М.ҚОзыбаев атындағЫ


Сөйлем құрылымында қолданылатын



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата21.01.2017
өлшемі0,58 Mb.
#2330
1   2   3   4   5   6

 
Сөйлем құрылымында қолданылатын 
өзге тыныс белгілерін оқыту 
 
 Әрбір  тыныс  белгісі  -  әр  сөздің,  әрбір 
сөйлемнің мағыналарын дәлелдеп, дұрыс түсіндіруші 
шартты  белгі.  Олай  болса,  аяқталған  ойды  білдіретін 
тілдің  бір  бүтін  бөлшегі  сөйлем  болса,  ол  бір  сөзден 
де, бірнеше сөзден де құралады. Сөйлем арқылы адам 
өзінің  айтайын  деген  ойын,  пікірін  екінші  біреуге 
ауызша  не  жазбаша  түрде  жеткізеді.  Сөйлем  сазына 

қарай  қойылатын  тыныс  белгілері  сөйлемдегі 
айтылатын  оймен  тығыз  байланысты  болады. 
Осындай  тыныс  белгілерінің  қатарына  жататындар  - 
сөйлем  аяғында  қойылатын  нүкте,  сұрау  белгісі,  леп 
белгісі,  көп  нүкте  және  сөйлем  ішінде  құрылымы 
ерекше,  түсіндірмелі  сипатта  қолданылатын  сөйлем 
желісі келетін жағдайда жақша және тырнақша.   
Әжесі әуелде көп-көп ертегілер айтқан: «Жұпар 
қорығы», «Құламерген» - бәрі де айтылып еді (М.Ә.). 
Бұл  мысалда  қос  нүкте,  тырнақша,  үтір,  сызықша 
және  нүкте  сияқты  тыныс  белгілері  қатысып  тұр. 
Мұндағы  қос  нүкте  сөйлемнің  құрмалас  екендігін 
және  олардың  өзара  іліктес  қарым-қатынаста 
тұрғандығын көрсетеді; тырнақша ертегілердің атауы 
екендігін  білдіреді,  үтір  ол  сөздердің  бірыңғай  мүше 
түрінде 
айтылғандығын, 
сызықша 
бірыңғай 
мүшелерге  ортақ  жалпылауыш  сөз  бар  екендігін, 
нүкте сөйлемнің тиянақтылығын әрі хабарлау мәнінде 
айтылғанын аңғартады.  
Аталған 
тыныс 
белгілерінің 
ішінде 
тырнақшадан  басқасы  әрі  дауыс  ырғағымен  бөлініп, 
кідіріс  жасауға  байланысты,  әрі  синтаксистік 
құрылысқа  байланысты  қойылған.  Ал  тырнақша 
дауыс  ырғағына  не синтаксистік  құрылысқа  тәуелсіз, 
сол  сөздің  атау  ретінде  қолданылуын  ғана  белгі  етіп 
көрсетеді.  
Осы  сөйлемнің  соңында  автордың  фамилиясы 
мен  атының  бас  әріптері  жақшаға  алынып, 
әрқайсысынан  кейін  нүкте  қойылған.  Мұндағы  нүкте 

кісі  атының  қысқартылып  алынғанын  аңғартса, 
жақшы  сол  сөйлемнің  кімге  тән  екендігін  (авторын) 
ескертуді білдіреді. Ауызекі сөйлеуде кідіріс жасаған 
жерлердің  бәрінде  тыныс  белгісі  қойыла  бермейді. 
Жұпыны  үйдің  аз  ғана  жиһаз  мүлкі  маған  атам 
заманнан  тұтынып  келе  жатқан  дүниелігім  тәрізді 
әбден  үйреншікті  болып  кетті.  Бұл  сөйлемнің    екі 
жерінде  кідіріс  жасалса  да,  ешбір  тыныс  белгісі 
қойылмайды. Оның себебі: бұл – бір ғана жай сөйлем, 
құрамындағы сөздер өзара байланысып, ешбір тыныс 
белгісімен бөлуді қажет етпей тұр. Егер үзіліс жасаған 
жерлерге  тыныс  белгісін  қоя  берсек,  сөз  бен  сөздің 
арасындағы  грамматикалық  байланысты  орынсыз 
үзген болар едік.  
 Тыныс  белгілеріне  тікелей  қатысы  болмаса  да, 
сауатты  жазудың  шартына  кіретін  нәрсе  –  сөз  бен 
сөздің  аралығындағы  ашық  жер  мен  жаңа  жол 
(абзац) дегеннің не екенін білу. Ашық жер ұғымы өз-
өзінен түсінікті. Хат тани білетін адам бір сөзді екінші 
сөзден  сәл  алшағырақ  жазады.  Бірақ  кейде  жалғау, 
жұрнақпен ұқсас шылауларды бірге жазып қоятындай 
қате  жіберушілер  болады.  Оның  қосымша  не  шылау 
екендігін  білмейінше,  бөлек  не  бірге  жазатындығын 
білу  қиын  болады.  Мысалы:  Менде  кітап  бар.  –  Мен 
де  барамын.  Жаңа  жол  (абзац)  бір  мәселе  жайында 
айтылған  ойдың  кесек  бөлшегін  көрсетеді.  Оның 
белгісі  –  жаңа  жол,  әдетте,  жазып  келе  жатқан  жол 
қатарына  3-4  әріптей  ішкерірек  жазылып,  кетік 
жасайды.  Жаңа  жолдың  грамматикалық  ерекшелігі 

болмағанымен,  стилистикалық  маңызы  бар,  ол  жаңа 
ойдың  басталуын  көрсетеді.  Демек,  жаңа  жол  ойдың 
ірілі-ұсақты  логикалық  кезеңдерін  бөліп  көрсетумен 
бірге,  логикалық  жағынан  аяқталған  ойды  жеке 
бөлшектерге бөліп айта білумен тығыз байланысты. 
Көп 
нүкте 
(...) 
мағынаға 
байланысты 
қойылатын  тыныс  белгісі.  Көп  нүкте  түрлі 
себептермен ойдың аяқталмай қалғандығын білдіреді. 
Атап айтқанда: 
1.  Бір  нәрсе  жөнінде  айтайын  деген  пікір, 
ұмытылып  қалғандықтан,  оны  үзілді-кесілді  еске 
түсіруде  көп  нүкте  қойылады.  Мысалы:  Вера 
Яковлевна,  ол  сылтауыңызға  мен  жол  бермеймен, 
Күтемін... Келіңіз... (Т.Ахтанов) 
2.  Айтылып  келе  жатқан  кейбір  пікірлерді 
айтып  жатудың  артық  екендігін  білдіру  үшін 
қойылады.  Мысалы:  Екі  еркектің  алдында  ұялу, 
қысылу ... жоқ, ол туралы тіпті ойлағаным жоқ.     
3.  Кездейсоқ  болған  іске  таңдануды,  сүйсінуді, 
назалануды көрсетеді. Мысалы: Тез жөнел! Бұйрықты 
...    Енді...  несі  бар,  енді  ...  мұндайда  ...  топырақтары 
торқа болсын... 
4.  Үзіндінің  түгел  алынбағандығын  білдіреді. 
Мысалы:  Мен Вераға шынымды айтам... (Т.Ахтанов).  
Көп нүкте кей жағдайда сөйлем басында келеді. 
Ол  айтылмақшы  ойдың  алдында  жасырын  бір ойдың 
барын  көрсетеді.  Мысалы:  ...  енді  Жоңғар  тауының 
сілемі басталады (сонда).  

Көп нүкте саны (...) үш нүктеден аспауы керек. 
Сөйлем  хабарлау  интонациясымен  айтылса,  көп 
нүктенің  өзі,  сұраулық  интонациямен  айтылса,  сұрау 
және  көп  нүкте  (?..),  лептік  интонациямен  айтылса, 
леп  белгісі  мен  көп  нүкте  (!..)  қойылады.  Басыңды 
оққа  байлау?..  Аман  келгеніне  қуанам!..    Үзілген... 
Әрине үзілген!..  
Тырнақша  синтаксистік  құрылым  мен  жеке 
сөздерді  немесе  сөз  тіркестерін  атап,  мағынасын 
анықтап  тұрған  жағдайда  қойылады.  Біреудің 
айтқанын жеке-жеке сөздер, сөйлемдер тырнақшамен 
жазылады.  Мысалы:    Басында  ыңғайсыз  көріп  тұрса 
да  «ең  үлкен  дабыл»  танауы  делдиіп  кетті.    Балалар 
оны  Анатолий  деген  атымен  атамай  «қорқақ»  деп 
шақыратын болды (Т.Ахтанов).   
Диалог  емес  төл  сөз  тырнақшаға  алынады. 
Мысалы:    Жақыптың  өркеуде,  бәсеке  құмар,  ожар 
мінездерін  білетін  Жампейіс  «Мына  шұбар  тай  тек 
жорға ғана емес, жел жетпес жүйрік болады» деп онан 
сайын  желіктіріп  қойған-ды  (С.Бегалин).  Жас 
Ескендірді анасының  үлкен данышпан ғалымға беріп 
оқытқаны  Айғаным  әжесінің  «білім-оқуда»  деген 
насихат  сөзіне  ұштасып  жатты.  «Адам  сөйлескенше, 
жылқы  кісінескенше»  деген,  алғашқы  кездескенде 
«сен қырғыз түгіл ме» деген сөздерінен көңіліне дық 
алып  қалған  Шоқан  Ғазизді  іштей  ұнатпады 
(С.Бегалин).   
Шығарма, өлең, т.б. қойылған аттар тырнақшаға 
алынады.  Мысалы:    Арыстан  ақыннан  естіген  «Қозы 

Көрпеш  –  Баян»  жырындағы  Аякөз  өзені  осы  екенін, 
осыдан салт аттыға ара күндік жерде «Қозы Көрпеш – 
Баян»  бейіті  дейтін  ескерткіш  барын  да  сол  жердегі 
тұрғын адамдардан Шоқан сұрап ұғынды (С.Бегалин).   
Ойын,  әдет-салт  аттары  тырнақшаға  алынады. 
Мысалы:  Ауылды  сағынған,  ауыл  ойынын  сағынған 
Шоқан  таң  атқанша  ұйықтамай,  Әлібай,  Жақып, 
Мұқандармен  ойын  салды,  «Ақсүйек»,  «Қара  бие», 
«Тоқтышақ» ойындарының бәрін де ойнады (сонда).  
 Жер-су,    тау  атаулары  да  тырнақшаға  алынып 
жазылады: Бұл жердің аты жер жарылып су аққаннан 
«Қопалы»  болатын.  Әсіресе  осы  өзен  бойын  өрлеп 
барып  биікке  көтерілер  жердегі  –  «Шыбынды  сай», 
«Көңді  сай»  және  «Таз  қара»  қырқаларын  аралап, 
үстіртте  қарлы  асқардың  белдеуінде  отырған  жайлау 
елдерін көрді (С.Бегалин).   
Объект етіп алынған жеке сөйлемдер, сөздер не 
сөз тізбектері, әріптер, буындар тырнақшаға алынады. 
Мысалы:  Бірде ол сыртында «Орымбай айтуынан «Ер 
Көкше» жыры» деген жазу бар дастанды оқыды. Бұл 
Ибраһим әл Юныстың «Жігітке жетміш түрлі өнер аз» 
деген хикая кітабы екен (С.Бегалин).  Белгілі бір ұйым 
атаулары да тырнақшаға алынып жазылған. Мысалы: 
«Өжет  топтың»  ісін  үлгі  етіп,  өзгелерге  көлденең 
тартып отырады (сонда).  
Төл  сөз  диалог  ретінде  келсе,  әр  адамның  сөзі 
тырнақшаға  алынып  жазылады.  Мысалы:  Қасымбек : 
«Отағасы,  обоз  да  соғыс»  деп  тыйып  тастаған, 
«Әрине,  обозсыз  соғыс  болмайды  ғой...  Бірақ 

баламның  кегін  өз  қолыммен  қайтарсам  деп  едім»  - 
деп шал қинала тұрып тәртіпке бағынған (Т.Ахтанов).  
Сөздің  астарлы,  кекесін,  қалжың  мәнінде 
айтылғандығын  білдіретін  сөйлем  құрылымында 
тырнақша қойылады. Мысалы: Шоқанның мына сөзін 
естіген балалар ду күліп, «тамаша теңеу, өзі бір шип-
шикіл  сары  екен»  десіп,  мәз  болды.  Кейде  бірін-бірі 
«жирен  қораз  құсап  қоқайма»  деп  ажуалайтын 
(С.Бегалин).   
Белгілі  бір  мақал,  нақыл  сөзді  сөйлем  ішінде 
кірістіргенде,  тырнақшаға  алып  жазу  шығармада 
көптеп  кездеседі.  Мысалы:  «Екі  бай  құда  болса, 
арасында  жорға  жүреді»  дегендей,  аға  сұлтан 
аулының  жиендері,  аға  сұлтан  күйеу,  ханым,  құдағи 
айта  қаларлықтай  сыйлыққа  бөленді.  Қазақта  мақал 
бар емес пе, «жиен ел болмайды, желке ас болмайды» 
деген (С.Бегалин).   
Жақша  сөйлем  ішіндегі  белгілі  бір  сөздің 
мағынасын немесе ойға қатысты басқа бір ойды жол-
жөнекей  түсіндірген  жағдайда  қойылады.  Мысалы:  
Мысықтың  бұл  мүсіндері  Шоқан  айтқан  түйе  емес, 
құстың 
(қаршығаның) 
тұлғасын 
бейнелепті 
(С.Бегалин).   
Сөйлем, мәтін ішінде қыстырынды құрылымдар 
да  кездеседі.  Қыстырынды  құрылымдар  күрделенген 
сөйлемнің  бір  түрі  ретінде  танылады.  Олар  негізгі 
сөйлемнен  өзгеше  (объективтік)  модальдылыққа 
мүшеленуге 
ие. 
Қыстырындылар 
синтаксистің 
құрылымдық 
және 
комуникативтік 
аспектісіне 

жатады. Қыстырынды құрылымдар негізгі сөйлемдегі 
айтылған ойды немесе сөйлемнің белгілі бір мүшесін 
толықтырып,  нақтылып,  әр  түрлі  қосымша  хабарлар 
беріп  тұрады.  Олар  негізгі  сөйлемге  жай  қыстырыла 
айтылмайды.  Хабардың  желісіне  байланысты  автор 
тарапынан  арнайы  мақсатпен  қолданылады.  Соның 
нәтижесінде сөйлемнің мазмұны толығырақ ашылып, 
онда  хабарланған  оқиға  әрекеттердің  қыр-сыры  бір 
жағынан  болса  да,  айқындалып  отырады.  Осыған 
қарай  қыстырындылар  мынадай  функционалды-
семантикалық  топтарға  бөлінеді:  1)  түсіндірмелі;  2) 
нақтылаушы; 3) сілтемелік; 4) толықтырушы. 
  Түсіндірмелі  қыстырынды  құрылымдар  негізгі 
айтылатын  ойға  қосымша  түсініктеме  беріп  тұрады. 
Мысалы:  Түркі  тұқымдас  түркі,  печенег  (осы  күнгі 
қарақалпақтар) елдерінен қуылды.  
Нақтылаушы  қыстырынды  құрылымдар  негізгі 
сөйлемді 
нақтылай 
түсетін, 
талдаушы 
мәнді 
орындайды.  Бір  жағынан  еркіндікті  сүйсе,  екінші 
жағынан,  ол  өмірдің  тұрақсыз  екенін  ойлайды  (бұл 
соған арналған). 
Қыстырынды құрылымдардың сілтемелік түріне 
еңбектің  авторын,  шыққан  жылын  т.б.  көрсететін, 
құралымдар  жатады.    Мысалы:  Бұл  жердің  аты  жер 
жарылып  су  аққаннан  «Қопалы»  болатын  (С.Бегалин 
«Бала Шоқан»).  
Толықтырушы қыстырынды құрылымдар негізгі 
сөйлемге  қосымша  хабарлама  береді.  Мысалы:  Жұрт 

тегіс жиналып, ол бала-шағасымен (сегіз баласы бар, 
алды он сегізде) үстел жағалай отырды.  
Сөйтіп,  қыстырынды  құрылымдар  қосымша 
мәлімет  беру  арқылы  тілдік  құрылымның  мазмұнын 
кеңейтіп,  байытады.    Қыстырынды  құрылымдар 
грамматикалық  әр  түрлі  синтаксистік  бірліктер 
түрінде,  нақтылай  айтқанда,  олар:  сөздер,  сөз 
тіркестері,  жай  және  құрмалас  сөйлемдер,  тіпті 
синтаксистік  тұтастықтар  арқылы  берілуі  мүмкін. 
Қыстырынды құрылымдардың құрылысы жағынан ең 
қарапайым түрлері – сұрау және леп белгілері, жақша 
жатады:  Мұнда  иненің  жасуындай  жасандылық  (?) 
жоқ,  тек  шындық  болғанда  жазушының  таланты 
арқылы  оптимистік  (!)  тұрғыдан  жыр  етілген 
шындық.  Мысалы:  Кузнецкіде  (жалғыз  болған 
кезімде)  (В.  Бұл  құпия  сыр)  –  Сізді  мен  өзімнің  ең 
жақын  досым  саналатын  ақылды,  жан-жүрегі  пәк  бір 
әйелге 
әңгіме 
етіп 
таныстырдым. 
Шоқанды 
таңдандырған  бүкіл  қырғыз  елі  болып  мақтана 
жырлайтын Манас жыры болды, қырғыздың пернесіз 
тартылатын  домбырасының  (қомыз)  өзгешелігі, 
манасшының 
дене, 
бет, 
көз 
құбылыстарын 
қарындашпен суретке түсіріп алды (С.Бегалин).   
Қолданылу 
жиілігі 
жағынан 
алғанда, 
қыстырынды 
сөздер 
көркем 
әдебиетте 
жиі 
қолданылады.  Қыстырынды  құрылымдар  негізгі 
бөліктің  құрамына,  бір  жағдайда  тәуелді  түрде,  бір 
жағдайда  тәуелсіз  түрде  еркін  енеді.  Ал  ол  кірісуді 
жүзеге  асыратын  тәсілдер,  интонация,  орын  тәртібі 

және  арнайы  лексикалық-  мағыналық  тәсілдер: 
қайталаулар, есімдіктер, жалғаулықтар, қыстырмалар, 
т.б.  
Қыстырынды  құрылымдар  сөйлем  құрылысын, 
сөйлемнің  интонациялық  тұтастығын  бұзбайды, 
сөйлем  мүшелері  арасындағы  логика-грамматикалық 
байланысына  ешқандай  нұсқан  келтірмейді.  Негізгі 
ойды 
күрделендіруші 
компонент 
өзінің 
грамматикалық табиғатына қарай сөйлем құрылымын 
құрауға қатыспағанымен, жалпы сөйлем мазмұнын әр 
түрлі  мағыналық  тұрғыдан  толықтырып  отыруға 
мүмкіндік 
береді. 
Сондықтан 
қыстырынды 
құрылымдардың 
сөйлемнің 
негізгі 
бөлімімен 
байланысы семантикалық сипатқа ие болып тұрады. 
Тыныс белгілерінің қабаттасып 
қолданылу 
Әрбір тыныс белгісінің өзіне лайық қызметі бар, 
соған  орай  олардың  да  белгілі  орындары  болады. 
Сөйлемдегі  сөздердің  белгілі  орны  болса,  тыныс 
белгілерінің  де  сөйлем  ішінде  тиісті  орны  бар.  Олай 
болса,  тыныс  белгілерін  қалай  болса    солай 
қабаттастырып  қоя  беруге  болмайды.  Сондықтан 
тыныс  белгілерінің  қабаттасып  келетін  орындары 
туралы мынаны білген жөн:  
1. Бір сөйлемде кейде екі жақша да қабаттасып 
келеді.  Мысалы:    Алайда  бір  уақытта  кейбір 
жайттарды  есітіп  білерсіз,  ал  тап  қазір  дүниедегі  ең 
қымбаттым  туралы  үрей,  қайғы  мен  қамқорлық 
жүрегіме  кенет  толған  шақта  (мұны  өзім  күттім  де, 

күтпедім  де),  жападан-жалғыз  қалған  кезімде)  ал 
әрекет жасау керек-ақ). 
2. Кейде сызықша қойылуға тиісті жерге сұрау, 
леп  белгісі,  көп  нүкте,  нүкте,  үтір  қойылуға  тиіс 
болса,  сызықша  да олармен бірге  қабаттасып  қойыла 
береді. Сызықша осы белгілерден соң ғана қойылады. 
Мысалы:  Шоқан  осыны  айтқанда:  -  «Ол  жағына  мен 
иемін  ғой.  Бұл  әңгімені  Петербургтен  бастаймыз. 
Гасфортқа өзім әдейілеп сөйлесем, - деді (С.Бегалин).   
Тырнақша  сұрау  белгісімен,  нүктемен,  леп 
белгісімен,  көп  нүктемен,  үтірмен  қабаттасып 
қолданыла  береді.  Ал  сызықша  төл  сөзге  қатысты 
болмаса,  тырнақша  сыртына  қойылады.  Мысалы: 
Ықыласты достықпен әзілдесе де отыратын Шоқан: - 
Петр  Перович,  қазақтың  бір  мақалы  бар,  мен  соны 
айтсам,  ренжімессіз,  «Құл  тапқаны  қожасы  үшін» 
дейді (С.Бегалин).   
Жеке  сөздер  бірыңғай  мағынада  әрқайсысы 
тырнақшаға  алынып  жазылса,  бүтін  сөйлемнің 
құрылысына 
қарай 
басқа 
тыныс 
белгілері 
тырнақшадан соң қойылады. Мысалы: Әсіресе, Аякөз 
маңы,  онан  өте  Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу  зираттары 
тұрған  «Аяғыз»,  «Таңсық»  өзендерінің  бойынан  көп 
жаңа өсімдіктер жинады (С.Бегалин).    
3. Тырнақша алдына қойылған сұрау, леп, я көп 
нүкте, 
қос 
нүкте 
сияқты 
тыныс 
белгілері 
тырнақшаның  жабылатын  екінші  сыңары  соңынан 
қойылмайды,  тырнақшаның  алдыңғы  сыңарының 
алдынан  ғана  қойылады.  Мысалы:  Бойымды 

мұздатып,  адам  шошығандай  жаман  бір  нәрсе  келе 
жатты.  «Апа...  Апам  жоқ...  Апатайым...»      «Не 
істейміз, а? Не істейміз?» - дейді дәрменсіз кескінмен. 
 Сөйлем мен сөйлемнің, не сөйлем мүшелерінің 
арасында 
жақша 
тұрса, 
жақшаның 
алдыңғы 
сыңарынан  соң  қойылуға  тиісті  үтір  ол  жерге 
қойылмайды,  ол  жақшаның  екінші  сыңарының 
сыртынан  қойылады.  Мысалы:  Содан  соң  Сібірге 
оралып,  өз  туысқандарыңызға  пайда  болатын  ой 
айтып,  ұсыныс  жасаңыз  (не  ойлап  табуға  болмайды, 
не  армандауға  болмайды!),  олар  Сізді  тіпті  шетелге, 
яғни  Европаға  бір-екі  жылдық  саяхатқа  жіберуге  де 
ықтимал ғой (С.Бегалин).   
5. Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүктелер 
жақшаның  алдыңғы  сыңары  алдынан  қойыла  береді. 
Мысалы: Ол сөзсіз басылды. (Ол хақында әңгімелесіп 
едік қой, есіңізде болар). (С.Бегалин).   
6.  Жақша  ішінде  тырнақшаға  алынған  лепті, 
сұраулы,  хабарлы  сөйлем  болады.  Егер  ол  сөйлем 
лепті  болса,  леп  белгісі  тынрақшаның  соңғы 
сыңарынан  бұрын  қойылады,  мұндай  жағдайда 
сұраулы  сөйлемнің  тыныс  белгісі  де  осылай 
қойылады. Мысалы:  Өткен жылы жаз айында («онда 
Қашғарда Уәлихан  әмір  жүргізіп  тұрған  кез  болар?») 
бір  күні  жендеттер  көшеден  ақ  шашты,  ұзын  бойлы, 
ақсары шет жерлік адамды алып жүрді (С.Бегалин).   
7.  Үтір  мен  тырнақша  да  қабаттасып  келе 
береді.  Мысалы:  Аяғында  Қытай  ұлығы  өз  тілінде: 
«Бұлар  орыстар  емес,  татар  да  емес,  нағыз 

әндіжандықтар  ғой.  Енді  мазалау  керек  емес,  еркін 
саудаларын істей берсін», - деді (сонда). 
8.  Түсіндірмелі  бағыныңқы  сөйлемдерден  соң, 
үтір қабаттастырылып қойылмайды. Мысалы: Ертең... 
жақсылық боп...  
Салалас  құрмалас  сөйлемдегі  әр  жай  сөйлемде 
сұраулық  мағына  болса,  сұраулық  белгісінің  орнына 
үтір  қойылып,  сұрау  белгісі  сұраулық  мағынасы  бар 
сөйлемнен соң қойылады. Мысалы:  Аяқ-қолың аман 
ба,  тамағың  тоқ  па,  киім-кешегің  бүтін  бе?  -    деп 
сұрағандай болды. 
Сөйлем  ішінде  бір  сөздің  мағынасын  ашуда 
түсіндірмелі мәнді сөз не сөз тіркесі жақшаға алынып 
жазылады. Мысалы: Мысықтың бұл мүсіндері Шоқан 
айтқан  түйе  емес,  құстың  (қаршығаның)  тұлғасын 
бейнелепті (С.Бегалин).   
  
Пунктуацияны оқытуға байланысты 
жаттығулар жүйесі 
Оқушылардың  пунктуациялық  дағдыларын 
қалыптастыру  үшін  әр  түрлі  жаттығу  жұмыстарын 
жүргізу  керек.  Жаттығу  дегеніміз  –  игеру  немесе 
оның  сапасын  арттыру  мақсатын  көздеп,  іс-әрекеті 
(ақыл ой немесе практикалық) жоспарын ұйымдасқан 
түрде қайталап орындау. Сабақ нәтижелі болу сынып 
оқушыларының  ерекшеліктерін  ескеріп,  жаттығуды 
дұрыс  талдауға  байланысты.  Егер  жаттығуды 
орындау  қиын  болса,  оқушылардың  ынта-ықыласы 
төмендейді,  ал  өте  жеңіл  болса,  теориялық  оқу 

материалын  бекітпейді.  Жаттығу  оқушылардың 
күшіне,  біліміне  сай  болуы  керек.  Тыныс  белгілерін 
үйрету үшін: 
1.
 
Оқушылардың  синтаксистік  құрылыс  пен 
сөйлемдегі ой желісін ұстай білуін қамтамасыз ету. 
2.
 
Оқушылар  сөйлемнің  тыныс  белгілерін 
сол  сөйлемді  әбден  көшіріп,  не  жазып/  болғаннан 
кейін  емес,  соны  жазу  үстінде  қоя  білетін  дәрежеге 
жеткізуге тиіс, ол үшін сөйлемді ойша бірден, өте тез 
талдай білу қажет. 
Жаттығу  жұмыстарының  ролі  айырықша. 
Себебі,  оқушылардың  пунктуациялық  жүйеге  жетік 
еместігі,  оқыған,  білетін  ережелерін  іс  жүзінде 
қолдана  алмаушылығы  сияқты  кемшіліктер  дер 
кезінде,  яғни  оқу  оқыту  процесінде  пунктуациялық 
жаттығулардың  не  өте  аз  жүргізілетіндігінен,  не 
әдістемелік  жақтан  дұрыс  ұйымдастырылмағанынан 
болады.  Жаттығу  жұмысын  іздеп  отырған  форманы 
бірден,  ә  дегеннен  көзге  түсетіндей  етіп  құруға 
болмайды:  онда  оқушының  таңдауына,  басқа  өзі 
сияқты  формалармен  салыстыруына,  соның  ішінде 
тауып алуына мүмкіндік туғызылуы керек. Мұның өзі 
оқушыларды  ойландыруға,  жұмысты  сапалы  түрде, 
түсініп  істеуге  үйретеді.  Пунктуациялық  жаттығу 
жұмысының  бір  түрі  –  тыныс  белгілері  қойылмаған 
сөйлемдерді  көшіріп  жаздырып,  тыныс  белгілерін 
оқушылардың  өздеріне  тапқызу.  Бұл  тәжірибеде  өте 
көп қолданылатын түрі. Бірақ бұл әдісте бір кемшілік 
бар:  оқушылар  сөйлемнің  тыныс  белгілерін  бір 

нүктеден  екінші  нүктеге  дейін  немесе  бүтін  мәтінді 
көшіріп  алғаннан  кейін  ғана  қояды.  Оқушылар 
сөйлемді көшірмей  тұрып, оны алдымен ішінен, одан 
соң бір рет дауысын шығарып оқып, айтылған ойдың 
мағынасын  әбден  түсініп  алу  керек.  Мұғалімнің 
негізгі  міндеті  –  осы  дағдыны  қалыптастыру. 
Оқушыларды  бұл  дағдыға  қалыптастыру  тек  қана 
мәтінді  көшіру  кезінде  емес,  оларды  басқа  да  түрлі 
жазба 
жұмыстарының 
(мазмұндама, 
диктант, 
шығарма жаздыру т.б.) тыныс белгілерін орналастыру 
процесінде  де  ескерілуі  керек.  Көбіне,  оқулықтарда 
өтіліп  отырған  нысанға  байланысты  пунктуациялық 
бір ережеге ғана қатысты тыныс белгілері қойылмай, 
алынып  тасталып    беріледі.  Оқушыларды  ойландыру 
үшін мұндай жұмыстардың пайдасы зор. Бірақ мұның 
бір  қауіпті  жағы  бар:  өтіліп  отырған  бір-ақ  ереже 
болғандықтан,  оқушылар  ол  жердің  тыныс  белгісін 
қиналмай-ақ  қоя  салады.  Сондықтан  мұндай 
кемшілікті болдырмас үшін, мұғалім осы қазір өтіліп 
отырған бір ғана ережеге байланысты тыныс белгілері 
емес,  әр  түрлі  ережеге  байланысты  қойылатын 
бірнеше  тыныс  белгілерін  қолдануды  қажет  ететін 
мәтіндер  бар  жаттығуларды  іріктеп,  таңдап  алғаны 
жөн.  Осындай  жаттығуларды  тыныс  белгілерін  дәл 
сол жерге неліктен қойғанын сұрап, анықтап отыру да 
керек.  Мұның  өзі  оқушының  түсінгенін  немесе 
түсінбегенін  аңғартады.  Жаттығуды  орындауда 
манандай мақсаттарды көздеуіміз керек: 

1.Сөйлемнің  тыныс  белгісін  дұрыс  қоюды 
қамтамасыз ете алатын ауызша бірден, тез талдай білу 
дағдысын қалыптастыру. 
2.  Мәтіннің  немесе  сөйлемнің  қай  жеріне 
қандай  белгілер  қойылатынын  алдын-ала  айқындап 
алу дағдысын қалыптастыру. 
3. Сөйлемнің тыныс белгілерін сөйлемді әбден 
көшіріп болғаннан кейін емес, көшіріп жатқан кездің 
өзінде қойып отыру дағдысын қалыптастыру. 
Пунктуациялық жаттығу жүргізудің бір жолы - 
тапсырмаға  берілген,  өтілген  ережелер  бойынша, 
оқушылардың 
өздеріне 
сөйлемдер 
ойлаттыру. 
Жұмыстың  бұл  түрі  оқушылардың  өздігінен 
ойлауларына,  шығарма,  диктант  немесе  мазмұндама 
жазғанда, сөйлемдердің тыныс белгілерін орынды қоя 
алатын 
дәрежеге 
жеткізеді. 
Пунктуациялық 
жаттығудың  осыған  байланысты  бір  түрі  – 
оқушыларды  оқитын  көркем  шығармалары  мен 
газеттерінен 
(ондағы 
мақалалардан) 
тыныс 
белгілерінің  белгілі  бір  ережелеріне  байланысты 
мысалдарды 
оқушылардың 
өздеріне 
таптыру. 
Оқушылардың  интонациялық  және  пунктуациялық 
дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығулар 
жүйесін ұсынып отырмыз: 
1.Хабарлы, 
сұраулы, 
лепті 
сөйлемдерді 
мәнерлеп оқыңдар: 
Бір  қабілетіңді  пайдалы  іске  жұмса.  Төбеңнен 
қылыш  төнсе  де  тура  сөйле!  Абай  қай  жерде  туып-
өскен?  Нұрлан  мінген  машина  жолдың  үстінде 

жұлдыздай  ағып  келеді.  Бұл  қайсың,  Мұратпысың? 
Шіркін, қайта айналып келер ме еді! 
Оқып  шығып,  әр  сөйлемнен  кейін  белгілі 
тыныс белгісін қойып, көшіріңдер: 
Кітап  оқудан  тыйылған  адам  ойлаудан  да 
тыйылады.  Қазір  қандай  көркем  шығарма  оқып 
жүрсің  Орман    Не  деген  сыйымды  сөз  десеңізші  бұл  
Неге  үндемейсің,  Әлімен  Оның  жүрегі  мұздап  қоя 
берді Құрыдым, Әлиман құрыдым 
3. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. 
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар. 
Туған тілде әнім менен сәнім бар 
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар! 
Нанбасаңдар, 
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар! 
(Д.Әбілев) 
4. Мына сөздерді қатыстырып, хабарлы, сұраулы, 
лепті сөйлемдер жазыңдар. 
Бесінші  сынып,  бардың  ба,  құттықтаймыз,  қанша, 
көмектесті, бірігіңдер. 
5.  Сұраулы  сөйлемді  қатыстыра  отырып, 
мамандыққа  байланысты  сұрақ-жауап  (диалог) 
түрінде сөйлесіңдер. 
Үлгі: 
-
 
Жомарт,  осы  сенің  мамандығың 
қандай? 
-
 
Ағаш ұстасымын. 

-
 
Ондай мамандықты қашан, қай 
уақытта алдың? Қай оқу орны берді? 
 
6.  Сөйлемдердің  арасына  тиісті  тыныс  белгісін 
қойып, көшіріп жазыңдар. 
Д ә п т е р 
Мектеп  оқушыларының  бәрінде  де  дәптер  бар 
олар  дәптерлеріне  жазу  жазады  үй  тапсырмаларын 
орындайды  біздің  заманда  дәптерлердің  бәрі  де 
қағаздан жасалған бірақ әр уақытта да олай болмаған 
адам баласының қағаз жасай білмеген кезі де болған. 
7.  Жаттығуды  оқып  шығыңдар  да,  диалогқа 
байланысты  тыныс  белгілерін  қойыңдар.  Қаратпа 
сөздерді  тауып,  тыныс  белгілерінің  қойылу  себебін 
айтыңдар. 
Қ и я с б а й д ы ң   е с е б і. 
Абайдың  кәдімгі  Қожанасыр  мінездес  Қиясбай 
деген  досы  болған.  Бірде  Абай  үй  ішімен  есеп 
жөнінде әңгімелесіп отырса: 
Абай  аға,  сіз  есеп  білесіз  бе?  –  деп  сұрапты, 
Қиясбай қасында шынтақтап жатып. 
Аздап, Қиясжан, - депті Абай. 
Аздап білсең 200 ешкінің мүйізі қанша болады? 
400 болатын шығар. 
Пәлі,  Абай  аға,  сен  де  есеп  білемін  деп 
мақтанасың-ау, - депті Қиясбай, - сонша көп ешкінің 
ішінде  мүйізі  жоқ  тоқалы,  мүйізі  сынған  кемдері 
болмай  ма  екен?  -  деп,  мырс  еткенде,  үй  іші  ду 
күліпті. 

8.  Жай  сөйлемдерге  қаратпа  сөз  қосыңдар  да, 
тыныс белгісін қойып, көшіріп жазыңдар. 
Үлгі: Асқар, үйге әжем келді. 
Асқар  әжеммен  бірге  келді.  Ботакөз  ауылдан 
ерте  шықты.  Қалаға  келгеніне  айға  жақындап 
қалғандықтан,  Ботакөз  апасын  сағынған  болар. 
Жұматай  ауылына  бұдан  бірнеше  күн  бұрын  ғана 
келіп кеткен еді. Шәріп үшін жаңалық жоқ еді. 
9.  Төмендегі  сөздерді  қаратпа  сөз  етіп,  сөйлем 
құрастырыңдар. 
Үлгі: Менің күнделігімді қарап жіберші, мама. 
 Әже, Серік, Қарлығаш, аға, ата т.б. 
10.  Тыныс  белгілерінің  қойылу  себебін 
түсіндіріңдер. «Жан азығы - кітап» деген тақырыпта 
әңгіме өткізіңдер. 
-Мен кітап оқығанды жақсы көремін, - дейді он 
үш жасар оқушы қыз. – Тұңғыш кітапты өз бетімше 
екінші  сыныпта  оқыдым.  Сонан  кейін-ақ  мені 
кітаптар  әлемі  өзіне  тарта  бастады.  Оларды  оқу 
үстінде  көптеген  жаңалықтарды,  адамдардың  қалай 
өмір сүретінін білдім. Онымен құрдас бір қыз былай 
дейді:  «Бұрын  мен  кітап  оқымайтынмын.  Қазір 
кітапты  ең  сырласым  деп  санаймын.  Кітапсыз  өмір 
сүру мүлде мүмкін емес». Оның пікірі қазақстандық 
мектеп  оқушысы  толық  қостайды:  «Кітапсыз  өмір 
өте-мөте көңілсіз болар еді. Шіркін, неткен тамаша! 
Кітаптарға  бүкіл  әлем  ,  барлық  табиғат,  барлық 
қалалар  сыйып  тұр  ғой!  Былай  қарағанда,  шағын 
ғана кітап, ал ондағы суреттелетін әлем қаншалықты 

кең?»  -    дейді  ол. Он  жасар  қыз былай  деп  жазады: 
«Кітаптарды өмір шындығын айтатыны үшін жақсы 
көремін.  Кітаптан  талай  тамаша  тағдырлар  жайлы 
оқимын.  Мұның  өзі  менің  өмірімді  де  қызық 
мазмұнға толтыра түсетін сияқты.» 
11.  Құрмалас  сөйлемдерді  тауып,  тыныс 
белгілерін  қойыңдар  да,  әрбір  жай  сөйлемнің  жігін 
ажыратыңдар. 
Атың жақсы болса дүниенің пырағы. 
Балаң жақсы болса екі көзіңнің шырағы 
                                                     (Ә. Тәжібаев) 
 
Сексен көл Көкшетаудың саясында 
Әрқайсысы алтын кесе аясында 
Ауасы дертке дауа жұпар иісі 
Көкірек қанша жұтса тоясың ба? 
                                                    (С. 
Сейфуллин) 
 
Мен де өзіңдей байтақ едім кең едім 
Қызығыңды көріп еркін келемін 
Сен де аямай бердің маған барыңды 
Мен де аямай барым саған беремін. 
                                                   (Қ. Аманжолов) 
12.  Мәтіндегі  құрмалас  сөйлемдердің  арасына 
үтір қойып, түсіндіріңдер. 
Қарақұс пен мысық 
Ауыл  сыртында  мысық  өзінің  балаларымен 
ойнап мәз болды. Көктем күні шуағын төгіп аумалы-

балалы  мысықтар  тыраңдап  жадырап  масайрап 
жүрген  еді.  Қай  жақтан  шыға  келгені  белгісіз 
алпамсадай  қарқұс  жай  оғындай  атылып  көк  сеңгір 
аспаннан  құлдилап  келді  де  бір  мішімді  бүре  түсті. 
Қарақұс  қайта  көтерілгенше  мішім  анасы  сарт  етіп 
атылып  оған  жабыса  кетті.  Жыртқыш  құс  мішімді 
тастай салып кәрі мысықпен айқасты. Шыбын жанды 
шүберекке  түйген  астан-кестен  айқас  басталды  да 
кетті.  Тау  соғар  қанат  тас  қашар  тұмсық  тепсе  темір 
үзетін  тырбақай  топшы  қарақұсқа  күш  бітірді.  Ол 
мысықтың  терісін  далдал  қылып  бір  көзін  шоқып 
тастады.  Бірақ  мысық  та  тайынбады.  Ол  қарақұсқа 
тырнағын  өңменінен  өткізе  батырып  оң  қанатын 
қыршып  алды.  Енді  мысық  еңсере  бастады.  Алайда 
қарақұс әлі тың еді. Мысық шаршап қалды. Дегенмен 
ол  қайтадан  бір  ышқынып  бұлтың  етіп  ыршыды  да 
қарақұсты жерге алып соқты. Сол сәтте тісімен оның 
желкесін  орып  жіберді  де  өз  денесіндегі  жараны 
елемей  өлім  аузынан  қалған  мішімін  айналып-
толғанып жалай бастады. 
13.  Диалогқа  байланысты  тыныс  белгілерін 
қойып,  мәтінді  мәнерлеп  оқып  құрамында  неше 
кісінің сөзі барын анықтаңдар. 
Олар  үйге  кіргенде,  Абай  бірнеше  адаммен 
әңгімелесіп отыр екен. Сәлемдескеннен кейін ол: 
Әй,  Қарасақау,  мынау  сенің  балаң  ба?  -  деп 
сұрады. 
 Иә,  Абай  аға,  менің  балам.  Сізді  көрем  деп, 
әдейі келді. 

Абай Хасеннің қолындағы тақиясын нұсқап: 
Балам қолыңдағы не? – деді. 
Бүлдірген,  жеңгелерімен  берейін  деп,  теріп 
алдым, - деп жауап береді Хасен. Абай сәл ойланып: 
Сен  Кәмшәтті  шақырып  келші,  -  деді  қасында 
отырған  жігітке.  Шырағым,  мына  Қарасақаудың 
баласы  саған  бүлдірген  әкеліпті.  Өзі  бұрын  есік 
ашпаған  бала  екен,  жақсылап  көйлек  тігіп  кигіз.  Иә, 
балам, оқып жүрсің бе? – деді. 
Оқып жүрмін, Абай ата. 
(М. Әуезов) 
Абай,  Хасен,  Қарасақаудың,  автордың  сөздерін 
жеке-жеке оқып бер. 
14. Тақтаға мынандай мысал жазылады: 
Бүгін сенің бақыт нұрың тасқан күн, 
Мал да, құс та, жер де, су да сен үшін 
Түрленгендей нұр бергендей Аспан Күн 
А)    Қызметі  мен  сұраулары  ортақ  болып,  бір 
ғана мүшемен байланысатын сөздер бар ма? 
Ә) Оларға сұрақ қойыңдар. 
Б) Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойыңдар 
15.  Төмендегі  мәтінді  оқып,  сұраулары  сөйлем 
мен  оған  берілген  жауаптарды  анықтап,  сұрақ  пен 
жауапты  диалог  түрінде  тиісті  тыныс  белгілерін 
қойып көшіріп жазыңдар. 
Қасқыр қайда барасың қой қырғалы 
барамын. 
Түлкі қайда барасың тауық іздеп барамын. 

Маймыл қайда барасың сауық іздеп 
барамын 
Аю қайда барасың бал тапқалы бармын 
                                                       (Қ. Мырза-Әли) 
16.  Мына  сөйлемдерден  жалпылауыш  сөздерді 
тауып, тыныс белгілерін түсіндіріңдер. 
Үйдің  маңайы  қой,  ешкі,  сиыр,  жылқы  –  бәрі 
аралас  шулағанда  азан-қазан  болады  да  кетеді.  Үй 
ішіндегі  ақшыл  сырлы  кереует,  тұста  тұрған  түкті 
көне  кілем,  терезеге  тұтылған  тоқыма  перде, 
қабырғадағы  түрлі  суреттер,  қызыл,  жасыл,  көк 
жіппен 
кестелеген 
кестелі 
орамал-шүберектер 
барлығы  бөлмені  көзге  әдемі  көрсетеді.  Біздің 
қоғамымыз  осындай  жандарға  ескіліктен  арылған, 
сауатты,  адамгершілігі  мол  азаматтарға  сүйенеді. 
Қазақстанның  басты  қалалары  мыналар  Алматы, 
Қарағанды, Семей, Қостанай, Теміртау т.б. 
17.  Мынай  жалпылауыш  сөздерге  лайықты 
бірыңғай мүшелерді қосып, сөйлем құраңдар. 
Жемістар, бәрі, ағаш, төртеуі. 
18. Бірыңғай мүшелерді қатыстырып, досыңның 
портретін жаса. 
Үлгі:  Айгүл  деген  досым  бар.  Ол  ұзын  бойлы, 
ақ  жарқын  қыз.  Қалың  қара  шашы,  қою  қасы,  қоңыр 
көзі,  қыр  мұрны  –  бәрі  де  Айгүлдің  жүзіне  жарасып 
тұрады. 
19.  Өлеңді  оқып  шығып,  сөйлемнің  айтылу 
интонациясын ескеріңдер, бірыңғай мүшелерді тауып, 
қандай сұраққа жауап беретінін айтыңдар. 

 
Әйел, еркек, жалпы жас,  
Көтеріл, көрін, көзіңді аш! 
Жаңбырлы жазғы жапырақтай, 
Көркей, көгер, гүлің шаш ... 
Оян, ойлан, ұрандас! 
Қаһарлан, теңел, құрал жас ... 
Оқы, ортақтас, ұйымдас. 
Бірік, бірлес, жиыл жас! 
                                             (І.Жансүгіров) 
 
Жылыттың сен көктеміңмен, жазыңмен, 
Жылыттың сен әзіліңмен, назыңмен. 
Толтырдың сен тарихтың сан томын, 
Жарқыраған, алтындаған жазумен! 
 
20.  Төмендегі  сөздерді  бірыңғай  мүше  етіп 
сөйлем 
құраңдар. 
Бірыңғай 
мүшеге 
ортақ 
жалпылауыш  сөздерді  өздерің  ойлаңдар.  Үлгі: 
Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Ақмола – бәрі 
де  Қазақстанның  ірі  қалалары.  Қазақстанның  ірі 
қалалары мыналар: Алматы, Қарағанды, Семей ... 
І.  Көксерке,  алабұға,  мөңке,  аққайран,  таутан  ( 
Қазақстан суларындағы балықтар). 
ІІ.  Ағыбай,  Асқат,  Болат,  Жомарт  (менің 
інілерім). 
ІІІ.  Сырдария,  Ертіс,  Жайық,  Тобыл,  Іле,  Шу 
,Есіл (Қазақстандағы ірі өзендер). 

ІV. Зат есім, сан есім, сын есім, етістік, есімдік, 
үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш (сөз таптары). 
21.  Үтірмен  ажыратылған  бірыңғай  мүшелі 
сөйлем құрылымдарымен жұмыс жүргіземіз 
А) Бірыңғай бастауыштар 
Талап, ұғым махаббаттан шығады. (Абай) 
 
Ә) Бірыңғай баяндауыштар 
Аспан, айқын, ашық.              (Ғ.М.) 
 
Б)  Бірыңғай анықтауыштар 
Далады ақ, сары, қызыл гүлдер өсіпті. 
 
В) Бірыңғай толықтауыштар 
Олар малды, қораны тексеріп шықты. 
 
Г) Бірыңғай пысықтауыштар 
Салтанатты жиналыстар Алматыда, Ақмолада, 
Семейде болып өтті. 
      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
өсіпті.  
 
 
болып өтті
.
 
жиналыстар 
Семейде 
Ақмолада, 
Алматыда, 
Салтанатты 

 
Д) Жалғаулықтары қайталанған бірыңғай 
мүшелер. 
Ауыл да, өмір де, жастар да қазір мүлде өзгерді. 
    
Е)  Үтірмен  ажыратылмайтын  жалғаулықтарды 
бірыңғай мүшелер. 
Мұғалімдер мен оқушылар жиналды. 
 
Ж) Бірыңғай  мүшелер мен оңашаланған 
айқындауышқа қатысты 
Ормандағы ағаштар: қарағай, қайың, тал -  ерте 
көгере бастады.  
 
21. Қай жақ дұрыс әрі тез қояды? 
Екі  қатарға  бөлінген  балаларға  сөйлемдер 
жазып,  ондағы  қажетті  тыныс  белгілерін  қою 
тапсырылады. 
І-ші қатарға 
Мектепте  он  бес-жиырма  бала  интернатта 
жатып  оқыды  да  Сауытбай  Дәндібай  сияқты  бай 
балалары ауыл үйлерінде жатып оқыды. 
Олар  интернатта  жатып  оқитын  балалардың 
жауы  болып  алды.  Шетінен  тентек  мейлінше 
ұрыншақ  сотқар  еді.  Сабақта  отырғанда  тыныштық 
бермейді де не шымшып алады не қағаз-қарындашты 
лақтрып  тастайды  ал  сыртқа  шықсаң  не  сабайды  не 
бөркіңді лақтырып ит айтақтап маза бермейді. 
ІІ-ші қатарға 

Әсем  екеуіміз  мектепке  келсек  есік  алдында 
адам жиылып тұр екен. Олардың арасында ұзын қара 
шинель  киген  жұп-жуан  екі  беті  торсықтай  ала  көз 
бұжыр  адам  сөлеп  тұр.  Сөзі  бізге  ұнамады.  Оның 
айтуынша  бұл  мектепке  ең  алдымен  патша  үкіметіне 
сенімді  патшаға  шын  берілген  адамдардың  балалары 
алынуға  тиіс  онан  кейін  ауылдағы  беделді 
адамдардың  билердің  байлардың  балалары  алынуға 
тиіс. 
                                     (С. Көбеев. «Қалың мал») 
22.  «Сөйлем сазы» ойыны 
 Ойынға қатысушылар үш-үштен бірнеше топқа 
бөлінеді.  Әр  топ  хабарлы,  сұраулы,  лепті  сөйлеп 
болып  (омырауларына  тиісті  белгі  қадап)  берілген 
мәтінді  (мәтін  көркем  шығармадан  алынады) 
кезегімен сазына келтіре оқиды. Қатысып отырғандар 
кімнің  қалай  оқығаны  жөнінде  өз  пікірлерін  айтады. 
Кімнің  оқығаны  ойынға  қатысушыларға  ұнаса,  сол 
мәнерлі бала аталады.  
23. «Өз орныңды тауып тұр» ойыны 
Ойын  бастаушы  ойынға  қатысушылардан  бес 
баланы бөліп алып, ортаға шығарады. әрқайсысының 
тыныс  белгілерінің  аты  жазылған  бір  карточкадан 
үлестіріп  беріп,  сен  үтірсің,  сен  сызықшасың,  сен 
нүктесің деп белгілейді. Ойын бастаушы сөйлемді екі 
рет  қайталап  оқығанда,  қажетті  тыныс  белгі  қолын 
көтереді,  қай  жерге  қойылуы  керек  екенін  айтады. 
Солай 6-7 сөйлем оқылады. 
 

24. «Теңге ілу» ойыны 
Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. 
Одан  әрі  3-4  метрдей  жерге  орындық  қойып, 
орындықтың  үстіне  бес-бестен  сұрақ  билеттерін 
қоямыз.  Мұғалімнің  белгісі  бойынша  екі  топтан  екі 
сайыскер  шығып,  сұрақ  алады,  жауапты  дұрыс  берсе 
ұпай  алады,  келесі  сайыскер  сұрақты  алып,  жауап 
береді. Солай жалғаса береді. 
25. «Жедел почта» ойыны 
Әр  топтан  екі  оқушыдан  шығады.  Сыныптың 
бір  шетіндегі  үстелдегі  дұрыс  қабылданбаған  (тыныс 
белгілері  қойылмаған)  жеделхат  мәтіні  түзетіліп,  тез 
жеткізілуі керек. Бір мезгілде берілісімен жеделхатқа 
екі  бала  жүгіреді.  Қай  топ  жеделхатты  дұрыс 
жеткізсе, сол жеңіске жетеді. 
26.  «Сүйікті жазушым» ойыны 
Тақтаның  бетіне  жазушылардың  суреттері 
ілінеді. Соған сәйкес карточкаларға жауап береді: 
А) Жазушы туралы не білесіз? 
Ә) Тыныс белгілері жайлы сұрақтар (әр түрлі). 
Б) Сөйлемге қажетті тыныс белгілерді қою. 
 
 Адасқан тыныс белгілер 
       Төмендегі  мысалдарда  тыныс  белгілерінің 
орны ауысқан, кей жерлерге артық та қойылған. Соны 
түзетіңдер. 
Қаз. 
Бір  қаз  өзенде  жүзіп,  жүріп  өзіне-өзі  айтты: 
«Қалай  мен  ғажап  құспын,  жерде  жүремін  суға  ,, 

жүземін,  ауаға  ұшамын  :  мендей  құс  бар  ма?  екен»  - 
деп.  Бұл  кеңесті  әтеш  естіп,  оған  айтты:  «Бекер  сен, 
мақтанасың  сен  аттай  жүгіре  алмайсың,  балықтай 
жүзе  алмайсың,  бүркіттей,  ұша  алмайсың,  әрі  істің 
басын  шатып,  жаман  білгенше  бір  істі  тәуір  білген 
жақсы  емеспе?»    (Бұл  мысал  жылжымалы  тақтаға 
немесе  плакатқа  алдын-ала  жазыдып,  балалар 
өздеріне көшіріп түзетеді.) 
27. «Алма теріп жейік» ойыны 
Мұғалім 
алма 
тәрізді 
етіліп 
жасалған 
қағаздарды партаға қояды, оның ар жағында сұрақтар 
мен сөйлемдер жазылған. Оқушылар бір-бірден алып, 
келегн  сұрағына  жауап  береді  немесе  сөйлем 
бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. 
Оқушылардың  тыныс  белгілері  жайлы  өтілген 
кейбір  тақырыптар  бойынша  жазба  жұмыстарын 
жүргізудің  де  тиімді  жағы  бар.  Оқушы  оны  шағын 
әңгіме  күйінде  жазса,  олардың  ойлау  қабілетін 
дамытып,  жазу  өнерін  ұштауға  көмегі  болмақ.  Үлгі 
ретінде мына жазба жұмысты берейік. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет