Республиканское государственное казенное предприятие


Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет17/43
Дата21.01.2017
өлшемі5,64 Mb.
#2321
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43

 
Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ 
БҮГІНГІ ТАҢДА ОҚУ-ТƏРБИЕ ІСІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ 
 
Өтешева Н.Қ. 
М.Қозыбаев атындағы №23 орта мектебі 
 
Асқаралы  талант  иесі  Ы.  Алтынсарин  есімі  қашанда  уақыт  сынынан  мүдірмей  өтіп 
өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан-тəні-
мен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.  
Тəжірибе – барлық ғылымның бастамасы деп, Қазақстан педагогикасы – мектептері-
міздің даму тəжірибесіне негізделіп қалыптасқан ғылым. Сондықтан Қазақстан Республи-
касы  болашақта  өсіп-өркендеп,  алдыңғы  қатарлы  өркениетті  елдердің  қатарынан  орын 
алуы  бүгінгі  жастардың  жоғары  дəрежелі  білімді,  мəдениетті  маман  болып  шығатындай 
тəрбиелеуге тікелей байланысты. Демек, кез келген оқу орындарына қойылатын негізгі та-
лап – жан-жақты  білімді,  кəсіби  мамандығын  жете  игерген,  қабілетті  іскер  маман  дайын-
дау. Болашақ маман дайындау тəжірибесінен Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарас-
тарының оқу-тəрбие ісінде жүзеге асып келгеніне жəне асырыла беретініне көзіміз жетеді.  
М. Əуезов «ірі ағартушы, озық саналы əлеумет қайраткері, өнерлі ақын» деп, баға-
лаған Ы. Алтынсариннің педагогикалық жəне шығармашылық қызметінің кез-келген сала-
сымен өзектесіп жататын ағартушылық ой-пікірлері Қазақстанда білім беру саласының іс-
тəжірибесінде көрініс беріп келеді. Ы. Алтынсариннің: «Халық мектептері үшін ең керектісі 
– оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, əб-
ден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» де-
ген өсиетін елімізде ұстаздар жүзеге асырып отыр. 
Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласында білім беру ісімен кəсіпті түрде айналысқан 
алғашқы мамандардың бірі. 19-шы ғасырдың аяғында халықтың рухани дамып, басқалар-
мен  терезесі  тең  болуының  негізгі  факторы  білім  екендігіне  көзі  жетіп,  оны  іс  жүзінде 
ұйымдастыруға белсене араласты.  
Ұлы  ағартушы 1886 жылы  «Қазақтың  болыстық  мектептері  туралы  записка»  деген 
еңбегінде  Торғай  облысындағы  мектептердің  жағдайын  сараптай  отырып: «...отырықшы 
халықтармен сыбайлас болып отырған қазақ халқының арасында өзінің көрші тілін білуге, 
олардың жазуын үйренуге ұмтылушылық күшейіп келеді, өйткені, біріншіден, олардың қа-

112 
 
зіргі экономикалық жəне саяси жағдайының өзі аяқтарын аттап басқан сайын дерлік, мы-
салы, орыс тілін, орыс жазуын білуді қажет деп отыр, екінші ден, бұл халық өзінің табиғи 
жаратылысында əр нəрсені білуге құмар жəне ұғымпаз халық» – деп жаза отырып, осы та-
биғи мүмкіндіктерді дамытып, оны халықтың игілігін арттыруға тиімді пайдалануға жағдай 
жасау қажеттілігін ескертеді.  
Ең алдымен, ғалым-педагог халықты дін ықпалынан босатып, ғылыми дүниетаным-
ның  қалыптасуын  жеделдетуді  ұсынады.  Дүниеге  ғылыми  көзқарас  адамның  ішкі  қуатта-
рының молынан ашылып, іс-əрекет аясының кеңеюіне негіз болады. Дүниетанымның өре-
сі кең адам қоршаған орта мен əлеутеттік-мəдени даму кеңістігінде еркін де батыл қимыл-
дар жасайды. Сонан соң ғалым-педагог білім беруді ұйымдастырудағы өзінің негізгі прин-
циптерін ұсынды.  
Ыбырай  Алтынсариннің 19-ғасырдың  аяғында  өзінің  педагогикалық  қызметінде 
ұстанған негізгі принциптері 21-ші ғасырға аяқ басқан, бəсекеге қабілетті 50 елдің қатары-
на қосылуға ұмтылыс жасап отырған Қазақстанның қазіргі рухани-мəдени дамуында өзінің 
өзектілігін жоғалтқан жоқ. Керісінше, олар уақыт өткен сайын жаңа серпінге ие болып, да-
ми  түсуде.  Бұл  ғылым  мен  білім  дамуындағы  сабақтастықты  жəне  дəстүр  тұрақтылығын 
тағы да дəлелдей түседі. 
Ұлы  Ыбырай  атамыз  ағартушылық  идеялары  біздің  Қостанай  қаласының  біршама 
оқу орындарында қалай жүзеге асырылып жатыр? Оның идеялары қазіргі заманға сəйкес 
пе? 
Ағартушының  өсиетін  Қостанай  педагогикалық  колледжі  жүзеге  асыра  отырып,  қо-
ғам үшін болашақ ұстаздар тəрбиелеп шығаруда.  
Мектептер  үшін  сапалы  мамандар  даярлап  отырған  Қостанай  педагогикалық  кол-
леджі – көп сатылы «Лицей – Колледж – ЖОО» жүйесі арқылы үздіксіз кəсіби білім беретін 
оқу орны. Үздіксіз білім берудің механизмі адамның рухани əлемін байыту, жаңа экономи-
калық жəне қоғамды-саяси деңгейін көтеру, ғылыми-техникалық ақпараттарды қабылдау, 
зерделік жəне мəдени дəрежесін мейлінше арттыруға келіп саяды. Үздіксіз білім берудегі 
мақсат: сапалы да, қоғамда бəсекеге қабілетті маман əзірлеп шығару. Лицейде профиль-
дік білім беріп, болашақ мұғалімдік мамандыққа бағыттайды, колледжде кəсіби білім бере 
отырып,  ауыл  мектептері  үшін  сапалы  мамандайындауға  күш  салады.  ЖОО – гума-
нитарлық  институтта  мамандық  бойынша  қысқа  мерзімде  жоғары  білім  алады.  Болашақ 
маман  дайындауда  Ы.  Алтынсарин  салып  берген  педагогикалық  үлгі  колледж  үшін  сара 
жолға  айналғанына  осы  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  арқылы  атқарылып  жатқан  істер  куə 
дерліктей. «Мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бəрінен де қымбат көремін» – деп Ы. 
Алтынсарин  айтқандай,  колледж  ұстаздарының  бейнесі  мен  өрлеу  сатысын  колледждің 
қол жеткен табыстары айқындай алады. 
Педагогикалық  колледждің  алғашқы  сатысы – профильдік  лицей  оқушылары  үшін 
де Ы. Алтынсарин армандаған білімді ұрпақ тəрбиелеуде ғылыми-əдістемелік жүйе жасап, 
ұлы  педагогтың  идеясын  жүзеге  асырып  келеді.  Колледждің  ғылыми-зерттеу  зертха-
насынан шығатын əдістемелік құралдар мен оқу-əдістемелік жобалар осы лицейде экспе-
рименттен өтеді.  
Ы. Алтынсарин оқытушының өз жұмысында оқушыларын зерттеп-танып білу керек-
тігіне  ерекше  көңіл  аударған.  Оқытушының  əрбір  оқушының  жалпы  мінез-құлқына,  ақыл-
парасатына зер салып, əрі өзгешіліктерін ескеріп шын көңілмен еңбек сіңіруі тиіс екендігін 
ескерткен.  
Білікті тəлімгер, тамаша əдіскер Ыбырай атамыз ұсынған оқыту тəсілдері, кабинеттік 
жүйемен оқыту өз мəнін жойған жоқ. Осындай атамыздың идеялары М. Қозыбаев атында-
ғы № 23 мектепте де орын алады. Осы мектептің мұғалімдерінің алуан түрлі көрнекіліктер-
мен,  дидактикалық  материалдармен  толықтыруға,  пəн  кабинеттерін  уақыт  талабына  сай 
жабдықтауға ұмтылуы – ұлы ағартушы ілімі өміршеңдігінің айқын бір дəлелі.  
Ұлы ұстаз оқушылардың теориялық білімін арттыру жолдары машықтанумен ұштас-
тыра жүргізуге үлкен мəн береді. Сондықтан біздің мектептің мұғалімдері оқушыларға бі-
лім беруде педагогикалық машықтануларға көп көңіл бөледі, заман талабына сай иннова-
циялық  технологияларды  қолдана  отырып,  ағартушының  идеяларын  жүзеге  асыруға  өз 
үлестерін қосып жүр. Ыбырай атамыз армандаған ұстаз қоғам талабына жауап бере ала-
тын, бəсекеге қабілетті болуы тиіс.» Біз болмасақ, сіз барсыз, үміт еткен достарым!» – деп 
ол өз халқының келешек ұрпақтарына сеніп кеткен. Міне, сол ұрпақ Ыбырай арманының 
жүзеге асқанын бұл күнде айқын көріп отыр. 
Ерекше назар аударатын жағдай Ы. Алтынсарин сабақ кезінде білім алу мен сабақ-
тан тыс уақытта білім алуды ұштастыруды ұсынды. Сабақтан тыс уақытта табиғат туралы 
жəне химиялық əңгімелерді, сонымен қатар аса маңызды жаңалықтар туралы материал-
дарды беруге кеңес берді. Бұл жерде педагог-ғалым баланы біржақты ақпаратпен жалық-

113 
 
тырмай, оның қызығуын əрдайым қоздырып, туындатып, жандырып отыру керектігін атап 
көрсетті.  Өйткені,  қызығусыз  жай  ғана  түсінілген  ақпарат  тез  ұмытылады,  ал  жан-жақты 
ойлану немесе аса үлкен қызығушылықпен келген білім баянды болады, Зердеде сақта-
лып қалады жəне басқа бір білімнің туындауына дəнекер, негіз болады.  
Ы. Алтынсарин оқушыларға ұсынылатын кітаптардан басқа оқытушының өзі де оқуы 
қажетті  оқулықтар  мен  ғылыми  зерттеулерді  атап  көрсетті.  Оның  мұғалімнің  білімі  жан-
жақты жəне терең болуы керек деген пікірі қазіргі заманда өте өзекті. 
Ыбырай  Алтынсарин  өзінің  педагогикалық-ұйымдастырушылық  əрекетінде  бірнеше 
маңызды  принциптерге  жəне  əдістерге  сүйенгені  бізге  мəлім.  Сол  ол  қолданған  əдістер 
мен принциптер қазір бала тəрбиелеу жəне білім беруде қолданыла ма? Ол қандай прин-
циптер? 
Біріншіден, білім беруді əліппеден бастауды ұсынды. Əліппе деген – білімнің ең қа-
рапайым сатысы, оны аттап кетуге болмайды. 
Бұл  заңдылық  жалпы  адам  танымының  қисынынан  туындайды.  Өйткені  ешкім  де 
бірден қиын нəрсені белгілі дайындықсыз түсіне алмас еді. Əр уақытта қарапайымдықтан 
күрделікке, жақыннан алысқа, төменнен биікке ұмтылыс болу керек. Бұл да маңызды ди-
дактикалық принцип.  
Екіншіден, білім беруде жүйелік əр уақытта сақталуы қажет, əркімнің өзі білгенінше 
сабақ  өткізуге  қазір  тіпті  болмайды.  Мұндай  жағдайда  оқыту  мен  оқу  жұмысын  жүргізуде 
жүйе  болмайды.  Ғалым-ағартушының  система  жоқ  жерде  нəтижелі  іс  те  болмайтынына 
көзі жеткен. Кез келген пəнді оқытуда белгілі бір жүйе, қабылданған стандарт болуы қазір 
де аса маңызды талап. Осы принципке сүйене отырып, Ыбырай Алтынсарин сол кездегі 
мектептер жұмысына сараптама беріп отырған. 
Үшіншіден, білім беру ісінде теориялық баяндау мен нақты іс-тəжірибе бірін-бірі то-
лықтыруына аса үлкен мəн берген. Ғылым мен техниканың ұлы жаңалықтарын өзінің ша-
ғын  əңгімелерінің  арқауы  еткен  ғалым  «ғылым  тəжірибе  арқылы  өзіне  жол  ашты»  деген 
маңызды пікір қорытты. Алтынсариннің осындай ой-тұжырымдарымен бүкілəлемдік ғылым 
тарихындағы ақыл мен тəжірибенің рөлі туралы пікір-таласында өзіндік орын алды. Тəжі-
рибе ақылға негіз, азық болады. Оның практикалық тұрғыдан да рөлі өте қомақты.  
Төртіншіден, білім берудегі этникалық ерекшеліктерге мəн береді. «Енді мен қырғыз 
хрестоматиясының екінші бөлімін құрастырып жатырмын...Өз туған халқыма қырғыз тілін-
де  жалпы  білім  беретін,  дұрысын  айтқанда,  ғылыми  мəліметтермен  құрастырылған  тағы 
да бір еңбегіммен қызмет етпекпін ...» – деп атап көрсетті. 
Бесіншіден,  білім  беруде  баланың  жыныстық  қасиеттерін  де  есепке  алу  қажеттігін 
ұсынды.  Отбасында,  қоғамда  қыз  бала  мен  ер  баланың  өзіндік  орны  мен  ерекшеліктері 
бар.  Олардың  əрқайсысының  табиғи  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып,  бастауыш  мектеп-
терде ағаш өнеріне, қыздарды қол шеберлігіне үйрету көзделді. Осы принципті мектеп ісін 
ұйымдастыруда іске асырды. Мұның өзі Ы. Алтынсариннің өте көреген, алға ұмтылған пе-
дагог екенін көрсетеді.  
Алтыншыдан, Ы. Алтынсарин білім беру процесінің ізгіліктік сипатын анықтайды. 
Білім адамды рухани байытады, жанын жадыратады, жақсылыққа жетелейді, көңілін 
көтереді, рухын нығайтады, жігерін күшейтеді. 
Ы.  Алтынсариннің  педагогикалық  ізденістерінде  тілді  игеру  туралы  біршама  ойлар 
өрбіген. Əрине, сол заманның талабына сай ол орыс тілін үйренуге ерекше мəн берген.  
Бірақ  ол  баланы  орыс  тіліне  баулуды  ол  өзінің  ана  тілін  толық  игерген  соң  мүмкін 
деп есептеді. «Өзге тілді үйрету балалардың бойына ана тілінің əбден сіңіскені байқалған-
ша ешбір басталмауға тиіс» – деп жазды К. Д.Ушинский.  
Басқа тілді еркін меңгерудің ең оңтайлы жолы – ауызекі сөйлесуді үйрету. Ауызекі 
сөйлесу болмайынша, қандай болмасын тілде емін-еркін сөйлеу мүмкін емес дей отырып, 
Ы. Алтынсарин «орыс сөздерін айтқанда оның жанынан кетпеу керектігін ескертеді.  
Ы. Алтынсарин өмір сүрген уақытта орыс тілін ғылым мен білімге ұмтылу үшін үйре-
ну  қажеттігі  алдыңғы  қатарға  шықты.  Кеңес  дəуірінде  қазақ балаларының  көбі  орыс  тілін 
еркін меңгеріп, қос тілді тұлғаларға айналды. Өкінішке орай, осы үрдіс өте жақсы дамып, 
өз тілін білмейтін, оны білсе де еркін пайдалана алмайтын ұрпақ пісіп жетілді. 
Осы  жағдайда 90-шы  жылдардан  бастап  жаппай  қазақ  тіліне  көшу  процесі  баста-
лып, орыс тілінің аясы тарыла бастады. Бүгінгі күннің даму динамикасы мұның да біржақ-
тылық екенін көрсетіп отыр. Өйткені көп үнді, көп мəдениетті, көп ұлтты, көп конфессиялы 
заманда  тек  ғана  бір  тілдің  аясында  қалу – ол  өзін-өзі  уақыт  пен  кеңістікте  тарылту,  өз 
мүмкіндігін азайту, сығылу. Қазіргі жиһандану мен ұлттық бірегейлену заманында бірнеше 
тілді еркін меңгерген адам өзін басқалармен теңестіре алады. 
Соңғы  жылдары  қазақ  тілінің  мəртебесі  өсіп,  оның  əрекет  ету  аясы  кеңейді.  Бұған 
басты себеп – қазақ тілінде білім беру кеңістігінің ұлғайып, сапалы оқулықтардың көбеюі. 

114 
 
Сонымен,  ағартушының  ұсынған  принциптері  қазіргі  заманда  өзінің  өзектілігін  жо-
ғалтқан жоқ, дами түсуде. 
Қазір айтылып жүрген ой-пікірлердің кезінде Ыбырай данамыздың аузынан шыққа-
нына тəнті боласың. Солардың бірін ғана, яғни «қазақ халқының ақыл –ойы мен экономи-
касының дами беруіне көмектесе алатын адамдар» қажет деген сөздеріне ой өрбітіп көре-
лік. Иə, бұл сөздерді айтқалы да ғасырдан астам уақыт өтті, заман өзгерді, өзгермеген – 
ілім – білімнің маңызы, бағасы ғана. Мəңгілік мəңгі құндылық – білімнің Алтынсарин кезін-
дегі басты миссиясы – халықтың көзін ашып, хат таныту еді. Сондай-ақ ұлы ағартушы сө-
зінің  астарында  халқының  болашағы,  жастарға  орта  жəне  кəсіптік  білім  беру  жатыр.  Өзі 
өмір сүрген кезеңінде Алтынсарин халқының мүшкіл халін, тұрмысын түзеп, тұтынуына қа-
жетті тауарларды өндірумен айналысатын кəсіби мамандар мəселесін көтеріп, осы бір игі 
іске белсене кіріскенін айқындайтын фактілер көп. 
Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып қызмет істеп жүрген кезінде жаса-
ған есептерінің бірінде: «Қыздар үйлерінен қатынап оқиды ...Оларға қарапайым халықтың 
тұрмысына  керекті,  мысалы,  киім  пішу,  киіз  басу,  шəлі  тоқу,  тақыр  кілем  тоқу  сияқты 
əйелдер істейтін жұмыстар үйретілді» деп жазған. 
Мұның алдында қазақ педагогы өзі аса құрмет тұтқан досы, ұстазы, шығыстанушы-
ғалым Н.И. Ильминскийге мына бір жаңалықты қуана жеткізген еді: «...мектептің қолөнер 
бөлімін ашуға кірісіп жатырмыз, ал жуыр арада жеміс ағаштары иен огород егуді де қолға 
алмақпызшымыз». 
Торғайда тұңғыш ашылған қолөнер мектебінің жұмысын алға бастыру оңайға соққан 
жоқ. Ең қажеттісі – арнайы оқулықтар, маман оқытушылар жоқтың қасы еді, басқа да жоқ-
тар жетерлік болды. 
Бар  жауапкершілік  инспектор  Ы.  Алтынсариннің  мойнына  түсті.  Ол  тағы  да  орыс 
достарының көмегіне жүгінеді. Ильминскийге хат жазып, «Сізде қол өнерін, бау-бақша ого-
род  істерін,  мал  шаруашылығын,  егіншілік  кəсібін  үйретуге  арналған  практикалық  жеңіл 
оқу құралдары жоқ па?» – деп сұрайды. 
Тағы бір таңғарарлығы: мамандардың хат кезінің өзінде қолөнер мектебі үшін мықты 
кадрлар іздеген. Қолөнер мектебі ашылғаннан кейін де тыным таппай, ондағы оқу-тəрбие 
жұмысын  қадағалап,  ақыл-кеңесін  беріп  отырған.  Сол  үшін  де  бірнеше  мəрте  іссапарға 
шыққанын  мына  бір  сөздері  айғақтайды: «Арғы  күні  тағы  да  Торғайға  жүргелі  отырмын. 
Онда жаңа ашылған қолөнер мектебінің жұмысы қалай жүріп жатқанын байқау үшін жəне 
оның шаруашылығын біржола жолға салу үшін Торғайда осы айдың аяғына дейін болмақ-
пын».  
Алтынсарин  осылайша  атқарылуы  тиіс  шараларды  алдын-ала  жоспарлап,  тиянақ-
ты орындап отырған. Сонымен қатар ол Красноуфимск училищесі секілді облыста қазақ-
тар үшін арнаулы ауыл шаруашылығы мектебін ашу туралы жоба ұсынған. 
Ол техникалық мəні бар шараларды іске асыру сахарадағы қазақтарға игі əсерін ти-
гізеді деп санады. «Ойымыз, деп жазды ол, – қазақ даласына техникалық білім тарату». 
Кəсіптік білім беру ісін дамыту бағытындағы Ы. Алтынсарин қызметінің сан қырлы, 
ауқымының кең болғандығын айқындайтын фактілердің бірі мынау...» Мен бұл жерлердің 
даласынан  «кермек»  деген  шөп  іздеп  жүргенім  өзіңізге  мəлім,  ал  ондай  шөп  бұл  жақтан 
табылмағандықтан, мен енді сол сияқты тері илейтін, бояу болатын басқа шөптерді жинап 
жатырмын. Ал сізден өтінерім: Ырғыз дүкендерінен «ермен» деген шөпті сатып алыңыз».  
Бұл сөздерге қарағанда, оқу ісінің инспекторы Алтынсарин мырза болашақ маман-
дардың іс-тəжірибесіне қажетті мəселені де өзі бас болып қолға алып, шешімін табуға құл-
шына кіріскенін байқаймыз. Қандай табандылық, жанкештілік десеңші! 
Осы  айтылғандардың  бəрінен  түсінеміз:  Ыбырай  Алтынсарин – қазақ  жеріндегі  кə-
сіптік білім беру ісінің негізін қалаған аса ардақты тұлға, табанды қайраткер. 
Қалай болған күнде Ыбырай атамыз көзін тапқан кəсіптік білімнің бүгін де кеңге қа-
нат жайғаны мəлім. Ұлы педагогтың кəсіптік білім беру ісіндегі тағылымды қарекеті қазіргі 
таңда жаңаша мазмұн-сипатқа ие болып, заман талаптарына сай жалғасын табуда. Құдды 
Ыбырай дəуірі жаңғырып қайта оралғандай, қазіргі еңбек нарығы талаптарына сай, түрлі 
салада қызмет көрсете алатын мамандық иелеріне сұраныс артуда. 
Иə, ұлы Алтынсарин негізін қалаған кəсіптік білім беру ісі бүгін де лайықты жалғасын 
тауып, жандана түсуде. 
Жаңа  əлемдегі  жаңа  Қазақстанның  қарқынды  дамуы  кəсіптік білім  беру  ісінің  сапа-
лық деңгейіне тəуелді екені ақиқат. Сондықтан осы сала қызметкерлері Катаринскийдің А. 
В. Васильевке (Ы. Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін Торғай училищелерінің инспекторы 
болып тағайындалған) «Ыбырайша ойла, жұмыс істе, оның оқу-ағарту саласындағы идея-
ларын жалғастыра бер» – деп, айтқан сөздерін ескере жүрсе, ұтылма-сы хақ. 

115 
 
Қорыта  айтқанда,  Ыбырай  Алтынсаринді  тану  тек  халықтың,  қоғамның,  ғылымның 
ғана міндеті емес, оны оқып үйрену өзін мəдениетті, білімді санайтын əрбір азаматтың па-
рызы,  оның  ұлттық  көркемдік  түсінігін  тəрбиелеумен  өсудің – бір  құралы.  Сондықтан  да 
Ыбырай атамыз армандаған ұстаз қоғам талабына жауап бере алатын, бəсекеге қабілетті 
болуы тиіс.  
Ыбырай  Алтынсариннің 19-ші  ғасырдың  аяғында  өзінің  педагогикалық  қызметінде 
ұстанған принциптері 21-ші ғасырға аяқ басқан, бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қо-
сылуға ұмтылыс жасап отырған Қазақстанның қазіргі рухани-мəдени дамуында өзінің өзек-
тігін бір де бір жоғалтқан жоқ, керісінше, уақыт өткен сайын жаңа мазмұнға ие болып, жа-
ңара,  жандана  түсуде  десек  қателеслеспіз.  Бұл  ғылым  мен  білім  дамуындағы  сабақтас-
тықты жəне дəстүр тұрақтылығын тағы да дəлелдей түсуде. 
Ыбырай атамыздың оқу-тəрбие ісіндегі идеялары, көзқарастары əлі күнге дейін өзі-
нің  актуалдылығын  жоғалтқан  жоқ.  Атамыз,  бізге,  ұстаздарға,  яғни  өз  халқының  келешек 
ұрпақтарына  сеніп  кеткен.  Міне,  қазір  біз  Ыбырай  атамыздың  педагогикалық  көзқараста-
рының қанша уақыт өтсе де жанданып, жүзеге осы күнде асқанын айқын көріп отырмыз. 
 
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТƏРБИЕ МƏСЕЛЕСІ 
 
Рахимова Э.Е. 
«Қостанай қаласы əкімдігі білім бөлімінің №3 орта мектебі ММ» 
 
Əр заман, тарихи əр кезең əлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарық-
қа шығарып отыратыны мəлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқта-
жына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмса-
ған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың 
игілікті дəстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мəдени өміріне елеулі ықпал 
етіп келген. 
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ыбы-
рай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей тол-
қып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір 
сүрген  дəуірдің  мұрат-  мүдделеріннің  кəдесіне,  ұрпақ  тəрбиесіне  жарата  білген  тұлға. 
Бұдан бір ғасыр бұрын халықтың, əрбір адамның жарқын болашағын өнер-біліммен тығыз 
байланысты қарастырылған Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұрасында білім мен 
ізгіліктің  негізін  қалайтын  ұстаз  тұлғасы  туралы  өзінің  өзектілігін  жоғалтпайтынын,  қайта 
күн өткен сайын жарқырай түсетін идеялар мол жəне берері əлі де көп. Туған елін сүйетін, 
оның болашағы үшін жаны ауырған біртуар азамат Ыбырай Алтынсарин бір өзі қазақ ба-
лаларын, қазақ халқын білімге шақырған ол қиын жағдайда ауқымды да маңызды істерді 
іске асырды. 
Еңбекқорлылығы,  іздемпаздығы,  халқына  деген  шексіз  сүйіспеншілігі  оған  уақытта 
демеу болып, осы қасиеттері арқылы ол қажымай-талмай өзі ашқан мектептеріне оқу бағ-
дарламаларын құрастырып, соларды балалардың санасына құйып, тəрбиелеудің əртүрлі 
жолдарын ізденуден жалықпады. Бұл ізденістері оның еңбектерінде айқын көрініс береді. 
Сонымен  қатар,  Ыбырай  Алтынсарин  қазақ  халқының  тағдырына  ерекше мəн бер-
ген ұлы ағартушы-педагог. «Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларда, ауыл ша-
руашылық  академияларында  оқып,  білім  алуын,  өз  халқына  қызмет  етуін,  жаңалықты  іс 
жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін», – дей келе, қазақтың аса көрнекті аза-
маттарының бірі Ыбырай Алтынсарин өзінің ардақты борышы қазақ балаларын оқыту деп 
түсінді. 
«Тастан сарай салғызатын», «жылдам хабар алғызатын», «адамды құстай ұшы-
ратын», «отынсыз тамақ пісіретін», «сусыздан сусын ішкізетін» керемет күш -білім де-
ген Ыбырайдың ой тұжырымы бүгінгі заман үрдісімен үндес.  
Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан 
шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қа-
далып, жаулауы басталған-ды.Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан 
өткізіп жатты. Ауыр заманда білім алып, ат жалын тартып мінгесін-ақ Ыбырай Алтынсарин 
білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есепте-
ді. Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, ті-
лашар  ретінде  халықтың  ауыз  əдебиетін  пайдаланып,  өзі  де  ұрпақ  тəрбиесіне  арналған 
əдеби  шығармалар  жазды.Сол  əдеби  шығармалары  арқылы  тіршіліктің  өзекті  мəселерін 
көтеруге  бет  бұрды.  Ол  қазақтың  жазба  əдебиетінің,  əдеби  тілінің  негізін  қалаушылрдың 
бірі болды. Əдебиетке тың тақырыптар əкеліп, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, 

116 
 
соны бейнелер,  бұрын болмаған жанрлар  арқылы  əдебиетті мазмұн жағынан  ғана емес, 
түр жағынан да дамытты. 
Оның мазмұнды да мағыналы əсем лирикалық өлеңдері, қысқа да əсерлі əңгімелері 
қазақ əдебиетінің тарихында өшпес орын алады.Ы.Алтынсаринның көркем əдебиетті мек-
теп қабырғасында оқытуға байланысты қазақ балалары үшін ана тілінде «Қырғыз хресто-
матиясы» (Қазақ хрестоматиясы) атты алғаш оқулық жазып тəжірибеге енгізуі арнайы пəн 
ретінде оқытудың тұңғыш бастамасы болғаны аталады. 
Өзінің ағартушылық мақсаттары ана тіліндегі төл оқулықсыз жеткілікті дəрежеде жү-
зеге аса алмайтынын білген ұлы ұстаз оқу құралын жазу себебін мына жолдар арқылы тү-
сіндіреді: «Қазақ  халқының  сауатсыздығынан,  қазақ  тілінде  басылған  бірде-бір  кітаптың 
жоқтығынан оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда амалсыздан қазақ 
тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан шəкірттерге амалсыздан татар тілі-
нен ешқандай кемдігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келді. Екінші жағынан, 
татардың кітап тілі араб, парсы сөздеріне толған, сол себепті ол қазақтарға түсініксіз. Бұл 
тілде басылып шыққан кітаптардың бəрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан 
оларды  осы жағынан  алғанда  дүниялы  мақсаттарды  көздейтін  орыс-қазақ мектептерінде 
пайдалану қолайсыз». 
Оқулық жазуда автор:  
- оқу материалдарының оқулыққа балалардың жас ерекшеліктеріне, педагогикалық, 
прогрестік даму талаптарына сай сұрыпталынып енгізілуі; 
-  материалдардың  орналасу,  берілу  тəртібінің  тəрбиелік-өнегелік  тұрғыда  үлгі  бо-
луы; 
- оқушыға материалды меңгеруде баса назар аударатын мəселелерді қарастыруда 
оқытушының əрекеттері сияқты ұстанымды негізге алғанын көреміз; 
Осы  əрекеттердің  түп-төркіні  көркем  мəтінді  түсіндіруде  талдау  қажеттігі  жатқанын 
байқатады. 
Оқулықта балалар өмірінен, күнделікті тұрмыстан алынған əңгімелер, қазақ ақында-
рының өлеңдерінен, жырларынан үзінділер, халық даналықтары, мақалдар мен мəтелдер, 
И. Паульсонның хрестоматиясындағы балалар əңгімелері аударылып берілді.  
Жалпы білім беретін орта мектептегі оқу пəндерінің жетекші өлшемдерінің бірі – бі-
лім мазмұнының тəрбиелік, өнегелік, тұлғаны дамытушылық мəні дейтін болсақ, онда қа-
зақ  əдебиеті  пəнінің  белгілі  мазмұнының  негізгі  құрамдас  бөлігі  болып  саналатын  халық 
ауыз  əдебиеті  пəндік  бастаудың  бір  саласы  түрінде,  отаншылдық  сезімді,  азаматтық, 
имандылық,  гуманистік  дүниетанымды  қалыптастыруға  қызмет  ететін  тəрбие  құралы  ре-
тінде оқулықтан орын алды.  
Ыбырайдың əдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ хрестоматиясы" (1879) ағартушылық 
мақсатта  жазған  əйгілі  екі  өлеңмен  ашылыды.Ақын  бұл  өлеңдерді  өз  кезінде  "Сөз  басы" 
деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" де-
ген атаулармен мəлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған əдеби туындыларын да оқу-білімді 
насихаттаудың,  оқушыларды  білімге  қызығушылықтырын  ояту  үшін  ұтымды  əдісінің 
қажеттігін көрсетті. Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістік-
терін  насихаттай  алатын  қысқа  көлемдегі  поэтикалық  шығармалардың  айрықша  ұтымды 
екенін, əсерін терең сезінді, сенді. Қазақ жастарын білім алуға,мəдениеттің жаңа дəстүр-
лерін игеруге, бойға сіңіруге шақырды. 
"Кел,  балалар,  оқылық"  өлеңінде  ақын  қазақ  ауыз  əдебиетінің  дəстүрлерін  шебер 
пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып 
отырды. 
1)Істің болар қайыры 
Бастасаңыз алдалап. 
Оқымаған жүреді 
Қараңғыны қармалап. 
2) Надандықтың белгісі- 
Еш ақылға жарымас... 
Жөн білмеген адамға 
Қыдыр ата дарымас... 
Бұл өлеңдер халықтың күйін, сол кездегі жағдайын айқын көрсеткен. Балаларды бі-
лімге шақырып, білімге деген құштарлықтарын оятуға баулыған. Мысалы, мал байлығын 
салыстыру, надандық, еңбексіз байлықтың баянсыздығы т.б. 
Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты 
жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімге қолы жеткен халықтың экономикалық жа-
ғынан  озықтығын  əр  салада  көрсетеді.("Сарай  салғызды", "Айшылық  алыс  жер", "Көзіңді 
ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу", " Өнер-жігіт көркі", "Сіздерге бердім ба-

117 
 
тамды"  т.б.  Бұл  өлеңдерде  Ыбырай  балаларды  өнер  –білімге  қызықтыра  отырып, 
балаларды еңбексүйгіштікке баулайды. 
Ыбырай  Алтынсариннің  бір  алуан  өлеңдері  əлеуметтік  мəселелерге  де  арналған. 
Бұған "Өсиет өлеңдер", "Əй жігіттер" тəрізді т.б. өлеңдерін атауға болады. Мұндай өлең-
дері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты,астамсу, əділетсіздікті сынап, еңбек-
сіздікті,  естілікті  салттардың  зияндығын  көрсетіп,  адал-  еңбектің  адамгершілік  мінез-  құ-
лықтың артықшылықтарын бейнелейді. Мысалы: 
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен, 
Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен. 
Қорек тал бейнеттен де, тəңірім жəрдем, 
Телмірме бір адамға мұңдықпенен. 
Əй, жігіттер, үлгі алмаңыз 
Азған елдің ішінен 
Алыс- алыс қашыңыздар 
Зияндасты кісіден. 
Жақсыны көзден салмаңыздар, 
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар... 
Ыбырайдың  мұндай  өлеңдері  бүгін  де  ескерді,  мəн  –мағынасы  көнерді  деп  айта 
алмаймыз. 
Ақынның бірлі – жарым өлеңдері табиғаттың сұлу көрністерін суреттеуге арналған. 
Мұндай лирикалық өлеңдер Ыбырайға дейін қазақ əдебиетінде кездеспейтін. Өйткені пей-
заждық  лирика,  көбінесе,  жазба  əдебиетке  тəн.Табиғат  сұлулығын  жырлау – орыс  əде-
биеттінде,т.б. елдердің əдебиетінде ХҮІІІ ғасырдан келе жатқан белгілі дəстүрлердің бірі. 
Ыбырайдың  "Жаз", "Өзен"  өлеңдері  көркемдік  келісім  жағынан  (халық  өмірімен  байла-
ныс,өлкетану т.б.) оқушының жан дүниесінде жайдары сезім туғызып, көңілді əсер қалды-
рады. Табиғат көріністерін суреттеуі жағынан да Ыбырай мен Абайдың арасында үндестік 
бар. Олардың орыс əдебиетімен жақсы таныстығы көрінеді. 
Ыбырайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінен ақындық шеберлігі де көрініп тұр. 
Зерттеушілер  бұл  өлеңдердің  халық  арасына  кеңінен  таралғандығын  атап  көрсетеді. 
Сондай-  ақ  ағартушы  ғалым  бала  тəрбиесіндегі  ананың  еңбегіне  ерекше  мəн  беріп,  ана 
махаббатын терең сезіммен жырлап, сол арқылы баланың ата- ана алдындағы перзенттік 
парызын  есіне  салып,  ғибратты  сөздер,  пайымды  ойлар  айтқан.  Бұл  өлеңдерді  біз  бас-
тауыш сыныптардан-ақ жатқа айтып жүрміз. ("Бұл кім?, "Ананың сүюі", " Балғожаның ха-
ты"...) 
Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едəуір жақсы шығармалар қалдырған са-
ласының бірі- проза жанры болды.Оның " Бай баласы мен жарлы баласы", "Қыпшақ Сейіт-
құл", "Киіз үй мен ағаш үй", "Надандық", "Лұқпан хакім", т.б. бірсыпыра шығармалары қо-
ғамдық  өмірдің  əр  алуан  жақтарын  суреттеуге  арналған.  Бұл  еңбектерінде  жазушы  өз 
дəуірінің елеулі мəселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, 
тəрбиелеуді мақсат етеді. 
"Бай баласы мен жарлы баласы" – Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, бірін-
шіден,  озық  ойларының  жемісі  əңгіме  оқушысын  еңбек  етуге,  өмірін  сырын  ұғына  түсуге 
бағыттайды.  Үсеннің  іс  -əрекеттін  жазушы  сүйсіне  жазады.  Асан  мен  Үсенді  салыстыра 
отырып, олардың адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай бағалайды. Бұл əңгімеден 
сол дəуірден өмір көріністерін, көшпелі тұрмыстың беймаза тірлігін көреміз. Жарлы бала-
сы Үсен – тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп 
кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшке-
нін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен ең-
бекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан – өмір үшін күресудің жолын білмейтін, 
шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай бала-
сының  басына  күн  туғандағы  дəрменсіздігін  суреттеу  арқылы  жазушы  келешек  Үсендер 
жағында  екенін  аңғартады.  Сөйтіп,  жастарға  өмірден  еш  нəрсе  үйренбей,  жалқау  болып 
өскен  бай  баласындай  болмай,  қиыншылыққа  төзімді,  өнерге  бейім,  еңбек  сүйгіш  жарлы 
баласы Үсендей болып өсуді уағыздады. 
Ыбырай  Алтынсаринның  айтулы  шығармасының  бірі-"Қыпшақ  Сейітқұл".  Сейітқұл-
дың  іс-əрекетінен  оның  өмірге  жаңаша  талаппен  қарайтындығы  байқалады.  Жер  шаруа-
шылығымен  айналысуы,  бұл  кəсіптің  тиімді  тəсілдерін  қолдануы  (шығыр  салу,  арық  қа-
зу,т.б), сүйтіп, оның айналасындағылардың орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің, ең-
бектің нəтижесі екендігін сипаттайды. Əңгіменің тəрбиелік жағы-осындай жаңашылдық ба-
ғытында. Сол арқылы қоғамдық құбылыстармен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақса-
ты көзделген.Əрі бұл əңгіме тарихи болған оқиғаның негізінде жазылса керек. Оны автор-
дың өзі атап көрсетеді. 

118 
 
Көркем əдебиеттің күрделі жанры - əңгіме екені белгілі. Өйткені үлкен жанрдағы шы-
ғармаларға  қойылатын  талаптар  əңгіме,  новелла  тəрізді (1-2 эпизодтан  тұратын  көркем 
қысқа əңгіме) шағын шығармаларға да қойылады. Бұл тұрғыдан алғанда Ыбырайдың əңгі-
мелері түр мен мазмұн бірлігін сақтай отырып, негізгі мəселені жинақы, тартымды, əсерлі 
жеткізеді. Өзінің озық идеяларын жеткізуде жазушы халық тілінің байлығын шебер пайда-
лана  білді.  Оның  шығармаларының бұндай  қасиеттері  олардың  жастарға  да,  үлкендерге 
де ортақ екендігін көрсетеді. Ол əңгімелерді баланың санасына жеткізумен қатар оны əр 
бала  санасына  жеткізумен  қатар  оны  əр  баланың  жеке  іс-тəжірбиесімен  байланысты-
руына  мүмкіндік  береді.  Əңгімені,  не  мысалды  талдау  барсында  əр  балаға  «сіз  не  істер 
едіңіз?» деп, оны дəл сол оқиға жағдайына түсіру қажет етеді. Соның нəтижесінде əр оқу-
шы сын тұрғысынан ойланып, санасына ой түйеді. 
Белгілі  ғалым  Қажым  Жұмалиев: "Ыбырай  Алтынсарин  қазақ  əдебиетінде  көркем 
əңгіменің  негізін  салушы атасы болды.  Көркем əңгімелердің композициялық  құрлысынын 
шебер етіп құруда да оның өзінше еңбегі бар," – деп жазды. 
Бұл аталған ерекшеліктер жазушының барлық əңгімелеріне ортақ. 
Мектеп  оқулығы  үшін  жазылғандықтан,  Ыбырайдың  əдеби  туындылары  балалар 
дүниесіне  өте  жақын.  Сондықтан  да  ол  қазақ  балалар  əдебиетінің  атасы  деп  танылған. 
Оның  шығармалары  мұғалімдер  даярлайтын  оқу  орындарында  кең  көлемде  оқытылады. 
Мектеп  оқулықтарына  енгізілген.  Əңгімелерін  идеялық  нысанасы  жағынан  жүйелер 
болсақ,  еңбекті  сүю,  қадірлеу,  жақсы  мінез-  құлыққа  бағыттау,  халқын  сүю  махаббат-
мейірім (ана-бала) перзенттін парыз, т.б. өмірдің өзекті мəселелері қамтығанын көреміз. 
Жазушының  адамгершілік  туралы  идеялары  эстетикалық  тəрбиемен  байланыста, 
бірімен-  бірі  ұштастырыла  суреттеліп  отырады.  Оның  шығармаларынан  жазушының  биік 
адамгершілік қасиетін, азаматтың тұлғасын көреміз, сүйсінеміз. 
Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан-жақты таланты арқылы танылған Ыбы-
рай Алтынсарин шығармаларының қазақ əдебиеті тарихында алатын орны орасан зор. 
Қорыта  келгенде,  Ыбырай  Алтынсарин-  реалист  жазушы,  ағартушы  педагог,  қазақ 
балалар  əдебиетінің  негізін  салушы,  тіл  тазалығы  үшін  күрескер,  тұңғыш  кемеңгер.  Өзім 
қазақ тілі мен əдебиет маманы болғандықтан , «Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында өте-
тін сабақтарда оның тəрбие мəселесіне баса назар аударып, оның шығармаларындағы гу-
манизм мен патриотизмді алға тартып, оқушыларды ұлы педагогтың қағидаларын ұстана 
отырып, тəрбиелеуге тырысамын. 
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.  Ы.Алтынсарин тағылымы. Алматы, 1991. 
2.  Ы.Алтынсарин Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1994.  
3.  Ы.Алтынсарин.Таза бұлақ. Алматы, 1988. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет