ИНДЕКС: 64470
11 тамыз 2016 ж | № 13 (163)
«Республикалық 45minut.kz газеті»
Ұстаздардың сабақтары мен тәжірибелік
жұмыстарын БАҚ және Интернетте
жариялауға арналған.
Жарияланған сабақтар категория үшін құжат
болып есептеледі. Сертификат беріледі.
Сонымен қатар оқушылардың ғылыми жұмыстары
мен ата-аналарға арналған мақалалар, жаңалықтар
мен ғылыми, танымдық, білім беретін,
жарнамалық мағлұматтар жарияланады.
Республикалық 45minut.kz сайтының басылымы
-------------------------------------------------------------
«Республиканская газета 45minut.kz» публикует
уроки и практические занятие учителей в СМИ и
Интернете.
Публикованные уроки зачитываються при
получении категории. Выдается сертификат.
А также публикуются научные работы учеников и
материалы для родителей, новости и информация
научного, образовательного, позновательного,
рекламного направления.
Издание Республиканского сайта 45minut.kz
Подписка в «Республиканскую газету 45minut.kz»
проводится во всех отделениях АО «КазПочта
Құрметті Ұстаздар! Көпшілікке қызмет
етуші ұжымдар бір жылдық қызметтің
қорытындысын
жасайды.
Жылдық
қорытындыда белгілі мерзімде үздік болып
танылған
қызметкерлерді
марапаттау
жүргізіледі. Бұл марапаттау ұжым мен
көпшіліктің ризашылығынан туындаған
алғыс білдірудің нышаны және қызметкердің
кәсіби шеберлігіне тәнті болудың белгісі.
Әрине көпшілік марапатына ие болу мен
сол марапатқа лайық деп танылудың өзі
қызметкер үшін ерекше шабыт сыйлайды.
Атқарылған қызметінің рухани бағасын
сезініп, кәсіби деңгейін биіктетеді.
Әрбір мекеменің өз дәрежесі мен қызмет
саласына сай марапаттау жүргізуі
өмірлік талап. Республикалық 45minut.
kz, bilimnur.kz басылымдары ұстаздарға
қызмет ететін редакция және ұстаздарды
БАҚ бағытындағы шығармашылық
еңбектерін бағалай алады.
Ұстаздардың кәсіби және ұстаздық
қызметін бағалау ҚР БҒМ және білім
бөлімдерінің еншісінде.
Редакция тарапынан марапаттау үшін
арнайы төсбелгілер әзірленді.
Әрбір төсбелгі реттік нөмірі,
куәлігімен бекітіледі.
Резюме: Білім бөлімдері,
білім мекемелері және
ұстаз әріптестері
тарапынан
редакцияға ұсыныс жасау
арқылы марапаттауға
ұсынылған ұстаздар
марапатталады.
Шарты: Білім бөлімдері,
білім мекемелері және
ұстаз әріптестері
тарапынан
редакцияға ұсыныс жасау
арқылы талапкерлер тізімі жасақталады.
Талапкерлер тізімі нақтыланып, марапаттау
тізіміне енгізіледі.
Құжаттар тізімі:
•Талапкерді марапаттау туралы ұсыныс
•Талапкер туралы мінездеме
•Талапкердің
жылдық
есеп
жұмысы
презентация слайд.
----------------------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –11 тамыз 2016 ж | № 13 (163)
2
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА БАУЛУ
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы Ақсукент ауылы
Бабыр атындағы №7 ЖОМ бастауыш сынып
II деңгей мұғалімі Есмаханова Гульмира
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды даму
кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы, жеке
тұлғаның дамып қалыптасуында олардың білімге
деген қызығушылығы мен ынтасына байланысты.
Оқушылардың білімге деген қызығушылығы
мен ынтасы негізінде танымдық белсенділігі
қалыптасады. Оқыту барысында оқушылардың іс-
әрекетінде танымдық белсенділікті арттыру,олардың
шығармашылық әрекеттерінің нәтіжесінде біліктілікке
қол жеткізу- бүгінгі оқу үрдісінің негізгі мақсаттарының
бірі.
Шығармашылық сөзінің төркіні-«шығару», «іздену»,
«ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Демек бұрын
тәжірбеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке
қол жеткізу деген сөз.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық
деген қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар,
жоғары саладағы жаңалық ашатын іс-әрекетті деп
тұжырымдалады. Л.С. Выготский «Шығармашылық»
деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекетті атаған. Ал
шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н.
Понамарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды.
Өйткені әрбір жаңалық, әсресе , интеллектуалдық
тұрғыдан, баланы жақсы техникалық санаға
көтереді. Психологтардың зерттеу бойынша, әрбір
жаста шығармашылыққа, тіл мәдениетіне баулуға
өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар
екен. Ізденімпаздық― шығармашылыққа апаратын
бірден-бір жол. Шығармашыл тұлға қалыптастыру
үшін оқушының өзін-өзі таныуна өзіндік «менін»
қалыптастыруға, сол «меннен» шығармашылық тұлғаға
жетуіне ықпал жасау әр мұғалімнің міндеті.
Жеке тұлға ібелгілі бір әрекеттер нәтижесінде
қалыптасады десек, ол тәрбиенің әсеріғана емес,
өзінің ойлау қабилеттерін жүзеге асыру үрдісінде
дамиды. Тұлғаның өзі қажет етуі бойынша дамуы-
бұл ішкі белсенді ойлау әрекеті. Ол тұлғаның өзіндік
оқу әрекетіне, дербестігіне , өзін-өзі бақылауына бастау
болады. Оқушының оқу әрекеті- білім алу мақсатына
жетуге арналған әрекет. Қабилетті, ынталы оқушылардың
арасында ойлау қабилетінің дәрежесін арттыра түсу,
теориялық білімді тереңдету, практикалық дағдысын
дамыту мақсатында дайындалатын жеке жұмыстар
жүесі өзекті мәселеге және оны шешу жолдарына
бағытталуы тиіс. Шығармашылық танымдық әрекетке
оқушылардың өзіндік жұмысы, бақылауы мен тәжірибесі,
ойлау амалы нәтижесінде алған білімі, дағдысы, танымы
мен ғылыми түсініктері жатады.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі-
«сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді»
деген тыс қорқыныш сезімі, екінші, өзіне өзі тым
рыза болмаушылық сезімі ( не жазса да өзі ұнатпайды,
кейде өзін-өзі жек көріп кетеді ), үшінші – жалқаулық.
Сондықтанда оқушыларға шығармашылықтапсырмалардың
қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты
беріліп отырады. Ол үшін оны түрлендіре әрі орындауға
жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде
бірнеше тапсырма ұсынып , таңдап орындауды баланың
өз қалауына қалдыру керек.
Мен сабағымда оқушымны біліммен, іскерлікпен,
дағдымен қаруландырып қоймай, олардың танымдық,
шығармашылық қабілеттерін де дамыттым. Үйде матін
бойынша ұнаған көріністе сурет салып келу тапсырылады.
Бұл тапсырманы оқушы ерекше ынтасымен орындап
келеді. Бұл жерде мен тапсырманы түрлендіріп берудің
тиімділігін байқадым.
Нәтижесінде бала ойлай отырып, елестетеді, қиялдайды,
болжам жасайды. Оқушыға тақырыптық мазмұнын
толық меңгерте отырып, әсресе сурет салуға бейім
балалардың ойын ұштай түстім. Сурет немесе шығарма
жұмыс арқылы оқушының өзін-өзі тануына ықпал еттім.
Міне, осылай жұмыс жасай отырып, оқушылырдың
шығармашылық қабылеттерін арттырамын, дарынды
дара тұлғаны тәрбиелеу барысындамын.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
«Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Сидыкова Гулнур
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық
Тақырыбы: Қызықты математика
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын қалыптастыруда даму ерекшелігіне және
қиындықтар аясында технология элементтерін пайдалану арқылы 1-ден 5-ке дейінгі
реттік санға үйрету және кері санау.
Білім – берушілік міндеті: Балаларды түрлі есеп шығаруға үйрету, ойын арқылы есте
сақтау қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайд, 1-ден 5-ке дейінгі сандар, жемістер суреттері.
Әдіс тәсілдер: ойын, түсіндіру, көрсету, мадақтау, сұрақ-жауап.
Билингвалды сыңары: Бір – один - one Екі – два - two
Үш – три - three Төрт – четыре - four
Бес – пять – tive
----------------------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –11 тамыз 2016 ж | № 13 (163)
3
Оқу іс - әрекеті
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Ұйымдастыру
шылық ізденістік
Тәрбиеші балалармен амандасып, ұйықтағанда
адамның барлық жене мүшелері де
демалатынын ойянғанда оларға «Қайырлы
таң!» деп тілек білдіру керек екенін
түсіндіріледі.
Қайырлы таң көздерім,сендер ояныңдар!
Қайырлы таң құлақтарым сендер ояныңдар!
Қайырлы таң қолдарым,сендер ояныңдар!
Қайырлы таң аяқтарым,сендер ояныңдар!
Жыл мезгілдеріне қысқаша тоқталу. Жыл
мезгілдеріне қатысты түстерін атау.
Бүгінгі математиканың ерекшелігімен
таныстырып, «Мақта қыз бен мысық»
ертегісінің үзіндісі көрсетіледі.Балаларға
мысыққа көмектерінің ол үшін ертегі
кейіпкерлерінің тапсырмалардың орындау
қажеттігін айтады.
1. Сиырдың тапсырмасы: «Орналастыр»
ойыны
Сандарды өсу ретімен орналастыру қажет
және кері санау.
2. Ағаштардың тапсырмасы: «Салыстыр»
ойыны
Суреттерді салыстырып таңбаларды қою.
3. Қыздардың тапсырмасы:
«Сергіту сәті»
Сылдыр сылдыр сырғалар,
Құлағымда ырғалар.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Саусақтарда сақина
1 2 3 4 5
Орнына тез қон.
Билингвалды сыңары:
1 2 3 4 5
4. Дүкеншінің тапсырмасы: «Кім тез
естиді?»
Мысық күндіз 5 стакан сүт ішіпті және кешке
тағы 2 стакан сүт ішіпті, мысықтың барлық
ішкен сүті қанша?
Балалар,сендерқандай білімдісіңдер ертегі
кейіпкерлері сендерге қуанып жатыр.
Көздерін, құлақтарын басу.
Шапалақтау
Аяқтарын топылдату.
Балалар слайдтан ертегі
үзіндісін кқреді. Мысыққа
көмектесуге қуана келіседі.
Сандарды өсу ретімен
орналастырады және кері
санайды.
Тапсырмаларды орындайды
Қимыл қозғалыс арқылы сергіту
сәтін жасайды.
Балалардың жауаптары
Балалардың жауаптары
Рефлексивті - түзетушілік
Мысық мақта қызға келіп сүтті береді. Мақта
қыз :
- Рахмет саған, сен көп еңбектендің
енді мына сүттің дәмін балалар
татсын.
- Рахмет сендерге балалар.
Балаларды мақтап мадақтау.
Балалар бір-біріне баға береді.
Бүгінгі білгендермен бөліседі.
Мақта қыз сүтін ішеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1-5 ке дейінгі сандарды тура және кері санау.
Меңгереді: салыстыруды, амалдарды орналастыруды.
Игереді: өз бетімен іс-әрекет жасауды.
----------------------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –11 тамыз 2016 ж | № 13 (163)
4
МЕНІҢ ҮЙІМ
Шымкен қаласы №13 «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасы
Бикташева Айгуль Асыльбековна
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерімен,қиялдарын дамыту. Геометриялық пішіндерді төртбұрыш,
дөңгелек, үшбұрыш ажырата білуге дағдыландыру, сары, қызыл, көк түстерді бекіту.
Көрнекілігі: үйдің суреті, үлгі жұмыс, түрлі-түсті пішіндер.
Сабақтың барысы :
Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп бір-бірімізге жақсы қөңіл-күй сыйлайықшы.
Топ-топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса жарқын күн.
Жаса-жаса алтын күн.
Қазір көктем жыл мезгілі. Көктемде күн жылыйды. Жылы жақтан құстар ұшып келеді. Жауын-шашын көп жауады.
Ой бізге қонақ келе жатқан сияқты.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Көктем жыл мезгілі келгенен кейін .Далада ойнап жүріп сендерге келіп қалыптым балабақшаға .Сендерден көмек
сұрап келдім.Менің көжектерім өте көп. Сол көжектеріме үйшік жасап бере аласыңдар ма?
Ой,балалар бұл үй қояны екен ғой.Үй қояндардың да үйшіктері болады.
Кәнеки балалар геометриялық пішіндерден Қоянға үйшік жапыстырып берейік.
Мынау қандай геометриялық пішін?
-Төртбұрыш.
-Төртбұрыштың түсі қандай?
-Түсі сары.
-Төртбұрыш неге ұқсайды?
-Төртбұрыш терезеге ұқсайды.
-Ал мынау қандай пішін?
-Үшбұрыш.
-Үшбұрыштың түсі қандай?
-Үшбұрыштың түсі қызыл.
-Үшбұрыш неге ұқсайды?
-Үшбұрыш орамалға,сәукелеге ұқсайды.
-Ал мынау қандай пішін?
-Дөңгелек!
-Дөңгелектің түсі қандай?
-Дөңгелектің түсі көк.
-Дөңгелек неге ұқсайды?
-Дөңгелек алмаға,допқа ұқсайды.
Қауіпсіздік шараларын айтады.
Балалар бәріміз бірге жапыстырайық.
Төртбұрыштан үйдің қабырғаларын жапыстырайық. Ал үшбұрыштан үйдің шатырын жапыстырайық. Дөңгелектен
үйдің есік терезесін жапыстырайық.
Жарайсыңдар балалар үйлерін өте әдемі. Ал енді Қоянмен бірге бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінін
Келе жатқан томпандап
Көжегі екен өзінін
Осы үйшіктерімізді қоянға көрсетейік. Қоян қуанып қалсын.
Қоян:рахмет балалар үйшіктерін маған ұнады.Мен сендерге құр алақан келген жоқпын.Сендерге арналған
сыйлықтарымды ала келдім.
Рахмет қоян саған.Сау бол!
Қорытынды:
Балалар біз не жапыстырдық?Қандай геометриялық пішіндерден үй жапыстырдық?
Пішіндердің түстері қандай?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Геометриялық пішіндерді біледі.
Түсінеді: Түстерді ажыраталады.
Қолданады: Үйшік жапыстыра алады.
----------------------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –11 тамыз 2016 ж | № 13 (163)
5
Баяндаманың мақсаты: Сабақ үрдісінде диалогтік оқыту негізін басшылыққа ала отырып, оқушылардың сыни
тұрғыдан ойлауын дамыта, тиімді әдіс – тәсілдерді көрсету;
Сыни тұрғыдан ойлау туралы жалпы түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін
маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,
бағалауға, талдауға және синьездеуге бағытталған пәндік шешім.
Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:
- релеванттық ақпараттар жинауды;
- дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;
- кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
- ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Қолданылуы мүмкін әдістер ретінде «Зерттеушілік әңгіме»
немесе «дәйектеу» және диалогтық оқыту мен «қолдау көрсетілген». Александр тәжірибеде зерттелген диалогтың бес
үлгісін анықтады:
Механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау);
Декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіндіруге ынталандыру
үшін сұрақтар берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен
ғылымдарды толықтыру);
Нұсқаулық / мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу сонымен бірге фактілерді,
қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);
Талқылау (ақпараттарды тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);
Диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды
«жеткізуді» тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу);
Информатика сабағында қолданған әдіс – тәсілдер түрлері. «Ойталқы» Мозговой штурм – 3 деңгейден тұрады:
1 деңгей – Не білесің?
2 деңгей – Қалай түсінесің?
3 деңгей – Қолданысын тауып, анализ жасау.
Сабақтың тақырыбы: 5 – сынып «Ақпаратты қорғау»:
Сұрақтары:
1. Ақпаратқа қандай қауіп тиюі мүмкін?
2. Ақпаратты кіммен қорғау керек?
3. Ақпаратты қалай қорғау керек?
«Хефельдің қойын дәптер» әдісі. Мақсаты: Ұжымдық талқылауда 1 апта бұрын оқушыларға қойын дәптер
таратылады. Апта бойы істелетін жұмыс тақырыбы жарияланады. Жазбалар апта күндеріне сәйкес жазылады. Жазбалар
7-ден кем болмау керек. Мысалы: 6 – сынып «Алгоритм түрлері». Апта бойы оқушылар алгоритмді өмірде, қоршаған
ортадан тауып, түрлерін анықтап қойын дәптерлеріне жазып келеді.
«Фокалды нысан» әдісі. Мақсаты: Бұл әдістің берілген нысанға жаңа күтілмеген қасиеттерді енгізу.
Мысалы: 5 – сынып «ЭЕМ даму тарихы»
Уатта сызғышымен қазіргі компьютермен ортақ белгілері, қасиеттері.
«Синетика» әдісі. Мақсаты: Белгіліден белгісіздікке, белгісіздіктен белгіліге ауысуына, өтуіне негізделген.
11 – сынып «Photoshop – та жұмыс істеу».
Мысалы: Қазіргі кездегі «Мыстан» кемпірдің бейнесі қандай болар еді?
«Сот» әдісі. «Компьютердің соты» сот сабағы.
8 – сынып «Дербес компьютер» тақырыбы бойынша.
Рөлдерде: сот төрағасы, прокурор, адвокат (қорғаушы). Айыптаушылар: процессор, жад, монитор, клавиатура, маус,
принтер, сканер.
Прокурор құрылғылардың керексіздігін айыптайды. Ал қорғаушы оларды қорғап алуға тырысады. әрбір құрылғы өзінің
керектігін дәлелдейді. Қатысушылар соттың рұқсатымен сұрақтар қоя алады. Театрландырылған сабақ оқушылардың
әрбір құрылғының қажеттілігін, жұмыс істеу барысын жақсы түсінуге мүмкіндік алады.
«Сократ диалогі» әдісі. Сұрақ қою шеберлігін арттырады және өзекті мәселені таба білуіне мүмкіндік береді.
8 – сынып . Дөңгелек стол тақырыбы: «Антивирус бағдарламасы». Оқушыларға алдын-ала тақырып бойынша
«САБАҚ ҮРДІСІНДЕ ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ НЕГІЗІН
БАСШЫЛЫҚҚА АЛА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН
ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІ»
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы
Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Балгабаева К. Г.
«Компьютер» - мен өзіңмен тілдесемін,
Қыр-сырыңды тереңірек білсем деймін.
Оқытып жас ұрпақты өзіңменен,
Қызықтырып білімге тартсам деймін.
----------------------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –11 тамыз 2016 ж | № 13 (163)
6
тапсырма беріледі. Кез-келген антивирустық бағдарлама туралы мағлұмат білу. Сабақ пікірталаста өтеді. өздеріне
нәтиже шығарады.
«Жетістік гүлі» әдісі. 1 түрі – Күнделікті баланың жетістігі туралы хабарлау. Гүлдің 5 жапырағына бала туралы
мәліметті мұғалім жазады, ал 2 жапырағын ата-анасы баланың үйдегі жетістігін жазады.
2 түрі - Әр аптаның күндерінде баланың атқарған жұмыстарын ата-ана толтырады.
Қорытынды: Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі – ұстаздар мен
оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қазіргі оқытудың талаптарына
сай мұғалім де, оқушы да жанаша көзқарасты, терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай
жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жетуіміз керек
деп ойлаймын. Оқушыларға жаңа тақырыптарды қызықты, түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті тәсілдердіғ бірі ретінде
диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету деп ойлаймын. Осы жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып,
жаңа сабақтың аясында қосымша қызықты деректерді ұсынуға, қиын тақырыптарды әр түрлі жұмыс түрлері арқылы
жеткізуге, жаңа идеяларды әсерлі етіп көрсетуге болады. Бағдарламаның жеті модулін білім беру үрдісіне енгізе отырып
мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастырып, келешек өмірге жол ашамыз.
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде әр түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып,
өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау
қабілеті, сұрақ қоя білуі, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама жақсы нәтижелерге көтеріледі деуге болады.
Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы-өздігінен білім іздейтін, қалай оқу керектігін түсінетін,
жеке тұлға екендігіне, ерекше мән бергеніміз жөн. Тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек
деп ойлаймын.
Алдағы уақытта да білім беру үрдісінде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын болсақ:
•
барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысады;
•
барлық оқушылар өздерін еркін сезінеді;
•
олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады;
•
жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір-біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады;
•
сабақ оқушы үшін, мұғалім үшін де пайдалы болады;
•
ең бастысы олар бір-біріне қатты әсер етеді, бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі үйретеді.
Білім беруде жақсы істер жалғасын тапса, оқушы қалай оқу керектігін түсініп, өзін-өзі реттеп, достық қарым-қатынас
пен жақсы көңіл-күйде болары анық. Мен үшін ең тиімді сабақ ол – нәтижелі саба. Ал, сабақтың нәтижесі оқушылардың
іс-әрекетінен көрінеді.
Шымкент қаласы №13 «Ертөстік» бөбекжай балабақшасы
Молдашева Асель Ташкенбаевна
Білім саласы: «Қатынас» Білім бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Туған жерім тамаша!»
Мақсаты : Балаларды М. Әлімбаевтың шығармаларымен одан әрі таныстыру. «Туған жерім тамаша!» өлеңін мәнерлеп
жатқа айтуды үйрету. Туған жерінің сұлулығын терең сезінуге табиғатты қуат беретін пана екенін ұғындыру. Алған
ісерлерін қағаз бетіне бейнелеу. Отан сүйгіштікке,табиғатты ,өзін қоршаған ортаны аялй білуге үйрету.
Әдіс\тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, ойын
Көрнекілігі : карта,суреттер, үн таспа
Сабақтың барысы: Балалар шеңбер болып тұрып, үнтаспадан табиғат үнін тыңдайды. Қол ұстасып бірге :
Жылу берген күнің үшін рақмет!
Өсім берген суың үшін рақмет!
Тіршілік берген жерің үшін рақмет!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атаңдаршы? Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Балалардың жауабы.)
Өткен сабақты пысықтау.
-Балалар өткен сабақта біз Д. Әбілевтің «Қазақстан Республикам менің!» өлеңін жаттаған едік. Қане есімізге түсірейікші.
(балалар өлеңді мнемокесте арқылы естеріне түсіреді.)
-Балалар бүгін біз М.Әлімбаевтың тағы да бір тамаша өлеңімен танысамыз. Ақын жайында балаларға кеңінен мағұлмат
беру. Мұқият тыңдайықшы. Өлеңнің аты «Туған жерім тамаша!» тәрбиеші мәнерлеп оқиды.
О , алақай туған жер,
Жақсы ау бақша, бауларың,
Көзге ыстық көрінер,
Сенің асқар тауларың,
Туған жердің жырларын,
Қызғалдақтай терейік,
Туған жердің қырларын,
Жүр аралап келейік, жүр аралап келейік.
-Өлең сендерге ұнады ма? Жазушы не туралы жазған? (Табиғат, гүлдер, баубақша туралы)
-Ақын өлеңді жазар алдында өте тамаша көңіл күйде болған. Өз көзімен көрген қиялын, сезімін өлең етіп жазған. Ал,
----------------------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –11 тамыз 2016 ж | № 13 (163)
7
біз өлеңді сурет етіп шығарайық. Маған көмек беріңдер.
О , алақай туған жер деген сөйлемге не салуға болады? (Балалардың қуанғанын, кең байтақ жерді)
Жақсы ау бақша, бауларың, деген сөйлемге не салуға болады? (Бау бақша)
Көзге ыстық көрінер, деген сөйлемге не салуға болады? (Көз бен күнді)
Сенің асқар тауларың, деген сөйлемге не салуға болады? (Тауды)
Туған жердің жырларын, деген сөйлемге не салуға болады? (Туған жер мен домбыраны)
Қызғалдақтай терейік, деген сөйлемге не салуға болады? (Қызғалдақтың суретін)
Туған жердің қырларын, деген сөйлемге не салуға болады? (Қырдың суретін)
Жүр аралап келейік, жүр аралап келейік. деген сөйлемге не салуға болады? (Қыз бен бала қол ұстасып туған жердің
аралағанын)
-Қараңдаршы,балалар ақын жазушы осы бейнеленген суреттердің бәрін айналадан көріп толқып сендерге өлең етіп
жазған. Осы сурет схема арқылы өлеңді жаттап айтудың мнемокестесін салайық. Бір сәтке көздеріңді жұмып сиқырлы
сөздерді айтыңдаршы . (сим салабин суф)
Схемаға қарап өлеңді жаттау.
Балалар: хормен, буындап , мәнерлеп оқиды.
Дид\қ ойын: сөйлемді дұрыс жайғастыр”
Дид\қ ойын: «Қай сөйлем жоқ?»
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Бойымызды жазайық,
Табиғат біздің аялы анамыз,
Табиғатқа біз баламыз,
Анамыз құшақ жайғанда,
Пана боп қамқор боламыз!
Ойын: «Аудармашы» (жер -земля ,күн -солнце ,бау -сад)
-Енді балалар осы алған әсерлеріңді параққа салып, мынау тұрған Қазақстан картасына жапсырайық.
«Отан» туралы тақпақтар айту.
Үш -төрт балаға тақпақты мәнерлеп айтқызу.
Тәрбиеші балаларға сұрақ қою арқылы қорытады.
Нені білу керек: өлеңді схема арқылы мәнерлеп есте сақтап айтудыжаңғырту.
Нені игереді: туған елдің, жердңғ сұлулығын терең сзіну, түсіну.
Нені біледі: өлеңді мәнерлеп жатқа айтуды,суретін салуды біледі.
Шымкент қаласы №13 «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасы
Керимбекова Мадина Сапаралиевна
Конспект открытого занятия во второй младшей группе на тему «Осень. Овощи».
Цель:
-образовательные - учить детей называть овощи на русском языке, называть их обобщающим словом, формировать
представление о труде людей осенью. –закрепить знания о месте произрастания; --воспитательные-
воспитывать интерес к занятиям по русскому языку ; развивать чувство коллективизма;
Словарная работа. Существительные: капуста, морковь, огурец, огород, овощи, помидор.
Ход занятия
Круг радости
Здравствуй солнце золотое,
Здравствуй небо голубое
Воспитатель: Вот и осень наступила,
Всех вокруг развеселила.
- Пойдем, ребята, во огород, в гости к осени! Давайте встанем паравозиком и поедем огород.
Воспитатель: Вот мы и приехали. Как красиво в огороде осенью правда ребята? Ответы детей:
-Да ,очень красиво!
Воспитатель: Ой, смотрите, ребята я нашла золотой сундучок, что же там? Вы хотите посмотреть, что там внутри?
Дети: Да, хотим!
Воспитатель: Тогда присаживайтесь по удобней на золотые листья.
Воспитатель: (Пытается открыть сундучок) Что -то сундучок не открывается. Давайте на него подуем.
(Дети дуют, сндучок не открывается)
Воспитатель: Кто -то скачет к нам еще.
Загадка: Длинноухиий, Быстроногий Кто же это?
Дети: Заяц.
Заяц: Здравстуйте дети. Ой, я забыл забрать этот сундучок.
Воспитатель: Ребята, заяц просит отгадать загадки.
Сидит дед, во сто шуб одет, кто его раздевает, тот слезы проливает. (-лук)
----------------------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –11 тамыз 2016 ж | № 13 (163)
8
2. Этот овощь сладкий
И растет на каждой грядке.
Знают все средь овощей,
Безнее не сваришь и щей!
(-капуста)
3. Я длинный и зеленый,
Вкусный и соленый,
Вкусный и сырой.
Кто же я такой?
(-огурец)
4. Расту в земле на грядке я, красная, длинная, сладкая?
(- морковь)
(При отгадывании дети находят картинку отгаданного оваща и приклеивают на плакат где нарисован красивый огород.)
Ребята называют овощи: лук, капуста, огурец, морковь.
Заяц: Молодцы, ребята, отгадали все загадки про овощи. Давайте ребята попросим ласково, чтобы сундучок наш
открылся.
( Дети просят, употребляя слово: «пожалуйста»)
(Открывает сундучок и достает овощи.)
Воспитатель: Ребята, здесь целый урожай! Давайте, посчитаем их.
Дети по одному выходят и считают: один, два, три, четыре.
Воспитатель: Молодцы, ребята, и считать умеете.
Физ. минутка: «Огород»
Огород у нас в порядке,
Мы весной вскопали грядки
(имитация работы лопатой)
Мы пололи огород( наклоны, руками достать до пола)
Поливали огород (показать как поливали)
В лунках маленьких не густо.
Посадили мы капусту (присесть на корточки, обхватить рукамиколени)
Летом все она толстела
Разрасталась вширь и ввысь (медленно поднятся)
А сейчас ей тесно бедной
Говорить: «Посторонись!» (топнуть ногой в конце фразы)
Заяц: Ребята, я хочу с вами поиграть в игру « Кто скорее соберет»
Дети собирают овощи в корзину.
Заяц: Молодцы, ребята, какие вы шустрые, быстрые. Теперь вы знаете названия овощей, считать умеете. С вами было
очень весело, спасибо за полный корзин с оващями! А мне пора идти, до свиданья!
Воспитатель: Ребята, и нам пора возвращаться в группу.
Итог:
Воспитатель: Ребята о чем мы сегодня говорили?
Дети: Про осень и овощи?
Воспитатель: Что растет в огороде?
Дети: Овощи.
Воспитатель: когда люди собирают овощи?
Дети: Осенью соберают овощи.
Воспитатель: Чтобы урожай был хорошим, что нужно делать?
Дети: Ухаживать.
Воспитатель: Молодцы, ребята, я всех хочу угостить вкусными яблокоми.
«Осень.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Үлгілі ауылы
«Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Ашенова М.Ж.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Жадыраған күн»
Мақсаты: Күн сәулесінің жылуының пайдасы туралы түсінік беру.Сөздік қорын молайту. Ойлау, есте сақтау
қабілеттерін жаңғарту. Икемділікке, тазалыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Күн
Билингвизм: Күн – солнце- sun
Көрнекі құралдар: Заттық суреттер, бояғыштар, тәрелкелер.
----------------------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –11 тамыз 2016 ж | № 13 (163)
9
Инклюзивтік әлеумет: Жеке баламен жұмыс
Әрекет кезеңдер
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Іздену
ұйымдастырушы
Рефлексивтік
коррекциялаушы
Шаттық шеңбер
-Балаларбізге қонаққа күн келді. (Жарқыраған күннің
суретін көрсетеді)
Өз сәулесін шашып,
Айналаны жарқырата жіберді.
Кәне барлығымыз амандасайық.
Армысың ашық күн,
Армысың көк аспан,
Сені көрсем қуанам.
Балалар мейрімділікке толы күннің шуақтарын
орналастырып күндің қуантайық.
Балалар апайлармен амандасып алайықшы.
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Ауа райы қандай?
-Терезеден не көріп тұрсыңдар?
-Ненің сәулесі түсіп тұр?
-Жарайсыңдар балалар!
-Бүгінгі біздің тақырыбымыз күн жайлы болмақ.
-Балалар қараңдаршы күннің түсі сары болады.
-Күн домалақ болады
-Барлық тіршілік күн арқылы нәр алады.
-Күнсіз тіршілік жоқ.
-Күннің пайдасы көп.
Дидактикалық ойын:
«Жарқыра күн»
Ойыннның шарты: Ұсақталып кесілген күннің
бейнесін қою арқылы орнын табу.
Сергіту сәті
Күнге қарап күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстар болып өсеміз,
Көбелек болып қонамыз.
-Ал балалар шығармашылық орталығына барайық.
Саусақ жаттығуы: «Күнге ұқсаймыз»
Қол ұстасып дөңгеленіп,
Тура қалдық екеуміз,
Өзімізде дөңгелек,
Күнге ұқсайды екенбіз.
-Балалар алдарыңда бояу құйған табақша тұр.
-Балаларға күннің бояуға қолдарын малу арқылы
күннің шығуын көрсету.
-Балалардың жасаған жұмыстарын бақылап көмектесу.
Жеке баламен жұмыс: «Қима суреттер»
-Балалардың жұмыстарын жинап сұрақ-жауап алысу.
-Балалар күннің пішіні қандай?
-Түсі қандай?
-Күннің пайдасы қандай?
-Біз бүгін қандай?
Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнадыма?
Балалар шаттық шеңберге тұрады.
Балалар күн мен амандасады.
Балалар мейрімділікке толы күн
шуақтарын күнге алып келіп
орналастырады.
Күн келеді.
Балалар амандасады.
Балалар орындарына жайғасады.
Қыс мезгілі
Суық
Күнді
Балалар ойынды шартымен
ойнайды.
Сергіту сәтін қимыл арқылы
жасайды.
Балалар шығармашылық
орталығына барып жайғасады.
Екеуі дөңгеленіп қол ұстасады, сұң
саусақтарымен бас бармақтарының
ұшын бір-біріне тігізіп, дөңгелек
күн жасаңдар.
Балалар тәрбиешінің көмегімен
жасайды.
Балалардың жауаптары
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Кұннің пайдасын туралы.
Нені игереді: Саусақ арқылы күннің бейнесін жасауды.
Нені біледі: Күннің адамға пайдасы өте көп екенін біледі.
----------------------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –11 тамыз 2016 ж | № 13 (163)
10
Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы, Құтикөл ауылы
Айгөлек» балабақшасы МКҚК музыкант - хореографы
Ідірісова Жұлдыз Елтайқызы
ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚША!
1-жүргізуші: Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат
Алдына түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат
2-жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
«Айгөлек» балабақшасының түлектерін
(Балаларды шетінен таныстыру).
Бар өнерін салатын
Байқауда жеңімпаз болатын
Таңатқызы Альбина
Сызылтып әнде салатын.
Инабатты, ибалы
Толықтырып ой сананы
Темірбай Инабат
Даярлыққа барады
Тақпақтыда жаттайды
Би билеп, әнде айтады.
Ата – ананың үмітін
Ақ сеніммен ақтайды
Ортада Қасымқызы Асылайым.
Кіп кішкентай болсада
Рамазанның үлкен талабы
Билесе ол айналып,
Қарайды жұрт тамсанып.
Биязы ғана күлетін
Асықпай ғана жүретін
Келеді міне ортаға .
Әбдіғани Диана.
Сегіз қырлы бір сырлы
Білімді де зеректі
Шақырамыз ортаға
Айдарұлы Естайды.
Мөлдіреп оның жанары
Ойлы да, ол саналы
Еркеғали Кәусарды
Шақырамыз ортаға
Ерінбей сурет салады
Жасайды қағаз кемені
Таудан да биік талабы
Шақырмыз ортаға
Нұрқасымқызы Құралайды.
Көзге түсіп ерекше
Сүйесің сен білімді
Берікқызы Тоғжанның
Талант, қабілеті ерекше
10-Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз
Тұла бойы толған бір
Биші болар ұрпақпыз- деп
Елікқызы Айбибіні шақырамыз.
11-Таза сәби жүректен
Балдай тілі былдырлап
Тақпақ берсен жаттайды.
Келді міне ортаға Абайбекқызы Аяна
12-Үлгі алды улкеннен,
Кішіге қамқор болады,
Шақырамыз ортаға
Жайсаңбай Нұрлыны
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар,ата-аналар! Бүгінгі « Қош бол балабақша» атты мерекемізді ашық деп жариялаймыз!
Казақстан Республикасының әнұраны орындалсын. Балаларға деген ақ тілегін, жылы лебізін білдіру үшін «Айгөлек»
балабақшасының меңгерушісі Тәмпішева Людмила Нұраханқызына беріледі. Бүгін өте салтанатты кун!Біз өз
тәрбиеленуші бітірушілерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз.Бірақ біз оларды балабақшаны,тәрбиеші апайларды
және бүгінгі алғашқы кешті ұмытпайды деп үміттенеміз.
(Есік сыртынан күлген баланың дауысы естіледі). Тәрбиеші арбаға салған қорапты әкеледі,ішінен аузында
соска,алжапқышы бар кіші топ баласы шығады.
2-жүргізуші: Сіздер де балабақшаға келгенде осындай тәп-тәтті сәби едіңдер.Ал қазір есиіп мектепке барғалы
тұрсыңдар.Сендер мектепке баруға дайынсыңдарма? (иә) Залға
сандығын сүйреп Маша кіреді.Балалар көріп шошиды. Маша:Бұл менің тауып алған сандығым.Немене
барлығын жиналып қалдыңдар.Сандығымды ешкімге бермеймін. Маша: Мен аюымсыз қалай тойлаймын.Миша,миша
мында кел.(Аю келеді).
Аю: Маша.Маша. Тағыда не бүлдірдің?Қайда кіріп кеттіңдер?(балалармен амандасады). -Балалар, Маша сендерді
ренжіткен жоқпа?
Балалар:Жоқ, жоқ.
Аю: Мынау не сандық? Кімнен алып кеттің?
Маша: Миша мен бұл сандықты өзім тауып алдым.Енді бұл менікі.
Аю: Жарар енді, Маша. Балабақшаның мерекесін бұзба.Жүр кетейік.
Маша: Жо-Жоқ мен мерекені тойлап, балалармен бірге мектепке барғым келеді.Сендер мектепке барғыларын келеме?
Балабақша туралы тақпақтар білісіңдерме?
----------------------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –11 тамыз 2016 ж | № 13 (163)
11
Жүргізуші: Балабақша ,балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Балабақша әні: Орындайтын : Таңатқызы Альбина
Маша:Ой, балалар жарайсыңдар! Сендер өнерлі екенсіңдер.Ал енді мына сандықты ашып беріндерші.
Балалар: Маша,Маша бұл сандықты ашу үшін кілт керек. (Осы жерде бақаның дауысы)
Бақа:Мен білемін кілттің қайда екенін.Бірақ мен айтпаймын.
Маша: Айт кане
Бақа:Ендеше менің қоятын сұрағым бар.Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл?
Маша: Мен білмеймін
Балалар: 25жыл
Бақа: Рәміздерді ата?
Маша: Мен білмеймін
Балалар: Жауап береді
Маша: Жарайды.
Бақа: Балалар сендерге көп-көп рахмет, менің сұрақтарыма жауап бердіңдер
Маша: Бақа менің сандығымның кілтін берші?
Бақа: Кілтті екеуміз бірге іздейік
2-Жүргізуші: Қыздарымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп.Би билейік шаттана
Келесі кезекті бүлдіршіндердің «Көбелек» биіне береміз.
1-жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар
Қызықты ойын бастаңдар
Аналардың көңілін,
Бір көтеріп тастаңдар- деп келесі кезекті ойынға береміз.
Ата-аналармен ойын. Шарты: Үстелдің үстіне 1-10 ға дейінгі сандар қойылады.Ортаға 4 ата-ана шығады.Музыка
ырғағымен үстелді айнала жүріп бір санды алады.Ата-ана жауабын өз балаларынан сұрайды.
2-жүргізуші: Бақшамызда шырқалмаған жыр барма?
Бақшамызда айтылмаған сыр барма?
Бақшамызда алған білім,жырларын
Үздіктерім кәне,шықсын ортаға
Ән:Қош бол балабақша әнімен бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз
Жаңа өмір басталсын
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша вальсі
Көңілде мәңгі сақталсын
Би: «Гүлдер вальсі»
2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар осы балабақшада тәлім-тәрбие беріп отырған апайларына арналған
тақпақтарына кезек береміз
Пірман Естай
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Алпысбай Аяна
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше
Бақшаменен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше
Елікқызы Айбибі
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып бала бақшамен
Мектепке біз барамыз.
Әбдіғани Диана
Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді
Мен мектепке барамын
Балабақшам қош енді.
Гүлдендірген бақшаны Қасымқызы Асылайым.
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтанда біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан
Людмила Нұраханқызына
Тілейміз біз мың алғыс.
Ұстаздардың ұстазы Темірбай Инабат.
Тәрбиенің ұстасы
Ырза сізге бәрі де,
Ұмытпаймыз сізді де,
Гүлжан Аманжолқызына көп рахмет!
Тамылжытып ән салдырып үйреткен Рахметолла Кәусар.
Мың бұрала белімізді билеткен.
Жұлдыз Елтайқызына сізгеде алғыс айтамыз,
Мың қайтара сәби жүректен
Тазалықты сақтаған, Қуаныш Құралай.
Дастарханды молайтқан
Анамыздай қараған,
Қанымгүл,Лалагүл апайларға мың алғыс
Денсаулыққа болаттай, Жайсаңбай Нұрлы.
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Гүлдира Сәкенқызына мың алғыс
Жайдары жүз, ақ қабақ, Ильдус Тоғжан.
Жүреді бізді аймалап.
Тобымызға жиі кеп,
Білгенімізді сұрайтын,
Ақыл айтып тұратын
Шынар, Қырмызы апайларға мың алғыс.
----------------------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті –11 тамыз 2016 ж | № 13 (163)
12
1-
жүргізуші: Бөбек еді ол рас
Кіп – кішкентай кешегі
Бүгін, міне азамат
Болды бәрі деседі
Тіл дамытып сурет салып
Жаттықтырды қолдарын
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын – деп ендігі сөз кезегі Телжан Шонанұлы атындағы орта мектебінің даярлық сыныбының
мұғалімі Кенжехан Алмагүл Смағұлқызына беріледі.
Ән: Оқуда озат боламын. Орындайтын Қасымқызы Асылайым. Қуаныш Құралай.
Бақа: Балалар сендер Машаны көрдіңдерме? Мен сандықтың кілтін тауып алдым. Балалар бәріміз Машаны ораға
шақырайық. (Маша сандығын алып ораға қайта шығады).
Маша: Кілтпен сандықты ашады. Недеген керемет, қандай тамаша! Мынау ғажап қой. (Маша күледі).
Маша: Бақа менің сандығымның кілтін тауып бергеніңе көп – көп рахмет. Балалар сендерге сәттілік тілеймін.
Мектепте жақсы оқыңдар. Озат оқушы болыңдар. Менде сендермен бірге мектепке барамын. Миша, миша, миша мен
сандығымның кілтін таптым. Балалармен бірге мектепке барамын.
2-Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын әнімізді бастайық
Әдеп пен өнегені үйреткен
Бақшамызды есімізге сақтайық.
Ән: Қоштасу әні. Балалар бірге:
Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол
Ұмытпаймыз өзіңді
Балабақша қош сау бол!
1-Жүргізуші: Ендігі сөз кезегі ата – аналарға беріледі.
«Күншуақ» тобының тәрбиешісі Айтілесова Рахима Оразалықызына беріледі.
Көмекші тәрбиеші Шәуенова Лида апайға беріледі.
2-Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұңды
Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер
Өзеріңмен қоштасатын күн туды
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар
Жүректерден арман отын жағыңдар
Жақсы оқып алтын ұя мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік – дей отырып, бүгінгі «Қош бол балабақша» атты мерекемізді жабық деп
жариялаймыз.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет.
Бізді баптап қараған Таңатқызы Альбина
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызып
Басымыздан сипаған
Лида, Анаргүл апайларға мың алғыс.
Кірімізді жуатын Алпысбай Аяна.
Ылғи үтіктеп қоятын
Тобымызға жие кеп
Бізді айналып тұратын
Баян апайға шын жүректен мың алғыс.
Батыс Қазақстан облыстары
бойынша редакция:
Ақтөбе қаласы.
Завод көшесі 21 үй.
2-этаж. 13-кабинет
E-mail: 45@45minut.kz
Тел/Whatsapp:
8 777 087 6843 (Редакция)
------------------------------------
МББ аты: «Республикалық 45minut.kz» газеті
МББ тілі: қазақша, орысша, ағылшынша
Шығу жиілігі: аптасына 1 рет
Тарату аумағы: Қазақстан Республикасы
Меншік иесі: «Нагиева Ш. Б» ЖК (Ақтөбе облысы)
Бас редакторы: Нагиев И. Б.
Негізгі тақырыптық бағыты:
білім беретін, ғылыми, танымдық, жарнамалық
----------------------------------------------
«Республикалық 45minut.kz» газетіне жарияланған ақпараттардың авторлық құқы ақпарат авторына тиесілі,
редакция жауапты емес. Жарияланған ақпарат авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді.
Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат және мұрағат комитетінде тіркеліп, 2012 жылғы 19 наурызда № 12341-Г куәлігі берілді.
Тапсырыс: 562 Таралымы: 3000 дана.
Газет ЖК “Канеев Е.К” баспаханасында басылды.
Алматы қаласы. Бурундай көшесі - 107. Тел: 8 777 382 4408
Достарыңызбен бөлісу: |