Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет92/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   168

ҚЫЗЫЛ з а т. г е о г р. Топырағы, тасы 

қызғылттау жер. – Жоқ, сері аға, адасып 

кетерсіз,  бұл  арада  шоқ  қ  ы  з  ы  л  д  а  р 

көп,  бір-бірінен  айнымайды  (С.Жүнісов, 

Ақан  сері 2, 303). Ол  «Бұзау  өлген»  қ  ы 



з ы л ы н а шыға беріп, бұйдасын іріккен 

(Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 186). 



ҚЫЗЫЛ: Қызыл арақ. с ө й л. Шарап 

(вино) осылай да аталынады. 

Қызыл ат. Ақ түсті ат. Қ ы з ы л а т

қартайса алдымен басын бірте-бірте қоңыр-

қай теңбіл басады (Қаз. этнография., 2, 524). 

Қызыл  аяқ  балшықшы.  з  о  о  л. 

Балшықшы  құсының  аяғы  қызыл  түсті 

түрі.  Бұлар  қоқиқаз,  бірқазан,  ақ  құтан, 

теңіз кептері, сарыторғай, қ ы з ы л  а я қ 



б а л ш ы қ т ы, шыпылдақ жəне басқалар 

(Қорғалжың, 23). 



Қ ы з ы л   бет.  Беті   қ ызы л   а да м . 

Шалғынбаев ақ құба өңіне қою қара қасы 

мен қиылған қара мұрты жарасқан, қ ы з ы л 

б е т, өңсіз, жертесер пысық кісі (Ə.Байбол, 

Теміржол., 228). 



Қызыл бидай. Дəні қызыл түсті бидай 

сорты. Төмен егін жоқ. Қ ы з ы л  б и д а й д ы ң

өзі көк найзадай (М.Əуезов, Шығ., 6, 101). 



Қызыл  кірпіш.  Қызыл  түсті  кірпіш. 

Өзім ес білгенде бұл өңірден ағаш үй, қ ы 



з ы л  к і р п і ш үй дегенді көрген емеспін. 

Жүмекеңнің  үйі  ғана  шикі  кірпіштен 

қаланған (З.Ақышев, Ақбел асуы, 7). Тек 

əр жерде түрлі түсті əйнек, қ ы з ы л  к і р п 



і ш сынықтары кездеседі (С.Байжанов, Ақ 

маржан, 73). 



Қызыл  қайың.  Қайыңның  қабығы 

қызыл қоңыр түсті түрі. Қ ы з ы л  қ а й ы ң

сирек  кездесетін  эндемик  түрге  жатады 

(Қаз. табиғ., 3, 219). 

Қызыл  қашаған.  и  х  т  и  о  л.  Ускуч 

балығын  қазақтар  осылай  атайды.  Атап 

айтқанда, жергілікті тұрғындар «қ ы з ы л 



қ а ш а ғ а н» деп атап кеткен ускуч, хар-

мус,  тасбас  ойнақ  салады  (Соц.  Қаз., 22. 

02. 1977, 4). 

Қызыл  құмырсқа.  Құмырсқаның 

қызыл  түсті  түрі.  Қала  сыртындағы 

үйлерге мұнымен қатар қара құмырсқа не-

месе қ ы з ы л  қ ұ м ы р с қ а л а р да əуес 

келеді  (Шаңырақ, 54). Қоқым  арасынан 

қылтиып шығып келе жатқан қ ы з ы л  қ ұ м 

ы р с қ а н ы бағдарлап, оны шыбықтың бой-

ымен  өткізбекке  əрекеттенді  (Д.Амантай, 

Əңгім., 75). 

Қызыл  өңеш  болды.  Отты  үрлей-

үрлей  тамағы  ауырып  қалды.  Шақпақ 

жағып  жібердім,  қуға  түсті,  Тұтандырып 

алуым болды күшті. Қ ы з ы л  ө ң е ш  б о л

ғ а н д а азар жанып, Соған шейін асығып, 

ішім пысты (Шəкəрім, Шығ., 93). 



Қызыл  сойыл.  Сойылы  қолынан 

түспеген  қандықол  ұры.  Нағыз  тоқымы 

кеппес, қ ы з ы л  с о й ы л ұры болды ғой 

кезінде (Н.Мұраталиев, Үміт, 39). 

Қызыл соқты. ж е р г. Ызғарлы, суық 

жел соқты. Кеш болса өзен бойын қуалай 

қ  ы  з  ы  л    с  о  ғ  а  т  ы  н  əдеті  (Қ.Ысқақ, 

Тұйық, 81). 



Қызыл тобық болды. Ылғи су кешіп, 

тобығы  қызарып  жүрді.  Жыл  он  екі  ай 

ел көрмей, тентіреп теңіз асып жүрсе де, 



қ ы з ы л  т о б ы қ  б о п күн-түн су кешсе 

де, еңбегі бір жанбай қойды (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 43). Көз  ашқалы  қ  ы  з  ы  л    т  о

б  ы  қ    б  о  п  су  кешкен  балықшылардай 

сендер  енді  осы  елдің  қылқандай  қызда-

рына ау қаратпақсыңдар ғой (Бұл да, 404). 

Қызыл түзген б о т. Түзген өсімдігінің 

қызыл түсті түрі. Сексеуіл мен қ ы з ы л 

т ү з г е н қызулы, пеш жылдам қызып, ас 


384

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

тез піседі деп мақтады əлгі сары тұра қатын 

(Ə.Нұрпейісов, Күйреу, 103). 

Қызыл уылдырық. Қызыл балықтың 

қызыл  түсті  уылдырығы.  Ұлмекен 

керегінің бəрін тапқан, қ ы з ы л  у ы л д 



ы  р  ы  қ,  қара  уылдырық,  тресканың  бау-

ыры, қымыз, шұбат – бəрі бар (Ə.Тарази, 

Тасжарған, 49). 

Қызыл үйрек. Қанатының ұшы, аяғы, 

тұмсығы  қара,  басқа  жері  қызыл  қоңыр 

түсті үйрек. Қ ы з ы л  ү й р е к таулы, көл-

ді жерлердегі тас арасын мекендеп, өсімдік 

жапырақтарымен, дəнімен жəне ұсақ жəн-

діктермен қоректенеді (Қаз. табиғ., 3, 236). 



Қызыл  шай.  Қызыл  болып  шығатын 

қағаз  шай.  Шайда  неше  түрлі  болады: 

күрең шай, құлақасқа шай, қ ы з ы л  ш а й 

(Т.Кененқызы, Кенен, 47). 

Қызыл  шеке  болды.  Жанжалдасты, 

төбелесті.  Үшеуі  үнсіз  келеді.  Үндесе  қ 

ы з ы л  ш е к е  б о л ы п төбелесетіндей 

(О.Бөкеев, Əн салады.., 76). 



ҚЫЗЫЛАҒАШ з а т. б о т. 1. Солтүстік 

аймақтарда  биік  болып  өсетін  ағаш. 

2.  Осы  ағаштың  қызыл  түсті  сүрегі. 

Қазіргі  сыбызғыны  қурай  тəрізді  қуыс 

жезден,  таулы  жерлердің  күнгейінде 

өсетін жаужапырақ пен атқұлақтың кепкен 

қурайынан, болмаса қ ы з ы л а ғ а ш т а 



н,  жаңғақтан,  ақ  қайыңнан  ойып  жасауға 

болады (Білім жəне еңбек, 1971, №1, 25). 



ҚЫЗЫЛАҒАШТЫ с ы н. Қызылағаш 

өскен, қызылағашы мол. Ауылын Бурабай 

көлінің  жағасындағы  «Абылай  алаңы» 

аталатын көк майсалы, сыңсыған қ ы з ы л

а  ғ  а  ш  т  ы,  ақ  қайыңды  тау  қойнауына 

қондырды (І.Есенберлин, Жанталас, 229). 



ҚЫЗЫЛАЛҚЫМ з а т. з о о л. Тамағы 

(алқымы)  қызғылтым  құс.  Олардың  ара-

сында қ ы з ы л а л қ ы м да, балшықшы да 

бар (Қорғалжын, 126). 

ҚЫЗЫЛАША з а т. с ө й л. Қызылайыр 

(ойын картасының жүрекше тəрізді қызыл 

түсті бір бөлігі; масть). 

ҚЫЗЫЛАШТЫҚ  з  а  т.  Ет  алмай-

тындық,  семірмейтіндік. – Бұл  неменің 

мешкейлігі де, шыр қонбайтын тырақылығы 

да саған тартқан, - деп шағыр көз шабдардың 

қ ы з ы л а ш т ы ғ ы н да Ситан Асекеңе 

теліді (Қ.Ысқақ, Ақсу., 433). 



ҚЫЗЫЛАЯҚ  з  а  т.  з  о  о  л.  Арқасы, 

қанаты көкшіл, бауыры мен құйрығы ақ, 

аяғы ұзын əрі қызыл түсті су құсы. Қ ы з 

ы л а я қ көбіне Каспий теңізінің маңында, 

су жиегінде топтасып жүреді (Қаз. табиғ., 

3, 212). 

ҚЫЗЫЛБАС__1'>ҚЫЗЫЛБАС

1

 з а т. Иран елі; парсылар. 

Ирандықтардың басына киетін қызыл шұға 

тақиясына қарап қазақтар бір кезде оларды 



қ ы з ы л б а с деген (І.Есенберлин, Маңғ., 

234). Бұл парсы елінің (қ ы з ы л б а с т ы 



л  а  р  д  ы  ң)  билеушісі  Исмайл  шаһ  үшін 

өте  қолайлы  жағдай  еді  (Т.Жұмаханов, 

Өткел, 144). Көрұғлының  ата-анасына, 

туған-туыстарына,  бұқара  халқына  саяси 

қысым жасайтын тұрақты жау – қ ы з ы л 

б а с т а р, яғни Иран хандары (Қаз. əдеб., 

19. 04. 1974, 2). 



ҚЫЗЫЛБАС

2

  з  а  т.  з  о  о  л.  Басы 



қызыл  түсті  құс.  Түлеуге  дайындалған 

шүрегей, қоңыр үйрек, қ ы з ы л б а с жəне 

басқа  құстар  ерсілі-қарсылы  кезіп  жүр 

(Қорғалжын, 69). 



ҚЫЗЫЛБАС:  Қызылбас  сүңгуір. 

Сүңгуір үйректің басы қызыл түрі. Əрине, 

тізбек жасап ұшатын қоңыр үйрек, қ ы з ы 



л б а с  с ү ң г у і р, бізқұйрық тобы бұдан 

да əдемі көрініс береді (Наурызым, 194). 



Қызылбас үйрек. Басы, мойны, жем-

сауы қызғыл, арқасы көк сұр, бауыры қара 

үйрек. Қ ы з ы л б а с  ү й р е к Қазақстанда 

өзен-көл, сулы-батпақты жерлерге тараған. 

Ұясын су жиегіндегі қамыс арасына салады 

(Қаз. табиғ., 3, 213). 



ҚЫЗЫЛДƏРІ...  Алғашқы  тоқсан 

біткен соң құлынға түрлі жылқы аурулары 

жұқпас, жоламас үшін жеміне қ ы з ы л д ə 

р і қосып береді (Ата салты., 78). 

ҚЫЗЫЛДЫ  с  ы  н.  Қызыл  түсті, 

қызылы бар. Жайылымға көз салсам, Қ ы 

з  ы  л  д  ы,  көкті,  жасылды,  Құмырсқадай 

қаптап  мал,  Жұлдыздай  жерге  шашылды 

(Айманкүл, Ана сыры, 27). 

ҚЫЗЫЛЖАЛАҚ з а т. Жып-жылмағай 

болып, қызарып тұрған жара аузы. 

ҚЫЗЫЛЖАЛАҚТАН  е  т.  Жара 

аузының қызарып, жып-жылмағай болып 

тұруы.  Алабұтадан  сақар  қайнатып,  мал 

майын араластырып жасаған қара сабыны 

қарашешектен қ ы з ы л ж а л а қ т а н ы п 

жазылған денесіне мың да бір дəру болған 

(Ж.Ахмади, Айтұмар, 201). 

Қ Ы З Ы Л Ж А Л А Қ ТА Н У   Қ ы з ы л -

жалақтан етістігінің қимыл атауы. 

ҚЫЗЫЛЖҰЛДЫЗ з а т. а с т р. Түсі 

қызылдау  болып  көрінетін  жұлдыз.  Қ  ы 


385

Байынқол Қалиев

з ы л ж ұ л д ы з (Марс) бен Есекқырған 

(Юпитер)  планеталарының  аралығында 

толып жатқан астероидтар Күнді айналып 

жүреді (Х.Əбішев, Аспан сыры, 66). Олар 

Юпитерді (Есекқырған), Марсты (Қ ы з ы 

л ж ұ л д ы з), Сириусты (Жарықжұлдыз) 

жақсы  біледі  (ҚазССР  тарихы, 2, 374). 

Қ.Мекебаев  халық  ауыз  əдебиетінде 

кездесетін Жарықжұлдыз, Есекқырған, Қ ы 



з ы л ж ұ л д ы з, Сарыжұлдыз... дегендер 

сияқты  астрономиялық  атауларға  түсінік 

берген  (Қазақстан  мектебі, 1982, №12, 

62-63). 


Қызылжұлдыз  ордені.  Кеңестік  кез-

де  ерекше  еңбек  сіңіргені  үшін  берілетін 

құрметті награда. 

ҚЫЗЫЛКЕҢІРДЕКТЕ  е  т.  Дауласу, 

айтысу, кергілесу. ≈ Қ ы з ы л к е ң і р д е к 

т е п мынау қайтеді ей! 

ҚЫЗЫЛКЕҢІРДЕКТЕС  Қызыл-

кеңірдекте  етістігінен  жасалған  ортақ 

етіс. Қ ы з ы л к е ң і р д е к т е с і п тынса 

бір  жөн,  екпіндесіп,  ентелесіп  те  қалады 

жұрт (К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 22). 

ҚЫЗЫЛКЕҢІРДЕКТЕСУ  Қызыл-

кеңірдектес етістігінің қимыл атауы. 

Қ Ы З Ы Л К Е Ң І РД Е К Т І К   з   а   т. 

Айтысқыштық,  дауласқыштық.  Ферма-

ны  əртүрлі  тəсілмен  басқаруға  болады. 

Сыпайылық, қ ы з ы л к е ң і р д е к т і к

ділмарлық,  бопсалық,  уəдегөйлік – мінез 

құлыққа тəуелді (Қаз. əдеб., 06. 11. 1974, 4). 

ҚЫЗЫЛКӨЗ  з  а  т.  а  у  ы  с.  Пəлеқор, 

жалақор. – Сол баланы қожа-молдалар-ақ 

құртты. Қ ы з ы л к ө з бəле емес пе, түге. 

Соқтықпай-ақ қою керек еді (С.Байжанов, 

Ақ маржан, 70). 



ҚЫЗЫЛКӨЗДЕН  е  т. 1. Ала  көзбен 

қарау,  еліру,  құтыру.  Қарагер  жүгенді 

жұлқып, қ ы з ы л к ө з д е н е соңына қарай 

берді  (Ө.Қырғызбаев,  Қырда., 87). Қан-

ның иісінен кəдімгі қордағы ит қ ы з ы л



к ө з д е н і п, құтырып кетеді екен (Жа-

лын, 1974, №4, 34). 2. а  у  ы  с.  Бəле  қуу, 



жаманшылық  ойлау,  өшігу  (Р.Ниязбеков, 

Отағасы, 97). 



ҚЫЗЫЛҚАНАТ__1'>ҚЫЗЫЛҚАНАТ

1

 з а т. з о о л. Қоқиқаз. 

Бұлардың  қоқиқаз  деп  аталатыны  ол 

қоқиып,  адам  көзіне  ерекше  көрінеді.  Ал 

қызылқаз  деп  аталатын  себебі – түсі 

қызғылт. Сондай-ақ, қ ы з ы л қ а н а т ата-

лу себебі – оның қанатының түсі қызғылт 

болады  (Туған  жер, 164). Тау  қыраны 

мен  түз  қыранының,  құм  қыранының 

айырмашылығы  қандай?  Бұлардың  ба-

лапаны қ ы з ы л қ а н а т, тірнек, қана, 

жанамен шектеле қояр ма екен? (Жұлдыз, 

1972, №8, 206).

ҚЫЗЫЛҚАНАТ

2

 з а т. х а л қ. Бүркіт-



тің жас балапаны. Ол (бүркіт балапаны) 

бірте-бірте түсін өзгертеді. Қ ы з ы л қ а н 



а т т а н кейін бұғанасы қатқанда «тірнек» 

аталады  (Т.Əлімқұлов,  Көкек  айы, 33). 

Февральда жұмыртқасын аязбен жаратын 

бүркіттің балапаны қ ы з ы л қ а н а т ата-

лады. Содан соң тірнек кезінде енесі оны ас-

панға ұшырады (Соц. Қаз., 23. 01. 1980, 4). 



ҚЫЗЫЛҚАРАҒАЙ з а т. б о т. 1. Қара-

ғайдың қабығы қызыл түсті түрі. Қ ы з ы л

қ а р а ғ а й д а н қиып салынған итарқа ша-

тырлы қоржын үйдің іргесі қора-қопсыға 

толы  екен  (Қ.Ысқақ,  Тұйық, 88). 2. Осы 

қарағайдың  сүрегі.  Қоршаудың  ішінде 

үйінді-үйінді ағаш; қарағайдың неше атасы: 

балқарағай, шырша, қ ы з ы л қ а р а ғ а й

шегіршін, ақ қайың, қызыл қайың, ақ терек, 

көк терек... (Ғ.Сланов, Замандастар, 162). 

ҚЫЗЫЛҚАСҚА  з  а  т.  э  к  о  н.  Құр-

бандыққа  шалынатын  ерекше  нышан-

ды  сиыр  малы.  Қатерден  құтылғанда, 

қорыққанда құрбандыққа «ақсарбас» атаса 

– қой, «көкқасқа» атаса – қой, «қ ы з ы л

қ а с қ а» атаса – сиыр сойып, көптің ықылас 

батасын  алады  (А.Нүсіпоқасұлы..,  Ағаш 

бесік., 3, 121). 

ҚЫЗЫЛҚАСҚЫР з а т. з о о л. Қас-

қырдың түгі қызыл қоңыр түсті түрі. Қ ы 

з ы л қ а с қ ы р д ы ң түр-пішіні қасқырды, 

түлкі  мен  қорқау  қасқырды  еске  салады. 

Оның дене тұрқы бір метрден сəл асады, 

салмағы 14-21 кг-дай.  Жүні  салалы,  əрі 

қою, түрі қызыл қоңыр (Марқакөл, 129). 

ҚЫЗЫЛҚАТ  з  а  т.  Қызылқат  бұта-

сының ашық қызыл түсті, жеуге жарам-

ды, домалақ жемісі. Маусым айында алма, 

алмұрт,  өрік,  алқоры,  шабдалы,  қарақат,



қ ы з ы л қ а т сияқты жеміс-жидектердің 

бəрін  де  күнделікті  тамағымызда  қа-

лауынша,  молынан  пайдалануымызға  бо-

лады  (Мəдениет  жəне  тұрмыс, 1970, №8, 

1970). 

ҚЫЗЫЛҚОҢЫР  с  ы  н.  Қызылы  ба-

сымдау қоңыр түс. ≈ Үстінде қ ы з ы л қ о 

ң ы р көйлегі бар. 

ҚЫЗЫЛҚОҢЫРЛАН е т. Қызылқоңыр 

түске ену, күрең тарту. Көз алдында шоққа 


386

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

қақталып, майы шыжылдай тамшылап, қ ы 



з ы л қ о ң ы р л а н ы п піскен кəуап тəбетіңді 

ашады (Ж.Қорғасбек, Жынды қайың, 36). 



Қ Ы З Ы Л Қ О Ң Ы РЛ А Н У   Қ ы з ы л -

қоңырлан етістігінің қимыл атауы. 

ҚЫЗЫЛҚҰЙРЫҚ

1

  з  а  т.  з  о  о  л. 



Басының  екі  жағы  қара,  құйрығы  қызыл 

түсті кішірек құс. Қ ы з ы л қ ұ й р ы қ 

көктемде  бұл  атырапқа  алдымен  келіп, 

əбден қоңыр күзде құстардың ең соңынан 

кетеді  (К.Баялиев,  Дегелек  келді., 88).



Қ ы з ы л қ ұ й р ы қ Алматы обл. Жетісу 

(Жоңғар)  Алатауындағы  жалпақ  жəне 

қылқан  жапырақты  ормандарда  тіршілік 

етеді (Қаз. табиғ., 3, 222). Шыршалы орман 

ішін бүкіл жыл бойы самырсын құсы, шыр-

ша торғай, қ ы з ы л қ ұ й р ы қ қоныстайды 

(Жетісу, 15. 02. 1972, 5). 

ҚЫЗЫЛҚҰЙРЫҚ

2

  з  а  т.  б  о  т. 



Сабағының бас жағы қызғылтым келген, 

бір  не  көпжылдық  арамшөп.  Алабота, 

қышы, алқа, қ ы з ы л қ ұ й р ы қ, итқонақ 

сияқты арамшөптер гектарына 2 кг атразин 

немесе 2-4 кг симазин шашқанның өзінде 

толық  жойылады  (Суармалы  егіншілік, 

125). 


ҚЫЗЫЛҚҰЛАҚ  з  а  т. 1. Ірі  ақша. 

Кемелбектің  қолына  екі-үш  қ  ы  з  ы  л



қ ұ л а қ т ы дегбірсіздене тыққыштаған 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 380). 2. а у ы с. 



Алыпсатар, саудагер. Бұл сияқты қ ы з ы л 

қ ұ л а қ т а р д ы ң ендігі айласы базарда 

өтпегендерін  колхоз-совхоздарға  апарып, 

несиеге береді (С.Қышқашев, Таң, 75). 

ҚЫЗЫЛҚҰРТ з а т. з о о л. с ө й л. Шы-

лаужын  (жауын  құрты).  Екеуі  қармаққа 

түйрелген  қ  ы  з  ы  л  қ  ұ  р  т  секілді 

(О.Сəрсенбай,  Шығ., 4, 179). Əміртай 

екеуміз қармағымызды, қ ы з ы л қ ұ р т пен

шегірткеге  толы  қалбырымызды  алып, 

балық  аулауға  кеттік  (Ө.Қанахин,  Өз 

ақылымен, 25). 

ҚЫЗЫЛМАЙ__1'>ҚЫЗЫЛМАЙ

1

 з а т. в е т. Көбең (семіз) 



жылқының зорығуынан болатын ауру. Бұл 

ауру жылқыда да кездеседі. Оны қ ы з ы л м 



а й деп атайды (Қаз. əдеб,ғ 28. 09. 1989, 15). 

ҚЫЗЫЛМАЙ

2

 з а т. м е д. Түрлі тері 



ауруларына  ем,  сұйық  дəрі.  Ол  дəрілік 

шөптердің  тұнбасынан  сұйық  бір  дəрі 

əзірлеп, оған «қ ы з ы л м а й» деп ат қойды 

(Алм. ақшамы, 04. 03. 1993, 4). 



ҚЫЗЫЛМИЯЛЫ  с  ы  н.  Қызылмия 

өскен,  қызылмиясы  көп.  Өлеңшөпті, 

түйежоңышқалы, қ ы з ы л м и я л ы ой-

паттар шабындық ретінде пайдаланылады 

(С.Ділдəбеков, Батыс Қазақст., 21). 



ҚЫЗЫЛСЫРАМАУ... Тек соған дейін 

ғана жүрек жалғап, бала-шағаның қ ы з ы л 



с ы р а м а у ы үшін бір адал аңды бұйырса 

жығып алмақ (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 8). 



ҚЫЗЫЛСЫРАТ  Қызылсыра  етіс-

тігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  Мерген 

бала-шағасын қ ы з ы л с ы р а т қ а н жоқ 

(К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 91). 

ҚЫЗЫЛСЫРАТУ   Қызыл сырат 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚЫЗЫЛТАҚ з а т. ж е р г. Қызыл түсті 

тақыр  төбе.  Одан  есік  алдындағы  қ  ы 

з  ы  л  т  а  қ  үстінде  шай  пісірім  сенделді 

(Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 49). Балалар 

күн батыс арқадағы іркіс-іркіс қ ы з ы л т 

а қ т а р ғ а қарай шаба жөнелген (Бұл да, 

131). 


ҚЫЗЫЛТАЛ з а т. Қызыл тал ағашы-

ның  сүрегі.  Ол  Жарыпшыққанның  құяр 

сағасындағы сыңсыған солқылдақ қ ы з ы л



т  а  л  д  а  н  тарантастың  қорабын  тоқып, 

Кермақастың  базарына  əкеп  сатады  екен 

(Б.Аманшин, Көкжар, 11). Əсіресе, қарағай, 

арша, қ ы з ы л т а л д а н ұсқынды дом-

быра, сарыағаш, шəңкіштен жарып, өзегін 

ыңғырумен  ойып  сыбызғы  жасайтын 

(Т.Жақыпбайұлы, Асан ата, 7). 

ҚЫЗЫЛТАМАҚ  з  а  т.  з  о  о  л. 

Сайрауықтар  тұқымдасына  жататын, 

тамағында  қызыл  түсті  үшбұрыш  бар, 

кішірек əнші құс. Қ ы з ы л т а м а қ көзге 

түсе  бермейді,  тек  жиі  əдемі  сазды  əнін 

естуге болады (Қазақст. жануар., 116).

ҚЫЗЫЛТАМЫР__1__...'>ҚЫЗЫЛТАМЫР

1

... Бірде Марқакөлде 

маған шай сияқты қайнатылған қ ы з ы л 



т а м ы р д ы ң дəмін татудың сəті түсті 

(Марқакөл, 48). Қарт балықшы: «қ ы з ы 



л т а м ы р» түрлі сырқатқа шипа, əрі ол 

адамды жасартады», - деп иландыруға ты-

рысты (Бұл да, 92). 

ҚЫЗЫЛТАМЫР

2

 з а т. м е д. Көкта-



мырдан тарайтын жіңішке қан тамырлар; 

қылтамыр (капилляр). Жүректің қ ы з ы л 

т  а  м  ы  р  саласы  сол  жүректің  астыңғы 

қалташасынан аорта деген атпен басталады 

(Б.Омарұлы, Жүрек, 85). 

ҚЫЗЫЛТАНАУЛА  е  т.  Қызылтанау 

болу, өрекпу. Бір күні ол сабақ оқып отырған 

үстіме  қ  ы  з  ы  л  т  а  н  а  у  л  а  п,  өшкені 

жанып, өлгені тіріліп келгендей бақырып-


387

Байынқол Қалиев

шақырып  айғайлап  кірді  (Ж.Қорғасбек, 

Жынды қайың, 55). Мінген аттары қ ы з ы 

л т а н а у л а п, етек-жеңдері жел кеулей 

делеңдеп, қызыл əскер дүрсілдете шауып 

өтті (Ж.Қорғасбек, Үлпілдек, 191). 

ҚЫЗЫЛТАНАУЛАУ  Қызылтанаула 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚЫЗЫЛТҰМСЫҚ з а т. з о о л. Тұм-

сығы  қызыл,  құйрығы  айыр,  қаралды-

сы  онша  үлкен  емес  су  құсы.  Орыстың 

натуралист  жазушысы  С.Т.Аксаков  олар-

ды теңіз қарлығашы немесе қ ы з ы л т ұ м-

с  ы  қ  деп  атайды  (Қорғалжын, 80). Бір 

татуласқан шағымызда қ ы з ы л т ұ м с ы қ -



т  ы  тағы  көремін  деп  барып  ұшырып 

алғаныңды  айтқанда  күлкімізді  тия 

алмағанымыз əлі есімде (Қазақст. пионері, 

12. 04. 1972, 4). 



ҚЫЗЫЛТҰМСЫҚТАН  е  т.  Егін 

қызылтұмсық  болып  пісе  бастады. 

Құлқынсəріден жаушымшық топ-тобымен 

ұшып, қ ы з ы л т ұ м с ы қ т а н ы п қалған 

егіске бүйідей тиеді (Қызыл жебе, 135). 



ҚЫЗЫЛТҰМСЫҚТАНУ  Қызыл-

тұмсықтан етістігінің қимыл атауы. 

ҚЫЗЫЛША... 2. Қызылша өсімдігінің 

жеуге  жарамды  тамыржемісі.  Олар 

қазірдің өзінде-ақ алмадан, құлпынайдан, 

таңқурайдан, қарақаттан, қ ы з ы л ш а д а н,

сəбізден  жасалған  шырындарға  қанық 

болып алған (Жетісу, 06. 08. 1968, 4). Жыл-

қыны қолда ұстаған уақытта, оған картоп, 

сəбіз, қ ы з ы л ш а берген жөн (Тарту, 239). 

ҚЫЗЫЛШАҚАЛАУ с ы н. Қауырсыны 

толық шығып үлгермеген (балапан). Енді 

біреулері қ ы з ы л ш а қ а л а у, əлжуаз 

болып келеді (Қаз. əдеб., 21. 11. 1975, 2). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет