Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет112/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   168

ӨРІМ з а т. Жас жағынан балашықтан 

үлкен,  сілегеннен  кіші,  жіңішке  əрі  ұзын 

жас қарағай. 

ӨРІСТІК... Оя - малдың ө р і с т і г і 

н і ң төңірегі (Соц. Қаз., 09. 04. 1991, 4). 

Геморой - ө р і с т і к к е қан қатудан ісіп 

жарылатын ауру (Бұл да). 

ӨСЕК:  Өсек  сөзге  қалды.  Өсекке 

ілінді, жаманатқа қалды. Тоңбайдың қызы 

Томпышпен  əмпей-жəмпей  болып  жүріп, 

аяғында ө с е к  с ө з г е  қ а л ғ а н бала – 

сол Жасан (Ж.Əлмашұлы, Тар дүние, 18). 



ӨСПЕ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Өскін.  Бұған 

мұрын ішіне өскен ө с п е н і алуға болады 

(С.Қалиев, Емдік рецеп., 239). 

ӨСТЕН  з  а  т.  Су  жеткізу  үшін 

қолдан  арнайы  қазылған  үлкен  арна; 

оман, канал. Алматы мен Жамбыл облыс-

тары  өңірлерінде  су  жүретін  жыра-

ның үлкенін ө с т е н, кішірегін тоған, ең 

кішісін арық деп атайды (Қаз. этнография., 

1, 200). 

ӨСІК з а т. с ө й л. Өсінді. Сондағы көк-

тің ө с і г і-а й! Қойлардың аяғы оралып, 

жүре  алмайды  (Жұлдыз, 1972, №2, 168). 

Сондай-ақ ұрықтандырылған саулықтардың 

журналдағы  номерлері  мен  күйектен 

өткен  күні  шатастырылуы  салдарынан 

елтірілердің 5 проценті жарғақ, 20 проценті 

ө с і к болуына жол беріледі (Еңбек туы, 

17. 04. 1968).



ӨСІМДІК:  Өсімдік  биті.  з  о  о  л. 

Өсімдік жапырақтарымен қоректенетін 

өте кішкентай жəндік. Ө с і м д і к  б и 

т  і  н  і  ң  (тля)  жұмыртқалары  жұмыртқа 

жолында дамып, тірі туады (Р.Сəтімбеков, 

Қызықты биология, 77). 

ӨСІМПҰЛ з а т. ж а ң а. Қарызға ал-

ған  ақша  уақытысында  қайтарылмаған 

жағдайда  қосымша  төленетін  үстеме 

ақша. Ө с і м п ұ л д ы қалай есептейді? 

(Жас қазақ, 22. 08. 2008). 



ӨСІМШІ   з  а  т.  Қарызға  ақша 

беру  арқылы  пайда  табушы;  банкир 

(Р.Сыздықова: ҚазССР ҒА-ның Хабарлары, 

1975, №1, 35).

ӨСІМШІЛ  с  ы  н.  Қарызға  өсіммен 

ақша беруші (адам). Бір саудагер – ө с і м 

ш і л бай, Оны сойды аналардай. Сасығанда 

шыдай  алмай,  Дедім  мен  «Астапыралда-

ай») (Шəкəрім, Шығ., 259). 

ӨСІҢКІЛІК з а т. Біртіндеп өскендік, 

өсе  түскендік.  Солай  болса,  белгінің  я 

жетімсіздігін, я бəсеңдігін, я ө с і ң к і л і г 



і н білдіретін формалардың бəрін бір топқа 

үйіріп, салыстырмалы шырай формалары 

деп  таныған  дұрыс  (А.Ысқақов,  Қазіргі 

қаз. тілі, 277). 



ӨСІРМЕЛЕ  е  т.  Бір  нəрсені  өсіріп 

айту,  бағасын  көтеру.  Тірлігінде  соры 

қайнаған жігітті өлгеннен соң өстіп ө с і р 



м е л е п, мін-мүлтіксіз əулиеге айналдырып 

жіберіпті (О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 94). 



ӨСІРМЕЛЕУ  Өсірмеле  етістігінің 

қимыл атауы. 

ӨСІРМЕШІЛ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Өсіріп 

жіберетін,  өсіргіш.  Пендешіліктің 

батпағына  батқан  тұстарда  Тоқтарбай 



468

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

өзінің ө с і р м е ш і л, күдікшіл мінезіне 

қарауыл  қоя  алмас  еді  (О.Сəрсенбай, 

Шеңбер, 220). 



ӨТЕШЕК з а т. Өтелуге тиісті зат. ≈ 

Ө т е ш е г і ң д і қашан бересің? 

ӨТКЕЛ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Үлкенірек 

арықтардан  өту  үшін  жасалған  жеңіл-

желпі,  кішкене  көпір. – Мына  арықтарға

ө т к е л салып жіберсеңдер қайтеді, - деді 

(Қ.Омаров,  Əке, 174). Көкем: «Көпірлер 

мен ө т к е л д е р д і ң ағашын отын етуге, 

қора-қопсы салуға болмайды», - деп айтып 

отыратын (Бұл да). 

ӨТКЕРМЕ:  Өткерме  жағалы.  Ары-

бері өткермелеп бекітіп қоямын жағасы 

бар,  алмалы-салмалы  жағалы.  Үстінде 

қара ө т к е р м е  ж а ғ а л ы қаптал шапан 

(И.Байзақов, Таңд. шығ., 2, 97). 

Өткерме  тігіс.  Кесте  тігудің  инені 

ары-бері өткере тігу тəсілі. Кесте түрлері 

көп. Соның бірі - ө т к е р м е  т і г і с 

(Шаңырақ, 402). 

ӨТІЛ... Еңбек ө т і л і м кейбіреулерінен 

артық.  Бірақ  оны  назарға  алып  жатқан 

ешкім жоқ (Егем. Қазақст., 07. 10. 2003, 4). 

ӨТІЛ:  Өтіл  сұрады.  Рұқсат  сұрады, 

өтінді.  Ертең  өзі  барып,  өкінішін  айтып, 

ө т і л с ұ р а р - а у (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан, 

30). Төрде отырған билерден Бозмұнай ө т 



і л сұрайды (Ер Сайын, 156). 

ӨТІНІШХАТ з а т. р е с м и. Əр түрлі 

өнім,  олардың  бағасы,  қызмет  түрлері 

туралы  ақпарат  алу  үшін  жазылатын 

құжат.  Ө  т  і  н  і  ш  х  а  т  т  а  р  бірінші 

жақтың жекеше, көпше түрінде жазылады 

(Ə.Хазимова, Іс қағаз., 72). 

ӨШКІНДЕ е т. с ө й л. Өшу, бəсеңдеу. 

Бізде ұлттық сезімнің ө ш к і н д е г е н і

анық.  Сондықтан  елге,  ұлтқа,  Отанға, 

жерге сүйіспеншілік те солған (Қ.Толыбаев, 

Бабадан., 100). 

ӨШКІНДЕТ  Өшкінде  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Сырттан таңылған 

бірыңғай бағынышты тəрбие тəртібі санаға 

қысым түсірді де, ұлттық сезімді ө ш к і н д 

е т т і (Қ.Толыбаев, Бабадан., 98). 

ӨШКІНДЕТУ  Өшкіндет  етістігінің 

қимыл атауы.

ӨШКІНДЕУ  Өшкінде  етістігінің 

қимыл атауы. 

П

ПАГОНДЫ с ы н. Пагоны бар, пагон 

таққан. Оның үстінде қызыл тік жағалы, 

қызыл  п  а  г  о  н  д  ы  сұр  шинелі  бар  еді 

(Ж.Бисенбаев, Жасын-тағдыр., 90). 

ПАДАПҰЛ з а т. Жекеменшік сиырларды 

баққаны үшін берілетін ақы. - Əй, саған не 

жетпеді? Əлде біз п а д а п ұ л д ы аз бердік 

пе, а? (Қ.Ботбай, Егіз қауашақ, 78). 

ПАЙҒАМБАР СУ   Пайғамбарсы 

етістігінің қимыл атауы. 

ПАЙҒАМБАРСЫ  е  т.  Пайғамбар 

болғансу,  ақылдысыну.  П  а  й  ғ  а  м  б  а  р 

с  ы  п  көрмедім,  Жан  сырымды  ұғыңдар, 

Жұмыр  басты  пендемін,  Ертең  жоқ  та, 

бүгін  бар  (Иранбек  Оразбаев:  Қаз.  əдеб., 

16. 02. 1990, 5). 



ПАЙДА-ЗИЯН з а т. Тигізер пайдасы 

мен  зияны,  екеуі  де.  Əр  дақылдың  жерге 

берер, одан алар п а й д а-з и я н д а р ы н 

бақылау ешкімнің де ойына кіріп шыққан 

емес (Р.Райымқұлов, Жапанда., 152). 



ПАЙДАКӨС с ы н. с ө й л. Пайдақор, 

пайдакүнем.  Адал  еңбек  жолынан  безіп, 

билік  иелеп,  ырғынға  бату  жолында 

жанын салатын п а й д а к ө с т е р əлемді 

былықтырады  деп  түсінеді  (Ғ.Білəл, 

Ғасырлық., 286). 

ПАЙДАШЕРІК...  Туған  нағашысы 

«өтеуі»  деудің  орнына  «бодауы»  дейді, 

«ширек» деудің орнына «əшмөңке» дейді, 

«бөліс» деудің орнына «п а й д а-ш е р і к» 

дейді (Т.Əлімқұлов, Көкек айы, 36). 

ПАЙЛА... 2. Байқау, қарау. – П а й л а п 

жүріп, тəуір жерден қыз айттырып қойсақ 

та теріс болмас еді (Д.Исабеков, Тіршілік, 

43). Шаншар жерін п а й л а д ы Анда-санда 

бұрқ етіп, Шіреп ұстап найзаны Жүректен 

шаншып  Насырды,  Көтеріп  алды  қолына 

(Марғасқа жырау: Ана тілі, 31. 05. 1990, 5). 

ПАЙПҰЛЫ з а т. Пай үшін төленетін 

ақша. Ауданымызда «п а й п ұ л ы» деген 

пəле шықты. Біз жақта 80 сом пұл төлеп, 

пай  кітапшасын  алу  міндетті  (Соц.  Қаз., 

20. 09. 1991, 2). 



ПАЙЫ-ЖЕЛІМ з а т. Малдың сіңірін 

қазанға қайнату арқылы жасалған желім. 

469

Байынқол Қалиев

Осыны  (ерді)  қара  қазанда  қайнатылған



п а й ы-ж е л і м м е н сылап біріктіремін 

(А.Сатаев,  Бəрі  де., 38). – Бұл  ісіме 

қызығушылардың  бірі – сенің  атаң 

Монжық, - деді Сəмір ердің сүйегіне п а й ы



-ж е л і м д і жағып отырып (Бұл да, 39). 

П А Й Ы М П АЗ   с   ы   н .   с   ө   й   л . 

Пайымдағыш,  пайымдай  білетін.  Он  екі 

мүшеге  біткен  кеселді  адамның  жалғыз 

кірпігінен, «үһ»  дегендегі  демінен  біле 

қоятын көреген де п а й ы м п а з ретінде 

сипатталады ол (Ел аузы., 279). 

ПАЛЫ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Айып. 1938 ж. 

қылышымнан  қытай  үкіметіне  айыпты 

болып, бір миллион сом п а л ы тарттым 

(Қалибек Хакім., 182). 



ПАМДАТ з а т. а р. д і н и. Таң намазы, 

пандат.  «Намаз  тағылымында»  тəулігіне 

бес рет оқылатын намаздың аттары – таң 

намазы  (п  а  м  д  а  т),  түскі  намаз,  бесін 

(түстен  кейінгі)  намазы,  кешкі  намаз 

(мағриб), түнгі намаз да келтірілген (Егем. 

Қазақст., 14. 12. 1991, 6). 



ПАНДА з а т. з о о л. Басы ақ, көзінің 

айналасы  қара,  өзі  момын,  аю  тектес 

жануар.  Халықаралық  “Қызыл  кітапқа” 

енген,  сирек  кездесетін  аңдардың  бірі  –



п а н д а (Тірі табиғат, 93). 

ПАНДАР з а т. м у з. Шешен халқының 

саз  аспабы.  Шешен  жерін  қырып  келген 

əскербасыларынан  Ақсақ  Темір  «сендер 

олардың  п  а  н  д  а  р  деген  саз  ойнайтын 

аспабын  тартып  алдыңдар  ма?»  деп 

сұраған-мыс.  Əскербасылар  «Жоқ»  деп 

бастарын  шайқапты  (Қ.Олжай,  Қанат 

байла., 240). Сонда  əмірші: «Вайнахтан 

п  а  н  д  а  р  д  ы  тартып  алмасаңдар, 

оларды қырып тастауларың мүмкін, бірақ 

бағындыруларың мүмкін емес» депті (Бұл 

да, 241). 



ПАНТЫ з а т. Бұғының сүйектенбеген 

жас мүйізінің қаны. Маралдың дəмді етінен 

басқа,  ең  бағалы  өнімі – сүйектенбеген

жас  мүйізі  п  а  н  т  ы  с  ы.  Пантыдан 

пантокрин  дəрісі  жасалады  (Лен.  жас, 

14. 12. 1983, 4). Байлық  емей  немене. 

Бұғы-марал п а н т ы л а р ы – еліміздің 

дəрі-дəрмек жасайтын өнеркəсібі үшін аса 

бағалы шикізат. Демек п а н т ы д а н құнды 

дəрілер жасалады (Орталық Қазақстан, 03. 

06. 1967, 4). 



ПАҢҚОЙЛЫҚ з а т. с ө й л. Паңдық. 

Қала адамында жоқ п а ң қ о й л ы қ ауыл 

адамдарының  бойында  мен  мұндалап 

ұшырасатыны бар (Ана тілі, 27. 11. 2008). 



ПАПАЙЯ з а т. б о т. қ. Қауын ағашы 

(ҚСЭ, 7, 306). 



ПАПАҚТЫ  с  ы  н.  Басында  папағы 

бар,  папақ  киген.  Бетпе-бет  келген  тағы 

біреуінің п а п а қ т ы басы аттардың аяқ 

астына  домалап  кетті  (З.Иманбаев,  Ақ 

семсер). 



ПАПАЛАУ...  Жантуар  міне  отыздан 

асып  барады.  Өзі  «п  а  п  а  л  а  у  д  а  н» 

қалғалы  талай  заман.  Ал  күні  бүгінге 

дейін  мұны  «папалаған»  бір  пенде  жоқ 

(С.Шаймерденов, Өмір нұры, 142). 

ПАРАБАЙЛА  е  т.  с  ө  й  л.  Негізгі 

аттың  жанына  қосымша  ат  жегу 

(Ж.Молдағалиев, Алғ. қоңырау, 162). 



ПАРАБАЙЛАТ  Парабайла  етістігі-

нен  жасалған  өзгелік  етіс.  Екі  күрең 

төбелді  п  а  р  а  б  а  й  л  а  т  ы  п,  жалпақ 

сəлекті, күймелі шанамен Аламан аулына 

келгенде  ел  пысықтары  қалтырап  кетті 

(Жұлдыз, 1972, №6, 99). 

ПАРАБАЙЛАУ  Парабайла  етісітігі-

нің қимыл атауы. 

ПАРАБАЙЛЫ  с  ы  н.  Қосымша  ат 

жегілген, парабайы бар. Қара шиыр керуен 

жолымен п а р а б а й л ы күйме жеккен 

Ыбырай  құлан  иекті  құм-тақыр  тұсқа 

құлап  келе  жатты  (Ж.Молдағалиев,  Алғ. 

қоңырау, 44). 

ПАРАҚТАС  Парақта  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. 

ПАРАҚТАСТЫР  Парақтас  етіс-

тігінен жасалған өзгелік етіс. Осы кезде 

кітабын  п  а  р  а  қ  т  а  с  т  ы  р  ы  п,  бұ-

ның  фамилиясын  тауып  алған.  Үркімбай 

орнынан  көтерілді  (К.Ахметбеков,  Егіз 

ала, 420). 

ПАРАҚТАСТЫРУ  Парақтастыр 

етістігінің қимыл атауы.

ПАРАҚТАСУ  Парақтас  етістігінің 

қимыл атауы.

ПАРАҚША з а т. Бір нəрсені үгітте-

ген бір бет қағаз (листовка). Бұл п а р а қ

ш а бізді үлкен əңгіме айдынына шығарды 

(Қазақстан-Zaman, 24. 07. 2008). 



ПАРАЛЛЕЛЬ:  Параллель  жүйкелі 

жапырақтар.  б  и  о  л.  Жүйкелері  па-

раллель  жатқан  жапырақтар.  Кейбір 

ө с і м д і кт е рд і ң   ж ап ы р а қ т а р ы н д а ғ ы 

жүйкелер біріне-бірі қатарласа, параллель 

орналасқан. Мұны п а р а л л е л ь  ж ү й к 



470

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

е л і  ж а п ы р а қ т а р деп атайды (Био-

логия, 128). 



ПАРАНЖЫСЫЗ... Мұнда əйелдер п а р 

а н ж ы с ы з жүреді, тақпақтар да тараңдық 

көрмейді (Ə.Əлімжанов, Махамбет., 63). 



ПАРАШЫ  з  а  т.  Пара  алушы  адам.

П а р а ш ы л а р д а н салықшы қалыптасып 

жарытпаса,  парақорлардан  мемлекеттік 

қызметкер шықпайды (Нұр Астана, 13. 11. 

2008). 


ПАРАШЫЛДЫҚ... Сөйтіп, п а р а ш ы 

л д ы қ т ы ң түрлі сатылары мен санаттары 

пайда болады (Нұр Астана, 13. 11. 2008). 



ПАРДА..?  Тұлпардың  толмайды  оясы 

Сұлулыққа сүйеп п а р д а м е н Тізгінін 

орап қаңтармай (Базар жырау: Қаз. əдеб., 

27. 04. 1990, 12). 



ПАРЛА е т. Егістік жерді ауыспалы егіс 

танабына айналдыру, пар етіп егу. 

ПАРЛАУ  Парла  етістігінің  қимыл 

атауы. Топырақты өңдеуде ең тиімді тəсіл 

– оны п а р л а у (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1971, №1, 20). 

ПАРСАҚ з а т. к ө н е. Ұзындық өлшемі; 

шақырым д.м. Шекарасының ұзындығы се-

гіз мың п а р с а қ (Ана тілі, 26. 12. 1991, 4). 



ПАРСЫШЫЛА  е  т.  с  ө  й  л.  Пар-

сы  тілінде  сөйлеу,  парсыша  сөйлеу 

(Ғ.Мүсірепов, Суреткер, 19). 



П А Р С Ы Ш Ы Л АУ   П а р с ы ш ы л а 

етістігінің қимыл атауы.

ПАРТАЛАСТЫҚ  з  а  т.  Бір  партада 

отырғандық. Мүмкін п а р т а л а с т ы қ

жолдастық  ұялатқан  жанашырлық  болар 

(М.Қуанышбаев, Тайталас, 76). 

ПАРУА з а т. к ө н е. Ханның шашбауын 

көтеруші  діни  адам.  Бас  найып  Қастеп 

би  мен  ауыз  үйде  күтіп  тұрған  басқа  п  а 



р  у  а  л  а  р  үн-түнсіз  соңынан  ере  берді 

(І.Есенберлин, Алмас., 186). 



ПАРУАНА з а т. к ө н е. Отқа түсетін 

жынды көбелек (Ə.Тəңірбергенов: ХХ ғас. 

бас. қаз. ақын., 67, 69). 



Паруана  болды.  Бəйек  болды,  асты-

үстіне түсті. Ажар п а р у а н а б о л ы п:

-  Қарашығым,  қай  қаланыкісің? – дейді 

(Ғ.Мұстафин, Жиырма бес, 70). 

ПАРША... Күн жылуымен бөлшектенген 

мұз  п  а  р  ш  а  л  а  р  ы  сансыз  көп,  су 

ағынымен бірін-бірі сумаңдатып тықсырып 

келеді (Ж.Орманбаев, Тұзақталған., 54). 



ПАРЫЗСЫЗ с ы н. Парыз емес, парызы 

жоқ (А.Бекбосынов, Ауылым, 71). 

ПАРЫҚТАЛ... Былайша айтқанда, ке-

зекте ер мен əйел барған сайын п а р ы қ т 



а л м а й т ы н болып барады (Т.Əлқанұлы, 

Тірліктен., 92). 



ПАСЫБАН з а т к ө н е. Күзетші. Ерке, 

тентек бала есік алдында тұрған п а с ы б а 



н д а р ғ а, үй іші толған бек, сұлтан, əмір, 

хакім,  батырларға  қарамастан  өзгелерді 

баса  көктей  алтын  тақтың  жанына  бір-ақ 

жетті  (І.Есенберлин,  Алмас., 43). Батыр 

Саян жанындағы екі п а с ы б а н ы м е н е н

қашып кетті (Бұл да, 84). 



ПАСЫЛ ү с т. ж е р г. Қайтара, мəрте, 

рет.  Атасы  хан  Абылай – дегдар,  асыл 

Тараған  тұқым  шашып  неше  п  а  с  ы  л

Əуелден хан баласы еленген бе, Солардан 

келе жатқан төре Нəсіл (Нысанбай жырау: 

Нар заман., 175). 

ПАТАНАТОМ  з  а  т.  м  е  д.  Пата-

натомия  маманы.  П  а  т  а  н  а  т  о  м 

хирургінің  міндеті – өлікті  сою,  оның 

неден,  қандай  аурудан  қайтыс  болғанын 

анықтау (І.Есенберлин, Шығ. жин., 1, 241).



ПАТАНАТОМИЯ  з  а  т.  м  е  д.  Өлген 

адамды сойып тексеретін ғылым. Қайтыс 

болған  адамның  үй  іші  оның  бейнесін 

ескерткіш етіп алып қалғысы келсе, өлген 

жанды  сойып  тексеретін  п  а  т  а  н  а  т 



о  м  и  я  ассистенті  Əбілқас  арқылы  мені 

шақыртады  (І.Есенберлин,  Шығ.  жин., 1, 

219). Төр жақта осы қаланың белгілі ада-

мы, былтыр ана Алматыдағы кафедрасын 

тастап келген п а т а н а т о м и я профес-

соры – Шерубай отыр (Бұл да, 223). 



ПАТАНАТОМИЯЛЫҚ  с  ы  н.  Пата-

натомияға  қатысты,  соған  арналған. 

Онымен кейде п а т а н а т о м и я л ы қ

бөлмеде,  кейде  мүрдеханада  кездесіп 

қаламын (І.Есенберлин, Ғашықтар, 11). 



ПАТША: Патша көңіл. Ақ ниет, дар-

хан көңіл д. м. Əлде өзінің өзімшіл, п а т 

ш а  к ө ң і л і н е солай көріне ме екен? 

(О.Сəрсенбай, Шеңбер, 111). Айхай-ай, ой, 

айхай арман! Төсегін п а т ш а  к ө ң і л,

төрге  жайған.  Түн  қайда  жұмағына  бірге 

барған, Қыз-күлкі қызығына кімдер тойған 

(М.Ахмет-төре, Ақ-қара, 77). 



ПАТШАБАЛЫҚ з а т. и х т и о л. Суық 

суларда  тіршілік  ететін,  екі  бүйірінде 

қызыл  жолағы  бар  балық;  чех  форелі. 

Қасында  таудың  суын  бұрып  жасаған 

кішкене көл бар. Онда бықыған п а т ш а б 

а л ы қ (Ж.Қорғасбек, Жынды қайың, 114). 


471

Байынқол Қалиев

ПАХАН  з  а  т.  с  ө  й  л.  Сотталған 

адамдардың  үстінен  қарайтын  адамды 

жазасын  өтеушілер  осылай  атайды.  –

«П а х а н» ертең дəлізге шыққанда сенімен 

сөйлесемін дейді əлгі жүзі жүдеу бейтаныс 

(Ə.Байбол, Теміржол., 315). 



ПƏГӨНШІК  з  а  т.  Атпен,  өгізбен 

үймекке  шөмеле  тартып  беретін  адам. 

Жас балалар атқа мініп, п ə г ө н ш і к бо-

лады (Ə.Асқаров, Өр Алтай., 382). 

ПƏДІМӨШКІ з а т. ж е р г. Егінге жер 

астынан  көтерілетін  су.  Арамшөптен 

аяқ алып жүргісіз. П ə д і м ө ш к і болып 

жатқаны анау (Ə.Сараев, Тосқауыл, 224). 

ПƏЙКЕ...  Темір  жұмсап,  оқ  атқан 

Қорғасындай  Бөгенбай!  Қолтығы  ала 

бұғының  П  ə  й  к  е  с  і  н  д  е  й  Бөгенбай! 

(Үмбетей жырау: Нар заман., 60). 



ПƏЙНЕК з а т. Құс жұмыртқасының 

сүйірлеу  жағы.  Əсіресе  жұмыртқаның 

п  ə  й  н  е  к  жағына  секпілі  жиі  түскен 

(Ж.Бабалықов, Қырандар, 158). 



ПƏЙІЗ з а т. к ө н е. Жақсылық, парық. 

Жақсыда п ə й і з қалмады, Шамал қаққан 

шырақтай (Майлықожа: Қаз. əдеб., 14. 06. 

1984, 14). 



ПƏКИЗАТТЫҚ з а т. Тазалық, пəктік. 

Біз  ұлттық  рухты  өз  деңгейінде  ұлықтап, 

ақты-ақ, қараны-қара деп шынайы п ə к и з 

а т т ы қ п е н айтып жүрміз бе? (Ана тілі, 

28. 06. 2009, 8). 



ПƏКІЗЕЛЕ...  Малды  п  ə  к  і  з  е  л  е  п 

сойып,  боқты-ішегіне  дейін  тазалап 

қоржынға  салып  алады  (Қ.Жұмаділов, 

Соңғы көш, 14). 



ПƏЛЕКЕШ с ы н. с ө й л. Пəле, қу. 

ПƏЛЕКЕШТІК  з  а  т.  Қулық,  пəле-

лік.  Тек  озып  қана  қоймаймын.  П  ə  л  е 

к  е  ш  т  і  г  і  м  ұстап,  Рамазанды  неше 

саққа жүгіртіп мазақ етем (Б.Соқпақбаев, 

Бабалық., 16). 

ПƏЛЕНБАЙЫНШЫ е с і м. Пəленінші, 

түгенінші д.м. Өйткені олар қыз баланың 

қолында əлдебір құпия көк дəптердің п ə-



л е н б а й ы н ш ы бетінде бар екенінен ха-

барсыз еді (Ж.Қорғасбек, Үлпілдек, 6). Ол

қағазға «п ə л е н б а й ы н ш ы жылы, пə-

ленбай  айдың,  п  ə  л  е  н  б  а  й  ы  н  ш  ы 

жұлдызында  дүние  есігін  ашты»  деп  жа-

зылды (Қ.Əбілқайыр, Текес, 119). 



ПƏЛЕ-ПƏТІР  з  а  т.  Анау-мынау 

жəндіктер. Ойпырмай, тағы да сол п ə л 

е-п ə т і р л е р д і ң етін жеп, сорпасын 

ішетінге айналдым-ау деп қатты қиналды 

(М.Байғұт, Бұла бұлақ, 20). 

ПƏЛСАПАЛАП ү с т. Пəлсапаға айнал-

дырып,  астарын  іздеп.  Инаш  Шорманов 

пен  Марат  Шормановтың  бастан  кешкен 

тауқымет  оқиғаларын  өз  ауыздарынан 

айтқыза отырып, олардың ойын өзіңіз п ə л 



с а п а л а п, фактілермен дəлелдеп беріпсіз 

(Ə.Ыдырысов, Тұлға., 131). 



П Ə Л СА П А Ш Ы   з   а   т.   Д ү н и е 

құбылыстарын  ақылға  салып  түсінуші; 

философ.  Ылғи  бір  қиын  кейіпкерлер:  п 

ə  л  с  а  п  а  ш  ы  ана,  соқыр  күйші,  сəтсіз 

махаббат (Ж.Əлмашұлы, Тар дүние, 266). 

Гректің көне замандағы п ə л с а п а ш ы 

с ы Плиний «Үлкен құлақты адам ақымақ 

болады  дейді  екен  (І.Есенберлин,  Шығ. 

жин., 1, 224).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет