»,-деп
дәлелдеді [251]. Оның пікірінше, сырттан келетін келімсектерге тосқауыл
қойып, тек арнайы мамандықты қажетсінетін жұмыстарға ғана мамандар
97
шақырту керектігін айтып, оның баспасӛзде кеңінен хабарлану тиістілігін
айтып, сұқбат береді. М. Тынышбаевтың осылайша бұл әрекеттің
экономикалық жағынан тиімсіздігімен түсіндіре отырып, Қазақстанға ағылған
қоныс аударушылардың қарқынын аяқ алысын бәсеңдетуге ұмтылуы, ӛзінше
Кеңес үкіметінің саясатына жасаған орынды наразылығы болатын. Ол
маманданған кадрларды Қазақстанның ӛз ішінде дайындаудың мүмкіндігі
болады деп дәлелдеді [251]. Қазақтың тұңғыш инженері М. Тынышбаев кадр
саясатын шешуде «орталықтың үстемдік етуіне» негізделген кӛзқарасты ашып
кӛрсетеді.
1930 жылғы 16 мамырдағы партияның Орталық Комитетінің «жұмысшы
факультеттерін қайта құру» жӛніндегі қаулысының қабылдануы да техникалық
мамандарды даярлаудың ӛте қажеттігінен туындаған еді.
Ф. Работалов 1932 жылы жарық кӛрген мақаласында «Қазақстан оқу
орындары жүйесі азғантай уақыттың ішінде жоғары білікті инженер-
техникалық қызметкерлерді даярлауды қамтамасыз ете алмайды, тек Қазақстан
ӛнеркәсібі мен құрылысы үшін орта техникалық мамандарды ғана даярлай
алады. 1932 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 12 техникумда оқып жатқан
оқушылардың барлығы 1332 адамды құрайды. Оқу орындарына жергілікті
халық ӛкілдерін тарту жеткілікті деңдейде болмай отыр (техникумдағы
қазақтардың пайыздық кӛрсеткіші 33). Инженер-техникалық қызметкерлерге
деген сұранысты осы уақытқа дейін Бүкілодақтық Халық Шаруашылығы
Кеңесі мен Техникалық Халық Комиссариаты саласынан Қазақстанға
жолдамамен жіберу, жеке келісім шарт негізінде жүзеге асып, қызметкерлерді
таңдауда сапалық жағы кӛп жағдайда ескерілмеді. Осындай ӛндірістік-
техникалық кадрларға деген тапшылыққа қарамастан, ӛндірістік-техникалық
интеллигенцияны шын мәнінде даярлаумен ешкім айналыспай отыр», - деп
тұжырымдайды. Автор әрі техникумдарда оқушыларға дұрыс мәдени-
тұрмыстық және материалдық жағдай жасамақ түгіл оқудың жоғары деңгейде
жүргізілуіне ӛз деңгейінде мән берілмей отырғандығын да жазады. Қазақ
тіліндегі оқулықтардың жоқ екендігін айтады. Ӛзіміздің техникалық
интеллигенция кадрларын жергілікті халықтан шыққан жұмысшылар мен
шаруалар қатарынан даярлау үшін, жергілікті халықтың мәдени деңгейін
арттыру қажеттігін кӛрсетеді [193, 40-41].
1933 жылдың 27 наурызында КСРО Орталық Атқару Комитетінің
Президиумы қаулы қабылдап, онда жекелеген ұлттардың оқушылары үшін
жалпыодақтық наркоматтардың оқу орындарында орындар тағайындау жүйесін
бұрынғысынша сақтау қажеттігі атап кӛрсетілді. Алғашқы бесжылдық
жылдары ірі индустриалдық аудандардың совнархоздары да мамандарды
даярлауда үлкен кӛмек кӛрсеткендігін айтты.
1930-шы жылдары кеңестік тарихнамадағы методология дәстүрлі түрде
«таптық кӛзқарасқа» негізделді. Орталықтың басшылығымен жүргізілген
ӛлкедегі индустриализациялау жылдары қазақ халқының ӛз ішінен шыққан
еңбек күшімен шешуге болатындығына қарамастан, орталықтан еңбек күшін,
мамандармен қамтамасыз ету жолымен іске асырылды. Кеңестер Одағы
98
идеологиясы мықты дамыған мемлекет болғандықтан, ұлттық республикалар
территориясында орта арнаулы және жоғары оқу орындарының «бір орталыққа
бағынышты» кең жүйесін құруға кӛңіл бӛлу керек деп есептеді. Қазан
тӛңкерісінен кейін, білім беру жүйесінде жергілікті халықтан біліктілігі тӛмен
деңгейдегі әкімшілік аппараты мен ауылшаруашылық кәсіпорындары салалары
үшін мамандар даярлауды қарастырды. Сондықтан осы кезеңде жергілікті
жерлерде инженер-техникалық кадрларды дайындауға жан-жақты кӛңіл бӛле
бастады. 1930-шы жылдардағы жергіліктендіру жұмыстарына байланысты
кӛптеген міндеттер қабылданса, соның бірі – мамандарды даярлау ісі.
Мемлекет қайраткері, жергіліктендіру комитетінің тӛрағасы. А. Асылбеков
жоғары оқу орындары, техникумдарда және рабфактарда 1933/1934 жылдары
мамандар даярлауға бақылау орнатылмағандығы, әсіресе қазақ кадрларын
даярлау наркоматтарда және ӛлкелік ұйымдарда қанағаттанғысыз жағдайда
ұйымдастырылып отырғандығына кӛңілі толмайды. Қазақтарды оқу
орындарына қабылдаудың нормалары орындалмай отырғандығын сынап,
Наркомзем жүйесіндегі техникумдардағы қазақ топтарында оқитын
студенттердің үлестік салмағының небәрі 25,4 пайызды құрайтындығын
кӛрсетеді. А.Асылбеков жергіліктендіру барында ұлттық мамандарды
даярлауға мән беру қажеттігін ұсынады [252, 26 б.].
Қазақ зиялыларының кӛрнекті ӛкілдерінің бірі - С. Меңдешев
«Просвещение национальностей» журналына Қазақ АКСР-ы жайлы берген
мәліметінде: «Қазақстан осыдан бірнеше жыл бұрынғы біз білетіндей емес.
Қазіргі кезеңде Қазақстан территориясында одақтық маңызы бар, КСРО-ның
үшінші кӛмір базасы – Қарағанды түсті металдардың ірі ӛнеркәсібі – Риддер
сияқты ӛнеркәсіп орындары қарқынды дамып келеді. Қазақстанда мал
шаруашылығы, астықты гигант – совхоздар ӛсіп ӛркендеуде.
Осы алып құрылысқа, совхоздарға және ұжымдастыруға Қазақстанның
жергілікті халықтары – қазақтар жылдам қарқынмен жұмылдырылуда. Қазақ
кеше кӛшпелі болса, бүгінде - жұмысшы, оның мәдени талабы да ӛзгерді. Егер
кеше ол аңшылықпен, күреспен айналысса, бүгін оған кино, радио, курстар т.б.
керек. Жаңа техниканы игеру үшін оған оқу керек»,- деп жазады [253, 25 б.].
Мақалада ұрандату сарыны басым болғанымен, сол кезеңнің ӛзекті мәселесін
кӛтергендімен құнды болып есептеледі.
Социалистік индустриализация жылдары ұлттық республикалар мен
облыстарда
ӛндірістік-техникалық
интеллигенцияны
жергілікті
пролетарлардан, әсіресе маңыздысы – националдардан алу керектігі айтылды.
Аз уақыт ішінде қазақтардан, қырғыздар, башқұрттар, түріктер, абхаздықтар,
грузиндер тағы басқа ұлт ӛкілдерінен жоғары білікті инженерлер,
шаруашылық-техник кадрларын дайындау қажеттігіне кӛңіл бӛлінді.
Техникалық мамандарды жергілікті әртүрлі ұлт ӛкілдерінен шешу жолдарын
ұсынып, мәселені шешуге «таптық кӛзқараспен» қарағандығын байқаймыз.
Жаңа техникалық кадрларды ӛсіру үшін жұмысшы табымен байланысты
техникалық күштерді жоғарылатумен қатар бір мезгілде, ескі инженерлердің
барлығын толығынан пайдалану керектігі ескертілді. Ӛнеркәсіпті Шығыста
99
орналастыру, Шығыстағы инженер-техникалық кадрларды, әсіресе, ұлттық
кадрларды қалыптастыруда жаңа ӛндіріс ошақтарын ашу ықпал етер еді дей
келіп, «жұмысшы табының ӛзіндік ӛндірістік-техникалық интеллигенциясы
болу керек» деген тұжырымды байқаймыз [253, 9-10 б.].
1933 жылы 20 қазанда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің Қазақстан
үшін мамандар даярлау жӛніндегі арнайы қаулысы шығады. Онда:
«1. Предложить НКТП организовать в Алма-Ате Казахский горно-
металлургический инстутут с двумя факультетами: горным и цветных
металлов, объеденив его с Семипалатинским горным институтом...
3. ...Предложить НКСнабу СССР организовать в Семипалатинске на базе
Петропавловского мясопромышленного техникума один крупный Казахский
техникум
по
подготовке
среднетехнических
кадров
для
мясной
промышленности. Обязать НКСнаб закончить строительство этого техникума в
1934 г.», - деп тапсырма берілді. Сонымен қатар КСРО Наркомземіне
бұқаралық ауылшаруашылық кадрларын оның ішінде механиктерді де даярлап
немесе қайтадан даярлықтан ӛткізу шараларын жүргізу ұсынылады [238, 132
б.]. Мемлекеттің бұл қаулысы техникалық оқу орындарының негізін қалап,
ӛндірістік-техникалық интеллигенцияны қалыптастыруға зор ықпал етті.
Қазақстанда жоғары және орта арнаулы техникалық оқу орындарының ашылуы
еңбекшілердің білім алуына маңызды және шешуші қадам жасады. Алайда
жұмысшы-шаруа жастардың жалпы білімдік даярлығының болмауы бұған
үлкен кедергі келтірді. Қазақстан үшін жоғары техникалық оқу орындарының
қалыптасып дамуының ӛзіндік ерекшелігі, Қазан тӛңкерісінен кейін республика
территориясында бірде-бір техникалық жоғары оқу орындарының болмауында
болды.
Ал, техникалық жоғары оқу орындарын дамыту үшін оқушылардың жаңа
контингентін қажет етті. Жоғары оқу орындарына жетіжылдық, бастауыш
білімдерімен де барды. Әрине, мұндай білім деңгейімен барған жастар
сабақтарына үлгермей, кейін оқудан шығып қалу кӛрінісі кӛп байқалды.
1920-1940-жылдардары тарихнамада біз қарастырып отырған мәселе
тӛңірегінде әдебиет жеткілікті болды деп айта алмаймыз. Бар әдебиеттерде
қарапайымдылық пен буржуазиялық және лениндік концепцияға қарсы
бағыттылық қалай айқындалғандығы кӛрсетілді [254]. Осы жылдары жарық
кӛрген еңбектердің кӛпшілігі техникалық кадрларды даярлау мәселесін
зерттеуге арналды. Ӛлкеде модернизациялану үдерісінің жүргізілуі барысында
жергілікті ұлт ӛкілдері инженер кадрларды жұмысшы мен шаруалар қатарынан
алып толықтыру қажеттігін айтып бұл процесті жүзеге асыруда рабфактардың
үлкен рӛл атқарып отырғандығын айтады [255].
1940 жылы зерттеушілер Т. Губа мен О. Кузнецова «Рост национальной
социалистической культуры КССР» мақаласында: «Ұлттық социалистік қазақ
мәдениетінің басты ошағы – Қазақстанның жоғары оқу орындары», - деп атап
кӛрсетеді.
Сонымен бірге, арнайы техникумдар мен институттардың кең жүйесінің
құрылуы арқылы (тау кен институты, ауылшаруашылық т.б.) жоғары білікті
100
қазақ кадрларының ұлттық үлкен тобы – инженерлер мен агрономдар
даярланды деген пікірге келеді [256, 45 б.].
Авторлар патша ӛкіметі тұсында Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орыны
болмады. Қазақ республикасында бірінші бесжылдықтың соңында 3550
студенттері бар 11 жоғары оқу орындары болды. Екінші бесжылдықтың
соңында жоғары оқу орындарының саны 18-ге жетіп, 5700 студентке жетті. Бұл
контингенттің жартысынан кӛбін қазақ студенттері құрайды деген фактілер
келтірген.
Ұлы Отан соғысы басталған кезеңде «Большевик Казахстана» журналында
1941 жылдың №10 санында Г. Бузурбаевтың «Интеллигенция Казахстана в дни
Отечественной войны» мақаласында Кеңес ӛкіметі кезеңінде Қазақстанда
жоғары мектептің қалаптасқандығын айтып, қазір республикада 19 жоғары оқу
орындары, 30 ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелері бар екендігіне
тоқталады. Елдің басына түскен ауыртпалықты кӛтеру интеллигенцияның
үлесіне тиіп отырғандығын кӛрсетеді [257, 11-17 б.].
Соғыс жылдарындағы ӛндірістік-техникалық интелигенция мамандарын
даярлау тарихнамасында Т. Губаның «История интеллигенции Казахстана в
дни Отечественной войны» мақаласының алар орны ерекше. Онда: «жоғары
оқу орындарының, техникумдарының және орта мектептердің қызметкерлері
соғыс кезеңдерінің ауыртпалығын кӛтере отырып, кадрларды даярлап,
жастарды тәрбиелеуде. Қазақстаның жетекші оқу орындары – Кен-
Металлургиялық және Ауылшаруашылық институттары, Мемлекеттік
университет, Медициналық институт және басқалары – соғыс жылдары
ӛнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқа салалары
үшін үш мыңнан артық білікті мамандар даярлап, кеңес интеллигенциясының
қатарын жас кадрлармен толықтырды», - деп жазады.
Жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары және
студенттері елдің және майданның адамзаттың алдына қойған міндеттерін
орындауда ӛнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына кӛмектесуде.
Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қызметкерлері
жасаған ғылыми тақырыптардың республиканың ӛнеркәсіп орындарының,
халық комиссариаттарының жұмысымен тікелей байланысты екендігі әрі оның
халық шаруашылығында маңызды орын алатындығын кӛрсетеді. Профессорлар
Рутовский, Литвинов, доценттер Добрецов, Бектұровтар қару-жарақ жасау
ӛндірісімен, металлургиялық комбинаттармен байланысты, түсті металдарды
қорыту, тыңайтқыштар жасау, ӛте қажетті материалдар жасау мәселелерімен
айналысты.
Кен-Металлургиялық институттың қызметкерлері ӛздерінің ғылыми
жұмыстарымен ӛндірісті игеруде, ішкі резервтерді, жергілікті шикізатты
пайдалануда, жаңа технологияны игеруде республиканың түсті металлургия
кәсіпорындарына тікелей кӛмек кӛрсеткендігін де атап ӛтеді. Т. Губа профессор
Бричкиннің Ащысай қорғасын комбинатын кеңейту жӛнінде жоба
ұсынғандығын атай отырып, Мырғалымсай кенішіннің ӛндіріс кӛлемін 30-35
пайызға ұлғайтудың әдісін ойлап тапты деген фактілерді келтіреді [258, 39 б.].
101
1940-1950-ші жылдары кеңестік тарихнамада жоғары оқу орындарында
ӛндірістік-техникалық мамандарды даярлау тақырыбын зерттеу кең кӛлемде
жүргізілмеді. Бұл тарихи кезеңнің ерекшелігі - Ұлы Отан соғысы, жоғары оқу
орындарын Кеңестер Одағының европалық бӛлігінен Орал мен Сібір, Орта
Азияға эвакуациялау, экономиканы қалыпқа келтіру үшін жұмысшылар мен
техниктерді даярлау қажеттігімен байланысты болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, Кеңестер Одағының
европалық бӛлігінде туудың азаюы еңбек ресурстарының тапшылығына әкелді.
Міне, осы факт жергілікті халықтардың жоғары білім алуына кең мүмкіндік
ашты. Сонымен қатар жоғары білім беру ісінің дамуы урбандалу үдерісін
жеделдетіп, халықтың ӛмір сүру деңгейін жоғарылатты. Бірақ бұл орыстандыру
саясатын тереңдетті.
Кеңестік ӛнеркәсіп үшін 1950-ші жылдары ғылыми-техникалық үдерістің
дамуымен байланысты, жаңа инженер-техникалық кадрлар даярлап толықтыру
мәселесіне мән беріле бастады. Кеңестік тарихнамада Ю.В. Бабко,
В.М. Барашенков, М.Г. Власов, В.М. Жеребцовтардың диссертациялық
еңбектерінде сараланды [259]. Бұл еңбектерде жеке басқа табынушылыққа
ерекше
мән
беріліп,
жергілікті
жерлерде
кеңестік
техникалық
интеллигенцияның қалыптасуы, тәрбиелеу, буржуазиялық мамандарды кеңес
ӛкіметі жағына тарту мәселесі жеткілікті түрде айқындалмаған. Әрі біз
қарастырып отырған мәселе А.И. Лутченко, С.П. Мещеряковтардың
кандидаттық диссертацияларында зерттелді [260]. Мұрағат деректерімен
жұмыс жасау барысында авторлар әлі де болса құжаттарды кеңінен
пайдаланбай, «марсизм-ленинизмнің» теориялық негіздерінен аса алмай,
қоғамдық
ұйымдардың
кеңестік
техникалық
интеллигенцияны
қалыптастырудағы, тәрбиелеудегі рӛлі ашылмаған.
Қарастырып отырған мәселе тӛңірегіндегі жарияланған еңбектердің негізгі
ой-тұжырымы жоғары мектеп саласында үлкен жерістіктерге қол
жеткізгендімізді мадақтаумен ерекшеленді.
Ғалым Н.Н. Дауылбаев 1955 жылы жарық кӛрген еңбектерінің бірінде:
«Жыл ӛткен сайын жоғары оқу орындарының кӛзі ӛсті. Мысалы Қазақ тау-кен
институтында 1934 жылы 145 студент оқыса, қазір онда 2 мыңға жуық
студенттер оқиды. 20 жылдың ішінде халық шаруашылығы үшін 2500
инженерлер даярланды. Тек 1955 жылдың ӛзінде ол 411 инженерді даярлап
шығарды. Қазақ тау-кен институтының түлектерін біздің республикамыздаң
ғана емес, Орал, Сібір, Қиыр Шығыстың заводтарында, шахталарында
кездестіруге болады»,-деп жазады. [261, 33 б.].
КОКП-ның ХХ съезінен кейін тарихнамада ӛндірістік-техникалық
интеллигенцияны зерттеуді дамытуға жаңа пайымдауларымен ықпал еткен
М.П. Ким, К.Т. Галкин сияқты зерттеушілер пайда болды [262].
1950-ші жылдардың соңында зерттеуші П.М. Алампиев қайта қалыпқа
келтіру жылдары тек маманданған жұмысшылардан ғана емес, қазақ халқының
ӛз ішінен шыққан инженер-техникалық кадрларды даярлауға кӛңіл бӛле
басталғандығына тоқталады. Алғашында бұл кадрлар Қазақстанның ӛз жоғары
102
оқу орындары болмағандықтан, республикадан тысқары жерлерде даярланды,
ал орта техникалық оқу орындары енді ғана қалыптасып жатқан еді деп
есептейді. Қазақстан экономикасын дамыту моделін қолдаушылардың бірі
ретінде П.М. Алампиев алғашында бұл кадрлар Қазақстанның ӛз жоғары оқу
орындары болмағандықтан, республикадан тысқары жерлерде даярланды, ал
орта техникалық оқу орындары енді ғана қалыптасып жатқан еді деп есептейді.
Қазақ жастары алдыңғы қатарлы аудандардың техникумдары, рабфактары
мен жоғары оқу орындарына жіберілді. 1926 жылдың ӛзінде қазақ студенттері
Москваның, Ленинградтың, Томскінің, Ташкенттің жоғары оқу орындары мен,
Москваның Жоғары техникалық училищесі мен Тау-кен академиясында,
Ленинградтың политехникалық институтында оқыды. Қазақтардың Москва,
Ленинград, Орынбор, Ташкенттегі рабфактарда оқығандығын айтады.
Қазақстанның ірі жұмысшы орталықтарында – Қарсақпай, Риддер, Доссорда
1926 жылдан бастап рабфактарға дайындайтын жыл сайын дайындық
курстарының ашылғандығын, онда қазақтарға 80 пайыз орын берілгендігін
саралайды. Автордың кӛзқарасы бойынша, алғашқы бесжылдық жылдары
кадрларды дайындау, кеңестік ӛндірістік-техникалық интеллигенцияны жасау
Кеңестер Одағындағы ӛте қажет мәселелердің біріне айналды деп ой қорытады.
Бұл мәселенің ерекше қарастырылуын автор ӛнеркәсіптің ӛсуімен тығыз
байланыстырады. Осы мәселе тӛңірегінде П.М. Алампиев: «Жаңа техникалық
интеллигенцияны дайындау ең алдымен қазақ жұмысшыларынан Қазақстанда
орта техникалық оқу орындары, сосын жоғары техникалық оқу орындарында
ұйымдастыру қажеттігі туындап отыр»,- деп талдайды [211, 324-325 б.].
Зерттеуші П.М. Алампиевтың мәліметі бойынша, жұмысшы табы қатарынан
жоғары және орта техникалық оқу орындарына резервтерді даярлауда
республиканың ірі құрылыстары мен ӛнеркәсіп кәсіпорындарында құрылған
тау-кен ӛндірістік оқулары мектептері (горпромуч) мен фабрика-завод оқулары
(ФЗУ) атқарды. Осындай және жаппай жұмысшыларды техникалық оқыту
түрлері республиканың жергілікті ұлт ӛкілдерінен техникалық кадрлар
даярлауда маңызды орын алды деп есептейді. Кейбір кәсіпорындардың
горпроуч пен ФЗУ мектептері 50-70 пайыз ұлттық кадрлармен қамтылғандығын
айтады [211, 319, 330 б.]. П.М Алампиев 1941 жылы Шымкентте құрылыс
материалдары ӛнеркәсібі үшін мамандар даярлайтын индустриалдық
техникумның ашылғандығын айтады.
Техникалық жоғары оқу орындарының географиялық жағынан
ӛнеркәсіптің негізгі салаларына сәйкес орналасқандығын саралайды.
Ӛнеркәсіптің белгілі салаларына сәйкес ірі ӛнеркәсіп орталықтары орналасқан
аймақтарда техникумдардың ашылуы, ӛнеркәсіпте жұмыс істейтін білікті
мамандардың оқытушылық қызметке тартылып, оқуды ӛндірістік практикамен
байланыстыруында жеңілдік туғызғандығына тоқталады [211, 325-326 б.].
Біз автордың 1932 жылға дейін жоғары маманданған кадрларды жинақтап
іріктеуде Москваның, Ленинградтың, Украинаның, Оралдың және басқа
алдыңғы қатарлы аудандардың жоғарғы оқу орындарына арқа сүйеді деген
ойына толық қосыламыз. 1930 жылы Свердловскіде Орал-Қазақ ӛнеркәсіптік
103
академиясы ұйымдастырылып, мамандардың кӛпшілігін даярлауда, атап
айтқанда қазақтардан маман даярлауда үлкен үлес қосты. Зерттеуші
П.М. Алампиев 1935 жылы Орал-Қазақ ӛнеркәсіп академиясы мен
Свердловскінің басқа оқу орындарында Қазақстанның 28 ӛкілінің, оның ішінде
басым бӛлігі қазақтар екендігін жӛнінде мәлімет береді. Мұнда Қарағандының,
Қарсақпайдың, Прибалхашстрой, Риддер, Алтайзолото және Қазақстанның
басқа кәсіпорындарының жұмысшыларынан инженерлер даярлағанын
зерделейді [211, 326 б]. Алғашқы кезеңде қазақтардан маман кадрлар даярлау
орта және жоғары оқу орындарында оқуға дайын адамдар аз да болса жетіспеді.
Сондықтан қазақ жұмысшыларын техникумдар мен рабфактарға түсуге даярлау
үшін арнайы мектептер, курстар, үйірмелер ашуға тура келді деген
зерттеушінің кӛзқарасымен толық келіспейміз. Қазақтардың басым бӛлігі
ауылды жерлерде тұрғандықтан, білімді ӛз ана тілінде алды. Сондықтан оларға
арнап жоғары оқу орындарында қазақ топтары ашылмағандықтан, орыс тілінде
оқу оларға қиындық әкелді. Жоғары білім алуға деген қазақ жастарының
құлшынысы зор еді. П.М. Алампиев қабылданып жатқан шаралардың
нәтижесінде жаңа қазақ техникалық интеллигенциясы құрылып, оның негізгі
бӛлігі жұмысшылардан шықты деп есептейді [211, 326 б.]. Біз автордың қазақ
техникалық интеллигенциясының негізгі бӛлігі жұмысшылардан шықты деген
пікірін қолдай отырып, жаңа қазақ интеллигенциясы құрылды деген
кӛзқарасына келісе алмаймыз, себебі қазақ техникалық интеллигенциясы
қалыптасу үстінде еді.
Кеңестік тарихнамада ғалым Е.Х. Мұхамеджановтың ғылыми еңбегі 1950-
ші
жылдардың
соңында
жарық
кӛрсе
де
ӛндірістік-техникалық
интеллигенцияны жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары саласында
даярлау тарихын зерттеуде ерекше орын алатындығын айтуға болады.
Автордың кӛрсетуі бойынша, «1923-1924 жылдардың ӛзінде Қазақ АКСР-ның
тек Семей губерниясына елдің орталықтағы 25 жоғары оқу орындарынан 138
орын бӛлінген. 1926 жылы РФСР-ның жоғары оқу орындары, техникумдары
мен жұмысшы факультеттерінде Қазақстаннан 2000 мыңға жуық адам оқыды»
[139, 185 б.]. Халық шаруашылығының барлық саласы, ең алдымен ӛнеркәсіп
үшін жаңа кадрларды жаппай даярлау халық шаруашылығын қалыпқа
келтірудің маңызды мәселелерінің бірі болып есептелді. Қазақстанда кадрларға
деген сұраныс жоғары болғанымен, алғашында ұлттық жоғары оқу орындары
мен техникумдардың жүйесін толығынан қамтамасыз ете алмады. Сондықтан
мемлекеттің алдында еліміздің орталық аудандарының жоғары, орта оқу
орындарында мамандар даярлаудың белгілі бір жүйесін құру міндеті тұрды.
Е.Х. Мұхамеджановтың мәліметіне сүйенсек, келісім-шарттың негізінде,
Москваның жоғары және орта техникалық оқу орындарында Қазақстан үшін
Достарыңызбен бөлісу: |