ПОП з а т. Ойын картасының ромбик
тəрізді, қызыл түсті бір бөлігі; буби.
ПОПАМ-ПОПАМ о д. Бүркітті ша-
қыру ишарасы. Саман ақсақал п о п а м-
п о п а м деп дауыстап желке жүнінен сипап
еді, бүркіті қайта тыныштала қалды (Қаз.
əдеб., 09. 04. 1982, 14).
ПОРНОГРАФИЯЛЫҚ с ы н. Порно-
графияға қатысты, соған тəн. Мұндай
көргенсіз п о р н о г р а ф и я л ы қ
шығармалардың бірен-саран опалан-
ған түрлері біздің қазақ əдебиетінде де
оқта-текте кездесіп жүр (Лен. жас, 22. 03.
1974, 2).
ПОРТАЛ з а т. ж а ң а. Түрлі ақпараттар
мен қызметтердің жүйелі бірлестігі
ретінде ұйымдастырылған сайт (Тер-
минол. анықт., 11, 131). Бізде баламалы
476
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ақпарат құралдары пайда болды. Əдебиетті
насихаттайтын сайттар, п о р т а л д а р
өмірге келді (Қаз. əдеб., 03. 05. 2013, 14).
ПОРТУГАЛ з а т. Португалияның не-
гізгі халқы (ұлт аты). Бразилиялықтар п о р
т у г а л тілінде сөйлейді (ҚСЭ, 2, 449).
ПОРТУГАЛДЫҚ с ы н. Португа-
лияда тұратын (халық). Бразилияда
бразилиялықтардан басқа п о р т у г а л
д ы қ т а р, итальяндар, испандар, немістер
жəне т.б. тұрады (ҚСЭ, 2, 449).
ПОРТУПЕЙ з а т. Офицердің белдігі
мен қару-жарағын көтеріп тұру үшін оң
иығына асылған жалпақ қайыс. П о р т
у п е й д і ң не екенін білмейтін біз оның
оң иығындағы жалпақ сызықты біреуіміз
аспа белбеу деп, екіншіміз қылыштың
бауы деп таласатынбыз (Ə.Нұршайықов,
Ақиқат., 199).
ПОТАШ з а т. х и м. Ақ түсті химиялық
ұнтақ зат. Бейнені айқындауды тездету
үшін, сода мен п о т а ш, бура, күйдіргіш
калий мен күйдіргіш натрий қолданылады
(Б.Тілекметов, Фото сурет, 9).
ПОШТА з а т. э т н. Жастар ойынының
бір түрі. « П о ш т а» ойыны басталып кетті
(Е.Əкімқұлов, Перизат, 34).
ПОШТАБАЙ... 2. Пошта тасушы, по-
шташы. Апамның бөзден шашақтап тігіп
берген шап-шағын сөмкесін п о ш т а б а й
Жүніс көкем болып, иығыма асып келе
жатам... (Лен. жас, 04. 11. 1972, 4).
ПОШТАБАЙЛЫҚ з а т. 1. Би-
болыстардың шабарманы. П о ш т а б а
й л ы қ т ы тастаған еті тірі жігіт Жана-
зар мен Бекет солардың қасында жүрсе
де, жер өлшеу жұмысы созылып кетті
(Ғ.Мүсірепов, Жат қолында, 286). 2. По-
штабай болушылық, пошташылық, пошта
тасушылық. П о ш т а б а й л ы қ қызметінің
жыл мезгілінің жайсыз кезеңдеріндегі осы
бір қиындығы жанын жегідей жеп жүргенде
мақсаты орындалып, айты оңынан туып
шыға келді (М.Айымбетов, Құмөзек.,
173). – Онда мен п о ш т а б а й л ы қ т ы
қояйын, сонда сендерді кім асырайды екен
(Қ.Ботпай, Егіз., 29).
ПОШТАБАЙШЫ з а т. с ө й л. Пош-
табай (шабарман). Жуан қарындар ор-
нына тұрғанша п о ш т а б а й ш ы үйге
кіріп, Бабырдың басындағы жаулығын
басынан жұлып алады («Дала уалаяты»,
1990, 492).
ПОШТАШЫ з а т. Үйді-үйге газет,
жұрнал, хат тасушы; поштабай.
ПОШТАШЫЛЫҚ з а т. Пошташы
болушылық, поштабайлық.
ПОШЫМСЫЗ с ы н. Пішінсіз,
түр-тұлғасыз. Иі қанбаған көн теріден
үлгісіз пішіліп жобалап қана тігіле салған
қаусырма тондай п о ш ы м с ы з болып
кетер ме осынша (Жұлдыз, 1973, №3, 56).
ПӨГЕНАЙ з а т. ж е р г. Пошым.
Ұлдардың үлкені Айдардың п ө г е н а й ы
басқа. Түр-түсі Əзімбай марқұмның аузы-
нан түскендей (Ана тілі, 12. 06. 2009, 8).
ПӨЗІР з а т. ж е р г. Шамның шынысы.
ПӨЗІРЛІ с ы н. ж е р г. Пөзірі бар (шиша-
сы бар). Сіріңке жағып, стол үстінде тұрған
п ө з і р л і шамды тұтатып, жарықтың алды-
на кеп отырды (Н.Ғабдуллин, Жігер, 194).
ПРЕДИКАТИВТІЛІК з а т. л и н г в. с ө й л.
Предикаттық. Анығырақ айтқанда,
құрмалас сөйлем п р е д и к а т и в т і л і к
қасиеті бар единицалардан құралады
(К.Аханов, Грамматика., 202).
ПРЕФЕРАНСШЫ з а т. Преферансты
жақсы ойнайтын, преферанс құмар. Мұны
осы Алматы шаһарындағы бір п р е ф е р а
н с ш ы бірнеше жүздеген дана етіп тасқа
бастырып шығарыпты (Ə.Асқаров, Өр
Алтай., 69).
ПРИЦЕП з а т. Машинаға, трактірге
тіркеп, жүк тасуға болатын дөңгелекті
құрал.
ПРИЦЕПТІ с ы н. Прицепі бар, прицеп
сүйреткен. Дəу шана сүйреткен трактор-
лар, жүк тиеген п р и ц е п т і машиналар
қаптапты (Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 141).
ПРИЧЕСКА з а т. Сəндеп жасалған
шаш пошымы.
ПРИЧЕСКАЛЫ с ы н. Прическасы
бар, прическа жасаған. Қақпа ашылған кез-
де қолына тегене ұстап, кір жайып жүрген
биік п р и ч е с к а л ы келіншек көрінді
(Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 49).
ПРОЗ з а т. с ө й л. Балықты тірі
сақтауға арналған іші суға толы қайық.
Баршын жел өтінде, Жəпек кемесінің
тасасында түйдектеле ығып келе жатқан
п р о з д а р ғ а көз сүзді (Ə.Сараев,
Тосқауыл, 178).
ПРОЗАШЫЛ с ы н. Прозаны жақсы
көретін, прозаны ұнататын; проза жа-
затын. – Сол айтқан ақындарың бар, п р о
з а ш ы л ы ң бар, сыншы, драматургтерің
477
Байынқол Қалиев
бар, əйтеуір көп қой (Р.Райымқұлов, Жа-
панда., 356).
ПРОПАЗИН з а т. х и м. Арамшөптерге
қарсы қолданылатын гербицидтердің бір
түрі. Соңғы жылдары бау-бақтарда өскен
арамшөптерге қарсы симазин, атразин,
мондрон жəне п р о п а з и н сияқты герби-
цидтер кеңінен қолданылуда (Қазақст. ауыл
шаруаш., 1966, №11, 29).
ПРОПИЛЕН з а т. х и м. Этан газынан
бөлінген газдардың бірі. Өзен қаласындағы
газ өңдеу заводынан отынға пайдалану
үшін келіп тұрған этан газы құрамынан
метан, п р о п и л е н, пропан, бутилен, бутан,
ацетилен сияқты бірнеше газдар бөлінеді
(Лен. жас, 17. 11. 1983, 1.
ПРОФОРГ з а т. Профсоюз қызмет-
кері. Əлде группалас біреу ме? Мүмкін
п р о ф о р г Ермек болар (Лен. жас, 20. 09.
1973, 4).
ПСИХИАТРИЯЛЫҚ с ы н. Психиа-
трияға қатысты, соған тəн. Біздің п с и
х и а т р и я л ы қ аурухана қаланың батыс
жағында болатын (Жалын, 1974, №3, 9).
ПСИХОЗ з а т. м е д. Психологиялық
ауру. Көркемсурет шеберлерінің бірі
шизофрениямен, бірі эпилептойд дейтін
сырқатпен, енді бірі п с и х о з б е н ауырған
ғой (Ə.Асқаров, Таңд., 387).
ПСИХРОМЕТРЛІК с ы н. Психромет-
рге қатысты, соған тəн. П с и х р о м е т р л
і к таблицадағы температуралар айырмасы
бойынша ауаның ылғалдығын оңай табуға
болады (Ара шаруаш., 169).
ПУШКА з а т. ə с к. Ең жойқын соғыс
қаруы;зеңбірек, отқару.
ПҰРДА с ы н. ж е р г. Сотық. Үй ір-
гесіне дейін бір п ұ р д а жер қалдырмай
жыртып тастадық (А.Нысаналин: Қаз.
əдеб., 30. 03. 1990, 10).
ПҰСТЫ з а т. к ө н е. Ататек, үрім-
бұтақ, тұқым-тұғиян. Ол ата-баба жері,
жетпіс жеті п ұ с т ы жері, қазақ халқының
жері (Соц. Қаз., 29. 08. 1990, 3).
ПҰТ... П ұ т қ а табынатын кезде бір
кемпірдің күйдірген балшықтан жасалған
он шақты п ұ т ы (адам бейнесі) бар екен
(Қазақст. ауыл шару., 1963, №12, 63).
ПҰШАЙМАНДЫҚ... Лажы таусылған
сағындық екі жігіттің көңілін жыға алмаған
п ұ ш а й м а н д ы қ ыңғаймен кесе толы
сұйықты сіміріп салған (Б.Шаханұлы,
Таңд., 1, 399). Сабырлы, ұстамды майордың
ойлы көзінен бір п ұ ш а й м а н д ы қ
көлеңкелері де байқалады (Ə.Тəжібаев,
Жаданов əңгім., 201).
ПҰШПАҚ: Пұшпақ жүн. Қойдың
пұшпағына (сирағына) шыққан жүн.
Қойдың дене мүшесіне қарай жүн: бас жүн,
бауыр жүн, мойын жүн, п ұ ш п а қ ж ү н,
тірсек жүн болып бөлінеді (Ж.Қоқанова,
Түк жəне тері., 11).
Пұшпақ ішік. Мал, аң терісінің
пұшпағынан тігілген ішік. Келеді əнші
Біржан құстай ұшып, Бір бұта қалды
үстінде п ұ ш п а қ і ш і к, Ойы не? Əлде
жаудан құтылмақшы, Алдында жатқан суға
түсіп (І.Есенберлин, Шығ. жин., 10, 174).
Əйелдердің қолынан шыққан п ұ ш п а қ
і ш і к, сеңсең ішік түрлері тұрмысқа лайық
киімдер (Қ.Толыбаев, Бабадан., 225). П ұ ш
п а қ і ш і к, зорман ішік, жанат ішік, елтірі
ішіктер қара күзде жəне көктем айларында
киюге арналған (Шаңырақ, 327).
ПҰШТЫ з а т. с ө й л. Пұсты. – Ой,
жеті ата, жеті п ұ ш т ы ң д ы! Жоғалт
көзіңді! (Б.Мұқаев, Жалғыз жалау, 114).
ПҰШЫҚ: Пұшық шəйнек. Шүмегінің
ұшы кетілген (сынған) шəйнек. – Иə, айт-
пақшы, мына кісі біздің үйдегі п ұ ш ы қ
ш ə й н е к т і ң иесі, - деді Асқар кішірек
көзді ақ сары келіншекті нұсқап (Н.Ақыш,
Бейуақта., 77).
ПЫРАН з а т. к ө н е. Батырдың со-
ғыста киетін киімі. Əсіресе, Наурызбай
п ы р а н ы н киіп, пырағын мініп, қалқа-
нын қапсыра ұстап шыққанда, тым айбат-
танып кетер еді (Қазыбек бек, Түп-
тұқияннан., 269).
ПЫРҒЫ з а т. к ө н е. Көне саз аспап-
тарының бірі. Мысалы, саз аспаптарының
көне үлгілері: егек, бозаншы, шертер,
жетіген, тапшұр, шаңғауыз, адырна, п ы
р ғ ы, əмірғы, аққу, шор, уілдек, даңғыра,
кепшік, шыңдауыл, шың, т.б. түрлерін
көрдім (Қаз. əдеб., 18. 01. 1985, 15).
ПЫРЛАП ү с т. Пыр-пыр етіп. Оңнан
да, солдан да қызыл қанат қырғауылдар п
ы р л а п ұшады, бөксесі бүлкілдеп қоян
қашады (Қаз. əдеб., 26. 05. 1972, 1).
ПЫСҚЫРМА е т. а у ы с. Көзге ілмеу,
менсінбеу. Дуананың мінезін аңызға айнал-
дырумен аңқауларға Мəлке п ы с қ ы р м
а й д ы да (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 115).
ПЫСҚЫРМАУ Пысқырма етістігінің
қимыл атауы.
478
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ПЫСЛАҚ з а т. ж е р г. «Брынза»
қазақша осылай аталады. Ресейден
сүт, сүзбе, п ы с л а қ (брынза), сүтсірне
(сыр), шұжық, шұжықан (сосиска) тəрізді
ұқсатылған мал өнімдері келіп жатыр (Ана
тілі, 27. 11. 2008).
ПЫСТАН з а т. Жез ішіндегі дəріге
от беретін кішкентай қалпақша зат. Ол
мылтық атылмайды. П ы с т а н ы су боп
қалса керек (Ш.Мұртазаев, Интернат., 25).
Оспан ата п ы с т а н ы тесілген патронды
алды (Қ.Омарұлы, Əке, 104).
ПЫСЫҚАЙЛАН е т. Пысық бо-
лып көріну, пысықсыну. Құдайдан
қорықпағырлар-ай, күнде п ы с ы қ а й л а
н ы п шауып жүретін совхоздың директірі
ме, зəтекнігі ме, қойды қырып алып, енді
ұялмастан бас амандауға көшті-ау сонда
(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 120).
ПЫСЫҚАЙЛАНУ Пысықайл ан
етістігінің қимыл атауы.
ПЫСЫҚАЙЛЫҚ з а т. Пысықай
болғандық, жылпостық. Ол əзілкештеу,
үнемі көңілді жүретін, п ы с ы қ а й л ы ғ ы
да ешкімнен кем емес-ті (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 48). Оның п ы с ы қ а й л ы ғ ы н
əркім де білетін болар деп есептеуге болады
(А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 162).
ПЫСЫҚТАС Пысықта етістігінен
жасалған ортақ етіс.
ПЫСЫҚТАСУ Пысықтас етістігінің
қимыл атауы. Ал күн сайын сенің
сабағыңды қатар отырып, п ы с ы қ т а с
у ғ а шешеңнің өресі де, уақыты да жете
бермейді (Ж.Мусин, Туған үй., 70).
ПЫСЫЛДАҚ: Пысылдақ сары. э п и
т. Самауыр. – Есеней мырза, аз ғана сауын
бие ағытылғаннан кейін мына самауыр
деген «п ы с ы л д а қ с а р ы ғ а» қарап
қалғамыз (Ғ.Мүсірепов, Ұлпа, 38).
ПЫСЫТ... – Ештеңе білмейтін едім,
мені п ы с ы т қ а н ақ апам ғой (Қ.Омарұлы,
Əке, 138).
ПЫТЫРАЛЫ с ы н. Пытырасы бар,
пытырамен оқталған. П ы т ы р а л ы құс
мылтықтан сойыл артық (Жұлдыз, 1972,
№12, 132). Бұл жағдайда п ы т ы р а л ы
мылтық көп əуре болмай-ақ, аң мен құсты
көптеп аулауға мүкіндік туғызды (Қаз.
əдеб., 23. 03. 1973, 4).
ПЫШАҚ з а т. Қыран құс (бүркіт)
шалғысының қылыш қырында тұрған
бірінші қауырсыны. Қанатты доғалдап
көрсетіп тұрған – шалғылардың қы-
лыш қырында тұрған екі қауырсын.
Біріншісі – п ы ш а қ та, екіншісі –
бес шалғының бірі (Ж.Бабалықов..,
Қырандар, 79). Қанат шалғыларының қы-
лыш қырында тұрған бірінші қауырсынды
қазақ құсбегілері «п ы ш а қ» деп атайды
(Бұл да).
ПЫШАҚ: Пышаққа жықты. Сойды,
терісін іреді. – Ол жайрағырды да осы-
дан ауылға аман-есен жеткізген соң, п ы
ш а қ қ а ж ы ғ у керек, - дейді Ыбыраш
(Ө.Қырғызбаев, Қырда., 133).
ПЫШАҚТАЙ... 2. а у ы с. Пышақтың
қырындай, түп-түзу. Шалбарыңызды
өтектеп, қырын п ы ш а қ т а й ғып қоям
(С.Қышқашев, Паңзада, 25).
ПЫШАНА с ы н. ж е р г. Бейшара, сор-
лы, пұшайман. Пыш-пышқа болмаса жанға
сая бермейтін п ы ш а н а байқұстар əртүрлі
күңкіл шығара бастады (Қ.Ысқақ, Тұйық,
70). Өңшең п ы ш а н а байқұстар жұтынып
қойып бір-бірін аңдысқан (Қ.Ысқақов,
Қараорман, 55).
П Ы Ш - П Ы Ш ТАС П ы ш - п ы ш т а
етістігінен жасалған орт ақ етіс
(Ə.Кекілбаев, Үркер, 66, 167).
ПЫШ-ПЫШТАСУ Пыш-пыштас
етістігінің қимыл атауы.
ПЫШТАҚ о д. Бүркіттің «пыштақ»,
«пыштақ» деп шығарған дыбысы. Иесі
қолына алғанда «п ы ш т а қ», «п ы ш т а
қ» деп екі қайырды. – Мынау қол балаша
пыштақтайтын болған ба? – деді Шəкең
(Туған жер, 130). Қыран п ы ш т а ғ ы н
қайталап, сұр жағал тасқа өзін ұрды да
құрыды (Туған тіл, 2010, №2, 120).
ПЫШТАҚТА е т. Бүркіттің «пыштақ»,
«пыштақ» деп дыбыс шығаруы. Сеңгір
көкте баяу қалықтап жүрген бүркіт п ы ш т
а қ т а д ы (Ж.Тұрлыбай, Райымбек батыр,
1, 287). Тек жар басынан құз бүркітінің п і ш
т а қ т а ғ а н дауысы естілді (З.Қинаятұлы,
Көшпенді., 26). Бүркіт айбармен п ы ш т а қ
т а п, төңірегіне мақтана қарады (Туған тіл,
2010, №2, 120).
ПЫШТАҚТАУ Пыштақта етістігі-
нің қимыл атауы.
ПЫШЫҢДА е т. с ө й л. Пышылда.
Терлеп-тепшіп п ы ш ы ң д а п жүріп келем
(Лен. жас, 19. 06. 1976, 4).
ПЫШЫҢДАУ Пышыңда етістігінің
қимыл атауы.
479
Байынқол Қалиев
ПЫШЫРАҚ с ы н. Не болса соны ай-
тып пышыраған (адам, əңгіме).
ПЫШЫРАҢҚЫРА е т. Аздап пышы-
рау, не болса соны айту. Бұдан кейінгі
əңгіме п ы ш ы р а ң қ ы р а п, əркім өз
жайын қуалап кетісті (К.Ахметбеков,
Қыранқия, 152).
ПЫШЫРАҢҚЫРАУ Пышыраңқыра
етістігінің қимыл атауы.
ПІДИЯ: Підия беру. д і н и. Қайтыс
болған адамның күнəсі болса ақталсын
деген ниетпен молдаға немесе жетім-
жесірге, жоқ-жітікке берілетін құдайы
мал, ақша, бидай. П і д и я б е р у адам-
дарды адамгершілікке, мейірімділікке,
қайырымдылыққа, жомарттыққа баулиды
(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 5, 80).
ПІКІР: Пікір таластырушы. Пікір
сайысына қатысушы, өз пікірін айтушы.
Сондай-ақ, оның сөзі қарсы п і к і р т а
л а с т ы р у ш ы н ы ң арына, намысына
тиіп өршелендіріп жіберетіндей көрінді
(Ата салты, 35).
ПІЛ з а т. ш а х м. Шахмат ойынындағы
басты «тастардың» (фигуралардың) бірі;
тура. Ол тақта үстінде толғанып отырды
да, біздің қара п і л і м і з д і өз қара пілімен
іліп əкетті (Қ.Олжай, Қанат байла., 182).
Журналист корольдің алдын п і л м е н
бекітті (Т.Əбдіков, Айтылмаған., 72). Піл
(ладья) жеңіл тастың біріне жатады. Оның
ұрыс алаңындағы орташа күші – 3. Бір
сөзбен айтқанда бір п і л г е үш жаяудың
(пешка) күші пара-пар (Ана тілі, 11. 04.
2013, 12).
Піл жота. э п и т. Дөңкиген, жұр-
жұмыр жота. Бозарып қураған ебелек,
боз, күйреуігі жабағыланып қалың төселіп
жатқан п і л ж о т а жондар үсті бейне
құс төсектей қызықтырып, көз тартады
(С.Елубай, Ақ боз., 301).
ПІЛƏК з а т. Су тасуға арналып
қалайыдан жасалған, екі құлағы бар, 40
метрлік үлкен ыдыс (фляг). – П і л ə к т е р
д і есіктің алдына жақын түсіріп, біре-
уін үйге кіргізе салыңдар! – деп бала-
ларға бұйыра сөйледі (Т.Мəмесейіт, Тау-
дан., 83).
ПІЛТЕЛІ: Пілтелі мылтық. Пілтесіне
от қою арқылы атылатын мылтық. Олар-
дың арасында п і л т е л і м ы л т ы қ, күміс-
пен əшекейленген қайыс жүген көзге тү-
сетін (Ж.Бейсенбаев, Жасын-тағдыр., 46).
ПІРƏДАРЛЫҚ з а т. а р. д і н и.
Тақуалық, сопылық, діндарлық. Əбағаңның
бар ғұмырын п і р ə д а р л ы қ п е н өткізген
атасы немересінің құлағына «Əбілфайыз!»
деп бір емес, қатарынан үш рет шақырғанда
ұрпағынан ұлылық пен ұлықтықты ғана
күтпесе керек (Ə.Ыдырысов, Таңшолпан,
5). Асанəлінің үлкен əкесі Ысқақ өте
иманды, п і р ə д а р л ы ғ ы мол, зекіп да-
уыс көтермейтін аса сүйкімді жан болған
(П.Дүйсенбин, Ұшқан ұя, 19).
ПІСАС з а т. 1. Бұрын пісірілген, піскен
ас. От жақпай, п і с а с жеп аз-маз ұйықтап
тұрған (М.Мағауин, Аласапыран, 116). 2.
Сүттен алынатын май, құрт, ірімшік
т.б. тағамдар. Сəуірдің ортасына таман
есік көзіне киіз үй тігіліп, п і с а с əзірлеуге
қам жасалатын (Т.Қосуақ, Мəрмəр., 66).
Ауылдағылар əлі күнге шейін шайды п і с
а с п е н ішуге құмар (Бұл да, 67).
ПІСЕНТТІЛІК з а т. ж е р г Ұқыптылық,
тиянақтылық. Амал не, бізде нақ осындай
ықтияттылық, п і с е н т т і л і к жетіспейді
(Өнер алды., 133).
ПІСТЕ з а т. ж е р г. Күнбағар. Тамның
күнесіне күнестеп п і с т е шығыпты
(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 285).
ПІСТЕДЕЙ с ы н. Үп-үшкір, сүйір.
Кішкентай көздері мөлдіреген қап-
қара, кішкене мұрны да п і с т е д е й
қырлана қойыпты (С.Мұқанов, Мөлд. ма-
хаб., 408).
ПІСТЕШКЕ з а т. ж е р г. с ө й л. Пісте.
Ол жауап орнына п і с т е ш к е н і ң бір
шетін уысы толғанша үгітіп, Сəбиттің
жайған қос алақанына салды (Лен. жас,
12. 05. 1973, 2).
ПІСУЛІ с ы н. Пісіліп қойылған, пісіліп
жатқан. Шанашта ірімшік, қарында май,
сөреде құрт жаюлы. Сабада қымыз п і с у л і
(Қаз. əдеб., 19. 07. 1974, 1).
ПІСІК з а т. Піскендік, жеуге жарам-
дық. Бахтияр бағында жазда бүлдірген
елжіреп пісіп, п і с і г і өтіп кеткенде езіліп,
қызғылтым жылға болып ағар еді (Қаз.
əдеб., 30. 05. 1986, 9).
ПІСІКШІЛІК з а т. с ө й л. Астықтың
пісуі, оруға келуі. Бұл жақта п і с і к ш і л
і к т і ң науқаны он бес, жиырма-ақ күн
(Б.Шаханұлы, Таңд, 1, 296). Бірақ ел əлі
п і с і к ш і л і к к е ілінген жоқ. П і с і к ш і
л і к к е бір ілінсе, оңалып кететін түрі бар
(Ш.Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 60).
480
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Достарыңызбен бөлісу: |