ТАБИҒАТ, ҚОРШАҒАН ОРТА
ТУРАЛЫ ТƏРБИЕ
Қ
азақ халқы ықылым замандардан бері табиғат жəне қор ша ған
орта тəрбиесіне ерекше мəн беріп, оны отбасы тəрбиесінің ма ңыз ды
бір бөлегіне айналдырып, ұрпақтарына: «жалғыз ағашты кессе, жал-
ғыз аңды атса, шығып келе жатқан көкті жұлса, жас ағаш пен жас
шыбықтарды қиса жаман болады, жалғыз аң, жалғыз ағаштың кие-
сі атады; суға симе, суға сию – атаның сақалына сиюмен бірдей; суға
76
76
түкіру – ананың бетіне түкіргенмен ұқсас; өрт қою – орны толмас
қылмыс» деп ұрпақтарын табиғат пен экологиялық ортаны бүл ді ру-
ден қатты тектеп отырған. Тіпті түнде далаға күл төкпеу, от шы ғар-
мау, өзен-суларға көң-қоқыр төкпеу, кір жумау; албаты жер қаз бау,
көш кен де жұртты тазалап кету; жолға тас, топырақ үймеу, ор қаз бау;
кез келген жерге қазық қақпау, қаққан қазықты істетіп болған соң су-
ырып тастау; жер ошақты көміп кету, суға, құдыққа түкірмеу, бастау
кө зін ашу, жолдағы кедергі заттарды алып тастап жүру сияқты көп-
те ген эко ло гия лық орта мен табиғатқа, сондай-ақ, күнделік тұрмысқа
пайдалы ырым-тыйымдарды тұрмыс салттарына енгізіп, табиғат пен
эко ло гия лық ортаның бұзылуының алдын алып отырған.
Бұл ырым-тыйымдардың өте құнды ғылыми негізі бар. Мысалы,
«жал ғыз аңды атпа, киесі атады» деп адамдарды тіксіндіру ар қы лы,
жер бетіндегі сол бір жалғыз жануардың біржолата құрып ке туі нің ал-
дын алған. Ал «жалғыз ағаш кессең – жаныңнан айырыласың, жаман
болады» деу арқылы, сол бір жалғыз өсімдіктің жер бетінен бір жо ла та
жо йы лып кетпей өсіп-өркендеп, оның көп ағаш, қалың ор ман ға айна-
лып кетуіне мүмкіндік жасап отырған. «Суға, құдыққа тү кір сең, кір
жу саң жаман болады…» деп ұрпақтарын су тазалығын сақ тау ға бау-
лып, өзен-көл, құдықтан сусындайтын жан-жануар мен адам зат тың
таза су ішіп, түрлі ауру-сырқауларға кіріптар болып қалудың алдын
алып отырған.
ҚАЗАҚИ ҰҒЫМДАР МЕН КӨЗҚАРАСТАР
Қ
азақ халқы – өзіндік тарихы, озық мəдениеті, наным сенімі,
фи ло со фия лық, психологиялық, əлеуметтік жəне этикалық дербес
ұғы мы, көзқарасы бар байырғы ұлттардың бірі. Бұл көзқарастар мен
ұғым дар дың көпшілігінің ғылыми маңызы зор, кейбіреулері терең тə-
лім-тəрбиелік мəнге ие.
Ол ұғымдар ел ішіне терең тамыр тартып, жұрт көңіліне ұялаған
өмір шең ді гі мен бүгінгі саналы, салиқалы барша адам баласын өзіне
тəнті ете алады.
77
77
Адал-арам жөніндегі ұғым
Қ
азақ халқы адамгершілікті, адалдықты ерекше дəріптеп, ақ
пен қара, жақсы мен жаман, обал мен сауап, адал мен арамның шет-
ше гін қатаң айыратындықтан, бұл жөнінде белгілі көзқарас пен ұлт-
тық ұғым қалыптастырған. Мысалы, адам баласының мал-дү ние сі не
қия нат жасау, əсіресе, жетім-жесірлердің мал-дүниесін жеу, қа рыз
берген затынан өсім алу, пара алу, пара беру, арам заттарды сату, сүт-
ке су, майға бөгде заттарды қосып сату, тəн сату, алдау-арбау, ұрлау
сияқ ты жолдармен тапқан пайда, адамды мас қылып, ес-ақы лы нан
айы ратын ішімдік-шегімдік сату, арам өлген (өздігінен өл ген) малдың
жəне «бісміллə» айтылып бауыздалмаған аң-құстың еті мен көгеріп-
бұ зыл ған тағамдар, арам хайуандар мен жəндіктер түс кен, ауыз ма-
тыр ған тағамдар, т.б. азық-түліктер түгелдей «арам» деп есептеледі.
Одан сырт, есек, қашыр, доңыз, ит, мысық, қасқыр, қарсақ, түлкі, аю,
іл біс, жолбарыс, қабылан, арыстан, борсық, суыр, құндыз, камшат, т.б.
жануарлар мен құзғын, ұзақ, көкек, құмай, бүркіт, қаршыға, қыр ғи,
кез құй рық, бөктергі, ителгі, күйкентай, жағалтай, жапалақ, үкі, сұң-
қар, т.б. құстарды; бақа, шаян, кесірткі, жылан, құрт-құмырсқа сияқты
жəн дік тер ді түгел «арам» деп жемейді.
Ал, қой-ешкі, сиыр, түйе, жылқы секілді үй жануарлары мен бұғы-
марал, елік, бөкен, қарақұйрық, арқар-құлжа, тауешкі, таутеке сияқ-
ты аңдарды; қоңыр қаз, үйрек, қырғауыл, кекілік, шіл, дуадақ, құр,
бөдене, тауықты «адал» деп есептеп, олардың кез келгенін «біс міл-
лə аллаһуакбар!» деп құбылаға қаратып бауыздап жей береді. Алай-
да, оларды бөгде діндегі адамдар бауыздаса немесе бұт-бұр қа ны ның
қасында бауыздаса оны да «арам» деп жемейді. Ал балық тектес су
жануарларын «адал» деп жей береді.
Жоғарыдағылардан тыс, «бісміллə» деп құрған қақпанға түскен,
атып алған жəне ит, бүркіт, қаршыға алдырған «адал» деп қаралған
аң-құстар адам барып бауыздап алғанша жан үзсе, алайда, еті суымай
тұ рып бауыздағанда қан шықса, оларды «адал» деп есептеген. Суға
кеткен адал жан-жануарларды судан шығарып бауыздап алу мүм кін-
ді гі болмаса «бісміллə, аллаһуакбар!» деп пышақ, найза, т.б. сияқ ты
78
78
заттарды шаншып жіберсе немесе тас, сойыл, т.б. нəрселермен қат ты
ұрып жіберіп, судан шыққан соң бауыздап, оны «адал» деп тұ тынған.
Қазақ ұғымында «адал» асты артық жеп құсу да, аманатқа қия нат
жасау да, таразы жəне əртүрлі өлшемнен жеу де, қақты-соқты қып алу
да «арам» деп қаралады. Алайда, «арам» деп есептеген аңдар мен жан-
жануарлардың терісін, мүйізін пайдалану, сондай-ақ, дəрі үшін іс те ту
шектемеге ұшырамаған. Тіпті, сауығатын дəрі тұрып, оны «арам» деп
іш пей, жан сақтарлық азық тұрып, оны «арам» деп жемей, ауру мен
аштан өлген адамның өлімін «арам өлім» деп есептеген.
«Адал, арам» ұғымы – адамдарды не болса соны жейтін тал ғам сыз-
дық тан, ашкөздіктен, бейберекеттіктен сақтап, өзін тежеуге, тəр тіп ті-
лік ке, тектілікке, талғампаздыққа дағдыландырады. Нəп сі құ мар лық-
тан, обырлықтан тыяды.
ЕС-АҚЫЛ, РУХАНИ ЖАН ДҮНИЕ ТУРАЛЫ
КӨЗҚАРАСТАРЫ
А
қылды да парасатты, зерделі де зерек қазақ халқы адам дар дың
таным-түсінігі, ойлау, талдау қабілеті, ес-ақыл, рухани жан дү ние сі,
сондай-ақ, тəлім-тəрбие алу деңгейіне қарай адамдарды «ес-ақы лы
дұ рыс, рухани жан дүниесі таза» жəне «ес-ақылы кем, рухани жан дү-
ние сі кінаратті» деп үлкен екі топқа бөлген, əрі мынадай адамдарды
ес-ақылы дұрыс, рухани жан дүниесі кінаратсыз деп қараған.
1. Ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты, жақсы мен жаманды, адал
мен арамды, обал мен сауапты айқын айыра алатын адам.
2. Кеңпейіл, кешірімді, мейірімді, қайырымды, адал, ақ көңіл, əді-
лет ті адам.
3. Өз нəпсісі мен сезімін тежей алатын, атақ-даңқ, шен-шекпенге
буланбай, өмірге ой көзімен қарайтын, мансапты беттің кірі деп бі-
летін адам.
4. Уəде-сертке берік, айтқанында тұратын, адам баласын жат-
сынып, жатырқамайтын адам.
5. Ата-анасын қадірлеп, үлкендер мен білім, өнер иелерін құр мет-
тей тін, ел қамын өз қамындай ойлайтын адам.
79
79
6. Түрлі иіс пен ащы-тұщының дəмін парықтай алатын, сүйіне де,
лəззаттана да, кектене де, кешіре де алатын, ауырғанын, той ға нын,
ашыққанын сезіп-біле алатын, ойлаған ойын тілмен бейнелей алатын
адам.
7. Заманның талабына қоғам дамуы мен заман ауқымына сай идея-
сы мен көзқарасын жаңалап отыратын, бірақ адамдық қасиеті мен
ұлы мақсат-мұратынан айнымайтын адам.
8. Өмір заңдылықтарын терең түсінетін, жан баласына жа ман-
дық жасамайтын адам.
9. Əн-күй, өлең-жырдан лəззаттана алатын, киімін таза, ретті
кие тін, көркемдікке, тазалыққа көңіл бөлетін, «ердің ері – егеудің сы-
ны ғы» екендігін толық сезіне алатын адам.
10. Өзінің ертеңін, ұрпағының болашағын, ел-жұрты мен хал қы-
ның тағдырын ойлайтын, адамгершілік пен ар-намысты бəрінен жо-
ға ры қоятын, мақтап-марапаттауға тасып, даттауға жасымай-
тын адам.
Ал, мынадай адамдардың ес-ақылы кем, жан дүниелері ақаулы,
кінəратты деп қараған:
1. Дұрыс пен бұрысты, ақ пен қараны, адал мен арамды, обал мен
сауапты, жақсы мен жаманды, ізгілік пен жауыздықты парықтай
алмайтын адам.
2. Кекшіл, күншіл, іші тар, қызғаншақ, мақтаншақ, қатыгез, əдеп-
сіз, арсыз, өсекші, өтірікші, мылжың адам.
3. Өзіндік айқын көзқарасы жоқ, өркөкірек, атаққұмар, бақ құ мар,
шенқұмар, тəкаппар адам.
4. Адамға табынатын, белгілі бір идеяға жабысып алып, көз қа-
ра сын жаңаламайтын, жаңалыққа жатырқай қарайтын тоң мо йын
жəне шаш ал десе бас алатын əпербақан адамдар.
5. Өз нəпсісі мен сезімін тежей алмайтын, не сөйлеп, не іс те ге нін
аңғармайтын адамдар.
6. Ашушаң, суықбас, дөрекі мінез, тоңмойын, ұрысқақ, ты рыс қақ,
жанжалқор адам.
7. Ата-анасы мен үлкендерді құрметтеп, кішілерді аялауды біл-
мей тін, туыс-туғандары мен баласына жанашырлық, жақындық
80
80
танытпайтын, əйелдер мен балаларға қамқорлық жасауды біл мей-
тін, махаббет-кегі, мейір-шапағаты жоқ адам.
8. Өмір заңдылығын түсінбейтін, өлетінін білмейтін, өнер-ғы лым,
үлгі-тағылымға мəн бермейтін, атақ-даңқ, шен-шекпен, мал-дү ние ні
бəрінен жоғары қоятын адам.
9. Əн-күй, өлең-жырдан лəззаттана білмейтін, еңбекті, білімді
қадірлемейтін, тойғанын, жеңілгенін білмейтін адам.
10. Өзін өзгелерден артық санайтын, сабырсыз, күйгелек, жа ла-
қор, пəлеқор, арызқой, даукес, жақсылықты білмейтін, үнемі өз ге лер-
дің ізін аңдып, жақсылығын көрмейтін адамдар.
11. Жуынбайтын, лас, салақ, киімін ретті таза киюді білмейтін,
əсем дік пен сұлулықа мəн бермейтін адам.
12. Өзін тектеп-тергей алмайтын, ішімдік-шегімдікке жаны құ-
мар, тойымсыз, пайдакөс, арсыз, ұятсыз, біреуге бір тиын ақымды
жі бер мей мін дейтін сараң адамдар.
Қазақ халқының бұл көзқарастары адамдардың өзара байланыс
жа са ған да, əртүрлі өкпе-реніштен аулақ болып, тату-тəтті, береке-
бір лік ті жасауына мүмүкіндік жасайды. Əр алуан өштік-қастықтың,
дау-жанжал мен ұрыс-керістің алдын алады. Адамдардың көңіл күй
тұ рақ ты лы ғын сақтап, түрлі рухани қысымнан жəне жан дүние мен
жүй ке ге кері əсер ететін құбылыстардан аулақ қып, сау-сəлемет өмір
сү ру ге негіз қалайды.
Жек көретін қимыл-қылықтары
Қ
азақ халқы мынадай қимыл-қылықтарды қатты жек көреді:
1. Туыс-туғандары қиындық көріп жатқанын біле тұра (пайда кел-
мей ді деп) білместікке, көре тұра көрместікке салып, қаймана бі реу-
ді атақ-даңқ, шен-шекпені үшін «бауырым, жегжатым екен сің» деп
оған мал-дүниесін тықпалап, жағымпазданып ағалап-жағалануды.
2. Біреудің айыбын бетіне басып, күле кіріп, күңірене шы ға тын
қара ниеттілік пен екібеткейлікті.
3. Өз елі, өз жері, өз қасындағы білімді, өнерлі, шешен, шебер адам-
дарын менсінбей, сыртынан келіп көсемсіген көк езулерге таң ға лып,
81
81
табынып, мақтап-марапаттап, жыртысын жыртып, шашбауын
кө тер ген дерді.
4. Адамгершілік ар-ұят пен халықтық салт-дəстүрден аттап, əу-
лие дей ақсақалдары мен ардагерлерін қайырып қойып, шен-шек пен ді-
лер ді құрақ ұшып күтіп, құрша жорғалағандарды.
5. Былық пен шылыққа белшесінен батып жүріп, сүттен ақ, судан
тұнық кісіше көп алдында «адал болыңдар, арлы болыңдар, əй тің дер,
бүйтіңдер» деп ақыл айтып кісімсінген шенділерді.
6. Ең жақын адамдары мен жасы, жолы үлкен адамдарды қа йы-
рып қойып, бай-манаптар мен шен-шекпенділерді күтіп, сонысын ме-
рей көргендерді.
7. Біреудің үйін, дүние-мүлкін албаты ақтарып, малын аралап са-
на ған дарды.
8. Туған халқының мал-мүлкі мен жер-суы талан-таражға тү сіп
жатқанын көріп, біле тұра, оны көрмей жəне оған жол берген, ха-
лық тың обал-сауабынан қорықпай, өзін тағайындаған ұлықтардан
қор қып, ел мүддесін аяқ асты еткендерді.
9. Шен-шекпеніне буланып, шапанын желбегей жамылып, екі қо-
лын жан қалтасына салып шіреніп астам сөз, асақы қылық іс те ген-
дерді.
10. Ата-анасы мен халықтық салт-дəстүрін сыйламай, кү йеу ге
қа шып тиген қыз бен қыз алып қашып алған жігітті; сумақы қы лық,
суық жүрісті адамдар мен баласын тастай қашып, ата-аналық қа-
рыз-парыздарын өтемеген əйелдер мен ерлерді.
11. Елге үрей салған, соғыс-жанжал тудырған, кісі өлтіріп, өрт
қо йып, у шашып, алдап-арбаумен шұғылданған алаяқтар мен бұ за қы-
лар ды, ұрылар мен қарақшыларды.
12. Қайыр сұрауды, ата-анасына бейəдептік істегендерді.
Жаман қимыл-қылықтардан алыс жүру – адамдардың адам гер ші-
лік қасиетін жоғарылатады. Адамдарды ізгі ниетті, адал, арлы, жана-
шыр болуға баулиды.
82
82
Адамгершілікке қатысты кейбір
ұғымдар
Қ
азақ ұғымындағы адамгершілік – адам бойындағы са на лы лық,
ізгілік, лайық істеп, лайықты сөйлеу, ар-ұят, жоғары адами қа сиет мə-
де ниет ті лік, мейір-шапағаттылық, үлгі-өнегелілік, ба уыр мал дық, үл-
кен ді құрметтеу, кішіге қамқор болып, өнер-білімді ар дақ тап, жақ сы-
ға сүйініп, жаманнан жирену, уəде-сертке беріктік, кең пе йіл ді жəне
ке ші рім ді болу ұғымдары.
Арамзалық – ішмерездік, алаяқтық, залымдық, сырттай қа ра ған да
мо ма қан көрініп, жасырын қастық ойлау, өзгелердің игілігіне біл дір-
мей зиян келтіру, құпия айла-шарғы істеу, біле тұра басқалардың игі лі-
гін, қуанышын жасырып, елдің ізін аңдып, жақсылығын көрмеушілік.
Хайуандық – ар-ұяттың болмауы, ессіздік, санасыздық, жа уыз дық,
на дан дық, құлқынқұмарлық, обырлық, бейбастақтық, тал ғау сыз дық,
нəп сі сін тежей алмаушылық, қайыр-шапағатсыздық, жа ман дық тан
ты йыл мау шы лық, былық-шылықтан жиренбеушілік, обал-са уап ты
біл меу ші лік, ақ-қара, адал-арамды айырмаушылық, қа ты гез дік, қара
ниет ті лік, тексіздік, намыссыздық.
Тəрбиесіздік – адамға лайық тəрбие алмағандық, жақсы үлгі-та ғы-
лым көрмегендік, рухани жан дүниесі жұтаңдық, ар-ұятты, келер-ке-
тер ді білмеушілік, адамгершілікті, салт-дəстүрді ұқпаушылық, көр-
ген сіз дік, тəртіпсіздік, менмендік, тəкаппарлық, мақтаншақтық, көр-
се қы зар лық, іштарлық, қызғаншақтық, байлық пен шенқұмарлық.
Бұл ұғымдарды жете түсіну адамдарды адамгершілікке, ізгілікке
баулып, əртүрлі жаман қылықтардан аулақ болуға, еңбекшіл, мұ рат-
ты, адамгершілігі жоғары, ақыл-ойы терең азамат болып өсіп-же ті лу-
ге дағдыландырады.
Байлық, кедейлік
жөніндегі көзқарастар
Қ
азақ халқы байлық пен кедейлік жөнінде ұшан-теңіз мол тə-
жі ри бе топтап, ол туралы белгілі ғылыми көзқарас қалып тас тыр ған.
83
83
Мысалы, «байлық – мұрат емес, жалқаулық – ұят», «байлық – қол дың
кірі», «бір адамның басында 40 жыл байлық та, 40 жыл ке дей лік те
тұр май ды», «жас өседі, жарлы байиды», «бірінші байлық – ден сау-
лық», «дені сау адамның кедей болуы – намыс», «жалқаулық – ке дей-
дің соры, кесір – байдың соры», «кедеймін деп жасыма, баймын деп
тасыма», «қайырсыз байдан қайырымды кедей артық», «алтын-кү мі-
сің болмаса болмасын, ақыл-парасат, өнер-білімің болсын», «еңбек
етпей тұрып, байлықтан дəметпе» деп, байлық пен кедейліктің ең бек-
те ну ден екендігін ұрпақтарына ұғындырып отырған. Əсіресе, бай лық-
тан адамгершіліктің, алтын-күмістен ақыл-парасаттың ардақты еке нін
ерекше ескертіп, əрқашан адамгершіліктен жазбай, адам баласынан
қол дан келген жақсылығын аямай отырудың – кісілік парыз екен ді гін
құ лақ та ры на құйып өсірген.
Бұл көзқарастар ұрпақтарға байлық та, кедейлік те бір адамның
басында мəңгі тұрмайтындығын, тек адал еңбек етіп, ащы тер төк-
кен адам ғана бақыт-байлық жарататындығын ұғындырады. Сондай-
ақ, қиындық көрген адамдарға үнемі қол ұшын беріп көмек көр се тіп
отыруға, жалқаулықтан, ысырапқорлықтан аулақ болып, өнер-бі лім ді
жоғары бағалауға дағдыландырады.
Адамгершілікке қатысты білімдерді
ұғындыру
Қ
азақ халқының ұрпақ тəлім-тəрбиесінде əрбір ата-ана өз ұр-
пақ та ры на адамгершілік пен азаматтыққа қатысты мынадай негізгі
ұғым дар ды ерекше ескертіп отырады.
1. Барша жақсылық пен мейір-шапағат өз отбасы мен туыс-ту-
ған да ры на қол ұшын беруден басталатындығын ұмытпау, өз отбасы
мен туыс-туғандары қиындық көріп жатқанын біле тұра, оны біл-
мес ке, көре тұра көрмеске салып, пайда табу немесе бедел көтеру
үшін шенділер мен шекпенділерге мал-дүние беру, шашбауын көтеру –
алаяқ тық, залымдық, тіпті оның бұзықтық саналатындығын естен
шы ғар мау.
84
84
2. Ата-ананы құрметтеу, туыс-туған, дос-жарандарымен үне мі
араласып тұру; туыс-туғанының басына бақ қонса шыбынша үй ме-
леп, басынан бақ тайса туыстық қарым-қатынасты үзбеу. Ата-ана-
ны ренжіту – Алланы ренжіту, ата-анаға қарсы шығу – Алла Та ға-
ла ға қарсы шыққанмен бірдей ауыр күнə, кешірілмес қылмыс са на ла-
тын ды ғын естен шығармау. Туыс-туған, дос-жаранынан қол үз ген
адам ең рақымсыз, ең тасбауыр адам саналатындығын ұмытпау.
3. Адаммен кездескенде жылы қабақ танытып, аман-сəлем жа-
сау ды ұмытпау.
4. Жетім-жесір, жоқ-жітік, ауру-сырқауларға қол ұшын беріп,
кө ңіл де рін жұбатып жүруді ұмытпау. Жоқшылық та, тоқшылық та
аумалы-төкпелі болатындығын естен шығармау.
5. Тəңірге, аруаққа, ата-анаға, халыққа тіл тигізбеу; діни наным-
сенімге құрметпен қарауды ұмытпау. Тəңірге, аруаққа, ата-ана ға,
халыққа тіл тигізіп, діни наным-сенімді масқаралау – ауыр күнə, мə-
де ниет сіз дік, білімсіздік, тіпті санасыздық саналатындығын естен
шығармау.
6. Күллі адам баласының қуанышы мен қайғысына ор тақ та сып,
ақ са қал дар мен өнер-білімді адамдарды құрметтеп, əйелдер мен ба-
лаларды аялауды ұмытпау.
7. Ақыл-ой толық, бойда қуат бар кезде өнер-ғылым үйрену, мал-
дүниені өнер-білім алу жолына жұмсауды ұмытпау. Өнер-ғы лым-
ның – өмірлік серік, таусылмас байлық екендігін естен шығармау.
8. Ақсақалдардан бата-ықылас алып, көршілермен тату-тəт ті
өтуді, қаралы жандарға көңіл айтып жұбатуды, ауру-сыр қау лар-
дың көңілін сұрап қуандыруды, біреудің қуанышына құтты болсын
айтып, ортақтасуды ұмытпау.
9. Бақыт-байлық, шен-шекпен, атақ-даңққа тасымау, қайғы-қа сі-
рет пен қиындыққа жасымау. Бақыт-байлық та, қайғы-қасірет те
бір адамның басында мəңгі тұрмайтындығын ұмытпау. Төрдегінің –
есік ке, есіктегінің – төрге, төбедегінің – көрге кіретіндігін, бұл өмір-
дің баянсыз екендігін естен шығармау.
10. Қайда жүрсе де, қандай шаруамен айналысса да адам гер ші лік
қасиетті жоғалтпау. Тектілік, тəрбиелілік, мəдениет ті лік таны-
тып, асқақ адамгершілік деңгейден көрінуді ұмытпау.
85
85
Бұл тəрбие ұрпақтардың ой толғау, тұжырымдау қабілетін жо ға-
ры ла тып, адамгершілік ой-санасын байытады. Адамдардың ара сын-
да ғы қарым-қатынасты нығайтып, көпшіл, халқын сүйетін, ата-ананы
құрметтеп, үлкендерді сыйлап, кішілерді аялап, өнерлі, адал, бі лім ді,
арлы, ізгі ниетті, жомарт азамат болуға жетелейді.
БАЛАНЫҢ АТА-АНА АЛДЫНДАҒЫ
ҚАРЫЗ-ПАРЫЗДАРЫ
Қ
азақ салтында əрбір ата-ананың балалары алдында үш парызы
бар: бірінші – баланы ел қатары жақсы бағып-қағып сүндеттеу; екін-
ші – оқыту, өнер-білім, үлгі-тағылым үйрету; үшінші – есейгенде өз
сүй ген де рі мен үйлендіріп, басына отау, бауырына қазан асып беру.
Осы үш парызды өтеген соң, ата-ана ұрпағы алдындағы бар лық қа-
рыз-парызынан құтылады да, сол күннен бастап ата-ананы ба ғып-қағу
қа рыз-парызы (жауапкерлігі) ұрпақтардың мойнына түседі. Бұл кезде
балалары мейлі ата-анасымен бірге, мейлі бөлек тұрсын, үне мі ата-
ана ла ры ның хал-жағдайын сұрап, амандығын біліп тұруы, тап сыр ған
жұ мыс та рын уағында орындап, ренжітпей бағып-қағуы шарт.
Қазақ тəлімінде: ата-аналарға мейір-шапағатты болу, айт қа-
нын орындап беру, əрқашан ренжітпеу; қандай жағдайда да тіл,
қол тигізуден аулақ болу мұқият ұғындырылады. Ата-анасының айт-
қа нын орындамау, ренжіту, бетінен алу адамгершілікке жат, өте жа-
ман қылық екендігі егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Ал, ата-анаға қар сы
шығу Жаратқан Иеге қарсы шыққанмен тең жиркенішті қылық; олар-
ға тіл, қол тигізу – кешіруге болмайтын ауыр қылмыс, шектен шық қан
па сық тық, бұзақылық деп қаралады. «Ата-анасына опа қыл ма ған нан
жақ сы лық күтпе» деп ата-анасын сыйламаған, құрмет те ме ген ұр пақ-
тар ға халық жирене қарайды.
Жалпы, бұл тəрбиеде əр отбасы балаларына қашанда ата-ана ның
айтқан қызметіне əзір тұру; олармен ақылдасып, ақыл-кеңесін тың-
дап, ой-пікірін құрметтеу, əңгімелесіп, жағдайларын жасау, ауырып-
сырқап қалса қасында болып, емдеп күтімдеу; көз жұмған ша ғын да
өз қолымен жерлеп, Құран оқып, нəзір-шырағын беруге тəрбиелейді.
86
86
Қазақ салтында, ата-аналар бар саналы өмірінде ұрпақтарына
ақыл-кеңес беріп, дұрыс жол нұсқау; жақсылыққа бастап, жа ман дық-
тан шектеу, ауыл-аймақтың келелі істеріне кесім айтып, ірілі-ұсақ ты
істерін жөнге салып отыру жауапкерлігінен құтылмайды.
Бұл тəрбие ұрпақтардың ата-ана алдындағы жауапкерлік се зі мін
арттырады. Ата-ана мен балалардың жауапкерлік шегін ай қын дап,
тату-тəтті, берекелі, үлгі-өнегелі отбасы құруға баулиды. Ата-аналар-
ды ардақтап, мəңгі сыйлап өтуге жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |