Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата28.01.2017
өлшемі10,9 Mb.
#2870
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

Қаздан РАХМЕТОЛЛАоралман:

– Қазір мұнда 130 оралман отбасы 

қоныстанды. Бірақ бәрінің баспана «ау руы» 

мен жұмыс табу мәселесі жандарына батып 

отыр. Кейбірі жұмыс іздеп Өскемен мен 

Астанаға кетті. Үйдің жайы туралы біз түсіне 

алмайтын жайлар көп. Банк тиесілі үйдің 50 

пайызын құюың керек дейді. Онысы – 1,5 

млн теңге. Егер ондай ақшамыз болып 

тұрса, біздің Курчатовқа келіп неміз бар?! 

Мемлекет бекіткен10 пайыздық баға қай-

да? Қалалық әкімдік табалдырығын тозды-

рып, әкім қабылдауында да болдық. Аудар-

машы арқылы жылы сөйлеп шығарып 

са лады, ал жағдай өзгермейді. Біздің жай-

ды толық түсінбейтін сияқты. О баста 230 

отбасыға жоспарланған үйлер неге сатылып 

кетті? «Мерзімнен кешіктіңіздер» дейді. Егер 

бір жарым жыл ішінде бәрін қоныс аударту 

мүмкін емес болса, «Нұрлы көшті» несіне 

екі жылдық мерзімге сәй кестендіріп қа-

былдады? Қабылдауға дайын емес екен-

діктерін біле тұра, онысын «жо ғары жақтан» 

неге жасырып қалды?Енді мұнда келіп 

үлгерген 130 отбасының жағ дайы осындай 

болып отырған соң, Қытайдағы басқа 

ағайын дар сол жақта қалғанды жөн көріп 

отыр. 

О баста 2009-2011 жылдардың ара лы-

 ғына жоспарланған «Нұрлы көштің» негізгі 

жұмыстарының өзі 2010 жылдан бастап 

жүзеге аса бастауы тиіс болатын. Яғни бір 

жыл ішінде оралмандарды түгел 

дей 

орналастырып, бәрін жұмыспен қамту 



мүмкін емес екені белгілі. Әрі олардың бәрі 

де бір жыл ішінде төрт көзі түгел келе қоюы 

да неғайбыл еді. Жұмыстың жүйелі 

жүргізілмеуі салдарынан келгендерінің өзі 

«кеш келді» деген сылтаудың салдарынан 

түбі жоқ түсініксіздікке тап болып отыр-

ғанда, басқа қандастардың келу жайын 

айт пай-ақ қоялық. Біз анықтаған дерек 

бойын ша, оралмандар о баста берілген 

баспана құнының 5 пайызын құюы тиіс 

болған. Ал Руслан есімді азаматтың ай-

туынша, «Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі» 

50 пайызын аударуды сұраған. 

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ

Елена СТАРЕНКОВА, 

Курчатов қаласы әкімінің орынбасары:

– Қалаға келген адамдар тұрғын үй 

қатынастары туралы заң бойынша, 

пәтер кезегіне тұрады. Сәйкесінше, 

кешірек келген оралмандар соны кү-

тулері тиіс.

Негізінде, оралмандарды «Нұрлы көш» 

аясында пәтерлерге орналастыру әлде-

қашан аяқталған. Ал «шулап» жүргендер-

дің кейбірі кеш келіп, үйден құр қалғандар. 

Әкім орынбасарының сөзіне зер салып 

отырсаңыз, жауабы жоқ тағы бір сауал көл-

денеңдейді: «Оралмандарға қарас 

ты-

рылған пәтерлердің өзгелерге сатылуы қан-



ша лықты қисынды?» Старенко ханым ның 

сөзіне сүйенсек, кешірек келген қан дас-

тарымыз енді тұрғын үй қатынас тары заңы 

бойынша пәтер кезегіне тұрады. 

Енді «Нұрлы көште» қарастырылған 

республика аумағындағы тұрғын үйлердің 

берілу жайына зер салайық:

«Бағдарлама шеңберінде жалпы құны 

2,6 млрд теңгеден астам сомаға салынған 

3223 пәтердің 622 пәтеріне халық мүлде 

қоныстанбаса, ал Ақмола облысындағы 

Красный Яр ауылында 138 пәтерлік екі 

тұрғын үй төменгі сапамен салынған. Бос 

тұрған құны 51,6 млн теңгелік 18 пәтер 

тұруға жарамсыз, жөндеу жұмыстарын қа-

жет етеді. Солтүстік Қазақстан облы сында  

құны 42,0 млн теңгеден астам со маны құ-

райтын 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқтал-

май қалған. 

Шығыс Қазақстан облысында бұл бағ-

дарлама бойынша, 403 пәтер салынған. 

Мұның 200-і – Курчатов қаласында. Өске-

мен қаласы маңында Ертістің сол жаға-

лауын да 110 га аумақта 7000 үй салу көз-

деліп отыр.

Тоқетерін айтқанда, алғашында шет 

жұрттағы ағайындарымызды елге ша қы-

рып, құшақ жая қарсы алатындай ниет пен 

қабылданған «Нұрлы көштің» Кур чатовтағы 

жағдайы «Әжептәуір ән еді, пұшық шіркін 

қор қылдының» керін кел тіріп отыр. Бір 

жағынан қала басшылығына халықтың 

 

жанын ұғатын басшы келмей, қайда бара-



рын білмеген қандас тарымызды сабырға 

шақыру қисынсыз күйде қала беретін түрі 

бар. Қылышын сүйреткен қыс таяған сайын 

тынышы кеткен ағайындар үшін ендігі 

барар жер, басар тау біреу-ақ: шекара асып 

келген жағы – Қытайға қайта көшу. Ал оған 

жол беру – билікке де, елдікке де 

жараспайтынын айтпасақ та болады. 



Қайсар ҚАМБАР,

Шығыс Қазақстан облысы

Адам жылусыз, жарықсыз өмір сүруі 

мүмкін, бірақ сусыз көп жүре алмайды. 

Сондықтан да су стратегиялық маңызға ие. 

Алайда Қазақстанда стратегиялық ма-

ңызды су шаруашылықтары шаш етектен 

қарызға батып, материалдық-техникалық 

жабдықталуы сын көтермейтіндей халде. 

Ерке Есілдің жағасында орналасқан 

Қызылжар қаласы да бір күнде су тап-

шылығына ұрынуы мүмкін. Жыл сайын қыс 

жақындағанда қаладағы су құбырларының 

мүшкіл жағдайына байланысты өтетін 

жиналыстар саны көбейеді. Бірақ нәтиже 

шамалы. Ұзындығы 308 шақырым ауызсу 

тарату құбыры және 240 шақырым кәріздік 

желі бар. Кеңес үкіметі тұсында тартылған 

сол темір құбырлардың 70 пайызының 

пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. 

Кәсіпорын жылына шамамен 20-25 

шақырымын ғана ауыстыруға қауқарлы. 

Техника мен адам күшінің көбі сәт сайын 

жарылатын ескі желіні жамап-жасқауға 

жұмсалатыны жасырын емес. 



Марат МҰСТАФИН,  Солтүстік Қазақ-

стан облысы бойынша табиғи монопо лия-

ларды реттеу департаментінің ди рек торы:

– Елбасы ауызсуды үнемдеп пайдалану 

міндетін қойды. Алдымен су шаруашы-

лықтарының жағдайын жақсартуымыз 

керек. Қазақстандағы бұл саладағы кәсіп-

орындардың пайдамен жұмыс істеп жат-

қаны жоқ. Бәрі жылды шығынмен жа бады. 

Петропавлда да сондай жағдай. Былтырғы 

жылды 150 миллион қарызбен аяқтаса, 

қазір 75 миллион қарыз. Кәсіп орынның 

электр қуаты үшін берешегі өте көп. Өтей 

алмай отыр, ал энергетиктер стратегиялық 

нысанды қуаттан ажырата алмайды. Үкімет 

заңға өзгерістер даярлап жатыр. Біз де өз 

ұсыныстарымызды жаса 

дық. Қазіргі 

қолданыстағы тариф терде технологияны 

жаңартуға және қызмет сапасын арттыруға 

бағытталған кешендік жетілдіру жұмыс-

тарын жүргізуге кететін шығындар ес-

керілмеген. Сондықтан желі лерді жаңар-

туға да қаржы тарифке ен гізілуі керек. 

Су кәсіпорындары жұмысының шабан-

дығы маман тапшылығымен де байла-

нысты екен. Мардымсыз жалақы маман 

тұрақтатпайтын көрінеді. Жақында ғана 

атауын ауыстырып, «Петропавл су» акцио-

нерлік қоғамынан «Қызылжар су» жауап-

кер 


шілігі шектеулі серіктестігі атанған 

кәсіпорында бір жыл ішінде 380 адам 

ауысқан. Орташа 33 мың жалақы төлейтін 

кәсіпорында маман тапшы. Серіктестік 

басшысы Аслан Сатин: «Жалақыны екі 

есеге арттырып, облыстық орташа жала-

қыға жақындатқанда ғана жағдай оңа-

лады», – дейді. 

Әйтсе де, қазақ қоғамы үнемдеуге үй-

ре не алар емес. Су кәсіпорындарының өзі 

ысырапшылдыққа жол беріп жатқанда, 

тұтынушылардан талап етудің жөні жоқ. 

Еліміз бойынша су тарифтерінде орташа 

нормативтік техникалық шығындар 30-35 

пайыз деп көрсетілген. Яғни орта жолда 

ағып кеткен ауызсу үшін де тұтынушылар 

ақы төлейді. «Бұл тарифте көрсетілгені ға-

на, ал нақты шығын бұдан әлдеқайда көп» 

дейді табиғи монополияларды реттеу 

департаментінің мамандары. 

Ауызсуды көп ысырап етушілер – 

кәсіпкерлер. Өйткені Қызылжар сияқты 

қалаларда техникалық су деген атымен 

жоқ. Сондықтан кәсіпкерлер автокөлік 

жуу ға, моншалар мен сауналарда ауыз-

суды пайдаланады.

Бұл бей-берекетсіздікке жол бермеу 

керектігін қалалық мәслихат депутаттары 

да қолдап отыр. Сараланған тариф енгізу 

арқылы ысырапшылықты сәл де болса 

ауыздықтауға болатын сияқты. Яғни жеке 

азаматтар мен заңды тұлғаларға және 

қолдану мөлшеріне байланысты әртүрлі 

тарифтер енгізуді тездету қажет. 



Александр КАЗАНЦЕВ, 

қалалық мәслихат депутаты:

– ТМД елдерінің ішінде ең арзан 

судың бағасы Қазақстанда екен. 

Мүмкін, осыдан болар су шаруашы-

лықтары шаш етектен шығынға батуда. 

Инвестициялық бағдар 

ламалар 

жасауға қаржы жоқ. Сондықтан су 

желілерін тезірек жаңартуға мемлекет 

қолдау көрсету қажет. Құбырларды 

түгел жаңартқанда ғана біз мақсатсыз 

шығын 

дарды азайтамыз, ысырапқа 

жол бер 

мейміз. Желілерді жаңарту 

арқылы судың өзіндік құнын да тө-

мендетуге болады. 

Судың құны демекші, Қазақстанның әр 

өңірінде ол әртүрлі бағаланады. Еліміздің 

ауылды жерлерінде ұзын саны 200-дей су 

каналы қызмет көрсетеді екен. Оларда 

тариф әртүрлі, кейбірінде 1 текше метр 

судың бағасы 1000 теңге болса, екіншісін-

де – 200 теңге. Сондықтан тариф белгілеу 

саясатына да бірізділік қажет. Ал артық 

төлемеудің бір жолы – есептегіш құралда-

рын орнату. Қызылжар тұрғындарының 81 

пайызында мұндай құрал бар екен. Ал 

есептегіш қоюға асықпай, адам басына 

төлеп отырғандар – саунасы мен бассейні 

бар екі-үш қабатты коттедждерде тұратын-

дар. 


Ғалымдардың зерттеуінше, Қазақстан-

дағы су қоры жыл өткен сайын азайып 

келеді. Бұған күннің жылынуы мен жауын-

шашын мөлшерінің азаюы себеп. Алдағы 

20 жылда су тапшылығы нақты байқалады 

деген пікірлер де әр жерден айтылып 

қалып жүр. Сондықтан қазақ елі үнемшілік-

ке қазірден үйрене бергені жөн шығар. 



Қызылжар

 

Балабақша мұғаліміне жалақы қалай есептелінеді?



Мерзімдік жұмысқа келісімшарт 

жасаудың тәртібі қандай?



Мен жақында құрылыс фирмасына кадрлар бөлімінің маманы болып жұмысқа орналасқан  

едім. Енді жұмысшылармен еңбек келісімшартын жасау керек. Аталмыш құрылыс мекемесі екі 

нысанның тендерін жеңіп алған. Бірінші нысан – алты айда, ал екінші нысан бір жарым жылда 

аяқталуы керек. Осы орайда менің білгім келгені, жұмысшылармен еңбек келісімшарты бір 

жылға жасала ма, әлде жұмыстың аяқталу мерзіміне орай жасала ма? 

Майгүл БЕКТҰРОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты 

әлеу меттік қорғау министрлігінің са рапшы маманы 

берген мәліметке қара ғанда, Қазақстан Республи-

касы Еңбек ко дексінің 29-б.  1-т.  3-т. сәйкес,  еңбек 

шар ты  белгілі бір жұ мыстың орындалу уақытына 

жасалады.

Мұндай еңбек шартының түрі  атқа 

рылатын 

жұмыс тұрақты емес болған жағ дайда  және  оны 

орындау үшін  мекеме нің штатына  лауа зымдық  

бірлікті енгізу  қажет болмаған жағ дайда  жа-

салады.

Демек, аталған жұмыстар осы сипаттарға сай 



болса, жұмыскерлермен  осындай еңбек шартын 

жасауға болады.



Мен балабақшада компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәні мұғалімі болып қызмет 

етемін. Апталық жүктеме – 24 сағат. Маған еңбекақы қалай төленуі тиіс? 

Алмагүл ДАСТАНОВА, Алматы облысы

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу 

басқармасының сарапшы маманы ның мәлі метін-

ше, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет 

қаражаты есебінен ұсталатын ұйым 

дардың 

қызметкерлеріне, қазыналық кәсіп 



орындардың 

қызмет керлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқ 

сандағы 


№1400 қаулысымен реттеледі.

Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйымдар 

қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ЛЖ) 

атқаратын лауазым дарының лауазымдар санат-

тарына жатқызылуына және мамандығы бойынша 

жұмыс өтіліне, тағайын далған біліктілік разряд-

тарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық 

жа 


лақыларын есептеу үшін бекітілген тиісті 

коэффи 


циенттерді Қазақстан Республи 

касының 


Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақы-

ның (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқын-

далады.

Қаулымен бекітілген Азаматтық қызмет шілер-



дің санаттар бойынша лауазымдарының тізіліміне 

сәйкес біліктілігі жоғары деңгейдегі мұғалімдерге 

еңбекақы төлеу – G-9, біліктілігі орта деңгейдегі 

Ауызсудың тапшылығы 

жаһандық мәселеге 

айналғалы қашан? Бірақ 

қазақ судың да сұрауы 

боларын ұқпағанға ұқсайды. 

Кейбір елдердің таңдайы 

кеуіп отырса, қазақ жұрты 

ысырап шылдыққа  жол 

беруде. Құбырлардың 

ескілігінен қалаларға жібе-

рілетін тазартылған судың 

орташа есеппен 30-35 

пайызы далаға кетеді екен. 

Көптеген шаһарда 

техникалық су атымен жоқ, 

сондықтан көлік жууға да, 

монша-сауналарға да ауызсу 

аяусыз пайдаланылып келеді. 

Абай ОМАРОВ (коллаж)

мұғалімдерге G-11 санаты бойынша жүргізіледі.

Бүгінде БЛЖ мөлшері 17 697 теңгені құрайды.

Лауазымдық жалақыны есептеуде қолда-

нылатын коэффициенттер қаулыға 2-қосым шада 

бекітілген.

Білім саласы қызметкерлерінің еңбек жағ-

дайлары үшін төленетін қосымша ақы мен 

үстемеақылар – қаулыға 4-қосымшада, ал 

санаты үшін қосымша ақы 19-қосымшада 

қарастырылған.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыланды-

рылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының 

қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесі ҚР 

білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 

қаң тардағы №40 бұйрығымен бекітілген.

Курчатов қаласына ата-

жұртын аңсап жеткен ағайын-

дар тағдыр талайына жазыл-

ған тағы бір кедергіге тап 

болып, пұшайман халге түсіп 

отыр. Орындалу мерзімі 

2009-2011 жылдарға арнал-

ған «Нұрлы көш» бағдарла-

масы бойынша көшіп келген 

оралмандардың орналасқан 

баспаналары енді басқанікі 

болатын сыңайлы. Яғни 

жер гілікті  басшылықтың 

берген үйін біртіндеп өз 

меншігіне айналдыру қиялда 

тұрғаны өз алдына, ондағы 

коммуналдық төлемдерді дер 

кезінде төлеп отыруға шамасы 

келетін табысы тәуір жұмыс 

табудың өзі оңай болмай тұр. 

Бір сөзбен айтқанда, 

Курчатовтағы қандастары-

мыз дың хал-күйі тап қазір 

«бәлен жерде алтын бар, 

барсам бақыр да жоқтың» 

кебінде. 

Тарифтерді тежемейінше, Кеден 

одағында бәсекеге түсе аламыз ба?

Тәртіп сақшылары таяқ жеуде

МӘСЕЛЕ


ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ

Жылу беру маусымы басталған тұста, 

жылу құнын шырқыратып көтермеген 

монополист кемде-кем. Жұрттың көзі 

ашық. Құлағы түрік. Естіп жатыр. Алматыда 

– электр, Астанада – су, Семейде – жылу, 

Оралда ауызсудың құны көтерілді. Қара-

ған дының монополистері де қарап қалған 

жоқ. «ҚарағандыЖылуЖабдықтау» ЖШС 

беретін жылуының құны да қазан туысымен 

қалпағын теріс киіп, 10 пайызға көтерілді. 

Бұған дейін 77 теңге 10 тиын болса, енді 

84 теңге 81 тиынды құрап, шырт-шырт 

түкіріп шыға келген. Тап кеше ғаламторда 

Жезқазғанда электр энергиясы ның құны 

өскенін өксіп айтқан ақпарат та жүр. Онда 

бірінші қазаннан бастап, кВт/сағатына 

11,92 теңгені құрайды дейді. Қараған-

дылықтардың да мазасы кеткелі біраз. 

Жылу көтерілді. Енді жалғанның жарығына 

ие «ҚарағандыЖарық» ЖШС-і қашан жарқ 

еткізер екен көзімізді жаңа тарифпен деп. 

Бейресми деректер 1991-2011 жылдар 

аралығында Қарағандыда орташа жалақы 

234 есе, коммуналдық қызметтердің 

бағасы 1200 есе өскендігін айтады. 

Осыдан-ақ өзіңіз есептей беріңіз. «Тек!» 

дегенді білмейтін, тежегіші істен шыққан 

тарифтердің хал-жайын. 

Жарыққа ие монополистер тап бір 

өздері жер астынан электр қуатын қазып 

алғандай, делдалдық қызметтерінің құнын 

көтерумен күн көріп отыр. Монополистер 

желілердің, құбырлардың тозығы жеткенін, 

Кеңес одағынан қалғанын айтудан әрі 

аспайды. Кеңес одағы құлағалы, келмеске 

кеткелі жиырма жыл. «Елу жылда – ел 

жаңа» болса, жиырма жылда желі неғып 

жаңармайды?

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 

осыдан бір-екі жыл бұрын «Осыдан 10-15 

жыл бұрын жекеменшік инвесторлар 

еліміздегі жылу, электр орталықтарын, бу 

қазандарын және басқа нысандарды 

меншікке алды. Жасалған келісімшарт-

тарда олар бұл нысандарға инвестиция 

құйып, күрделі жөндеуден өткізуге, да-

мытуға міндеттенген.  Ал іс жүзінде олар 

бұл нысандарға көк тиын да салған жоқ. 

Жылу өндіруші, энергия өндіруші инвес-

торлар жасалған келісімшарттарды 

орындамады. Сондықтан бұл салада нақты 

тексерістер жүргізіп, жылу және электр 

өндірушілерді тариф есебінен ғана емес, 

несиелер алып, өндірісті дамытуға мін-

деттеу қажет» деп атап көрсеткені аян. 

Содан кейін Ұлттық қордан қаржы бөлініп, 

коммуналдық жүйелер, су, жылу құбыр-

лары, электр тарату желілері жаңартылды. 

Мемлекет есебінен жеке инвесторлар 

шығыны жабылды. Бірқатар проблемалар 

шешілді. Десек те, тариф арқылы кеткен 

шығынның құнын халықтан өндіріп алудан 

әлі танған жоқ. 

Баршаға белгілі, биылғы жылдың 

сәуірінен бастап, электр энергиясына 

сараланған тарифтің үшінші деңгейі 

енгізілді. Бұл электр энергиясын азғантай 

тұтынатын халық үшін пайдалы деген еді 

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі. 

«Электр энергиясын шамалы тұтынатын 

халықтың әлсіз тобынан ауыртпалықты 

алып тастау  үшін жасалды», – деген 

болатын агенттік сол кезде. Мұнда айына 

бір адамға 150-170 кВт/сағ. белгіленеді. 

Мұндай тарифтің «ноу-хауы» тұтынушылар 

электр энергиясын үнемдеп,  энергияны 

жоғары дәрежеде қолданатын дар (олар-

дың үлесі 10-15 пайыз көрінеді) белгі-

ленген көлемнен асыра пайдаланғаны 

үшін аса жоғары тарифпен ақы төлемек. Аз 

жұмсап, көп төлейтін халық үшін пайдалы 

секілді, әрине. Бірақ оның пайдасын 

көреміз дегенше, халықты монополистер 

де қанап болатын түрі бар. Өйткені олар 

бәсекелессіз – жарым патшаның күйін 

кешіп жүр.

Жомарт АЛДОҢҒАРОВ, 

«Атамекен» одағының кеңесшісі, Еуразия 

кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы: 

– Коммуналдық қызметке тарифтер 

көтерілгенде бізді, кәсіпкерлерді, не 

алаңдатады? Өздеріңіз білесіздер, бізде 

Кедендік одақ құрылды. Демек, осы 

Кедендік одақ аясында елімізде шыға-

рылатын өнім одақтағы елдердің тауар-

ларымен бәсекеге түсе алатындай 

болуы тиіс. Мәселен, айталық, бізде 

шығарылатын компьютерлік үстел 15 

доллар тұрса, ол Ресейде 13 доллар 

дейік. Ал ол елімізде электр энер-

гиясына тариф өскен жағдайда, электр 

тарифі жаңағы тауардың да құнына да 

әсер етеді. Сонда тауар қымбатқа 

түседі. Ресеймен бәсекелес бола алмай 

қалады. Бұл – бір ғана мысал. Дәл 

осындай мысалды азық-түлік те, кез 

келген тауар өндіруде де айтуға болады. 

Ал бүгінде әкімдіктер қолданып отыр-

ған азық-түлік бағасын күштеп ұстап 

тұру – халыққа көмек емес. Жасанды 

бағаны ұстауы – таза кеңестік, «әкім-

шілік» әдіс. Бұл – кешегі күн. (Ал кеңес 

кезінде жекеменшікті жоққа шығарды. 

Сөйте тұра, кеңестік тәсіл-нарықтық 

қатынаста қалай қол 

данылады?) 

Бағаны нарықтың өзі тағайындауы 

керек. Оны күштеп ұстағанымен, ол 

бәрібір көтеріледі. Ал коммуналдық 

төлемдердегі жүген 

сіздікті тыю үшін 

оған бәсекелес болатын өзге де тап 

сондай кәсіп 

орындар болуы қажет. 

Сонда ғана бұл бей-берекеттік жойы-

лады. Шетелде бір істе ондаған бәсеке-

лес бар. Сол себепті оларда баға тұ-

рақты. Бізде олай емес. Стратегиялық 

маңызы бар салаларға бір-бір ұйым 

ғана ие. Сон дықтан да олар – моно-

полист. Ойларына келгенін жасап отыр. 

Осының барлығын саралайтын әкімдер 

менеджер болуы тиіс. Бүгінде әкімнің екі 

түрі бар. Бірі – Астанаға ауысуды ойлайтын 

әкімдер, екіншісі – зейнетақыға жеткенше 

ілдалдап жүре тұруды көздейтіндер. 



Қарағанды

Соңғы екі оқиға бір күнде тіркелді. 

Жуырда Петропавл қалалық ІІБ 1-ші поли-

ция бекетінің қызметкері полиция лейте-

нанты Виталий Подчернин троллейбустың 

ішінде-ақ соққыға жығылған. Кешкі се-

гіздер шамасында кезекшілікке бара 

жатқан тәртіп сақшысының жанына 42 

жастағы маскүнем келіп тәртіп сақшысын 

балағаттап, ар-намысына тиетіндей сөздер 

айтқан. Полиция лейтенанты жолаушыға 

ауызша ескерту жасағанымен одан еш 

нәтиже болмаған. Онымен қоймай бір-

неше рет жұдырық та жұмсап үлгереді. Бұл 

оқиғаның куәгерлері – троллейбус кон-

дукторы мен жолаушылар мас азаматты 

әзер дегенде айырып алған. Бұнымен 

қоймаған ол араша түскен жігіттерге қол 

жұмсап үлгерген. Жанжал көмекке патруль-

дік полиция қызметкерлері келген де ғана 

тоқтаған. Медициналық тексеріс жанжал 

шығарушы жігіттің мас болғанын анық-

тады. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 

321-бабы, яғни билік өкіліне қол жұм-

сағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. 

Тағы бір оқиға дәл осы күні Есіл ау-

данында орын алды. Кешкі тоғыз 

шамасында учаскелік инспектор полиция 

капитаны Б.Қалықовқа Заградовка село-

сының 55 жасар тұрғыны хабарласып, 

қызы мен күйеубаласы ішімдікке тойып 

алып,  үйдің терезесін шаққаны жөнінде 

хабар 

лаған. Шақырған жерге жедел 



жеткен тәртіп сақшысын балағаттап, 

 

екеулеп жабыла кетеді. Әйелі үйден пышақ 



алып жүгірсе, күйеуі тәртіп сақшысын 

соққының астына алады. Соңында полицей 

мойнынан жарақат алады. Бұл хабарды 

естіген көрші округтің учаскелік инспек-

торларының оқиға орнына жедел жетуінің 

арқасында қана әріптестерін ажал аузынан 

құтқарып ала алған. Қазір осы іс бойынша 

да қылмыстық іс қозғалып, тергеу 

амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бұл полицейлерге қызмет барысында 

жасалып отырған алғашқы шабуыл емес. 

Тек биылғы жылдың басынан бері ғана 

билік өкіліне күш көрсету бойынша 11 

қылмыстық іс қозғалып, 15 адам жауапқа 

тартылса, олардың 10-ы қамауға алынған. 

бес іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа 

жөнелтілген екен. 

                    




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет