Қорытынды. Тіл тек адамға қасиет болғандықтан, сӛз ӛмірі мен адам ӛмірі
сияқты: оның ӛмірге келу мерзімі, ӛмір сүру уақыты және ӛлу мезгілі болады.
Күнделікті ӛмірде қолданылып жүрген сӛздерді айтпағанның ӛзінде «социализм»,
«коммунизм», «Совет Одағы» сияқты сӛздердің де 1917 жылғы қазан тӛңкерісінен
кейін жетпіс жылдан аса уақыт идеалымыздың термині ретінде сӛздік қорымызға
кіріп, тӛл сӛзімізге айналғанына қарамай, соңғы бір-екі жылдың кӛлемінде жоғалып,
тарихи сӛздердің арасынан орын алып жатыр. Оның есесіне елімізді демократиялық
ӛзгерістер мен жариялылықтың орнауымен ӛмірге жүздеген жаңа сӛздер келіп, кӛне
тӛл сӛздеріміз жаңа мағынаға ие болып, жаңа қолданыс тауып жүр.
Әсіресе, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы осыған үлкен жол
ашты. Себебі ӛмірдегі ӛзгерістер, жаңалықтар тіл арқылы ӛрнектеледі, кӛрінеді.
Оған жариялылық, құжат, хаттама, бекет, әуежай, ұшақ, т.б. толып жатқан сӛздерді
келтіруге болады.
Қорыта келе айтар болсақ, түрлі әдістермен жаңа сӛздер жасалмайды,
керісінше, тілімізде бұрыннан бар сӛздер бірнеше тәсілдер арқылы жаңа қолданысқа
түседі. Кейбірі мағына ауыстырып терминге ӛтеді. Бірақ жаңа сӛз бен жаңа
қолданысты ауыстырып алуға болмайды. Жаңа сӛз дегеніміз – жаңа мазмұннан,
жаңа формадан тұрса, жаңа сӛз қолданыс; ескі мазмұн, жаңа формадан немесе жаңа
мазмұн ескі формадан құралады. Жаңа сӛздер мазмұны мен тұлғасы жағынан бір-
біріне сай жаңа тұлғада келеді. Басқа тілге дайын күйінде енеді. Қабылдаушы тілдің
заңдылығына мойынсынбайды. Ал жаңа сӛз қолданыстың тілімізде пайда болу
үдерісі тіл заңдылығына сүйеніп, тіл тазалығын сақтау мүддесін кӛздейді. Жаңа
сӛздің мазмұнын сараптау, оларға мағыналас сӛз іріктеу уақытты қажет етеді.
Ендеше жаңа сӛздер мен жаңа сӛз қолданыстарды бір-бірінен айыра білу, жаңа
сӛз қолданыс ұғымын неолгизм сӛздермен қатар атап кӛрсету, мектеп оқушыларына
да жаңа түсінік беру керек деп ойлаймын. Тілімізге қолданысқа еніп жатқан кез
келген жаңа формадағы сӛздерді жаңа сӛз демей-ақ, ұлттық сӛздік қорымыздан
баламасын тауып қолданып жатсақ, нұр үстіне нұр болары анық.
Әдебиеттер
1 Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1985.
2 Бәйтікова Ш. Қазақ тіліндегі неологизмдер. – Алматы, 1971. – 35, 47 бб.
3 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1975.
4 Қадырқұлов Қ. Байырғы сӛздердің қолданысқа енуі // Қазақ тілі мен әдебиеті.
– 1995. – 113 б.
5 Қадырқұлов Қ. Кейбір қосымшалардың қызметі // Қазақ тілі мен әдебиеті. –
№№11, 12. – 1994.
6 Алдашева А. Қазіргі қазақ әдебиеті тіліндегі қолданыстар. – Алматы, 2008.
7 Оразбекова А. Неологизмдердің дамуы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1994.
8 Егемен Қазақстан. – 1994, 1991.
9 Жаңа атаулар. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 124, 18 бб.
10 Исаев Ж. Қазақ тілі. – Алматы, 1989. – 125 б.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
140
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҦЙЫМДАСТЫРҒАН «ГЕОГРАФИЯ – МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ» АТТЫ
ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҤСКЕН ЖҦМЫСТАР
БАКУОВА Нҧржанна Сабыржанқызы,
Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «А» сынып оқушысы,
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: АБИЛМАЕВ Мухтар Рахимбердиевич,
Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі «География» пәнінің мҧғалімі,
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
ӚСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ АУЫР ӚНЕРКӘСІП КЕШЕНДЕРІНІҢ
АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ
Кіріспе. 2014 жылдың шілде айында Шығыс Қазақстан облысына бағытталған
ғылыми-ӛлкетанулық экспедициямыздың барысында бізді осы ӛлкенің, яғни,
Ӛскемен қаласының ауыр ӛнеркәсіп кешендері қызықтырды. Ӛскемен қаласы –
Шығыс Қазақстан облысындағы ӛнеркәсіп орталықтарының бірі. Ӛскемен
Қазақстандағы түсті металлургия орталығының бірі болып саналады. Сол себепті
мен осы тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргіздім.
Шығыс Қазақстан облысында ӛз орнымен ерекшеленетін Риддер, Ӛскемен,
Кенді Алтай секілді ірі орталықтарын айтуға болады. Олар ӛздерінің ӛнеркәсіп
кешендері және металлургия салаларымен мақтана алады. Ауыр ӛнеркәсіп жайында
нақты деректер алу мақсатында ӛз зерттеу-ӛлкетануымызды Шығыс Қазақстан
орталығы – Ӛскемен қаласында жүргіздік.
Қаланың экономикалық ахуалы соңғы жылдарда тұрақты даму үстінде. Оған
жылдан-жылға ӛсіп келе жатқан ӛнеркәсіп кӛрсеткіштері ықпал етіп отыр.
Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар ӛндіру, машина жасау. Бұл салалар
облыс, сол секілді қала экономикасының барометрі болып табылады.
Зерттеу жобысының мақсаты: Ӛскемен қаласындағы ауыр ӛнеркәсіп
кешендерінің аймақ экономикасына тигізер әсерін зерттеу.
Зерттеу жобасының міндеттері:
- Ӛскемен қаласындағы ауыр ӛнеркәсіп кешендері туралы деректерді жинау;
- Ӛскемен қаласындағы ауыр ӛнеркәсіп кешендерінің аймақ экономикасына
тигізер пайдасын анықтау;
- Ӛскемен қаласындағы ауыр ӛнеркәсіп кешендерінің болашақтағы даму
бағдарына болжам жасау.
Зерттеу жобасының ӛзектілігі: Ӛскемен қаласы шығыстағы ең үлкен
индустриалды қала болып саналады. Себебі, Ӛскемен қаласында атақты «Казцинк»,
«Азия Авто», «Ӛскемен ГЭС-і» т.б. ӛнеркәсіп кешендері орналасқан. Осы ӛнеркәсіп
кешендерінің аймақ экономикасына қаншалықты табыс әкеліп отырғанын білу
маңызды. Сонымен қатар алдағы уақыттарда ӛнеркәсіп кешендерінің даму қарқыны
мен бағыт-бағдарларын анықтау мәселесі бізді қызықтырды.
Зерттеу әдістері:
- Дерек кӛздерімен жұмыс;
- Ғаламтор мен түрлі деректерді жүйелеу;
- Ӛскемен қаласындағы ӛнеркәсіп орындарына бару.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
141
Ӛскемен қаласының ауыр ӛнеркәсіп кешендері. Экономиканың басты
тұтқасы – түсті металлургия. Бұл сала облыс беделін асқақтатып отыр. Қаладағы
ауыр ӛнеркәсіп кешені жалпы республика бойынша танымал кәсіпорындармен
атақты, олар «Үлбі металургия зауыты» АҚ, «Қазмырыш» ҰК, «Ӛскемен титан-
магний зауыты» АҚ және т.б.
Сонымен қатар, машина жасау кешендері облыста беделді орын алады.
Машина жасау кешенінде «Шығысмашзавод» ААҚ, «Азия Авто» АҚ, «Ӛскемен
арматура зауыты» АҚ, «Ӛскемен конденсатор зауыты» АҚ, басқа да кәсіпорындар
жұмыс істеп, негізінен тау-кен және ӛңдеу жабдықтарын, мұнай-газ құбырын,
арматура, автомобиль, конденсатор жасаумен айналысады.
Ӛскемен қаласы, негізінен, су ресурстарына, машина жасау кешендеріне,
металл ӛңдеу ӛнеркәсіптеріне бай. Су ресурстарын айта кетсек, Ӛскемен қаласы
Ертіс бен Үлбі ӛзенінің қиылысында қаланған. Ертіс – Республикадағы ең үлкен
ӛзені болып саналады. Обылыста Ертіс ӛзені оның салалары су ӛнеркәсібін және
халықты сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Жоғарыда айта кеткендей, кен ӛндіру кешендері облыс экономикасына ӛз
үлесін тигізуде. Әсіресе, түсті металдардың кӛптеп шығуы. Бұл салада 197 нысан
жұмыс істейді. Негізгі ӛндірілетін ӛнімдері – түсті металл (мырыш, мыс, күміс),
алтын, титан, кӛмір. Ӛскемен қаласында ӛндірілген ӛнімдер аймақпен қоса, дүние
жүзі бойынша алар орны ерекше деп айта аламын.
«Қазмырыш» ӛнеркәсіп кешені. «Қазмырыш» (Kazzinc) – түсті металлургия
кәсіпорны. 1997 жылы қаңтарда құрылған. Құрамына Ӛскемен қорғасын-мырыш
комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зырян мырыш комбинаты, Ленингор
жӛндеу-механика зауыты акционерлік қоғамдары, Текелі кен байыту комбинаты мен
Бұқтырма су-энергетикалық кешені енеді. Басқарушы компания – «Қазастур Цинг
АГ» фирмасы (Швейцария).
Кәсіпорын металды мырыш, тазартылған қорғасын, мыс концентратын,
металды кадмий, күкірт қышқылын, электр және жылу энергиясын ӛндіреді.
«Қазмырыш» 50 мердігерлік кәсіпорынды байланыстырып, 25 мың жұмысшы
маманға жұмыс беріп отыр. 1996 жылмен салыстырғанда 2000 жылы мырыш ӛндіру
55%, қорғасын – 136%, мыс – 71%, алтын – 125%, күміс – 418%-ға ӛсті. Мырыштың
жылдық ӛнімі 240 мың тоннадан асып түсті. Республика бюджетіне 75 млн.
доллардан астам қаржы аударды.
«Қазмырыш» ӛзі құрылғаннан бергі жылдар ішінде ӛндірістік қуаттар мен ӛнім
ӛндіруді барлық бағыттар бойынша едәуір арттырды. Компания ӛндіріс
шығындарын мейлінше азайта отырып, әлемдік мырыш саласындағы озат
кәсіпорындар бестігіне кіруді мақсат тұта даму үстінде.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
142
Ӛскемен қаласындағы машина жасау ӛнеркәсіп кешені. Ӛскемен
қаласының машина жасау ӛнеркәсіптері талайды тамсандырмай қоймайды. Зерттеу
барысында атақты машина зауыттарының бірі «Азия Автода» ӛз экскурсиямызды
жүргіздік.
«Азия Авто» компаниясы – 2002 жылдың желтоқсанында құрылған
Қазақстанның мықты авто зауыттарының бірі. Бәсекелестікте «Азия Авто» зауыты
70 млн. долларды құрайды.
Ӛскемен қаласындағы «Азия Авто» машина жасау кешенінде күніне 100-ден
астам автокӛлік құрастыру қолға алынған. Дәлелдемелерге сүйенсек, компания осы
желтоқсан айында 2200-дей жеңіл автокӛлік шығаруды қолға алып отыр. Зауыттың
инженер-технологы С. Сикериннің айтуынша, алдағы жылдары осы компанияның
ішінде кӛлікті сырлау, дәнекерлеу сияқты бӛлімдер біртіндеп іске қосыла бастайды.
Одан ары бұрандалар мен кӛліктің айна шыны және тағы басқа керек-жарақтары
ӛзімізде жасалуы мүмкін.
«Азия Авто» кәсіпорны «Skoda Superb» маркалы жаңартылған жеңіл кӛліктің
ӛндірісін іске қосты. Президенттің айтуынша, Қазақстан «Skoda Superb» жаңа
үлгісіндегі кӛліктерді ӛндіретін Чехия мен Үндістаннан кейін әлемдегі үшінші
мемлекет атанып отырмыз.
Қазір еліміздегі темір тұлпарлардың ішінде ең кӛп ӛндірілетіні – «Skoda», оның
сатылымы жыл басынан бері 2,7 есеге ӛскен. Сонымен қатар, Еуропада жеңіл
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
143
кӛлікке сұраныстың тӛмендеуіне қарамастан, компания «Шкоданың» 534,3 мың
данасын сатқан. Бұл – кӛлік үлгісінің жаңаруының нәтижесі.
Ӛскемен
ГЭС-і.
Гидростанциялардың
40%-дан
астамы
Қазақстан
Республикасының шығысындағы Ертіс ӛзенінде шоғырланған.
Ертіс сарқырамасының біріншісі – Ӛскемен ГЭС-і. Оның директоры қызметін
бірқатар уақыт бұрынғы Кеңес Одағы Министрлер Кеңесінің Тӛрағасы Георгий
Маленков атқарды. Бұл гидростанцияны жобалау және салу жұмыстары 1939 жылы
басталды. Алайда, Ұлы Отан соғысының салдарынан бірінші турбина тек 1952
жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді.
Ӛскемен ГЭС-і соғыстан кейінгі ауыр жылдардың кесірінен 1959 жылы ғана
жобалық қуатпен жұмыс істеуге кӛшті. Қалған үш турбина сәйкесінше 1953 жылы
маусымда, 1953 жылы желтоқсанда және 1959 жылы қарашада пайдалануға берілді.
Қазіргі кезде Ӛскемен қаласының солтүстік-шығыс жағында орналасқан
станцияның бекітілген қуаты 331,2 МВт құрайтын тӛрт турбинасы бар (82,8 МВт).
ГЭС қҧрылыстарының қҧрамы мыналар: тӛрт су тӛгетін саңылауы бар
қырқасы бойынша ұзындығы 92 м су тӛгетін бетон бӛгет; ұзындығы 300 м бітеу
бетон бӛгеттер; ұзындығы 129 м бӛгет бойындағы ГЭС ғимараты; бір камералы кеме
жүзетін шлюз.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
144
Станцияның бекітілген қуаты 331,2 МВт құрайды. Бірақ, тосқауыл толық
алынбай, тӛменгі бьефтің есептік деңгейін шамамен 1,5 метрге ӛзгергендіктен,
станцияның қазіргі қуаты 315 МВт құрап отыр. Станцияның орташа кӛпжылдық
ӛнімділігі сағатына 1 580 млн кВт, ал су таяз болғаны жылы сағатына 1 200 млн. кВт
құрайды.
Ӛскемен
қаласындағы
ауыр
ӛнеркәсіп
кешендерінің
аймақ
экономикасына тигізер әсері. Ӛнеркәсіп – Қазақстан шаруашылығының басты
саласы. Ӛнеркәсіптің дамуы басқа салалар мен қазақстандықтардың ӛмір сүру
деңгейінің кӛтерілуіне ықпал етеді. Айта кетсек, Республикамызды электрлендіруде,
қорғаныс қабілетін нығайтуда, атом техникасын, авиацияны, сондай-ақ қара
металлургия мен химия ӛнеркәсібінің дамуында түсті металлургияның маңызы зор.
Халық шаруашылығының ұлттық экономиканың дамуына шешуші ықпал ететін
маңызды саласы.
Ауыр ӛнеркәсіп кешендерінің экономикасына тигізер әсерлері:
1. Химия ӛнімдерінің жедел дами түсуі;
2. Құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың ашылуы;
3. Түсті металдардың ӛндірілуі;
4. Ӛз ӛнімдерін ӛз аймақтарында пайдалану;
5. Аймақ беделінің асқақтауы.
Түсті металдардың кӛп бӛлігі аз уақыттан бері ғана пайдаланыла бастады.
Ғылыми-техникалық ӛркениеттің нәтижесінде кеңінен қолданысқа түсті. Түсті
металдардың реактивті ұшақтарды, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасауда
ерекше қасиеттері бар. Мысалы, Ӛскемен қаласында күміс және мыс кӛп ӛндіріледі.
Себебі, күміс және мыс жоғары электр ӛткізгіштігімен ерекшеленеді. Сондықтан
олардың қолдану аясы ӛте ауқымды: медициналық аспаптар мен материалдардан
бастап күрделі электроника мен ядролық техника осы металдардан жасалады.
Кӛптеген түсті металдардан сапасы жӛнінен бастапқы материалдардан да асып
түсетін қорытпалар жасалады. Сонымен қатар, ауыр ӛнеркәсіп кешендерінің
санының артуы біздің еліміздің ӛнеркәсібі мен әлемдік түсті металлургиядағы орнын
сақтап қалады.
Ӛскемен қаласындағы ауыр ӛнеркәсіп кешендерінің проблемалық
жағдайы. Ӛскемен қаласы ауыр ӛнеркәсіп кешендерінің арқасында ӛз экономикасын
дамыту үстінде. Алайда, ауыр ӛнеркәсіп кешендерінің проблемалық жағдайлары да
бар. Мысалы, «Азия Авто» машина жасау кешеніне «Лада» автокӛліктерінің 95
пайыз бӛлшектерді Ресейден, ал «KIA» маркалы кӛліктерінің бӛлшектері 100 пайыз
Оңтүстік Кореядан жеткізіледі. Зауыт тек құрастырушы ғана [4]. Сонымен қатар,
ӛндірілген ӛнімдерді шет елге экспорттап жатыр. Сондағы шығарылған деген атағы
болмаса, практикалық жүзінен пайда келеді деп айта алмаймын. Ең басты
проблеманың бірі – осы.
Екіншіден, ауыр ӛнеркәсіп кешендері экологиялық жағынан күрделі аймақтың
қалыптасуына жол береді, яғни, атмосфераның ластанып, ауада газдар мен
түтіндердің таралуы және олардың адамзатқа тигізер зиянды әсерлері артады. Соның
әсерінен қауіпті аурулардың таралуына жол ашады.
Ӛскемен қаласы қазіргі жағдайда экологиялық күрделі аймақ болып саналады.
Осының бірден-бір себебі – ауыр ӛнеркәсіп кешендерінің кӛп болуы.
Металлургия табиғат кешендерінің барлық құрамдас бӛліктеріне әсерін
тигізеді. Кӛп жерлерді қалдықтар, яғни, металлургиялық қождар (шлактар) алып
жатуы мүмкін. Егер осы қалдықтарды тегістеп жайса, еліміздің 2 мм болатын қабат
жауып кетер еді. Бұзылған жерлерге кӛп шығынды қажет ететін қалпына келтіру
шаралары қажет [5].
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
145
Металлургия зиянды заттардың кӛп мӛлшерін атмосфераға шығарады. Әсіресе,
қалдық газдар, құрамында металы бар тозаң және басқа элементтер аса қауіпті.
Ӛскемен қаласындағы ауыр ӛнеркәсіп кешендерін дамыту мҥмкіндіктері.
Ауыр ӛнеркәсіп кешендері аймақ экономикасына ғана емес, сондай-ақ Республика
эконономикасына ӛз үлесін қосып жатыр. Алайда, әлі де қарастырар мәселелер бар.
Мысалы, машина жасау үшін химиялық құралдар және басқа да құралдарды
қамтамасыз етеді. Ӛскемен машина жасау зауыттары тек құрастырушы ғана болып
табылады.
Қазір де Қазақстан Ресейдің «АвтоВАЗ» машина жасау компаниясымен
байланыс жасауда, бірақ тек қана импорт-экспорттық байланыс. Осыған байланысты
менің ұсынысым: «Азия Авто» Ресейдің «АвтоВАЗ-ымен» тікелей байланыс
орнатып, бірлесіп жаңа маркалы кӛлік ойлап табуға болады. Сонда біздің елге де,
оларға да пайда келеді. Сол арқылы машина жасаудың қыр-сырын білуге болады
және тек құрастырмай, химиялық құралдарын да ӛз елімізден шықса қазіргіден де
жақсы болар еді.
Сонымен қатар, Ӛскемен қаласындағы түсті металлургия зауыттарында
ӛңделген металдар экспортқа шығып жатыр. Ал, оларды ӛз елімізде одан әрі ӛндіріп,
машина жасау ӛнеркәсібінде пайдалануға болар еді. Сонда біз импортталған
кӛліктерді емес, «Қазақстанда жасалған» кӛліктерді иемденеміз!
Сонымен қатар, ең кӛне металлургиялық база – Шығыс базасы. Жаңарту
мақсатында, кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етіп, «ӛндірістің жоғарғы
қабаттарын» тұрғызып, қалыптастыруды қамтамасыз ету, яғни, прокат, қорытпа,
түсті металдардан дайын ӛнімдер шығару маңызды.
Қорытынды. Қорыта айтқанда, Ӛскемен қаласындағы түсті металлургия мен
басқа да ауыр ӛнеркәсіп кешендері тек Шығыс Қазақстан облысы ғана емес, бүкіл
Қазақ елінің экономикасын кӛтеруде маңызы зор.
Жоғарыда атап ӛткендей, Ӛскемен қаласындағы ауыр ӛнеркәсіп кешендерінің
даму мүмкіндіктері жоғары. Бұл ӛнеркәсіп кешендерінің ел экономикасын одан әрі
дамыту үшін қалада әр түрлі кластерді дамыту мақсатында қолдану керек. Айта
кетсек, машина жасау кластері, түсті металлургия кластері, отын энергетикалық
кешені және т.б.
Шаруашылықтық нарықтық принциптері ауыртпалығын бастан кешіре
отырып, Ӛскемен қаласы бүгінгі күні – Қазақстан Республикасының басты
ӛнеркәсіп, энергетика, кӛлік және мәдениет орталықтарының біріне айналды.
Сонымен қатар, Ӛскемен қаласы ӛзінің құнды ӛнеркәсіп кешендерімен мақтануға
лайық. Ауыр ӛнеркәсіп кешендерінің аймақ экономикасына ғана емес,
Республиканың экономикасына айтарлықтай пайдасы бар. Себебі, ауыр ӛнеркәсіп –
халық шаруашылығының ұлттық экономиканың дамуына шешуші ықпал ететін
маңызды саласы.
Алайда, осы жетістіктермен тоқтап қалмай, алға қарай қадам басу қажет.
Ӛскемен қаласындағы ауыр ӛнеркәсіп кешендерін одан әрі дамыту мақсатында
металл ӛңдеу және ӛндіру кешендері мен машина жасау зауыттарының санын
кӛбейту керек. Сонымен қатар, білікті мамандар дайындап, жаңашыл идеяларды
ұштастыра отырып, заманауи ауыр ӛнеркәсіп кешендерінің кӛбеюіне ат салысып, ӛз
үлесімізді тигізейік!
Әдебиеттер
1 Қазмырыш – Ӛскемен // Ғаламтор жүйесі. Уикепедия.
2 Нұрсапаров Д. Ӛскемен, экономика // Ғаламтор жүйесі. Altaynews.kz. – 2012.
– 25 желтоқсан.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
146
3 Ӛскемен ГЭС-і // Ғаламтор жүйесі. – ep.ucoz.kz.
4 Нұрсапаров Д. Ӛскемен, экономика // Ғаламтор жүйесі. Altaynews.kz. – 2012.
– 25 желтоқсан.
5 Түсті металлургия // Ғаламтор жүйесі. – el.kz. – 2012. – 5 желтоқсан.
МҦРАТҚЫЗЫ Іңкәр,
Алматы облыстық №15 мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы,
Тҥрксіб ауданы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ЖАНДЫКЕЕВА Жанар Мҧратбекқызы,
Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты «География» пәнінің мҧғалімі,
Тҥрксіб ауданы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАСТЫ ӚЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
МОНИТОРИНГІ
Бұл жұмыста Алматы қаласы арқылы ағып ӛтетін басты ӛзендер Үлкен
Алматы, Кіші Алматы және Есентай ӛзендерінің 2013-14 жылдар аралығында су
сапасының ластану деңгейі мен шектеулі жіберілетін концентрация (ШЖК)
мӛлшерін жоғарылатушы ластаушы заттардың құрамы туралы баяндалады.
Тҥйінді сӛздер: экологиялық мониторинг, өзендер, Алматы қаласы.
Еліміздің ең үлкен қаласы Алматының су ресурстарының (ӛзендері, кӛлдері,
тоғандары т.б.) қазіргі экологиялық жағдайын айта келе, оларды тазалаудың тиімді
жолдарын қарастыру аса маңызды.
Алматы қаласында 22 ӛзен және 4 жасанды арналы су қоймалары орналасқан.
Ӛзендердің арналарының жалпы ұзындығы 220,8 шқ, су қоры айналарының жалпы
ауданы – 1116 га. Алматыдағы ең үлкен ӛзендер: Үлкен Алматы ӛзені (29 шқ), Кіші
Алматы ӛзені (28 шқ). Одан кейінгі үлкен ӛзен – Есентай (25 шқ) ӛзендері. Қаланы
сумен қамтамасыз ету кӛздері жер үсті кӛздері – бұл Үлкен және Кіші Алматы
кӛлдері, жер асты кӛздері – Алматы, Талғар, Кіші Алматы кен орындары.
Түрксіб ауданында орналасқан Ержанов кӛшесі бойындағы Сұлтан-Қарасу
ӛзені жағалауының жағдайын зерттеп қайттық. Сұлтан-Қарасу ӛзені кіші ӛзендер
қатарына жатады, қала шекарасының 13,6 шқ ұзындығын алып жатыр.
Сұлтан-Қарасу ӛзені аңғарын зерттеу кезінде мынадай деректер анықталды.
Ӛзеннің Ержанов кӛшесімен қиылысқан жерінде диаметрі 1000 мм, ұзындығы 40
метр болатын темір бетон құбыры арқылы биіктігі 15 метрлік жол үйіндісі астымен
ӛтеді. Су деңгейінің жоғарылауынан (құбырдан 2 метр жоғары) және ӛзеннің осы
жағына қосымша қоқыс толуына байланысты ӛзен жанындағы жеке үйлер мен аула
құрылыстарын су басу қауіпі туындап отыр. Осы себептен, Қазақстан
Республикасының «Табиғи және техногенді сипаттағы тӛтенше жағдайлар туралы»
Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы №451
«Республика аумағындағы тӛтенше жағдайдың алдын алу шаралары туралы» Ӛкімін
басшылыққа ала отырып, ТЖ жою мақсатында комиссия келесі іс-шараларды
жүргізуге ұсыныс жасады, жұмыстар жүргізілді:
1. Түрксіб ауданының әкімі Алматы қаласының апаттар және зілзалалардың
алдын алуды ұйымдастыру, азаматтық қорғаныс, Жұмылдыру даярлығы және
тӛтенше жағдайлар Департаментімен бірге темір-бетон құбырын орнынан алып,
қайта қалпына келтіру жұмыстарының шығынына есеп жүргізілді.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
147
2. Түрксіб ауданының СЭББ апатты ауданда тұратын тұрғындарға аса қауіпті
болатын инфекциялық аурулардың таралып кетуінің алдын алу мақсатында, Сұлтан-
Қарасу ӛзеніне кешенді түрде алдын ала сақтандыру, тұрғын үй құрылыстарын
тексеру, аумаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
3. Түрксіб ауданының АТЖБ (аудандық тӛтенше жағдайлар бӛлімі) Ержанов
кӛшесінің солтүстігі және Сұлтан-Қарасу ӛзенінің оңтүстігіндегі экологиялық-
санитарлық қауіпті аумақта тұратын, үйлерін ӛзен суы басып кетуі ықтимал
тұрғындармен кешенді түрде ескертпе шараларын ӛткізіп, нұсқама қағаздарын берді.
Біздің байқағанымыз осылар болды. Мен жұмысымды жазу барысында Түрксіб
ауданының экологтарымен байланыс жасап отырдым.
Түрксіб ауданындағы өзендер тізімі
№
Ӛзендердің
атаулары
Мекен-жайы
Ӛзеннің
ұзындығы
Жалпы
ауданы
1
Кіші Алматы
ӛзені
Рысқұлов даңғылынан
Іле ауданына дейін
шектеседі
14600 м
2
Есентай ӛзені
«Зеленстрой» АҚ-нан
Остроумов кӛшесіне
дейін
5500 м
3
Карасу ӛзені
Рысқұлов даңғылынан
Остроумов кӛшесіне
дейін
17600 м
4
Мойка ӛзені
Д.А. Қонаев атындағы
ҮАК-нан Остроумов
кӛшесіне дейін
15600 м
5
Сұлтан ӛзені
Котельников кӛшеден
Спасск кӛшесіне дейін
15040 м
6
Жарбұлак ӛзені
(Казачка)
Шекарасы Талғар
ауданынан Майлин
кӛшесіне дейін
800 м
7
Алматы кӛлі
Құлжа тас жолынан Маяк
елді мекеніне дейін
12 га
8
КазПАС кӛлі
Пархач және су
қоймасы
Кировоградск кӛшесімен
қиылысатын Айтықов
кӛшесіне дейін
35 га
9
«Идеал Строй»
ЖШС Алтын кӛл
Майлин кӛшесінен ары
қарай «БИПЭКАвто»
мекемесіне дейін
1,5 га
10
«Меркур»
автоорталығы
Майлин кӛшесінен артқы
жағындағы «Меркур»
автоорталығына дейін
1 га
Түрксіб ауданындағы өзендер тізімі
№
Ӛзеннің атаулары
Жалпы ӛзен
аумағы
Бекітілген
Шаруашылық
және ұйымдар
Жеке
қожалық
1
Кіші Алматы
14600
7140
2270
2
Есентай
5500
10160
2400
3
Қарасу
17600
10080
4000
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
148
4
Мойка
15600
8980
3500
5
Сұлтан
15040
7532
4500
6
Жарбұлақ
800
-
800
7
Барлығы
62200
43892
17470
Осылардың әрқайсысына жеке тоқталып, талдайтын болсақ, Қаскелен ӛзенінің
оң жақ сағасы – Ҥлкен Алматы ӛзені. Оның қазақша атауы – Жасылкӛл, аудармасы
Кӛкпеңбек кӛл дегенді білдіреді. Іле Алатауының орта бӛлігінде орналасқан, 2511 м
биіктігінде, оның тереңдігі 35 м, ұзындығы 1 шақырым шамасында, кеңдігі 500 м
дейін жетеді. Жазда судың температурасы 10-12 градусты құрайды. Ӛзен жағасының
айналасындағы кӛз тартатын тау шыңдары ашылады. Ӛзеннің арғы жағында Совет
және Озерная шыңдары оңтүстігінде, ал солтүстігінде жарлы Үлкен Алматы шыңы
орналасқан. Ӛзеннің жалпы ұзындығы 96 шқ, су жинау аумағы 425 шқ². Үш үлкен
мұздақтың астынан еріп шығып пайда болған суларының жиынтығынан пайда
болатын ӛзен. Қаланы тасқыннан қорғау үшін ӛзен бойынан биіктігі 40 м темір-
бетон тосқын және Сайран су қоймасы орнатылған.
Физикалық-географиялык сипаттамасы бойынша Үлкен Алматы ӛзені – таулы,
тегіс және ӛтпелі қыратты аймақтар арқылы ағып ӛтеді. Суды жинақтаушы таулы
аймақ болып саналады, ол ӛзен аумағының 46% құрайды. Бұл аймақта судың
тазалығы жоғары деңгейде болып келеді. Ӛзен суы Алматы қаласының кіреберіс
жерінен бастап урбанизациялық және техногендік факторлардың кері тигізу әсерінен
күрт ластана бастайды.
1 кесте – Үлкен Алматы суының 2013-2014 жылдардағы ластану деңгейі
Су
нысаны-
ның
атауы
Су ластануының индексі (СЛИ)
– су сапасының сипаттамасы
ШЖК мӛлшерін жоғарылатушы ластаушы
заттардың құрамы, 2014 жылға арналған
2013 ж.
2014 ж.
Қоспалар
Орташа
шоғырлану,
мг/л
ШЖК
кӛтерілуінің
еселігі
Үлкен
Алматы
ӛзені
1,43
(3 кл.)
Орташа
ластанған
1,53
(3 кл.)
Ластан
ған
Мыс
Ортақ
темір
0,0049
0,80
4,9
1,1
1 кестеде кӛрсетілгендей, 2013 жылы Үлкен Алматы ӛзені суының сапа
кӛрсеткіші 1,43 (3 кл.), яғни орташа сипаттағы деңгейге ие. Ал, 2014 жылы бұл
кӛрсеткіш 1,53 (3 кл.), «ластану» деңгейінің кӛтерілгендігін байқауға болады.
2013-2014 жылға арналған ШЖК мӛлшерін жоғарылатушы ластаушы
заттардың құрамы бойынша қоспалардан мыс пен темірдің мӛлшері тиісінше 0,0049
және 0,80 мг/л. ШЖК кӛтерілуінің еселігі тиісінше – 4,9 және 1,1-ге тең.
Қала маңында Іле Алатауының негізгі тізбегінен солтүстікке қарай Озерная
және Теріскей Талғар ӛзендерінің бассейндерін бӛлетін ауқымды Кіші Алматы
сілемі созылып жатыр. Бірнеше шақырымнан кейін, Туристер асуынан солтүстікке
қарай, ол екіге – шығыс және батыс тармақтарға бӛлініп кетеді. Осылайша Тұйықсу
атындағы Алматы мұздықтарының ұланғайыр циркі құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |