Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет28/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

ТАУЛАР –  жер  бетінің  жазықтардан  оқшау  кӛтеріліп  жатқан 
қатпарлы  және  қатпарлы-жақпарлы  құрылымды  бӛлігі.  Ұзындығы 
жүздеген, мыңдаған км-ге дейін созылады. Негізінен түзу сызықты 
(Үлкен Кавказ, Пиреней)  немесе  доға  тәрізді  (Альпі, Карпат) 
кӛтерілімдер  болып  келеді.  Таулар  алып  жатқан  кӛлеміне, 
құрылымына, 
жасына 
қарай: тау 
жотасы, тау 
жүйесі, тау 
массиві,таулы  қырат, таулы  үстірт, тау  сілемі болып  бӛлінеді. 
Аралықтарындағы  аласа  кӛтерілімдер,  оларды  бӛліп  тұратын 
ойпауыттардың  (тауаралық  ойпаңдар,  тау  аңғарлары,  т.б.)  бір-
бірімен үйлесуінен тілімделеді. Таулар жерсілкінулер мен жанартау 
атқылауынан  жиі  кӛтеріліп,  әдетте  тектоник.  аймақтарда 
қалыптасады.  Пайда  болуына  қарай  тектоник.Таулар  –  қатпарлы 
немесе 
қатпарлы-жақпарлы 
құрылымды, 
бірнеше 
км-ге 
кӛтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен  терең 
тілімделуімен  ерекшелінеді;  эрозиялық  Таулар  –  неотектоникалық 
кӛтерілімдерге  ұшыраған,  ӛзен  аңғарларымен  және  уақытша  ағын 
сулармен  тілімделген,  жер  бетінің  үстірт  тәріздес  кӛтеріңкі  бӛлігі; 

жанартаулық Таулар – жас таулы аймақ немесе кӛне платформалық 
құрылым үстіндегі жанартаулық конус, жоғары кӛтерілген лавалық 
жабынды  таулар  болып  бӛлінеді.  Таулар  бедерінің  негізгі 
элементтері  – шыңы,   басы,  жоны,   беткейі,   етегі, ӛзен  аңғарлары. 
Жазық  жер  бедерінен  айырмашылығы  тілімделуінің  айтарлықтай 
тереңдігі  мен  уатылуы,  барлық  табиғат  жағдайларының  ала-
құлалығы  мен  қарама-қарсылығының  күшеюі.  Таулы  аумақтың 
негізгі  геогр.  заңдылығы  –  ландшафтың  биіктік  белдеулілігі 
(биіктік  белдемділік)  анық  кӛрінеді.  Тауларды  биіктігіне  қарай 
аласа (1000 м-ге дейін), орташа (1000 – 3000 м), биік таулар (3000 
м) 
деп 
бӛледі. 
Дүние 
жүзіндегі 
ең 
биік 
тау 
– 
Гималайдағы Джомолунгма (Эверест)  (8848  м), Қазақстандағы ең 
биік  тау  –Хантәңірі (6995  м).   Оқшау  (арал)  таулар  –  кең  жазықта 
жеке-дара  немесе  топтала  орналасқан  оқшауланған  таулар  мен 
қыраттар.  Салыстырмалы  биіктіктері  100  м-ден  1000—2000  м-ге 
дейін  болады.  Пайда  болуы  жағынан  қуаңшылық  климатты, 
тектоникалық  тұрақты  аймақтарда  қирағаннан  кейін  сақталған 
немесе  жергілікті  тау  түзілу  нәтижесінде  (мысалы,  жаңа 
тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған жақпар таулар, 
лакколитті таулар) түзілген тау жұрнақтарына жатады. 
Джомолунгма  -  Эверест  (ағыл.  Mount  Everest),  немесе  Сагарматха 
— жер бетінің ең биік шыңы, биіктігі 8844,43 немесе 8848 немесе 
8850  м,  Гималай тауларында   орналасқан.   Непал   және  
Қытайдың(Тибет автономиялы ауданы),  бірақ  шыңның  ӛзі  Қытай 
территориясында орналасқан 
ТАУЛЫ  ҤСТІРТ —  рельеф  типі  немесе  макрорельеф  формасы. 
Таулы  үстірттердің  кепшілігі  таулы  қыраттардың  ішкі  беліктері 
болып  табылады.  Мысалы,  Кіші  Азия  таулы  қыратындағы 
Анатолий таулы  үстірті, Памир таулы қыратындағы ШығысПамир 
таулы  үстірті  тағы  басқалар.  Оларды  соңғы  уақыттардағы 
қозғалыстардың  әсерінен  жоғары  деңгейге  кетерілген  таудың 
жазың  беліктері  деуге  болады.  Таулы  үстірттердің  жиі  сақталып 
қалуы,  оның  бетінде  бұзылуға  тезімді  берік  қабаттар  мен  лавалық 
жамылғылардың  барлығына  байланысты.  Бұл  жағдайда  ол  беті 
жазық  үстіртке  ұқсас  келеді.  Мысалы,  Орта  Сибирь  таулы  үстірті 
осыған жатады. 
ТАСҚЫН – қар мен мұздықтың тез 
еруінен 
және 
мол 
нӛсер жаңбырдан ӛзен деңгейінің  қысқа  мерзімде  күрт  кӛтерілуі. 
Тасқынның  су  тасудан  айырмашылығы  жылдың  кез  келген 

уақытында  болады.  Егер  Тасқын  ӛзеннің  жеке  бір  бӛлігінде 
байқалса,  онда  бұл  құбылыс  ағыспен  тӛмен  қарай  қатты 
шапшаңдықпен  (жазық  ӛзендерде  –  5  км/сағ.,  тау  ӛзендерінде  45 
км/сағ.) 
таралады. 
Күшті 
Тасқындар су басуына 
ұласуы 
мүмкін. Ағыны реттелген ӛзендер алқабына Тасқын қауіпті емес. 
ТӘУЛІК –  тетелес  бір  күн  мен  бір  түннің  қосындысы.  Күннің  де, 
түннің де ұзақтығы ӛзгеріп, әр маусымда әр түрлі болып отырады. 
Тәуліктің  ұзақтығын  тұрақты  шама  деп  есептеуге  болады.  Жуық 
түрде  алғанда  күн  қанша  ұзарса,  түн  сонша  қысқарады.  Шамалап 
алғандағы  тәуліктің  бұл  тұрақтылығы  біздің  заманымыздан  бұрын 
4000  жылдықта  анықталған.  Бір  тәулік  ішінде  Жер  ӛз  осін  бір 
айналып  шығады.  Жердің  ӛз  осін  бір  айналып  шығуына  кететін 
уақыт  жұлдыздық  тәулік  деп  аталады.  Жұлдыздық  тәулік  жуық 
түрде  23  сағат  56  минут  4  секундқа  тең.  Мұны  тікелей  бақылап 
анықтауға 
болады. 
Жұлдыздық 
тәулік 
– 
уақыттың  
астрономиядағынегізгі  ӛлшемі.  Ол  24-ке  бӛлінеді  де,  әрбір  үлесі 
жұлдыздық  сағат  деп  аталады.  Жұлдыздық  сағат  кәдімгі  сағаттан 
сәл  кемірек,  жуық  түрде  59  минут  50,17  секунд  болады.  Уақытты 
жұлдыздық  сағат  бойынша  ӛлшейтін  аспаптар  обсерваторияларда 
қолданылады. 
Жұлдыз 
уақыты 
– 
ӛзгермейтін 
тиянақты 
уақыт. Адам ӛмірі  негізінен  алғанда  жұлдызға  емес,  Күнге 
байланысты.  Сондықтан астрономияда ―нақты  күндік  тәулік‖ 
ұғымы  кӛбірек  қолданылады.  Бірақ  нақты  күндік  тәуліктер  бірдей 
емес, олардың ұзақтығы әр кезде әр түрлі болады. Себебі Күн (шын 
мәнінде  Жер)  кейде  үдей,  кейде  баяу  қозғалады.  Нақты  күндік 
тәуліктердің ең қысқасы, жұлдыздық уақыт ӛлшемімен – 24 сағат 3 
минут 36 секунд (қыркүйек айының ортасы), ең ұзағы – 24 сағат 4 
минут  27  секунд  (қараша  айының  аяғы)  болады.  Шамасы  үнемі 
ӛзгеріп  тұратындықтан,  нақты  күндік  тәуліктер  ӛмірде  сирек 
қолданылады.  Халыққа  қолайлы  болуы  үшін  жыл  ішіндегі  нақты 
күндік  тәуліктердің  орташа  мәні,  яғни  арифмет.  ортасы  алынған. 
Бұл  уақыт  орташа  күндік  тәулік  деп  аталады,  ол  24  сағат  асырқа 
тең. Нақты күндік уақыт орташа күндік уақытпен сәйкес келмейді. 
Ол  екеуінің  айырмасы  астрономияда  уақыт  теңдеуі  деп  аталады. 
Уақыт теңдеуінің мәні жыл сайын шығып тұратын арнайы астрон. 
кестелерде  келтіріледі.  Уақыт  теңдеуінің  ӛзі  де  тұрақты  емес, 
сондықтан кестелер жыл сайын қайта жасалады.  
ТЕКТОНИКА (грекше 
tektonіkos 
– құрылыс), геотектоника–
 геологияның Жер  қыртысының  құрылысын,  ондағы  тектоникалық 

құрылымдарды  және  олардың  орналасу,  даму  заңдылықтарын 
зерттейтін  бӛлімі.  Тектониканың  негізін  17  ғасырда  даниялық 
ғалым 
Н.Стенон (1638 
– 
1686) 
қалаған. 
18 
ғасырда 
М.В. Ломоносов пеншотландтық ғалым  Дж. Геттон (1726  –  1797) 
жер  қыртысы  құрылымы  дамуының  алғашқы  кӛтерілу  болжамын 
жасады. 19 ғасырдың басында бұл болжамды Германия ғалымдары 
А.Гумбольдт (1769  –  1859)  пен  Л.Бух (1774  –  1853)  одан  әрі 
дамытты.  19  ғасырдың  ортасында геосинклиналь туралы  ілімнің 
негізі  болып  саналатын  жапсарлық  (контракция)  болжам  (жер 
шарының суынуынан кӛлемі кішірейіп, жер қыртысының қысылуы) 
дүниеге  келді.  Оны французгеологы Эли  де  Бомон (1798  –  1874) 
ұсынған.  Бұл  болжамның  дамуында  үлкен  рӛл  атқарды.  1930 
жылдардың 
басында 
ғалымдар 
бұрынғы КСРО-ның 
ұсақ 
масштабты  тектоникалық  карталарын  жасады.  Терең  жарылыстар 
және  тектоносфераның  жақпарлық  құрылысы  жӛніндегі  теория 
дамыды. Геосинклиналдар мен платформалар туралы 
жаңа 
кӛзқарастар  пайда  болып,  мұхит  түбіне  арнаулы  тектоникалық 
зерттеулер  жүргізілді.  Қазақстан  геологтары  да  бірнеше  дәл 
тектоникалық  карталар  жасап,  терең сейсмикалық қималардың 
кӛмегімен  жер  қыртысының  құрылысы  жӛнінде  деректер  алды. 
Тектоникалық 
құрылым 
және 
тектоникалық 
қозғалыстар 
тектониканың  басты  негіздері  болып  табылады.  Тау  жыныстары 
жатысының 
әр 
тектілігі 
тектоникалық 
құрылымды 
қалыптастырады.  Мұндай  әр  тектілікке  жер  қыртысындағы  және 
одан да тереңдегі тектоникалық қозғалыстар себеп болады. Зерттеу 
әдістерінің  сипатына  қарай  тектоника  бірнеше  салаға  бӛлінеді. 
Морфологиялық  тектоника  немесе  құрылымдық  геология  жер 
қыртысының  тектоникалық  қозғалысы  салдарынан  қалыптасқан 
құрылымдық  пішіндерді  зерттеп,  оларды  жіктеумен  айналысады. 
Тау  жыныстары  қабаттарының  және  олардағы  тектоникалық 
бұзылыстар  қалыптасуының  физикалық  жағдайларын  анықтаумен 
Тектониканың 
геомеханика 
тарауы 
айналысады. 
Аймақтық геотектоника әр  түрлі  тектоникалық  бұзылыстардың 
қазіргі  жер  қыртысындағы  таралуын  зерттеп,  тектоникалық 
карталарда  кӛрсетілетін  жеке  геоқұрылымдық  белдемдерді 
белгілейді. Тарихи геотектоника жер қыртысының тетелес дамуын 
және  осы  дамудың  геологиялық  тарихи  сатылары  мен  кезеңдерін 
анықтайды. Мұның бір тарауы ретінде қазіргі геологиялық дәуірде 
жер  қыртысының  жаңа  тектоникалық  қозғалыстарын  саралайтын 

неотектоника  (ең  жаңа  тектоника)  пәні  оқытылады.  Жалпы 
(теориялық жәнединамикалық) геотектоника геотектониканың 
барлық  салалары  мен  ғылыми  пәндері  арқылы  анықталған 
мәліметтерді  жинақтап,  тектоникалық  қозғалыстардың  уақыт  пен 
кеңістікте 
кӛрініс 
беру 
заңдылықтарын, 
құрылымдар 
қалыптасуының  Тектоникалық  режимін  және  олардың  бір-біріне 
ауысу  (мысалы,  қозғалмалы  белдеудің  платформаға  және 
керісінше)  заңдылықтарын  нақтылап,  Жер  ғаламшары  пайда 
болуының  геологиялық  эволюциясын  түсіндіреді.  Тектоникалық 
бұзылыстар  пайда  болуының  физикалық  себептерін  зерттейтін 
жалпы  Тектониканың  тағы  бір  саласы  –  эксперименттік 
тектонофизика.  Тектоникада  физикалық  әдістер  негізінде  жеке 
құрылымдар  мен  құрылымдық  белдемдердің  моделі  жасалады,  ал 
оның деректері жер қыртысы мен тектоносферадағы құбылыстарды 
түсіндіруге пайдаланылады. Қолданбалы геотектоника іздеу-барлау 
жұмыстарын  дұрыс  бағыттау  үшін  пайдалы  қазындылар 
таралуының 
тектоникалық 
жағдайларға 
байланыстылығын 
анықтайды.  Тектониканың  бірнеше  зерттеу  тәсілдері  бар. 
Құрылымдық  талдау  тәсілі  геологиялық  картаға  түсіру, 
геофизикалық  зерттеу,  т.б.  нәтижелері  бойынша  тау  жыныстары 
қатпарларын, жарылыстарды, магмалық тау жыныстарының жатыс 
жағдайларын зерттей отырып, құрылымдық карталар, қималар, т.б. 
жасау 
арқылы 
белгілі 
аудандағы 
жер 
қыртысы 
деформацияларының механизмін және жеке құрылымдық пішіндер 
қалыптасуының 
тетелестігін, 
сол 
ауданның 
тектоникалық 
құрылысын анықтайды. Салыстырмалы тектоника әдісі бір-бірінен 
алшақ 
орналасқан, 
бірақ 
тектоникалық 
табиғаты 
мен 
құрылымдарының  типі  мейлінше  ұқсас  келген  жер  қыртысы 
бӛліктерінің  құрылымы  мен  даму  ерекшеліктерін  салыстыра  келе 
әрқайсысына тән жалпы заңдылықтарды анықтап, ондағы пайдалы 
қазындылар  болу  ықтималдылығын  болжайды.  Геофизикалық 
әдістер  қазіргі  тектоникалық  қозғалыстарды  байқауға  және 
бұлардың  Жер  шарының  әр  жеріндегі  бағыты  мен  жылдамдығын 
анықтауға мүмкіндік береді. Геоморфологиялық әдістер теңіз, ӛзен 
террассаларының, рельефтің геологиялық кезеңдердегі және қазіргі 
жаңа  тектоникалық  қозғалыстардың  нәтижелерін  саралауға 
негізделген.  Таскелбеттер  (жер  қыртысындағы)  мен  қабат 
қалыңдықтарын  талдау  тәсілі  жеке  құрылымдардың  дамуын  және 
тектоникалық  қозғалыстардың  тарихын  зерттейді.  Кӛлемдік  тәсіл 

таскелбеттер  мен  қабат  қалыңдықтары  картасы  бойынша  жасы, 
типі  әр  түрлі  шӛгінділердің  кӛлемін  анықтау  арқылы  кӛтерілулер 
мен  тӛмендеулердің  шамасын,  уақыт  бірлігі  ішіндегі  дамуын 
анықтауға  мүмкіндік  береді.  Үзілістер  мен  үйлесімсіздіктерді 
талдау  тәсілі  тектоникалық  дамудың  жаңа  сатысы  басталғанға 
дейін  белгілі  ауданның  құрылымын  бейнелейтін  карталарды 
пайдаланып,  зерттелетін  құрылымның  қалыптасу  тарихын 
зерттейді.  Бұлардан  басқа  формацевтикалық,  эксперименттік, 
математикалық  тәсілдер  де  қолданылады.  Тектоника  мәселелері 
Халықаралық геологиялық конгрестің сессияларында талқыланады. 
ТЕКТОНИКАЛЫҚ  КАРТА – жер қыртысының  немесе  оның 
жекелеген  аудандарының  құрылымдық  ерекшеліктері  мен 
белгілі геологиялықуақыт 
шамасындағы 
даму 
жолдарын 
сипаттайтын  арнаулы  карта.  Тектоникалық  карта  тектоникалық 
процестердің табиғатын, туындау және кӛрініс беру ерекшеліктерін 
танып,  білуде  маңызды  рӛл  атқарады. Қазақстанда алғашқы 
тектоникалық  карта  1976  жылы  жасалған.  Тектоникалық  картаны 
жасау  үшін  геологиялық  картадағы  шӛгінділердің   формациялық  
құрамы,  құрылымдар  пішіндерінің  ерекшеліктері,  геологиялық 
қималардың  сипаты,  геофизикалық  зерттеулер  мен  бұрғылау 
жұмыстарының деректері ескеріледі. Тектоникалық карталар ірі үш 
топқа: сұлбалық, байырғы және арнаулы болып  жіктеледі.  Әр  топ 
қамтыған  ауданына  қарай аймақтықжәне жалпы,  мазмұнына 
қарай құрылымдық және тектоникалық болып 
ажыратылады. 
Сұлбалық Тектоникалық карта – қатпаросьтерінің басты бағыттары 
мен  ірі  жарылымдардың  созылу  бағыттарын  кескіндейді.  Байырғы 
Тектоникалық 
карта 
– 
мұндағы 
құрылымдық 
пішіндер стратиграфикалық қиманың 
абсолюттік 
белгілері 
анықталған 
нақтылы 
деңгейлік 
сызықтары 
немесе 
статиграфикалық   кешендер  табанының  жер  бетіне  шығу 
сызықтары,  т.б.  маңызды  рӛл  атқаратын  әр  түрлі  изосызықтарды 
графикті  тұрғыдан  кескіндеу  негізінде  жасалады.  Мұндай 
тектоникалық карталар кез келген тектоникалық құрылымды тиімді 
зерттеудің  негізі  болып  саналатын  тектоникалық  аудандастыру 
шараларын  орындауға  мүмкіндік  береді.  Арнаулы  Тектоникалық 
карта  тектоника  ғылымының  жекеленген  мәселелерін  шешуге 
кӛмектеседі.  Оған  геологиялық  формациялар  картасы,  қатпарлану 
дәуірлері  мен  фазаларының  картасы,  қатпарлық  типтер  картасы, 
т.б. 
жатады. 
Тектоникалық 
карталардың  
масштабтары:  

құрлықтар мен  ірімемлекеттер үшін  –  1:1000000  –  1:2500000, 
жеке аймақтар үшін – 1:2500000 – 1:500000 болып келеді.   
ТЕКТОНИКАЛЫҚ  ҚОЗҒАЛЫСТАР – жер қойнауындағы  әр 
түрлі  процестердің  әсерінен  болатын  механикалық  қозғалыстар 
жиынтығы.  Бұл  қозғалыстардың  басты  себебіне  жер  қойнауынан 
бӛлінетін 
жылу 
ағымдары 
мен 
ғаламшар 
болмысына 
тәнгравитациялық энергия, Күн мен Ай энергиясы, галактикалық эн
ергия,  т.б.  әсерлерді  жатқызуға  болады.  Бұлар  ауырлық  күшінің 
әсері  мен литосфераның астеносферағақатысты  гравитациялық 
тепе-теңдікке  ұмтылуымен  байланысты  болады.  Тектоникалық 
қозғалыстар  бағыт-бағдарына  қарай  жер  қыртысы  мен  бүтін 
литосферадағы геологиялық құрылымдардың  пайда  болу,  даму 
және  тұрақтану  процестерінде  шешуші  рӛл  атқаратын  тік  және 
кӛлбеу  бағытталған  болып  екі  түрге  бӛлінеді.  Сол  себепті 
Тектоникалық  қозғалыстардың  жіктелуі  осы  қозғалыстардың 
геологиялық 
құрылымдарды 
ӛзгертудегі 
рӛлі 
тұрғысынан 
жасалады.  Тектоникалық  қозғалыстар  мынадай  негізгі  түрлерге 
жіктеледі: 

 
орогендік тектоникалық  қозғалыстар  –  таулы  белдеулер  мен 
тау  жүйелерінің  пайда  болуын  қамтамасыз  ететін  қозғалыстар 
жиынтығы.  Мұның  ерекшелігі  ӛзі  қамтыған  аймақтағы  тау 
жыныстарының 
қатқабаттарын 
жаппай деформацияға (қатпарлануға) ұшыратуында; 

 
эпейорогендік тектоникалық  қозғалыстар  –  жай  және  ұзақ 
уақыт  бойында  кӛрініс  бере  отырып,  ірі  аймақтардың  кӛтерілуін 
немесе  ойысуын  қамтамасыз  ететін  қозғалыстар.  Мұндай 
қозғалыстардың кӛрініс беру масштабы мен ауқымы, жылдамдығы 
менамплитудасы әр түрлі және тік бағытталған болып келеді

 
изостатикалық тектоникалық  қозғалыстар  –  литосфераның 
астеносфера 
бетінде 
изостатикалық 
тепе-теңдікте 
болуын 
қамтамасыз  ететін  қозғалысалы  Мұндай  қозғалыстар  кезінде 
литосфера  массасының  шӛгінді  тау  жыныстарының  түзілуі,  тау 
жыныстарының  қатпарлануы,  т.б.  әсерінен  ұлғайған  аймақтары 
тӛмен  қарай  сұғынып,  ал  керісінше  массасының  азайған  жерлері 
жоғары кӛтеріледі; 

 
құрлықтар дрейфі –  тұтас  құрлықтардың  немесе  олардың  ірі 
бӛліктерінің 
кӛлбеу 
бағытта 
мыңдаған 
км 
жылжуымен 
сипатталатын  тектоникалық  қозғалыстартар.  Мұны  астеносфера 
аймағындағы жылу ағымдары тудырады


 
мұхит  түбінің спредингі –  мұхит  түбі  литосферасының  үнемі 
кӛлбеу  бағытта  жылжып,  оны  базальт  жабынымен  жаппай 
кӛмкеретін Тектоникалық қозғалыстар

 
субдукция   еңістік  бойымен  сұғынып  кететін  Тектоникалық 
қозғалыстар;

–  кӛлбеу  бағытта  жылжыған  жұқа  мұхиттық 
литосфераның оған қарсы бағытта жылжыған немесе тыныштықта 
тұрған қалың құр-лықтық литосфераның астына 60 

 
коллизия  –  бір-біріне  қарсы  жылжыған  екі  құрлықтың 
соқтығысуы  нәтижесінде  тау  жүйелері  мен  таулы  белдемдердің 
қалыптасуын қамтамасыз ететін тектоникалық қозғалыстар. 
ТЕМІР ДӘУІРІ – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса 
маңыздыәлеуметтік-экономикалық, 
саяси, 
 демографиялық, 
 технологиялық 
 ӛзгерістерді 
дүниеге  әкелген  жаңа  кезең. 
Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен 
сәйкес  келетін  бұл  кезеңді  ғылым  тарихында  «темір дәуірі»  деген 
тұрақты  атаумен  белгілеуді  алғаш  рет  19  ғ-дың  ортасында  К. 
Томсен  (Дания)  ұсынды.  Біздің  заманымыздан  бұрын  1-
мыңжылдықтың 
басынан 
осы 
заманға 
дейінгі 
кезең 
арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді.  
Ӛндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы 
металмен  байланысты.  Дегенмен, темір ұзақ  уақыт  бойы  аз 
таралған  әрі  қымбат  металл  болып  қала  берді.  Тек  б.з.б.  1-
мыңжылдықта 
ғана темір металлургиясынқолданысқа 
кеңінен 
ендіру  қолға  алынды.  Қазіргі  заманда  да темір еңбек  құралдары 
жасалатын  бірден-бір  маңызды  металл  болып  қалуда,  сондықтан 
қазіргі  дәуір  де темірғасырына  жатады.  Осы  себептен,  тарихи-
археологиялық кезеңдемеде  «ерте  темір  дәуірі»,  одан  кейінгі 
кезеңге  қатысты  «орта  ғасырлар  дәуірі»  деген  атаулар 
қолданылады.  Ерте  темір  дәуірі  біздің  заманымыздан  бұрын  8–7 
ғасырлардан  бастап, ерте  орта  ғасырлар  дәуіріне дейінгі  кезеңді, 
яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды. 
Ерте  Темір  дәуірінде суғармалы  егіншілікке  негізделген  кӛне 
шығыстық  ӛркениет елдерінде (Месопотамия, Алдыңғы Азия, Кіші 
Азия,  Үндіқытай,  Солтүстік  Африка,  тағы  басқа)мемлекеттік 
жүйе  мен  саяси  институттардың   нығаю  үдерістері  жедел 
қарқынмен  дамыды.   Еуропада   Рим,    Грек   ӛркениеттері  
қалыптасып,  латен,  гальштат  сияқты  аса  кӛрнекті  мәдениеттер  
гүлденді.  Мал  шаруашылығының  жаңа  түрлеріне  кӛшу  далалық 
табиғат  жүйесінің  ерекше  жағдайларында  ӛмір  кешкен  қола 

ғасыры   тайпалары экономикасыныңдамуының  нәтижесі  болып 
табылады. 
 Қазақстан аумағында шаруашылықтың бұл 
түрінің 
негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, Беғазы-Дәндібай заманында 
қаланды. 
Ерте Темір дәуірі басталысымен, Еуразиядалаларында ірі тайпалық 
бірлестіктер қалыптасты.  Олардың  мүдделерінің  қақтығысы, 
айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен 
қарым-
қатынастарының  ӛзіндік  түрлері  қоғамның  белгілі  дәрежеде 
әскериленуіне  әкелді.  Үлкен  «патшалық» обалары,  яғни  қайтыс 
болған ауқатты адаммен бірге қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер 
сияқты  ӛзінің  құндылығымен  мәнді  болып  саналатын  бұйымдар 
бірге жерленген күрделі құрылымды іріобалар тұрғызылды. Жалпы 
алғанда,  далалық  белдеуде  ерте  Темір  дәуірінің  соңына  қарай 
қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық үдерістердің  барысы,  саяси 
оқиғалар  мен  ағымдардың  тоғысы  біздің  заманымыз  1-
мыңжылдығының  2-жартысына  қарай  Түркі  әлемінің  түбегейлі 
тарих сахнасына шығуына алып келді. 
ТЕМІРҚАЗЫҚ — Кіші Аюдағы 2-жұлдыздық шамада кӛрінетін 
жарық жұлдыз. Ол дүниенің солт. полюсіне жақын орналасқан. 
Темірқазық – үш жұлдыз. Оның ең жарығы айнымалы жұлдыз деп 
есептеледі. 
ТЕҢІЗ –  мұхит  айдынынан  құрлықпен  немесе  су  асты 
жоталарымен 
бӛлінген 
және 
одан  
гидрологиялық, 
 метеорологиялық, 
климаттық 
режимдерімен 
ерекшеленетін 
дүниежүзілік  мұхит  бӛлігі.  Теңіздің  ашық  мұхиттан  шеткері 
орналасуы  оның  климатына  әсер  етіп,  су  алмасуын  баяулатады. 
Теңіз  құрлықпен  неғұрлым  тұйықтала  түссе,  онда  оның  су 
режиміндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым арта түседі. Теңіз 
деп  шартты  түрде  мұхиттың  ашық  бӛліктері  де  аталады; 
мысалы, Атлант 
мұхитының Саргасс 
теңізі және Үнді 
мұхитының Арабия  теңізі.  Кейбір  кӛлдер  – Каспий, Арал, Ӛлі 
теңіз – теңіз, ал кейбір теңіздер шығанақ (Мексика, Гудзон, Парсы) 
болып  саналады.  Оқшаулануы  мен  гидрологиялық  режимінің 
ерекшеліктеріне  қарай  теңіз  үш  топқа  [ішкі  (жерорталық  теңіздер 
мен  жартылай  тұйық  теңіздер),  шеткі  аралдар  және  аралық 
теңіздер]  бӛлінеді.  Геологиялық  тұрғыдан  теңіз  палеоген-неоген 
және  антропогенде  қалыптасып  біткен.  Неғұрлым  терең  теңіздер 
Жер 
қыртысының 
аумақты 
жарылымдарының 
орнында 
(мысалы, Жерорта  теңізі)  пайда  болады.  Дүниежүзілік  мұхит 

суының құрлықтың жағалық бӛлігін басуынан құрлықтық қайраңда 
шағын теңіздер қалыптасады. Теңіздің құрлықтан қашық не жақын 
жатуы  климатының  континенттілігінің  артуына  немесе  кемуіне 
және  температурасының  маусымдық  ауытқуына  әсер  етеді. 
Географиялық орнына қарай кейбір теңіз суының беткі және терең 
қабаттары  кӛршілес  мұхиттың  ашық  бӛлігіне  қарағанда  жылырақ 
(мысалы,  Қызыл  теңіз),  кейбірі  суығырақ  (мысалы, Охота  теңізі) 
келеді.  Теңіз  суының  тұздылығы  тұщы  судың  кірісі  (ӛзен  ағыны, 
жауын-шашын,  мұздың  еруі)  мен  шығысының  (булану,  мұз 
қалыптасу)  арасындағы  айырмашылыққа  байланысты  ауытқып 
отырады. Балтық теңізінің ашық бӛлігінің тұздылығы – 6,0 – 8,0‰ 
болса, Қызыл  теңізде бұл  кӛрсеткіш  41,5‰-ге  дейін  кӛтеріледі. 
Теңізде  температура  мен  тұздылық  кӛрсеткіштерінің  шеткі 
мӛлшерлері  таралуына  орай  суының  тығыздығы  да  дүниежүзілік 
мұхит 
үшін 
шеткі 
мағыналы 
кӛрсеткішке 
ие 
болады. 
Мысалы, Балтық  теңізінің г/см3-ге  тең.  Мұхиттың  ашық  бӛлігінен 
теңіз суы тығыздығының ӛзгешелігі – буының маусымдық ауытқып 
отыруында.  Мұз  қабаты  негізінен  полюстік  және  қоңыржай  ендік 
теңіздерінде  ғана  қалыптасады.  Теңіздің  органикалық  дүниесі 
мұхиттың  ашық  бӛлігіндегі  органикалық  дүниеге  қарағанда  бай 
және  кӛбіне  ӛзіндік  түрлер  (эндемиктер)  басым  тараған.  г/см3-ге 
тең болса, Қызыл теңізде 1,0287 тығыздығы 1,01 
Теңіз  кеңістігін  және  Дүниежүзілік  Мұхитты  пайдалану  құқығын 
реттеу,  оның  байлықтарын  пайдалану   халықаралық   құқық  
нормасының  күрделі  жүйесімен  және  жеке  мемлекеттердің 
заңдарымен  анықталады.  Оны  реттеу  үшін  1958  жылы 
халықаралық   теңіздік   құқық  кодификациясы   ӛткізіліп,  Женева  
конвенциясы  қабылданды.  Ол  бойынша  ашық теңіз суы  барлық  
мемлекеттерге ортақ  және  ешбір  мемлекет Мҧхит бӛліктерін  ӛз 
биліктеріне  бағындыруға  құқығы  жоқ;  ашық  теңізде  әрбір 
мемлекеттің  кеме  қатынасына, балық аулауға  еркі  бар. Ядролық 
қару-жарақты сынау, 
Дүниежүзілік 
Мұхиттың 
ластануын 
болдырмау  туралы,  аумақтық  теңізге  және  континенттік  қайраңға 
шек  қою,  т.б.  мәселелерге  тыйым  салатын  кӛптеген  халықаралық 
келісімдер  бар.  Теңіз  құқығы  бойынша  1982  жылы  қабылданған 
―Теңіздер  хартиясы‖  аталатын  Бӛӛ  Конвенциясы  жағалаудан 
бастап, 200 теңіз милін құрайтын  экономикалық аймақты белгіледі
жағалаулық  мемлекеттер  де  соның  шегінде   биологиялық   және 
 минералдық   шикізат қорларын  пайдалануға    құқылы.  Аумақтық 

теңіз  жағалауындағы  мемлекеттер  ғылыми  зерттеу  мәселелерін  ӛз 
қалаулары  бойынша  шешеді.  Шетелдік кемелерконтиненттік 
қайраңда  және  түбінде  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  үшін 
жағалаудағы  мемлекеттердің  келісімін  алуы  керек.  Дүниежүзілік 
Мұхит  байлықтарын  игеру  маңызды  ғаламдық  мәселенің  бірі 
саналады.  Бұл  оның планетадағы температураны реттейтін,  оттекті 
бӛліп  шығаратын  қасиетіне  байланысты.  Мұхитты  игеру 
минералдық, 
биологиялық,  
энергетикалық, 
 кӛліктік,  
рекреакциялық,   экологиялық,  ғылыми  -  танымдық  бағыттарда 
жүзеге    асырылады.  ҰТР-ның  табыстары  Мұхитғы мұнай мен 
газды,  темір-марганец  конкрецияларын  ӛндіруді  одан  әрі  арттыру, 
теңіз  суынан  сутегі  изотопын  –  дейтерийді  шығару,  теңіз  сулары 
энергиясын  электр энергиясынаайналдыратын  алып  электр  ст-
ларын  салу,  теңіз  суын  тұщыту,  оның  түбімен  кабельді  желілер 
тӛсеу  үшін  болашаққа  кең  жол  ашады.  Кӛптеген  елдерде 
(Франция, Норвегия, Ресей) 
Мұхит 
суының 
тасқынын 
пайдаланатын  электр  станциялары  жұмыс  істейді.  Мұхит 
жолдарына  бүкіл  дүние  жүзінде  сумен  тасымалданатын  жүктің 
80%-ы келеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет