М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Оқу-әдістемелік кешен
Қазақ пунктациясының теориялық және
практикалық мәселелері
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Петропавл
2006
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
мемлекеттік университетінің
Оқу - әдістемелік кеңесінің шешімімен
шығарылады (хаттама № 9 28.05.2006 ж.)
Пікір жазған:
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Ж.С.Таласпаева
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент М.Т.Есматова,
п.ғ.к., доцент М.Ғ.Ғабдулина. Қазақ пунктациясының
теориялық және практикалық мәселелері: оқу-
әдістемелік кешен. Петропавл: М.Қозыбаев
атындағы СҚМУ, 2006. -96 бет.
Әдістемелік кешенде қазақ пунткуациясының
ережелері, терминдері, қазақ пунркуациясының
теориялық мәселелері берілген.
Оқу-әдістемелік кешен «Қазақ тілі мен
әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған.
Сонымен қатар, СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларын
орындауда көмекші құрал бола алады.
© М.Т.Есматова,
М.Ғ.Ғабдулина 2006
© М.Қозыбаев атындағы
СҚМУ, 2006
Алғы сөз
Тыныс белгілерін дұрыс қолданудың негізгі
жолдарын, сөйлемнің синтаксистік ерекшелігін және
сөйлемдегі кейбір сөздердің мағынасын, сөйлемнің
интонациясын оқытқанда, тыныс белгілерін жете
меңгерту үшін, біріншіден, қандай грамматикалық
заңдылықтарға
байланысты
қандай
тыныс
белгілерінің
қойылатындығын
және
соған
байланысты ережелерді, екіншіден, қандай тыныс
белгілерінің мағынаға байланысты қойылатындығын,
үшіншіден, қандай тыныс белгілерінің интонацияға
ғана негізделетінін білгізу қажет. Пунктуация
негіздері мен жүйесі – жете зерттелмей келе жатқан
проблемалардың бірі. Көп жылдық зерттеу тарихы
бар орыс пунктуациясының негіздері жайында үш
түрлі көзқарастың /мағыналық, грамматикалық,
интонациялық принциптер/ қалыптасқаны белгілі.
Орыс пунктуациясын зерттеуші ғалымдардың бір
тобы тыныс белгілерінің қолданылуын сөйлемнің
мағынасына /логикалық принципке/ негіздесе, екінші
тобы оны сөйлемнің грамматикалық ерекшелігіне
негіздейді, ал үшінші топтағылар пунктуацияның
негізі – интонация деп көрсетеді. Бұл туралы
профессор Г.П. Фирсов былай дейді: «Мұндай
көзқарастардың бірде-бірі таза күйінде кездеспейді,
бірнеше принциптер араласа тоғысып отырады
немесе түрлі ескертулер жасалынады». Ф.И. Буслаев,
С.И.Абакумов, Н.С. Поспелов сияқты ғалымдардың
еңбегінде пунктуация негізін мағыналық принципке
тіреу басым болса, Н.И. Греч, С. Булич сияқты
лингвистердің
зерттеулерінде
грамматикалық
принцип шешуші болып келеді, ал А.М. Пешковский,
Л.В. Шерба еңбектерінде интонациялық принцип
басым. Орыс пунктуациясын көп зерттеген атақты
ғалым, профессор С.И. Абакумов тыныс белгілерін
қолдануда интонациямен санаспауға болмайды деп
келіп, жалаң интонацияға ғана жүгінбей, сөйлемнің
мағынасы
мен синтаксистік
құрылымына
да
сүйенудің қажет екенін көрсетеді. Бұдан сөйлемге
қатысты жұмсалатын әрбір тыныс белгісі оның
мағынасына да, синтаксистік құрылымына да,
интонациясына да негізделеді деген ой анық
байқалады. Сөйлем мағынасы сөздер арқылы да,
грамматикалық тұлғалар арқылы да, интонация
арқылы да беріледі. Сөйлемнің немесе бүтіндей
текстің тыныс белігілерін дұрыс қою үшін, үш түрлі
негізге сүйену керек.
Орфография тілдегі сөздердің дұрыс жазу
ережелерінің жиынтығы (гректің орфос- дұрыс, түзі
және графия – жазу деген сөздерден алынған) деп
аталады.
Тіл
жүйелі,
қоғамдық
құбылыс
болғандықтан, жұрттың бәріне ортақ оның жазу
ережелері болады. Әркім өзінше әр түрлі жаза беретін
болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. Кейде дұрыс жазу
ережелерін емле деп те атайды.
Тілде жазу үш принципке сүйенеді.
1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша
сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы
сақталып жазылады. Мысалы: бас-шы (айтылуындай
башшы емес), түн-гі (түңгі емес), Жан-пейіс
(Жәмпейіс емес) болып сөздің түбірі де, қосымша да
өз
тұлғаларын
сақтап
жазылады.
2. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі
тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша
жазылады. Мысалы: хал, хат, хабар т. б. сөздер қал,
к,ат, қабар болып жазылмайды, дәстүр бойынша
қалыптасқан
тұлғасында
жазылады.
3. Фонетикалық принцип бойынша сөздер дыбыстық
заңдарга сүйеніліп, айтылуы және естілуі бойынша
жазылады. Мысалы, жаздыгүні, сексен, бүгін, жауып
қойды, белбеу сияқты сөздер осылай айтылуынша,
естілуінше жазылады, ал бұл сөздердің тарихи
тұлғалары — жаздың күні, сегіз он, бұл күн, жап+ып
қойды, белбау.
Қазақ тіліндегі сөздер бір ғана принцип
бойынша
жазылмайды.
Сөздердің
көпшілігі
морфологиялық принцип бойынша жазылса да,
фонетикалык және дәстүрлі принциптер бойынша да
жазылатын сөздер аз емес. Оны қазақ тілінің ресми
бекітілген «Орфографиялық (емле) ережелері» мен —
орфографиялық
сөздіктері
белгілеп
отырады.
Орфографиялық
ережелерді
Қазақстан
республикасының Жоғаргы Кеңесі бекітеді.
Пунктуацияны оқытудың теориялық
негіздері
Пунктуация – бір нәрсені жазғанда, оқығанда,
айтқанда ойды басқаға түсіндіру үшін қолданылатын
тыныс белгілері ережелерінің жиынтығы. Пунктуация
– тыныс белгілері туралы ілім, ол айтылмақшы ойды
екі ұшты етпей, дәл, түсінікті де тиянақты етіп білдіру
үшін қолданылады. Бұл – тыныс белгілерінің негізгі
қызметі. Тыныс белгілері бір сөйлемдерді немесе
сөздер тобын айтқанда, оқығанда, ауызекі тілде
болатын кідірісті де, дауыстың қалай құбылуын да
білдіреді. Бұл – тыныс белгілерінің қосымша, көмекші
қызметі. Жазба тілде де, ауызекі тілде де тыныс
белгілерінің үлкен маңызы бар. Тыныс белгілері
мүлдем қойылмаған сөйлемді немесе тексті оқу да,
оның мағынасын түсіну де қиын. Сөйлемнің немесе
текстің тыныс белгілері дұрыс қойылмаса, ондағы
айтылған ой да дұрыс ұғылмайды. Мысалы: - Өзіміз
кешеуілдеп, өзгеге тұра тұр деп айта аламыз ба, Асқар
Еркебұланұлы? Сәрсенов Баянауылдың ар жағына
шықты. Бұл сөйлемдердің тыныс белгілері дұрыс
қойылған. Егер тыныс белгілері дұрыс қойылмаса,
сөйлеушінің ойы кімге арналып тұрғаны белгісіз
болар еді. Егер Асқар Еркебұланұлы дегеннен кейін
сұрау белгісі қойылмай, соңғы сөйлеммен біріктіріліп
жазылса, ой Асқарға арналмай, бұл сөздер Сәрсенов
деген кісінің аты мен әкесінің аты ретінде ұғынылып,
екінші сөйлем «Асқар Еркебұланұлы Сәрсенов
Баянауылдың ар жағына шықты» болар еді.
Тыныс белгілерін дұрыс қолданудың
негізгі жолдарын, сөйлемнің синтаксистік ерекшелігін
және сөййлемдегі кейбір сөздердің мағынасын,
сөйлемнің
интонациясын
оқытқанда,
тыныс
белгілерін жете меңгерту үшін, біріншіден, қандай
грамматикалық заңдылықтарға байланысты қандай
тыныс белгілерінің қойылатындығын және соған
байланысты ережелерді, екіншіден, қандай тыныс
белгілерінің мағынаға байланысты қойылатындығын,
үшіншіден, қандай тыныс белгілерінің интонацияға
ғана негізделетінін білгізу қажет. Сөйлем мағынасы
сөздер арқылы да, грамматикалық тұлғалар арқылы
да, интонация арқылы да беріледі. Сөйлемнің немесе
бүтіндей мәтіннің тыныс белігілерін дұрыс қою үшін,
үш түрлі негізге сүйену керек. Олар мыналар:
1.
Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі.
2.
Сөйлемнің мағынасы.
3.
Сөйлемнің интонациясы.
Әр тілдің сөздерді тіркестіру, олардан сөйлем
құрау жолдары бар. Басқа тілдердегі сияқты, қазақ
тілінде де сөйлемнің негізгі екі түрі (жай сөйлем,
құрмалас сөйлем) бар. Бұлар өзара әлденеше
жолдармен жасалады. Сөйлемнің түр-түріне және
сөйлемдегі сөздердің қолданылуына қарай әр түрлі
тыныс белгісі қойылады. Мәселен, хабарлы
сөйлемдерден кейін «мейлі ол жай сөйлем, не
құрмалас сөйлем болсын, мейлі толымды не
толымсыз сөйлем болсын т.с.с.) нүкте қойылады,
сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі, лепті
сөйлемнен кейін леп белгісі қойылады. Сөйлем
ішіндегі қаратпа, одағай сөздер, оңашаланған
мүшелер сөйлемнің басқа мүшелерінен белгілі бір
тыныс белгісі арқылы, жалпылауыш сөздер сөйлемнің
бірыңғай мүшелерінен не қос нүкте, не сызықша
арқылы ажыратылады. Тыныс белігісі сөйлемнің
түрлеріне, құрылысына, сөйлем мүшелерінің жасалу
жолдарына, сөйлемдегі сөздердің тіркесу тәсілдеріне
байланысты қойылады. Мұны тыныс белгісінің
сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне байланысты
қойылуы дейміз.
Сөйлемнің тыныс белігісін дұрыс қою үшін,
оның
синтаксистік
ерекшелігімен
қатар,
сол
сөйлемдегі кейбір жеке сөздердің мағынасына да
назар аудару қажет. өйткені бүтіндей бір сөйлемнің
немесе ондағы кейбір жеке сөздердің мағынасы
белгілі бір тыныс белігісін қоюды керек етеді.
Мысалы: Ол рас айтты. Ол рас, бүгін келмекші деген
екі сөйлемдегі рас сөзі екі мағынада қолданылып тұр,
әсіресе, қос нүкте, тырнақша, жақша, сұрау, леп
белгілері сөйлемнің мағынасына негізделіп қойылады.
Мысалы:
Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші , әнші есіл ер! (Крылов-Абай)
дегенде, леп белігісі сөйлемнің синтаксистік
ерекшелігіне байланысты қойылып тұрған жоқ,
сөйлем кекесінді, әзіл-сықақ мағыналы болғандықтан
қолданылып тұр.
Суреттеп және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау баққан халқын!»
Соншама құны толық, пұлды түйме
Артында қалдырмас па «жақсы даңқын» (С.
Торайғыров).
Бұл мысалдығы тырнақшалар тырнақшаға алынған
сөздердің
кекесінді,
қарама-қарсы
мағынада
қолданылғандығынан қойылып отыр. Тыныс белгісі
сөйлемнің, сөйлемдегі кейбір сөздедің мағынасына
қарай да қойылады.
1.
Тыныс белгілерін дұрыс қолданылудың ендігі
бір негізі – интонация. Мысалы, белгілі бір хабарлы
сөйлемді айтқанда, оқығанда сөйлем соңында кідіріс
болады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқығанда,
олардың әрқайсысынан кейін және құрмалас сөйлем
құрамына енген әрбір жай сөйлем арасына кідіріс
болады. Сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда, дауыс
көтеріңкі шығып, айрықша интонация байқалады.
Сөйлеу тіліндегі мұндай интонация жазба тілде
белгілі бір тыныс белгісін қоюды қажет етеді.
мысалы, Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер,
адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені, шын
достықтың белгісі – көп кешікпей келгені деген
сөйлемдердегі сызықшалар бастауыш та, баяндауыш
та зат есімнен немесе заттанған есімшелерден
жасалғандықтан қойылып тұр. Бұл сызықша қоюдың
грамматикалық
белгісі.
Сонымен
бірге
бұл
сөйлемдерді айтқанда, сызықша қойылған жерлерде
кідіріс жасалады. Бұл – сөйлемдегі, ондағы жеке
сөздерді айту интонациясы. Осы интонация бұл арада
тыныс белгісі қойылатын жерге сай келіп тұр.
Сызықшаны
қолданудың
негізгі
принципі
–
грамматикалық белгімен қатар, бұл жерде интонация
да сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қоюға себепші
болып, белгілі бір тыныс белгісі керектігін
аңғартқандай болып тұр. Бірақ, сөздерді, сөз
тіркестерін айту интонациясы жазуда тыныс белгілері
қоылатын жермен үнемі сай келе бермейді. Ауызекі
тілде сөйлемді, сөйлемдегі сөз тіркестерін айтқанда
жасалатын түрлі-түрлі кідірістерден кейін тыныс
белгісін қоя беруге болмайды. Мысалы, Бермегенді
беріп ұялт. Қайтып кірер есікті қатты жаппа. Біреу
білмегенді біреу білер, - деген сияқты сөйлемдердегі
бермегенді, есікті, білмегенді дегендерден кейін
ауызекі тілде кідіріс жасалып айтылады. Бірақ соған
қарамастан, бұл сөздер сөйлемнің баяндауышына
тікелей қатысты болғандықтан, олардан соң үтір
немесе басқа бір белгі қоюға болмайды. Тыныс
белгілерін қолдану жалаң бір принципке ғана
сүйенбей,
барлық
үш
принциптің
бірлігіне
негізделеді.
Қазіргі
пунктуациямыз
бір
ғана
принциптің
негізінде
жасалмайды,
бірнеше
принциптердің: грамматикалық, мағыналық және
интонациялық
принциптердің
жиынтығына
негізделеді. Пунктуация негізделетін принциптерді
бір-бірімен қатар қоюға болмайды. Мағыналық
принцип,
грамматикалық
және
интонациялық
принциптерге қарағанда көлемді, өйткені соңғы екеуі
мағына жасаудағы синтаксистік тәсілдер болып
табылады. Пунктуация граматикалық құрылым мен
интонация арқылы берілетін мағынаға негізделеді деп
санау керек, аталған мағына жасаушы белгілердің бірі
екіншісінен басым болып отыруы мүмкін. Бірде
тыныс белгісінің шешуші көрсеткіші интонация
болса, брде ондай қызметті синтаксистік құрылым
атқаратын
болады,
ал
интонация,
мағынаны
көрсететін
белгі
ретінде,
екінші
орында
қарастырылуы мүмкін. Кей жағдайларда тыныс
белгілері интонацияның қатынасынсыз, тек қана
грамматикалық құрылымға сай қойылады. Ал кейде,
керісінше, тыныс белгілері тек қана интонацияға
сәйкес қойылады, басқаша айтқанда, грамматикалық
белгілері жоқ болған кезде мағынаға сүйенеді.
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері, сол
сөйлемнің синтаксистік байланыс ерекшелігіне
қарай, ондағы белгі компонгенттері бір-бірінен әрі
мағывналық, әрі синтаксистік, әрі интонациялық
бөлшектерге ажыратып көрсетеді. Тексті не сөйлемді
тыныс белгілері арқылы бөлшектеук аталған үш
принциптің жеке біреуіне ғана сүйенбейді, олардың
бірлігіне сүйенеді. Ондай бөлшектер тек қана
мағыналық және тек синтаксистік, не болмаса, тек
интонациялық бөлшектердің біреуі ғана емес, әрі
мағыналық, әрі грамматикалық, әрі интонгациялық
бөлшектер болып табылады. Мағыналық бөлшектер
арқылы бір сөйлемдегі ойды екінші сөйлемдегі оймен
шатастырмау мүмкіндігі жасалады: сөйлемнің тура
желілі
мағынасы
мен
қосымша
кірістірілген
мағыналардың шекарасы белгіленеді. Грамматикалық
бөлшектер арқылы берілген сөйлемнің синтаксистік
құрылымдарынан
ажыратылады:
сөйлемнің
синтаксистік тура мағынасы мен кірістірілген екінші
мағынасынан
шекарасы
бөлініп
көрсетіледі.
Интонациялық бөлшектер арқылы әрбір қажетті
синтаксистік компонент дауыс сазымен белгілі
кідіріспен айтылады. Сөйлемде интонация жасалған
жердің бәріне бірдей тыныс белгісі қойыла бермейтіні
белгілі. Мұның өзі интонацияның көп қырлы болуына
байланысты.
Пунктуация негіздері - қазақ тіл білімінде аз
зерттеліп келе жатқан проблемалардың бірі. Ол
жөнінде көрген ғылым еңбектер көп емес. Қазақ тілі
пунктуациясын алғашқы зерттеушілердің бірі С.
Жиенбаев. Ол «Сөйлемнің тыныс белгілері» деген
еңбегінде: «Текстің негізгі элементі – сөйлем» деп
санайды да, тыныс белігілерін сол сөйлем аясында
қарастырады. Сөйлемнен тыс қолданылатын тыныс
белгілері болмайды деген тұжырымға келеді.
Пунктуация білімін меңгеру ана тілінің синтаксисін
жете білумен тікелей байланысты екенін ескертеді. С.
Жиенбаевтің аталған еңбегінде пунктуацияның
күрделі саласы – ішкі пунктуацияны тудырушы
оңашаланған айқындауыш, оқшау сөздер, бірыңғай
сөйлем мүшелері мен жалпылауыш сөздер, сызықша
арқылы ажыратылатын бастауыш пен баяндауыш,
құрмалас сөйлемдер және төл сөз бен автор сөзі
тәрізді басты-басты синтаксистік категориялардың
өзіндік сипаттамаларын ашқан. С. Жиенбаевтің
еңбегінен келтірілген үзінділерді қарасақ, автордың
қазақ тілі пунктуация негізі ретінде мағыеналық,
интонациялық
принциптерді
қоса
қамтитын
сөйлемнің синтаксистік құрылымына жүгінетінін
анық байқауға болады.
Пунктуация негіздерін айқындауға құнды
пікірлер ұсынған елеулі еңбек А. Ысқақов пен Ә.
Қасенов «Тыныс белгілері» кітабы. Бұл еңбекте қазақ
тілі пунктуациясы үш түрлі принципке негізделгенін,
негізгі үш принциптің (мағыналық, грамматикалық
интонациялық принциптердің) ажырамас, тұтас
бірлігімен шешілетін айтқан. Ондай пікір мына
жолдардан да айқын байқалады. «Үтір, негізінде,
грамматикалық ерекшелікті аңғартатын белгі ғана
емес, сонымен қатар, мағыналық ерекшелікті
танытатын белгі екенін көреміз. Оның қызметі
мұнымен де тынбай, интонациялық жақты да
қамтитыны қыстырма, қаратпа, одағай сөздермен
байланысты қолданылуынан да белгілі». Кез келген
тыныс белгісінің интонация сияқты, грамматикалық
және мағыналық көрсеткіш екенін айтып, тыныс
белігісі үш принциптің негізінде қолданылады. Бірақ
көптеген авторлар біраз тыныс белгілерінің қолдануы
жеке принциптер негізінде шешіледі деген: «Нүктелі
үтір әрқашан текстің грамматикалық құрылысына
сәйкес қолданылады. Көп нүкте айтылатын ойдың тек
мағынасына қарай қойылатын белгі. Көп нүкте
сөйлемнің грамматикалық құрылысына байланысты
емес, оның мағынасының аяқталмай қалуы, үзіліп
қалуы сияқты мағыналық жақтарға ғана байланысты.
Леп белгісінің қолданылуы айтылатын ойдың тек
мағынасымен байланысты, ал тырнақша сөйлемнің не
грамматикалық құрылысын, не интонациясын көрсете
алмайды, белгілі мағынаны байқаттыратын шартты
дәнекер».
Профессор
М.
Балақаевтың
қазақ
тілі
пунктуациясына арнап жазған мақалалары бар. Ол
тыныс белгілерін дұрыс пайдаланудың негізгі дауыс
ырғағымен байланысты болады, кейде тыныс
белгілерін дұрыс қойып жазудың шарты дауыс
ырғағы /интонация/ болмай, грамматикалық белгілері
негіз болады деген. Мысалы: Ауылға келе жатқан
Амантай алыстан бір аттыны көрді. Бастауыштан
кейін үтір қойып жазушыларды кездестіреміз. Сол
жерде шамалы тоқтап сөйлейміз. Солай екен деп ол
сөзден кейін үтір қою, грамматикалық белгіге
қарағанда, дұрыс болмайды. Өйткені Амантай сол
сөйлемнің бастауышы, көрді – баяндауышы. Мұндай
жерде үтір қою грамматикалық жобаға келеді, ал
грамматика – синтаксис тарауымен байланысты.
Сонда тыныс белгісін қою синтаксистік белгіге де
байланысты екен. Бұл мысалдан көретініміз – М.
Балақаев
тыныс
белгісінің
қойылуын
бірде
интонацияға, бірде грамматикалық принципке, бірде
синтаксистік белгіге негіздейді.
Пунктуация туралы мәселе Ф. Мұсабекова
еңбегінде де сөз болған. Ол тыныс белгілерінің
қойылуын жеке принциптер тұрғысынан қарастырған.
Ф. Мұсабекова былай дейді: «Тыныс белгілері
сөйлемнің
бірдей
құрылысына
қарай,
бірде
мағынасына қарай, бірде айтылуына қарай қойылады
деу дұрыс. Бірсыпыра тыныс белгілері сөйлемнің
құрылысына байланысты қойылады. Қос нүкте,
нүктелі үтір, сызықша, үтір, жаңа жол синтаксистік
құрылысқа сүйеніп қойылады. Жақшы, сұрау белгісі,
леп белгісі, нүкте, көп нүкте, тырнақша т.б. сөйлемнің
мағынасына негізделіп қойылады».
Аталған еңбектерді қарастыра келіп, сөйлемдегі
кез келген тыныс белгісі аталған үш принципке
негізделген бірде-бір тыныс белгісін кездестіре
алмаймыз. Сондықтан тыныс белгісінің қойылуын үш
принциптің біреуіне ғана негіздеудің дұрыс тұжырым
емес екендігін көреміз. Бір сөйлемге тән тұтасқан бір
бүтін, үш түрлі қасиетті бір-бірінен бөле - жарып,
ажыратуға болмайды. Тыныс белгісі қойылған кез
келген бір сөйлемді алып қарастырайық. Мысалы:
Жолдастар, еңбек өнімділігін арттырайық! Берілген
сөйлемде үтір де, леп белгісі де үш принципке бірдей
негізделіп қойылған. Үтір арқылы белгіленген сөйлем
компоненттерінің арасына дауыс кідірісі жасалған
және жолдастар деген сөз, жалпы сөйлем леппен
айтылған.
Бұл
айтылған
тыныс
белгілері
интонациялық принципке негізделеді. Үтір қаратап
сөздің бар екенін ескертсе, леп белгісі сөйлемнің
аяқталғанын білдіреді, келесі сөйлемнен ажыратуға
мүмкіндік береді, сөйлемдегі сөздердің синтаксистік
байланысын белгілейді. Сөйтіп, бұл тыныс белгілері
келтірілген сөйлемнің синтаксистік құрылымын
айқындайды.
Бұл
–
тыныс
белгілерінің
грамматикалық принципке негізделуі.
Үтір қоюдың нәтижесінде мысалдағы қаратпа
сөздің мағынасын, леп белгісі арқылы берілген
сөйлемнің лептік мағынасын көреміз. Бұл – аталған
тыныс белгілерінің мағыналық принципке негізделуі.
Сөйлемде
аталған
принциптердің
бірлігіне
негізделмейтін бірде бір тыныс белгісі жоқ.
Сондықтан бұл үш принципті бір-бірінен бөліп
қарастыруға
болмайды.
Әр
түрлі
сөйлем
құрылымдарына қойылатын кез келген тыныс белгісі
арқылы сол сөйлемнің мағынасы да, синтаксистік
құрылым ерекшелігі де, интонациясы да бейнеленеді.
Кез келген сөйлем: жай сөйлем немесе құрмалас
сөйлем, бір сөзді не көп сөзді сөйлем – аталған үш
принциптің тұтасқан бірлігі негізінде жасалады.
Белгілі мағынаны білдіріп, арнайы интонациямен
айтылатын тіліміздегі алуан түрлі синтаксистік
құрылымдардың өзіндік ерекшеліктеріне сай, қазақ
тілі пунктуациясын құрайтын тыныс белгілері
мынадай екі түрлі қызмет атқарады:
1.текстегі әрбір сөйлемнің /жай не құрмалас/
шекарасын белгілеп, сөйлемкомпоненттерінің жігін
ажырату;
2. күрделенген сөйлем ішіне кірістірілген түрлі
синтаксистік
оралымдарды
ерекшелеп,
ондай
сөйлемдердің тура және қосымша синтаксистік
байланыс белгілерін айқындау. Осыған орай, тыныс
белгілері ажыратушы және бөлуші тыныс белгілері
болып үлкен екі топқа бөлінеді. Ажыратушы және
бөлуші тыныс белгілерінің қолданылуындағы бір
ерекшелік мынадай: ажыратушы тыныс белгілері
сыңар жақты, жеке-дара жұмсалады (Жем көп болса,
мал да күйлі болады); бөлуші тыныс белгілері
көбінесе екі жақты, жұп болып қолданылады
(Біздерді, жастарды, қызу еңбек күтеді).
Достарыңызбен бөлісу: |