О
л да жазықсыз едi. Нұржан Нұрғисаұлы Қалиасқаров бiздiң
жерлесiмiз, кешегi «Желтоқсанның құрбаны болған қыршын жас
едi». Ол 1966 жылы туған. 1984 жылы орта мектептi аяқтап, Алматы
сәулет-құрылыс институтына барып түседi. Бiрақ сол жылы күзде
мiндеттi әскер қатарына iлiгедi. Екi жылда мiндетiн өтеп аман-сау
оралады. Әке-шешесiн, туған- туыстарын қуантып, азынаулақ той-
думан жасатып, Алматыға оқуын одан әрi жалғастыруға аттанады.
Нұржан өз әрiптестерiнен екi жылға қалып қойса да бойы да,
ойы да өсiп, әскерден әжептәуiр шынығып, есейiп келдi, студенттiк
өмiрге тез араласып, iлезде сiңiсiп кеттi. Ұшы-қиыры таусылмайтын
ұзақ лекциялар, дамылсыз көп семинарлар т.б. оқу процесiне
байланысты жұмыстар студенттердiң күнделiктi атқаратын iс-
әрекеттерi емес пе. Ал, нағыз көңiлдi кезең жатақханада басталады:
айтыс, тартыс, пiкiрлесу бәрi де ашық, қызу талқыланады. Оған
түрткi болған Горбачевтың қоғамды қайта құру, демократияландыру
бағыты едi. Осыған орай студент жастардың саяси өмiрге жасқанбай
араласып, өз ойларын ашық айта алатын дәрежеге жетудiң
мүмкiндiгi туғандығын көрiп отырмыз. Әр адам, әсiресе әр студент
сезiне бастады.
Нұржан Қалиасқаров, Қайрат Рысқұлбеков, Жандарбек
Ахметов деген студенттер бiр шатырдың асты ғана емес, бiр қабатта,
бiр бөлмеде немесе көршiлес бөлмеде тұрып жатқан. Араласып-
құраласып әңгiме дүкендi бiрге құрысып жүрген жастар едi.
Бүгiн жұрт абыр-сабыр. Жатаханада институт мұғалiмдерi,
милиция қызметкерлерi тағы басқа бейтаныс адамдар да қаптап жүр.
Көшеге шықпаңдар! Жатақханада болыңдар! Деген дауыстар
естiледi.
Қайрат Рысқұлбеков өзiнiң төңiрегiне бiр топ студенттердi
жинап алып мынадай хабарлама жасайды:
-
Жiгiттер кеше ғана Қазақстан Орталық партия Комитетiнiң
пленумы болып өттi. Он сегiз минутқа ғана созылған пленумда
Қонаевты түсiрiп, оның орнына Колбин дегендi қойыпты. Бұл
халықты, демократияны белден басып өту, Горбачевтың iстеп
отырған iсi. Жүрiңдер, алаңға шығайық!..
Иә, сол ұранмен Қайрат жолдастарын ертiп алаңға кетедi.
Нұржанның ойында тек сабақ қана болатын, қалып қойған сабақтың
кемтiгiн толтыру болатын. Бiрақ, мына тосыннан келген оқиға
Нұржанды да бек-жай қалтырмапты жанын сақтап қала алмады, ол
да алаңға тартты. Сөйтiп, Қайрат мына мыңдар толқын арасына
сүңгiп кете барды. Кейiн естiлгендей, Қайрат көп қырғын-төбелестiң
дәл тұсынан бiр-ақ шығады. Бiр қазақ қызын тепкiлеп, өлiмше етiп
ұрып жатқан милиционердi көрiп, арашаға түседi. Сол жерде ол
ұсталып түрмеге түседi. Қайраттың қайғылы қасiретiн алда айтып
кеттiк. Щитпен бүркенген қарулы солдаттар қазақ жастарын қоршап
алып, автобустарға артып алып кетедi, түрмелерге апарып қамайды.
Нұржан да түрмеге қамалады. Табанына темiр шегеленген
етiкпен солдаттар кез – келген жерiнен тепкiлейдi. Нұржанның сол
тепкiлеуден көк бауыры ауыр зақымданады. Сол жара кейiн
жазылмайтын науқасқа айналып, оның келешек ажалына да
себепкер болды.
Үш тәулiк жастарды ұрып-соғып, орынсыз сұрақтар мен жауап
алып, әбден титығына жетiп барып бiразын босатады. Нұржан да
босап шығады, бiрақ ол жастар одағы қатарынан шығарылады,
институттан қуылады. Елге оралғаннан кейiн де Нұржанды тексерiп,
әлсiн-әлсiн әуреге салып, қатаң бақылауға алады. Мұндай күйге
ұшырап, сенделiп, босып кеткен жастар Алматының әр оқу
орындарынан табылады.
1987 жылы Нұржан Қалиасқаров өзi оқыған Сәулет-Құрылыс
институтына барып, қайтадан 1-курсқа түсу емтиханын тапсырады.
Емтихан сәттi аяқталып, ендi оқуға түскелi тұрғанда факультеттiң
деканы Нұржанды танып қалып, бiрден қуып шығады. Иә, өзiмiздiң
қандастарымыздың iстеп отырғаны осындай болса, ал басқадан
қандай үмiт, қандай қайырым күтуге болады?
Бұл институтқа басын сұға алмайтындығын сезген Нұржан екi
жылдан кейiн Алматы ауылшаруашылығы институтына барып,
емтихан тапсырады. Емтиханды ойдағыдай тапсырып, механика
факультетiне түсiп, оны 1994 жылы бiтiрiп, ақыры жоғарғы бiлiм,
дипломын алып шығады. Желтоқсанда алған жарасы жазылмай,
бiрнеше айлар емханада болған. Сөгiлген көк ет – көк бауыр шипасы
болса жазылар деген үмiтпен операция жасатты. Айналдырған ауру
алмай қоймас дегендей, осы операциядан кейiн, небары 29 жасында
Нұржан дүниеден өттi. Бұл 1995 жылдың ызғарлы ақпан айы
болатын.
Нұржанның анасы Күлбәршiн Шәрiпқызы да өткен жылы дүние
салды. Бұлардың артында жанұя басы Нұрғиса Нұртазаұлы
Қалиасқаров (Нұржанның әкесi) қалды. Ол облысымызға танымал,
белгiлi мал дәрiгерi, бұл күнде зейнеткер.
Иә, Нұржан да адал, кiнәсiз пәк азамат едi, бiрақ өмiрден ерте
кеттi. Әйткенмен, елiмiздiң тәуелсiздiгi үшiн өз үлесiн қосып кеттi.
Қ
уғындалған Боташ. Боташ Қажымов облысымыздың Айыртау
ауданындағы Арықбалық елдi мекенiнде туған. Әкесi Мырзағали
Ұлы Отан соғысына қатысқан, одан аман-сау оралып, отыз жыл
милиция қызметкерi жұмысын атқарып, подполковник дәрежесiне
жеткен. Әке жолын қуып, оған елiктеп Боташ та милиция қызметкерi
болды. Бiрақ, дүниенi дүрлiктiрген желтоқсан уақиғасы оның ойын
тосыннан бөлiп жiбердi, тек ойын ғана емес барлық жоспарын,
келешек әскери жоғары жылжу сатысын да бұзып жiбердi.
Боташ Алматыдағы бейбiт шеруге де, қанды қақтығысқа да
қатысқан жоқ. Ал, Боташ сен ол кезде қайда болдың? – деген
сұраққа ол былай жауап бердi: «Мен ол кезде Ақмола облысындағы
бiр әскери бөлiмшеде қызмет атқарып жатқан болатынмын. Әскери
шенiм кiшi сержант едi, дәл осы кезде прапорщикке өсiрдi. Сондағы
әскери командирлер сен келешекте офицерлер қатарына қосыласың,
оған барлық мүмкiндiгiң бар, қабiлетiң де жетедi деп менi
қолпаштап та қойған едi. Албырт жастық шақ қой, Бауыржан
Момышұлы, Талғат Бегелдинов сияқты батыр болуды армандадық
бала кезiмiзден».
Дәл осы кезде Боташ Алматыдағы қазақ мемлекеттiк
университетiнiң журналистiк бөлiмiнде сырттай оқитын.
Боташ Қажымов Алматыдағы желтоқсан оқиғасының басы-
қасында болмаса да, оған тiкелей қатыспаса да қуғынға
ұшырауының себебi – неде? Бұл сұраққа жауапты тағы да Боташтың
өзi бердi.
Ол былай дейдi: «Желтоқсан дүмпуiнiң екiншi күнi
(17.12.1986ж.) бiздiң батальонда ашық партия жиналысы өттi.
Жиналысты басқарған да, онда сөйлегендер де орыс офицерлерi.
Батальон командирi подполковник Георгий Школин астанада болып
жатқан оқиғалардың мән-жайын түсiнбей, оның анық-танығына
жетпей жатып, қазақтарды, қазақ жастарын кiнәләй бастады, тiптi
ұлттық намысымызға тиетiн сөздердi, бетi шiмiрiкпей айта бастады.
Ешкiмнен қаймықпайтынын, қорықпайтынын бiлдiрiп, батыл
сөйледi. Қазақ жастары орыстардың пәтерiне басып кiрiп,оларды
балкондардан лақтыруда, бала бақшадағы балалардың iшiн жарып
тастауда деп шатпақтады ғой. Мен орнымнан атып тұрып, жоқ, оның
бәрi өтiрiк! Мен өз ұлтымды жақсы бiлемiн! Оның адами қасиетi
мұндай иттiк әрекеттерге жiбермейдi деп бетiн қайтарған болдым.
Бiрақ, ендi бiреулерi сен де солайсың, үйткенi соларды жақтап
тұрсың, бәрiң де ұлтшылсыңдар деп даурықты кейбiреулер. Сол
кезде мен тағы орынымнан атып тұрып, алаңға шыққан жастар
ұлтшылдар емес, олар сана сезiмi жоғары студенттер деп тағы
қорғадым…»
Иә, Боташтың үстiнен ендi қара бұлт қаптады. Бiзге қарсы
сөйледiң, желтоқсандықтарды жақтадың деп қандары қайнап, талап
тастауға таяп тұрды. Олар өздерiнiң ұлтшылдығын осы жерде-ақ
көрсетiп тастаған едi. Бiрақ, Боташ одан қаймықпады, қасқайып
қарсы тұрды.
Желтоқсан дауылы басылысымен-ақ полк командирiнiң
орынбасары келiп Боташтан жауап алып, түсiнiктеме жазғызады.
Одан соң жоғарғы жақтан тағы бiр полковник пен екi майор келiп
жауап алып, қысады, райыңнан қайт деп ақыл айтады. Мен кiнәлi
емеспiн, райымнан қайтпаймын, менiң айтқан сөзiмде еш қателiк
жоқ, ешкiмнен кешiрiм де сұрамаймын деп Боташ батылдығын, одан
әрi тiптi батырлығын көрсетедi. Осыдан кейiн бұл «ұлтшыл», нағыз
«
қолайсыз адам» деп соңынан шырақ алып түседi. Ақыры әскери
қызметiнен босайды, оқып жүрген университетiнен шығарылады.
Содан соң күнкөрiс қамын ойлап, қызмет, жұмыс iздестiредi.
Алдымен Ақмола облысының Ақсу орта мектебiне мұғалiмдiк
қызметке орналасады. Бiрақ, Б.Қажымов партия саясатына қарсы,
сондықтан әскерден де, университеттен де қуылды, оны ұстаздық
қызметке алуға болмайды деген хат полктан тағы қуып келiп, осы
мектепке жеткен. Мектеп директоры (орыс әйелi) хат келiсiмен
аудан орталығына, ондағы оқу бөлiмiне, партия комитетiне
жанталаса хабарлап атой салады. Нәтижесiнде тағы жиналыс, тағы
талдау, тағы сұрау, тағы айыптау. Ақыры бұл мектептен де қуылады.
Бiр таңданарлық та, өкiнiштi жағдайды да осы қысылтаяң
кездегi болған жәйттарды айта кету керек. Боташ қиындық көрiп,
қиналып жүргенде (жиналыстарда, қызметке орналасам деп
жүргенде, аш бүргедей жабылып жатқанда) қандастарымыз – қазақ
азаматтары бiреуi тiс жарып сөз айтып, жанашырлық жасамаған.
Аудан орталығынан келген бiр бастық-сымақ қандасымыз Боташтың
iшi-бауырына енiп алып, сырын ақтарғаннан кейiн опасыздық жасап,
сол ауданнан тезiрек қууға көмегiн тигiзген. Ал, кейбiр ауылдастары
да қол үшiн берiп, көмектесудiң орынына желтоқсанға қатысқан деп,
қырын қарағандары да болыпты.
Мазасы кетiп, еш тыныш таппаған азамат өз мамандығы
бойынша жұмыс iздеп, ойды-қырды аралайды. Көкшетау аудандық
«
За Коммунизм» одан кейiн Куйбышев аудандық (бүгiнгi
Мүсiрепов) газеттерiнде тiлшi болып орналасса да көп кешiкпей
қудаланып, шығарылып отырған. Оған себеп әскери полк хаты,
соңынан қалмай қуып отырған қашан ақталғанша.
Кейiн Боташ Қажымовтың қудалануға ешқандай негiз жоқ,
қылмысты iс те жоқ деп ақталды. Осыған алғаш көмек жасаған
әрине, Мұхтар Шаханов болды. Оны Алматы горнизондық соты
өзiнiң шешiмiмен растады. Ақталғаннан кейiн университетке қайта
қабылданды, журналистика факультетiн ойдағыдай аяқтап шықты,
қызмет те табылды, барлық жағдай көңiл-күй өз арнасына түстi.
Әскери корреспондент болып, әскери формасын киiп,
прапорщиктен майорға дейiн жоғарылады.
Әрине, Боташтың қарсыластары болды, соңына түстi, қызметке
алмады десек те, қыйын-қыстау кезеңдерде қол үшiн берген, сүйеу
болған азаматтар да болды. Ондайлар өз ұлтымыздың арасынан да,
орыстардан да табылды.
Қандай қиындық кездессе де Боташ төздi, жасымады, қайта
шыныға түстi, үйткенi ол ер жүректi, ұлтжанды азамат, ақ көңiл,
елгезек, мiнезi мейiрiмдi, жаны жайсаң адам.
Бұл күндерi ол өзiнiң туған өлкесi – Сотүстiк Қазақстан
облысынның орталығы Қызылжар қаласында жанұясымен тұрып
жатыр. Қызметi де жаман емес, Қазақстан Республикасы iшкi
әскерiнiң «Қалқан» (Щит) атты газетiнiң осы аймақтағы тiлшiсi
болып қызмет атқарады. Келмеске кетiп бара жатқан тоталитарлық
жүйенiң соңында орынсыз қудалауға түсiп, жүйкесi жұқарса да
берiлмей табанын нық басқан халықтың бiр перзентi Боташ
Қажымовты бiз мақтанышпен атай аламыз.
Ж
анарбек жайлы бiрер сөз. Жанарбек Ахметов те бiздiң
жерлесiмiз. Мағжан Жұмабаев атындағы ауданға қарасты Рощин
селосында туған. Ол республикамызға белгiлi ақын Хамза
Абдуллинге жиен болып келедi. Әкесi Қази Алпысбайұлы Ұлы Отан
соғысының ардагерi, шешесi Рақыш Айтоллақызы көп балалы ана,
белгiлi ұстаз.
Жанарбек те мектебiн бiтiрiп, қаладағы есеп-экономикалық
техникумының құрылыс бөлiмiнде оқып, оны бiтiргеннен кейiн
мiндеттi әскер қатарына алынады. Ол мiндетiн орындағаннан кейiн
Алматы сәулет-құрылыс институтына түседi. Желтоқсанға дейiн
жолдас-жоралары көбейiп, қайнаған студенттiк өмiрге тез араласып
кетедi. Сол жолдастарының iшiнде, алда атап кеткен Қайрат
Рысқұлбеков көзге ерекше iлiгедi.
Жатақханаға он алтыншы желтоқсанның кешiнде әр түпкiрде
ызғарлы желмен қатарласып суық хабарлар да гулдеп келiп жатқан.
Сол түнi қала халқының көпшiлiгi ұйқы-күлкi көрмедi дейдi
көптеген адамдар.
-
Ертеңiне ертемен жастар лек-легiмен алаңға қарай ағыла
бастадық, - дейдi Жанарбек. – Алаңға да, оқуға да бармаңдар,
жатақханадан шықпаңдар деген институт оқытушыларының,
декандарының сөзiн тыңдаған адам болған жоқ. Халық алаңға
жиналды…
Жанарбек көппен бiрге болды. Жұрт көрген соққыны, тепкiнi,
азапты, қапас камера-түрменi ол да көрдi. Оның таныс, әрiптес
жолдастары, әсiресе жерлесi Нұржанмен осы жерде кездеседi.
Ақыры камерада үш күн, үш түн түнегеннен кейiн, мойындарына
жабатын дәйектi дерек болмаған соң ғана бiраз адамдарды босатады.
Жанарбекке көрген-бiлгенiн (қараңғы камерада отырғанын, соққы
жегенiн) тiс жорып ешкiмге айтпау жөнiнде бұйырып, ол жөнiнде
одан қолхат алады. Түрмеден босағандар жиналысқа салынып,
көпшiлiгi сөгiс алады, сөйтiп тынышталады, бiрақ ол институтта
қалдырылады. Дегенмен, ортадағы қобалжу басылмайды, институт
директорын қызметiнен босатты. Студентердiң бiразы сотталды,
ендi бiреулерi институттан шығарылды. Ал, Жанарбек болса бәрiнен
де аман қалды, қатаң сөгiс алып құтылады.
Бiрақ ол институтты тастады, елге оралды. Соның өзiнде
дүркiн-дүркiн тексерiп, желтоқсан жайын есiне ұмыттырмай салып
отырған, үкiмет бақылаушылары келiп тұрған.
Ақыры Жанарбек Ахметов Петропавл Локомотив депосындағы
алты айлық электровоз машинисi курсына түсiп, мамандық алып
шығады. Сол мамандығы бойынша Петропавл Локомотив
депосының аға машинисi қызметiн абыроймен атқарып келедi.
Алдымен ол өз қызметiнiң қызығын, рахатын көрiп отыр. 2003
жылдың шiлде айында Оңтүстiк Орал темiр жолы басқармасының
«
Призыв» атты апталық газетiнiң бiрiншi бетiнде Жанарбектiң
жетiстiгiн, алған сыйлығын, наградасын жазып, суретiн берген екен.
Онда Ахметов Жанарбек Қазиұлы Петропавл локомотив депосының
электровоз машинисi өз қызметiн орындаудағы ерлiгi, қырағылығы,
болғалы тұрған жол апатынан дереу құтқарғаны үшiн жол қатынасы
министрлiгi «Құрметтi темiржолшы» атағын берiп, 3000 рубль
Ресейлiк ақшалай сыйлық алды деп жазылған.
Иә, Жанарбектiң сол желтоқсаннан кейiнгi дағдыры, келешегi
ешкiмнен кем болған жоқ. Қызметi де көңiлден шықты. Жанұясы
мен бахытты өмiр сүрiп жатыр. Оның ұлы Шыңғыс әке жолын қуып,
Омбының темiржол университетiнде оқиды.
М
ың жылдық жара атты өлеңiмдi желтоқсан оқиғасының
құрбаны, жерлесiмiз Нұржан Нұрғисаұлы Қалиасқаровтың рухына
арнаймын – дейдi ақын Зейнолла Әкiмжанов.
Жасанған жеңдейттейiн жау қашыра,
Қара бұлт шөгiп қалған тау басына.
Алматы желтоқсанның құрсауында –
Кiм кепiл бастан бағы аумасына?
«
Көрмесiн шырағымыз алда сөнiп!» –
Тiлекпен келер күнге жалғас едiк.
…
Алатау қара бұлттың құшағында –
Бiр түнек келе жатыр тауға шөгiп.
Боларын бiр сұмдықтың сезiнгендей,
Күн көзi Алматыдан безiнгендей.
Iшiңде бiр тамұқтың жүргендеймiн,
Көзiме түрткен жанды көзiм көрмей.
Көңiлдiң жыл келер деп лепiргенi,
Жосығы жақсылықтың секiлдi едi.
Қазақтың басынан бақ аумасына
Ән салған тәттi күндер кепiл ме едi?
Алаштың кезi бар ма ед әндетпеген,
Ел едiк «төбе көкке сәл жетпеген…»
Көпiртiп көбiк сөздi «көкемiзге»
Жетемiз жеткенiнше өрнектеген.
Ағаттық таппадық-ау, сiрә, мұннан,
Машықпыз жыр жазуға, шығаруға ән.
«
Көкемдi» көлгiрсiтiп жүрген кезде –
Мәскеуде жаназамыз шығарылған.
Асығып Алматыда жылды аңсадық,
«
Жақсылар» достық жайлы жүрдi ән салып.
Мәскеудiң мазағы ма, тозағы ма –
Қазақты жiбердi ғой құрбан шалып.
Ауғаны сол емес пе бастан бағы –
Жiгердiң жасығаны, жасқанғаны.
Қиырдан қаңғып келген ителгiге,
Жем болды бейкүнә жұрт қасқалдағы.
Тәлiм ап тату-тәттi ғұрыптан бiз,
Даурықпа ұрандарға кiрiптармыз.
Сұңғыла Бұқар сөзiн тәрк қылып,
Баяғы айбалтаны ұмытқанбыз.
…
Желтоқсан… Қызыл қанды алаң – ызғар.
Майданның даласындай қаламыз дәл…
Ғасырдан ғасыр ауып кетсе-дағы
Мың жылда жазылмайтын жарамыз бар.
Кеңпейiл даламыздай бейғам бабам,
Жау барын жар астында ойға алмаған.
Баяғы «Қалмаққырған» заманадай,
Ордасын «досы» келiп ойрандаған.
Қазақтың шын пейiлiн терiс ұғып
Горбачев әзiрейiл өңi суық.
Қанында бұзықтық жоқ момын жұртқа
Қорқауды хан көтерген төр ұсынып.
Бiр сәуле болса бүгiн санамызда,
Желтоқсан жүрер есте, сарамызда.
Ерлiгiн Қайраттардың… Нұржандардың…
Қалдырып баламыздан баламызға.
Желтоқсан десең ойға мұң оралар,
(Оралмау – аруақтарға күнә болар)…
Қайраттар… Ләззаттар… Нұржандарға…
Бас-басы қояр едiм мұнаралар!
Тосын жыр… Бүгiн менiң тосын әнiм,
Тағамын айып пенен «досыма» мiн.
Мың жылда жазылмайтын жара салған
Желтоқсан келген сайын шошынамын.
Көз салсам көзiне шел өскен елге,
Қылығы жоқ екен-ау хош көрер де.
Өзгеге өнеге айтып жүрген «көкең»
Өзiнiң көршiсiне өш келер ме?
«
Жұдырық даяр тұр, деп, мiне саған!»
Дейтiндей жорық-атқа мiне салам.
Қазақтың жерiн ендi сауда қылмақ
Лепiрген Жириновский бiр есалаң.
Қорғаған атажұртты табаны аумай,
Кешегi өтiп кеткен бабаларды-ай!
Көршiмiз азу тiсiн ақситады –
Ындыны қанар емес талап алмай.
Ойласаң көз тоқтатып неше амалға,
Көш болмас жүрер болса есек алда.
Көршiмiз тәубасына келер деймiн,
Қоймастан ел билетiп есалаңға.
Сау тұрғай, Қызылжарым, Өскеменiм,
Бағымыз байланбасын, өскен елiм!
…
Мың жылдық жара салған желтоқсанды
Қарсы алған сайын қатты сескенемiн…
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз…………………
I-
Бөлiм
ЕРIКСIЗ ОЛАР ЕЛДЕН КӨШКЕН ЕДI
Ғ.Қадiрәлiұлы. Көкарал………..
С.Жұмабаев. Мәлгаждар Айдарбеков……..
II-
Бөлiм
ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАНДАР ЖАПА ШЕКТI
Ғ.Қадiрәлiұлы. Азапта болған ақын……..
Қ.Мұқанов. Атақты Абылай қажы………
Б.Сағындықов. Әке есiмiне лайық болайық….
Р.Уәйiсов. Нағашым ел ағасы едi…………
Ғ.Қадiрәлiұлы. Айдауда болған ақын…….
Ғ.Қадiрәлiұлы. Алаштың азаматы…………
С.Жұмабаев. Әбдiрейiс Ауғанбаев………..
Ғ.Қадiрәлiұлы. Серғазының Сергелдеуi….
Қ.Мұқанов. Халық қамқоршысы…………
С.Жумин. Жазықсыз едi әкем…………….
Ғ.Қадiрәлiұлы. Әке жазасы, бала азабы…..
Ғ.Қадiрәлiұлы. Екi тарлан тағдыры……….
III-
Бөлiм.
ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ БIЗГЕ ДЕ ЖЕТТI
Ғ.Қадiрәлiұлы. Дүниенi дүрлiктiрген ғаламат құбылыс….
ҒАЛЫМ ҚАДIРӘЛIҰЛЫ
КӨКАРАЛ
Редакторлары: Қайролла Мұқанов,
Социал Жұмабаев
Компьютерде терген: Нұржамал Байтенова
Document Outline - АЛҒЫ СӨЗ
- Өткен ғасырдың бiрiншi жартысы, Кеңес үкiметi орнағаннан кейiн (20-50 ж-да) халқымызға келген нәубет жылдары болды. Әсiресе 20-жылдардың соңында, 30-жылдардың басында байларды әшекерлеп, мал-мүлiктерiн тәркiлеу, жер аудару, ерiксiз ұжымдастыру науқанд...
- Дәл осы 30-жылдары саясаттың солақайлығынан халық аштыққа iлiктi, қырылды.
- Автор.
- Ғалым Қадiрәлiұлы
- КӨКАРАЛ
- Социал Жұмабаев
- МӘЛГАЖДАР АЙДАРБЕКОВ
- Мағжан Жұмабаев
- Ғ.Қадiрәлiұлы
- АЗАПТА БОЛҒАН АҚЫН
- Зарлы ана туралы жыр
- Достарыма
- Бостандық
- Мен жылаймын
- Жалғыздық
- Қайролла Мұқанов
- Секiлдi күнi кеше арамызда
- Кезiнде ауыр шайқас, қиын заман
- Тiршiлiк жалғасты сол қапаста
- Обвинительное заключение
- Выписка из протокола № 23
- Следственное дело № 1570
- Ауганбаева Абдреиса
- Родился 1876 году. Сладковский район.
- Постоянное место жительство к-з Красный Казахстан. Булаевского района. Рядовой колхозник.
- До вступления в колхоз имел: Лошадь – 1,
- Корова - 1
- Избу и юрту
- Көкшетау түрмесiнен жазған
- Алдымнан кесiп өтпеген
- СЕРҒАЗЫНЫҢ СЕРГЕЛДЕҢI
- ХАЛЫҚ ҚАМҚОРШЫСЫ
- (Нығмет Сырғабеков)
- ЖАЗЫҚСЫЗ ЕДI ӘКЕМ
- ЕКI ТАРЛАН ТАҒДЫРЫ
- Ол да жазықсыз едi. Нұржан Нұрғисаұлы Қалиасқаров бiздiң жерлесiмiз, кешегi «Желтоқсанның құрбаны болған қыршын жас едi». Ол 1966 жылы туған. 1984 жылы орта мектептi аяқтап, Алматы сәулет-құрылыс институтына барып түседi. Бiрақ сол жылы күзде мiндеттi...
- Мың жылдық жара атты өлеңiмдi желтоқсан оқиғасының құрбаны, жерлесiмiз Нұржан Нұрғисаұлы Қалиасқаровтың рухына арнаймын – дейдi ақын Зейнолла Әкiмжанов.
Достарыңызбен бөлісу: |