СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
151
федерация Қазақстанның әр түрлі мекемелерімен, атап
айтсақ, қауымдастықпен, Білім министрлігімен, Еуразия
университетімен, сіздер сияқты келген кісілермен тікелей
байланыс жасап, олардан мәліметтер алып, жергілікті
ақпараттарға жеткізіп отыр. Менің ойымша, біздің шетелдегі
қазақтар осы жергілікті елге еш уақытта сіңіп кетпейміз. Бұл
жақта бізге де көмек керек. Ол қандай көмек? Бірінші, қаржы
жағынан, екінші, рухани жағынан. Қазіргі капитализм кезінде,
қаржы мен рухани – екеуі қатар жүреді. Кейде құрғақ сөз
ештенеге жетпейді. Ал кейде басынан сипаған жылы сөз,
қаржыдан да артық болады.
Қазақстанның көк байрағы мәңгі желбіреп, оның жылуы,
шуағы батыстағы қазақтарға жетіп отырса, біз еш уақытта
жаман болмаймыз, қиналмаймыз.
Тағы да бір басты мәселеге тоқталсақ, құдайға шүкір,
осында біздің елшіліктеріміз бар. Ол елшіліктерде сана-
сезіммен жұмыс істейтін еңбекқор азаматтар бар. Жалғыз олар
да ешнәрсеге қол жеткізе алмайды, өз жұмыстары бастарынан
асады. Әсіресе, мынау Вена - тоғыз жолдың торабы. Айтайын
дегенім, олар бізге көңіл бөлсе де, кейде көмек бере алады,кейде
бере алмайды. Өздеріне бөлінген бюджеттен артық кете
алмайды. Олардың да өз бағдарламалары, өз жұмыстары бар, біз
оны да білеміз, түсінеміз.
Біздің тілегеніміз, Қазақстан ақырындап Еуропада,
әсіресе, Париж, Лондон, Нью-Йорк, Вена, Берлин сияқты
үлкен қалаларда мәдениет үйін ашса. Мысалы, осы Венаның
өзінде қанша мемлекеттің меншіктері болса, соншама
олардың мәдениет үйлері бар. Бұл мәдениет үйлерінің
саясатпен жұмысы жоқ, елшілік те жасамайды. Олар тек өз
елдерінің мәдениеттерін, дәстүрін, ата салттарын көрсетеді.
Туризм
жайлы
мәліметтермен
таныстыра
алады.
Бұл
мәдениет үйлерінің тағы да бір міндеті сол жердегі қазақ
диаспорасының басын біріктіріп, соларға ұйытқы болады. Өз
үйлерімізде жастарымызға қазақтың тарихын, музыкасын
үйретіп отырамыз. Кезінде әкелеріміз біздің жүрегімізге
ұлттық намысты, сана – сезімді сіңіріп кетті. Сол намыс
бүгінде кеудемізде от болып лаулап тұрғандай. Егер біз де
балаларымыздың жүрегіне ұлттық намыстың бір шоғын ұялата
білсек, бір кездері ол шоқтың да лапылдап жануы сөзсіз. Біз
152
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
тұрып жатқан елде бүгінде капитализм, не нәрсенің бәрі ақша,
аттап қадам барсаңыз, ақша керек, бір жерге бара қалсаңыз
да ақшасыз жүруге болмайды. Содан кейде кейбір отбасылар
қаражат жағынан қысылады. Кезінде біз де Еуропаға екі
қолға бір күрек, - деп, келген қазақтарымыз. Түркияда тудық,
өстік, түріктің тәрбиесін алдық, сол жерде әскер қатарында
болдық. Кейін Австрияға келдік, бізді ешкім танып білмейді,
көшеде көрген адам сұрайды: сіздер қай елсіздер? - деп.
Біз түрікпіз дейміз. Сендердің түрлерін, өздерін түрікке
ұқсамайды, - ғой дейді. Содан соң, оларға түсіндіреміз, біздің
арғы ата-бабаларымыз орта Азиядан келген, - дейміз. Олар
айтқанымызды түсінеді. Ол уақытта қазақпыз деп аузымызды
толтырып айта алмадық. Қазақстан деген жеке мемлекет
болмады. Бұрынғы одақтың құрамында болып келді.
Кейін 1991-ші жылы Қазақстан егемендік ел болғанда,
жүрегіміз дір етіп шығысқа қуана қарадық. Бұл біздің –
қуанышымыз, мақтанышымыз болды. Батыстағы ақпаратқа
көшедегі австриялықтарға иығымызды көтеріп тұрып, біз
қазақпыз, осындай елміз деп, қуана айтатын болдық, құдайға
шүкір. Бұл сол кездегі алаш азаматтарының, Қайраттың т.б.
арманы еді-ау.
1991 жылы Қазақстанның егеменді ел болғаны бізге қатты
әсер етті. Бұрын қазақпыз десе, Отаны жоқ, ұраны жоқ, жалауы
жоқ қазақтар, енді көк байрақтың мәңгілік болуын тілеп, өз
алдына еліміз бар, жеріміз бар, жеке шаңырақ болдық деп
қуандық.
Содан Еуропадағы қазақтар не істедік, неден бастаймыз
дегенде, Еуропадағы тарыдай тарқап кеткен қазақтың басын
қайтіп қосасың. Жасы 40-тан асқандардың басын жинап қосуға
болады, ал жастардың басын қосу қиынға түсер деп ойладық.
Жастар үш елдің мәдениетінің ортасында өсті. Мысала:
түрік, қазақ, неміс немесе ағылшын, француз, швед. Бұларға
бір амалын табу керек деп ойлап жүргенде, футбол турнирі
басталып кетті. 1994 жылы Мюнхенде тұңғыш рет Франция-
Париж, Германия-Керн, Мюнхен және Вена қазақтары бас
қосып бір футбол тунирін өткіздік. Ондағы мақсатымыз-
жастар бір –бірін танысын деген ой. Қайда, жастар бірін-
бірі танымайды. Ол уақытта бүгінгідей мүмкіншілік жоқ
етін. Интернет, Фейсбук, Чат дегендер болмады. Содан
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
153
бұны Қазақстан естіп 1995-ші жылы Абай жылы болатын,
Алматыдағы орталық стадионда Абай футбол турнирі болып
өтті. Оған бізді де шақырды. Біз қуана-қуана бардық. Барлық
шығынды өзіміз көтердік. Бұнда тек жатар орынға ғана төледі.
Бірақ Қазақстанның да жағдайын түсінеміз. Содан бастап, бұл
футбол турнирін өткізу әдетке айналды. 2002 жылы Абдрахман
Шетін ағамыздың ұйымдастыруымен тұңғыш рет үлкен Керн
қаласында Еуропа қазақтарының құрылтайы болып өтті. Сол
жылдан бастап, құрылтай Берлин, Париж, Швед, Лондон,
Норвегияда, ал 2010 жылы Венада өтті. Бұған Қазақстан ат
салысты. Алматыдағы қазақ қоғам қауымдастығы арқылы
бізге әншілерді, бишілерді, одан кейін қазақ тілі қоғамынан,
көші-қоннан адамдар жіберді. Бұл бізді елегені, назардан тыс
қалдырмағаны, қазағымызға ие болғаны,-деп есептейміз. Мен
Қазақстанның саясатына ризамын.
Тағы да бір айтатын мәселе, әлемде диаспорасын көшіріп
алған үш ел бар. Олар: немістер, Израиль және Қазақстан. 2010
жылдың 10-шы айында Түркияда үлкен бір конференцияға
қатыстық. Сонда біздің Қазақстан бәрін қатырды, жақсы
болды, - деп жүрсек, азербайжан диаспора министрлігі,-деген
министрлік құрыпты. Олардың мәселелері бір министрлікте
шешіледі. Қазір біз проблемаларымызды шешу үшін, алдымен
Алматыдағы қауымдастығымызға жеткіземіз, одан соң Еуразия
университетінен келген зерттеушілерге, Білім және ғылым
министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне т.с.с. тоғыз есікті
қағамыз. Егер Қазақстанда қазақ диаспора министрлігі болса
жақсы болар еді. Қазақстаннан тыс 45 елде қазақ диаспорасы
бар. 5 млн қазақ сырттағы шет мемлекеттерде екен, бұлда аз
сан емес. 2010 жылы Қазақстан Президентінің төрағалығымен
ЕҚЫҰ (Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастықты
ұйымы) саммиті Астанада өтті, өте жақсы басқарды. 1999 жылы
Стамбулдағы жиналыстан кейін Еуропа Президенттердің
басқосуы, үлкен жиынның өтуі осы жолы болды. Астана
қаласында өткен ЕҚЫҰ саммиті жоғары дәрежеде өтті,
Қазақстанды бүкіл әлем танып, білді. Бұл жерде ЕҚЫҰ-да
істеп жүрген ЕҚЫҰ елшілігі және Қазақстандағы өкілетті
елшілігіндегі азаматтардың білімділігі, олардың білгірлігі мен
іскерлігін айта кеткен жөн.
154
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
2008 жылы Венаға Қазақстан халқы Ассамблеясының
өкілдері келді. Бұның ішінде болгар, неміс, орыс халықтарының
өкілдері болды. Солармен әңгімелесіп отырдық, олардың бәрі де
орыс тілінде сөйлейді екен.
Біздің шетелдік Қазақстанның ақпарат үйлерінде біз
көретін «Хабар» теледидарының «kazpionet» деген арнасы
бар. Біз соған өте ризамыз. Онда «сөз тапқанға, қолқа жоқ»,
«Сегіз қырлы», «Бармысың бауырым» деген бағдарламаларды
қызыға қараймыз. Жас бүлдіршіндерге арналған «Балапан»
атты бағдарлама өте қызықты, тартымды ұйымдастырылған.
Қазақстандағы аз ұлттардың барлығы қазақ тілінде сөйлеп,
қазақ халқының өнерін көрсетіп жатады.
Қысқасы, Қазақстанның даусы бізге де ақырындап жетіп
жатыр. Қазір интернет бар, КазТуб (KazTube) және тағы да бір
арна, сол арқылы Қазақстанмен тікелей байланыста болып,
жаңалықтарды естіп отырамыз, әзіл-сықақтарды көреміз,
«Бармысың бауырымды» қараймыз. Әйтеуір Қазақстанды
көріп, естіп отырғанымызға дән ризамыз. Сөз соңында айтарым,
шетелдегі қазақ болсақ та, өрісіміз өрлей берсін, бәріміз де
аман болайық. Тынысымыз кеңейе берсін, халқымыз бақыт
құшағына бөлене берсін. Көк байрағымыз мәңгі аспаннан
түспесін. Басқа азаттық ала алмаған халықтар да, азаттығын
алсын.
Тағы да бір есімде қалғаны, 1992 жылы Қазақстанға
құрылтай жиналысына бардым. Мұндағы әжелеріміз де барды,
олардың да Қазақстанда алғаш рет болуы екен. Содан табаққа
бірдеме салып, от тұтатып әкелді де, біздің басымызға қарай
жақындатып, отты шарпытты. Біздің қазақта от киелі екен
ғой. «Жаққан отың сөнбесін, ошағың өшпесін, түтінің түзу
шықсын»,-деген сөздер тегін айтылмаса керек. Сөйтсем жүрек
түбіндегі сезім оты бар ғой, ол сол екен. Ол кейде бықсып
жанады, кейде лапылдап жанады. Бұл тарихтың тағдыры екен.
Міне, сол от сөнбесін, ошақтар өшпесін, азаматтар аман болсын,
мықты болсын. Қайратты, білгір іскер азаматтар шыға берсін.
Сұхбатты өткізген Ботагоз Ракишева
Вена, Австрия, 2010 жыл
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
155
Профессор Ясиын Құмарұлы
Шинжияң қоғамдық ғылымдар академиясының
жанындағы «Шинжияң Қоғамдық Ғылымы»
журналының бас редакторының орынбасары.
(Үрімші, Қытай)
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ КҮН МЕН ОТ,
ЯҒНИ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АЛАШ
Қазақ рулары мен тайпаларының арғы тарихын зерттеуде,
ең алдымен олардың таңбалық белгілерін зерттеудің қажетілігін
алғаш аңғарған Н. Аристов болса, оның пікірлерін тереңдете
зерттеген С. Аманжолов болды. Олар белгілі бір атадан рудың,
одан тайпаның, одан тайпалық одақтың қалыптасу жолдарын
рулық таңбаларды зерттеу арқылы анықтауға болатынына
сенді. Әрі осы мақсатта негізгі тайпаларды анықтауға тырысты.
1
Осылайша таңбаны негіз ете отырып С. Аманжоловтың
зерттеуінше, қазақ қаңлы, қыпшақ, қоңырат, алшын, найман,
ошақты, шеркеш, есентемір, жұй, жағалбайлы, мансыз,
бағаналы, бекболат, шапырашты, сіргелі, шөмекей, жалайыр,
тарақты, саржормарт, шанышқылы, дулат, арғын, балталы,
қаракерей, уақ, сары үйсін, адай, матай, қара кесек, керей
сияқты көптеген негізгі тайпалардан құралған.
2
С. Аманжоловтың зерттеуі жалпы тұлғадан қазақ ру
таңбаларының типологиясына баса назар аударғандығы
байқалады. Өз басым егер таңбалардың көрінісімен қоса
оның мазмұндық (тарихи танымдық) ерекшелігіне де зерттеу
жасалған болса қазақ ру-тайпаларының тектестік негізі тіпті де
бекемделе түсер еді деп ойлаймын.
Қазақтың ру таңбалары мен ұрандарын зерттеу қазақ
шежіресін зерттеудің маңызды бір құрамдас бөлегі. Бұндай
зерттеуге қазақтың және басқа ұлттардың ертеден қазірге
дейінгі көптеген ғалымдары тыңғылықты зерттеу алып
барғандығы байқалады. Қазірге дейін қазақ ру таңбалары
қайдан келді, қазаққа ру таңбаларын кім жасап берген, оны кім
арнаға салған деген мәселе туралы алуан түрлы көзқарастар мен
пікірлер бары белгілі. Бұлардың бастылары мыналар; .
1 «Қазақ ру-тайпаларының тарихы – тама», алаш тарихи-зерттеу орталығы,
алматы, 2005-жылы, 1-том, 1-кітап, 25-бет.
2 Аманжолов. С, А. Вопросы диялектологии и истории казакского языка. –
АлмаАта, 1959, 13-14б.
156
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
1. Б.Радлов ел аузынан жазып алғаны бойынша; ру таңбаны
Оғыз ханның баласы және мұрагері Күнхан таратып берген.
2. Левшиннің
айтуынша,
қырғыздар
(қазақтар)
таңбалармен белгілерді моңғұлдардан алып, Орта Азияға ғана
емес Үндістанға дейін таратса керек.
3. И.Казанцевтің айтуынша, таңбалар мен ұрандарды
қырғыздарға (қазақтарға) Шыңғысхан таратқан.
4. М.Иванин мен А.Харузинның пікірінше, таңбаларда
Шыңғысхан тұқымынан тараған хандар әскерлеріндегі қырғыз
(қазақ) тайпаларының пайдаланған қаруларының түрлері
бейнеленген.
5. Л.Мейердің түсіндіруінше, таңбаларды малға белгі салу
үшін Тәуке хан таратып берген.
6. Тағы бір айтылымдарда қазаққа ру таңбалары мен
ұрандарын Майқы би үлестірген делінеді, т.б.
Қазақты құраған ру-тайпалардың арғы аталары әрбір
тарихи
дәуірде
әр
тайпалық-ұлыстың
бірілестіктердің
құрамында болғаны белгілі. Сонау біздің заманымыздың алды
артында сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, нүкістердің (ұлы
иүзлердің) және басқа да тайпалар мен тайпалар одағының
құрамында болған. Біздің заманымыздың бірінші мың
жылдығының орталарынан бастап екінші мың жылдықтың
басқы бірнеше ғасырларына дейінгі талай ғасырларда түрік
одағының құрамында болды. Одан соңғы сан ғасырда моңғұл
империясының құрамына енді немесе оған бағынышты болды.
Міне осы дәуірлерде қазақты құраған ру-тайпалардың бәрінің
өзіне тиесілі орны мен таңбасы болғаны белгілі. Алайда,
рулар арасындағы қосылу, бөліну және рулардың молайып
тармақталып отыруы сияқты себептерден рулардың аттары,
таңбалары, ұраны өзгеріп, жаңғырып, туындап отырғандығы
табиғи. Және бір жағынан түрлі тайпалар одағынан құрылған
тың бірлестік, яғни әкмият, ел арасындағы саяси, әкімшілік
және өріс-қоныс жақтарындағы мәселелерді жүйелі басқару,
біржақты етіп отыру (ел басқаруды) үшін әр дәуірде ру
таңбаларын реттеу, арнаға салу, мүмкіндігінше бұрынғы қалпын
сақтау негізінде қайта реттеп, заңдастыру жүргізілген болуы
да мүмкін. Міне, бұл қазақтағы қазаққа ру таңбалары мен
ұрандарын жасау мен үлестірудің белгілі жеке тарихи тұлғаның
атына байланысты болуының себебі еді. Осы жағынан алғанда
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
157
қазаққа ру таңбаларын Оғыз қағанның ұлы тақ мұрагері
таратқан; Шыңғысхан таратқан; Майқы би таратқан деген
айтылымдардың барлығының белгілі мағынадан негізі барлығын
байқаймыз. Алайда, бұл жердегі тарату бұрын таңбасы жоқ
қазақ руларына ру таңбасын жасап таратып беру емес, қайта
бұрынғы ру таңбалары негізінде сол дәуірдегі ел басылары
өзіне қарасты территория аумағындағы түрлі ру-тайпалардың
ру таңбаларын бұрынғысы негізінде қайтадан ретке тұрғызып,
жүйелендіріп, тұрақтандырған немесе заңдандырған.
Рулардың, ру таңбаларының және олардың тармақ та-
луының қиыр шығыстағы нақтылы дәлелдерін біз қытайдың
кіндік
жазығындағы ең байырғы қағанат Шаңдардың
(б. з.б.17-ғ. б. з.б.11-ғ. ) ру және ру таңбаларынан байқай аламыз.
Ескерерлік жайт – осы Шаңдарды көптеген қытайтанушы
ғалымдар қытайдың орта жазығына терістіктен келген көшпелі
тайпа деп біледі. Ғалымдар Шаңдардың қабірлерінен қазып
алынған қола бұйымдардағы таңбаларды ру таңбалары деп
таниды, әрбір қабір тобынан қазып алынған қола бұйымдардағы
ру таңбалары бірыңғайлық танытқан. Әрі жақын орналасқан
қанаттас қабір топтарынан табылған қола бұйымдардағы ру
таңбаларының өзара байланыстылығы, оларда үлкен рулардан
тармақталған шағын рулардың таңбаларының үлкен рулардың
таңбаларының негізін сақтап, жартылай өзгертіліп жасалғандық
байқалады. Бұндай заңдылық қазақтың ру-тайпаларында таяу
заманға дейін жалғасқаны белгілі. Мысалы, ұлы жүздегі дулат,
албан, суан, қаңлы, сиқым тағы басқа рулардың барлығының
таңбалары күн таңбасынан () тарамдалған. Бұл туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлы: «600 жылдан бері мұсылман жұртына
кірген крайт яғни керейлер тіпті ескі замандағы кіреш таңбасын
салады. Қазақтың көбі ескі таңбасын салады. Кейбіреулері оған
бір сызық қосады. Ол бір рудан шыққан тағы бір таптың белгісі.
Яғни бір ханнан бір ханға қарағандағы белгісі болады» деп
жазады.
3
Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл баянында екі маңызды
түйін бар: бірі, «Қазақтың көбі ескі таңбасын салады» деу.
Жалпы ру таңбасының өзгеру, қалыптасу жағдайына қарағанда,
қазақтағы бір рудың таңбасы оңай өзгере салмайды. Тіпті, ол
тұрақты күйін сақтайды. Өйткені таңба көшпелілердің ірқара
3 Шәкерім Құдайберді ұлы: «Түрік, қырғыз, қазақ әм хандар шежіресі».
158
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
малдарына басылады, өріс-қоныстарына тастарға қашап
салынады. Ол рудың шежіресімен, ата жолымен ұласып жатады.
Ал мал да, өріс-қоныс та, шежіре мен ата жолы да бір мезеттек
нәрсе емес. Ұзақ уақыттарға жалғасатын дүние. Сондықтан
оның тұрақтылығы көшпелі өмірде аса маңызды.
Шәкәрімнің сөзіндегі тағы бір түйін, «Кейбіреулері оған
(бұрынғы таңбасына) бір сызық қосады. Ол бір рудан шыққан
тағы бір таптың белгісі. Яғни бір ханнан бір ханға қарағандағы
белгісі». Бұл қазақ руларында тармақталу болғанда, тіпті
алмағайып заман болып хандық алмасқанда да таңбалардағы
өзгерістің жалпы тұлғасын сақтап, болымсыз (бір сызығында)
ғана өзгеріс жасайтындығын ұғындырады.
С. Аманжолов: «Қазақ руларының кейбірінде қосынды
«+» түріндегі рулық таңбалардың кездесуі де қазақ руларының
шығу тегін тәңірге табыну дәуірінен іздестіруге итермелейді.
Мұндай таңбалар қазақтың төрт қара, телеу, сіргелі, керей, адай
тәрізді руларында кездесетіні белгілі» деп жазады.
4
С. Аманжоловтың жоғарыдағы баяны аса көрегендік
екені белгілі. Ғалым егер + таңбаларының тегі мен
мәнінің бір нәрсе екендігін байқаған болса, онда қазақ ру-
тайпаларының тегін таңба негізіндегі зерттеуінде жалпы қазақ
ру-тайпаларындағы үлкен тамырластықты байқаған болар еді.
Қазақ
ру-тайпаларындағы
тектестік
мәселесін
кем
дегенде мынадай үш түрлі фактор негізінде қарастырған жөн:
біріншіден, жоғарыдағы ғалымдар айтқанындай ру-тайпа
таңбаларындағы жақындық; екіншіден, ру-тайпа атындағы
жақындық; үшіншіден, шежіре немесе тарихи жазбаларда
байқалған жақындық.
Осындай тамырластықтың ең тереңіне бойлап, бір
түйіннен тұтасқан тұсын қазақтың тегі және танымымен
егіз пайда болған күн мен от туралы ұғым мен бейнелеуден
(таңбаларындағы) байқай аламыз.
+
卍
⊙
⊝ ☼ ⊕ ⊞ ⊠ ⊟ ◫ таңбалардың бір ерекшілігі
дүниенін қайсы бір аумағында болсын бір-біріне жуық болып
табылады.
Осылардың ішіндегі , ,+, немесе
☼, 卍 көбінде бір
жерден табылады. Біз осы сырлы да киелі таңбалардан (,
4 Аманжолов: С, А. Вопросы диялектологии и истории казакского языка. –
Алма-Ата, 1959, 12-14б. .
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
159
,+,
) мынадай бірнеше түрлі таңғажайып ортақтықты
байқамыз:
(1) Жартас суреттерінде немесе басқа бейнелеулерде бұл
екеуі қатар жүреді, немесе ⊕
⊞ көріністерде +, таңбалар
таңбаның ішіне орналастырылады.
(2) Керей таңбасын бір бөлім ғалымдар + немесе түрде
көрсетсе, енді бір ғалымдар
◫ күйінде берген (бұл күнді
білдіретін
⊙
таңбадан келген. Қытай иероглифінде күн
дегенді білдіретін
⊟ көріністегі әріп бар, ол да
⊙
таңбадан
келген), тағы бір ғалымдар алау немесе күннің бейнесінде ( )
берген. Осылардың қай-қайсы да кездейсоқтық емес. Бұл
осы таңбалардың мағыналастығын (от, күн) ұғындырадды.
Шәкәрім бұл таңбаны арғы заманнан келген таңба деп біледі: «...
керейлер тіпті ескі замандағы кіреш таңбасын салады» дейді.
(3) Түркі руникалық таңбаларының орхон-енисей нұсқа-
ларында + үш таңба ұқсас бір дыбыс (д) орнында, бір
иероглиф ретінде жұмсалған. Бұл от пен күнге қатысты осы
үш таңбаның бірлігінің, біздің ата-бабаларымыздың осы
таңбаларды әлмисақтан мазмұндық жақтан ұқсас санап, ұқсас
пайдаланып келгендігін дәлелдейді.
(4) Албанның таңбасы
«Абақ» делінеді. Ал +
таңбалы
керей «Абақ керей» делінеді. Қазақта ру атының ру таңбасына
байланысты болу жағдайы жиі ұшырайды. Осы мағынадан
алғанда +
таңба да
сияқты «Абақ» делінгені мәлім. Демек
«Абақ керей» деген «Абақ таңбалы» керей дегендік. Керейдің
ендігі бір тармағы Ашамайды керей де таңбаның көрінісін
ашамайға ұқсатудан келгені мәлім. таңбаны «ашамай» деп
алуы тармақ ру атын абақ керейден парықтау үшін ғана болған.
Іс жүзінде ,+, бәрі бір нәрсе – «Абақ» немесе «Күн, от».
+
таңба да,
таңба да ежелгі дүниеде күн белгісі
саналған.
5
Жоғардағы осы таңбалардың күнге, отқа, жарыққа
байлыныстылығы туралы «Күн таңбалы күн елі» аты мақаламда
баяндаған болатынмын.
6
Сонымен қазақ ру таңбаларында басты орында тұратын +
(от, күн),
(күн), I (от көсейтін көсеу) таңбаның үшеуі де отқа,
күнге байланысты.
5 何新:《诸神的起源》(Тәңірлердің төркіні),时事出版社,2002年,147页。
6 Ясиын ҚҰМАРҰЛЫ: «Күн таңбалы күн елі», «Алаш», 2008-жыл, №5, №6
сандары.
160
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Шәкәрімнің: «... крайт яғни керейлер тіпті ескі замандағы
кіреш таңбасын салады. Қазақтың көбі ескі таңбасын салады.
Қай біреулері оған бір сызық қосады. Ол бір рудан шыққан
тағы бір таптың белгісі. Яғни бір ханнан бір ханға қарағандағы
белгісі» дегеніндей, тұтас қазақ ру-тайпаларының таңбасының
басым көп бөлегін осы бір мазмұндағы (отқа, күнге байланысты)
үш таңбадан таратуға болады.
1. күн таңбасынан туған таңбалар:
⊙
☼ ⊟ ∞ ♂ ⊗ ⊕ ∅
⊟ ◫
♀ ☿ ♁ сияқтылар.
2. от(нұр) таңбасынан туған таңбалар: +XYyVT
⊢⊣ ┬ ┴
╪ ╫ ╨ ╥╟ F
≠ ‡ ⊗ ⊕ ♀
сияқтылар.
3. от (нұр) пен күннің таңбасынан бірігіп туған таңбалар: ⊕
♀ ☿ ♁ сияқтылар.
4. от көсейтін көсеу таңбасынан (көсеу немесе әліп) туған
таңбалар: IᄼᄾⅢⅡ
≡ = сияқтылар.
Жоғарда көрсетілгендей түркі руникалық таңбаларының
орхон-енисей нұсқаларында + таңбалардың ұқсас
бір дыбысты бейнелеуі мен керей таңбасында отқа, күнге
байланысты
,+,,
◫ төрт таңбаның түгел байқалуынан
басқа да бір бөлім рулардың таңбасында осы сияқты
тектес таңбалардың аралас қолданылуынан жоғарыдағы
көзқарасымыздың дұрыстығына көз жеткізе түсеміз:
Кете руының таңбасы: +, ; Сіргелі руының таңбасы:
+
, ╫, ≠, ⋕; Уақ руының таңбасы: +, , Y; Қаракерей руының
таңбасы:TV; Телеу руының таңбасы: +, X, T,
⊢, ⊣ (Телеудің
төрт тармақ руының бірі «керейлі» руы); Төрт қара таңбасы: +,
T,
⊢; Үйсін руының таңбасы: ≋, +, және ; Сары үйсін руының
таңбасы: +, және ; Шекті руының таңбасы: + (Бұл ашамайлы
сияқты таңбаның атымен аталаған ру).
Табынның ру аты да, ұраны да, таңбасы да күнге
байланысты. Табын руының таңбасы: табын қазақ ұғымында
қоралы қой, немесе қоралы мал мағынасын береді. Ерте кезде
қора, қорғаннан тартып қоныста тігілетін ауыл үйлеріне дейін
дөңгелене орналасатын салт болған. Қазақта мал қорасы да
дөңгелек болған. Сондықтан Таңбаны табын атау орынды.
Демек бұл таңбаның () атымен аталған ру аты.
|