Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет15/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50

ƏЙЕЛДЕРДІҢ АМАН-СƏЛЕМ

ЖАСАУ ТƏРТІБІ

Ә

детте,  əйелдер  бір-бірімен  амандасқанда  ерлерше  сəлем  бер-



мей ді. «Амансыз ба, дені-қарныңыз сау ма, үй іші бала-шағаңыз аман 

ба?» деп қос қолдарын беріп амандасса; тұрғылас, таныс, дос-жаран, 

құр бы-құрдас болса құшақтасып, беттерін еріндерінің ұшымен сүйіп 

амандасады. 

Келіндер қайын ата, қайын ене, қайнаға, қайын бикелеріне қол бе-

ріп  амандаспайды.  Сəл  иіліп,  оң  алақанының  сыртымен  оң  ті зе сі нің 

кө зін басып (кей жерде екі алақанының сыртымен екі тізесінің кө зін 

тең  басып)  сəлем  жасап,  онан  соң,  амандық  сұрасады.  Келін  сə лем 

жа са ған да  ата-енесі,  қайнаға,  қайын  бикелері:  «Тəңір  жа рыл қа сын! 

Жа сың ұзақ болсын! Ұл тап!» деген сияқты баталар береді. Ене ле рі 

ке лін де рі нің қолдары мен маңдайларынан сүйеді. Ал, келіндер ат үс-

тін де, басқа көліктерде отырғанда ата-енесі мен сəлем жасайтын үл-

кен кісілер кезігіп қалса, онда, ат-көліктен түсіп сəлем жасамай-ақ, оң 

қо лы мен оң самайын (маңдайын) сипап құрмет көрсетеді. Бұл сəлем 

жа са ған мен бірдей саналады. 

Қазақ  дəстүрі  бойынша,  келіндер  ата-енесі  мен  құрметті  кі сі лер-

дің  үйіне  атпен  төте  барып  түспейді,  ауылға  жақындағанда  ат-кө лі-

гі нен түсіп, жаяулап барады. Аттанарда ауылдан ұзап барып аттана-

ды. Аруақты үйлер мен молалардың тұсынан жəне көпірден өт кен де 

ат-көліктен түсіп, жаяулап өтеді. Қыз балалар амандасқанда бір-бі рін 

көрген жерден жүгіре басып барып қол алысады немесе құ шақ та сып, 

сүйісіп амандасады. Əйелдер мен қыздар замандас, тұр ғы лас ер адам-



166

166


дар өздеріне бір қолын берсе – бір қолын, қос қолын ұсынса, қос қо-

лын беріп амандасады. Бұл – жалпы аман-сəлемнің жөні. Алайда, қол 

берген  адамның  жасы  өзінен  үлкен,  сыйлы  адам  болса,  онда  ол  бір 

қолын берсе де, жасы кіші адам екі қолын беріп амандасқаны жөн.

Жалпы, қазақ халқының аман-сəлем тəрбиесінде, адамдар бір-бі рі-

мен аман-сəлем жасасқанда ыстық ықыласты, қызу ме рей лі амандасу 

дəріптеледі. Біреу амандасқанда оны менсінбей, алымсынбай ке кі ре-

йіп тұрып алу, бір қолын қалтасына салып шығармау, қол ұшын ықы-

лас сыз ұсыну немесе ұсынған қолды алмау сияқтылар өте əдеп сіз дік, 

мəдениетсіздік, көргенсіздік саналады.

Əдетте біреумен қол алысып амандасқанда, оның қолын ұзақ ұс тап 

тұрып алмау жəне алақанды қатты қыспау керек. Алайда, ұзақ уа қыт 

көріспеген дос-жаран, құда-құдағилардың қолдарын қаттырақ қы сып, 

ұзағырақ ұстап тұруы əбестік болмайды. Қайта ол достық пен са ғы-

ныш ты білдіргендік есептеледі.

Қазақта, көпті көрген, көп жасаған ақылды, білімді, беделді адам-

дарды  жасы  кіші  адамдар  іздеп  барып:  «сізге  сəлем  бергелі  кел дім» 

деп  сəлем  беріп,  ақыл-кеңесін  тыңдайды.  Сондай-ақ,  үлкен,  бетті-

беделді адамдар мен аруақты ауылдардың тұсынан өткенде, мін дет ті 

түрде үйіне түсіп сəлем беріп өтеді. Олай етпесе, «тəрбиесіз, көр ген-

сіз, сəлем беруге жарамаған саяз неме» деп қатты сөгіске ұшырайды.

Қазақтың аман-сəлем тəрбиесінде үлкен ғылыми мəн-мағына, мол 

эти ка лық жəне адамгершілік өнеге бар. Ол ұрпақтарды үлкенді құр-

мет теп,  кішіні  аялауға,  салт-дəстүрді  үзбей  жалғастыруға;  ізгі  ниет-

ті, адал, турашыл, мəдениетті, тəртіпті, əдепті, ибалы болуға; өмір дің 

мəнін түсініп, ойлау, тұжырымдау қабілеттерін жетілдіруге баулиды.



КІСІЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТƏРБИЕСІ

« Б


арыс-келіс болмаса – бауырыңның сəні жоқ, алыс-беріс бол-

маса – ауылыңның сəні жоқ», «бармасаң, келмесең – жат боласың…» 

деп қараған қазақ халқы ұл-қыздарына өмірдің сəні барыс-келіс, алыс-

берісте екендігін мұқият ұғындырып: «атың барда жер таны – же ліп 

жүріп, асың барда ел таны – беріп жүріп» деп, ұрпақтарын бас қа лар-


167

167


мен жиі араласып барыс-келіс, алыс-беріс жасап, сырласып, достасып, 

адамдық қарым-қатынасты нығайтып отыру адамдық жəне аза мат тық 

парыз екендігін құлақтарына құйып отырады.

Əдетте, қазақтың кісілік қарым-қатынасы, яғни, барыс-келіс, алыс-

берісі «сыйға – сый, сыраға – бал» деген ұстанымды негіз етеді. Тең-

дік пен Əділдікті ту қылып ұстайды. Ауылдағы жасы, жолы кі ші лер 

жасы үлкен кісілерге жиі барып аман-сəлем жасап, түрлі шаруаларына 

қол ға быс тигізіп отыруды азаматтық парызымыз деп біледі. 

Қазақ  халқының  кісілік  қарым-қатынасында:  ауыл  ақсақалдары 

мен  билері  –  береке-бірліктің  ұйытқысы,  ел-жұрттың  басын  қосып, 

адамдарды ізгілікке, адамгершілікке бастайтын көшбасшысы есеп те-

ле ді де, ауылдағы барша істің обал-сауабы солардың мойнына жүк те-

ле ді. Сол себепті, ауыл ақсақалдары да ауық-ауық ел-жұртын аралап, 

халқының хал-жайын біліп, тарыққандарға көмек, адасқандарға ақыл-

кеңес беріп, араздасқандарды татуластырып, достастырып, ауыл дың 

береке-бірлігін  нығайтып,  жоғын  жоқтап,  мұңын  мұңдап  отырады. 

Ауылындағы  барша  адамның  құқық-мүддесіне  басын  тіге  отырып 

қорғайды,  тіпті,  жат  біреуге  ауылының  тышқақ  лағын  да  бер мей ді. 

Ұрпақтарының  алыс-беріс,  барыс-келіс  істерін  жиілетіп,  тату-тəт-

ті, береке-бірлікті орта жаратуға күш салып, тамаша үлгі-өнеге көр-

се тіп  отырады.  Ел-жұртының  басын  қосып,  береке-бірлікке  ша қы ра 

алмаған,  ұрпақтарына  үлгі-өнеге  көрсетпеген,  былық-шылыққа  үйір 

ақсақалдарды  адамдық  жəне  ақсақалдық  парызын  əділдікпен  ат қа ра 

алмаған  абыройсыз  адам  деп  есептеп,  ондай  адамдарға  сый-құр мет 

көрсетпейді.

Бұл тəрбие адамдар арасындағы дұрыс қарым-қатынас тəртібін ор-

натып, олардың бір-біріне деген жанашырлық жəне жауапкерлік се-

зі  мін арттырады. Адамзат қоғамының бір-бірімен тығыз байланысты 

бо ла тын ды ғын жан-жақты түсінуге жетелеп, адамдардың ойлау, зер-

делеу қабілетін жетілдіреді.



168

168


ӨЗІН-ӨЗІ ТЕРГЕП, ТЕКТЕП ОТЫРУҒА

ТƏРБИЕЛЕУ

Қ

азақ халқы ұрпақтарына: «өз мінін өзі білген хан болады» деп 



ұғындырып,  барша  адам  баласы  дүние  есігін  ашқаннан  көз  жұм ған-

ға  дейін  мəңгі  талмай  жақсылық  іздеумен  бірге,  өзін-өзі  ауық-ауық 

тексеріп-тергеп, артық-кем істерін таразылап, жамандықтан арылып, 

жақсылыққа  талпынып  отыру  –  адамдық  парызы  екендігін  құ лақ та-

ры на  құйып,  жүректеріне  ұялатуға  күш  салады.  Перзенттеріне  қар-

ша дай ла ры нан бастап адамдық мораль, мұрат өлшемі бойынша биік 

талап қоя отырып, əр заманға сай озық ой, дербес көзқарас қа лып тас-

ты рып, өз-өздерін тəрбиелеп, жетілдіріп, өздерінің кемшіліктері мен 

ағаттықтарын сын таразысына салып тергеп, тектеп, түзетіп оты ру ға 

батыл болу; жақсылық пен жаңалыққа жаны құштар, адал, арлы аза-

мат болу сынды ізгілік жолдарына баулиды. Мысалы, біреуге тəрбие 

беру үшін, алдымен өзің таза, пəк бол деп үйретеді, болмаса, қарсы 

жа ғың:  «өз  басының  боғын  көрмей,  кісі  басындағы  шоғын  көріпті» 

деген осы екен-ау деп сайқы-мазақ қылады деп ұғындырады. «Өзіңді-

өзің тергеп, тектеп отырмасаң былық-шылыққа белшеңнен батасың, 

менмен, тəкаппарға айналасың, өзіңді дана, өзгені бала қатарында ба-

ға лай сың. Сондықтан əр уақыт өзіңді-өзің тергеп, тектеуден жа лық-

па. Ақымақ адам қателігін өзгеден көреді, ақылды адам өзінен кө ре-

ді, аузында талқаны бар от үрлей алмайды, əрқашан адал, арлы, пəк 

бол; кішкентай қателік жіберсең де оны «кішкене іс қой» деп елеу сіз 

қарамай, дер кезінде түзетіп отыр, тіпті, қаншалық ауыр қателік жа-

са ған да да азаматтық, ерлік көрсетіп, қолмен істегенді мойынмен кө-

те ру дей  тамаша  адамдық  қасиет  қалыптастыр  деп,  ұрпақтарын  өзін 

тергеп, тектеп отыратын саналы азамат болуға баулып отырады. 

Бұл тəрбие ұрпақтарды өскелең адамгершілік қасиет қа лып тас ты-

ру ға дағдыландырады. Адал, турашыл, арлы азамат болуға же те лей-

ді. Үнемі өзін тергеп-тектеп отырған адам рухани жақтан сергек, сау-

саламат есейіп-ержетеді. Жүйке жүйесі аурулары мен ішкі ау ру лар ға 

шалдықпайды.


169

169


КҮЛЛІ АДАМЗАТТЫ СҮЮГЕ

ТƏРБИЕЛЕУ

А

дам баласын ұлтқа, жікке бөліп алаламау, барша адамды бай-



кедей, хан-қара деп жіктемей тең көру; бір ұлтты қор, бір ұлтты зор 

санамау, жер жүзіндегі барша адам баласын ақ-қара, сары-қо ңыр, мə-

де ниет ті-мəдениетсіз деп ат қойып, айдар тақпай, күллі адамзат өз ба-

уырым, өз туысым деп шынайы сүю қазақ тəлім-тəрбиесінде өте ма-

ңыз ды орында тұрады.

Қазақ халқы адам баласын алалаған, ұлтқа-жікке, елге-жерге, руға 

бөл ген;  халықтың  мұң-мұқтажын  белден  басып,  ел  мүддесін  зиян-

да ған адамдарды «пасық адам» деп қарап, адам алалауды қатты жек 

көр ген. Ұрпақтарын барша адам баласын шынайы сүйіп, күллі адам-

зат үшін барын, жанын салып адал қызмет істейтін өскелең адам гер-

ші лік қасиет қалыптастыруға тəрбиелеп, адам алалаудың, ұлтқа-руға 

бөлудің  зардабы  тым  ауыр  болатындығын  перзенттерінің  құ ла ғы на 

құйып, көкейлеріне ұялатып отырған. 

Бұл тəрбиеде текті де тəрбиелі ата-аналар ұрпақтарын күллі адам 

баласын өз бауырым деп қарап, дүниедегі барлық ұлттармен те ре зе-

сі тең дəрежеде қарым-қатынас жасап, тату-тəтті өмір сүруге бау лы-

ған. Сондай-ақ, бір адамды бір адамның, бір ұлтты, тағы бір ұлт тың 

кемсітуіне,  келемеждеуіне,  күштілігіне,  көптігіне,  қолдағы  би лі гі не 

сү йе ніп езіп-қанауына, жаныштауына, қудалауына, қорлауына, шетке 

қа ғып, құқық-мүддесіне нұқсан келтіруіне, өз ұлтын зор, өзге ұлт ты 

қор санауына қарсы тұрып, ұрпақтарына барша адам баласымен дос-

тық қарым-қатынас орнатып, тату-тəтті өмір сүру адамдық жəне аза-

мат тық  парыз  екендігін  егжей-тегжейлі  ұғындырып,  өркениетті,  ор-

нық ты тамаша қоғамдық орта жаратуға баулып отырған.

Қазақ  халқының  күллі  адамзатты  алаламай,  шынайы  сүюге  тəр-

бие ле уі нің үлкен ғылыми негізі бар. Ол адамдарды ізгі ниетті, ақ кө-

ңіл, ашық-жарқын, көпшіл, халықшыл болуға баулиды. Өмірдің мəн-

мағынасын терең түсінетін, ой-қиялға бай, адал, арлы, турашыл аза-

мат болуға жетелейді. Рухани жағынан жан дүниесі таза, рухы сергек, 

мұ рат ты  азамат  болып  қалыптасады.  Адамдардың  досын  көбейтіп, 



170

170


өрі сін кеңейтеді. Күллі адамзатты достыққа, береке-бірлікке, ізгілікке 

баулып, махаббат, достық сүйіспеншілігін арттырып, өзара барыс-ке-

ліс, алыс-берісін жиілетіп, жер жүзінде тыныш, ынтымақты, орнықты 

тамаша қоғамдық орта жаратуға жетелейді.



ҚҰРМЕТ ЖƏНЕ АЯУШЫЛЫҚ ТƏРБИЕСІ

Б

арша  адам  баласы  мен  ата-аналарын  жəне  қарттары  мен  ұла-



ғатты  кісілерін,  білім,  ғылым  иелері  мен  ұстаздарын  қадірлеп,  құр-

мет теп,  əйелдер  мен  балаларға  қамқорлық  жасап,  аялауды  адам дық 

парыз,  перзенттік  борыш  санаған  қазақ  халқы,  пер зент те рі не  жас та-

йы нан ата-аналарын құрметтеп, ақсақалдарын сыйлап, ұс таз да рын қа-

дір леп, əйелдер мен балаларын аялауды мұқият үйретіп отырған.

Құрмет пен аяушылық тəрбиесін қазақ халқы ең алдымен өз отба-

сынан бастаған, яғни əр ұрпақ өз отбасында ата-анасы мен аға-əп ке-

ле рін құрметтеп, іні-қарындастарына қамқорлық жасап, аялауды үй-

ре ну ден бастап, барша адам баласын, əсіресе, үлкен адамдар мен елге, 

жерге, халыққа, Отанға еңбегі сіңген өнерлі, білімді адамдарды, ұс таз-

ғұламаларды құрметтеп, əйелдер мен балаларды аялап жүруге дағ ды-

лан ған. Сондай-ақ əр отбасы: «ақыл кені – қарттарда», «қариясы бар 

елдің – дариясы бар», «үлкенін сыйламаған елден өнеге алма», «қарт-

та ры көп ел ақылдан тарықпайды», «аналары мен балаларын ая ма ған 

адам  –  ең  рақымсыз,  ең  пасық  адам»,  «əйелді  ұрған  адамда  аяу шы-

лық болмайды», «бақыт-байлық – ата-ананың табаны астында» деген 

халық даналықтарын ұрпақтарының құлақтарына құйып, жү рек те рі не 

ұялатып, үлкенді сыйлап, кішіні аялау адамдық парыз, пер зент тік бо-

рыш екендігін жан-жақты ұғындырып отырған.

Қазақ тəлімінде: ата-ананы сыйламау, қарттар мен білімді адамда-

рын құрметтемеу, оларға қол, тіл тигізу, əйелдер мен балаларды ая-

ламау, қорлау, қиянаттау, жəбірлеу секілді қылықтар адам гер ші лік ке 

жат жиіркенішті жаман қылық екендігін ұрпақтарына жанды мысал, 

иландырарлық  тəрбие  арқылы  егжей-тегжейлі  түсіндіріп,  əр қан дай 

жағдайда  да  ата-анасын  сыйлап,  құрметтеп,  қызметіне  əзір  тұ ру ға, 

қартайғанда  бағып-қағып,  ата-ананың  ризалығы  мен  батасын  алу ға 



171

171


күш салып, үлкен адамдар мен өнер-білімді, қадірлі, бе дел ді кі сі лер-

ді сыйлауға, əйелдер мен балаларды аялауға; əрқашан үл кен адам дар-

дың алдында тайраңдап, менменсімеуге, беттен алып, төс ке шап пау-

ға,  білерменсімеуге,  «дарияның  қасынан  құдық  қазба»  деген  ха лық 

даналығын естен екі елі шығармауға; əдепті, ибалы, ізгі ниетті, кі сі ні 

сыйлай білетін, өзін де сыйлата алатын терең білімді, текті азамат бо-

лып жетілдіруге күш салған.

Қазақ  халқының  құрмет  жəне  аяушылық  тəрбиесі  ұрпақтарды  із-

гі лік ке,  мейірімділікке  баулып,  адамдарды  епті,  тəртіпті,  ибалы,  мə-

де ниет ті, мұратты азамат болып жетілуге баулиды. Сонымен, ұр пақ-

тар ды  тамаша  мінез-құлық  қалыптастырып,  халықтық  салт-дəс түр ді 

қас тер лей тін, құрметтейтін жəне оны үзбей жал ғас ты ра тын дəс түр шіл 

адам болып қалыптасуға тəрбиелейді.

КИІНУ, ТАЗАЛЫҚ ЖƏНЕ ІШІП-ЖЕУ

ТƏРБИЕСІ

К

иіну, тазалық, ішіп-жеу тəрбиесінде əр отбасы ұрпақтарына: өз 



ортасы мен заманына лайық ретті, таза, əсем киіну; жеке бастық та за-

лы ғы мен қоршаған орта тазалығына көңіл бөлу; адал еңбегімен тап-

қан мал-дүниесін төгіп-шашпай орнымен жұмсап, мəдениетті киіну, 

мə де ниет ті ішіп-жеу – əрбір адамның тəрбиелі, тəрбиесіз, мə де ниет-

ті, мəдениетсіз екендігін көрсететін айна деп ұғындырған. Сондай-ақ, 

«тəні тазаның – жаны таза», «əсем киіну – əдеміліктің бел гі сі», «ағаш 

көр кі – жапырақ, адам көркі – шүберек», «ауру – астан, дау – қа рын-

дас тан», «обырдың өмірі қысқа болады» деп қарап, ұл-қыздарына өз 

орта, замандарына лайық əсем, таза, ретті киіну, мəдениетті ішіп-жеу, 

обыр, ашкөз, қомағай болмау, адал ризықтан адамша құзырлану да-

на лық пен парапар екендігін жан-жақты ұғындырып, ұрпақтарын лас-

тық тан, дүниеқорлықтан, ысырапқорлықтан, мақтаншақтықтан ау лақ 

болып,  ел-жұртқа  таза,  ретті,  əсем  киіну  мен  мəдениетті  ішіп-жеуде 

үлгі-өнеге болуға баулып отырған.

Қазақ халқы киіну, ішіп-жеу тəрбиесінде тазалыққа ерекше кө ңіл 

бөлген.  Ескі  киім  болса  да  жуып,  жамап,  ретті  киюді,  асқа  отырар 



172

172


алдында міндетті түрде қол жуып, тамақтан соң, тағы да қол жуып, 

ауыз  шайқау,  жұма  сайын  бір  рет  шомылып,  сақал,  шаш,  тыр нақ-

та рын  өсірмей  алып  тұру,  қол  жуғанда  қолды  сілкімеу,  көрпе-жас-

тық ты  кірлетпей  жуып,  жайып,  таза  ұстау,  шыны-аяқты  тамақ  іше 

салып  уақытында  жуып,  үйді,  ауланы,  қора-қалтқыны  ұдайы  сыпы-

рып, тазалап, түрлі аурулардың алдын алып отыру; құдыққа, суға тү-

кір меу,  дəрет  сындырмау,  күл-қоқыс  төкпеу,  ас-тағамдардың  бетін 

жауып  жүру,  отбасында,  ас  ішіп  отырғанда,  жиын-тойларда  əдепсіз 

қа қы рып-түкірмеу;  тамақты  дастарқан  жайып,  отбасы  мүшелерімен 

бір ге  отырып  жеу;  бұзылған,  шала  піскен,  көгерген  тағамдарды  же-

меу сияқты істердің бəрін де перзенттеріне егжей-тегжейлі ұғын ды-

рып,  құ лақ та ры на  құйып,  жүректеріне  ұялатып  отырған.  Сондай-ақ, 

жиын-той  секілді  бұқаралық  орындарға  барарда,  жолаушы  жүріп, 

са пар ға аттанарда əрбір адам міндетті түрде таза, ретті, сəнді киініп, 

ат-көлігін  жақсы  жабдықтап,  жүрген-тұрған  жерінде  əсемдіктің,  мə-

де ниет ті лік тің,  адамгершіліктің  үлгісі  болу  –  азаматтық  парыз  деп 

ұғын ды рып,  қолында  жетерлік  мал-дүниесі  бола  тұра  кір-қожалақ, 

алба-жұлба киіну, ат-көлікке жарымау, бала-шағасы мен өзінің ішіп-

жеуіне сараңдық істеу, бұзылған, лас тағамдарды жеу, дастарқан жай-

май,  бас-басына  тамақтану,  түрегеліп  жүріп,  жүрелеп  отырып  ішіп-

жеу, дастарқанды батасыз жию секілді қылықтар мəдениетсіздік, көр-

ген сіз дік, тəрбиесіздік есептеліп, ондай адамдарды халық қатты жек 

көрген.

Қазақ халқының тазалық істеу, кір жуу, сондай-ақ, жуынуының да 



өзіндік тəртібі бар. Мысалы, тырнақ пен шашты өсірмей уа қы тын да 

алып, оны көміп тастайды. Суға шомылудан бұрын дəрет алып, онан 

соң шомылады. Қол мен басты ыдысқа шылап жумай, бас пен қол ға 

тіке құйып ағызып жуады. Шылап жуғанды жəне қолды жуып сіл кі-

ген ді «арам» деп, қатты тектейді.

Ал, кір жуғанда, алдымен бас киім, онан соң, жейде, шапан, бай-

пақ жуылып, дамбал сияқты киімдерді артынан бөлек жуады. Əр кез 

оны  жейде-шапандарымен  араластырып  жумайды.  Сондай-ақ,  кірді 

өзен,  көл  сияқты  адамзат  пен  жан-жануар  ішетін,  пайдаланатын  су-

лар ға салып жумайды жəне кірдің суы мен көң-қоқырды оған төк пей-



173

173


ді. Тіпті, кірдің суын адам мен жан-жануар басатын жерге төк пей ді. 

Себебі, тырнақ пен шаш өте ұзарып кетсе микробтанады. Ал, шаш пен 

тырнақты алған соң көрінген жерге тастай салса, ауру-сырқау тарай-

ды. Суға түсерден бұрын дəрет алса, жыныс мүшелеріндегі лас заттар 

бас қа дене мүшелерін былғамайды. Бас пен қолды шылап жуса, он да-

ғы микробтар жойылғанның орнына тіпті де өрши түседі. Ал, қол ды 

жуып  сілкісе,  қолдағы  микробтар  шашырап,  маңайындағы  заттарды 

былғайды.  Кірді  рет-тəртібімен  жуғанда,  дамбал  тектес  микроб  көп 

киімдердің  басқа  киімдерді  былғауының  алдын  алады.  Ал,  кір дің 

суын, көң-қоқырды басса жəне жан-жануарлар мен адамзат пайдала-

натын өзен-көлдерге төксе, түрлі дерт-дербездердің таралуына се беп-

ші болып, жан-жануарлардың өміріне қауіп төндіреді. Міне, осыларды 

ерте заманнан-ақ жақсы білген қазақ халқы тазалық істерінің осындай 

тамаша дағдыларын қалыптастырған.

Қорытып айтқанда, қазақ халқының киіну, тазалық, ішіп-жеу тəр-

бие сі нің  үлкен  ғылыми  негізі  бар.  Ол  ұрпақтарды  əсемдікке,  мə де-

ниет ті лік ке,  тазалыққа,  пəктікке  баулиды.  Сонымен  қоса,  ел  ішіне 

түр лі  ауру-сырқаулардың  таралуының  алдын  алып,  ұрпақтарды  сау 

де не лі, мəдениетті болып жетілуге жетелейді.

ЖОЛАУШЫ ЖҮРУ, 

САПАРҒА ШЫҒУ АЛДЫНДАҒЫ 

ТАЗАЛЫҚ ТƏРБИЕСІ

Е

ртеде, қазақ халқы арнаулы қонақхана, асхана салмаған. Бү кіл 



халық бір-бірінің үйіне қонумен бір шəугім шай, бір табақ етін «бө-

лін бе ген  еншіміз»  деп  қарап,  қазақ  қоныстанған  жердің,  яғни,  қа зақ 

отбасының қайсысына барып түссе де бір шəугім шайы мен бір та бақ 

етін  тегін  жеп,  тегін  ішіп,  тегін  қонып,  құдды  өз  үйіндегідей,  тіп ті, 

одан да жақсы күтімге ие болып, азық-түлік, көрпе-жастық алмай-ақ 

күллі қазақ даласын өз ауылы, өз үйіндей сезінген. Қазақ жолаушы-

лары  үшін  туыстық  қатынастары  қаншалық  алыс  болса,  бар ған  же-

рі не соншалық сыйлы болады. Тіпті, қонақ күтерлік қуаты бола тұра 

қонағына  «қонағасын»  бермесе,  қонағына  ат-шапан  айып  тө  ле  ген, 


174

174


адамгершілігі асқақ, ізгілігі шексіз қонақшыл, жомарт ха лық бол ған-

дық тан, жолаушы жүретін, сапарға аттанатын адам ерекше да йын дық 

жасауға дағдыланған. Дəлірек айтқанда: «ай жүрсең – ауы лың мен ке-

ңес, күн жүрсең – ағайынмен кеңес», «кісі үйіне қонбақ бол  саң, кі рің ді 

жуып бар», «кісі үйіне кір-қожалақ барғанның кісілігі аз», «қо нақ қа 

барсаң – таза бар, жаға-жеңді қаға бар» деп, сапарға шы ғып, жолаушы 

жүру үшін, ел-жұртымен ақылдасып, мінетін көлік, кие тін киі мі не де-

йін əзірлеп, тазалық пен реттілікке ерекше мəн берген. 

Қазақ халқы сапар шеккен, жолаушы жүрген адамдардың ат-кө лі гі 

сай, ер-тұрманы сəнді, киімі таза, ретті болғанын жақсы кө ре тін дік-

тен, ұрпақтарына тазалық пен реттілікті – мəдениеттіліктің, кі сі лік тің 

белгісі деп бағалап, қайда жүрсе де ретті, таза жүруге баулыған. 

Қалыптасқан салт бойынша, əрбір қазақ баласы сапарға аттанып, 

жолаушы жүрер алдында, ең алдымен жуынып-шайынып, кірін жуды-

рып, шашын алдырып, сақал-мұртын бастырып, ат-көлігін əб зел деп, 

ерекше  бір  салтанатпен  жүреді.  Сондай-ақ,  ұрпақтарына  жолаушы 

жүріп,  сапарға  шыққан  кезде  таза,  ретті  жүруге,  қонған,  азық тан ған 

отбасыларының  райына  бағуға,  күй-жайын  елеп-ескеруге,  «есік тен 

кірмей  жатып,  төр  менікі»  дейтін  көргенсіз,  тексіз  адам  бол мау ға, 

əрқашан əдепті, ибалы болуға, біреудің үй мүлкі мен көрпе-жас ты ғын 

өз  мүлкіндей  аялап,  ізгі  ниеттілік,  тəрбиелілік,  тектілік,  мə де ниет ті-

лік танытып отыруға баулиды. Сонымен бірге, жүрген-тұрған же рін-

де ұрыс-керіс тудырып, көптің шырқын бұзу, басқаларды көзге іл меу, 

менмендік, озбырлық, обырлық көрсету, орынсыз қақырып-тү кі ру, ас 

ішіп отырып таранып, сылану, шалжиып жатып алу, қалай болса со-

лай отыру сияқты жағымсыз əдеттерден аулақ болып, қонақтың қой-

дай жуас болатындығын ерекше ескертіп отырады.

Қазақ халқы «қонақ қонатын үйін таңдап қонады» дейді. Бұл – қо-

нақ болатын адам өзі қонатын үйдің əл-ауқаты жақсы, қонағын қи нал-

май күтетін үйге қонады дегені. 

Бұл  тəрбие  ұрпақтарды  тамаша  əдет  қалыптастыруға,  тазалыққа, 

пəктікке, əсемдікке баулиды.



175

175


АС-СУ ТАЗАЛЫҒЫ ТƏРБИЕСІ

Қ

азақ халқы ас-су, азық-түлік тазалығы тəрбиесінде ұр пақ та ры-



на: «тазалығың жақсы болса денің сау болады», «лас су ішіп, бұ зыл ған 

та мақ жеген – аурудан айықпас», «ауру мен дерттің анасы – лас тық», 

«қол  мен  ауызды  жумай  ас  ішкенің  –  тас  ішкенің»  деп,  сусын  мен 

азық-түлік  тазалығына  биік  ғылыми  өреде  қарауды  үйреткен.  Тіп ті, 

«та за лы ғы жоқтан ар-ұят сұрама» деп, тазалықты ар-ұят жəне кі сі лік-

пен сабақтастырған. 

Бұл тəрбиеде қазақ халқы перзенттеріне ас-тағам əзірлейтін кезде 

немесе сиыр, қой, бие, түйе сауу алдында қолды, ыдысты таза сумен 

жуып, онан соң ас-су əзірлеп, мал сауу керек екендігін үйретеді. Мал 

сойғанда  қан-жынын,  безін,  жыныс  мүшесін  жеуді  арам  деп  қа рап, 

дертке шалдыққан жан-жануардың етін, сүтін пай да лан бай тын ды ғын, 

арам өлген малдар мен аң-құстың етін жəне сасыған, ші рі ген, кө гер-

ген, борсыған, шыбын-шіркей, құрт-қоңыз түскен та ғам дар ды же мей-

тін ді гін, асқа отыратын кезде барлық адам міндетті түрде қо лын жуып, 

онан соң ас ішетіндігін, қонақ келсе қолына су құйып, дас тар қан мен 

орамалды таза ұстау қажеттілігін егжей-тегжейлі ұғындырады. 

Қазақ халқы ауыз су тазалығына да ерекше көңіл бөлген. Ұр пақ-

та ры на  таза  бастау,  бұлақ  сулары  мен  құдық  суларын  пайдалануды 

үй ре тіп,  лас,  жарамсыз  суларды  пайдалануға  қатаң  тыйым  салған. 

Ас-та ғам дар ды таза жеу, ет-сүтті əбден пісіріп барып пайдалану, та-

мақ тың алды-артында қол жуып, ауыз шайқау, азық-түліктердің бе тін 

ашық-шашық  тастамай,  жауып  жүру,  тісті  аршадан  басқа  нəр се мен 

шұ қы ла мау, түрегеліп жүріп, жатып, жүрелеп отырып ас іш пеу жəне 

та мақ іше салып жата кетпеу сияқты толып жатқан ғы лы ми қа ғи да-

лар ды  түсіндіріп,  ұрпақтарының  таза,  ретті  азамат  болып  же ті луі не 

күш салады. 

Бұл  тəрбие  ұрпақтардың  ақаусыз  өсіп-жетілуіне  зор  мүмкіндік 

жасайды. Түрлі ауру-сырқаулар мен дерт-дербездердің алдын алады. 

Сондай-ақ,  халықтың  денсаулығы  мен  жасаған  ортасын  жақсартып, 

ауру-сырқаусыз, таза, көңілді тұрмыс кешіруге жол ашады.



176

176



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет