Үстіндегі көйлек пара-пара. Денесі, беті, басы бәрі
қан. Аузынан да, мұрнынан да қан кетіп жатыр. Сәрсенбай
төсек ағаштың үстіне шығып отырды... Ой жоқ, ес жоқ, сөз
жоқ, тіл жоқ. Оның өзі де талықсыған сықылды еді. Есіктен
халық ағылып кіріп жатыр.
– Мына шіркін есінен адасқан шығар,– деді біреуі.
– Ойбай, бетім-ау, өліп қалған жоқ па?– деді екіншісі.
– Өлсе, өлсін, қар неме!– деді үшіншісі.
Азан-қазан, абыр-сабыр. Темір қожа Шолпанның білегін
ұстады да: «Су бүркіңдер!» – деді. Біреуі алып келіп су
бүрікті. Әлдене уақытта Шолпан дем алып, болар болмас:
«Алла...» деді.
– Алладан садаға кет, иттің баласы!– деді Сәрсенбай.
– Сәрсенжан, шырағым, сабыр қыл. Әйел ұрмайтын ер
болмайды, бірақ...
– Тақсыр, сіз бұл араға кірмеңіз. Өлсін ол ит, өлсін!..
– Сәрсенжан, ақылыңа қайт, кісі өлтіру...
– Әйтеуір, ол маған қатын болмайды. Талақ болсын,
Талақ! Талақ!
– Сәрсен, ашу дұшпан, ақыл дос, сабыр қыл. Пәлен жыл
еш шай деспеген қосақтан айырылу оңай емес. Заты адал
ас арамға айналса, қайтадан адалдап алу шариғатта да бар
нәрсе... Мысалы, әйелдің олай-бұлай оғаш мінезі білінсе,
оны шешіндіріп, төбесінен қырық шелек суық су құю керек
дейді шариғат...
Қожаның аузынан мынау сөз шығар-шықпаста-ақ, бес-
ал ты қатын жаңа есін жинап келе жатқан Шолпанды сүйре-
леп ала да жөнелді...
Сентябрьдің салқын түнінде қараңғы шорам үйде бес-
алты қатын тырдай жалаңаш шешіндіріп, сүйемелеп ұстап
тұрғанда Шолпанның шала-шарпы есі бар еді. Бір қатын
тістеніп келіп, үлкен темір шелекпен мұздай суық суды
24
C
C
Шығармалары
C
C
Шолпанның басына құя салды. Үн шығармады, бірақ селк
ете түсті Шолпан. Тап сол секундта Шолпанның миында
бүкіл өмірі нажағайдың отындай жарқ етіп өтті...
...Жаңа шолпы тағып, сол шолпыны әдейі сылдырату
үшін жүкті әдейі қайта-қайта бұзып жиғаны... Апасынан
жалынып сұрап қыз ойнаққа барулары... Сәрсенбайдың
босаға аттағалы келгені... Бірінші түн... Үшкірген қожаның
бұқа көзі... Әзімбайдың қара мұрты... Тістенген қатын
күбірлей-күбірлей екінші шелек суды құйып жіберді. Шол-
пан болар-болмас: «Алла...» деді...
– Қар бетпақ, саған Алла не керек?!– деді бір қатын.
– Ештеңе етпес, қарағым, жастық та... құдай таупық
берсін,– деді екінші біреуі.
Шолпанда басқа сөз болған жоқ, ой да жоқ еді. Денедегі
қанның мұзға айналуымен ой да күңгірт тартты, сөнді. Шол-
пан көзін жұма берді. Үшінші, төртінші, бесінші... шелек.
Біразға дейін суық суды құйып жібергенде, дене селк етіп
кеткендей болып тұрды. Біраздан соң ол да бітті...
Ертеңіне түс кезінде Шолпан күшпенен көзін ашып,
сыбырлап:
– Балам қайда? Әлгі неге келіп бір көріп шықпайды?–
деді де, көрпенің бұрышын құшақтағандай болып, ерні беу-
беу дегендей қимылдап, сұлық болып тағы талып кетті...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Күнмен таласа Шолпан да өмірімен қоштасты.
25
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ғылыми
еңбек
26
C
C
Шығармалары
C
C
ПЕДАГОГИКА
Тарту
Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты
алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғағімдердікі.
Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз
бір қазақ мұғалімдері!
Колымнан келген осы еңбегімді сендерге тарту қылам.
Ниетімнің тазалығы үшін тартуымды қабыл көріп алы
ңыздар.
Мағжан Жұмабаев
СӨЗ АЛДЫ
Бұл кітап 2–3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер
курсында оқылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге шейін
басылып шығып жарық көре алмады. Бұл айып менікі емес,
бүлінген замандікі.
Кітапты бір орыс кітабынан тура тәржіма деуге бол-
майды. Алдыма бір кітапты жайып қойып, бұрылмастан
желе бергенім жоқ. Тәрбие ғалымдарының пікірлерін
таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ қанына
қабыстыруға тырыстым. (Көп пайдаланылған Рубинштейн,
Скворцов, Смирновтардың педагогика туралы еңбектері).
Бізде бұрын жасалған пән тілі болмағандықтан, түрлі
тер миндерге тап басқандай қазақша сөз табу көп күшке
ти ді. Қалайда курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен
таза орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан
27
C
C
М. Жұмабаев
C
C
тілі болып кеткен шет сөздерді қазақшаға аударам деп
азаптану ды тиісті таппадым.
Мен педагогика майданында бәйгі алып жүрген жүйрік
емеспін. Кітаптың құрылысында, тілінде, түрлі ат қоюда,
хатта, кітаптың жалпы негізінде көп кемшіліктер болуға
мүмкін. Мұғалімдер тексеріп оқып, қате жерлерін көрсетсе,
сансыз рақмет айтар едім.
Мағжан Жұмабаев,
1922 жыл, 15 сентябрь, Қызылжар.
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА
Жетекші сөз
Тәрбие деген не?
Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандайда болса
бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс
өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы
айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-
өзі қожа болған ша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада
жүргізіледі.
(Адамзат дене һәм жан аталған екі бөлімнен тұрғандық-
тан, бұл екі бөлімнің соңғысы, яғни жан, адамзат үшін аса
қадірлі болғандықтан, дұрысын айтқанда, адамға шын ма-
ғынасымен «адам» деген атты осы жан ғана беретіндік тен,
адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам ба ла сының
әсіресе жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек).
Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда,
адам баласы туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып туады.
Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны
жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам бала-
сы – туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі
жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан.
28
C
C
Шығармалары
C
C
Мінеки, адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса сараң
өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне
көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды.
Тәрбие бөлімдері
Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық
тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы
төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны.
Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық
сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін
мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін,
дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн,
әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса,
жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп
тұратын құлықты болса, міне, осындай болғанда адам
баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы.
Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс
орындасын. Бала аурулы, зағып болса, баладан емес,
тәрбиешіден. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі
емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін
мақау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы.
«Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін»
деген иран елінің мәтелі – шын дұрыс мәтел.
Достарыңызбен бөлісу: |