Интеллигенциясы: тарихи


 ӚНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ МӘСЕЛЕСІНІҢ



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата22.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1 ӚНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ МӘСЕЛЕСІНІҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ 
 
1.1 Интеллигенция туралы тұжырымдар 
«Интеллигенция»  түсінігі  ӛзінің  кӛпқырлылығы,  алуан  аспектілігі, 
ерекшелігі  жӛнінен  отандық  қана  емес,  шетелдің  әлеуметтік-философиялық, 
тарихи, мәдениеттану және әлеуметтану әдебиетінде де жан-жақты зерттелген.  
Әйтсе  де  интеллигенцияға  байланысты  жарық  кӛрген  тарихи, 
философиялық,  әлеуметтану  саласындағы  еңбектерде  «интеллигенция» 
түсінігіне  нақты  кӛзқарас  қалыптаспаған.  Соңғы  онжылдықтарда  үлкен 
таластар тууда. Таластың негізгі себебі - интеллигенцияның мәнінде ғана емес, 
шеңберінің  ӛсуі,  әлеуметтік  топ  ретіндегі  белгілеріне  де  байланысты. 
Әлеуметтік 
және 
ғылыми-техникалық 
прогресс 
қызметкерлердің 
интеллектуалдық  күштерінің  дамуына  ықпал  етеді.  Интеллектуалдық 
потенциал  ой  еңбегімен  айналысушы  қызметкерлердің  белсенділігімен 
анықталады. 
«Интеллигенция» концептінің түп дерегі гректің noesis – олардың жоғары 
сатысындағы сана, түсіну деген сӛзде жатыр [37, 14-44 б.]. Сананың ең тӛменгі 
сатыларын  dianota  `(ойдың  бейнесі,  ойлану)  және  epissteme  (ғылыми  білім) 
біріктіреді  [38,  611  б.].  Рим  мәдениетінде  осы  грек  концептінің  ықпалымен 
intellegentia сӛзі пайда болды. «Интеллигенция» концепті латынның intellegentia 
терминінен  шығып:  1)  түсіну,  ақыл,  парасат,  ұғынуға  қабілеттілік,  танымдық 
күш; 2) ұғым, идеяны ұсыну; 3) түйсік, сезімдік таным; 4) іскерлік, ӛнер деген 
мағына  береді.  Ішкі  мағынасы  бойынша  бұл  сӛз  «сананың,  ӛзіндік  сана-
сезімінің  жоғарғы  сатысы»  деген  де  түсінік  береді.  Осыдан  шығатын 
қорытындыға  сәйкес  интеллигент  түсінігі  латынның  intellegens  сӛзінің  шыға 
отырып:  1)  білгір,  түсінікті,  білімпаз;  2)  ақылды,  парасатты;  3)  білгір,  маман 
[39,  156  б.].  «Интеллигенция»  терминін  осы  мағынасында  б.э.д.  І  ғ.  Цицерон, 
б.э.д.  V-IV  ғғ.  Боэция  қолданса,  онан  кейін  неміс  классикалық  философтары 
Фихте, Шеллинг, Гегельдер оны одан әрі дамытты [40].  
Фихте  [41,  461-462  б.]  мен  Шеллинг  [42,  354-355  б.]  «интеллигенцияны» 
адамның еркін болмысы, қызметімен байланыстыра отырып, түсінуге, ойлауға 
қабілеттілік  және  оны  біртұтас  жүзеге  асырушы  деп  анықтайды.  Ал  Гегель 
«интеллигенция» 
ұғымын 
«әлеуметтендірген»; 
ол 
ӛзінің 
«Рух 
философиясында»  тарихтағы  рухтың  ӛзін-ӛзі  тану  идеясын  аша  отырып, 
«интеллигенцияның»  ғана  рухани  жағынан  ойлау  қабілеті  бар  деген  түсінік 
береді [43, 42-43 б.]. 
«Интеллигенция»  ұғымын  зерттеу  кӛптеген  ғылымдардың  философия, 
әлеуметтану,  тарих,  мәдениеттанудың  тоғысында  жүргізілуде.  Бір  жарым 
ғасырға  жуық  уақыт  бойы  ғалымдар  интеллигенцияға  нақты,  қайшылықты 
емес, мазмұнды анықтама беруде [44, 4 б.].  
Ресейде  «интеллигенция»  ұғымы  ӛз  бастауын  Петр  І  кезеңінен  бастайды 
[37,  9  б.].  Ресейді  европалық  үлгіде  модернизациялауға  бағытталған 
реформаларды  жүзеге  асыру  үшін  «білімді  адамдардан»  тұратын  жаңа  тап 

 
18 
керек  болса,  олар  орыстың  алғашқы  қызметкер  интеллигенциясына  айналды 
[45, 87-92 б.].  
Ұзақ  жылдар  бойы  интеллигенцияға  анықтама  беруде  таптық  кӛзқарас 
қалыптасып,  оған  аралық  топ  ретінде  қарап,  жекеше  мән  берілмеді.  Осы 
уақытқа  дейін  «интеллигенция»  термині  Ресейде  пайда  болды  деген  түсінік 
қалыптасқан.  Үлкен  кеңестік  энциклопедияда  терминнің  авторы  сыншы, 
прозаик  және  публицист  П.Д.  Боборыкин  деп  кӛрсетілген.  Ол  1866-шы  жылы 
орыс  тілі  мен  отандық  журналистиканың  айналымына  неміс  классикалық 
философиясынан интеллигенция сӛзін ендірді [46, 311 б.]. 
Тек Ресейде ғана «интеллигенция» ұғымы  қоғамның тағдырына жауапты, 
оның  қалыптасқан  әлеуметтік  бӛлігі  ретінде  сипатталды.  Сондықтан  да, 
«интеллигенция»  сӛзі  латын  тілінен  енгеніне  қарамастан,  әлемнің  барлық 
сӛздіктерінде  «рус.»  деген  белгімен  орыс  тарихы  мен  ұлттық  мәдениетінің 
ерекшелігін кӛрсететін атау ретінде қолданылады [41, 149-208 б.]. 
«Интеллигенция»  терминін  әр  елдің  ойшылдары,  атап  айтқанда  Гизо, 
Маркс,  Энгельс  т.  б.  қолданған  [19,4  б.].  Европалық  зерттеуші  О.В.  Мюллер 
еңбектерінде  де  пайдаланылған  [47].  Ол  Х1Х  ғасырда  интеллигенцияға 
әлеуметтік категория ретінде мән берілгендігін айтады. Х1Х ғасырдың бірінші 
жартысында 
Батыс 
Европаның 
әлеуметтік-экономикалық 
дамуы 
интеллигенцияның  білім  деңгейіне,  мүлік  қатынасы  жағдайына  ықпал  етті. 
Бірақ бұның аралық жігі болды. Интеллигенция түсінігін қалыптастыруда оның 
қоғамда 
алатын 
әлеуметтік 
артықшылықтары, 
жоғары 
мемлекеттік 
лауазымдарға ие болуы да әсер ететіндігін айта келіп, оларға мәдениет, ғылым, 
білім  салаларының  ағартушылық,  прогрессивті  идеясының  «жаршылары»  деп 
баға  берілді.  Сӛйтіп  интеллигенцияның  ерекше  әлеуметтік  топ  екендігін 
топшылайды. 
Соның  ішінде  кең  мағынадағы  «интеллигенцияға»  анықтама  ағылшын 
тіліндегі  Уэбстердің  түсініктеме  сӛздігінде  берілген:  intellegentia  топ  ретінде 
интеллектуалдардың  біртұтастығы  деп  анықталған.  Интеллектуал  «интеллекті 
жоғары дамыған адам, интеллектуалдық еңбек адамы» деп түсіндіреді [48, 197 
б.].  Сонымен Уэбстердің  сӛздігі бойынша  интеллигенция интеллектісі  жоғары 
дамыған,  интеллектуалдық  еңбекпен  айналысатын  адамдар  тобы  деп 
түсіндіріледі. Бұл жердегі анықтамада нақтылық байқалмайды. 
В.  Дальдың  да  түсіндірме  сӛздігінде  қысқаша  түсінік  берілген.  Онда 
«интеллигенция»  сӛзі  ӛз  алдына  бӛлек  қарастырылмаған,  оның  анықтамасы 
«интеллектуалды»  түсінігімен  бір  құрылымда  берілген.  Алайда  бұл  жерде 
негізгі  сапалық  дұрыс  белгісі  ретінде  білімдік  аспекті  айқындалған.  Оның 
анықтамасы  бойынша  интеллигенция  –  «тұрғындардың  парасатты,  білімді, 
ойлау жағынан дамыған бӛлігі» [49, 46 б.]. 
Кӛптеген  сӛздіктерде  интеллигенцияның  жолын  ұстаушылық,  оның 
мәдениет,  ӛнер  және  саясат  саласындағы  рӛлі  анықталған.  Осы  бағытта 
алғашқылардың  бірі  болып  Бракгауз  бен  Ефронның  энциклопедиялық 
сӛздігінде 
жаңа 
бетбұрыс 
жасалған. 
Оның 
пайымдауы 
бойынша, 
«Интеллигенция  –  саясат,  әдебиет  және  ӛнерге  деген  қызығушылықпен  ӛмір 

 
19 
сүретін қоғамның білімді, ақыл қабілеті дамыған табы» [50, 1854 б.]. Берілген 
осы  анықтама  бойынша  интеллигенция  тек  мәдениет  пен  саясатқа 
«қызығушылықпен ӛмір сүретін» болып дәйектелген. 
«Интеллигенция»  ұғымының  дамуының  келесі  кезеңінде  –  ой  еңбегімен 
айналысуы, кәсіби білімі мен әлеуметтік білімі деген дұрыс белгілері енгізілді. 
Осы  дұрыс  белгілері  тұрғысында  Ожеговтың  сӛздігінде  «интеллигенция»  – 
білімі  бар    ғылым  мен  техника  және  мәдениеттің  әртүрлі  салалары  бойынша 
арнайы білімді игерген ой еңбегінің қызметкерлері [51, 126 б.]. 
Ағайынды  Гранаттардың  сӛздігінде  «Интеллигенция  адамдардың  ойлау 
мәдениеті  ӛкілдерін  біріктіретін,  олар  үшін  мамандық  білімі  және 
дарындылығы  болып  анықталатындығын»  айтады  [52,  59-61  б.].  Шет  ел 
сӛздерінің  сӛздігінде  «Интеллигенция  ой  еңбегімен  кәсіби  айналысатын  және 
ол еңбек үшін арнайы білімі бар адамдар кіретін әлеуметтік топ», - деп атайды 
[48, 
197 
б.]. 
«Кеңестік 
интеллигенция» 
сӛздік-анықтамалығында: 
«Интеллигенция  –  ой  еңбегімен  кәсіби  айналысатын  қоғамның  әлеуметтік 
тобы»  деген  түсінік  берілген  [53,  50-51  б.].  Бұл  жерде  анықтама  әлеуметтік 
аспектіде қарастырылып, интеллигенция әлеуметтік топ ретінде анықталады. 
Білімділік,  кәсібилік  және  ой  еңбегі  критерийлері  ретінде  әлеуметтік 
аспект  позициясында  анықтай  отырып,  В.И.  Ленин  интеллигенцияға  «барлық 
білімді  адамдарды,  ерікті  кәсіп  ӛкілдерін,  дене  еңбегі  ӛкілдерінен 
айырмашылығы бар ой еңбегі ӛкілдерін жатқызады» [54, 332-333]. 
«Русская  философия»  анықтама  сӛздігінде  интеллектінің  дамуын  және 
жоғары  маманданған  ой  еңбегі  критерийлерін  кішірейтіп,  «Интеллигенция- 
интеллектінің жоғары даму сатысы мен кәсіби білімділікке бет бұрған қызмет 
атқаратын  білімді  және  ойшыл  адамдардың  тобы»,  -  деп  анықталған  [55,  187-
188 б.].  
Әлеуметтанушы  Э.В.  Тадевосян:  «Интеллигенция  –  жоғары  кәсіби  ой 
еңбегімен  кӛп  те  емес,  аз  да  емес  кәсіби  айналысатын  және  ол  үшін  қажетті 
арнайы жоғары және орта арнаулы білімі бар адамдардың әлеуметтік тобы» деп 
ұғындырады [56, 88-89 б.]. 
Соңғы  анықтамада  жоғары  және  орта  арнаулы  білімі  бар  деген  жаңа 
критерий  енгізілген.  Негізгі  дұрыс  белгісі  ретінде  философиялық 
энциклопедиялық сӛздікте «Интеллигенция – ой еңбегімен кәсіби айналысатын 
(негізінен күрделі) және соған сәйкес жоғары білімі бар адамдардың қоғамдық 
тобы»  деп  қарастырылған  [57,  210-212  б.].  Бұл  анықтамада  күрделі  ой 
еңбегімен,  яғни,  шығармашылық  еңбекпен  айналысатын  деген  дұрыс  белгі 
енгізілген. 
Концептіні  түсініп,  пайымдаудағы  жаңа  бетбұрыс  мәдениеттанушы                       
А.И.  Арнольдовтың  еңбегінен  де  аңғарылады.  Ол  интеллигенция  түсінігіне: 
әлеуметтік-мәдени  аспект,  шығармашылық  ой  еңбегі,  қазіргі  ғылыми  білім, 
мәдениеттің күрделі түріндегі шығармашылық сияқты критерийлерді қосады.  
Оның  анықтамасы  бойынша,  интеллигенция  –  «ірі  әлеуметтік-мәдени 
қауымдастық,  шығармашылық  ой  еңбегімен  кәсіби  айналысатын  адамдардың 
әлеуметтік  массиві.  Қазіргі  ғылыми  білім  алған,  адамдардың  айрықша 

 
20 
жіктелген, білім жүйесін игерген әлеуметтік, қоғамдық тобы. Бұл оларға білім 
әлеміндегі  мәдениеттің  күрделі  түрлерін  –  ғылымда,  ӛнерде,  білімде,  дінде 
пайдалануға мүмкіндік береді» [58, 153 б.]. 
Үлкен  Кеңестік  энциклопедияда  жаңа  дұрыс  белгісі  ретінде  мәдениеттің 
дамыған 
және 
кеңінен 
тараған 
сапалық 
ерекшелігі 
айқындалған: 
«Интеллигенция  –  ой  еңбегімен  кәсіби,  әсіресе,  күрделі,  шығармашылық 
еңбекпен,  мәдениетті  дамытып  және  таратуымен  айналысатын  адамдардың 
қоғамдық тобы» [46, 311-314 б.]. 
Мәдениеттанушы  ғалым  Ю.С.  Степанов  Орыс  мәдениеті  сӛздігінде 
«интеллигенция» концептісін «сана мен ӛзіндік сананың жоғарғы сатысы» деп 
анықтайды  [39,  610  б.].  Сонымен  бұл  жерде  интеллигенция  басқа  әлеуметтік 
қауымдастықтан  айырмашылығы  бар  «ӛзі  түсінетін»  таптық  жағынан  ерекше 
жеке бірлестік. 
Ӛзінің  маңыздылығы  жӛнінен  екінші  орын  алатын  анықтаманы  біз 
Лонгмановскийдің  қазіргі  ағылшын  тілі  сӛздігінен  байқадық:  «intelligence  – 
қоғамның  құрамындағы  жоғары  білімді,  жаңа  идеялар  мен  жаңа  дамулар 
жӛнінде,  әсіресе  ӛнер  мен  саясаттың  қамын  жейтіндіктен  де  сонымен 
айналысатын адамдар тобы» [44, 4 б.]. Интеллигенцияның бұл анықтамасында 
мәдениет  пен  саясатқа  басты  кӛңіл  бӛлінген,  себебі  олар  сол  салада  жаңа 
идеялардың дамуына ықпал етті. 
Интеллигенцияның белсенді рӛліне оксфордтық түсіндірме сӛздікте терең 
мән  берілген.  Онда:  «intelligensie  –  мәдени  және  саяси  белсенділігімен 
ерекшеленетін  интеллектуалдар  табы,  интеллектуалдық  еңбек  ететін  адамдар 
табы»  деген  анықтама  берілген  [44,  4  б.].  Мұнда  тап  ретіндегі 
интеллигенцияның  басты  рӛлін  кӛрсететін  сапалық  жағына  мән  беріліп, 
интеллигенцияның 
мәдениет 
және 
саясат 
саласындағы 
белсенділігі 
айқындалып, интеллигенция мәдени және саяси қайта құрулардың бастаушысы 
болып саналатындығы сараланған. 
Бұл методологиялық анықтама бойынша интеллигенция ағартушылық ар-
ожданы бар, халық ӛмірінде жалпыадамзаттық бастаудың қолданушысы болып 
анықталады. 
Кеңестік  әдебиетте  интеллигенция  таптық  әлеуметтік-таптық  жік  немесе 
ӛнегелік  мағынада  түсіндіріледі.  Әлеуметтік-таптық  кӛзқарас  бойынша, 
лениндік нұсқауды негізге алып, интеллигенция ешқандай меншік қатынасына 
байланысы  жоқ,  қоғамның  негізгі  таптарымен  тарқап  кеткен  деген  пікірге 
сүйенеді. Интеллигенция қазірдің ӛзінде екі жақты қарастырылады: білімі және 
еңбек  түріне  байланысты.  Бұл  -  әлеуметтік  кӛзқарас.  Интеллигенция  ӛзінің 
меншік  қатынасы  болмағандықтан,  басқа  істерге  араласып,  таптық 
құрылымның  элементі  бола  алмайды.  Сонымен  интеллигенция  -  бұл  таптық 
емес,  әлеуметтік  түсінік,  басқа  әлеуметтік  ұлттық,  демографиялық 
түсініктермен қатар түсіндіріледі. 
«Интеллигенция»  термині  «интеллектуалдар»  түсінігімен  салыстырып 
қарағанда( европалық Les intellectuels, американдық intellectuals) тереңірек және 
тар мағына береді. Интеллектуалдар – таза кәсіби топ ретінде басқалармен бірге 

 
21 
қоғамдық ӛндіріспен айналысады, интеллигенция олардың қатарынан шығады, 
олардың  ӛкілдерінің  интеллектуалдық  қабілеттері  дамуымен  қатар,  жоғары 
рухани-имандылық  қасиеттерімен,  шығармашылыққа  ұмтылысымен,  және 
рухани жағынан жетілген, рефлекстік-сыни ойымен ерекшеленеді [59].  
Орыс интеллигенциясы мәселелерін зерттеумен айналысатын американдық 
тарихшылар  Джеймс  Биллингтон  мен  Ален  Поллард  та  «интеллигенция»  мен 
«интеллектуалдар»  ұғымдарының  айырмашылықтарын  анықтай  отырып, 
интеллигенция  қоғамда  ӛзіндік  орны  бар  ерекше  рӛл  атқаратын  ерекше 
адамдардың тобы деген анықтама береді [60]. 
Кӛптеген  зерттеушілер,  «интеллигенция»  сӛзінің  түп-тӛркіні орыс  тілінен 
шықты  деп  кӛрсетіп,  оның  “intelligenz”,  “intelligence”(ақыл,  ақылмен  түсінуге, 
қабілеттілік,  эрудиция)  және  «интеллектуал»  сӛздерінен  айырмашылығы  бар 
деген  пікір  айтады  [61,  68  б.].  Н.А  Бердяев  та  Батыста  интеллигенцияны 
“intellectuels”  деп  атайтындығын,  олардың  интеллектуалдық  еңбекпен 
айналысатын шығармашылық адамдары, бәрінен бұрын ғалымдар, жазушылар, 
суретшілер,  профессорлар,  педагогтар  т.б.  екендігін  атап  кӛрсетеді.  Кӛптеген 
орыс  ғалымдары  мен  жазушылырының  бәрін  интеллигенция  қатарына 
жатқызуға  болмайды.  Интеллигенция  ең  алдымен  монахтық  орден  немесе 
ерекше  моралімен  сектаны  білдіретін  ӛзіндік  дүниетанымы  бар  адамдарға 
тӛзімсіз келетін, ӛзінің ерекше танымы мен дәстүрі, тіптем сыртқы келбетімен 
де  интеллигенттілігі  арқылы  басқа  әлеуметтік  топтардан  айырмашылығы  бар 
деп топшылайды. [62, 17 б.]. Н.А. Бердяев «Орыс идеясында» интеллигенцияны 
әлеуметтік тап деп қарастыруға болмайды, ол әлеуметтік идеялар біріктірген, ӛз 
сенімі мен кӛзқарасы жолында түрмеге, каторгаға, ӛлімге баруға даяр топ, жік 
деп  кӛрсетеді.  Мұндай  даярлық  интеллигенцияның  экономикалық  жағынан 
орнықпағандығымен  байланысты  болуы  да  мүмкін.  Себебі,  олардың 
жоғалтатын нақты материалдық, экономикалык құндылықтары болған жоқ. 
Интеллигенция  -  бұл  интеллигенттіліктің  сапалық  қасиеттерімен 
дәнекерленген  әлеуметтік  қауым.  Интеллигенцияның  функционалдық 
қызметтерінің бастысы - жоғары әлеуметтік-гуманистік бастау құндылықтарын 
интеллигенттіліктің  ерекше  сапалық  қасиеттері  ретінде  ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткізу  үрдісі.  Ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін  интеллигенттілік  ӛз  кезегінде      
Н.А.  Бердяевтің  пікірінше,  жүйемен,  билікпен  ешқандай  ымыраға  келмейтін 
жоғары  мақсатқа  қызмет  етуді  басты  мұрат-мақсат  санайтын  ӛмірдің  мәні 
еркіндік  пен  тәуелсіздік  рухымен  байланысты  деп  түсінетін  адамдар  тобы 
қалыптастырады.  Интеллигентілік  бұл  халықпен  біте  қайнасу,  ӛзін  түсінуге 
және  ӛзін  мақсат  жолына  дайындау.  А.Ф.  Лосевтің  пікірінше,  «интеллигент 
дегеніміз - бұл жалпыадамзаттық береке мен рахат мүддесі жолында ақиқат пен 
жақсылыққа  қызмет  етуші  адамдар  тобы.  Интеллегенттілік  философиялық 
мағынасы  жағынан  рух  пен  іс-әрекеттің  еркіндігі  эстетикасы  ретінде  анықтай 
отырып, жалпыадамзаттық игілік мақсатын жасаушы объекті деп айқындайды. 
Шын  мәніне  келгенде,  бұл  дүниетаным  қандай  да  болмасын  тарихи  кезеңде 
оның  рухани-практикалық  негізі  кең  кӛлемде  алынып,  соған  сай  нақты 
кӛзқарасты талап етеді. Интеллигент жаңа дүниетанымның жаршысы және алға 

 
22 
бастырушысы,  бірақ  дүниетаным  интеллигенттің  ӛз  әрекеті  арқылы 
әлеуметтендірілуі  керек.  Интеллигент  –  кӛкжиектерді  ой  арқылы  алға 
жылжытатын, қоғамда үстемдік етуші дүниетанымды қайта құруға тырысатын 
субъект.  Ол  арқылы  қоғамдық  қатынастар  жалпы  игілікке  бағыт  алып,  халық 
тағдырының күйін білдіру керек. 
Сонымен,  интеллигенция  феноменін  танудың  басты  методологиялық 
құралы дүниетанымдық әрекет болып саналады. 
Қазан  тӛңкерісіне  дейінгі  тарихнамада  интеллигенция  тарихын 
зерттеушілер  үш  бағытты  атап  кӛрсетеді:  халықтық,  либералдық  («веховтық», 
«веховтыққа  қарсы»  болып  бӛлінді)  және  маркстік-лениндік.  Авторлар  Ресей 
интеллигенциясының қоғамдағы алатын орны мен рӛліне басты назар аударды. 
Осы  жылдары  мұғалімдер,  фармацевтер,  теміржол  қызметкерлері,  оқу 
орындарының  оқушыларының  ӛмірі  жайлы  жазылған  нақты-тарихи  еңбектер 
жарық кӛре бастады [63, 25 б.]. 
Халықтық  бағыттың  мәні  интеллигенцияға  деген  нақты  ӛлшемнің 
қойылумен тығыз байланысты. Халық мүддесі үшін неден болса да бас тарту, 
ӛзін-ӛзі құрбандыққа қию ӛлшемнің негізгі кӛрсеткіші болып саналды. Мұндай 
бағыт  барысында  интеллектуалдық  қызметтің  әлеуметтік-кәсіби  белгілері 
бұрмаланып, интеллигенцияның атқаратын функциялары саяси функция аясына 
кіріп кетті. 
1909  жылы  «Вехи.  Сборник  статей  о  русской  интеллигенции»  деп 
аталатын  кітаптың  бес  басылымы  шықты.  Осы  жылы  веховтыққа  қарсы 
бағытталған бірнеше жинақ жарық кӛрді. Интеллигенция мәселесін және оның 
мемлекет пен революциялық қозғалысқа  қатысуын  талдауға  әртүрлі  саяси  топ 
ӛкілдері атсалысты. 
Ал,  либералдық  концепция  ӛкілдері  ӛздерінің  «Вехи»  деп  аталатын 
жинағында  халықшылдардың  «интеллигенция»  түсінігін  қалыптастыруда  ӛте 
саяси мән бергендігін қатты сынады. Веховтықтар интеллигенция анықтамасын 
қалыптастырудағы халықшылдық  бағыт  интеллигенцияның  әлеуметтік  -  саяси 
сапасын анықтайтындығын кӛрсетеді. 
С.Н.  Булгаков  «Интеллигенция  қазіргі  заман  мен  орыс  тарихына 
қатынасын  ӛзінің  бағалауына  сүйене  отырып  айқындап,  батырлық  шақырулар 
мен батырлық күрес позициясы тұрғысынан келді,- деп жазды [64, 55 б.]. 
Н.А.  Гредескул,  веховтыққа  қарсы  жинақ  авторларының  бірі  ӛзінің 
«Интеллигенция  в  России»  жинағында,  білімдік-мәдени  және  кәсіби 
қызметімен  қатар,  интеллектуалдық  элита  ретінде  барлық  елдерде  қоғамның 
саяси  жағынан  дамуымен  байланысты  әлеуметтік-танымдық  қызмет  те 
атқаратындығын айтады [64, 238 б.]. Осы тӛңіректегі таластар веховтықтар мен 
либералдық 
антивеховтықтардың 
интеллигенцияның 
анықтамасын 
қалыптастыруда  оған  әлеуметтік-саяси  және  мәдени  жағынан  дамуында 
универсалды категория ретінде баға беруінде ортақ пікірге келе бастағандығын 
байқаймыз [65, 28 б.].  
ХХ-шы ғасырдың басында интеллигенцияға «ерекше әлеуметтік-этикалық 
категория»  деген  түсінік  те  берілген.  Мысалы  М.  Туган–Барановский: 

 
23 
«интеллигенция»  деп  тек  ой  еңбегімен  айналысатындарды  емес,  нақты 
әлеуметтік  дүние  танымы  қалыптасқан,  моральдық  бейнесі  бар  адамдарды 
атайды. Интеллигенттілік – «сыни ойлай білетін тұлға». Ал, Лавровтың айтуы 
бойынша  «Ол  қазіргі  қоғамның  мәдени  дәстүрлері  мен  ескі-сарқыншақтарына 
қарсы, теңдік пен бақыт жолында күресуші адам. Интеллигент – революционер, 
құлдырау мен тоқырауға қарсы, жаңа шындықты іздеуші» [66, 248-249 б.]. 
Интеллигенция  тарихына  рухани-әлеуметтік  тұрғыда  қарау,  идеялар 
тарихы,  қоғамдық  сананың  тууына  әсер  етті.  Мұндай  жағдайда 
интеллигенцияны  нақты  тапқа  жатқызуға  болмайды.  Сондықтан  зерттеуші      
О.С. Волканованың айтқан осы мәселе тӛңірегіне байланысты сын-пікірі дұрыс 
деп  есептейміз.  Ол  «орыс  интеллигенциясының  феномені  ұлттық  ойлаумен 
сәйкес  келеді.  Ұлттық  мінез  ерекшелігі  ұлттық  ойлауға  сәйкес  келеді. 
Интеллигенция  орыстық  болмысты  анықтайды,  сондықтан  кӛптеген  авторлар 
бұл түсінікті тек орыс интеллигенциясына тән қолдану керек», - деп есептейді 
[67].  
Зерттеуші  Н.П.  Гордеевтің  пікіріне  жүгінсек,  «Ойлау  әрекеті  бойынша, 
адамдар  ғылыми,  кӛркемсурет  мектептері,  ұстанған  бағыттары,  жасаған  іс-
әрекеттер  тӛңірегінде  біріге  алады»,  -  деп  есептесе,  Р.В.  Иванов-Разумник: 
«Жаңа  идеалдар  мен  ұғымдарды  ӛмірде  жүзеге  асыруды  жеке  тұлғаның 
қоғамдағы  шығармашылық  статусын  қалыптастыруда  дене  және  ой  еңбегіне 
қарай бағыттау қажет», - деп жазады [68, 80 б.]. 
М.А.  Славинский  интеллигенцияны  таза  мәдени  құндылықтармен  қатар 
ұлттық  азаматтық  пен  саяси  ұстанымдардың  түрлері  қалыптасатын 
«интеллектуальды  лаборатория»  деп  атайды  [69,  232  б.].  Оның  концепциясы 
бойынша:  «Интеллигенциясы  қалыптасқан  халықты  ғана  ұлт  деп  есептеу 
керек», - дейді. Ол интеллигенция - ӛз халқының ұлттық санасын қорғаушы деп 
санайды.  М.А.  Славинскийдің  бұл  концепциясының  қазіргі  зерттеушілер 
пікіріне кереғар келетінін аңғаруға болады. 
Интеллигенция  гуманистік  мәдениет  және  оның  қоғамға  әсері,  шындық 
әділдік, бостандыққа ерекше мән береді. 
Кеңес  ӛкіметі  орнағаннан  кейін  де,  В.И.  Ленин  мен  оның  соңынан  ерген 
жақын  әріптестерінің  еңбектерінде  интеллигенцияға  байланысты  маңызды 
теориялық-методологиялық  мәні  бар  ой-пікірлер  ерекшелене  бастады.  Мұны 
кейінірек  кеңестік  қоғамтанушы  ғалымдар  интеллигенцияға  байланысты 
маркстік-лениндік концепцияның негізі ретінде қолданды. 
В.И. Ленин интеллигенция жайлы «...ол арнайы экономикалық тап емес... 
қазіргі капиталистік қоғамның ерекше тобын құрайды», - деп айқындайды [70, 
209  б.].  «Егер...  жалпы  қоғамдық  барлық  топтар  қоғамдық  таптармен  үйлес 
келсе,  немесе  ол  таптарға  қосылса  ғана  нақтылы  күшке  айналады  десек,  онда 
тегі  «сословиесіз  интеллигенция»  нақтылы  қоғамдық  күш  болмаса  керек»,  - 
деген Струвенің пікірі дұрыс деп кӛрсетеді [71, 466-467 б.]. Интеллигенцияның 
ерекше жағдайы сонда, ол басқа таптардың ортасында ерекше жағдайда болады 
деп  негіздейді  [72,  225-226  б.].  В.И.  Ленин  сонымен  бірге  «бізде  либерализмі 
тұрпайы халықшылдықтан, солқылдақтық социализмнен мүлде дерлік тазарған 

 
24 
жаңа  интеллигенция  қазірдің  ӛзінде  пайда  болып  келеді»,  -  деп  пайымдайды 
[73, 375 б.].  
Большевиктер  кӛсемінің  пікірі  бойынша,  «мамандар  ғылым  мен  техника 
ӛкілдері  сол  сияқты  сауда  ісінде  ірі  кәсіпорындарды  ұйымдастыру, 
шаруашылық  операцияларды  бақылау  ісінде  және  т.с.  практикалық  қызметі 
арқылы тәжірибе жинақтап, білім алған адамдар», - деп атап кӛрсетеді [74, 367 
б.].  
В.И.  Ленин  болашақ  коммунистік  қоғамның  негізгі  белгілерінің  бірі  – 
буржуазиялық 
және 
ұсақ 
буржуазиялық 
нанымдарға 
толы 
ескі 
интеллигенцияны  жоғары  мәдениетті  және  саяси  сауатты  жұмысшылар  мен 
шаруалар қатарынан шыққан мамандардың ығыстыруында деп түсіндірді. 1919 
жылдың  ӛзінде-ақ  В.И.  Ленин  большевиктер  саясатының  алғашқы  жемісін 
кӛрді. 
В.И.  Лениннің  теорияық  ұстанымдарын  оның  әріптестері  мен  шәкірттері 
дамытты.  1927  жылы  желтоқсанда  ӛткен  ВКП  (б)-ның  ХҮ  съезінде  кеңестік 
қоғамның  әлеуметтік-таптық  дамуын  қалыптастыра  отырып,  И.В.  Сталин 
«нэпмандарды»  және  интеллигенцияны  «жаңа  буржуазия»  деп  аталған  бір 
топқа  біріктірді  [75,  317  б.].  Ол  интеллигенция  арасынан  социализм 
жетістіктерінің  жетілуіне  байланысты,  контрреволюциялық  пиғылдағылардың 
ӛсіп 
отырғандығын 
және 
интеллигенция 
қатарынан 
техникалық 
интеллигенцияның  ерекшеленіп  отырғандығын  айтады.  Олар  ӛндірістің  даму 
процесінде большевиктердің елді бастап отырғандығын кӛре алмайды [75, 318 
б.].  Осыдан  бастап,  ӛндірістік  процесте  догмалық  схема  қалыптасып, 
интеллигенция халықтан бӛлінген контрреволюциялық жоғарғы, саяси жағынан 
пролетариатқа жақын революциялық тӛменгі, ӛзгеріп отыратын ортаңғы топқа 
бӛлінді. 
Ӛткен  тарихымызды  бұрмалаусыз,  тура  қорытудың  бірден-бір  жолы  -  ӛз 
уақытында  халқымыздың  болашағы  үшін  бар  ғұмырын  күресте  ӛткізген 
зиялыларымыздың артында қалған рухани мұраларын зерттеп, кейінгі ұрпаққа 
жеткізу  болса,  М.  Шоқайдың  таңдамалы  еңбектерінің  алар  орны  ерекше.                        
М.  Шоқай  «Ұлттық  зиялылар  деп  кімдерді  айтамыз.  Бір  қарағанда  жеңіл 
кӛрінгенмен, шын мәніне келгенде бұл сұрауға дұрыс жауап қайыру оңай емес. 
Оқыған, тәрбие кӛрген адамның бәрін «зиялы» деп атап, оны сол адам ӛзі тән 
болған  ұлттың  «ұлттың  зиялысы»  қатарына  қоса  беруге  болады  деп  ойласақ, 
сӛзсіз  қателесеміз.  Біздіңше,  белгілі  бір  мұрат-мақсаттардың  соңында  жүрген 
және  сол  белгілі  мұрат-мақсаттары  тӛңірегіне  жиналған  оқымыстыларды  ғана 
зиялы  деп  айтуға  болады.  Ұлттық  зиялылар  қатарына  тек  ӛз  халқының  саяси- 
экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар 
кіре алады», - деп пайымдайды [76, 174-176 б.]. Біз оның зиялылар ӛз халқына 
қызмет  етудің,  халықпен  ортақ  тіл  табыса  білудің  неғұрлым  тиімді  жолдарын 
таба  білулері  керек  деген  ойының  қазіргі  уақыт  талабымен  сабақтасып 
жатқандығын байқаймыз. 
1920  жылдың  соңынан  бастап,  интеллигенцияның  қоғамдағы  орнының 
тарихы  мен  теориясына  байланысты  жазылған  еңбектер  сиреп,  олар  тек 

 
25 
большевиктік  кӛсемдердің  айтқан  пікірлерін  баяндауға  арналды  [77].  Бұл 
кӛзқарас  1953  жылы  наурызда  И.  В.  Сталин  қайтыс  болған  уақыт,  немесе 
«жылымық кезеңіне» дейін сақталды.  
Кеңестік  тарихнамада  интеллигенция  мәселесінің  партиялығы,  таптық 
және  әлеуметтік  ерекшеліктеріне  мән  берілді.  Әлеуметтік  жағынан 
интеллигенция  деп  кеңестік  қоғамдағы  «негізгі  таптар»  жұмысшы  табы  мен 
еңбекші  шаруалардың  арасындағы  «әлеуметтік  топ»,  ал  этикалық  жағынан 
рухани ӛндіріс саласымен айналысып, ерекше рухани сапалы-интеллигенттілік 
қасиетімен ерекшеленетін адамдардың тобы деген түсінік қалыптасты. 
1950-ші  жылдардың  басында  жарық  кӛрген  еңбектердің  бірі  –                           
Х.З.  Ақназаровтың  «Формирование  социалистической  интеллигенции»  деп 
аталатын  философия  ғылымдарының  кандидаты  атағын  алу  үшін  әзірлеген 
диссертациясының  авторефератының  1930-1950-ші  жылдарда  жарық  кӛрген 
еңбектерден  айырмашылығы  шамалы.  Марксизм-ленинизм  классиктерінің 
пікірлерін,  анықтамаларын  қолданудан  бас  тартқаны  байқалмайды.  Бұрынғы 
интеллигенцияға  берілген  анықтама  сол  күйінде  қолданылған.  Таптық-
дуалистік схемамен жазылған еңбекте жаңа болып жатқан тарихи процестерге 
объективті баға бере алмады [2].  
Кеңес  дәуіріндегі  қазақстандық  әдебиетте  интеллигенцияның  белгілеріне 
тек  дұрыс  баға  беріліп,  шетел  баспаларында,  кеңестік  кезеңнен  кейінгі 
басылымдарда басқаша байыпталды. Интеллигенция негізінен жұмысшы және 
шаруалардан  шыққандықтан,  солар  үшін  қызмет  етіп,  олардың  дүние  танымы 
мен  идеологиясы  да  марксизм-ленинизмге  негізделді.  Сондықтан  кеңестік 
кезеңде  интеллигенция  партиялық-мемлекеттік  идеялардың  жасаушысы, 
орындаушысы болғандықтан да партияның басты тірегіне айналды. 
Ғалым  Г.Чуланов  1951-ші  жылы  жарық  кӛрген  «Промышленность 
Казахстана за годы советской власти» деп аталатын монографиялық еңбегінде: 
«Қазақстанда  халықпен  етене  жақын,  халық  арасынан  шыққан  ӛзінің  ұлттық, 
социалистік  интеллигенциясы  пайда  болды.  Қазақ  интеллигенциясы  кеңес 
ӛкімет  тәрбиесін  алған  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындарында  білім 
алып,  социалистік  кәсіпорындарда  практикалық  жұмыс  істеп  шыңдалған 
адамдардан құралды»,- деп баға береді [78, 56-57 б.]. 
Интеллигенция  феноменін  қалыптастыруда  қазақстандық  тарихшы 
ғалымдардың қатарында Ж. Қарағұсовтың орны ерекше. Ол орыс тілінде жарық 
кӛрген  «Казахская  советская  интеллигенция,  рожденная  Октябрем»  деп 
аталатын монографиясында: «Қазақ даласында Ресейге қосылғанға дейін жалпы 
білім  беретін  кәсіптік  мектептер  болмағандықтан,  жергілікті  халықтан  оқыған 
адамдар  болған  жоқ.  Ал  Россияның  қол  астына  кіргеннен  соң  пайда  болған 
интеллигенция  еңбекші  қазақты  қанау  жолында  орыс  патшалығы  мен  бай-
шонжарларына  кӛмектесті»,  -  деп  баға  береді  [3].  Әрине  еңбек  бұрынырақ 
жарық кӛргендіктен, кейбір пікірлерімен келісуге болмайды  
Маркстік-лениндік  методологияны  басшылыққа  алған  ғалымдар  1960-шы 
жылдардың  басында  да  бұрынғы  пікірлерінен  алыстап  кете  алмады,  жаңа 
концепциялар  туындамады.  Интеллигенция  тек  тарихи  объект  ретінде 

 
26 
қарастырылып, олар соңынан саяси партияларды еріткендігі, таптар күресіндегі 
жетекші  рӛл  атқарғандығы  дәріптелді.  Тарихи  зерттеулердің  тақырыптары 
«Интеллигенция  үшін  СОКП-ның  күресі»,  «Интеллигенттерді  Кеңес  ӛкіметі 
жағына  тарту»,  «Большевиктердің  буржуазиялық  интеллигенцияны  қайта 
тәрбиелеудегі  жұмысы»  т.б.  байланысты  болды.  Интеллигенцияның  қоғамдық 
процестегі  субъективтік  рӛлі  Қазақстанның  тарихи  тағдыры  мен  Кеңес 
тӛңкерісіне  дейінгі  кезеңде  тек  азаттық  қозғалыстарға  қатысуы  түрінде 
зерттелді. 
Кеңестік  тарихшылар  қалыптасқан  бағытпен  ғана  алға  жылжуы  керек 
болды.  Шетелдік  зерттеушілердің,  неомарксистер  мен  постмарксистердің 
кӛзқарастарының келеңсіз жақтары алынып, сыналды. Интеллигенция тарихын 
зерттеуде оның әлеуметтік тарихы, эмиграциядағы және қазақ диаспорасының 
құрамындағы  интеллигенция  мәселелері  зерттелмеді.  Осы  мәселе  тӛңірегінде 
зерттеулер  жүргізу  қажеттігі  жайлы  ғалым  Г.М.  Меңдіқұлова  ескертіп  отыр. 
Соған  қарамастан  интеллигенцияның  кеңестік  тарихнамасында  кӛптеген 
фактілік  материалдар  жинақталып,  дерекнамалық  және  тарихнамалық 
жұмыстар жасалды.  
1960-шы  жылдардан  интеллигенцияның  тарихта  алатын  орнына,  рӛліне 
терең  мән беріле  бастады.  Мәдени  ӛмірде  серпіліс байқалып,  ғылым,  әдебиет, 
ӛнерде  жаңалықтар  пайда  болды.  Қалыптасқан  схемадан  тысқары  тарихи 
шындықты  ашудағы  ізденістер  тарих  ғылымындағы  «жаңа  бағыттың»  пайда 
болуы  интеллигенцияға  арналған  еңбектердің  жарық  кӛруіне  ықпал  етті.  Осы 
тұрғыда 
интеллигенция 
жӛніндегі 
қалыптасқан 
маркстік-лениндік 
догматикалық  талап  ӛзгеріп,  ғалымдар  ӛз  алдарына  жаңа  күрделі  міндеттерді 
шешуді мақсат етіп қойды.  
Интеллигенция  тарихын  зерттеуші  поляк  ғалымы  Ян  Шчепански 
интеллигенцияны  кәсіби  атқаратын  қызметіне  байланысты  мынадай  топтарға 
бӛледі:  1)  «шығармашылық  интеллигенция»  –  ғалымдар,  жазушылар, 
суретшілер,  композиторлар;  2)  «эксперттер»  –  жоғары  білімді  мамандар,  ӛз 
еркімен  білімін  ұсынушы  –  дәрігерлер,  заңгерлер,  инженерлер  т.  б;  3) 
«басшылар, әкімшілік қызметкерлері» - арнайы білімі бар саяси, мәдени салада 
қызмет ететін басшылар; 4) «әкімшілік-кеңсе қызметкерлері» - тӛменгі қызмет 
санатында  еңбек  ететін  шеноуниктер,  білімі  бар  ой  еңбегімен  айналысатын 
әртүрлі мамандық иелері [79, 24, 28-34 б.]. 
Интеллигенция 
анықтамасын 
қалыптастыруда 
М.Н. 
Руткевич,                        
В.С.  Семенов,  С.Л.  Сенявский  сынды  ғалымдар  кӛп  еңбек  сіңірді.                            
М.Н.  Руткевич  интеллигенцияны  жоғары  немесе  орта  арнаулы  білімді  талап 
ететін биік ӛрелі ой еңбегімен айналысатын еңбекшілердің үлкен тобы ретінде 
санап,  оған  мамандар  орнында  істеп  жүрген  практиктерді  де  жатқызады  [80, 
144 б.].  
Ц.А.  Степанян  «кеңестік  социалистік  интеллигенция  –  ой  еңбегімен 
айналысатын, 
құрамы 
жағынан 
кӛп 
ұлтты, 
табиғаты 
бойынша 
интернационалды, бұқаралық, тез ӛсіп келе жатқан әлеуметтік топ», - деп баға 
береді [81, 16 б.]. 

 
27 
Я.Г.  Кротков,  Л.В.  Фокина,  О.И.  Шкаратан  сынды  ғалымдар 
«интеллигенция  мен  қызметкерлер  қоғамымыздағы  ерекше  әлеуметтік  топ 
емес, жұмысшы мен шаруа таптарының ішіне кіретін екі топ»,  - деген пікірде 
болды [82, 12-13 б.]. 
В.Ф.  Сбытов  пен  Р.Г.  Яновский  «Үлкен  әлеуметтік  әрі  кӛпұлтты  топ 
интеллигенция  еңбекші  халықтың  бір  бӛлігі  бола  отырып,  арнайы  орта  және 
жоғары  білімді  талап  ететін  білікті  ой  еңбегін  атқарады.  Қоғамдық  ӛндіріс 
құрал-жабдықтарына  жұмысшы  табы  мен  колхозшы  шаруалармен  бірдей 
құқықта иелік етеді», - деп түйіндейді [83, 19 б.]. 
Болгар  ғалымдарының  да  бірқатары  «интеллигенция»  ұғымының 
классикалық 
анықтамасын 
қалыптастыруға 
ұмтылыс 
жасады. 
Олар 
«интеллигенция»  ұғымына  анықтама  беруде  кешенді  түрде  әр  түрлі  -  тарихи, 
функциональдық, этикалық, психологиялық т.б тәсілдерді қолданды [84, 43, 64-
65  б.].  Келесі  зерттеушілер  тобы  интеллигенцияның  кәсіби  жағынан 
мамандануындағы  әлеуметтік-психологиялық  ерекшеліктеріне  мән  бере 
отырып, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы топ деп те түйіндейді [85, 5 б.]. 
Шындығында  да  интеллигенцияның  мәні  -  оның  әлеуметтік  мазмұны  мен 
қоғамдағы  алатын  орнымен,  атқаратын  қызметімен,  әлеуметтік-таптық 
құрылымын  анықтау  арқылы  айқындалады»,  -  деп  ой  қорытады.  Кръстю 
Димитров:  «Интеллигенция  әлеуметтік  жіктелу  нәтижесінде  ой  және  дене 
еңбегіне  бӛлінуге  байланысты  макроәлеуметтік  топ  ретінде  пайда  болып, 
шығармашылықпен  айналысатын  жоғары  білімді,  ой  еңбегімен  айналыса 
отырып,  таптық  қоғамда  рухани,  технологиялық  құндылықтарды  дамытушы 
және жүзеге асырушы тұтас тұлға», - деген пікірде [86, 190-193, 209 б.]. 
1972  жылы  Индияның  Дели  қаласында  ӛткен  халықаралық  симпозиумда 
интеллигенцияға  байланысты  түрлі  таласты  пікірлер  айтылып,  атқаратын 
кәсіби  қызметіне,  орнына  баға  берілді.  Онда  интеллигенцияны  кәсіби 
маманданған, әрі қанаудан босатылған топ ретінде бірнеше бӛлікке бӛлді: 
1) 
«Бюрократиялық  жоғарғы  лауазымды  қызметкерлер»  –  басқару 
қызметін атқарушы мамандар
2) 
«Лидерлер»  –  саяси  қозғалыстарға  қатыса  отырып,  халық 
бұқарасын 
ұйымдастырушы, 
қоғам 
дамуына 
бақылау 
жасаушы 
интеллигенттер; 
3) 
«Интеллектуалдар»  -  ӛзінің  білімін  ұсына  отырып,  идеяларды 
жасап, сынай да алатындар; 
4) 
«Мамандар»  -  модернизациялау  мен  техникалық  жаңалықтарға 
тікелей қатысатындар [87, 28-29 б.]. 
Отандық  интеллигенция  тарихын  зерттеудің  ғылыми  орталықтары  мен 
мектептерінің  негізі  қаланды.  Қазақстанда  да  1970-ші  жылдардан  бастап, 
мәдениет  тарихын  зерттеудің  оның  ішінде  интеллигенция  тарихын  арнайы 
зерттеуші  ғалымдардың  мектептері  қалыптасты.  Оның  кӛшбасшысы               
Р.Б.  Сүлейменов  болды.  1972  жылы  орыс  тілінде  жарық  кӛрген  «Ленинские 
идеи  культурной  революции  и  их  осуществление  в  Казахстане» 

 
28 
монографиясында  интеллигенцияның  қалыптасуына  байланысты  теориялық 
тұжырымдар жасап, құнды тарихи фактілер ұсынылды [88]. 
Р.Б.  Сүлейменов  пен  Х.  Бисенов  Қазақстан  мәдениетінің  тарихына 
арналған  кӛлемді  монографиясында  интеллигенцияның  қалыптасуы  жайлы 
тұжырым  жасап,  сипатталуы  жағынан  социалистік  интеллигенция  болды  деп 
зерделегенімен,  негізгі  зерттеу  объектісі  болмағандықтан,  аталған  еңбекте 
интеллигенция феноменін қалыптастыруға жете мән берілмеген [5]. 
Интеллигенция  феноменін  қалыптастыруда  1980-ші  жылдардың  басынан 
бастап,  кең  кӛлемдегі  зерттеулер  негізі  қаланды.  Интеллигенцияның  кәсіби 
маманданған  топтары  жіктеліп,  арнайы  зерттеле  бастады.  Солардың  бірі       
У.И.  Мұхамеджанова  кӛркемӛнер  интеллигенциясының  әлеуметтік  рӛлі, 
құрылымы,  сандық  және  сапалық  даму  ерекшеліктеріне  мән  бере  отырып, 
ғылыми 
айналымға 
жаңа 
тың 
деректер 
енгізген. 
Зерттеуші                               
У.И.  Мұхамеджанова  кӛркемӛнер  интеллигенциясын  ой  еңбегімен  кәсіби 
айналысушы 
қызметкерлер 
тобы 
деп 
пайымдайды. 
Зерттеушінің 
интеллигенцияға байланысты пайымдауының бұрынғы ғылыми ұстанымдардан 
айырмашылығы байқалмайды [89]. 
Интеллигенция  тарихын  зерттеуге  деген  құлшыныстың  артуына 
байланысты  тың  серпіліс  «жариялылық»  пен  «қайта  құру»  кезеңінде  «адам 
құндылығына» жаңа кӛзқарастың әсер етеуімен тікелей байланысты туындады. 
Қайта құру процесінің кӛшбасында интеллигенция тұруына байланысты саяси 
санада  да  оған  деген  кӛзқарас  ӛзгерді.  Жаңа  кӛзқарастағы  ғалым 
тарихшылардың  қалыптасуы  мен  фактілердің  жинақталуы  интеллигенция 
тарихы мен феноменін қалыптастыруға жаңаша кӛзқарас пен баға беруді талап 
етті.  1980-ші  жылдардың  соңында  марксизм-ленинизм  догмаларынан 
тазартылған 
еңбектер 
жариялана 
бастады. 
Осы 
тұрғыда 
ғалым                          
Р.Б. 
Сүлейменовтің 
ғылыми 
мектебінде 
Г.К. 
Овчинникова 
мен                         
С.А. Қуандықованың еңбектері жарық кӛрді [90]. 
Бұл  екі  еңбек  те  кәсіби  жағынан  маманданған  кӛркемӛнер 
интеллигенциясы тарихына арналған. Кеңестік интеллигенция тарихын кеңінен 
зерттелген  уақытқа  1970-1980-ші  жылдарды  жатқыза  отырып,  инженерлік-
техникалық  интеллигенция,  ғылыми,  ауылшаруашылық  интеллигенциясына 
қарағанда  кӛркемӛнер  интеллигенциясы  тарихын  зерттеуге  жете  мән берілмей 
отырғандығын  айтады.  Біз  автордың  пікірін  қолдай  отырып,  осы  жылдары 
интеллигенция  тарихын  зерттеуші  тарихшылардың  еңбектеріндегі  мәселені 
зерттеудің  теориялық-методологиялық  негіздері  жаңа  қырынан  қарастырыла 
бастағандығын аңғарамыз. 
Қазақстан интеллигенциясының тарихы мен теориясына арналған еңбектер 
қатарына  Н.Т.  Кенжебаев  пен  В.Н.  Януловтардың  диссертациялық  еңбектерін 
де жатқызуға болады [91]. 
Интеллигенция  анықтамасын  жасаудағы  кейбір  идеологиялық  шектеуге 
байланысты «қайта құру» кезеңіне дейін берілген анықтама нақтылы дұрыс деп 
айтудың ӛзі күмән тудырады. 

 
29 
1980-ші  жылдардың  соңы  мен  1990-шы  жылдардың  басынан  қазақ 
интеллигенциясына  байланысты  концепция  жаңаша  зерделене  бастады.  Осы 
жылдары  жарияланған  басылымдарда  «интеллигенция»  ұғымы  бір  қырынан, 
қоғамды  жаңғыртудағы  интеллектуалдық  еңбектің  рӛлі  екінші  қырынан 
қаралып,  интеллигенцияға  ұстанған  ӛкімет  саясаты,  интеллигенция  мен 
халықтың арасындағы қатынастар туралы мәселелер зерттелді [92]. 
Академик  ғалым  М.Қ.  Қозыбаев  интеллигенция  методологиясын  түзеуге 
үлкен  үлес  қосты.  Ғалымның  пайымдауынша  «еліне  елеулі,  халқына  қалаулы 
жандар»  -  зиялылар  ел  жұртына  қызмет  етуді  бақыт  санайтын  «ұлттың  ұяты 
мен мияты» болып табылады», - деп пайымдады [93, 238 б.]. 
1990-шы  жылдардың  басында  интеллигенция  тарихын  теориялық-
методологиялық  жағынан  жаңаша  зерттеген  еңбектер  тобы  жарық  кӛре 
бастады.  Қазақстан  интеллигенциясы  тарихының  тарихнамасында  қайтадан 
жаңаша  зерделенген  жетілдірілген  ғылыми  кӛзқарас  пайда  болды.  Академик 
Р.Б.  Сүлейменовтан  кейінгі  ізбасар  шәкірті  Х.М.  Әбжановтың  да 
интеллигенция  тарихын  әр  қырынан  зерттеуге  байланысты  ӛзіндік  мектебі 
қалыптасты [19].  
Х.М.  Әбжанов  пен  Л.Я.  Гуревич  «интеллигенцияны  оның  қоғамдық 
прогрестегі  қызметі  анықтайды,  негізгі  дұрыс  белгісі  –  сыни  шығармашылық, 
ескіні  қолдамай,  экономикалық,  ғылыми-техникалық  және  әлеуметтік-саяси 
салада  болсын  жаңалықты  іздеуі  қажет.  ...Интеллигенция  –  элитарлық  білім 
алу»  -  деп  ой  қорытады.  «Интеллигенция»  термині  Батыста  қолданылмайды. 
Мұнда  «интеллектуалдар»  түсінігі  қалыптасқан.  Ә.  Әлпейісовпен  бірлесіп 
жазған 
еңбегінде 
интеллигенция 
қауымын 
еңбегінің 
күрделілігіне, 
антропосоциогенез  процесіне  әсері  және  ондағы  орнына  қарай  бірнеше  топқа 
бӛліп  қарау  керектігін  айтып,  интеллигенцияның  үш  құрамдас  бӛліктен 
тұратындығын: 1) интеллектуалдар; 2) мамандар; 3) жартылай интеллигенттер 
екендігін 
алға  тартады. 
Интеллектуалдар 
деп 
қызметімен 
немесе 
шығармашылығымен  танымның,  практиканың,  прогрестің  жаңа  бір  қырын 
ашқан,  келесі  баспалдағына  аттануға  негіз  қалаған  ой  еңбегі  адамдарының 
жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар шыққан саңлақтарын атап кӛрсетеді [19, 29 
б.]. Л. Гуревичтің пайымдауы бойынша, батыстық ғылыми, қоғамдық ой-пікір 
бойынша  интеллектуалдық  элитаны  әлеуметтік-саяси  контексте  ғана 
қарастырады  деп  санауға  болмайды,  шын  мәніне  келгенде,  технократтар  мен 
менеджерлер  ӛкіметінің  кӛптеген  болжау  модельдері  бойынша,  мәселені 
«интеллигенция және ӛкімет» тұрғысында қарайды [65, 25 б.]. 
Ғалым  Х.М.  Әбжанов  Г.  Назарбаевамен  бірлесіп  жазған  еңбегінде 
«интеллигенция  сӛзі  қазақ  тілінің  қорына  кейініректе  кірді.  Қазақ  хандығы 
тұсында «жақсылар», «ел ұстайтын ұл», «ерлер» ұғым түсініктері қолданылған 
екен.  Келе-келе  жинақтама  термин  орнықты.  Ахаңдар  мен  Әлекеңдер  тарих 
сахнасына  шыққан  ғасыр  басында  адамдардың  осынау  қауымдастығын 
оқығандар, зиялылар», - деп атады [94, 156-157 б.]. Ұлы М. Әуезов осыдан жүз 
жылға жуық бұрын былай деп жазған екен: «жә, қазақтың сол баста деп алдына 

 
30 
салып  отырған  кӛсемі  кім?  Ол  қазақтың  оқыған  азаматтары,  зиялылары»  [95, 
110 б.].  
Ғалым  Х.М.  Әбжанов  «алғашқыда  ой  еңбегі  адамдарының  әскери 
мамандар, басқарушы, кӛркем интеллигенция сияқты топтары қалыптасты дей 
келе,  интеллигенция  қоғамдық-экономикалық  дамудың  жемісі  болып 
табылады» деп ойын толықтырады [94, 158 б.].  
«Интеллигенция дегеніміз ой еңбегімен кәсіби түрде айналысушы адамдар 
қауымы»-деп пайымдайды. 
Интеллигенция  тарихын  зерттеп,  оған  жаңаша  серпіліс  берген  ғалымдар 
қатарына  М.Қ.  Қойгелдиевті  де  жатқызуға  болады.  Оның  докторлық 
диссертациясы  мен  соның  негізінде  жазылған  монографиясында  қазақ 
демократиялық  интеллигенциясының  ХХ-шы  ғасырдың  басындағы  қоғамдық-
саяси қызметі, қалыптасу жолдары, сапалық құрамына талдау жасалған. Ғалым 
М.Қ. 
Қойгелдиевтің 
зерттеу 
еңбегінің 
интеллигенция 
феноменін 
қалыптастыруда алатын орны ерекше [96]. 
Интеллигенция феноменін қалыптастыруда 1980-ші жылдардың соңы мен 
1990-шы  жылдардың  басындағы  И.  Шайхимованы  атаған  жӛн.  Ол  ұлттық 
интеллигенция  тарихы  мәселелерін  зерттей  отырып,  алдындағы  ғалымдарға 
қарағанда жаңаша зерделеуге тырысады. Ол: «Интеллигенция черпает силы из 
класса,  и  класс  черпает  духовные  силы  из  интеллигенции»  деген  тұжырым 
жасайды [18, 132 б.]. 
Интеллигенцияның  ішіндегі  ауылшаруашылық  интеллигенциясының 
тарихта  алатын  орнын  зерттеген  еңбектер  қатарына  А.И.  Қасабекова,                 
К.  Тӛлеубаева,  М.Т.  Іліповтордың  кандидаттық  диссертацияларын  жатқызуға 
болады.  Онда  ауылшарашылығы  интеллигенциясының  тарихымен  қатар 
теориялық мәселелері де кеңінен қамтылған [23]. 
1990–шы  жылдардың  соңында  зерттеушілер  Ә.Пірманов  пен  А.Қапаева 
«интеллигенция – қоғамның таптық құрылымындағы әлеуметтік категория. Бұл 
категорияға  ой  еңбегін,  дәлірек  айтқанда,  оның  үш  түрін:  1)  нәтижесі  товарға 
айналып,  рухани  қазына  құратын  интеллектуалдық  қызметті  (жазушылар  мен 
суретшілердің т.б. шығармалары); 2) еңбектің нәтижесін шығармашылық іздену 
процесімен ұштастыратын қызметті (ғалымдар, дәрігерлер т.б.); 3)нәтижесінде 
материалдық 
қазыналар 
жасалатын 
ой 
қызметін 
(инженерлердің, 
агрономдардың  және  т.б.  еңбегі)  кәсіп  ететін  ақыл-ой  иелері  жатқызылады. 
Демек  «әлеуметтік  құбылыс  ретінде  интеллигенция  дегеніміз  -  ой  еңбегімен 
кәсіби  түрде  шұғылданатын,  шығармашылық  қызметтің  нәтижесінде 
материалдық  және  рухани  қазыналар  жасайтын  адамдардың  қоғамдық 
құрылымы», - деген тұжырымға келген [23, 6 б.].  
Осы  жылдары  қорғалған  ғылыми  еңбектердің  бірі  –  Е.Т.  Берлібаевтың 
«Қазақстан  интеллигенциясының  әлеуметтік-саяси  белсенділігі  (1985-1995жж) 
тақырыбындағы  кандидаттық  диссертациясы.  Интеллигенция  концепциясын 
қалыптастыруда,  оған  жаңаша  баға  беруде  бұл  еңбектің  алатын  орны  ерекше. 
Еңбекте қазақ интеллигенциясына идеологиядан, партиялық баға берудан таза 
объективті  баға  берілген.  Интеллигенция  дегеніміз  -  ұлттық  және  адамзаттық 

 
31 
асыл  қасиеттердің  тарихи  тәжірибеден  ӛткен  әр  түрлі  қырларын  бойына 
сіңірген  және  оны  ой  қорыту  жүйелері  арқылы  дамытып,  нәтижесін  халық 
игілігі үшін жұмсайтын, ой еңбегімен кәсіби айналысушылар. Ал оның сапасы 
бұларды қаншалықты бойына сіңірумен, біліктілік деңгейіне байланысты деген 
пікірін  білдіреді  [23,  25].  Интеллигенцияның  белгісі  жеке  адамдардың  жұмыс 
орны  мен  дипломы  ғана  емес,  оның  ӛмірі  мен  қызметіндегі  интеллектуалдық 
еңбегіне  қарай  анықталуы  тиістігін  ұсынады.  Зерттеушінің  интеллигенцияға 
байланысты  пайымдауы,  анықтамасы  жаңа  заман  талабына  сәйкес  келеді. 
Осыған  ұқсас  пікір  зерттеуші  С.Т.  Рысбекованың  зерттеуінде  кездеседі. 
Интеллигенция қандай болмасын басқа әлеуметтік топ сияқты емес, халықтың 
жаппай  санасына  ықпал  етеді,  сондықтан  оның  қоғам  алдындағы 
жауапкершілігі  зор.  Қоғамның  тұрақтылығы,  бірлігі,  бірқалыптылыптылығы 
интеллигенцияға байланысты. Сондықтан бұл ой еңбегімен кәсіби айналысушы 
интеллигенцияның  әлеуметтік  топ  ретіндегі  біркелкілігін  анықтайды  деп  атап 
кӛрсетеді [24, 6 б.].  
1990-шы  жылдардың  соңында  зерттеуші  Э.Абланова  «зиялылар  деген 
түсінікпен  біздер  жоғары  және  маманданған  орта  білімі  барларды  атаймыз, 
бірақ  «зиялылар»  түсінігінде  ой  еңбегімен  немесе  дене  еңбегімен 
айналыспайтын  барлық  қызметшілер  кіреді,  олардың  ішінде  жоғары 
дипломдары жоқтар да есептеледі», - деген ой қорытады [97, 111 б.].  
Қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихына үлес қосқан ғалымдардың 
қатарында  Б.  Кенжетаевтың  да  алар  орны  ӛзгеше  еді.  Алайда  аз  ғана  ғұмыр 
кешсе де артына ӛлмес мол мұра қалдырды. Қазақстандағы интеллигенцияның 
алғашқы ӛкілдері: мұғалімдер, дәрігерлер, заңгерлер, мал дәрігерлері болды деп 
ой  тұжырымдайды.  Тарихи-салыстырмалық  әдісті  пайдалана  отырып,  білім 
алған қазақтардың кӛпшілігінің ХІХ-ХХ ғғ. Торғай, Орал облыстары мен Бӛкей 
Ордаларынан шыққандығын айтады. Интеллигенцияның негізгі дұрыс белгісіне 
мамандығы, географиялық және әлеуметтік шығу тегі алынғандығын саралаған 
[98, 10-11 б.]. 
2004  жылы  Г.  Хабижанова,  Э.  Валиханов,  А.  Кривковтардың  «Русская 
демократическая интеллигенция в Казахстане второй половине ХІХ  начале ХХ 
века»  деп  аталатын  монографиялық  еңбегі  жарық  кӛрді.  Әлеуметтанушылар 
пікірімен 
келісе 
отырып, 
интеллигенцияның 
барлық 
анықтамасы: 
функционалдық,  мәдениеттанушылық,  құндылық  барлығы  қабысып,  біртұтас 
ұғым  береді  деп  есептейді.  Онда  интеллигенцияға  ӛзінің  қалыптасуының 
қайнар  кӛзі  дворяндық  интеллигенция  ӛкілдерінен  басталуы  объективті  болса 
да,  ХХ  ғ.  басында  таптық  кӛзқараспен  қарауды  қою  керек  деп  пайымдайды. 
Авторлар интеллигенцияның білімдік деңгейіне де мән берген. Ӛткен ғасырдың 
басындағы  интеллигенттің  психологиялық  портретінің  ерекшелігі  ӛзіндік 
адамгершілік  құндылықтарының  жүйесінде  дей  келіп,  олардың  қатарына 
шенеуниктер ӛкілдерін де жатқызу керек деп тұжырымдайды [99, 24 б.]. 
Интеллигенция туралы тұжырымды қалыптастыруға ғалым Р.М. Жұмашев 
та  үлкен  үлес  қосты.  Автор  қазіргі  Қазақстан  интеллигенциясы 
типологиясының негізін екі категорияға жатқызып; ӛркениеттілік даму деңгейі 

 
32 
және  басқа  этникалық,  әсіресе,  орыс  метрополі  этносына  қатынасы  деген 
пікірін білдіреді [100, 121-122 б.]. Р.М. Жұмашев ӛз ойын былайша түйіндейді: 
«На  наш  взгляд,  можно  определить  категорию  интеллигенции  как  категорию 
лиц,  профессионально  занимающих  производство,  трансляцию  и  основное 
потребление  знаний  и  духовных  ценностей.  При  этом,  видимо  следует 
выделить  творчество  как  неотъемлемую  черту  интеллигентского  труда 
критерия  выделения  интеллигенции  из  бюрократического  и  управленческого 
персонала.  Вместе  с  тем  интеллигенция  может  производить  определенную 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет