СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
171
жалдайтын болсаңдар, ең болмағанда оларды тамақтандыруды
ұмытпаңдар делінген. Онда сонымен қатар, соттардың қалай
өткендері туралы да сипатталған. Айтарлық әрбір сот төрт
құрамды адаммен өту керек болатын, оның ішінде үштен кем
емесі орыстар және біреуі ғана қазақ болатын. Қазақ сотқа
барса, егер де онда оған қарсы дау болса, немесе ол бір нәрсеге
ашуланса, онда ол ұтылу қажет болатын, яғни бұның бәрі
заңмен тіркелген болды. Қазақ өзінің дауында ұтылып қалса,
ол материалдың ірі бумаларын, қаншама килограмм бидай,
жылқы беруге, оған қоса әйелін бір аптаға қызмет атқаруға
беруге міндетті еді. Патшалық Ресейдің саясатына қарамастан,
қазақ халқы өте жылы шырайлы, бәрін ұмытқан. Олар барлық
халықтармен бейбіт өмір сүреді, Қазақстандағы және шетелдегі
көптеген халықтар арасында аралас некелер көп. Біз Ресей
империясына қосылу кезінде 12 млн. қазақтарды жоғалттық
және оған қоса, кеңес уақытында 2 млн халықты қосыңыз.
Сонда қазақтар АҚШ-та 20 мыңға жуық па? Бұған біздің
студенттерді қосқанда ма?
70%
әрине,
студенттер
құрайды.
Олардың
көбісі
«болашақпен» келгендер, бірақ өз бетінше келгендер де бар.
Еш нәрседен тайынбайтын адамдар да бар, ақшасыз келеді де,
жұмысқа тұруға талпынады, бірақ шындығында бұл әрқашан
іске аспайды. Мысалы, қазір мұнда визаны бір күнге жылжыту
заң бұзушылық болып табылады, құжаттарды талап етуге түсіп
қалғандар түрмеге қамалады. Егер мұндай жағдай туындаса,
әдетте жастар бұл туралы Қазақстандағы ата-аналарына
айтпайды, бірақ бізге сыбыстар жетіп жатады, біз оларға
көмектесуге тырысамыз, әйтсе де, бұл мүмкін емес. Заңдар
мұнда қатаң орындалады Техас штатында, ең мықты және қатаң
заңдар. Кепілдік төлеу үшін және түрмеден шығу үшін, соттық
шығындарға ақшалай шығындар туралы айтпағанда кейде 10
мың долларға дейін керек. Адам бірден кетіп қала алмайтын
жағдайда, бірнеше жылға созылуы мүмкін сотқа қалады және
адам сол уақытта түрмеде отыруға тиіс болады.
Біздің диаспорамыздың арасында әр түрлі дінді ұстанатын
адамдар бар, христиандар, олар орыс шіркеуіне барады,
католиктер де бар. Мен олардан сіздер қалай католик
болдыңыздар деп сұрадым. Олар біздің тәуелсіздігіміздің
таңында Америкадан миссионерлер келгенін, өте кең пейілді
172
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
адамдар оларға осы дінге өтуді ұсынғанын айтады. Кәріс
шіркеуіне баратын адамдар да бар. Бірақ ерекше дін ұстанатын
адамдар біздің диаспорамызда жоқ.
Қазақтардың 100% мұсылмандар ма?
Олай айтпас едім, бірақ әрине көп бөлігі. Біздің
мәдениетімізде, шындығында, әйелдердің бетін жауып жүргені
болмады, олар басқа мұсылман ұлыс елдеріндегідей қысым
көрсеткен жоқ
.
Бізде халық тарихында ондай болмаған. Құрбан
айтта жиналып бізде, ораза ұстайтын кейбір адамдар бар.
Түрік қазақтары да сондай ма?
Түрік қазақтары әр түрлі. Біз сияқты басын орамайтын
түрік қазақ әйелдері бар. Бізді кейбір түрік ұйымдарына
шақырған кезде басын орап жүретін, өздері тізеге дейін
жамылғы кигендерді көрдік, олар ерлерден бөлек отырады.
Негізінен ерлер сөз сөйлейді, әйелдер өз арасында сөйлеседі.
Біздің қазақтар, бұрынғы қазақстандықтар келген кезде олар
үстелге әйелдер, ерлер, балалар, қыздар аралас отырады.
Ислам мешіті бар ма?
Олар қалада бірнешеу, сонымен қоса, афро-америкалық
мешіттер де бар.
Отбасыларда қазақ мәдениеті сақталған ба?
Қатты сағынып жүрген адамдар сақтаған. Маған келген
менің достарым үйімді қазақ стилінде екенін айтады. Домбыра
бізде барлығымызда бар. Бәріміз жиналған кезде халық
әндерін айтамыз. Үстелде бесбармақ, манты және басқа да
тағамдар беріледі. Қазы, ет мұнда жоқ, жылқы етін Америка
заңы бойынша сатуға рұқсат етілмейді, ал Канадада оны сатып
алуға болады. Жылқы етін мұнда тек қазақтар ғана емес,
сондай-ақ итальяндықтар, француздар, филиппиндықтар,
кәрістер, жапондықтар да жейді. Бірақ американдықтардың көп
бөлігі жылқыны адамның досы деп қарайды, жылқы етін жеу
рақымсыздық деп санайды. Сонымен қатар, олар суретте тамақ
ретінде берілген қойдың басын көрсе қорқады, алайда, олардың
өздерінің христиандық отбасыларында торай қуырылып,
тамаққа басымен толықтай беріледі. Бұғы етін сатып алуға
болады, ол аздап жылқы етіне ұқсайды.
Неке мәселесі қалай?
Бізде қазақ қазаққа үйленетін некелер өте аз, бірақ
соңғы кезде 2 үйлену тойы болды. Негізінен біздің қыздар
американдықтарға тұрмысқа шығады.
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
173
Сіз қалай ойлайсыз, 20-30 жылдардан кейін қазақтар
АҚШ-та қала ма?
Маған мұнда білім жүйесінде жұмыс істеуге мүмкіндік
туды, менде 6-ға жуық американдық лицензиялар бар, олардың
ішінде 3 білім саласында. Менің тәжірибеме сәйкес, бұл
елдің мәдениеті мен білімі, олардың білім жүйесі адам өзінің
мәдениетін, тамырын ұмытуға негізделетіндей етіп құрылған.
Олардың отбасылық құндылықтары, дәстүрлері басқаша, көп
жақсылықтары да
бар. Мұнда көшіп келген адамдар негізінен
сіңісіп кетеді деп ойлаймын.
Мұнда диаспорада барлығы Отанына, Қазақстанға барғысы
келеді. Оларға біз елді құрдық, ал сендер қашып кеттіңдер,
кетіп қалдыңдар деп айтса олардың біразы ренжиді. Негізінде
көбісі Кеңес өкіметінің құлауына дейін көшіп келген, бұл
көптеген ғалымдар, музыканттар Қазақстанда өмір сүруіне
мүмкін болмаған кезең еді. Мұнда көшіп келіп олардың кәсіби
жұмыс істеуге мүмкіндік алды, және олардың өмірлері тым
қиын болды. Яғни мұнда әрбір күні ең жақсылардың бірі
болуы керек. Сенің артыңда сенің орныңа үміттеніп тұрған
20 жуық адам бар, сен өте мықты, өзіңе сенімді болуың керек,
өзіңнің ішкі күшіңді, өзіңнің білім деңгейіңді тануың қажет,
егер де жоқ болса, уйрену керек. Барлығын максималды жасау.
Әрбір айда 2 мың доллардай төлемдер келеді, егер де адам оны
төлемесе, оны далаға қуып шығады. Бізде тұруға көмектесетін
ешбір ұйым жоқ. Басқа ұлттарда бар, мысалы, кәрістерде –
кәріс шіркеулері, қалмақтарда – Нью-Джерсидегі шіркеу, 5
хурулдар, татарларда – өте үлкен қауымдастық, өзбектерде де
–үлкен қауымдастық бар, ал қазақтарда ештеңе жоқ.
Ал түріктерде бар ма?
Түріктерде бар. Тағы да жас қазақтар өздерінің
ұрпақтарымен, түрік студенттерімен ортақ тіл табысады, ал
біздің ересек қазақтар онша емес, себебі оларда діншілдік
қатты дамыған, біздің әйелдер бұған үйренбеген. Біздің қазақ
қыздарымыз әдемі киім кигенді, шашын сәндегенді ұнатады. Ал
діндар түрік әйелдері боянбайды және барлығы бірдей киінеді.
Мұнда мекен-жайға төлемдер ірі, ал киім мен тамаққа
шығындар аз кетеді. Егер жер шарына қарайтын болсақ,
адамдар жер шарының басқа жағында аяқтарын жоғары
қаратын жүр деп әзілдеп а
і
туға болады. Мұнда баланс та
174
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
барабар басқаша, толығымен қарама-қарсы. Жалпы қазір
қалай екенін білмеймін, бірақ кеңестік кезеңде көп ақша
тамаққа және киімге кететін, пәтерге аз кететін. Мұнда бәрі
керісінше, барлық ақша мекен-жайды төлеуге кетеді. Мұнда
жеңілдікпен жақсы заттар алуға болатын брендтық дүкендер
бар, бірақ адамдардың оған қарауға мұршасы жоқ. Бастысы
– қарыздарын төлеу, әсіресе, баласы немесе қызы колледжге
барса, барлық табысы тап-таза жоқ болады. Балалар колледжге
барса, егер де сен миллионер немесе жәрдемақымен күн
көретін тым кедей болсаң жақсы, өйткені оқуға ақшаны
мемлекет төлейді. Бірақ бұл өте кемсітетін үрдіс, қосымша
қаншама анықтамаларды толтыру керек, сосын колледжді
бітіргеннен кейін студентті жақсы жұмысқа алмауы мүмкін,
әрине егер де ол данышпан болмаса. Меніңше, диаспорада
жәрдемақымен күнкөретін адамдар жоқ.
Менен кейде мұнда неліктен Қазақстанның аумағы
сондай үлкен деп сұрайды. Мен әрқашан былай жауап
беремін: біздің халқымыздың қайсарлығы арқасында олар
территорияға таласқан барлық жауларды қуып жіберген.
Өзіңнің дәстүрлеріңе қарамастан, қайткенмен де, бұл елде
олардың заңы бойынша өмір сүру керек. Бірақ біздің жаңадан
келушілеріміздің
арасында
кейде
жергілікті
заңдарды
бұзатын, олар туралы біліп алуға тырыспайтын адамдар
бар, сол себепті олар қиын жағдайларға тап болады. Басқа
мәдениеттермен қондырылған айырмашылықтарды сіздер
сияқты әлеуметтанушылар көрсете алса, жақсы болар еді,
себебі, мұндағы батыстық мәдениетке 300 жылдан артық уақыт
болған. Мәдениеттің сыртқы жағын, оның үстіңгі қабатын
ашық қабылдау жеткілікті емес деп ойлаймын, бұл елге көшіп
келерден бұрын оның заңдарын білу қажет еді, оған қоса,
адамдарда өмір сүруі үшін үлкендерге, әдемі қазақ дәстүрі
мен мәдениетіне деген құрмет ретінде өзінің тамырын, жақсы
қасиеттері мен дәстүрлерін сақтау керек.
Қандай да бір заттар ұрпақтан-ұрпаққа беріле ме?
Иә, бұған қамқорлық танытататын отбасылар көп,
балаларымен тек қазақша ғана сөйлейді. Оған қоса дерлік
олар өздерінің әндерін айтады, мерекелерге барады және
Наурызды тойлайды. Егер де адамдар Наурызға жиналса,
кейбіреулері көже дайындайды. Мұнда сен көп тұрып жатқан
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
175
кезде отандастарыңды кездестірген, адамдар саған қуанышты
болатын орындар мен кездесулерде болу өте жанға жайлы.
Өзіңіз туралы айтып беріңізші.
Мен 20 жыл бұрын Кеңес Одағының құлауы кезеңінде
мұнда көшіп келдім. Мен Мәскеуде тұрдым, Ресей азаматы
едім. Менің маңайымдағы адамдар сол кезде саясатты жақсы
түсінетін, ол кез қайта құру кезеңі еді. Әрбір тазалаушы
барлық депутаттардың атын, саясатта не болып жатқанын
білетін. Ақша құнсызданып, девальвация болған еді. Тамаққа
ақша жетпеді, жалақыны ішінара арақтың талонымен төлеп
отырды. Өте көптеген адамдар сол кезде қирау болатынын,
елдің құлайтынын түсінді, және біздің достарымыздың және
таныстарымыздың көбісі өмір сүруге қаражат іздей бастады,
кейбір ғалымдар зат сатумен айналыса бастады. Мәскеуде
тұрған және аспирантурада оқыған немесе жұмыс істеген
адамдар өздерінің жұмыстарын тастап, егер де шет тілін білетін
болса, қандай да бір шетелдік компанияда орын табуға ұмтылды.
Бұл қирау еді және бұл жағдайда бірдеңе істеу керек еді. Сол
кезде көбісі шетелге кетуге талпынып көрді. Міне, осы ағыммен
мен де шығып кеттім, бірақ мұнда өмір өте қиын болды.
Негізінде, көшіп кеткендерді жақтай отырып, айтқым
келетіні, менің көшіп кеткеніме, шетелде 20 жыл тұрғаныма
қарамастан, мұнда менімен танысатын кез келген адам менің
қазақ екенімді біледі. Еріксіз түрде біз, осы жердің қазақтары
басқа адамдар үшін қазақтардың бейнесі болып табыламыз.
Бізге басқа халықтар арасындағы бәсекелестікте күресу
керек. Бізде диаспорада көптеген жетістіктер бар, әйтсе де,
барлық адам бұл елде жетістікке жеткен жоқ, дегенмен, іргелі
университеттердің факультетінің құрамына кіргендер бар,
мәселен, рак ауруларын зерттейтін бір профессор бар. Оны
мұнда қатты бағалайды, сонымен қатар, біздің биохимиктер де
сәтті жұмыс атқарады. Нанотехнология саласында 6 жаңалық
ашқан химик бар. Бұл бірнеше жыл бұрын болатын.
Қазақ па?
Иә, Қытайдың қазағы, оның анасы – қырғыз. Ол
қазақша сөйлейді. Ол өзі американдық қытайға үйленген, үй
сатып алған, екі баласы бар, балаларын ол қазақша атапты:
Айгүл және Марат. Мұнда көп адамдар такси жүргізушісі,
дүкендегі сатушылар болып жұмыс істейді, алайда ешкімнің
176
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
ұсынысынсыз банкте жұмыс істейтін жігіттер де бар, олар
өздері жұмысқа келісім бойынша барған.
Сіз PhD осында қорғадыңыз ба?
Жоқ, мен Мәскеу консерваториясының аспирантурасын
бітірдім, 12 жыл Мәскеуде оқыдым. Маған американдық
компания музыка философиясының докторын дипломдардың
баламасы бойынша берді. Мен орындаушылық аспирантураны
бітірдім, жеке концерттермен қатар, біз онда ғылыми зерттеу
жүргіздік.
Мен кәсіби пианистпін, концерттерге шығамын, сабақ
беремін, сонымен қатар, Қазақстан мәдениеті мен дәстүрі
бойынша дәріс оқимын, ұлттық киімде домбырада ойнап, ән
саламын. Мен сіздерге Карнеги Холлда өткен соңғы концерттің
бағдарламасын алып келдім. Біз Америкада 18 концерт өткіздік,
оның бесеуі Карнеги Холлда өтті, ал мынау кітапханадағы
дәрістердің соңғы бағдарламасы. Келесі бетінде менің
өмірбаяным берілген.
Мақалалар жазасыз ба?
Иә, мен кейде мақалалар жазамын, бізге «Вашингтон
пост» газеті, кейін Нью-Джерси газеті назар аударды. Олар
Қазақстан туралы 20-100 сөзде жалпы ақпарат жазып беруді
сұрады немесе кейде ұйым атынан телефон соғып, сөз
сөйлеуді сұрайды. Мұнда біздің әртістеріміздің ұлттық киімде
домбырамен шыққандарын қатты ұнатады, көбісі ешқашан
домбыраны көрген емес. Оларға біздің костюмдеріміз ұнайды,
олар сондай сәнді, жылтыраған.
Сіздер костюмдерді осында тіктіресіздер ме?
Көбісін Қазақстаннан алып келеді, ал менің көйлегім
осында тігілген, желетке анамнан мұраға қалған.
Ата-анаңыз туралы айтып беріңізші.
Анам 2003 жылы қайтыс болды. Әкем 6 жасымда қайтыс
болған. Ол Ұлы Отан соғысы кезеңінде бірінші қазақ комиссары
болған. Ол адамдарға көп жақсылық жасаған, Көктөбедегі
жолды салған, Ыссықтағы жол өзінің жеке жетекшілігімен
салынған, ол жақта барлық адамдар оны біледі, әндерін айтады,
Алматы жанындағы 6 кіші қалаларда көшелерге Алханбек
Мәлкеев аты берілген, сонымен қатар, Ыссық қаласында
Алханбек Мәлкеев атындағы лицей бар.
Сіз алдымен Мәскеуге оқуға бардыңыз ба?
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
177
Алдымен мен 6 сыныпқа дейін музыкадан 4 жыл ішінде
5 сыныпты өткен К.Бәйсейітова атындағы мектепте оқыдым,
кейін Мәскеуден комиссия келіп, Мәскеу мектебіне емтихан
тапсыру үшін үш баланы іріктеп алды. Біз үшеуіміз тапсыра
алмай қалдық, ал үшіншіні бір сыныпқа төмен оқуға алмақшы
еді, бірақ ол қазақстандық неміс Женя Ванглер ол жақта өте
жоғары деңгейде болса да, бір жылын жоғалтқысы келмеді. Бізді
ертіп әкелген мектептің оқу ісінің меңгерушісі республикадан
үш бала алып келгенін, олардың біреуімізді алу керек екенін
айтты. Олар онда мына кішкентайды алайық деді. Осылайша,
менің жолым болды. Мен мектепті бітірдім, менің теория мен
сольфеджиодағы алғашқы бағаларым екі мен үш еді, бірақ
мектепті тек екі төртпен ғана бітірдім, ал қалған пәндердің
барлығын өте жақсы тапсырып шықтым. Екі пәннен мен бес
плюсімен алдым: орыс тілінен шығарма жазуда, өйткені мен
шығарма жазу үстінде өлең шығарып жібердім, және неміс
тілінен, себебі, өте жылдам сөйлейтінмін және ешкім менің
арнайы мектепті бітірмегеніме сенбейтін. Мүмкін біз екі тілде
сөйлейтін болғандықтан ба, шет тілін үйрену бізге оңай болды.
Мәскеу консерваториясын қызыл дипломмен бітіруге маған бір
балл ғана жетпей қалды.
Неліктен Сізде Ресей азаматтығы болды?
Консерваторияны бітіргеннен кейін мен тұрмысқа
шықтым, күйеуім қазақ болды. Ол Мәскеу университетіне
республиканың жолдамасынсыз өзі түскен және оқуды бітірген
кезде оны Мәскеуде жұмыс істеуге қалдырған. Мен онымен
бірге қалдым. Осылайша, біз Мәскеу азаматтары болдық.
Ол
кезде
сен
Қазақстаннансың
ба,
әлде
Өзбекстаннансың ба ешқандай маңызды емес еді ғой, бір ел
болған еді?
Бір ел, бірақ мен әрқашан Америкадағы өмір – екінші
иммиграция деп айтамын. Біз Мәскеуде оқыған кезде – ол бір
мәселе еді. Ол жақта
тұрып, жұмыс істей бастаған кезде –
ол мүлдем басқа мәселе. Саған оқуға келген студент сияқты
қарым-қатынас та болмайды, енді бәсекелестік жүреді.
Сіздің мәдени орталығыңыз немен айналысатынын
айтыңызшы? Меніңше, ол 2004 жылы ашылды ғой...?
Иа, біз 2004 жылы ашылдық. Бұған дейін біз Наурызда
жиналатынбыз, кездесулер өткізетінбіз. Кейін ұйым құру
178
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
идеясы келді. Бізде волонтерлер жұмыс атқарады. Өнер
бойынша Америкадағы көптеген ұйымдар тәрізді бізде
виртуалды, кеңсесіз жұмыс істейміз. Біз үлкен концерттер
әзірлеген кезде концерт залын жалға алу үшін көптеген қаражат
кетеді, сол себепті кеңсе үшін айына жалға 2-3 мың доллар төлеу
біз үшін маңызды емес. Оданша бұл ақшаға концерт беруге
залға тапсырыс берген немесе кездесулер өткізген жақсы.
Сіздің орталығыныздың заңды ұйым статусы бар ма?
Иә, біз Нью-Йорк штатында және Нью-Йорк қаласында
өнер консулдарымен 2004 жылдың қарашасынан бастап
тіркелгенбіз.
АҚШ-тағы, Нью-Йорктегі қазақ диаспорасын қолдау
үшін Сіз қандай шаралар қажет деп ойлайсыз? Мүмкін сіздің
қандай да бір тілектеріңіз бар шығар? Не істеу қажет?
Айту қиын, мен білмеймін. Біздің халқымыз тәуелсіз,
ешқашан ештеңе сұрамайды, алайда мүмкіндік болса, басқа
халықтардағыдай мысалға, адамдар қиын жағдайға тап болғанда
көмектесетін орталықтар ашу қажет. Біздің ел бұзушылардың
экстрадициясы жөнінде заң құрастырса екен, себебі біздің
адамдар қиын жағдайға тап болған кезде өз еліне қайта
алмайды. Этникалық қазақтарға қос азаматтылықты рұқсат
берсе жақсы болар еді, осылайша олар Отанына жиі барып тұра
алады, көбірек бизнес-байланыстар орнатып, шетелде үйренген
жақсылықтарының бәрін әкеліп, жалпы қаржылық тұрғыдан
елді мықты қолдап тұратын еді деп ойлаймын.
Бірнеше жыл бұрын түрлі штаттан екі әйел хабарласты,
олардың біреу өте білімді әйел, оның 10 жасар ұлы болды.
Ол афро-американдыққа тұрмысқа шыққан, күйеуі өзін өте
нашар ұстаған, үйінде ұрған оны, ол әйел күйеуінен кетіп
қалып, шелтерге, түнгі жатаққа келген. Онда оның ұлын үш
рет ұрып-соққан, онда азиялық балалар мүлдем болмайды, ол
басқа балалардың ішінде ақ қарғадай болған. Адам өз Отанына
қайту үшін көптеген қағаз толтыру, яғни ірі ақша қажет екені
белгілі болды. Әрбір адамға қағаздарды рәсімдеуге 10 мың
доллардай ақша кетеді. Екі әйел де шелтерлерде болған. Біз
диаспорадан хаттар жібердік, бірақ бұл көмектеспейді де.
Біздің ұйымның міндеті – қазақстандық және американдық
екі ұлт арасындағы өзара түсіністікті құру, біз мәдениетпен
және өнер бойынша презентациялармен айналысамыз, оған
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
179
қоса, біздің әрине, мәселен, тұрғын-үй немесе әлеуметтік
мәселелермен айналысуға мүмкіндігіміз жоқ. Адамдар Нью-
Йоркте қалай пәтер жалдауға болады, қай мектепке балаларын
беру керек, қалай жұмыс табуға болады деген сияқты және
тағы басқа жауап беруге немесе айналысуға мүмкіндік жоқ
сұрақтарды жиі сұрайды. Қазір дағдарысқа байланысты
жұмыс жоқ деуге болады, көптеген мамандықтары бар адамдар
қарапайым жұмыстарда жұмыс істеп жүр, немесе 6 айдан кейін
тоқтайтын уақытша жәрдемақымен күн көреді. Штаттарда
жаңа қазақ ұйымдарында қызметтердің үлкен алаңы бар,
мұнда қаншалықты көп біздікіндей ұйымдар ашылса, мұндағы
адамдарға женіл болар еді.
Қазақ тілін үйрететін курстар бар ма?
Біз қазақ тілін үш жыл оқыттық, бұл қиын болды, себебі
біз мұны өзіміздің жеке жұмысымыздан немесе оқуымыздан
тыс жүргіздік. Бізге сабақ берумен қатар, Американың басқа
қалаларымен салыстырғанда өте жоғары келетін жалға
алған орынға төлеу қажет болды. Сонымен қатар, онда оқу
құралдарына, кітаптарға шығындар болды. Қазір бізде қалада
қазақ тілін үйренгісі келетіндерді түрлі аудандар бойынша
жіберетін үш адамымыз бар. Біз эмигранттар үшін қазақ тілінің
сабақтарын аштық па десек, Қазақстаннан ұл немесе қыз
асырап алған ата-аналар келді.
Кім алып келеді? Ата-аналар ма?
Иә,
американдық
ата-аналар,
олар
Қазақстанмен
байланыстылардың барлығына өте жақсы көзқараста. Менен
жақында аптасына бір рет балалары қай елден шыққанын, оның
дәстүрлерін біліп жүру үшін қазақ мәдениеті туралы сабақ
беруді сұрады.
АҚШ-қа Екінші дүниежүжілік соғыс кезіндегі бұрынғы
Түркістан легионерлері көшіп келген. Сіз аталған адамдарды
немесе олардың ұрпақтарын кездестіре алдыңыз ба?
Мұнда олар өте аз, Нью-Джерсиде жиналып тұратындарды
ғана кезедестірдім. Нью-Джерси – Нью-Йорктің көршілес
штаты, онда олар мекеме сатып алған Довер қаласы бар. Олар
өздерін Түркістандық ассоциация деп атайды, негізін қалаушы
– 90 жастағы өзбек, мен ол адамды көргенім сәтті болды.
Олар мені сатып алған екі қабатты үй - мекеменің ашылуына
шақырды. Маған қазақ диаспорасының атынан сөз берілді.
180
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Барлық ұлттардың, билік өкілдері сөз сөйледі және концерттік
номерлер болды. Төменгі қабатта үстелдер мәнті, палау, шығыс
тағамдарымен толтырылған, үлкен самауырлар көк шаймен
бірге тұрды. Десертке түрік тәттісі-пахлава берілді. Онда барған
адамдардың барлығы бірнеше түркі елдерінің өкілдері болды
және онда алты ту қойылды
,
оның ішінде Қазақстанның туы
да бар. Онда Түркияның, Әзербайжанның, Өзбекстанның,
Түркіменстанның, Қырғызстанның және Шығыс Түркістанның
тулары болды. Қазақтар, әзербайжандар, түріктер, өзбектер
болды, олардың көбі осында көптеген жыл тұрып жатыр. Олар
бәріміз бір адамдармыз, бір халықпыз деп айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |