2.2 Қазақстан ӛндірістік-техникалық интеллигенциясына ұстанған
саясат тарихнамасы (1956-1991 жж.)
1950-ші жылдардың ортасынан бастап Кеңес үкіметінің интеллигенцияға
ұстанған саясатын айқын кӛрсетуде деректік базаның кеңеюі ғылыми
еңбектердің деңгейі мен сапасының артуына арқау болды. Отандық тарихнама
дәстүрінде сталиндік кезеңнен кейінгі онжылдықты «жылымық» уақыты,
кеңестік жүйенің жаңғыруы, неосталинизмге ӛтудің аяқталу кезеңі деп
тұжырымдайды. Алайда отандық тарихнамада бұл кезеңге нақты атау беріле
қойған жоқ. Одан кейінгі кезеңдер «тоқырау», «қайта құру», «демократиялық
реформалар»
деп
аталды.
Осы
кезеңдерде
ӛндірістік-техникалық
интеллигенцияның белсенділігі әрқилы болғанымен, бұл тарихи әдебиетте
лайықты айқындалмады. 1956 жылы ӛткен КОКП Орталық комитетінің ХХ
съезі И.В. Сталиннің жеке басқа табынушулығын әшкерелеп, кеңес халқының
ӛмірінде демократиялық бастамалардың даму жолын айқындады. Осыдан кейін
жағдай біршама түзуленді. Отандық тарихта сталиндік итерпретациялаудан бас
тарту басталып, оның орнына лениндік мұраны негізге алуға бетбұрыс
жасалды. Ғылыми жұмыстарда ғылымилық жағына терең мән беріле бастады.
Қуғын-сүргінге ұшыраған туған жерінен күшпен, зорлықпен ондаған жылдар
бойы аластатылған зиялылар елге орала бастады. Ғылымда жаңа серпіліс кӛзге
шалынды. 30-жылдары айтуға тиым салынған мәселелер айқындала бастады.
Тарихтағы «ақтаңдақтар» ашылып, халық игілігіне айналып жатты. Алайда
жеке басқа табынушылықтың әшкереленуі кеңестік интеллигенцияға ұстанған
саясатқа байланысты ғылыми пайымдауларға айтарлықтай ӛзгерістер әкеле
қоймады. Тарих, әдебиет және ӛнердің барлық салаларында В.И. Лениннің рӛлі
мен коммунистік партия мен кеңес халқы бейнеленуі қажет болды.
Интеллигенция да жаңа идеологиялық курсты басшылыққа алып, оған қызмет
етуі тиіс деп анықталды. Алайда сталинизмнің әшкереленуі кеңестік
интеллигенцияның жекелеген құндылықтарына қайта қарауға, демократиялық
68
бастамаларды шын мәнінде жүзеге асыру үшін оның билікпен арақатынасында
кейбір келеңсіздіктер туғызды, тоталитаризмнің бет-пердесін ашуға
бағытталған жұмыстар батыл жүргізілмеді. Әрі интеллигенцияға байланысты
лениндік концепция да ӛзгере қоймады. Себебі олардың барлығы дерлік кезінде
әр түрлі дәрежеде қуғын-сүргіннің сойылын соққандар еді.
Тарихымызда 1950-ші жылдардың ортасында КСРО-ғы мәдени революция
тарихына арналған алғашқы еңбектер жарық кӛріп, жаңа белестерге кӛтерілді.
Онда кеңестік интеллигенцияның қалыптасуы оның басты жетістіктерінің бірі
есебінде қарастырылды [196]. Зерттеушілердің дәстүрлі концепциясы
тӛңірегінде партияның интеллигенцияның арасындағы идеологиялық жұмысын
талдауға ерекше мән берілді. Бұл еңбектер бұрындары жазылған еңбектерден
ғылымилығымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленді.
Теориялық-методологиялық жағынан алып қарағанда, күрделі ӛзгерістер
бола қоймаса да кейбір ғалымдардың еңбектерінде кеңес интеллигенциясының
ресми концепциясының кейбір тұстарын қайта саралауға талпыныстар
жасалды. Әсіресе еңбектерде тӛңкеріске дейінгі мектептерден шыққан
мамандардың ӛндірістегі рӛлі, қоғамдық саяси ӛмірдегі қызметі ашып
кӛрсетілді [128].
Ескі
интеллигенция
ӛкілдерінің
мамандану
деңгейі,
ӛндірістік
иерархиядағы материалдық жағдайы, саяси жағынан тәуелділікте болды деген
концепция сынға алынды [197].
Буржуазиялық мамандардың бұрынғы контрреволюциялық зиянкестігі
концепциясы қатаң ревизияға ұшырады. Тарихшылар 1920-шы жылдардың
соңындағы буржуазиялық мамандардың контрреволюциялық белсенділігінің
болғандығын жоққа шығармай, ескі мамандарға қарсы репрессияның негізсіз
екендігін әшкерелей отырып, мұны мемлекеттік саясаттың «жіберген
қателіктері» деп түсіндірді. Еңбектерде 1928-1931-ші жылдары мемлекеттік
саясаттың ескі техникалық интеллигенцияны тәрбиелеу жұмысынан әкімшілік,
жазалауды қолдану жағына қарай кӛшкендігі жӛнінде қорытынды жасалды.
Оған дәлел ретінде «Сталиннің жеке басына табыну» жылдары
интеллигенцияға ұстанған лениндік принциптер бұрмаланды деген концепция
ұсынылды [198].
Қоғамның түзелуі, иманды сипат алуы ӛте күрделі нәрсе. ХХ-шы съезден
соң коммунистік партия басшылары қоғамдағы саяси ахуалды түзеуге
тырысқанымен, сол кезеңдегі қоғамдық жүйенің шеңберінен шыға алмады. Біз
қарастырып отырған мәселені жаңаша пайымдау В.Т. Ермаков, С.А. Федюкин,
Л.М. Зактың еңбектерінде байқалды.
1955 жылы В.Т. Ермаков «тек жұмысшы табы мен еңбекшілердің
қатарынан шыққан жаңа кеңестік интеллигенция ғана біздің еліміздегі кеңестік
ғылымды дамыта алады» деген кӛзқараспен келіспейтіндігін білдіріп, ескі
интеллигенцияны мемлекеттік билік қызметіне тарту ӛзінің ӛзектілігін
жоғалтқан жоқ деп тарихи талдау жасайды [199, 3 б.].
Осы мәселе тӛңірегіндегі зерттеуді дамытуға үлкен үлес қосқан
ғалымдардың бірі – С.А. Федюкин. Оның 1960-1970-ші жылдары жарық кӛрген
69
монографиялары ғалымдардың пайдаланып жүрген құжаттық базаларын
толықтырып, деректердің ауқымын кеңейтті [120]. Ол ӛзінің алғашқы жарық
кӛрген монографияларының бірінде ӛткен тарихнамадағы кемшіліктерді атап
кӛрсетті. Оның пікірі бойынша, интеллигенцияға ұстанған партиялық
мемлекеттік басшылық саясатының қалыптасуында барлық интеллигенция
социалистік революцияны дұшпандықпен қарсы алды, кезеңалмастығы барлық
жағдайда реакциялық ағым, «спецеедствоның» жұмысшы табымен байланысы
жоқ, оны троцкистер, бухариншілдер деп айыптаудың қате кӛзқарас екендігін
ашып айтады.
С.А. Федюкин 1970-1980-ші жылдары бұрынғы қалыптасқан ескі ресей
интеллигенциясының саяси жіктелуі революцияға дейінгі әлеуметтік статусы
мен шығу тегін, мамандану деңгейін қатаң қадағалаған кӛзқарастың қате
екендігін алға тартады. Бұл билік басындағылардың режиміне еш қауіп келтіре
қоймайтын, жаңа қоғам құрылысына үлкен үлес қоса алатын интеллигенция
топтарына репрессия жасауға негіз болып, құқықтарына шек келтірді деп ашып
кӛрсетеді. С.А. Федюкин ӛкіметтің кезеңалмастығына ұстанған саясатының
негізгі артықшылықтарын дұрыс айқындай білді.
1960-шы жылдары жарық кӛрген еңбектердің қатарында «Советская
интеллигенция (история формирования и роста). 1917-1965 гг.» ұжымдық
монография ерекше орын алады. Онда авторлар партиялық мемлекеттік
басшылық ескі мектептен шыққан мамандарды ӛзінің кәсіби қызметі мен саяси
іс-әрекетінде пайдалануы елдің тағдырындағы прогрессивтік ӛзгерістерді
түсінуі мен жаңа қоғамдық құрылыс пен отанға қызмет етудегі басты
факторлардың бірі болғандығына объективті баға берді [200].
Л.М. Зактың монографиясында ӛкіметтің интеллигенцияға ұстанған
мемлекеттік
саясатын
жүзеге
асыруға
белсенді
түрде
қатысқан
А.В. Луначарский, Н.К. Крупская, М.Н. Покровский, К. Цеткиннің мақалалары,
баяндамаларын алғаш рет жан-жақты қарастырды [201].
Кеңестік тарихшылардың зерттеулерінде интеллигенцияның әртүрлі кәсіби
топтары анықталып қана қоймай, оған әртүрлі саяси жүйе субъектілерінің
ықпалының ӛзіндік ерекшеліктері айқындалған (партия, комсомол, кеңестер,
кәсіподақ, мемлекеттік аппараттың әртүрлі звенолары).
М.П. Кимнің редакциялық басшылығымен жарық кӛрген ұжымдық
монографияда 1917-1927 жылдар аралығындағы басшылық етуші партияның
саясатындағы қайшылықтар атап кӛрсетілді [202].
Ғылыми айналымға жаңа деректердің енуі зерттеудің концептуальды және
әдіснамалық базасын жетілдіріп, мәселені зерттеу кӛлемін кеңейтуге мүмкіндік
ашса, қоғамдық саяси жағдай мен интеллигенцияға ұстанған репрессия,
партиялық мемлекеттік басшылық пен интеллигенция арасындағы қарым-
қатынасқа байланысты деректерге рұқсат берілмеуі зерттеудің ауқымын
шектеді. Зерттеушілер КОКП доктринасының ресми идеологиясы шеңберінен
шыға алмады. Алайда бұл үшін интеллигенция тарихын зерттеуші кеңестік
тарихшыларды кінәлауға болмайды.
70
Отандық тарихнамадағы келесі кезең 1980-ші жылдардың ортасынан
басталып, қайта құру немесе демократиялық жаңару кезеңдері деп аталды.
Бұрынғы ескі интеллигенцияға ұстанған саясаттағы концептуалды кӛзқарас
қайта қарастырылып, интеллигенцияның қоғамдық-саяси бағытын таңдауда
жаңаша пайымдаулар жасала бастады.
М.Е. Главацкий кеңестік тарихнамадағы жинақталған тәжірибені
қорытындылай отырып, аталған тақырып тӛңірегіндегі ауқымды еңбектердің
пайда болуында интеллигенцияның әртүрлі топтарының зерттелу деңгейі
біркелкі болмауы оны тежеді деген қорытынды жасады [203, 104].
Бұрынғы қалыптасқан кӛзқарасты қайта қарастыру мәдени революция
мәселелерімен
айналысатын
кӛрнекті
тарихшылардың
жарияланған
мақалаларында айқындала бастады [204, 335-379 б.].
В.С. Волковтың мақаласында тарихнамадағы интеллигенцияға ұстанған
саясаттағы бұрмалаушылықтың себептері айқындалды. Бұрынғы 1920-шы
жылдарға дейінгі партияның интеллигенцияға жасаған қамқорлықтары
идеологиялық жағынан сынға ұшырап, «оны қайта тәрбиелеуде жоғары
адамгершілік» кӛрсетілді деген ұстанымдар мен негізсіз репрессиялар, билік
органдары тарапынан жасалған қысымдар арасында сәйкессіздік бар екендігін
кӛрсетеді [205, 48-65 б.].
В.Л. Соскин 1920-шы жылдардағы интеллигенцияның бір бӛлігінің
кеңестік ӛкіметпен ымыраға келуінің себептерін жаңаша зерделеді. Оның пікірі
бойынша, интеллигенцияның большевиктердің «тарихи шындығын мойындауы
емес» керісінше оның социалистік белгілерді қабылдауы болды, себебі, басқа
альтернатив болмағандықтан, ӛзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін де оған
большевиктермен байланыс жасауы қажет болды деп есептейді [206, 5 б.].
А.П. Купайгородская Наркомпростың мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
жолындағы іс-шараларына кӛңіл бӛле отырып, оның ұсыныстарын жоғары оқу
орындары әкімшілігі орындауы міндетті болғандығы, егер қарсылық
кӛрсетілетін болса, саботаж деп танылғандығын ашып кӛрсетеді [207, 381 б.].
Зерттеуші Н.В. Саранцев большевиктік элитаның қалыптасу саясатын
зерттей отырып, оның қатарына білікті, білімді, арнайы білімі бар, тәжірибелі
интеллигенция ӛкілдері емес, партия лидерлердің ырқына кӛнетін адамдар
алынды деп негіздейді [208].
1950-1960-шы жылдары жарық кӛрген еңбектерде партия мен мемлекеттің
интеллигенцияға ұстанған саясатына талдау жасай отырып, интеллигенция
кеңес қызметіне күштеу әдісімен келді. Зерттеуші И.Е. Круцко «Кеңестік
ӛкімет елді қорғау және социалистік құрылыс үшін ескі интеллигенцияны ӛз
білімі мен тәжірибесін беруді мәжбүр етті»,- деген пікірін білдіреді [209].
Тарихнамадағы
ерекше
орын
алатын
инженерлік-техникалық
интеллигенцияны Кеңес ӛкіметі жағына тарту мәселесі жекелеген
республикаларда да байқалды [210].
Қазақстан. ӛндірістік-техникалық интеллигенциясына ұстанған саясат
тарихнамасында П.М. Алампиев, С.А. Нейштадттардың монографиялық
зерттеулерінің де алар орны ӛзгеше. Онда жаңа жұмысшы табы, колхозшы
71
шаруа, интеллигенция, соның ішінде ӛндірістік-техникалық кадрлардың ауыр
ӛнеркәсіптің барлық салаларында қалыптасуы мен ескі интеллигенцияны қайта
тәрбиелеу шешуші рӛл атқарғандығын кӛрсетеді.
П.М. Алампиев отарларда ірі ӛнеркәсіпке жергілікті ұлт ӛкілдерінің аз
тартылғандығы, әсіресе олардың маманданған жұмысшылар, техниктер мен
инженерлер арасында жоктың қасы екендігін айтады. Кеңестік тӛңкерістен
кейін партияның және кеңес мемлекетінің социалистік қоғамның кӛптеген
міндеттерін шешуде ықпалы әлі де болса тӛмен болғандығына назар аударады.
Маманданған
жұмысшылар
мен
инженер-техниктер
жетіспесе
де
индустриализация жүзеге асқандығын, онда кеңес мемлекеті мен Коммңунистік
партияның рӛлі жоғары болды деп негіздейді [211].
Осыған ұқсас кӛзқарасты С.А. Нейштадт еңбегінен де байқауға болады.
Ғалым «исключительно важное значение проблемы создания производственно-
технических кадров и особенно рабочего класса. Не будет преувеличением
сказать, что в этом сложном процессе – выращивания национальных кадров
рабочего класса, воспитания народной интеллигенции заключалась главная
специфика социалистического преобразования Казахстана в первую очередь», -
деп пайымдайды. Еңбек сталиндік қасаң саясаттан кішкене болса ажырап,
экономикалық факторлардың кадр мәселесін шешуге тигізген әсерін байқаймыз
[212].
1950-ші жылдардың соңында жарық кӛрген Ғ. Сапарғалиевтың «Советское
государство в борьбе за развитие социалистической культуры в Казахстане»
еңбегінде 1917-ші жылдан кейінгі республикадағы мәдениеттің дамуы
мәселелерімен қатар революцияға дейінгі интеллигенцияның кеңес ӛкіметімен
ынтымақтастыққа келгендігін ашып кӛрсетеді. Әсіресе большевиктердің
«буржуазиялық-ұлттық интеллигенцияға ұстанған жұмсақ саясатына» мән
береді. Ұлттық интеллигенцияның әртүрлі топтары жаңа ӛкіметпен
ынтымақтасу мәселесіне әр-түрлі кӛзқараста болғандығын саралай отырып,
интеллигенцияға тағылған «буржуазиялық интеллигенция», «буржуазиялық
ұлттық интеллигенция» атауларының саяси жағын анықтауға ерекше мән
береді. Ғ. Сапарғалиев буржуазиялық мамандардың кӛпшілігі «адал
еңбеккерлерге айналды» деп айқындай отырып, «Қазақ буржуазиялық
интеллигенцияның реакциялық бӛлігі Кеңес ӛкіметімен күресті жаңа жағдайда
және жаңа құралдармен жүргізді. Буржуазиялық ұлтшылдар барлық мәдениет
саласында ұлттық идеялар мен кӛзқарастарды насихаттауға тырысып,
ұлтаралық бақталастық туғызуға тырысты» деп жазады [213, 64-65 б.].
Тарихымызда терең із қалдырған ғалым Е.Х. Мұхамеджановтың Қазақстан
ӛндірістік-техникалық интеллигенциясының қалыптасу тарихына арналған
мақаласында Қазан тӛңкерісінен кейін, жаңа ӛндірістік-техникалық
интеллигенцияны жасау мәселесі Кеңес мемлекетінің ең маңызды міндеттерінің
бірі болды деп атап кӛрсетеді. Кеңес мемлекеті мен большевиктер партиясы
оны сырттан кӛмек сұрамай, ӛз күшімен, түбегейлі қайта құрулар мен
революциялық іс-шараларды жүзеге асыруы қажеттігін кӛрсетеді. Жаңа
мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға енгізе отырып, пролетарлық ӛкіметке
72
оң кӛзімен қараған ескі интеллигенция мен буржуазиялық мамандарды тиімді
пайдалану қажет деген пікірін білдіреді [7, 180 б.].
Ж. Қарағұсов еңбегінің «Қазақ кеңестік ұлттық интеллигенциясының
қалыптасуы» деп аталатын бӛлімінде «Қазақстанда патшалық режим кезеңінде
экономика мен мәдениеттің әр түрлі салаларында жіктелген соңына дейін
қалыптасқан интеллигения болмады. Оның құрамында ауыл мұғалімдері,
әдебиетшілер, әкімшілік мекемелерінің қызметкерлері болды. Кеңес ӛкіметі
орнағаннан кейін бұл ұлттық интеллигенцияны социалистік құрылысқа
пайдалануға болатын еді. Алдыңғы қатарлы ұлттық интеллигенция еш
қобалжусыз Кеңес ӛкіметі жағына ӛтті. Алайда қазақ интелигенциясының біраз
аухатты және реакцияшыл бӛлігі Кеңес ӛкіметіне қарсы шықты.
Революцияға
дейінгі
кезеңдегі
интеллигенттерінің
арасында
қобалжығандары да болды. Олар кімнің жағына біржола шығуға болатындығын
толық шешу үшін жақсы кезеңдерді тосты. Оларды тек Кеңес ӛкіметі ғана
интеллигенцияның қолайлы жұмыс жасауына жағдай туғызады, туған халқына
адал қызмет етуге, шығармашылығына мол мүмкіндіктер ашады деп кӛзін
жеткізіп, дәлелдеу қажет. Түсіндіру жұмыстары интеллигенцияның бұл бӛлігін
конрреволюциядан ажыратады.
Интеллигенцияны Кеңес ӛкіметі жағына тартуға Қазақстандағы
революцияға дейінгі феодалдық-патриархалдық қатынастар нәтижесінде рулық
және топтық ӛшпенділіктің сақталуы кедергі келтірді. Қобалжып жүрген
интеллигенцияны жаңа құрылысқа тартуға күш салынды», - деп шынайы
сипаттап жазды [3, 42].
1960-шы жылдары жарық кӛрген еңбектерде интеллигенцияның саны аз
болғандықтан, олармен ынтымақтасу жаңа ӛкіметті нығайтуға ықпал еткенімен,
бұл Қазақстанда әлі де болса шешуін күткен мәселе күйінде қалды деп
кӛрсетілді [214]. 1960-шы жылдың ортасынан бастап, революцияға дейінгі
интеллигенцияның революция мен, оның Кеңес үкіметі жағына қызметке
ауысуы терең зерттеле бастады. Кеңестік тарихшылардың еңбектері
большевиктер партиясының ескі интеллигенцияға ұстанған саясатына, оларды
кеңес үкіметі жағына тарту, пайдалану, ішкі саяси күрес мәселелеріне арналды
[215].
Р.Б. Сүлейменов пен Х.Бисеновтың бірлесіп жазған монографиясында
«бұрынғы
отарланған
ӛлкеде
мамандар
мәселесін
шешуде
ескі
интеллигенцияны қайта тәрбиелеу шын мәнінде қарастырылған жоқ. Оны
шешудің бірден-бір жолы халықтан шыққан жаңа кеңестік ұлттық
интеллигенцияны құру», - деп пайымдайды [5, 126 б.].
Авторлар халық шаруашылығы мен мәдениет үшін мамандарды даярлауда
ескі
орыс
демократиялық
интеллигенциясының
жергілікті
немесе
революциядан кейін келіп, Кеңес ӛкіметі құрған алғашқы оқу орындарындағы
қазақтардың мұғалімдеріне айналған ӛкілдері – мұғалімдер, дәрігерлер,
инженерлер, агрономдардың сіңірген еңбегі зор болды деп баға береді [5, 126
б.]. Г.Ф. Дахшлейгер 1960-шы жылдың соңында жазған тарихнамалық
еңбегінде «қобалжуды, кей жағдайда ӛз қателіктерін жеңе отырып, партия
73
ісінің дұрыстығын мойындап жаңа қоғам құру құрылысына ӛз үлестерін қосқан
интеллигенция ӛкілдері жӛнінде біршама және ақиқат тұрғысында жазылды.
Бірақ, қазақ демократиялық интеллигенциясының бірқатар жарқын ӛкілдерінің
күрделі ӛмірі мен шығармашылық жолы нақты ашылмады. Оның орнына «ескі»
интеллигенцияны Кеңес ӛкіметі жағына тарту, сендіру мен оқыту сипатындағы
әңгіме түрінде қалыптасқан схема не декларация тұрғысында баяндалды», - деп
жазды [4, 129 б.]. Біржақты идеологияның ықпалындағы қасаң қоғамда
тарихнамада бұрмаланған мәселелерді үстірт қана айтуының ӛзі бұл еңбектің
құндылығын арттыра түсті.
Зерттеуімізге нысана болған кезеңдегі интеллигенция тарихнамасына
елеулі үлес қосқан ғалымдардың бірі - Р.Б. Сүлейменов. Ол 1970-ші жылдардың
басында жарық кӛрген монографиясында сол кезеңдегі қалыптасқан ресми
методологияға сәйкес жазылғандығына, коммунистік қырағы цензураға
қарамастан, ӛлкедегі ескі интеллигенцияны қайта тәрбиелеп, пайдаланудың
ӛзіндік ерекшеліктерін тереңнен ашып кӛрсетеді [88]. Басқаша айту мүмкін
емес еді. Мәселеге зер салсақ:
Біріншіден, Қазақстанда интеллигенттік топ ӛкілдерінің, әсіресе ӛнеркәсіп,
ауылшаруашылығы, дәрігер мамандардың ӛте аз екендігіне мән береді.
Екіншіден, ескі интеллигенцияның біраз бӛлігінің қазақ қоғамындағы
рулық, ұлттық нанымдармен шырмалған феодалдық ақсүйектермен байланыста
болып, реакциялық күштердің мүдделерін білдірді. Бұл алғашында
прогрессивтік, демократиялық бағыт ұстанған қазақ интеллигенттеріне тұсау
болды деп есептейді автор [88, 154-156 б.].
Үшіншіден, Кеңес ӛкіметі жағына ескі интеллигенцияны тарту және
тәрбиелеуде азамат соғысы кедергі келтірді деп пайымдай келе автор,
реакциялық қазақ ұлттық интеллигенциясы осы кезеңде ӛзінің Алаш партиясы
мен контрреволюциялық Ә. Бӛкейханов басқарып отырған Алашорда ӛкіметін
құрды деп қорытындылайды.
Р.Б. Сүлейменов егер Кеңес ӛкіметін мойындаған және еңбекшілердің
большевиктер партиясы үшін адал еңбек еткен жағдайда ескі интеллигенция
ӛкілдерін ӛз қатарына алуға жол ашылғандығы жӛніндегі фактілерді атап
кӛрсетеді. Еңбекте В.И. Лениннің кеңес ӛкіметі құрылысына ұлттық
интеллигенция ӛкілдерін тартуға да мән берілген.
Еңбектің құндылығы сонда, ғалым ескі қазақ интеллигенциясын кеңес
ӛкіметі жағына тарту мен тәрбиелеуде, идеялық жағынан ғана емес, оларға
ӛздерінің білімін жалғастырып, аяқтауға кӛмектескендігіне ерекше кӛңіл
бӛлінгендіне назар аударады. Р.Б. Сүлейменов кеңес ӛкіметі кезеңінде жас
қазақ интеллигенттерінің қатарында феодалдық ортадан шыққан Мұхтар
Омарханұлы Әуезов, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтардың мамандық пен
жоғарғы біліктілік алғандығын атап кӛрсетеді. Аталған еңбектердің барлығы ӛз
кезеңі жайлы идеологиялық баға беруге негізделген еңбектер болғандығына
қарамастан, сол кезең тарихы жайлы құнды мәлімет береді.
1970-ші жылдары әлеуметтану ғылымы саласында танылған ғалымдардың
бірі - А. Ишмұхамедов. Ол 1970-ші жылдары жарық кӛрген монографиялық
74
еңбегінде: «Социализм міндеттерін жүзеге асыру - ғылым ӛкілдері мен еңбек
адамдарының жаңа қарым-қатынасын, ынтымақтастығын бекітуді талап етті.
Бұл мәселе ӛз дамуында бірнеше кезеңдерден тұрады, ол КСРО-ғы коммунистік
формация құрылысы кезеңдерімен байланысты. Ғылым мен еңбектің одағының
бірінші немесе алғашқы кезеңі капитализмнен социализмге ӛту кезеңімен
байланысты болып, 1930-шы жылдардың ортасына дейін созылды. Осыған
байланысты Кеңестер ӛкіметі жағына ғылым мен техника саласындағы
буржуазиялық мамандарды тарту маңызды орын алады, оларды капиталдың
қаналушы күшінен социализмнің нағыз шығармашылық интеллектуалдық
күшіне айналды деп баға береді. Жұмысшы табы мен буржуазиялық-
техникалық
интеллигенцияның
прогрессивті
ӛкілдерінің
жолдастық
ынтымақтастығы ой еңбегімен кәсіби түрде айналысатын және кең кӛлемдегі
капиталистік мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі болып саналатын
адамдардың білімі мен тәжірибесінің жаңа қоғам үшін қажеттілігінен
туындады. Кеңестік ӛкіметтің буржуазиялық
мамандарға
қатынасы
пролетариаттың таптық күресінің бір түрі ғана емес, жұмысшы табы мен халық
бұқарасының пролетарлық емес топтарының одағының құрамдас бӛлігі болып
саналады», - деп атап кӛрсетеді [147, 77-78 б.]. Автор буржуазиялық
интеллигенцияның жаңа ӛкіметпен ымыраға келуі жаңа қоғамға деген
қажеттіліктен туындады деп ойын тұжырымдайды.
Интеллигенция тарихын зерттеумен айналысқан ғалымдардың бірі -
Ш.Ю. Тастанов. Оның «Советский опыт формирования и развития
интеллигенции ранее отсталых народов (На примере Казахстана)» деп аталатын
ресми идеология тұрғысында жазылған еңбегінде, «лениндік идеялар ескі
интеллигенцияның
эволюциясын
түсінудің
кілті
мен
социалистік
интеллигенцияның қалыптасуының жаңа әдіс-тәсілдерін кӛрсетті деп жазады.
Автор
социалистік
құрылыстың
тәжірибесі
жаңа
социалистік
интеллигенцияның қалыптасуының үш тәсілін айқындады дей келіп, біріншісі,
ескі интеллигенцияны пайдалану және қайта тәрбиелеу деп кӛрсетеді .Бірақ бұл
тәсіл Қазақстан үшін аз ауқымда жүрді деп санайды [9, 29 б.].
Ш.Ю. Тастановтың келесі монографиялық еңбегінде «Партия мен
мемлекеттің Қазақстанның революцияға дейінгі интеллигенцияны социалистік
құрылысқа тарту жолындағы күресі» деп аталатын тарауында ӛзіне дейінгі
интеллигенция мәселесімен тікелей және жанама түрде айналысқан кейбір
зерттеушілердің революцияға дейінгі Қазақстанда халықтың ӛз алдына бӛлек
әлеуметтік тобы ретінде ұлттық интеллигенциясы болған жоқ деген кӛзқараста
болғандығын айтады.
Автор бірақ бұл кӛзқарастың қате екендігін алға тартады. Қазақ ұлттық
интеллигенциясының қалыптасуы ХХ ғасырдың басынан басталып,
революцияның қарсаңындағы жылдары едәуір дамыды. Белгілі бір себептерге
байланысты әлеуметтік-кәсіби жағынан ӛз деңгейінде жіктелмеді, әлеуметтік-
таптық және идеялық-саяси жағынан біртекті болмады деп талдайды.
Революцияға дейінгі ескі интеллигенцияны қайта тәрбиелеу және пайдалануға
байланысты басты қиындықтардың себептерінің мәнісе неде екендігін
75
айқындайды. Автордың монографиялық еңбегіндегі бұл мәселе тӛмендегідей
аспектіде дәйектелді.
Тӛңкеріске дейінгі Қазақстан ұлттық интеллигенциясы ӛзінің идеялық-
саяси кӛзқарасы мен қоғамдық қызметіне байланысты бір-біріне қарама-қайшы
келетін екі топқа бӛлінді. Оның ең алдыңғы қатарлы, демократиялық бӛлігі
прогрессивті «Айқап» журналының тӛңірегіне топтасса, ал консервативті,
реакциялық бӛлігі «Қазақ» газетінің тӛңірегіне топтасып, ашық буржуазиялық
бағытты ұстанды. Осы интеллигенцияның екінші тобы кейін буржуазиялық-
ұлттық
«Алаш»
партиясының
негізін
қалады,
олар
орыстың
контрреволюциялық буржуазиялық кадеттер партиясымен идеялық және
ұйымдастыру жағынан қабысты.
Осыдан келіп, революцияға дейінгі Қазақстан интеллигенциясының ӛзіне
тән ерекшеліктері айқындалды. Бұл біріншіден, оның санының аз болуы және
әлеуметтік-таптық біртектілігінің болмауы - ӛлкеде патриархалдық-феодалдық
құрылыс үстем болып және капиталистік қатынастардың әлсіз түрде енуі соның
нәтижесінде ӛндіргіш күштердің тӛменгі деңгейде дамуына ықпал етті деп
түсіндіреді. Екіншіден, осы және басқа себептерге байланысты, инженерлік-
техникалық және ғылыми қызметкерлер, кӛркемӛнер интеллигенциясының
бірнеше түрлері мен тағы да басқалары болмады. Оның құрамында жергілікті
әкімшілік
аппаратында
қызмет
ететін
шеноуниктер
(сондықтан
артықшылықтары бар және орыс отарлық шеноуниктері басым болды),
педагогтар, заңгерлер, ауылшаруашылығы мен медицина мамандарының
азғантай ӛкілдері болды деп дәлелдейді. Үшіншіден, ұлттық қазақ
интеллигенциясының басым бӛлігі әртүрлі статистикалық материалдар мен
революцияға дейінгі кезеңдердегі деректерде және Кеңес ӛкіметінің алғашқы
жылдарында «интеллигенция немесе ой еңбегімен айналысатын қызметкерлер»
қатарына ӛзінің еңбегінің мазмұны, атқаратын әлеуметтік қызметі, білімдік
деңгейі жӛнінен сай келмесе де молдалар мен ишандарды, жергілікті халық
ӛкілдерінен шыққан ұсақ әкімшілік қызметпен айналысатын писарлар,
аудармашы-тәржімашыларды т.б жатқызады.
Коммунистік партия мен Кеңес мемлекетінің алғашқы маңызды
қадамдарының бірі - ӛзінің халықтық интеллигенциясын қалыптастырып,
құруда ескі интеллигенцияның біраз бӛлігін социалистік жағынан қайта
тәрбиелеп, оны социалистік құрылысқа тарту керек деп пайымдайды [151, 60-
61 б.].
Ш.Ю. Тастанов В.И. Ленин ескі интеллигенцияны «кеңестендіру» таптық
күрестің бір түрі деп қарастырса, бұл мәселе алғашында елдің европалық
бӛлігінде шешілгендігіне қарамастан, ол жалпы, жан-жақты мәселе болды деп
есептейді. Оның Қазақстан үшін ерекшелігі сонда, экономикасы мен мәдениеті
тӛмен, ұлттық интеллигенциясының саны аз болғандықтан, социалистік
құрылыс мүддесі үшін оны қайта тәрбиелеп және пайдалану маңыздырақ болды
деп
қорытындылайды
[151,
61
б.].
Автор
буржауазиялық-ұлттық
интеллигенцияны бейтарап қалдырып, Кеңес ӛкіметі жағына Қазақстан
жағдайында оның прогрессивтік–демократиялық бӛлігін тарту ерекше маңызды
76
орын алды деп түсіндіріп, ол Кеңес ӛкіметінің алғашқы онжылдығында тиімді
түрде шешілді деп зерделейді [151, 62 б.].
Автор еңбекте республика партия ұйымы мен ӛкіметі Кеңес ӛкіметі
жағына шыққан интеллигенттік күштерге сендіру, иландыру тәсілдері
қолданылып, дұрыс жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызылды деген пікірге
мән беріп, мұның үлкен нәтиже бергендігін дәлелдейді. Қазақстанның ескі
интеллигенциясының
таңдаулы
ӛкілдері
жаңа
ӛкіметтің
халықтық,
демократиялық мәні мен мазмұнынын бірте-бірте түсініп, оның жағына нық
сеніммен ӛтті, социалистік құрылыстың ұлы істерін түсінді деген пікірін
білдіреді.
Социалистік құрылыс ісіне ескі интеллигенция ӛкілдерін тарту ӛте күрделі
және ұзақ процестен тұрды деп есептей келе, автор соның нәтижесінде
кӛптеген қиындықтар шешілгендігін айтады. Біріншіден, ӛнеркәсіп мамандары,
ауылшаруашылығы, медицина қызметкерлері болмады. Екіншіден, оның
танымал бӛлігі қазақ қоғамындағы феодалдық жоғары топ ӛкілдерімен тығыз
байланыста болып, рушылдық, ұлттық нанымда болғандықтан, осы реакциялық
күштердің мүдделерін білдіріп, Кеңес ӛкіметімен ынтымақтасуға онша ынта-
жігер білдіре қоймады, қажет болса кедергі келтіруге дайын болды. Үшіншіден,
ескі интеллигенцияның кӛптеген қатардағы ӛкілдері жаңа құрылыстың
тұрақтылығына сенімсіздікпен қарап, ұзақ уақыт бойы тосу тәсілін ұстанды
деген кӛзқарасын білдіреді [151, 63 б.].
Кейбір жерлерде қызметкерлердің барлық интеллигенцияны Кеңес ӛкіметі
күштеріне қарсы пиғылда болды деген жаңсақ пікірде болғандығын ашық
білдіреді. Прогрессивтік-демократиялық қазақ интеллигенциясының басым
кӛпшілігі ӛкілдері – дәрігерлер, педагогтар, заңгерлер, агрономдар ӛз халқы
үшін жігерлілікпен қызмет атқарды деп санайды.
Бұл еңбектің құндылығы сонда, ғалым Ш.Ю. Тастанов революцияға
дейінгі қазақ интеллигенциясының мәнін аша отырып, тӛмендегідей
тұжырымдар жасайды:
1 Партияның ұлттық интеллигенцияның ескі кадрларын қайта тәрбиелеп
және Кеңес ӛкіметі жағына тартуға бағытталған күштері нәтиже беріп, оның
басым бӛлігі Қазақстанда социализм жеңісі жолында үлкен рӛл атқарды.
Социализм жолындағы күресте ескі интеллигенцияның ӛзіндік рӛлі ұлттық
жұмысшы табы әлі қалыптаса қоймаған кезеңде, капитализмге соқпай,
социализм жолымен келе жатқан Кеңестік Шығыс республикаларының
дамуына тән ӛзіндік ерекшелігі болды.
2 Ұлы Қазан социалистік тӛңкерісінің жеңісі қазақ халқының алдына
ӛлкенің шаруашылық және мәдени артта қалушылығын, қазақ халқының
әлеуметтік дамуына байланысты кӛптеген мәселелерді тиімді шешудің жолы -
экономика мен мәдениетті социалистік негізде дамытуды қамтамасыз ететін
үлкен кӛлемдегі мамандарда. Саны жағынан аз ескі интеллиегнцияға бұл
мәселені шешу мүмкін емес. Сондықтан, жаңа, кеңестік интеллигенцияны
қалыптастыру міндеті тұрды.
77
3
Жаңадан
қалыптасып
отырған
Қазақстан
социалистік
интеллигенциясының негізін республиканың партия мен мемлекет аппаратын
басқарып отырған кәсіби революционерлер құрады. Олар жас мамандарды
даярлау мен қазақ кеңестік интеллигенциясының қалыптасуында үлкен рӛл
атқарды [151, 67 б.].
Ш.Ю. Тастановтың еңбегінде капиталистік емес даму жолында
Қазақстанның
жаңа
интеллигенцияның
қалыптасуы
мәселелері
де
қарастырылған. Автор ӛзінің зерттеу жұмысының басты міндеті етіп,
«Капиталистік даму сатысынан ӛтпеген бұрын артта қалған халықтардың бірі
ретінде Қазақстанды мысалға ала отырып, кеңестік интеллигенцияның
қалыптасып, дамуын алады». Бұл міндеттің шешуші факторы жоғары және орта
арнаулы оқу орындарын дамытуда болды деп айқындайды [151, 6 б.].
Пролетариат диктатурасы мемлекетінің кӛмегі капитализмге соқпай
социализмге ӛтудегі басты заңдылық болды деп атап кӛрсетеді.
1980-ші жылдардың ортасына дейін ескі интеллигенцияны социалистік
құрылысқа пайдалану мәселесі ӛз деңгейінде зерттелмеген күйінде қалды.
Р.Б. Сүлейменов бұл мәселеге бірнеше рет баса назар аудару керектігін ескертті
[216, 177-178 б.]. Егер Р.Б. Сүлейменовтің еңбектерінде капиталистік емес
даму жолында мәдени революцияны дамытудың лениндік идеяларын жүзеге
асырудағы
мемлекеттік
саясаттың
негізгі
бағыттарын
айқындаса,
Ш.Ю. Тастановтың еңбегінде жаңа интеллигенцияның қалыптасу үдерісінің
негізгі бағыттарын зерттеген. Ресми идеология негізінде жазылғандығына
қарамастан, кеңестік кезеңдегі интеллигенцияның қалыптасуының басты
бағыттарын саралады.
Тарихнамашы ғалым З.А. Алдамжаровтың 1980-ші жылдардың басында
жарық кӛрген еңбегінде Қазақстан тарихнамасындағы Ұлы Қазан тӛңкерісінің
тарихына байланысты әдебиеттерге талдау жасай отырып, Қазан тӛңкерісіне
байланысты зерттеу жұмысын ұйымдастырудың құрамдас бӛлігін идеялық
жағынан шыңдалған тәжірибелі мамандарды даярлауда деп есептейді.
Қазақстанда кадр мәселесі ерекше орын алып отырғандығына кӛңіл бӛледі.
Кадрларды қалыптастыру барлық елдердегі сияқты, біріншіден, ескі
мамандарды қайта тәрбиелеу, екіншіден, жұмысшы мен шаруалардан жаңа
мамандарды даярлау екі бағытпен жүргендігін атап кӛрсетеді [217, 77 б.].
Еңбек ресми методология тұрғысында жазылғандықтан, «Тӛңкеріске
дейінгі қазақ интеллигенциясы негізінен бай-феодалдардан шықты. Оның
ұлттық пиғылды ұстанған бӛлігі азамат соғысынан кейін де іс жүзінде ескі
кӛзқарасынан бас тартпай, кейін буржуазиялық-ұлттық және ұлттық–
уклонистік топтар мен ағымдарға тірек болды. Сондықтан ескі мамандардың
қызметіне партиялық бақылау ӛте қажет еді», - деп кӛрсетеді [217, 77-78 б.].
Автор интеллигенцияның алдыңғы қатарлы демократиялық кӛзқарастағы бӛлігі
социалистік революция идеясын тез қабылдап, еңбекшілердің қатарында
революция мен азамат соғысына белсенді түрде қатысқандығын айтады. Заман
ағымына сәйкес жазылған еңбек болғандығына қарамастан, еңбектің
тарихнамада алар орны зор.
78
Жоғарыда талдау жасалған ғылыми еңбектерге байланысты тӛмендігідей
қорытынды жасауға болады:
-
революцияға
дейінгі
ұлттық
интеллигенцияны
Кеңестермен
ынтымақтасуға тарту капитализмнен социализмге ӛтуде ӛте қажет қадамдардың
бірі еді;
- қобалжушылық танытып, кейде қателіктерге бой ұрғанымен, қазақ
интеллигенциясы ӛкілдерінің Кеңес ӛкіметін мойындап, жаңа қоғамды орнатуға
ӛз үлестерін қосқандары айқындалды.
1980-ші жылдардың соңы, 1990-шы жылдардың басында зерттеушілердің
басым бӛлігі кеңестік кезеңде Қазақстанда интеллигенция 1917 жылғы Қазан
тӛңкерісінің жеңісімен пайда болды деген концепция шындыққа сәйкес
келмейді деген кӛзқарасқа келді.
Қазақстан ӛндірістік-техникалық интеллигенциясына ұстанған саясат
тарихнамасы тақырыбы аз зерттелген тақырыптарға жатқандықтан, «ӛкіметтің
ӛндірістік-техникалық интеллигенцияға ұстанған саясатын» ашып кӛрсету
қазіргі кезеңнен ӛзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
1989-шы жылдың соңында тарихшылар Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің арнайы комиссиясының құрамына кіре отырып, «1930-1940-шы
және 1950-ші жылдары әдебиет пен ӛнерге байланысты қабылданған
қаулылырды зерттеуге байланысты қорытындыны» жариялайды [218]. Онда
кезінде Қазақстан интеллигенциясына қарсы репрессия мен идеологиялық
кампанияларға негіз болған партия директиваларының күшін жою талаптары
қойылды. Мұндай қорытындының қабылдануы, тарихшы ғалымдардың жаңа
методологиялық негізде жұмыс жасап, тарихи шындықты қалыпқа келтіруде
маңызды рӛл атқарды.
Республикадағы тарих ғылымының жаңа сапалық негізде дамығандығын
«История Казахстана; белые пятна» кітабінің жарық кӛргендігінен аңғарамыз
[219]. Онда интеллигенция мәселесіне байланысты біраз мәселе кӛтеріледі.
Қазақстан тарихының ӛзекті мәселелерін жаңаша пайымдауларымен
бағалаған М.Қ. Қозыбаевтың кітабы жарық кӛрді [220].
Қазақстан интеллигенциясы тарихына елеулі үлес қосатын еңбектердің
қатарына І.М. Қозыбав пен М.Қ. Қойгелдиев, Т.О. Омарбеков,
М.С. Бурабаевтың еңбектері де жатады [221]. Тарихнамалық деңгейде
жазылған І.М. Қозыбаевтың еңбегінен тоталитарлық саясаттың мазмұнын
ашатын тарихи фактілер мен оқиғалар жайлы мәліметтер ұсынылған.
М.Қ. Қойгелдиев, Т.О. Омарбековтың «Тарих тағылымы не дейді?», - деп
аталатын еңбекте қазақ халқы тарихының осы уақытқа дейін зерттелмеген
немесе біржақты зерттелген күрделі кезеңдерінің саяси бейнесі жасалған.
Бірінші бӛлімде ХХ-шы ғасырдың 20-шы жылдарында жаңа қалыптаса
бастаған тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан қазақ зиялыларының тағдыры сӛз
болады. М.С. Бурабаевтың «Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг.»
еңбегінде мәдени революцияның ең қиын міндеттерінің бірі - Қазақстанда
халықтық интеллигенцияны құру болды деп атап кӛрсетеді. Бұл мәселе
революцияға дейін қалыптасқан ескі интеллигенцияны қызметке тартып,
79
пайдалану, қайта тәрбиелеу және жұмысшы табы мен шаруалар қатарынан
жаңа интеллигенцияны даярлау жолдары арқылы шешілді деп ойын нығыздай
түседі [221, 160 б.].
Қазақстан
ӛндірістік-техникалық
интеллигенциясына
байланысты
мемлекеттің ұстанған саясаты жайлы мәліметтер С.С. Әбубәкіров, В.И. Коваль
еңбектерінде сараланған [17]. С.С. Әбубәкіровтың монографиясында Қазақстан
инженер-техникалық интеллигенциясының әлеуметтік дамуындағы негізгі
тенденциялар
талданып,
айқындалған.
В.И.
Ковальдың
еңбегінде
Қазақстандағы мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың ерекшеліктері
жүйеленген. Ғылыми-техникалық үдеріс барысындағы инженер-техникалық
интеллигенцияның атқарған қызметі жайлы зерделенген.
1980-ші жылдардың ортасынан бастап 1990-шы жылдардың ортасына
дейін билік пен ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның арасында кейбір
сандық және сапалық ӛзгерістер пайда болды. Отандық тарихта бұл жылдар
«қайта құру», қоғамды демократияландырудың басталу жылдары деп аталды.
Осы жылдары Қазақстан халықтарының дамуында түбегейлі ӛзгерістер жүрді.
Осы кезеңде ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік рӛлі
жауапкершілгі артып, ӛзінің кәсіби қызметін тоқтатпай, халықтардың рухани
ӛміріне, мәдени жағынан жаңаруына, ұлттық қозғалыстарға қатысуы,
қоғамдық-саяси партиялардың қызметіне де араласа бастады.
Белгілі ағылшын тарихшысы Э. Х. Каррдың 1990-шы жылы «Русская
революция от Ленина до Сталина 1917-1929», «История Советской России» деп
аталатын еңбектерінде Ресей мен Кеңестер Одағындағы революция орнағаннан
кейінгі алғашқы он екі жылындағы отан тарихына байланысты
кӛзқарастарымен таныстара отырып, кеңес мемлекетінің қалыптасуы, дамуы
мен қайшылықтарын талдаған. Кӛптеген тың деректерге негізделген Каррдың
еңбегі сол кезеңдегі оқиғаларға объективті баға беруімен ерекшеленеді.
Ӛнеркәсіп ӛндірісі мамандарды талап еткендігін, ал жаңа үкіметте ол кӛп бола
қоймағандығын айтады. Ӛнеркәсіптің барлық салаларында революцияға дейін
жұмыс істегендер қызмет атқарып, олардың лауазымдық басшы қызметкерлер
құрамына алынғандығын атап кӛрсетеді. Басшылық орындарға кӛп жағдайда
партия мүшелері тағайындалғанымен, олардың жеткілікті тәжірибесі
болмағандықтан, берер пайдасы бола қоймағандығын жазады. Э.Х. Карр
директорлар, басқарушылар, инженерлерді мамандар деп атап, олар жоғары
жалақы алып, әртүрлі артықшылықтарға ие болғандығына тоқталады [222, 32
б.].
Э. Карр 1919 жылы азамат соғысы аяқтала бастаған кезеңде, Лениннің
«капитализмнен
коммунизмге
ӛтуде
буржуазиялық
мамандарды
пайдаланбайынша, біздің жеңістеріміз зая кететін еді, жартылай еңбекші,
жартылай меншік иесі шаруаларды ӛз жағымызға тартуда пролетариат
басқарып отырған біздің Қызыл армияның жеңісі буржуазиялық мамандарды
тиімді пайдаланудың нәтижесінде болды» деп мойындағандығын кӛрсете
отырып, жұмысшылардың басқару қызметіне икемсіз болып және оған әлі
жеткілікті дейгейде пісіп жетілмегендіктен, буржуазиялық мамандарға тәуелді
80
болуы шарасыздықтан болды деп түсіндіреді [223, 550 б.]. Э. Карр сол кезеңдегі
кеңестік
бюрократ
бұрынғы
буржуазиялық
интеллигенция
немесе
қызметкерлер табынан шығып, ескі орыс бюрократиясының дәстүрлерін
кӛрсетті дей келіп, осы топтағылар білім мен техникалық ӛнердің үлгісін
қамтамасыз еткендігін, режимнің оларсыз аман қалуы мүмкін еместігін
дәлелдеді. Лениннің 1918 және 1919 жылдары салтанатты түрде социализм осы
«тап жауларын» ӛз жағына кӛмекке шақырмайынша, революцияның басқа
таңдау жолы жоқ деп мәлімдеме жасағандығын алға тартады [223, 551 б.].
2000 жылы М.Г. Ескендіровтың «Силовая модернизация в Восточном
Казахстане (1926-1939 гг.)» зерттеу еңбегі жарық кӛрді. Еңбек кеңестік
идеологиядан таза, жаңа ғылыми ұстанымдар негізінде жарық кӛргендіктен,
батыл кӛзқарасымен, ғылыми тұжырымдарымен ерекшеленеді. Біз қарастырып
отырған мәселе тӛңірегінде де тың ойлар айтқан.
Республикада 1926-1939 ж.ж басшылық аппараты мен маманданған
кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі ӛткір, шешілмеген күйде отырғандығын
зерделеген. Жергілікті басшы кадрлар жетіспегендіктен, әу-баста-ақ, РФКСР-
нан жолдамамен жіберу, мәжбүрліктен, уақытша болған әрекет ретінде
саналып, Қазақстанның ӛсіп келе жатқан экономикалық ӛнеркәсіп потенциалын
сырттан мамандар әкелу жолымен толықтыру арқылы жүзеге асқандығын
пайымдайды. Әрине ғалымдар, инженерлер мен маманданған жұмысшылардың
республикаға
кӛмек
кӛрсетуге
адал
кӛңілі
болғанымен,
Орталық
республикалардың деңгейін қандай жағдайда болсын мұны теңестіруге
тырысқандығын ашады. Кадр мәселесін шешуде Орталықтың араласып, дұрыс
шешілмегендігін саралайды. Автордың кӛзқарасы бойынша, кадрларды таңдау.
орналастыруда жергілікті ұлт ӛкілдерін кемсітті. Ұлттың ӛзін-ӛзі билеуі
халықтың мифіне айналды. Жергілікті ұлт барлық уақытта сырт қалып,
әлеуметтік үдерістің бірыңғай жолымен, ауыл шаруашылық ұлты статусы
күйінде қала берді деп тұжырымдайды. Шындығында автор еңбегі егеменді ел
болған, тәуелсіздік кезеңінде жазылғандықтан, кӛзқарасында батыл ғылыми
пайымдаулар бар [224, 165-166 б.].
2000-шы жылдардың басында жарық кӛрген еңбектердің бірі -
К.Ә. Ахметовтікі. Автор Қазақстандағы мәдениет тарихы мәселелерін зерттей
отырып, революцияға дейін қалыптасқан ұлттық интеллигенцияның
Кеңестермен арада келісімге келуінің негізгі себебін «ескі интеллигенция
ағартушылық дәстүрінде болғандықтан, идеологияға емес, ӛз халқына қызмет
етуге дайын болды», - деп ойын қорытындылайды [225, 53 б.].
Р.Ж. Қадысова соғысқа дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы модернизация
мәселесіне кең кӛлемде тарихнамалық талдау жасап, жаңа ғылыми
кӛзқарастарын білдірген [226].
Сонымен, қазақстан тарихнамасындағы жалпы теориялық-методологиялық
мәселелерді нақтылай отырып, жалпы отандық тарих ғылымында бұрынғы
идеялық принциптерден бас тарту, объективті баға беруге ұмтылу,
«ақтаңдақтар ақиқатын» кӛрсетуде біраз жұмыстар атқарылды.
81
Қазіргі кезеңде зерттеушілердің алдында методологиялық жағынан зерттеу
жұмыстарына жаңа ғылыми пайымдаулар жасауға кең мүмкіндіктер ашылып
отырғандықтан, зерттеушілерге қойылатын теориялық, жалпы ғылыми талап
артып келеді.
|