ференциялар мен сим позиумдарды ң, семинарлардың жүмыстарына
қатысып, энергетика ж ән е су қүрылысы жүмысының теориясы мен
практикасының сан алуан мәселелері туралы талай мәнді баяндамалар
жасап, ондаған ш етелдерде болған.
Ол 1954 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшесі
(академигі), болып сайланды. 1961 жылы оған Қазақ ССР ғылымының
қүрметті қайраткері деген қүрметті атақ берілді. Ал, 1972 жылы болса
77
Ш.Шөкинге «Қазақстан энергетикасының даму негіздері» атты кітабы
үшін Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Арада он жыл өткен
соң, яғни 1982 жылы ол енді «СССР-дің қүрметті энергетигі» атанып,
1990 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясы Президиумының Қ.И.Сәт-
баев атындағы сыйлығына ие болады. Ғалым-академик 1971 жылы
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, 1982 жылы «Октябрь революциясы»
орденімен наградталған. Сондай-ақ ол СССР-дің көптеген медалдары
мен Қазақ ССР Жоғарғы Советінің грамоталарының да иесі.
1992 жылдың қазан айының бірінші жүлдызында Ш.Шөкиннің 80
жылдығы кеңінен аталып өтті. Осыған орай Қазақстан Республикасы
Министрлер кабинетінің қаулысымен оның өзі қүрып, жарты ғасырға
жуық басқарған Қазақтың ғылыми-зерттеу энергетика институтына
оның есімі берілді.
1996 жылдың маусым айы Ш.Шөкиннің үзақ жылғы ғылым жолын-
дағы өнімді еңбегінің жемісі ретінде мәңгі есінде қалады. Себебі, оған
осы жылдың маусым айының 7 жүлдызында Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді. Бүл
туралы Ш.Шөкиннің өзі: «Менің өмірімнің шарықтау шегінің бүлай
сәтті аяқталуы әр кезде мені қоршаған дос-жарандарыма, туыстары-
ма және отбасыма да байланысты болар. Себебі, мен әрдайым өздерінің
жоғары адамгершілігімен, біліктілігімен және тазалығымен ерекшеле-
нетін белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің арасында болып,
солармен жүмыс істестім және солардай болуға тырыстым.
Алайда, мен өз өм ірім де туған ағам Ризаға көп қарыздармын.
Өйткені, оның көмегімен білім алдым, үлкен азаматтық дәр еж еге
көтеріліп, туған халқының қаһарманы аталып отырмын. Сондай-ақ,
кезінде мені аштықтан сақтап қалып, дүрыс тәрбие берген анама да
қарыздармын.
Маған және Ризаға Отан соғысында қаза тапқан Зәкір ағамыз да
көп көмек көрсетті. Ол үйдегі бар ауыртпалықты өз мойнына алып,
біздерге білім алуға, бақытымызды ғылымнан іздеуге жол ашты.
Әкеміз қайтыс болған соң қараусыз қалған біздің отбасымызға оның
немересі Рахым Нүсіров пен немере ағасы Жүмат Досқараевтардың
көрсеткен көмегі көп болды. Әлікүнге дейін олардың бізге деген үлкен
адамгершілік сезімдері жүрегімнің бір түпкірінде сақталып қалған.
Сондай-ақ, менің туыстарым да халық алдында беделсіз емес. Олар-
дың көпшілігі өз қызметтерін адал орындауда. М әселен, Дихан - ха-
лық жазушысы, Махмет - Совет Одағының батыры, Әлихан, Арғын,
і д г я . " і
11
. . . і
■
, , .
. .
- —
і ,,
■ . , / ■
'■ ■
: -
.
. ■ . і
а ж я а г в а а в я я я и з 1
^ "
Хамзалар - медицина ғылымының докторы, профессорлар, Ә убәкір,
Ғаббас, Қабыкендер - белгілі ғалымдар, ғылым кандидаттары, Мүрат -
әскери қызметкер, полковник.
г * ^
Жоғарыда айтқанымыздай, менің отбасымда қуанышым мен қай-
ғымды қатар көтеріп келе жатқан басты т ір згім , әй ел ім - Үрмия
Әмірқызы. Адал, еңбекқор, менің қызметімнің сапалы жүруі үшін бар
жағдайды әлі күнге дейін жасап келе жатқан сүйікті жар. Балаларым -
Қанат, Бақыт, Марал ата-аналарын үмытпай, үнемі өздерінің үлгілі істе-
рімен қуантуға тырысады. Келіндер мен немерелеріміз де сондай.
М енің ж үріп өткен жолым бірыңғай қуаныш пен жақсылықтан,
сәттіліктен түрған жоқ. «Ғылым - инемен қүдық қазғандай» демекші
оның да өзіндік ауыртпашылықтары, ой-шүқыры көп болды. Алайда,
соларды ң барлығын ж ең е отырып, өм ір де біраз ж етістіктерге қол
жеткіздім деп ойлаймын. Бүл туралы менің 1992 жылы «Жалын» бас-
пасынан «Өмірдің төрт кезеңі» атты 22 баспа табақ көлеміндегі мему-
арлық сипаттағы кітабымда жан-жақты баяндалған деп білемін».
78
11. Т А Р И Х Ғ Ы Л Ы М Ы Н Ы Ң Е Р Е Н Т Ү Л Ғ А С Ы
(Ермүкан Бекмаханов)
Ермүқан Бекмаханов - белгілі қазақ тарихшысы, Қазақ ССР Ғылым
Академиясының корреспондент-мүшесі. Көп жылдар бойы профессор,
ҚазМ ҮУ-дің тарих кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Ол
Қазақстанның XIX ғасырдың аяғы мен X X ғасыр басындағы әлеуметтік-
экономикалық және саяси өмірін жан-жақты зерттеген. Көзі тірісінде
оған Қазақстан тарихын бүрмалады деген айып тағылып, репрессияға
үшырады. Бірақ ол тарихты принципті түрде, шындықпен айтқан еді.
Е.Бекмаханов қазақ тарихында ерекше орын алады. Қазақ халқы-
ның арасынан алғашқы тарих ғылымының докторы, Қазақстан Респуб-
ликасында бірінші тарих кафедрасын қүрушы, профессор, Қазақ ССР-
інің Ғылым Академиясының корреспондент-м үш есі. Ө зінің қысқа
өмірінде таланты мен туған халқының тарихына деген сүйіспеншілігінің
арқасында ғылымға көп жаңалық енгізді. Сондықтан оның есімі ел есін-
де мәңгі сақталмақ. Қатаң партиялық тәртіп талай талант иелерінің жүмы-
сына, ғылыммен айналысуьгаа көп кедергі болды. Соның бірі - Е. Бекма-
ханов. Қуғын, түтқьгадау, айдау, міне, осындай қиын кезеңде оған шын-
дықты жазуға тура келді. Мүның бәрі одан үлкен қайраттылықгы талап
етті. Елу жылдық өмірінің жартысы білім алып тарихшы-ғалым болып
қалыптасуға кетті. Өмірінің алғашқы кезі ¥лы Отан соғысы жылдары-
мен түспа-түс келді. Соған қарамастан ол 31 жасында бірнеше моногра-
фиялық еңбектердің авторы атанып, кандидаттық, одан соң докторлық
диссертация қорғады. Ал, өмірінің екінші кезеңінің көп бөлігі айдау мен
қуғын-сүргінде өтті. Өмірінің соңғы үшінші кезеңінде болса, ғалым көпте-
ген ғылыми жүмыстармен айналысып, бірнеше оқулықтар жазды.
Е.Бекмаханов 1915 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданын-
да кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1921 жылы әкесінен
айырылады. Қазақ батыры қүрметіне Жасыбай деп аталатын туған
ауылында алғаш хат танып, көзін ашты. 11 жасында Баянауылдағы
бастауыш мектепке түседі. 7 жылдықты 1932 жылы бітірген Ермүқан
жоғары оқу орындарына дайындайтын бір жылдық дайындық курсы-
на (Семейдегі), одан 1933 жылы Воронеж педагогикалық институты-
ның тарих факультетіне оқуға түседі. Осы уақытта ол көп оқиды. Дос-
тарының айтуынша, Ермүқан сағаттар бойы Грек мифологиясы, Рим
тарихы, Александр Македонскийдің жорығы туралы айтуға, не тың-
дауға бар екен. Домбыра және мандалин, баянда жақсы ойнаған. Театр-
ларға да жиі баратын және театрға деген сүйіспеншілігін өмір бойы
сақтаған. Бүл оның Қазақстанның танымал жазушы, актер, өнер иеле-
рімен шығармашылық байланыс орнатуға көп көмегін тигізеді.
1937 жылы Воронеж педагогикалық институтын бітірген Е.Бекма-
хановты РСФСР Халық Комиссариатының нүсқауымен Қазақстанға
жүмысқа жібереді. Алғашында ол Алматыдағы № 28 мектепке тарих
пәнінен сабақ береді. Кейіннен ғылыми жүмыстар атқарады. Соңында
80
Қазақ ССР-і Халық ағарту комиссариаты жанындағы педагогикалық
ғылыми-зерттеу институтының директорлығына бекітіледі.
1940 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюро-
сы шешімімен Москвадағы жоғары партия мектебіне оқуға жіберіледі.
Мұнда ол өзінің теориялық білімін 1941 жылдьщ қараша айына дейін
жетілдіреді. Сөйтіп, 26 жастағы Ермұқан өзінің алдағы өмірін тек та-
нымал тарихшы карьерасына ғана дайындады. Бірақ оның белсенді
ғылыми-зерттеу жұмыстары республикаға да керек еді.
1941 жылдың аяғында ССРО Ғылым Академиясының корреспон-
ден т-м ұш есі Анна М ихаиловна Панкратованың басшылық етуім ен
Алматыға Москва ж әне Ленинград тарихшыларының ұлкен тобы эва-
куирленеді. Е.Бекмаханов оларға үй тауып беріп, жұмысқа орналасуға
көп көмек етеді. Сонымен бірге ол мектеп окытушыларына арнап ме-
тодикалық оқулық шығару идеясын үсынады. Келе-келе А.Панкрато-
вамен бірге бір томдық «Қазақ ССР-інің тарихын» жазу туралы ой ту-
ындап, өз шешімін табады. Республика басшылары бүған оң көзбен
қарады. Республикалық кітапханада олардың ғылыми жүмыс үшін ар-
найы зал жабдықталады. Республикалық архивтік қорлар ашылады.
Осының бәріне мұрындық болып жүрген Ермүқан еді.
Бірақ олар «Қазақ ССР тарихын» ж азуда көп қиыншылықтарға
үшырайды. Ә сір есе, оқулыққа енген Кенесары Қасымов бастаған
көтеріліс туралы көп айқай болады. Ақыры, кітап 1943 жылдың жа-
зында жарық көреді. Әрине, бүл Бекмаханов үшін ғылыми қызметінің
басталуы ғана еді. Ол осы жылы өзі зерттеп кітапқа енгізген «Кенеса-
ры Қасымов бастаған көтеріліс туралы» кандидаттық диссертация қор-
ғайды. Бүл еңбегінде Қазақстанның революцияға дейінгі тарихын Бек-
маханов XIX ғасырдың үшінші онжылдығынан іздейді. Осы кездегі
Қасымов бастаған көтеріліс, халықтың түрмысы, саяси жайы, Россия-
мен қарым-қатынасы кіреді.
Ғалым өзінің жаңа «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында»
деген монографиясына кіріспес бүрын архивтік құжаттарды ақтарып,
ел аралап материал жинайды. 1946 жылдың күзінде ССРО Ғылым Ака-
демиясы тарих институты білім кеңесінің алдында осы монография-
сын докторлық диссертациясының тақырыбы етіп алып, ойдағыдай
қорғап шығады. Сөйтіп, Бекмаханов белсенді қызметінің арқасында
Қазақ ССР Ғылым Академиясы тарих институтына келеді. Институт
директоры заң тарихшысы С.В.Юшков болатын.
Бірақ Ермүқанның 1947 жылы монография ретінде шыққан «Қазақ-
стан XIX ғасырдың 2 0 -4 0 жылдарында» деген диссертациясы кей са-
яси тарихшылар тарапынан сынға үшырай бастайды. Сөйтіп, ол 1947
жылы ҚазМҮУ-ге оқытушылық қызметке келеді. Содан өмірінің со-
ңына дейін университет қабырғасында еңбек еткен Бекмаханов озінің
ғылыми мектебін ашып, аспирантураға талантты жастарды (кейін бүл
жастарды «Бекмахановшылар» деп атап кетті) тарта бастады. Сын
айтушылар оны «буржуазды националист» деп айып тағып, оның еңбек-
тері ғылыми да, саяси да түрғыдан зиянды деп табылды.
«Қазақ ССР тарихы» оқулығы республика тарихы туралы ең бірінші
оқулық болғандықтан сталиндік сыйлыққа үсынылады. Алайда, ССРО
Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Яковлев бүл оқулыққа
теріс баға беріп, сыйлыққа ілікпей қалады. Бүдан соң А.Панкратова ВКП
(б) Орталық Комитетіне бүл істі қайта қарау туралы үсыныс айтады.
Үсыныс ескеріліп, 1944 жылдың 29 мамыр— 8 шілде аралығында таны-
мал кеңес тарихшылармен кеңес өтеді. Көп адам қарсы болады. Кейін
бүл Бекмахановтың «Қазақстан XIX ғасырдың 2 0 -4 0 жылдарында» деп
аталатын екінші кітабында да өз әсерін тигізбей қоймайды.
Бүл еңбек туралы алғашқы пікірталас 1948 жылы Москвада өтеді.
Мүнда да көбі К.Қасымов көтерілісін феодалды-монархиялық, үлтшыл
қозғалыс деп табады. 1948 жылы Бекмаханов оқулықтарына байланыс-
ты 5 күн қатарынан үш жиылыс өтіп, бәрі қатты сынайды. 24 сөйлеу-
шінің әрқайсысы 40 минуттан 2 сағатқа дейін сөйлейді. 1950 жылы
тарих ғылымының кандидаттары Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, А.Яку-
ниннің 26 желтоқсанда «Правда» газетінің бетінде «Қазақстан тарихы
мәселелері маркстік-лениндік түрғыдан зерттелсін» деген үлкен сын
мақалалары жарияланды. Мүның б әр і КГБ-ны сырт қалдырмады.
Ақыры 1951 жылы Бекмаханов университеттен қуылып, партиядан шы-
ғарылады. Бүған қоса барлық ғылыми атақтары мен дәрежелерінен ай-
ырылады.
Бүдан соң ол Алматы облысы, Нарынкөл ауданындағы бір мектеп-
те мүғалім болады. Кейін Жамбыл облысының Шу ауданына ауысады.
1952 жылдың 5 қыркүйегінде оны түтқындап, Қазақстанның Россияға
қосылуын буржуазиялық-националистік позиция түрғысынан көрсетті.
Осы ретте алашордашылдар шығармаларын пайдаланды деген айып-
тар тағылды. Соның нәтижесінде ол 25 жыл бас бостандығынан айы-
рылып, ГУЛАГ лагеріне жіберіледі. Қаталдық пен өтірік қүрбанына
айналған Бекмахановты әріптестері қүтқаруға үмтылады. А.Панкра-
това Москва тарихшыларының атынан Хрущевтің өзіне Бекмаханов-
ты босату туралы өтініш жазады. Сөйтіп, 1954 жылы Ермүхан Бекма-
82
ханов босаты лады. А лайда, Алматыға қайта оралған проф ессорды
ешкім жұмысқа алмайды. Сол кезде Қазақстанда бірде-бір тарих про-
ф ессоры ж оқ ед і. Соған қарамастан ол ең бегін жалғастыра бер ді.
Тұтқы ндауды ң алдында машинка қағазымен 800 беттік 1951-1952
жылдары жазған монографиясын тартып адып қойған еді. Бір жыл
іш ін де ол материалды қайта ж инап, жаңа монографиясы н ж азуға
кіріседі.
Тек 1955 жылдың қыркүйек айында ғана ол ҚазМ ¥У -ға оқытушы-
лық қызметке алынады. Көптеген Қ азМ ¥У мен ҚазПИ-дің студент-
тері оны қорғап шығады. Бірақ бекер еді. Бір студент оқудан шығары-
лып, қалғаны ескерту алады. 1957 жылы Бекмахановтың «Қазақстан-
ның Россияға қосылуы» деген монографиясы жарық көреді. Осы еңбе-
гімен екінші рет докторлық диссертация қорғайды. 1958 жылы кафед-
ра меңгерушісі болады.
Бекмахановтың инициативасымен «Қазақстан тарихы» бойынша
арнайы дайындайтын аспирантура ашылып, арнайы оқу кеңесі қүры-
лады. Тек ғалымның өзінің басшылығымен аз уақыт ішінде 20 шақты
ғылым кандидаттары дайындалады. Кафедрада өзгеріс енгізеді.
1959
жылы ол мектептерге арнап Қазақстан тарихынан оқулық
жазады. Ол 30 жыл ішінде бірнеше рет баспа жүзін көрді. «Қазақ ССР
тарихы хрестоматиясы» жазылып, «X IX ғасырдағы Қазақстан тарих-
тарының очерктері» атты оқулық шығарылады. Сөйтіп, ғалым көпте-
ген адамдардың ілтипатына бөленеді. 1962 жылы республика Ғылым
Академиясының корреспондент-мүшелігіне сайланады. Қорыта келген-
де Ермүқан Бекмаханов тарихта тек даңқ іздеуш і ем ес, ең алдымен
шындықты зерттеуші болған.
12. М ӘУЕЛІ Б Ә Й Т Е Р Е К
(Жүмат Досңараев және оның балалары — Әубәкір, Хамза,
Ғаббас, Әмина, Сапар Жүматовтар туралы)
Әзірге Брест қамалы қаһармандарының бірі - жерлесіміз Ғаббас
Жүматовпен әңгімелесіп отырмын. Сөздері салиқалы, орнықты нені
болса да «Жеті өлшеп, бір пішіп» жауап беретіндігі көрініп түр. Бойы-
нан әлі де болса қуаттылық, өз ісіне деген жауапкершілік пен тиянақ-
тылық байқалады.
Соғыс өртін Австрияда аяқтадым. Майданда беделсіз болғам жоқ.
Оның дәлелі кеудеме таққан екі Ұлы Отан соғысы ордені, «Қызыл
жүлдыз» ордені, Венгр республикасының «Алтын шеңбер», «Москва-
ны қорғағаны үшін», «Брест қамалын қорғағаны үшін» медальдары.
Соғыстан кейінгі бейбіт заманда жоғары мектепке еңбегі сіңген қыз-
меткер атандым. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцентпін. Одан
басқа мына өзің көріп отырған әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
үлттық университетінің ардагерлер кеңесінің төрағасымын. Ал мен
туралы халық жазушысы Дихан Әбілев осыдан он жыл бүрын «Қазақ
әдебиеті» газетінде жарияланған «Арманы - Бейбітшілік болашағы»
деген өлеңінде:
84
Омырауында бос орын жоқ орденнен!
Ардагердің бірі деп біл ол күннен.
Қаһарманы ол
—
батыр қамал Брестің,
Қаһарманы ол
-
Отан ушін курестің! -
деп жырлаған болатын. Маған бұдан артық марапаттаудың қажеті жоқ.
Әйтсе де сен ғалымдар туралы жазып жүрсің ғой. Одан да мен саған өз
әкем Жүмат Досқараевтың 31 жасында Семейге барып, жасы өсіп кет-
кендер мектебіне қалай оқуға түскендігі, одан түңғышы Әубәкірмен
бір партада отырып қалай дәр іс тыңдағаны, 49 жасында университет
бітіріп, 60 жасында кандидаттық диссертация қорғап, қазақ диалекто-
логиясының негізін салушылардың бірі атанғандығы туралы айтып
берейін деп үзын-сонар әңгімеге кірісті.
Ол кез өте бір қиын заман болатын. 1920 жылдары Ресейдің көпте-
ген жерлерінде болған аштық, қүрғақшылық қазақ ауылына да келіп
жеткен. Әдетте ол кезде қазақ отбасыларында бала саны көп болғаны-
мен олар жиі ш етінейтін. М әселен , б ізд ің өзім із бір ата-анадан 12
екенбіз. Солардан ержетіп, азамат қатарына қосылғанымыз бесеу-ақ.
Әкеміз Жүмат аңқылдақ, көпшіл, мейірімді бола түра турашыл, айт-
қанынан қайтпайтын адам болатын. Керісінш е, шешеміз Қанида хат
тани түра, бала тәрбиелеуге көп көңіл бөлген, от басы, ошақ қасының
қүты еді.
. д ; ч.
Осынау өзіміз әңгіме қылып отырған қиын-қыстау кезеңнің өзінде
әкеміз Жүмат марқүм әйелі мен үш баласын (біздерді) ауылға қалды-
рып, Семейге тартқан ғой. Одан әйтеуір еңбегі еш кетпей мүғалімдер
курсын бітіріп, Баянауылға мұғалім болып оралады. Кейіннен бүкіл
қазақ халқына танымал болған С.Бәйіш ев, Ш .Ш өкиндерге сабақ бе-
реді. Сөйтіп жүріп 1925 жылы өзі де Семей педагогикалық технику-
мын бітіреді.
1932 жылы Ж.Досқараевтың түңғышы Әубәкір Алматыдағы ауыл
шаруашылығы институтын бітіріп, агрономдық мамандық алады. Осы-
ны пайдаланып әкесі сен енді адам болдың, үй-ішіне бас-көз бол деп,
өзі Самарқандқа білім іздеп жүріп кетеді. Сол жолы Өзбек мемлекеттік
университетіне тарих ж әне филология факультетіне түсіп, оны 49 жа-
сында 1938 жылы үздік бітіріп шығады. Осы уақытта Жүмекеңмен бірге
оның екінші үлы Хамза да Алматыдағы медицина институтын бітіріп,
дәрігерлік диплом алып шығады.
Кейін Ж.Досқараевтың түңғышы Әубәкір алған білімін місе түтпай
Москвадағы Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын
бітіріп, кандидаттық диссертация қорғайды. Бидайдың бірнеше жаңа
сортын шығарады. 1943 жылдан бастап 16 жыл бойы Алматыдағы ауыл
шаруашылығы институтының ректоры болады. Әңгіме арасында біздер
Ғаббас ағамыздың бүл сөздерін дәлелдейтін көптеген қүжаттармен де
таныстық. С ебебі, қазір дүниеде Жүмат ақсақал да, оның балалары
Әубәкір, Хамза, Әмина, Сапарлар да жоқ. Бәрі де о дүниеге аттанған.
Тек солардың бай мүраларын демеу еткен, олардан қалған бала-шаға,
туған-туыстарын бір дастарқан басынан табылтып отырған мәуелі алып
бәйтеректің бір тамыры Ғ.Жүматов бар.
«Правда» газетінің 1957 жылғы 15 желтоқсан күнгі нөмірінде Ал-
матылық тілші Х.Қаржаубаеваның «Ж үмат Досқараевтың отбасы»
(«Семья Жумата Доскараева») деген көлемді мақаласы жарияланды.
Онда «Советтік өмір салты» айдарымен қазақтың үлкен бір шаңыра-
ғының тыныс-тіршілігі көрсетілген.
Мақала: «1956 жылдың мамыр айы. Францияның Лион қаласы.
Мүнда инфекциялық патология жөнінде халықаралық конгресс өтуде.
Кезекті баяндама жасауға Қазақ ғылым академиясының корреспондент-
мүш есі, медицина ғылымдарының докторы, проф ессор Х.Ж үматов
шақырылды. Алғашқыда залда отырғандар онша мән бермей, оған сел-
қос қарады. Оның жөні де бар еді. Біріншіден, ол кезде Қазақстанды
көп елдер, әсіресе шет елдер біле бермейтін. Екіншіден, үлты бөлек,
аты-жөні белгісіз біреу медицинаның қиын саласынан не айта қояр деген
күдік болатын.
Бірақ, олай болмады. Қазақстандық ғалым баяндаманы ағылшын-
ша жасады. Бірте-бірте залға тыныштық орнап, жүздеген ғалымдар-
Достарыңызбен бөлісу: |