ҚҰрамы әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А, жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет28/29
Дата26.01.2017
өлшемі2,08 Mb.
#2743
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Шешуі:  Егер  алғашқы  алты  адамның  қазған  жері  бірімен-

бірі тең болса, онда мұраппен қосылып бәрінің қазғаны жиыр-

ма  бір  қадам  болатыны  түсінікті.  Ал  алғашқы  алты  жігіттің 

қазған  жері  өзара  тең  екенін  аңғару  қиын  емес.  Айталық, 

бірінші жігіт барлық жердің жетіден бір бөлігін қазды. Екінші 

жігіт одан қалғанының. (яғни, барлық жердің алты бөлігінің) 



384

384


385

ЖұМБАҚ  ЖАУАП

алтыдан  бір  үлесін  қазған,  ал  бұл  екінші  жігіттің  қазғаны  да 

бірінші жігіттікіндей, яғни барлық арықтың жетіден бір бөлігі 

деген  сөз.  Осылайша,  басқа  жігіттердің  де  қазғаны  бірінші 

жігіттікімен тең екенін көреміз. 

Арықтың  ұзындығы—жиырма  бір  қадам.  Әр  жігіт  үш 

қадамнан қазған.

2260.  ҚАШАҒАН АТ

Қаратаудың теріскей етегін жайлаған жалбыр тонды кедей 

жалғыз  атынан  айрылып  қалады.  Ойда-жоқта  көзден  ғайып 

болған  атын  іздеп  әуре-сарсаңға  түседі.  Ойдан  қырға,  жоннан 

жотаға шығады. Бірақ жоғалған ат табылмайды. 

Бірер  апта  өтеді.  Таудың  теріскей  бетінде  қоныс  теуіп 

отырған біреу жоғалған атты тауып алып, кездейсоқ жолыққан 

адамға тоғыз сомға сатып жібереді. 

Малдың жаңа иесі атты семіртеді де? Алған құнанынан екі 

есе қымбатқа сатады.

Аттың  бұл  иесі  кәнігі  бапкер  екен.  Ол  атты  баптап  бағып, 

бәйгеге  қосады.  Аламан  бәйгеде  ат  бірінші  болып  келеді. 

Бәйгесіне өз бағасынан екі есе көп ақша беріледі. 

Ат  жаратып  бәйге  алған  адамның  қуанышы  көпке  бармай-

ды,  жайлауда  жүрген  ат  жоғалып  кетеді.  Мал  иесі  базарға  ба-

рып, үш адамға жар салдырады. Әрқайсысына үш сомнан ақша 

береді. Бірақ бұдан да ештеңе шықпайды. 

Қолдан-қолға  өтіп  жүрген  ат  ақырында  өзінің  ең  әуелгі 

иесі—жалбыр  тонды  кедей  үйіне  қайта  оралады.  «Жоғалып 

табылған мал—олжа» деп, ол қуанғанынан сүйінші сұрап кел-

ген адамға үш сом береді. 

Осы  әңгімені  тыңдағандар  «Қашаған  аттың  өз  иесі  қанша 

пайда тапты немесе зиян шекті?»—деп сауал қоятын болыпты. 

Шешуі:  Қашаған аттың өз иесі үш сом зиян шегеді. Өзге үш 

адамның әрқайсысы тоғыз сомнан пайда табады. 

2261.  КӨШ ЖҮРЕ ТҮЗЕлЕДІ

Ауыл-аймағына  сыйлы  Кендібай  деген  диқан  болыпты.  Ол 

ересек баласымен ерінбей еңбек етіп, мол астық жинап алыпты. 

25-298*


386

ЖұМБАҚТАР

386

387


Әкелі-балалы екеуі астықты бірдей қаптарға тең мөлшерде бөліп 

салады.  Қаптарды  бірі  буыршын,  екіншісі  қоспақ,  үшіншісі 

нар,  төртіншісі  атан—барлығы  төрт  түйеге  бөліп-бөліп  арта-

ды да, астықты базарға апарып сату үшін жолға шығады. Төрт 

түйелі керуеннің басын салт атты әкесі ұстайды. Ал бала өгізге 

мініп, түйелердің соңынан еріп жүреді.

ұзақ жолдың жарымына жетпей бала әкесіне келіп, ең соңғы 

атан түйенің үстіне артылған астық ауыр екенін айтады. «Атан 

түйенің  үстіндігі  бір  қабын  нарға  ауыстырып  артсақ,  екеуінің 

қаптары бірдей болар еді»,—дейді. Әке мен бала осы екі түйенің 

жүгін теңестіреді.

Жолаушылар  тағы  бір  қозы  көш  жер  жүргенде  бала 

әкесіне  келіп:  «Екінші  келе  жатқан  қоспақтың  жүгі  алдыңғы 

буыршындікінен  бір  қап  артық  екен»,—дейді.  Екеуі  енді  сол 

екі  түйені  шөгеріп,  қоспақтың  үстіндегі  қаптардың  біреуін 

буыршынға артады.

Енді  біраз  жүргенде  бала  әкесіне  келіп,  соңғы  екі  түйенің 

жүгі  алдыңғы  екеуінікінен  анағұрлым  ауыр  екенін  айтып, 

«Түйелерді түгел шөгерейік»,—дейді. Енді екеуі нар үстіндегі 

қаптардың екеуін буыршынға, атанның екі қабын қоспаққа ар-

тып, жолына қайта шығады.

—«Көш  жүре  түзеледі»  деген  ғой,  балам.  Түйе  үстіндегі 

қаптар теңеліп, түзеледі. Енді әр түйеде сегіз қаптан болды,—

дейді әке баласына.

Әуел баста қай түйеге қанша қап астық артылған еді?

Шешуі:  Ең  соңында  әр  түйеде  сегіз  қаптан  қалған.  Мұның 

өзі нардың екі қабын буыршынға, атанның екі қабын қоспаққа 

ауыстырып арту нәтижесінде теңелген, яғни соңғы теңестірудің 

алдында буыршында алты қап, қоспақта да осындай, ал нарда 

он қап, атанда да осындай болған. Ал бұған дейін қаптар тағы 

да  екі  рет  теңестірілген  болатын.  Яғни  бірінші  жолы  атанның 

бір  қабы  нарға,  екінші  жолы  қоспақтың  бір  қабы  буыршынға 

артылған еді. Демек, осы теңестірулерге дейін. (ең алғашында) 

әр түйедегі қаптар саны мынадай болған: буыршында бес қап, 

қоспақта жеті қап, ал нарда тоғыз қап, атанда он бір қап.



386

386


387

ЖұМБАҚ  ЖАУАП

2262.  ТАЗы МЕН ТҮлКІ

Жапан далада бір жігіт аң аулап жүреді. Ойда жоқ жерде бір 

шеңгел түбінен қызғылт түлкі ытқи жөнеледі. Аңшының алғыр 

тазысы оны бірнеше арқан бойы жерден қуып береді. 

Зымырап  қашқан  түлкі  алты  арқан  бойы  жерге  жеткенде, 

тазы оның қашқан орнына келеді. Жан сауғалап түлкі тағы сон-

ша жерге ұзағанда тазы оны қуып жетіп, бас салады. 

Аңшы  ауылға  келіп,  достарына  түлкіні  қалай  ұстағанын 

қыздырмалап әңгімелейді. Тазысын мақтайды. 

—Түлкі  шеңгел  түбінен  бастап,  ұсталғанға  дейін  қанша 

арқан бойы қашты екен?—деп сұрайды достарының бірі. 

—Түлкіні  қойшы,  тазы  қанша  арқан  бойы  қуғанын 

айтсайшы,—дейді екіншісі. 

—Тазы түлкіден неше есе жүйрік болды екен?—деп үшінші 

адам  саусақтарын  санайды.—Арқан  бойы  жердің  тұсау  бойы 

төтелігі бар ғой, төтесін айтсайшы. 

Тазы түлкіден неше есе жүйрік? Ол түлкіні неше арқан бойы 

жерден қуып жеткен?



Шешуі:  Есеп шарты бойынша, тазы түлкінің қашқан жеріне 

келгенде  түлкі  одан  алты  арқан  бойы  қашықтықта  болатын. 

Түлкі тағы да алты арқан бойы жерге барғанда тазы оны қуып 

жетеді. Демек, тазы түлкіден екі есе жүйрік. Ал түлкі барлығы 

он екі арқан бойы жерге дейін қашып барған. Олай болса, тазы 

түлкіні ұстағанға дейін жиырма төрт арқан бойы жерге жүгіріп 

барған.

2263.  ӘР ТҮлІКТЕН НЕШЕДЕН?



Жеті жасар баласын есепке үйреткісі келген әкесі бір күні:

—Ендігі  жеті  жылда  түйеміз  екі  есе,  жылқымыз—үш, 

сиырымыз—төрт,  қойымыз  бес  есе  көбейсе,  онда  бәрін 

қосқандағы  саны  сенің  қазіргі  жасыңнан  екі  есе  көп  болады 

екен,—дейді. 

—Ол  кезде  біздің  үйдегі  жылқының,  түйенің,  сиырдың, 

қойдың әрқайсысы қанша болады?—деп бала әкесіне қарайды.


388

ЖұМБАҚТАР

388

389


Оны білу қиын емес. Өзің-ақ табасың,—деп әке баласын ой-

ландырып тастайды. Көп өтпей-ақ бала өз сұрағының жауабын 

айтады. 

Бұл  үйдің  түйесінің,  жылқысының,  сиырының,  қойының 

саны қанша?

Шешуі:  Егер жеті жылдан кейін екі түйе, үш жылқы, төрт 

сиыр,  бес  қой  болатын  болса,  онда  барлығы  он  төрт  мал  болар 

еді. 

Бұл үйде бір түйе, бір жылқы, бір сиыр, бір қой болған. Жеті 



жылдан кейін екі түйе, үш жылқы, төрт сиыр, бес қой болады.

2264.  ЖАҚыН ДА БОлСА—АлыС

Үлкен  Қаратаудың  Тентексайы  бойымен  ылдиға  қарай  үш 

салт атты: жас жігіт, егде кісі және қос жанарынан айырылған 

бір  шал  келе  жатады.  Биік  құздан  түсісімен-ақ,  олар  бұлым-

бұлым жолға, айналма асуларға тап болады. 

—Мына  шатқалдан  қашан  шығар  екенбіз?—дейді  бала 

Қырықішек құлдиына түсісімен-ақ.

—Шыда,  інішегім,  жол  жүрген  сайын  қысқара  береді,—

дейді оған ортада келе жатқан егде кісі.

Үш жолаушы Мойнақсуды айналып өтеді.

—Балам,  міне,  айналма  жолымен  алты  шақырым  жүріп, 

Мойнақсудан да өттік,—деп шал екі серігінің алдына шығады.—

Ендігі келетініміз—Тікасу.

Екі серігі зағип шалдың ат басын бірде оңына, бірде солына 

бұрып, тастақ жолмен тепең қағып, жол бастап келе жатқанына 

қайран  қалады.  Тағы  біраз  жүргеннен  кейін  жолаушылар 

Тікасудың  төбесіне  көтеріледі.  Шал  қасындағыларға  шатқал 

аяғындағы жазық даланың қысқа белін қамшы сабымен нұсқап 

көрсетеді.

Жолаушылар жотаға шыққанда бала шалдан жолды көзбен 

көрмей-ақ  қалай  жақсы  аңғарып  келе  жатқанын  сұрайды. 

«Сендердің көздерің таразы болса, менің көңілім қазы»,—деп 

жауап қатады шал.

—Шатқал бойы, ақсақал, тік жүргенге қанша шақырым?—

деп сұрайды жігіт. 

—Небәрі жеті шақырым.


388

388


389

ЖұМБАҚ  ЖАУАП

—Ондай болса біз неғып осыншама ұзақ жүрдік?

—Қырықішекте  жолымыз  үш  есе,  Мойнақсуда  екі  есе, 

Тікасуда үш есе ұзарды, балам. 

Жолаушылар барлығы қанша шақырым жол жүрген?



Шешуі:  Егер  Қырықішектің,  Мойнақсудың,  Тікасудың 

әрқайсы сында жол үш еседен ұзарған болса, онда жолаушылар 

айналма  жолмен  барлығы  жиырма  бір  шақырым  жүрген  бо-

лар  еді.  Бірақ  Мойнақсудың  төте  жолынан  айналма  жолы  екі 

есе ғана ұзын. Ендеше, жолаушылар жүріп өткен барлық жол 

жиырма  бірден  Мойнақсудың  төте  жолын  шегергенге  тең.  Ал 

Мойнақсудың төте жолы—үш шақырым (өйткені оның екі есе 

ұзарған айналма жолы—алты шақырым) Демек, жолаушылар 

жүрген барлық жолды білу үшін жиырма бір шақырымнан үш 

шақырымды шегереміз. 

Жолаушылар  шатқал  ішімен  барлығы  он  сегіз  шақырым 

жүрген.


2265.  ЕТ АлУШылАР НЕШЕ АДАМ?

Біреу қасапқа жылқы соятынын көрші-қолаңға хабарлайды. 

Белгіленген күні ол бордақысын сояды. Әр жерден ет алушылар 

келеді.  Сойылған  малды  төңіректеп  тұрғандарды  көзімен  са-

нап шығып, ол сәл ойланып қалады: «Бұлардың әрқайсысына 

бір  жіліктен  берсем,  онда  үш  жілік  ет  артылып  қалады.  Екі 

жіліктен  сатсам,  үш  адамға  ет  жетпейді.  Енді  қандай  амалын 

табайын?» Ет алуға келгендер неше адам?



Шешуі:  Сойылған  малдың  барлық  етін  он  екі  жілік  деп 

есептейміз. Ет алуға келгендер тоғыз адам.

2266.  ӘР ӨГІЗ ҚАНША АДыМ ЖҮРДІ?

Алқа-қотан  отырған  төрт-бес  ауылдың  адамдары  айна-

ла  төңірегін  алыстан  шолып  отыру  үшін  биіктігі  арқан  бойы 

мұнара  тұрғызуға  кіріседі.  Бес-алты  жігіт  кірпіш  күйдіретін 

құмнан  сала  бастайды.  Тағы  бір  тобы  отын  дайындайды.  Үш 

жігіт балшық илеуге бөлінеді.



390

ЖұМБАҚТАР

390

391


Ауыр  жұмысты  жеңілдету  үшін  сол  үш  жігіт  үй  орнын-

дай  жердің  бетін  тегістеп,  оның  қақ  ортасына  ұзын  да  жуан 

бағананы  қағып  орнықтырады.  Сөйтеді  де,  оның  айналасына 

саз  балшықты  қалың  етіп  үйеді.  Көл-көсір  балшықты  бір  түн 

бөктіріп қояды.

Келесі  күні  таңертең  үш  жігіттің  әрқайсысы  қорадағы  көп 

өгізден бір-бір өгіз жетектеп келіп, оларды ұзын мойынтұрыққа 

қосақтайды  да,  бағананы  айналдыра  қуып  айдайды.  Саз 

балшық қамырдай иленеді. Түске жақын ауыр жұмыстан әбден 

титықтаған өгіздер мойынтұрықтан босатылады. Оларға қарап 

тұрып,  үш  жігіт  қай  өгіздің  жұмысы  ауыр  болғанын  әңгіме 

етеді.


—Жұмыстың  ең  ауыры  менің  өгізіме  тиді,—дейді  кәрі 

өгіздің иесі,—ол бағанды әр айналғанда он екі адымнан жаса-

ды. 

—Бекер  ренжіп  отырсың,—дейді  оған  ортадағы  дөнен 



өгіздің  иесі,  сенің  өгізің  екі  аттағанда  менікі—үш  аттады, 

ал менің өгізім үш аттағанда мына інішектің өгізі төрт аттап 

отыр ды.

—Дұрыс айттыңыз. Сонда үшеуі жұп жазбай бағанды жүз рет 

айналғанда, әр өгіз қанша адымнан жүрді екен?—деп сұрапты 

ең шеткі құнан өгіздің иесі.



Шешуі:  Бағанды бір айналғанда кәрі өгіз он екі рет, ортадағы 

дөнен өгіз он сегіз рет, шеткі құнан өгіз жиырма төрт рет аттай-

ды. 

2267.  ЖЕР ЖыРТыП, ТұҚыМ СЕБУ



Диқан  жігіт  ерте  көктемде  жалғыз  өгізіне  орман  ағашты 

тіркеп,  жер  жыртуға  кіріседі.  Жер  жыртып  болғаннан  кейін 

диқан  оның  ұзыны  мен  енін  қадамдап  өлшеп  шығады.  ұзыны 

жүз қадам, ені алпыс қадам болғанына қатты қуанады.

Келесі  күні  диқан  арқан  баулы  қапшығын  мойнына  асып 

алып, тұқым себе бастайды. Егістік жердің шеткі бұрышынан 

ұзынына  қарай  алғашқы  адымын  жасап,  ол  оңына,  алдына, 

солына  уыстап  бидай  шашып  жүреді.  Диқан  шашып  сепкен 

бидайдың  ені  үш  қадам  болады.  Егістің  ұзына  бойына  жеткен 


390

390


391

ЖұМБАҚ  ЖАУАП

соң ол келесі жүйекке түсіп, егістің бастама жеріне дейін тұқым 

сеуіп келеді. Бұл жолы да бидай үш қадамдық ендікке себіледі.

Шаңқай  түсте  диқан  тұқымын  сеуіп  бітіреді.  Содан  соң  өзі 

дөңестеу  жерге  барып  тыныс  алады.  Егістіктің  ұзына  бойына 

қарап  отырып,  диқан:  «Мен  осы  жердің  бойымен  әрлі-берлі 

жүргенде қанша қадам жасадым екен?»—деп қас қағым сәттей 

ойланып қалады. 

Жақсы тынығып алған диқан енді ені бес қадамдық шеңгел 

маламен егін үстін малалауға кіріседі. Күн ұясына бір қарыстай 

қалғанда  диқан  егістікті  түгел  малалап  жібереді.  Барлық  іс-

тіршілігіне іштей риза болған диқан үйіне қайтады. 

«Егістік  алаптың  ұзына  бойына  әрлі-берлі  мала  тартқанда 

өгізім  қанша  жер  жүрді  екен?»—депті  диқан  үйіне  келе  жа-

тып.


Шешуі:  Диқан тұқым сепкенде екі мың қадам, ал малалау 

кезінде өгіз бір мың екі жүз қадам жасайды. 

2268.  КІРПІШ ҚұюШылАР

Әке мен бала үй тұрғызу үшін кірпіш құюға кіріседі. Әкесі 

баласына  екі  кірпіштен  құятын  қалыпты  береді  де,  өзі  үш 

кірпішті қалыпты алады. Еңбекке ынталы бала қолына қалып 

тиісімен, лай иленген апанға жүгіріп барып, дереу іске кірісіп 

кетеді. 


—Мен, міне, сексен кірпішті құйып та қойдым,—дейді бала 

қуанып. 


—Сені  қазір-ақ  қуып  жетемін,—деп  әке  қолына  қалыбын 

алып іске кіріседі. 

Әке мен бала бірінен-бірі қалыспай, сәске түске дейін жұмыс 

істейді.  Бір  уақытта  әке  баласы  құйған  кірпіш  санын  қуып 

жеткенін айтады. 

Бала екі түрлі қалыппен құйылған кірпіштерді санап шығады. 

Өзі құйған кірпіштердің саны әкесі құйған кірпіштермен тепе-

тең болып шыққанына таң қалады. 

«Нешінші жүрісте әкем мені қуып жетті?»—дейді ол ойла-

нып.


Шешуі:  Әкесі баласын сексенінші жүрісте қуып жетеді. 

392

ЖұМБАҚТАР

392

393


2269.  АңШыДАН ШыРАлҒы

Сауыр-сауыр  құм  етегін  жайлаған  ауылдың  Қали  есімді 

аңшы жігіті қыс бойы қоян, түлкі, елік аулап, әр жолы олжалы 

оралып жүреді. Ол аңнан қайтқан кезде ауылдастары алдынан 

шығып, шыралғы сұрауды дағды етіп алады. 

«Батырдан—олжа,  аңшыдан—шыралғы»  сұрау  салтын 

қатаң сақтайтын жігіт мырзалығымен сыйлы да, сияпатты бо-

лады. 


Қалың  қарлы  күнгі  кешкілікте  ол  үйіне  оралады.  Алды-

нан шығып, атын ұстаған әке қанжығадағы қояндарды көріп, 

азырқанып қалады. 

—Балам,  бүгін  тазының  аузы  салымды  болмапты  ғой,—

дейді.

—Тазыда кінә жоқ, әке. Ол көп-ақ ұстады.



—Онда жол-жөнекей шыралғыны көп берген екенсің. 

—Әуелгі  сұрағанға—әр  жетінің  бірін,  одан  кейінгісіне—

қалған  қояндардың  әр  алтысының  бірін,  одан  кейінгіге  әр 

төрттің бірін беріп келдім...

Әкесі  қанжығадағы  үш  қоянды  шешіп  алып,  сәл  ойланып 

қалыпты. 

—Барлығы  қанша  қоян  ұстағаныңды,  төрт  адамға  қанша 

шыралғы бергеніңді енді білдім, балам.

Аңшы жігіт қанша қоян ұстаған, оның қаншасын шыралғыға 

берген?


Шешуі:  Аңшы жігіт төрт адамның әрқайсысына бір қояннан 

шыралғы берген.

Барлық  қоян—жеті  қоян,  одан  шыралғыға  бергені—төрт 

қоян. 


2270.  ҚАС ҚАҒыМ ЖЕР

Жақпар-жақпар  таудың  терең  шатқалында  жас  аңшы  аң 

аулап  жүреді.  Түс  ауа  берген  кезде  нөсер  жауып,  оның  көзіне 

түскен  екі-үш  арқар  бет-бетіне  безіп  кетеді.  Жауын  басылған 

кезде  қатты  өкініп  қалған  аңшы  айқайлап  дауыс  шығарады. 

Оның ащы даусы шатқалдың екі жағындағы аңғардан жаңғы-

рып естіледі. 


392

392


393

ЖұМБАҚ  ЖАУАП

Аңшы  тағы  бір  рет  қатты  дауыстайды.  Оң  жағындағы 

аңғардан  шыққан  жаңғырық  үш  қағым,  ал  сол  жақтағы 

аңғардікі бір қас қағым сәтте естіледі. 

Екі  жақты  жаңғырықтың  дәл  ортасын  табайын  деп,  ол 

оңына қарай жүз қадам жүреді де, тағы дауыстайды. Бірақ екі 

жақты жаңғырық бір сәтте естілмейді. Енді ол оңға қарай тағы 

екі жүз қадам жер жүріп, қатты дауыс шығарады. Бұл жолы екі 

жақтың жаңғырығы екі қас қағым сәтте бірдей естіледі. 

Екі жақты жаңғырықтың дәл ортасын тапқан аңшы оңы мен 

солындағы аңғар жарларына қарап біраз ойланып қалады. «Екі 

аңғардың арасы қанша қадам болды екен?»—деп ол өзіне сауал 

қояды. 


Шешуі:  Аңшы оң жағына қарай үш жүз қадам жүргенде оң 

жақтағы  дыбыстың  естілуі  бір  қас  қағымға  кешіккен.  Демек, 

дыбыс үш жүз қадам жерден бір қас қағым уақытта естілген. Ал 

екі аңғардың дәл ортасына дыбыс екі қас қағым уақытта жет-

кен. 

Екі аңғардың арасына дыбыс төрт қас қағым уақыт жібереді, 



демек, екі аңғардың ара қашықтығы—бір мың екі жүз қадам. 

2271.  ӘПЕНДІ «БАҒБАН»

Қалаға жаңадан қоныс теуіп жатқан бір шаруа ерте көктемде 

үй  іргесіне  жеміс  ағаштарын  тіккісі  келеді.  Жексенбі  күні 

базарға барып, бір құшақ балғын шыбық сатып әкеледі. Олар-

ды  түгелімен  есік  алдындағы  арық  суына  батырып  қояды. 

Әке  тіршілігіне  бала-шағасы  мен  жұбайы  мәз  болып,  қуанып 

қалады. 


Ертеңіне шаруа әкелген шыбықтарын тігуге кіріседі. Әуелгі 

күні  шыбықтардың  біразын  тігеді  де,  күн  батқанда  оларды 

түгел  қайта  суырып  алып,  сол  қалпымен  қораның  бұрышына 

әкеліп  бөлек  жинап  қояды.  «Тіккен  шыбықтарды  неге  суы-

рып алдың?»—дейді жұбайы аң-таң болып. «Түнде біреу-міреу 

ұрлап кете ме деп қорықтым»,—дейді оған отағасы. 

Келесі күні таңертең шаруа кешегі суырып алған шыбықтарға 

тиіспей, арық ішінен жаңадан тағы бір бума шыбық әкеліп тігеді. 

Бұл күнгі тіккені кеше тігіп, қайта суырып алғанынан екі есе 

көп болады. Қараңғы түскенде шаруа осы тіккен шыбықтардың 



394

ЖұМБАҚТАР

394

395


қақ  жартысын  суырып  алып,  қорадағы  шыбықтардың  үстіне 

қосады. Жұбайы мұнысына ашу шақырады. 

Ертеңінде  «бағбан»  арықта  қалған  шыбықтарды  санап 

көріп,  сатып  әкелген  шыбықтардың  тең  жарымы  жатқанын 

байқайды. Ол енді арық ішінде жатқан осы шыбықтарды түгел 

тігіп  шығады  да,  кешке  жақын  осы  тіккеннің  ішінен  әр  үш 

шыбықтың бірін суырып алып, қорадағы шыбықтардың үстіне 

тастайды. 

Әкенің бұл қылығына үй ішіндегілер түгел күледі. Мазаққа 

ұшыраған  «бағбан»  күндіз  тіккен  шыбықтарды  түнде  ешкім 

ұрламайтынын  біле  бастайды.  Бірер  күн  ойланып-толғанып 

жүреді  де,  әр  кеште  суырып  алып,  қора  бұрышына  жинап 

қойған шыбықтардың бәрін қайта тігеді. Бірақ осы соңғы күні 

тігілген шыбықтардың тең жарымы көктемей қалады. «Қайта-

қайта  тігіп  жүріп,  тоғыз  шыбықты  қуратып  тастадың»  деп, 

жұбайы ерін жазғырды.

Әпенді  «бағбан»  базардан  барлығы  қанша  шыбық  сатып 

әкелген еді?



Шешуі:  Бір  рет  тігіліп  қайтадан  суырып  алынған  шы-

бықтар—барлық сатып алынған шыбықтардың қақ жартысы. 

Есеп  шарты  бойынша,  осы  «қақ  жартының»  жартысы,  яғни 

тоғыз шыбық көктемей қалған. Ендеше, сатып алынған шыбық 

саны өспей қалғанына төрт есе көп. 

Барлығы—отыз алты шыбық. 

2272.  ҚылЖАҚБАС САУДАГЕР

Бір  шаһарда  қылжақбас  саудагер  болыпты.  Оның  базарға 

әкелген бидайы, арпасы мен ұны—бәрі қас пен көздің арасында 

сатылып кетеді екен. 

Бір  күні  ол  базарға  салмағы  бірдей  екі  қап  астық—бір 

қап  бидай,  бір  қап  тары  әкеліп  түсіреді.  Таразысын  әзірлеп 

алғаннан кейін жан-жағына жар салады. «Бұрын келгеніңе—

көп,  кейінгіңе  кем  беремін»,—дейді.  Оның  даусын  естігендер 

біртіндеп  келіп,  сәлден  кейін  көбейіп  кетеді.  Саудагер 

келгендерді санап шығады да:



394

394


395

ЖұМБАҚ  ЖАУАП

—Жаңағы  айтқан  уәдем  бойынша  бірінші  адамға  он  қадақ 

бидай, одан кейінгі әр адамға бір қадақтан кемітіп сата берем. 

Ең соңғы адамға бір қадақ қана бидай тиеді,—дейді. 

—Жарайды,—деп алымсақтар дорбасын, қоржынын дайын-

дай бастайды. Бір демнің арасында қап түбінде бір қадақ қана 

бидай қалады. Ең соңғы бір қадақ бидайды алған адам сатушыға 

өкпелі болып қалғанын айтады. «Екінші қаптағы тарыңыздан 

көбірек алайын»,—деп өтінеді. 

Қылжақпас  бидай  сатып  алғандарды  қайта  шақырады. 

«Жаңағы  реттеріңізбен  тізіліп  тұрыңыздар,  бұл  жолы  бірінші 

адамға  бір  қадақ,  одан  кейінгіге—екі,  одан  соңғыға—үш, 

сөйтіп, ең соңғы адамға он қадақ тары сатылады»,—дейді. 

Қылжақпас тарысын өзінің айтуы бойынша сатып шыға ды. 

Келгендердің бәрі тарысы мен бидайын қосқанда тең мөл шер де 

астық алып қайтады. 

—Бүгін  Қылжақпас  барлығы  қанша  қадақ  бидай,  қанша 

қадақ  тары  сатты?  Әр  адамға  неше  қадақ  бидай,  неше  қадақ 

тары тиді екен?—депті сонда мұны естіген бір адам. 



Шешуі:  Қылжақпас  он  адамның  әрқайсысымен  екі  реттен 

сауда жасап, барлығы елу бес қадақ бидай, елу бес қадақ тары 

сатқан.  Әр  адам  бидай  мен  тарыны  қосқанда  он  бір  қадақтан 

астық  алған.  (Он  қадақ  бидай  алған  адам  бір  қадақ  тары,  бір 

қадақ бидай алған адам он қадақ тары, т.с.с түрде бөліскен) 

2273.  АлТы АлАСы, БЕС БЕРЕСІ

Бір  кедей  жігіт  темір  ұстасына  көрікші  болып  жалда-

ныпты.  Жалақысына  ол  күн  сайын  үш  теңге  алып  тұруға 

уәделеседі.  Бұған  жігіттің  әкесі  мен  шешесі  қуанып  қалады. 

«Әрқайсымызға күніне бір теңгеден келетін болды ғой»,—дейді 

шешесі мәз болып. «Балам, жылына бір мың сексен теңге ала-

тын болыпсың»,—дейді әкесі.

Жігіт  ұстаханада  мінсіз  еңбек  етеді.  Көрік  басумен  қатар, 

балға  соғады,  көмір  тасиды,  су  әкеліп,  от  та  жағады.  ұста 

жасаған  ат  тағаларын,  кетпені  мен  орағын  базарға  апарып  са-

тып, ақшасын әкеліп беріп тұрады. 

ұста  мекерлеу  адам  болып  шығады.  «Көріктің  шанағын 

жардың,  балғаның  сабын  сындырдың,  көмірді  күл  етіп 



396

ЖұМБАҚТАР

396

397


жібердің,  сатқан  бұйымдардың  ақшасын  түгел  әкелмедің»,—

деп ол жігітті әр жолы кінәлай береді. 

Жыл өтеді. Есеп айырысатын күн келеді. 

—Балам,  алты  аласың  болса,  бес  бересің  де  болады,—деп 

ұста  көрікшіге  жарты  қалта  теңге  беріп,  арқасынан  қағып 

шығарып салады. 

Жігіт үйге келгенде әкесі мен шешесі одан қанша теңге алып 

келгенін сұрайды. 

—Ақшаның алты аласын алып, бес бересін беріп келдім,—

депті жігіт сонда. 

ұста көрікші жігітке қанша ақша төлеген?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет