УДК 391/395
ББК 63.5
Н 89
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі
Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс
комитетінің тапсырысы бойынша
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
аясында шығарылды
Нүсіпоқасұлы А.
Н 89 Тал бесіктен жер бесікке дейін / Айып Нүсіпоқасұлы. – Алматы:
«Өнер 21-ғасыр» қоғамдық қоры, 2014. – 592 б.
ISBN 978-601-80504-2-8
«Тал бесіктен жер бесікке дейін» деп аталатын бұл жинақтың тараулары
жеке-жеке кітапша болып, 2002 жылы Үрімші қаласындағы (Қы тай) «Шың-
жаң жастар – өрендер» баспасынан араб қарпімен жарық көр ген. Автор
оларды қайтадан қарап, толықтырып, оқырмандарға тұтас бір том етіп ұсы-
нып отыр. Жинақта қазақтың салт-дəстүр, əдет-ғұрып, ойын-са уық та ры, ха-
лы қтық тəрбиесі туралы жан-жақты мағлұмат берілген. Кітап оқыр ман ның
ұлт мəдениетінің нəрімен сусындап, адами асыл қасиеттер үлгісін санасына
сі ңі руіне мол септігін тигізері сөзсіз.
Кітап көпшілік оқырманға арналады.
УДК 391/395
ББК 63.5
© Нүсіпоқасұлы А., 2014
ISBN 978-601-80504-2-8
© «Өнер 21-ғасыр» ҚҚ, 2014
33
ПЕРЗЕНТ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШҚАНДА...
Қ
азақ халқы дүниеге бір перзент келсе, тек сол перзент келген
отбасы ғана емес, бүкіл ауыл, ел-жұрт, туыс-туған түгел мəре-сəре
қуа нып, шашу апарып, «бауы берік болсын» айтуды кісілік парызы
са найды.
Перзент дүниеге келіп, оны құндақтап орап, анасының қасына жат-
қыз ған соң, жолы, жасы үлкен бір əйел шашу шашады. Онда дү ние ге
келген перзент ұл болса:
– Айдарынан жел есіп,
Ат ойнатар ер болсын.
Маңдайынан күн сүйіп,
Ақыл-ойы мол болсын! –
деп жақсы мінез, жарасымды қасиеттер даруын тілейді.
Ал, дүниеге келген перзент қыз болса, онда:
– Жүзі Айдай жарқырап,
Ауылға болсын өнеге.
Болып елге шамшырақ,
Жетік болсын өнерге! –
деп оның ақылды, білімді, көрікті, өнерлі болуын тілейді. Бұл – өмір ге
жаңа ұрпақ əкелген ана мен өмір есігін алғаш ашқан перзентке де-
ген құрмет пен игі тілек. Сондай-ақ, адамдар арасындағы достық пен
береке-бірлікті арттыратын өнеге.
Бала ананың жанында жатса, ана жүрегінің дүрсілін естіп ты-
ныш ұйықтайды əрі болашақта мейірлі, ізгі ниетті болып өседі.
КІНДІК КЕСУ
Қ
азақ халқы баланың кіндігін өнегелі, үлгі-тағылымды кі сі лер
мен қулық-сұмдықтан пəк жас балаларға: «Үлгі-тағылымды болсын,
44
адал, арлы болсын» деген ниетпен кестіреді де, кескен жерін мық тап
байлап, кіндік түбіне қойдың құйрық майын жағып, таза дəкемен кін-
дік ті ақырын бастырып орап таңып тастайды. Қойдың құйрық майы
баланы түрлі жел-құздан сақтап, кіндікті ораған дəкені кіндікке жа-
быстырмайды. Ал, кіндікті сыртынан бастырып таңып қойса, бала
жы ла ған да кіндігі сыртына шықпай тез түсіп, тез жазылады.
«КІНДІК ШЕШЕ», «КІНДІК ƏКЕ» БОЛУ
Қ
азақ салтында «кіндік шеше», «кіндік əке» болу аса абыройлы
іс саналады. Сондықтан «кіндік шеше», «кіндік əке» болғысы келген
кі сі лер нəресте дүниеге келмей тұрып-ақ, оның ата-анасына: «ұмы тып
қал ма ңыз дар, балаңыздың кіндігін өзім кесемін» деп күні бұ рын ай-
тып қояды əрі сол күннен бастап сол отбасымен жиі қарым-қа ты нас
жасап, түрлі жұмыстарына қарасып-қайырылыса бастайды. Ана бо-
сан ған да басы-қасында болып, үй шаруаларына көмектеседі əрі ба ла-
сы ның кіндігін кесіп, ресми «кіндік шеше» немесе «кіндік əке» болады.
Бұл салт адамдар арасында береке-бірлік пен достықты ны ғай та ды.
Туысты көбейтіп, өрісті кеңейтеді.
ШІЛДЕХАНА КҮЗЕТУ
Ш
ілдехана – жаңа туылған бала мен жаңа босанған ананың құр -
ме ті не жасалатын ойын-сауық. Шілдехана күзетуге, негізінен, бо сан-
ған ананың жақын маңдағы туыс-туғандары мен көрші-қо лаң да ры ның
жігіт-желең, қыз-қырқындары, сондай-ақ, өнер сүйер үл кен-кіші ауыл
адамдары келеді. Онда əр күні кеште ел орынға отырып, малды қо ра-
лап, ас-су ішіп, ат-көліктерді отқа қойған соң, бо сан ған ана ның үйі не
жиналып əн салып, күй тартып, өзара айтысып, жаңа бо сан ған ана мен
нə рес те ні əсем əнмен əлдилеп, тəтті күймен тербетеді.
Шілдехана əдетте бір апта, тіпті 40 күнге дейін шам өшірмей жал-
ғас ты ры ла ды. Шілдехана күзетудің өзіндік ғылыми мəні бар.
1. Жас босанған ана мен нəрестенің шошынып, түрлі жүйке ауру-
ларына шалдығуының алдын алады.
55
2. Жаңа туған нəрестенің тұншығып қалуының немесе зиянды
жəн дік тер дің шағып зақымдап кетуінің алдын алады.
3. Жас босанған ана мен нəресте əн-күй, өлең-жыр тыңдап, тез
сергиді. Бала болашақта ізгі ниетті, өнер сүйгіш, ақ көңіл, ашық-
жарқын болады.
БАЛАҒА АТ ҚОЮ
Ж
аңа туылған балаға ат қою – өмірлік мəн-маңызы бар, аса игі-
лік ті іс саналатындықтан, қазақ халқы балаға ат қоюға ерекше кө ңіл
бө ліп, өмір есігін ашқан əр бір перзенттің атын жалпақ жұрт сыйлап-
қа дір лей тін білікті, қадірлі кісілерге қойдыруға тырысады.
Əдетте баланың атын ел-жұрт көп жиналған шілдехана үстінде
қоя ды. Онда атын қоятын баланы: «мына балаға ат қойып беріңіз» деп
көп ортасында отырған білікті кісілердің біріне ұстатқанда, əжейлер
оған «бай-бақытты болсын» деп шашу шашады.
Баланы қолына алған кісі оның құлағына:
– Сенің атың – ... ! – деп үш рет дауыстайды да, баланың бетін
ашып, көпшілікке көрсетеді. Сыртта азан шақырылады. Міне, бұл «ат
қою» деп аталады. Тіліміздегі «азан шақырып қойған аты» деген сөз
тіркесі содан қалған.
Балаға азан шақырып ат қойған соң, үлкен кісілер ақ баталарын бе-
ріп бет сипайды.
Қазақ дəстүрінде, мейлі, туа салып шетінеп (өліп) кетсін, мейлі, ай-
күні толмай түсік болып түссін, адам бейнесін қалыптастырған ба ла ға
ат қойып, жаназа шығарып жерлейді.
Қазақ халқының ат қою дағдысының өзіндік мəн-мағынасы жəне
ғы лы ми негізі бар, яғни қазақ халқының ат қоюына қарап оның таным-
тү сі ні гі, салт-санасы, арман-тілегі, сондай-ақ, этикалық талғамы мен
ұлт тық болмысы өте анық байқалады.
ҚАЛЖА БЕРУ
Қ
алжа – босанған анаға арнаулы мал сойып беретін ет пен
сорпа.
66
Əйелдерді құрметтеп, қадірлейтін халқымыз аналар жүк ті бол ған-
нан бастап ерекше күтімдеп, оған «қалжа» деп күні іл ге рі еркек қой
əзір леп қояды.
Жаңа босанған анаға «қалжа» берудің үлкен маңызы бар. Яғни,
қал жа ға сойған малдың бауыздау қанын сəл ағызып, қалған қа нын
таза ыдысқа құйып алып, оны шарбы маймен араластырып қуы рып,
жаңа босанған анаға, дəрі ретінде береді. Піскен мойынды бөлмей
мұ жып, «баланың мойны тез бекісін» деп биік бір жерге ілдіріп қоя-
ды. Асық ты жілікті де мұжып, сорпаға қандырады. Міне, бұл «қалжа
жеу» деп аталады.
Қалжа жеген əйелдер белін тез бекітіп, қол-аяғын бауырына алады.
Түрлі ауру-сырқауларға қарсылық қуаты артады. Омырау сүті мо ла-
йып, нəресте тез ширайды. Омырау сүтіне қанған бала есейгенде мық-
ты болады. Сондықтан үлкен кісілер əлжуаз жігіттерді көр ген де: «Əй,
сен туғанда шешең қалжа жемеп пе еді?» – деп кейістік біл ді реді.
ИТЖЕЙДЕ (ИТКӨЙЛЕК) КИГІЗУ
И
тжейде – дүние есігін ашқан нəрестенің алғаш киетін (қыр қы-
нан шыққанға дейін) көйлегі.
Əдетте итжейдені «кіндік шеше» немесе «кіндік əке» болған адам
нə рес те ге жұмсақ кездемеден мол етіп, тігісін сыртына қаратып тігіп
əке ле ді. Нəрестенің ата-анасы оған көйлек, шапан кигізіп, қалжаға
сой ған малдың терісі мен төстігін беріп қайтарады. Бала қырқынан
шық қан соң, кіндік шеше, кіндік əкелері, адал көйлек деп ресми ба ға-
лы кездемеден көйлек тіктіріп əкеліп кигізеді.
БОСАНҒАН АНАНЫ КҮТУ
А
та-бабаларымыз босанған аналарды күтуге ерекше көңіл бөл-
ген. Ана босана салысымен арнаулы қалжа сойып беріп, нəрлі, қуат-
ты азықтармен азықтандырып, белі бекіп, бала қырқынан шыққанша
жылы киіндіріп, қолын суық суға салдырмаған. Ауыр жұмыс іс тет пе-
ген. Киім-кешек, жатын үйін таза ұстаған. Жаңа босанған ананың түр-
77
лі ауруға қарсылығы төмен болатындықтан, ауыздан микробтар еніп,
ауыз қуысы мен тісі бүлінбеу үшін аузын орамалмен орап жүрген.
Шашы түспеу үшін мықтап өріп қойған.
БАЛАНЫ БЕСІККЕ САЛУ
Ә
детте баланы бесікке баланың кіндігі түскен соң салады. Ба-
ланы бесікке салуға (бөлеуге) ерекше мəн беріледі. Баланы бесікке
саларда «тышты ма» ырымы жасалады. Онда баланы бесікке салуға
жи нал ған əйелдердің біреуі: «тышты ма?» деп дауыстағанда, бесікті
айнала отырған əйелдер: «тышты, тышты» десіп, бесіктің түбек са-
лар тесігінің астына тосылған қолдарға, бауырсақ, құрт, ірімшік, қант,
кəм пит тастайды. Оны алған балалар таласа-тармаса жейді. Баланы
ал ғаш бесікке балалы-шағалы, инабатты кісілердің бірі салады.
Баланы бесікке бөлеудің өзіндік ғылыми мəні бар. Əдетте, бе сік ке
бө лен ген бала түзу, сымбатты болып өсіп, дəретіне былғанбай таза бо-
лады. Зиянды жəндіктердің шағуынан қорғайды. Көшкенде ат үс тін де
алып жүруге өте қолайлы болады.
Ал, «тышты ма» айту – жаңа дүниеге келген сəбиге құт дары-
сын, несібелі болсын, артынан байлық саулап жүрсін деген ниетпен
істеледі.
БЕСІК АЛАСТАУ
Б
аланы бесікке бөлер кезде əрдайым ең алдымен бесікті мін дет ті
түрде аластайды. Бесікті көбінде арша бүрі-шырпысын тамызып, ол
болмаса, шам, шақпақ, сіріңке талы секілді жарық шығаратын зат тар-
дың бірін пайдаланып, бесіктің бас-аяғын тегіс айналдыра:
– Алас, алас, алас!
Əр пəлеңнен қалас!
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Уы жаманның уынан алас!
88
Алас, алас, алас!
Қыла гөр Алла мың пəлеңнен қалас! –
деп бесікті аластап шығып, онан соң барып баланы бөлеуге кіріседі.
Бесік аластаудың да өзіндік ғылыми негізі бар:
1. Аршаның микроб өлтіретін қасиеті бар. Сондықтан бұл ба ла-
ның дені сау болып өсуіне септігін тигізеді.
2. От жарығымен бесікті аластау зиянды жəндіктерден сақ тан-
ды ру үшін қажет. Баланы бесіктен шешіп алған соң, түбек-шү ме гін
жуып, көрпе-жастығы мен жөргегін күнге жайып отырады.
БЕСІК ЖƏНЕ БЕСІК ЖАБДЫҚТАРЫ
Б
есік əдетте ағаштан, əсіресе талдан кесіп, қашап, иіп əртүрлі
формада жасалады. Бесік жабдықтары: жөргек, жастық, бесік көрпе,
тө се ніш, қолбау, тізе бау, түбек, шүмек қатарлылардан тұрады.
Түбек көбінде фарфордан, шүмек аршадан, асықты жілік сияқты
заттардан жасалады.
Шүмекті аршадан жасаса, түрлі микробты өлтіріп, аурудың алдын
алады. Ал жіліктің адам денесіне кері əсері аз болады. Фарфор су
тартпайтындықтан, дəретке шірімейді, сасымайды.
БАЛАНЫҢ ҚЫРҚЫНАН ШЫҚҚАНҒА
ДЕЙІНГІ КҮТІМІ
Б
ала дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша түн де
шам өшірілмейді. Мұның да өзіндік ғылыми мəні бар. Бала қыр қы нан
шыққанша шам жағып қою – баланың шошу, тұншығудан жəне ана
мен баланың əртүрлі қауіп-қатерден сақтануы үшін қажет.
Əдетте, бала қырқынан шыққанша баланы бір күні тұзды, бір күні
сабынды, кейде маралшөп салынған суға алма-кезек шомылдырып
отырады.
Баланы тұзды сумен шомылдырса, баланың денесі шымыр болып,
ауру-сырқауға қарсы иммунитеті қалыптасады. Сабынды су – ба ла-
99
ның денесіне жабысқан түрлі микробтарды, бөгде иіс-қоңыстарды жо-
йып, терідегі саңылауларды ашуға көмектеседі. Ал, маралшөп қо сыл-
ған су баланың денесіндегі түрлі зиянды бактерияларды жойып, бала
тез ширайды.
БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ
Н
əресте үшін қауіпті деп саналатын 40 күн өткен соң, ата-ана-
ның көңілі орнына түсіп, баланы қырқынан шығару қамына кіріседі.
Алайда, «асықсаң жақсылыққа асық» деп ұл баланы 37–39 күн, қыз
баланы 40–42 күннен қалдырмай қырқынан шығарады.
Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне кү-
міс жүзік, күміс білезік сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құ йып
қоя ды. Баланы қырқынан шығарған əйелдер білезік, жүзіктерді бө лі-
сіп алады.
Баланы шомылдырып болған соң, қарын шашы мен тырнағын
инабатты, сыйлы ақсақалдардың біріне алдырып, ол кісіге шапан ки-
гі зеді.
Баланы шомылдырар алдында шешіп алған «итжейдеге» қант, кəм-
пит, бауырсақ түйіп, бір баланың мойнына тағып қоя береді. Ауыл
балалары оны қуып жүріп ұстап, қант-кəмпитін жеп, жейдені əкеліп
береді.
Қырқынан шыққан баланы анасы көтеріп, ата-əжелері мен туыс-
туғандарының үйіне алып келеді. Ата-əжелері қырқынан жаңа шық-
қан нəрестенің бетінен сүйіп, ақ баталарын беріп, оған тай-та йын ша,
қозы-лақ сыйлап, көйлек-шапан кигізіп қайтарады. Анасын да ерекше
күтеді.
Баланы қырқынан шығарудың да өзіндік ғылыми мəні бар. Бала-
ны шомылдыратын суға күмісті бала адал, ақ, пəк болсын деп салады.
40 қасық суды ырыздығы судай мол болсын деп құяды. Шаш-тыр на-
ғын сол адамдай инабатты, ортасына сыйлы адам болсын деп ал ғы-
зады.
10
10
БАЛАНЫ СЫЛАУ
« Б
аланы – сылау, қарды – қылау өсіреді» деп, бала өздігінен
талпынып жүргенге дейін ауық-ауық қойдың құйрық майымен сылап,
қол-аяғын керіп-созып: «өс, өс, өс!» деп ақырын-ақырын созғылап
отырады. Əрі:
– Өс-өс, өс!
Үйден пəле көш!
Тəу-тəу, тəу!
Сыламақ менен,
Ширамақ сенен!
Менің қолым емес,
Би бəтимə пірімнің қолы!
Тастай мықты бол!
Темірдей төзімді бол!
Сүттен ақ бол!
Судан пəк бол!
Дерт атаулы кірмесін!
Ақ бөпеме тимесін!
Өс-өс, өс!
Үйден пəле көш! –
деп қанатты сөздермен игі тілектерін білдіреді.
Баланы қойдың құйрық майымен майлап сыласа, баланың терісі
жұмсап, сезім-түйсіктеріне əсер етіп, қан айналысы жақсарады. «Өс,
өс» деп баланың қол-аяғын жазып, керіп-созса, буын-буындары тегіс
жазылып, бала денесі шынығып, шыңдалып, сау денелі, сымбатты бо-
лып өседі.
ӨЗ БАЛАСЫН ӨЗІ САТЫП АЛУ
Б
аласы тоқтамаған адамдар, баламның өмір-жасы ұзақ болсын
деген мақсатпен: Өмірұзақ, Ұзақбай, Тоқтасын деп ат қояды. Баласы
11
11
оған да тоқтамаса, қоныс, орын, үй жөткейді. Ал, оған да тоқтамаса,
туыс тық қарым-қатынасы жоқ, кісілігі жоғары, балалы-шағалы бір
адаммен сөз байласады. Олар жөргек жасап апарып, бала шыр етіп
жерге түскенде кіндігін кесіп, жөргекке орап əкетеді де, азан шақырып
ат қойып, үстіне қариялардың ескі-құсқыларынан киім тігіп кидіреді.
40–50 күн өткен соң, оны баланың өз ата-анасы барып сатып ала-
ды əрі жол-жөнекей жеті ақсақалдың алдына барып, оның бата-ті ле гін
алып, баланы өз үйіне іргеден немесе терезеден кіргізіп алады.
БАЛА АСЫРАП АЛУ
Қ
азақ халқы: «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деп,
балалы-шағалы, қызы моншақты, ұлы он шақты болуды өте жақ сы кө-
ре ді. Əне, сондықтан да балалы-шағалы болып, ұрпақ ізін жал ғас ты-
ру ға тырысады.
Онда түрлі себептермен ұрпақ көре алмағандар «атымды өшір ме-
йін, түтінімді үзбеймін» деп басқа балалы-шағалы туыс-ту ған да ры нан
бала асырап алып, ұрпақтар бойы өз шаңырағының отын сөн дір мей ді.
Кейбір адамдар ұлы болғанымен қызы, қызы болғанымен ұлы жоқ
болса, басқа туыс-туғандарынан өз қажеттеріне лайық бала асырап
алады. Тіпті кейбір білікті кісілер туыс-туғандар арасындағы береке-
бір лік ті мəңгі сақтау мақсатында да бір-бірінен бала асырап алады.
Бұл салттың да тəрбиелік мəні зор.
УƏКІЛ ƏКЕ БОЛУ
Е
ртеде басқа жанашыр жақыны жоқ, жас балалы, ауру-сырқау,
мү ге дек адамдармен соғысқа жəне алыс сапарға аттанатын адамдар
адам гер ші лі гі жоғары, инабатты адамдар мен дос-жарандарының бі-
рін үйіне шақырып алып:
– Мына бала өзіңе аманат! Уəкіл əкесі болып, мен олай-бұлай бо-
лып кетсем қарауыңа алып, адам қатарына қос! – деп ұрпағын өнегелі
кі сі лер ге аманаттап кететін салт болған. Одан əрқандай адам бас тарт-
пай, қуана қарсы алған.
12
12
Қазақ салтында уəкіл əкенің уəкіл бала алдындағы жа уап кер ші лі гі
өте үлкен болған. Уəкіл баланы өз баласындай жақсы бағып-қа ғып,
оқы тып, үйлендіріп, ата-аналық парызын мүлтіксіз орындаған.
Уəкіл əке болу – баланың құқық-мүддесін қорғап, жас балаға өгей-
лік, кедейлік, жетім-жесірлік қасіретін тартқызбай, балалардың еш
алаң сыз есейіп, адамдар арасындағы сенім мен достықты нығайтуда
зор рөл атқарған.
ТҰҢҒЫШ НЕМЕРЕСІН КЕНЖЕСІНЕ БАЛАУ
Ө
мірден көрген-түйгені көп, тəжірибелі де парасатты қазақ хал-
қы тұңғыш немересін, тіпті, екінші, үшінші немерелеріне дейін омы-
раудан шыға салысымен «кенжеміз» деп, өз тəрбиелеріне алып ба ғып-
қағып, жақсы азамат етіп жетілдіруге күш салады. Бұған себеп: жас
ата-ананың баланы бағып-қағу тəжірибесі аз болады; тəлім-тəр бие ні
неден, қалай бастауды толық білмейді.
Міне, жас ата-аналардың осындай олқылықтарын толтырып, жас-
тар ға бала тəрбиелеудің қыр-сырын үйрету үшін, білікті қариялар ал-
ғаш қы немерелерінің тəрбиесін өз қолдарына алады. «Екі баланың ор-
та сын да ғы кəрі – бала болады, екі кəрінің ортасындағы бала – дана
болады» дегендей, ата-əжелерінің тəрбиесін алған балалар ұлт тық
салт-дəстүрге бай, жан сезімі мол, көз аясы кең, білімі терең, адам-
гер ші лі гі күшті, турашыл, əділ азамат болып өседі. Тарихта көп те ген
əй гі лі адамдар ата-əжелерінің тəрбиесінде болған.
БЕСІК ТОЙ
Н
əрестенің кіндігі түскен соң, оны бесікке салып, көрші-қо лаң,
туыс-туғандардың əйелдерін түгел шақырып, «бесік той» жасайды.
Ал, той жасауға жағдайы келмегендер, өз əлдеріне қарай баласын қуа-
на-қуана бесікке салады.
Қалыптасқан қазақ салты бойынша баланы бесікке ауылдағы жолы,
жасы үлкен, үлгі-тағылымды, балалы-шағалы əйелдің бірі салады не-
месе білікті, өнерлі, ел-жұртқа сыйлы əйелдердің біріне баланы бе-
13
13
сік ке салуына үлкен кісілер жол береді. Баланы бесікке салатын адам
алдымен бесікті аластап, «бісміллə» деп жөргегін салады, бесіктің тү-
бек қояр тесігінен «тышты ма» ырымын жасап, онан соң түбегін са-
лып, бесікті жасап, сəбиді бесікке салып: – ағаш бесікке түстің, адам
қа та ры на қосылдың; ата-анаңа опалы, ел-жұртыңа қайырлы азамат
бол! – деп игі тілек білдіріп бөлеп тастайды. Баланы бесікке салған
əйел ге баланың анасы сый-сияпатын жасайды.
Баланы бесікке салып, бөлеп болған соң, келген қонақтар тойға
əзір лен ген ас-тағамдардан дəм татып, əзілдесіп, өлең айтып, көңіл кө-
те ріп қайтады.
Бесік тойға келгендер сəбиге арнап көйлек-көншек, шашу апарады.
Жанкүйер туыстары қой-қозы, тай-тайынша атайды.
БЕСІК ЖЫРЫ
Т
əрбиелі де тəлімгер қазақ аналары баланы бесікке салған күн-
нен бастап «Бесік жырын» айтып, перзенттерінің көкірегі ояу, елін
сүй ген азамат болып есеюін тілеп, қасиетті халық жырын ұрпақтар
құ лақ та ры на құя берген.
Бесікке сүйеніп отырған ана ақ сүтімен қоса:
– Əлди-əлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Балапандай мұзбалақ,
Қанатыңды қақ, бөпем!
Арыстандай жауыңа,
Айбаттанып шап, бөпем!
Қай-қашанда халқыңды,
Қамқоршы боп бақ, бөпем!
Өз құрбыңның алды боп,
Өнер шамын жақ, бөпем!
Ата-бабаң таппаған
Тапқырлықтар тап, бөпем!
Кең бол байтақ далаңдай,
14
14
Далаң жомарт – анаңдай.
Сүйсең Отан, жеріңді,
Болар анаң көңілі жай,
Əлди-əлди, əлди-ай!
Аспандағы жұлдызым,
Суда жүзген құндызым.
Ізгі ісіңе ел сүйінер,
Қас қырандай шүйілер,
Азамат бол, əлди-ай! –
деп бесік жырын тамылжыта төгіп, ұрпақтарына мол рухани азық бе-
ріп отырған.
Қазақ аналары бесік жырын ермек үшін немесе баласын жұбату
үшін ғана айтпаған. Қайта, халықтың ауыз əдебиетін ұтымды пайда-
ланып, ұрпақтарының құлағына халықтық салт-дəстүр мен адам гер-
ші лік тің, ізгіліктің өркенін сіңіріп, даналық тағылымдарын құю үшін
айтқан.
Бесік жырын айтқан ана көңілі көтеріліп, «бесік жырымен» бірге
болашақ өмірге алып ұшып, талпынған бесіктегі бөбегіне: «Өскенде,
есейгенде кім боласың?» – деп жыр аяғын мынадай игі тілектерге
ұластырып отырған:
– Балғын қолың іс алып,
Балдыр мойның күш алып.
Бізді бағар ма екенсің?!
Сом құрықты майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан елді айырып,
Жігіт болар ма екенсің?!
Дулыға-сауыт киініп,
Жауға батыл тиісіп.
Батыр болар ма екенсің?!
Өлең сөзден дес бермес,
Нөсерлетер төске өрлеп,
15
15
Ақын болар ма екенсің?!
Таңдайларың тақылдап,
Шешендерді тақымдап.
Сөз сөйлейтін тақпақтап,
Шешен болар ма екенсің?!
Дүйім елді бастайтын,
Қиын жерде саспайтын.
Бақ-дəулетке таспайтын,
Көсем болар ма екенсің?!
Ал, баланы бесіктен шешіп аларда:
– Бөпемді шешіп алайын,
Нұр жүзіне қарайын.
Емін-еркін керіліп,
Қуандырсын маңайын.
Атасын іздеп барса екен,
Барып асыр салса екен.
Қайта келіп жатқанша,
Бесікте ұйқы қалса екен! –
деп сəби жанын қуаныш пен шаттыққа бөлеуге тырысады.
Тарихта «Бесік жыры» ғаламат тəрбие құралы болған, ұр пақ тар ды
адамгершілікке, ізгілікке, береке-бірлікке, достыққа жетелеп, ұлт тық
салт-дəстүрдің нəрімен сусындатқан.
Достарыңызбен бөлісу: |