ҚҰрамы әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А, жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет26/29
Дата26.01.2017
өлшемі2,08 Mb.
#2743
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
пен  ЖігіТ

Халық айтады екеумізді өлеңші деп,

Шөп-шөптің жерге біткен қайсысы көп?



Келіншектің айтқаны:

Өлеңге сендей де көп, мендей де көп,

Бейақыл, сен білмесең, мен айтайын:

Халық айтады екеумізді өлеңші деп.

Шөп-шөпте жерге біткен ақтақ шөп көп,

Ақтақты тауыспайды ешбір мал жеп.



Жігіттің айтқаны:

Айтамын айт дегенде апар-жапар,

Сенен мен, ақын болсаң, сөз сұрайын:

Ішінде бес жүз үйрек жапылтақ бар,

Басында бір төбенің қанша шөп бар?

Келіншектің айтқаны:

Айтамын айт дегенде апар-жапар,

Бейақыл, сен білмесең, мен айтайын:

Ішінде бес жүз үйрек жапылтақ бар,

Басында бір төбенің мың сан шөп бар.

Жігіттің айтқаны:

Торышам шабылмайды шауып берші,

Сенен мен, ақын болсаң, сөз сұрайын:

Шалғайын шапанымның қауып берші,

Шығыпты жылқы қайдан соны білші.

Келіншектің айтқаны:

Базардан алып келген қанша бөз бар,

Бейақыл, сен білмесең, мен айтайын:

Қолында ноғайлардың ылға кез бар,

Шығыпты жылқы желден деген сөз бар.


360

361


ЖұМБАҚ ТІлДЕСУ

2224. 


Жәнібек  ханның  заманында  бір  адам:  «Осы  Жиреншені 

әркім  мақтайды.  Жиренше  сөзге  жеңілмей,  сұраған  жауапқа 

тоқтаусыз дәлел береді дейді. Осы айтқан адам қандай екен, мен 

барып бір жауап сұрайын»,—деп, қанша білгір де болса, бұған 

жауап тауып бере алмас деп, Жиреншеге келіп: «Сен, Жирен-

ше,  білгір  болсаң,  тесік  тау  қайда?—деп  айтады.  Жиренше: 

«Тесік тау мынау тұрған қызыл төбешіктің астында»,—деп жа-

уап беріпті. Ол: «Қызыл төбешік мұнан алыс па?»—депті. Жи-

ренше айтыпты: «Жоқ, мұнан алыс емес, тиіп тұр, жүр екеуміз 

үйге барайық»—дейді.

Үйге  кірген  соң,  Жиренше  әйеліне:  «Мына  кісіге  сусын 

бер»,—депті.  Әйелі  аяққа  ас  құйып,  Жиреншеге  беріп,  сонан 

соң  әлгі  қонаққа  береді.  Сонда  Жиренше  қолына  берген  ай-

ранын  ұстап  тұрып:  «Бес  тұлпарға  мінеді.  Қызыл  төбешіктің 

астындағы тесік таудан өтеді»,—деген екен.

Сонан  әлгі  кісі:  «Мұның  тесік  дегені  тамақ  екен  ғой.  Бес 

тұлпар дегені бес саусақ екен ғой. Қызыл төбешік дегені қызыл 

тіл  екен  ғой,—қой,  мұны  мен  жеңе  алмаспын!»—деп  қайтып 

жүре беріпті. 

2225.


Мамыр айының мамыражай күнінің бірі болса керек, ауыл 

жанындағы  көктөбенің  басына  шығып,  бірі  әңгіме  айтып, 

екінші  тобы  тоғызқұмалақ  ойнап  отырған  жігіттер  алыстан 

жортып келе жатқан екі аттыға көзі түседі. 

Қара сөз жұмбақтар


360

361


ҚАРА  СӨЗ  ЖұМБАҚТАР

Жол жаңағы төбені айналып өтеді. Екеудің бірі қарамұртты 

жігіт, қасындағы серігі үкілеп тақия киген қыз бала. Екеуінің 

аты да жорға, төктіріп келеді. Олар жақындаған сайын екеуінің 

түр-түсіне,  киім  киісіне,  жарасымды  жүріс-тұрысына,  мінген 

атына  таңданып,  ауыл  азаматтары  аңырап  тұрып  қалады. 

Қарамұртты жігіт он қолын кеудесіне апарып, сәлем бере өтеді. 

Сонда жігіттердің бірі:

—Ту,  мына  жігіттің  атының  жорғасын-ай,  қыздан  алған 

жолдасын-ай?—дейді. 

Сол кезде қыз атының басын тартып тұрып:

—Ей,  жігіт!  Біліп  сөйле,  сен  жігіт!  Бұл  жігіттің  шешесі—

менің шешемнің қайын енесі, мен бұл жігіттің жан денесі, сон-

да  болдым  неменесі?  Шу,  жануар,—деп  атын  бастырмалата 

жөнеледі.

Сонда ауыл жігіттері сөз мәнісін бірден түсінбей, «шынында 

неменесі болды»,—деп бір-біріне қарапты.

Мұны байқаған ауыл ақсақалдарының бірі:

—Жігіттің  жан  денесі  болса,  қызы  болды  емес  пе?—деген 

екен. 


2226.  ЖӘ, ТАй ҚАйДА КЕТЕР ДЕйСІң!

Екі  әке,  екі  шеше  және  немере  іні  кездесіп  қалды.Әйелдің 

бірі:

—Жиенім ер жетіп қалыпты ғой,—деп күлді.



Әкенің бірі оған:

—Балдызым,  жиеніңнің  ер  жетіп  қалғаны  рас,  атаған 

тайыңды қашан бересің?—деді.

—Жә,  тай  қайда  кетер  дейсің?  Кездескен  адамдар  қандай 

туыстықта? Барлығы қанша туыс, үпіптесі қайсы?

Шешуі:  Апалы-сіңлілер ағайындыларға тұрмысқа шыққан 

және олардың бір баласы болғаны. Сонда барлығы 5 жан.

 

2227.  БАйлАМДы СӨЗ



Бір кісі екеуді кездестіріп:

—Па шіркін, ерлі-зайыптылардың жүрісін-ай!—деді. 

Әйел жынысты адам:


362

ЖұМБАҚТАР

362

363


—Біз  ерлі-зайыпты  емеспіз.  Мына  ер  адамның  шешесі—

менің шешімнің келіні. Аржағын өзің талда.

—Кездескен екеу қандай туыстық қатынаста болады?

Шешуі:  Бөлелер: ұл мен қыздың балалары.

2228.  ӘКЕңЕ СӘлЕМ

Жолай кезіккен бір балаға ақ сақалды шал сәлемдесіп тұрып 

былай депті:

—Ассалаумағалейкум, жан ұғлан, 

Сенімен мен бір туған, 

Әкеңе айта бар,

—Шешеңнің шешесінің күйеуімін келіп тұрған.

Сонда бұлардың бір-біріне қандай жақындығы бар?

Шешуі:  шал—нағашы атасы, бала—жиені. 

2229.  ҚАРАСАҚАл ЕРІМБЕТТІң ЖұМБАҒы

Қарасақал  Ерімбеттің  көзі  кешкілік  буы  бұрқырап  жатқан 

боз жерге түседі.

—Па,  шіркін,  бір  сиырдың  терісін  тіліп  жіберіп,  мына  бір 

буы бұрқырап жатқан жерді өлшеп, егін ексе ғой. Халық қарық 

болып қалар еді,—деген екен ойға қалған күйі.

Артынша  Ерімбет  жұрт  жиналған  жерге  келеді.  Көп  одан 

тың әңгіме, не жұмбақ айтуын қолқалап қоймады. 

Сонда Ерекең ойланбастан:

—Сататын сиырым бар өзі семіз,

Үш айда бұзаулайды туып егіз.

Алыңдар сиырымды пұлдан қашпай,

Ат жүзер айранына болып теңіз.

Күйлесе, сиырыма шақ келмейді,

Төрт  бұқа,  қоссаң  дағы  атан  өгіз,—деп  жантая 

кетеді.

Тосыннан  қиыстырылған  жұмбақты  шеше  алмай,  халық 



дағдарып  қалады.  Ақырында  жұмбақтың  шешуін  түсіндіру 

Ерімбетке  қымбатқа  түседі.  Ел  ықыласын  бұзғысы  келме-



362

362


363

ҚАРА  СӨЗ  ЖұМБАҚТАР

ген  ол  бір  сиырын  сойып,  наурыз  тойына  таратады.  Сиырдың 

терісінен  таспа  тіліп,  әлгі  буы  бұрқыраған  жерді  өлшеп  егін 

егеді. Төрт бірдей құрдасы, жеделдес ағасы теңіздей жайқалған 

егінді күтіп, баптауға ат жинап, төрт құрдасы, жеделдес ағасы 

қырманға  түседі.  Алынған  астықты  күздей-қыстай  армансыз 

ішіп-жеп  халық  тойынады.  Ерімбет  жиын  үстінде  кездейсоқ 

құрастырылған жұмбағының шешуін осылайша ел алдына паш 

еткен көрінеді. 

Сататын сиырым бар дегені—ақылымды алыңдар, сиырдың 

терісінен таспа тіліп, құнарлы жерді өлшеп, егін ек дегені бола-

тын. Төрт бұқа, атан өгіз дегені—төрт құрдас, жеделдес ағасын 

нұсқағаны еді, сонда жұмбақтың шешуі егін болып шығады. 

2230.  ЖұМБАҚ ЕСЕПТЕР

Бір тоқтым бар. Егіз де таппайды, еркек те таппайды, таппай 

да қалмайды. Сол тоқтыдан тараған тұқымдарының да қасиеті 

сондай. Әлгі бір тоқтым он жылда нешеу болады?



Шешуі:  Егіз  таппайды  дегені—өлім-жітімін  шығарып 

тастағаны.  Еркек  таппайды  дегені—сойылмайтындарын  есеп-

тен шығарғаны. Соның өзінде бір ғана тоқты он жылда 1024 бас 

болмақ. Екі отар қой. 



364

365


2231.  ӘЖЕ МЕН НЕМЕРЕНІң ЖАСы

—Әже, немереңіздің жасы нешеге толды?

—Оған, айналайын, менің жасым қаншада болса, сонша ай 

толды.


—Өзіңіз қанша жасқа келдіңіз?

Немерем екеуіміздің жасымызды қосқанда 65 болады. Енде-

ше, немерем мен менің жасымның нешеде екенін өзің есептеп 

шығара ғой, қалқам.

Сонда немересінің және әжесінің жасы нешеде болды екен?

Шешуі:  Әжесі 60 жаста, немересі 5 жаста.

2232.  ӘКЕСІ ҚАНША ЖАСТА?

Жолдасы Болаттан әкесі қанша жасқа келгенін сұрады. 

—Мен  әкемнен  үш  есе  кішімін,  ал  қарындасым  Мариядан 

үш есе үлкенмін,—деді Болат.

Сол кезде Мария келді де:

—Әкем  екеуіміздің  жасымызды  қосқанда  50  болады,  әкем 

солай деген,—дейді.

Сонда Болаттың әкесінің жасы нешеде болғаны?

Шешуі:  45 жаста.

Жұмбақ жауап



364

365


ЖұМБАҚ  ЖАУАП

2233.  ӨЗІМ ДЕ ҚұР ҚАлМАДыМ

Жексенбі күні еді, немерелерім келді. Аймалап сүйіп, асыр 

салып  ойнап,  тыраңдап  қалды.  Мен  де  мәзбін.  Ақ  сандықты 

ашып,  ішінен  бір  табақ  алманы  әкеп,  немерелерімнің  алдына 

қойып едім:

—Ата,  өзіңіз  бөліп  бермесеңіз,  мына  Мұрат  талас 

шығарады,—деп, ең кішілерін шаға бастайды.

—Жарайды,—деп  алманы  оларға  екіден  бөле  бастап  едім, 

біреуіне жетпей қалды. Бір-бірден беріп едім, бір алма артылып 

қалды. Әлгі тентек сіздің сыбағаңыз деп артылып қалған бір ал-

маны аузына тығып жатыр. 

—Сонда,—деймін-ау,—менің үйіме келген немерелерім не-

шеу, менің табаққа салып әкелген алмаларым нешеу болған?



Шешуі:  3 бала, 4 алма.

2234.  ЖҮЗ ЖылҚы—ЖҮЗ СОМ

Ертеде  бір  ханның  ақылды  бір  уәзірі  болыпты.  Хан  сол 

уәзірін сынамақ болып, бір күні алдына шақырып алыпты да, 

былай депті:

—Мен сенің қолыңа 100 сом ақша беріп базарға жұмсаймын, 

сол ақшаға 100 жылқы сатып әкелесің. Базарда 1 айғыр—1 сом, 

1  бие—7 сом, 1 құлын—50 тиын.

Уәзір  шарт  бойынша  осылардан  100  жылқы  әкеледі.  Сонда 

қанша айғыр, қанша бие, қанша құлын әкеледі?



Шешуі:  9 айғыр, 7 бие, 84 құлын. 

2235.  НЕШЕ АлМА? 

Ертеде  бір  хан  болыпты.  Оның  жалғыз  сұлу  қызы  болып-

ты.  Бір  күндерде  қыз  қатты  ауырыпты.  Хан  қол  астындағы 

бақсы,  балгер,  тәуіптерді  жинап,  қызын  емдетіпті.  Бірақ  ем 

қонбапты. 

Бір күні бір білгір емші келіп қызды көріп: «Бұл қыздың ау-

руына  ем  болатын  жалғыз  нәрсе—Барсакелмес  деген  жердегі 

бақтың  алмасы.  Ол  бақты  мыстан  кемпір  күзетеді.  Сыртын-


366

ЖұМБАҚТАР

366

367


да  үш  қорғаны,  оның  үш  дарбазасы  бар.  Әр  дарбазасында 

күзет  тұрады.  Сол  бақтың  алмасын  жесе,  қызыңыз  жазылып 

кетеді»,—дейді.

Талайлар талпынғанымен, ешқайсысы алманы қызға әкеліп 

бере алмайды.

Бір  күні  бір  жетім  бала:  «Не  де  болса  бағымды  сынайын, 

қазам  жетсе,  өлермін,  болмаса  тауып  әкелермін»,—деп  жолға 

шығады.


Әлгі  бала  бір  кездері  баққа  да  жетіпті.  Ол  дарбазалардағы 

қарауылдармен  келісіп,  кемпірге  сездірмей  ішке  кіреді. 

Бірақ  қарауылдар:  «Алған  алмаңның  тең  жартысын,  өзіңде 

қалғанынан және бір алма қосып беріп кетесің»,—дейді.

Бала  келіседі.  Сөйтіп,  бірінші  қарауылға  бақтан  жинаған 

алманың  жартысын  және  бір  алма  артық  береді,  екінші  және 

үшінші  қарауылға  да  соны  істейді.  Соңында  балада  бір  алма 

қалады.  Ол  алманы  қызға  әкеп  береді.  Қыз  шипалы  алма  же-

ген  соң  ауруынан  айығып  кетеді.  Кәне,  ойланып  көрелік: 

бала бақтан неше алма алды және әр қарауылға неше алмадан 

берді?

Шешуі:  бала  барлығы  22  алма  алып  шыққан,  бірінші 

қарауылға  12,  екінші  қарауылға  6,  үшінші  қарауылға  3  алма 

берген, сонда қалғаны—1 алма.

 

2236.  ТОРҒАй МЕН БұТАҚ



 

Бір топ торғай бір топ шидің басына қонды,

Бір-бірден шиге қонса, торғай артылады,

Екіден қонса, шидің бірі артылады,

Торғай нешеу, ши нешеу?

Шешуі:  торғай—4, бұтақ—3.

2237.  ТӨРТ ЖИыРМА

Баласы әкесіне:

—Маған жұмбақ үйретші,—дейді.

Сонда әкесі:


366

366


367

ЖұМБАҚ  ЖАУАП

—Сенің жасыңды үш есе көбейтсе, менің жасымдай болады. 

Ал  менің  жасымнан  сенің  жасыңды  алып  тастаса,  20  қалады. 

Сол 20-ға тағы 20 қосып, сонан шыққанын сенің жасыңа қосса, 

сен  менен  20  жас  үлкен  болып  шығасың.  Енді  тапшы:  мен 

нешедемін, өзің нешедесің?

Шешуі:  баласы—10-да, әкесі—30-да.

2238.  МыСыҚТАР

Алты  қанат  киіз  үйге  екі  мысық  келіп  кірді  де,  бірінші 

керегенің түбіне екеуі балалап, әрқайсысы алты баладан әкелді. 

Олардың бәрі де мысық болып өсті де, екінші керегенің түбіне 

барып балалады да, тағы да алты-алтыдан балалады, т.с.с. Осы-

лайша, әр керегенің түбіне барып балалап шықты. Сонда киіз 

үйден неше мысық өсіп шығады?



Шешуі:  111972 мысық өсіп шығады екен.

2239.  ҮШ ӘДІл

Үш ағайынды бала жұмыртқа іздеп көл басына келеді. Көп 

жұмыртқа тауып алады. Күн шаңқай түс еді. Балалар қамыстан 

күрке тігіп, ішіне шөптен төсеніш салып, дамылдап дем алуға 

кірісті.  Бір  шәугімге  толтырып  жұмыртқа  салды  да,  жер 

ошақтағы шоққа қойып, өздері ұйықтап қалады. Әлден уақытта 

үлкені  оянса,  от  сөніп  қалыпты.  Жұмыртқа  пісіп  тұр  екен. 

Шәугімнен  жұмыртқаны  түсіріп  алып  санап  еді,  үшеуіне  тең 

бөлуге болады екен. Ол жұмыртқаны бірдей қылып үшке бөлді 

де, бір есесін өзі жеді. Қалған екі інісінің сыбағасын шәугімге 

қайта салып, өзі тағы ұйқыға кірісті. Аздан соң ортаншысы оя-

нады. Пісіп, суып тұрған жұмыртқаны ол да бірдей қылып үшке 

бөлді. Бір есесін өзі жеп, қалғанын екі бауырының сыбағасына 

арнап,  шәугімге  салды  да  ол  да  ұйықтап  қалды.  Ең  соңында 

кенжесі оянып: Е, бұлар да шаршаған ғой, бұлардың да қарны 

ашқан  шығар»,—деп  ойлаған  Тазабек  қалған  жұмыртқаны 

тағы үшке бөліп, бір үлесін өзі жеп, қалған 8 жұмыртқаны екі 

ағасына алып қойды.


368

ЖұМБАҚТАР

368

369


Осы  кезде  үлкені  оянады  да,  жұмыртқаны  жеп  отырған 

кенжесін  көріп,  ортаншысының  сыбағасын  қалдырған, 

қалдырмағанын сұрайды.

—Неге  қалдырмаймын.  Екеуіңнің  де  сыбағаңды  алып 

қойдым.  Міне,  жесең  деп,  қалған  жұмыртқаға  қарай  ұмтыла 

бергенде, үлкені:

—Жоқ, мен өз сыбағамды жеп алғанмын,—дейді.

Екі  туысының  дауысымен  оянған  ортаншыға  қалған 

жұмыртқаны ұсынады.

—Жоқ,  мен  өз  сыбағамды  жеп  алғанмын.  Бұл  сыбаға 

екеуіңдікі ғой,—дейді ортаншысы.

Сонымен  ағайынды  үш  әділ  жігіт  болған  жайды  анықтады 

да, 8 жұмыртқаның кімдердің сыбағасы екенін анықтады.

Сонда 8 жұмыртқадан кімге қандай үлес тиді?



Шешуі:  Барлығы—27. Кейінгі жұмыртқаның үшеуі ортан-

шысына,  бесеуі  кенжеге  тиеді.  Үлкені  өз  сыбағасын  бәрінен 

бұрын жеп алған еді. (9)

2240.  МұРА

Бір  адам  үш  баласына  17  жылқы  мұра  қалдырып,  дүние 

салған.  Тұңғышына  жартысын,  ортаншысына  үштен  бірін, 

кенжесіне тоғыздан бірін өсиет еткен. Бұлар үлестерін бөлісе ал-

май, дағдарып отырғанда бір арық атты жолаушы кездеседі. Жо-

лаушы өз атын әлгі жылқыға қосып жіберіп: «Енді үлестеріңді 

ала  беріңдер»,—дейді.  Он  сегіз  жылқыдан  тұңғыш  баласы 

тоғыз,  ортаншысы  алты,  кенжесі  алты  жылқы  алып  бітіседі. 

Жолушының арық аты қайда қалады! 



Шешуі:  өсиеттің шарты дәл емес. Дұрысы он жетіден—9, он 

жетіден—6, он жетіден—2 үлес болуы керек.

2241.  ЖҮЗ ҚАЗ

Көктем.  Жасыл  жазираны  жайлап  отырған  ауыл  үстінен 

терістікке  қарай  үшбұрыш  тәрізденіп  бір  топ  қаз  қаңқылдап 

ұшып  өтеді.  Ауыл  алдындағы  көл  жағасына  жете  бергенде 

қаздардың бірі қанаты қайырылып, жерге қаңғалақтап құлап 


368

368


369

ЖұМБАҚ  ЖАУАП

түседі. Басқа қаздар кездейсоқ жазымға ұшыраған қанаттасына 

қайырылмай кете береді. 

Өз  тобынан  қалып  қойған  қаз  қайта  ұша  алмайды.  Келесі 

күні  оның  үстінен  үшбұрыштанып  көп  қаз  баяу  ұшып  өтеді. 

Жаны жабырқау жалғыз қаз қанаттастарына:

—Сәлемалейкум, жүз қаз,—деп сағынышпен сәлемдеседі.

—Уәлейкум  уассәләм,  жалғыз  қаз,—деп  үн  қатады 

қаздардың көсемі. 

—Бірақ біз, сен айтқандай, жүз емеспіз. Жүз болу үшін бізге 

әуелі  өзіміздің  санымыздай  сан  қос,  одан  сол  қосқаныңның 

жартысын, одан кейін оның жартысын, ең соңында өзіңді қос, 

сонда бәріміз жүз болып шығамыз.

Көл жағасында отырған жалғыз қаз әрі-бері ойланып-толғана 

келіп,үстінен ұшып өткен қаздардың қанша екенін біледі...

Жаз  өтіп,  күз  таянған  шақта  жалғыз  қаз  жайлаған  көл 

үстінен оңтүстік жаққа бет алып бір тізбек қаз жіптей созылып 

өтеді.

—Сәлем алейкум, жүз қаз,- деп көлдегі жалғыз қаз оларға 



ебелектеп  сәлем  береді.  Қаздардың  көсемі  оның  сәлемін 

қабылдап алысымен үн қатады:

—Біз жаздай балапандап көбейдік, енді бес топ болып ұшып 

барамыз.  Артымыздағы  қаздар  біздей  ғана,  одан  кейінгісі  екі 

есе, одан кейінгісі үш есе, ең соңғымыз төрт есе көппіз. Бәрімізге 

сен қосылсаң, жүз боламыз. 

Іркес-тіркес  созыла  ұшып  бара  жатқан  қаздар  тізбегінің 

соңынан қарап қалған жалғыз қаз олардың әр тобында қанша 

қаз бар екенін есептеп табады. Мұны жалғыз қаз қалай білген?

Шешуі:  Есеп  шартына  сүйенсек,  көктемде  ұшып  өткен 

қаздар саны қырықтан кем, отыз үштен артық әрі екіге екі рет.

(Төртке)  бөлінетін  сан.  Отыз  бен  қырық  арасында  ондай 

сан—отыз алты. 

Есептің екінші сұрағына жауап беру үшін күзде ұшып өткен 

бірінші топтағы қаз санын «бір есе» деп алған ыңғайлы.

Көктемде—отыз  алты  қаз,  күзде—бірінші  және  екінші 

топтың  әрбірінде  тоғыз  қаздан,  үшінші  топта  он  сегіз  қаз, 

төртінші топта жиырма жеті қаз, бесінші топта отыз алты қаз 

болған.


24-298*

370

ЖұМБАҚТАР

370

371


2242.  ТОҒыЗТОРАУДАҒы КЕЗДЕСУ

Талас  өзенінің  төменгі  бойындағы  көк  майса  жерге  тұс-

тұстан тоғыз жол келіп түйіседі. Сондықтан тоғыз жолдың то-

рабы Тоғызторау деп аталады. Әйтеуір бір жылы сондағы құдық 

басына тоғыз аңшы келіп, бірімен-бірі түгел қол берісіп аманда-

сып шығады. 

—Бәріміз 

қанша 


рет 

қол 


алыстық?—дейді 

сонда 


жолаушылардың бірі.

—Кім білсін, ал мен өзім сегіз адаммен амандастым,—дейді 

екінші жолаушы. 

Тоғыз жолаушы біріне-бірі қанша рет қол берісті?



Шешуі:  Егер  тоғыз  адамның  әрқайсысы  өзінен  басқа  сегіз 

адаммен  қол  алысып  шығады  десек,  онда  барлық  қол  алысу-

лар  саны  жетпіс  екіге  тең  болар  еді.  Бұлай  есептегенде  тоғыз 

адамның әрқайсысы бір-бірімен екі реттен қол алысқан болып 

шығады. Сонда бір реттен қол алысу саны отыз алтыға тең. Яғни 

бірінші адам—өзінен басқа сегіз адаммен, екінші адам—қалған 

жетеуімен,  үшінші  адам—алты  адаммен,  төртінші—бес  адам-

мен, жетінші—екі адаммен, сегізінші адам ең соңғы бір адам-

мен қол алысады.

Барлық қол алысулар саны—отыз алты. 

2243.  САБАНТОйДА

Шу бойындағы бір ауылда жазғы жиын терімнен кейін үлкен 

сабантой болады.

Қырманның көл-көсір сабан-топанын қоршап отырған ауыл 

адамдары  өз  ортасынан  сегіз  палуанын  шығарып,  олардың 

белдесуін тамашалайды. 

Сегіз  жігіт  бірімен-бірі  түгел  күресіп  шығады.  Тамашаға 

қызған ел-жұрт оларды екінші рет күресіп шығуға шақырады. 

Жігіттер бірімен-бірі түгел күресіп, қауым халықты тағы риза 

етеді.


Бірін-бірі жығып, денесі әбден қызып тұрған жігіттерге енді 

үшінші  рет  белдесіңдер  деген  ұсыныс  айтылады.  «Ер  кезегі 

үшке дейін» деп, жігіттер күреске қайта шығады. 


370

370


371

ЖұМБАҚ  ЖАУАП

Палуандар күресі аяқталғанда көпшілік ішінен біреу: «Сегіз 

жігіт бірімен-бірі барлығы неше рет белдесті екен?»—деген са-

уал қояды. 

—Әуелгі  бір  дүркін  күресте  біздің  жігітіміз  жетеуімен 

күресті, ал одан соң...

—Екінші дүркін күресте біздің палуанымыз...

—Осылайша санауды қойыңдар,—деп қария қол көтереді.

—Сегіз жігіт үш дүркін айқаста барлығы неше рет белдесті, 

соны айтсаңдаршы?! 

Шешуі:  Жоғарыдағы есептегідей пайымдау жасалады.

Сегіз жігіт бір дүркін күресте—барлығы жиырма сегіз рет, 

үш дүркінгі күресте сексен төрт белдесті.

2244.  ҚұТТы ҚАЗыҚТАР

Бір  қарияның  ержеткен  үш  ұлы  болыпты.  Қартайған 

шағында  малын  балаларына  еншіге  бөліп  бергісі  келген  шал 

он екі жерге қаз-қатар қазық қағады да, бірінші қазыққа—бір 

қой, екіншісіне—екі қой, үшіншісіне—үш қой, осы ретпен ең 

соңғы он екінші қазыққа он екі қой байлайды. 

—Ал,  балаларым,  мына  қазықтардың  бәрі  құтты.  Осында 

байланған  қойларды  үшеуің  тең  бөліп  алыңдар,—дейді  ол  ба-

лаларына.

—Қазықтардағы қойлар саны бірдей емес қой. Сонда қалай 

тең бөліп аламыз?—деп қалады үлкен ұл. 

—Әрқайсысың  төрт  қазықтағы  қойды  ағытып  алсаңдар, 

еншілерің тепе-тең болады,—дейді қария. 

Үш бала қазықтардың ұзына бойына көз жіберіп тұрып, біраз 

ойланып қалады. Ақырында балалардың ең кенжесі малды ара-

лап келіп, үшінші, алтыншы, жетінші және оныншы қазықта 

байлаулы тұрған қойларды ағытып, бөлек айдап шығады.

—Кенжетайыма  жиырма  алты  қой  тиді,  енді  сен  екеуің 

еншілеріңді бөліп алыңдар,—дейді шал өзге екі ұлына. 

«Қайсымыз  қай-қай  қазықтардағы  қойларды  шешіп  алсақ 

екен?»—деп екі жігіт ойланып қалады. Бұл екеуі қалған сегіз 

қазықтағы қойларды қалай бөліп алуы мүмкін?

Шешуі:  Есеп шешуінің үш түрлі жолын көрсетейік.


372

ЖұМБАҚТАР

372

373


Бірінші  тәсілі:  Екі  жігіттің  біреуі—бірінші,  бесінші, 

сегізінші,  он  екініші  қазықтарда,  ал  екіншісі—екінші, 

төртінші, тоғызыншы, он бірінші қазықтарда байлаулы тұрған 

қойларды  шешіп  алса,  әрқайсысы  есеп  шартындағыдай  төрт 

қазықтан барлығы жиырма алты қой ағытып алған болады. 

Екінші тәсілі:  Жігіттердің бірі—бірінші, екінші, он бірінші, 

он  екінші  қазықтардағы,  ал  екіншісі—төртінші,  бесінші, 

сегізінші,  тоғызыншы  қазықтарда  байланған  қойларды  алуы 

мүмкін.


Үшінші тәсіл:  Бір жігіт—бірінші, төртінші, тоғызыншы, он 

екінші қазықтардағы, ал екіншісі—екінші, бесінші, сегізінші, 

он  бірінші  қазықтардағы  қойларды  шешіп  алса,  еншілері 

түгелденеді. (Есептің басқа шешімдері де бар).

2245.  ҚұСБЕГІлЕР АМАНАТы

Орман-тоғайлы, өзен-көлді даланы еркін жайлаған ауылдың 

төрт  құсбегі  аңшысы  болған  екен.  Аң,  құс  аулауға  келгенде 

бірінен-бірі өтетін сол кісілер әртүрлі қыран құстарды мәпелеп 

баптап, бәрін алғыр етіп өсіреді. Басы артығын базарға апарып 

сатып, ақша да тауып жүреді.

Бір күні құсбегілер шаһардағы жәрмеңкеге жүргелі жатқан 

жігітке  келіп,  біздің  қырандарымызды  тиісті  бағасына  сатып 

кел  деп  өтінеді.  Базаршы  жігіт  олардың  аманатын  орындауға 

келісе қояды. Құсбегілер оған төрт-төрттен он алты қыран құсты 

томағалап алып келеді. Жолаушы жетегіне алған түйенің төрт 

қырлы ашамайына бәрін қатар-қатар қондырып қояды. 

ұзақ жолға шыққан жігіт бірер аптадан кейін ауылға олжа-

лы  болып  оралады.  Қыран  құстарды  түгелдей  сатып  келгенін 

айтқан кезде құсбегілер мәз-мейрам болып, қуанып қалады. 

—Балам,  қырандардың  қайсысы  қанша  теңгеге  өтті?—деп 

сұрайды ең үлкен құсбегі. 

—Тұрымтай—бір  теңгеге,  жағалтай—екі,  лашын—үш, 

бидайық—төрт,  күйкентай—бес,  пәрім—алты,  ителгі—жеті, 

сұңқар—сегіз,  қырғи—тоғыз,  шәулі—он,  қаршыға—он  бір, 

тұйғын—он екі, шөгел—он үш, қараша—он төрт, ал байқасқа 

он алты теңгеге сатылды. 

—34 теңге болыпты ғой менің қырандарым,—депті тұрымтай 

мен байқасқаның иесі. 



372

372


373

ЖұМБАҚ  ЖАУАП

—Біздікі де 34 теңгеден болыпты,—дейді сонда лашын мен 

бидайықтың  иесі  және  күйкентай  мен  пәрімді  сатқызған  кісі 

қатарынан жарыса. Ителгі мен сұңқардың иесі де өзіне тиесілі 

отыз төрт теңгесін санап алыпты. 

Төрт құсбегінің қайсысы қандай құстарды сатқызған? 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет