Сынып : 8 Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов – қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шоқанның өмірі мен шығармашылығына түсінік бере отырып, халыққа сіңірген еңбектерін насихаттау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіске жетелеу.
Тәрбиелік: өз Отанын сүюге, қорғауға, ұлт тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:әдебиет, география, бейнелеу, музыка.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: дамыта оқыту.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Көрнекілігі:
1. «Шығыстың жарық жұлдызы» тірек-сызба
2. Шоқанның саяхаты (карта сызбасы)
3. Құпия сандар сыры.
4. Ментальды карта.
5. Оқушылардың ізденіс жұмыстары.
6. Бағалау парағы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) Оқушы назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақтың құрылымы
Ой-ашар
«Құпия сандар сыры» - бұл сандардың артында үй тапсырмасына арналған сұрақтар бар. Екі топ кезек – кезек сандарды
таңдап, артына жасырылған сұрақтарға жауап беріп ұпай жинайды.
1
20
40
50
60
2
20
30
40
100
1-қатар
20-Ұйғырлар мен дүңгендер не себептен Жетісуға қоныс аударды?
40-Жетісу өлкесінен солтүстік Қырғыз өңіріне қанша ұйғыр мен дүңгендер қоныс аударды?
50-Қазіргі Алматы облысында неше ұйғыр болысы ұйымдастырыды?
60-Солтүстік ұйғыр болыстарын атап бер.
2-қатар
20-Ұйғырлар мен дүңгендердің діні.
30- 1897 жылы санақ бойынша ұйғырлар мен дүңгендер саны қанша көбейді?
40- Ұйғырлар мен дүңгендер туралы зерттеген ғалымдар?
100 – Қазақтың тұңғыш ғалымы Абылайдың шөбересі кім?
Мұғалім сөзі: Әр кезеңдерде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Сондай дана перзенттер тұтас бір халықтың
мәдени өлшеміне рұхани биігіне айналып отырған. Солардың бірі ХІХ ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра
қалдырған дана ғалым – Ш.Уәлиханов еді.
Ой қозғау. Мағынаны тану сатысы. ББҰ.
«V»
Мен білемін
«+»
Білдім
«?»
Үйренгім келеді
Жаңа сабақ Жоспары
1. «Шоқан Уәлиханов қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы»(қысқаша өмірі мен ғаламдық еңбектері жайында
оқушылардың шығармашылығы).
2. «Сүйген жар өтті өмірден» әйелі Айсараның Шоқанды жоқтауы.
Оқушылардың рефераттары қорғалады.
1. Шоқанның жастық шағы.
2. Шоқанның ата тегі, шеше тегі.
3. Ыстық көлге сапары.
13
4. Петербургке сапары.
5. Қашғарға сапары.
6. Жетісуға сапары.
Екі топқа Шоқан туралы эссе жазу тапсырылды.
І топ «Тарихшылар» «Шоқан Уәлихановтың Қазақстан тарихында алатын орны».
Шоқан Уәлиханов өз ғұмырының соңғы күніне дейін өз Отанын жан-тәнімен сүйген нағыз патриот болды. Оның еңбектерін
дүниежүзі жоғары бағалады. Бүгінгі ұрпақтары оған деген зор құрметінің белгісі ретінде Қазақстан қалаларының көшелерін
Шоқан есімімен атады. Оған арналып Омбы қаласында ескерткіш орнатты. Көкшетау мемлекеттік университетіне Шоқан
есімі берілді. Өзіміздің Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі гимназия мектебіне Шоқан есімі берілген.
ІІ топқа «Әдебиетшілер» «Оны сүйген халқы бар, ұрпағы бар»
Шоқанды замандастары ұлы деп таныды. Кіршіксіз таза тұлғаны аялай көкке көтерді. Сол заңғар тұлға, бүгінде заңғар.
Кино, театр, бейнелеу өнерінің қас шеберлері ұлы тұлғаны өнер тілімен жыр етсе, әдебиетшілер әдеби шығармаларына
арқау етеді.
Шоқан бейнесі ұмытылмас бейне дейтініміз сондықтан.
Оқушы ізденісі Замантай Лаура
«Сүйген жар өтті өмірден» әйелі Айсараның Шоқанды жоқтауы.
Кіші жүз алшын ішіндегі жеті руға кіретін жағалбайлы ақын Төребай Есжан ұлы Шоқан қайтыс болған кезде жары Айсараға
«Сүйген жар өтті өмірден» атты жоқтауын шығарып берген екен.
Шоқан сүйген жарымыз
Жігіттің гүлі нарымыз
Ажалға тоқтау бола алмай
Сарқылды қолда барымыз
Ажал келіп қиядан
Сұңқарым ұшты ұядан
Сүйген жарым бүгінде
Өтіп кетті – ау дүниядан
Бастайын ағзу-билладан
Үкім болмақ алладан
Құдайдан бұйрық болған соң
Билік кетер адамнан
Туғаннан соң өлмек жоқ
Кімдерден дүние қалмаған
Не істесе Алла еркі өзі
Ешкімге ақыл салмаған
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар
Отыз үш мың сақаба
Олар да тірі қалмаған
Мұхаммед өтті хақ досты
Оны да дүние жалмаған.
Дәптермен жұмыс
Термин сөздерді дәптерлеріне жаздыру
Адьютант - әскери басшының жанында әртүрлі тапсырманы орындайтын офицер.
Кадет корпусы - әскери оқу орны.
Патриот – Отанына, туған халқына жан-тәнімен берілген адам.
Сабақты қорыту: Мұғалімнің сөзі: Шығыстанушы ғалым Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында
аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды», - дегендей оның өшпес мұрасын туған халқы ғана емес, түбі түркі тілдес
халықтар да біртуар жарық жұлдыз ретінде мойындап отыр.
Ұлы адамдар ғасырларға еңбек етеді дейді. Ұлы Шоқан осы ойдың жарқын дәлелі. Шоқанның өмірі мен ғылыми қызметі
еш уақытта ұмытылмайды. Ғасыр өткен сайын оның бейнесі тұлғаланып, келер ұрпақтың алдынан шыға береді.
Ғалымның хаты өлмейді деген, міне, осы.
Сабақты бағалау: Әр топ басшысы өз топтарының жұмысын бағалау парағына белгілеп береді.
Үйге тапсырма: 1. Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз»
2. Сапарғали Бегалин «Шоқан асулары» кітабын оқып келу.
* * * * *
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шардара қаласы. № 16 КОЛЛЕДЖ МКҚК.
Математика – жаратылыстану пәндер әдістемелік бірлестігі
Автор: Қожахметова Күлімхан Әжібекқызы
1 Кіріспе
Кез келген тәрбиелік істі дайындау өзара байланысты өзара әрекеттес кезеңдерден өтеді. Олар жағдайды талдау және
мақсатты қалыптастыру,жоспарлау,ұйымдастыру.
Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Отбасы белгілі дәстүрлердің,жағымды өнегелердің,мұралар мен салт-
дәстүрлердің сақтаушысы.Отбасында бала алғаш рет өмірмен,қоршаған ортамен танысып,мінез-құлық нормаларын игереді.
Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасы балаға өмір мақсаты мен құндылықтары туралы
мағлұмат беретін және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыратын алғашқы ұғым. Отбасында бала алғашқы адамгершілік
дағдыларды игререді, оны күнделікті өзара қарым-қатынаста қолдану дағдыларын үйретеді.Ата-аналарының түсіндіруі,
айтқан ақылы мен үлгі-өнегесі үйдегі өмір салты,отбасындағы ахуал барлығы да балалар бойында мінез-құлық әдеті мен
жақсылық пен зұлымдықты бағалау өлшемдерін қалыптастырады.
Бірақта әр отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерінің әр түрлі болатынына орай педагогикада отбасының тәрбиелік
мүмкіндіктерінің әр түрлі болатынына орай педагогикада отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері деген ұғым
қолданылады.Оның мәні оның негізгі құрауыштарының мазмұны ашылады. Отбасының тәрбиелік күш қуаты үш түрлі
негізгі құрауыштардан:
-психологиялық қатысымдылық
-адамгершілік бағыттылық
14
-ата-аналардың педагогикалық мәдениетімен анықталады
Ата-анамен мұғалімнің арасындағы тығыз байланыстың бірі ата-аналар жиналысы болып табылады.
2. Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы ( педагогтар үшін жадынама)
Ата - аналар жиналысының басты мақсаты - бүкіл сынып ата - аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор
нәтижелі формасы және топ жетекшісінің ата – аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.
Мектепте ата - аналар жиналысында көбінесе мынандай жағдайды көруге (елестетуге ) болады: жиналысқа қатысуға тиісті
болған 25 - 26 ата – ананың тек 30 % ғана келіп отырады. Осыдан, біз, педагогтар, ата – ананың бала тәрбиесіне жауапсыз
қарайтынын байқаймыз. Сол себептен ата – аналарға бала тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұгындыру
мақсатында жиналыстарды дұрыс, қызықты, мазмұнды және нәтижелі өткізуді жоспарлау қажет. Жоғарыда атап көрсетілген
жағдайды өзгерту үшін жиналыстарды қалайша қызықты және тиімді өткізуге болады?
Ата – аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі тиімді әдіс – тәсілдері бар. Осы әдіс - тәсілдер арқылы
педагогтар:
а) ата – аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға;
ә) педагогика мен психологияның түрлі проблемаларына қызығушылығын
арттыруға;
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба алуға көмектеседі.
Ата - аналар жиналысы мектеп өміріндегі қажетті атрибуттардың бірі. Оны қызықты және тиімді өткізу әсіресе, енді жұмыс
бастаған жас сынып жетекшісіне ең пайдалы кеңес болары сөзсіз.
1. Ата - аналар жиналысын өткізу үшін барынша ыңғайлы күнді және уақытты таңдаған жөн. Осы уақытқа сіздердің
оқушылырыңыздың, ата - аналарының да ешқандай істері жоспарланған болмауы керек.
2. Ата – аналарды жиналысқа шақырудың тиімді әдістерінің бірі – шақыру қағаздарын даярлау. Шақыру қағаздарын түрліше
безендіруге болады. Ең бастысы, бұл шақыру қағаздары ата – ана қолына жиналысқа 2 сағат қалғанда емес, бәлкім алдын
ала жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына жиналыстың нақты тақырыбы, күн тәртібіне қойылған мәселелер, байланысу үшін
топ жетекшісінің, ата – аналар комитеті төрағасының ( төрайымы ) телефон нөмері жазылғаны жөн.
3.Ата – аналар жиналысына сіздердің студенттерді қызықтыратын маңызды проблеманы таңдаңыз және ата – аналармен
бірге шешімін таба білуге әрекеттеніңіз.
4. Әсіресе кабинетте ата - аналардың отыру қалпына мән беріңіз. Ата - аналар жиналысына қатысушылардың бір – бірін
жақсы көре алуы және естуі үшін үстел мен орындықтарды дөңгелек түрінде орналастыру керек.
5. Ата – аналар бірін - бірі жеткілікті жақсы танымаған жағдайда ата - аналардың аты - жөні жазылған визиткаларды
дайындаған жөн.
6. Ата - аналармен жиналыс қатысушылырына арналған ережені ойлап табыңыз. Мысалы:
- міндетті түрде сыртқы киімді шешу;
- проблемаларды талқылау барысында үндемей отыруға болмайды;
- ұсыныстарға, пікірлерге қарсы шыққанда өз ұсыныстарын енгізу;
- бір - бірін аты - жөнімен атауға; т. б.
7. Жиналысқа шақырылғандардың уақытын бағалай біліңіз.
Осы мақсатпен уақыт тәртібін ( регламент ) орнатыңыздар және оның сақтауының қатал қадағалыңыздар.
8. Жиналыс барысында ата – аналардың өзара қарым – қатынаста болу үшін ойындар, әңгіме, пікіралысу ұйымдастырыңыз.
9. Жиналысты еркін және ашық түрінде өтуіне ата - аналарға тренинк ұйымдастыру да тиімді.
10. Проблемалық мәселелерді талқылау барысында педагогикалық және өмірлік тәжрибеге ие ең беделді ата – аналар,
колледж кеңесінің мүшелерінің пікіріне сүйеніп, басшылыққа алыңыз. Жиналыста нақты шешім қабылдауға қол жеткізіңіз.
Ата-аналар жиналысын жасауда қазақ отбасы тәрбиесіндегі мына мәдени құндылықтарды ескеру керек:
-Жетілген адам,яғни«Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу
-Отанды,халқын,жерін сүю.«Атаның ұлы емес,халықтың ұлын»тәрбиелеу
-Адал,арлы азамат тәрбиелеу,яғни«Малым жанымның садағасы»
-Жеті атасын білуге тәрбиелеу.«Жеті атасын білмеген жетесіз».
Отбасы шежіресі және мұрагерлік(туыстық қарым-қатынас,үш жұрт,отбасындағы кенже ұлдың ерекше ролі).Ата-баба
дәстүрін жалғастыру.
Тақырыбы: Жанына иман ұялаған азамат, Отан иесі бола алады
Мақсаты:
Білімділік: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекще екендігін түсіндіру, ата-ана баласына сөздерін тәрбиесін
жеткізу,мұғалім ретінде қарауға қызығушылықтарын дамыту,баламен дұрыс тіл табысуға ой салу.
Тәрбиелік:Ата –аналармен бірлесе отырып жас ұрпақты имандылыққа,адамгершілікке,
зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу Біздің мақсатымыз білімді, жан-жақты тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылық:Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті мен жауапкершілігін сезіндіру.
дұрыс тіл табысуға ой салу
Көрнекілігі
Интерактивті тақта,Имандылық жөнінде слаидтар,бала тәрбиесі жөнінде жазылған сөздер
Жиналыстың барысы мен мазмұны
Ұйымдастыру кезеңі
Ата-аналармен сәлемдесіп, түгендеп,күн тәртібіндегі мәселермен таныстыру.
Күн тәртібінде:
-Кіріспе сөз (5-минут)
-Баяндама(10-15 минут)
-Мәселені ата-аналармен талқылау Мен баламды қалай имандылыққа тәрбиелеймін (ата- ана пікірі) (20-минут)
- Сауалнама(5-10минут)
- Студенттердің үлгерімі мен тәртібін талдау(10минут)
15
- Қорытынды (5минут)
Мұғалімнің кіріспе сөз
Жас өспірімдерге тәрбие беру, бойларына мейірімділік,адамгершілік, имандылыққа,бір-біріне қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Балаларды жақсы жаман болып қалыптасуына ең бірінші отбасындағы ата-ананы немесе отбасындағы үлкендердің әсері аса
маңызды. Сондық міне бүгін ата-ананың қатысуымен «Жанына иман ұялаған адамзат, Отан иесі бола
алады.»тақырыбында ата-аналар жиналысында балалар тәрбиесінің жан-жақты даму бақытында өз ойымызды ортаға
саламыз.
Баяндама
Ислам діні алғаш рет Арабияда дүниеге келді. Оның негізін салушы-Мұхаммед Пайғамбар. Мұхаммед 570 жылы Меккеде
дүниеге келген 63 жасында қайтыс болған.
Бабаларымыздың «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» деген ұлағатты сөзі текке айтылмаған. Сол сөздердің
рухы асқақ, жаны пәк,қолы жомарт,иманы берік,көңілі кең баршаға үлгі боларлық игілікті істері арқылы өзгелерден
дараланып тұратын асыл жандар үшін сөздер осындай игілікті ісімен көзге түсіп, еліміздің ризашылығына бөленіп жүрген
азаматтар бар.Мысалы: Қазақ халқы әуелден-ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп,оны ата-ананың борышы деп санаған.
Өйткені,бала-болашақ иесі.
«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны іледі»-дегендей қазақ халқы отбасының беріктігіне,балалардың жауапкершілігіне көп
нәрсені байланыстырады. Баласына жастайына өз тіліне,дініне яғни мұсылманшылыққа ұйретуіміз керек.Мұсылман дам
иманды болады иманды адам өзіне-өзі сенетін,қылмысқа бармайтын жетім жесірдің ақысын жемейтін. Алла тағаладан
келген бұйрықтарды орындап,жүрекпен сеніп тілмен сөйлейтін салаутты мұсылман.Мұсылмандардың өмірдегі тұтынар
тағылымы тиянақ табар тұғыры.Имандылық,адамгершілік осылар арқылы жететін адамдарды өзара ынтымақ.бірлігі. Ислам
діні бізді үйретеді.
Ислам діні түрге,ұлтқа,тілге бөлмейді. Алланың бірлігін Пайғамбардың қақтығын мұсылман баласының бәрін «бауырым»
деп ішке тартады,барымен бөліседі,көмегін аямайды.мұсылмандардың қай замандада уағыздайтыны-имандылық
адамгершілік,адалдық пен тазалық, көздейтін мақсаты елдің тыныштығы,халықтың ынтымақ бірлігі,адамзат игілігіне
жол бастауы тиіс, мұның негізінен бірғана қағида болу керек ол әділдік. Яғни адамдар арасындағы келісім-шарт
адалдығы,субЪект арсындағы, мемлекеттер арасындағы адалдық. Қай істе де, не нірсеге де адал да әділ болу-бұл
мұсылманың бірден бір негізі болып табылады. Иман дегеніміз-Иманға көңілмен ықтияр болушылық,имандылықтың белгісі
тазалықтың,әдептіліктің,жомартықтың үлгісі.
Пайғамбардың тоғыз өсиеті
1.Өзіңе де өзгеге де адал бол.
2. Ренжісең де,қуансаң да әділ бол.
3. Бай болсаң да,кедей болсаң да сабырлы қалпыңнан айныма.
4. Сені кеудеден итергісі келгендер мен де достық қарым-қатынасыңды үзбе.
5. Саған шығын келтіргендерге сен пайда жаса
6. Саған зиян жасағандарға кешіре біл.
7. Үнсіз түрсаң да, санаң ойға толы болсын.
8. Таным-түйсік мүмкіндігі оқу үшін беріледі.
9. Сүйкімді сөз-сүйек балқытар.
Ата-аналармен баяндаманы талқылау
Сұрақ:Ар – ұят дегеніміз не?
Жауап:(Досжанның әжесі)
Ол адамды діни немесе тәрбиелік мәні жоқ жаман қылықтардан сақтайды және жақсы іс әрекеттерге жетелейді. Адам әркез
біріншіден-Аллағтан екіншіден,өз ар-ожданнынан ұялу керек! Ол имандылықтың белгісі, тазалықтың,әділеттіліктің үлгісі.
Сұрақ:Адалдық дегеніміз не?
Жауап:(Бекарыстың анасы)
Бұл ислам этикасының бірінші қағидасы, бұл адамның жүрегі мен ойларының тазалығы,шыншылдық пен тұрақтылықты
білдіреді. Адам жалғыз өзі отырса да көпшілік арасында болса да,оның ой-санасы таза,адал болу тиіс.Дүниеде қара ниет
адамдар көп. Олар екі жүзді ғұмыр кешеді. Бұл жандар біреулерге өздерін адал етіп көрсетуі мүмкін. Ал жалғыз қалған да
құлқыны өзгеріп шыға келеді. Адалдықдың көзі құдайдан қорқу.Құдайдан қорықпаған адамнан бәрін күту керек.
Сұрақ:Әділдік дегеніміз не?
Жауап:(Алматтың әкесі)
Әрқашан досыңа да,қасыңа да,бейбіт күндерде де,қиыншылықтарда да, тек әділдік көрсеткен жөн. Бар жағдайың жасалып,
ешқандай жаманшылық көрмей жүрген кезінде әділдік жайында оп-оңай-ақ, ал басыңа күн туғанда сен әділ қалпыңда қала
аласың ба,міне. Сынақ дегеніміз-осы.Тіпті,сені біреу жек көретін және саған деген осы көз көзқарасынан ешқашан
тыйылмайтын адамның өзіне сен әділдік таныта білсең-онда сен,Алланың сүйген құлысың. Әділдік тек сөзбен емес,іспен де
дәлелденуі шарт.
Сұрақ:Сабырлық дегеніміз не?
Жауап:(Шалқардың анасы)
Бұл қандай жағдайда байсалды,ұстамды,төзімді болу деген сөз. Өмір болған соң, адамға әр түрлі қиыншылықтар жолықпай
тұрмайды, міне осы кездері ең бірінші сабырлық керек. Адамдар көбіне қиын жағдайларда қиналып өмірден түңіледі, ашуға
басады. Әсіресе, дәулетті жандар сабырлық қасиетін алдымен жоғалтады. Сабырлы болу-әркім ұшін де,әр кезде де пайдалы
қасиет. Сабыр-адамның өзін-өзі билеуі және алдына қойған мақсатына талпына білуі, қиыншылықтарды жеңіп, өзінің
сезімдерін қадағалай алуда. Сабыр-әдеп, иман тұрғысынан жоғары бағалайтын түсінік
Мұғалім:
Қазақ «Құранның сөзі-қасиет,Пайғамбардың сөзі-өсиет!, «Сабыр түбі-сары алтын», «Сабыр-батылдықтың,адалдық
пен мәрттіктің нышаны» деп бекер айтпаған.
Сұрақ:Жомарттық дегеніміз не?
Жауап (Амангелдінің анасы )
16
Хақ сенімдегі жандар әр қашан жомарт олар қай кезде де, кімге де болсын қолындағысын беруге даяр тұрады. Адамдарға
қиын шақта қол ұшын беру-үлкен сауап. Алайда,үлкен адамгершілік қасиеттерге ие жандар өзінен ештеңе арттырмайтын
адамдарға да,тіпті өзіне шығын келтіргендерге де қолындағысын беруге асығады.Пайғамбарымыз: «Сараңдар жұмаққа
кірмейді»-деген.
Әрқашанда таза болсын ар – ожданың жүрегің,
Өзгелерде саған адал, әділ болар білемін.
Зорлық қылсаң өзгелерге -- өзің жәбір көресің,
Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің
Мәселені ата-аналармен талқылау. Мен баламды қалай имандылыққа тәрбиелеймін (ата-ана пікірі)
Жауап:(Бағдаттың анасы)
Иман дегеніміз- иманға көңілмен ықтияр бөлушілік» деген ислам дінінде. Иман дегеніміз сенім. Адам үмітсіз сенімсіз,
армансыз өмір сүре алмайды. Сондықтан балаға сенім мен дұрыс көзқарас қажет.Балаға әдепті болу үшін иманды екен,иман
жүзді екен деген сенім сәлемдесуден басталатынын үнемі айтып отыру керек.Сонымен бірге әділдікті, турашылықты өзінің
және басқалардың алдындағы шыншыл болуға, өзінен үлкен адамдарды құрметтеуге үйретіп отыру керек.Сонан соң
қанағатшыл болу,кішіпейіл,қарапайым,иманды болып көптің құрметіне бөлінетінін ескертіп отыру керек.
Жауап::(Сүндеттің әкесі)
Мұсылмандардың имандылық, инабаттық, адамгершілік ерекшеліктері жинақталған Хадист деген кітап бар.Хадист-
Мұхамед Пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап.
Кітапта былай делінген. Кімде –кім жүрегін иман үшін, шыңдық үшін ұстаса, өзін салихалы ұстап, көп тыңдап аз сөйлесе,
ол иманды адам екен.
Ең жақсы есім Аллах,
Ең жақсы дін ислам,
Ең жақсы ән азан,
Ең жақсы кітап құран,
Осының бәрін ұғатын мұсылман.
Студент Қара өлең «Дүние »(терме)
Бес күндік мынау жалғанда,
Алданба, жұртым, алданба.
Көзіңді мынау қызартқан,
Дүние өтер қолдан да.
Уақыттың өтер қонағы,
Адамзат мынау жалғанда.
Бәрі де артта қалады,
Қурайдай кеуіп солғанда.
Қызылды – жасыл дүние,
Көзіңнің отын жандырған.
Жаратқан Ием жар болып,
Нәпсімді бекер қоздырман.
Көрмесе бір сәт сағынып,
Қос өкпесі қабынып.
Алланы бір сәт еске алмай,
Ақшаға кетті – ау табынып.
Дүние деген қу түлкі,
Өзіңді қайран қалдырған.
Дұшпаның келіп басқа ұрып,
Досыңды серттен тайдырған.
Ақылың аспай алтыннан,
Адамдық істен аздырған,
Ислам салған сара жол,
Одан да көзді жаздырған.
Құдайдан тілеп шапағат,
Барыңа еткей қанағат.
Нәпсіңді тыйып сабыр ет,
Сабырдың түбі – ғаламат.
Алланың құлы бәріміз,
Пайғамбарға айтып салауат.
Тілім мен дінім біздерге –
Бабадан қалған аманат.
Ата-аналарға сауалнама беру және оны талдау.
Психолог:сауалнаманының қорытындысын шығарып,ата-аналарға жариялады.
Студенттердің үлгерімі мен тәртібін талдау
Алдымен жағымды нәтижелерден бастап,талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс
арқылы түзеуге болатынына көздерін жеткізгендей,сенімді түрде айтылып өтілді.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
«Ей, Адамзат!
Тоқта ойлан! Жүре бермей тырысып
Кетіп қалма залымдармен ығысып.
Сен өзіңе басшы қойып дайында,
Құран деген кітаптардың ұлысың».
Әрдайым иман жүзді мұсылман болуға тырысыңыздар.Сонымен өз бойларыңа әдептілік,эомарттық,сабырлық,адалдық,ар-
намыс,ұят-абырой,айырмашылықтарын түсінуге ұмтылайық. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелейік,Біздің келешегіміз-
жастардың имандылығында.Сондықтан балаларымызды Отанымыздың адал қамқоршысы болуға тәрбиелейік. Қазіргі
тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қойнына сіңген ислам дінінің имандылық қағидаларын
адамдар арасындағы ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік қарым қатынас негізіне алып жас ұрпақты тәрбиелеуде
пайдаланудың сыры тым тереңде жатыр. Әрдайым иман жүзді мұсылман балаларды тәрбиелейік.Біздің көзіміз бен санамыз
өмірдегі әртүрлі заттарды білу және қоршаған ортамыздан сабақ алуымыз үшін қашанда ашық болуы керек. Әр мұсылман
ойшыл болуға міндетті. Құран Кәрімнің бірінші аяты «Оқы!» деп түскенін ұмытпайық!
Жас жеткіншектердің түсінігі мен дүниетанымын қалыптастыру мақсатында елімізде атқарылып жатқан іс-шаралар көп.
Біздің келешегіміз –Жастардың имандылығында .Сондықтан да Отанның адал қамқоршысы болатын ұрпақ
өсірейік.Сонымен өз бойына имандылық,әдептілік пен әдемілік, жомарттық, сабырлық, адамдылық, ар-намыс, ұят-абырой,
парасаттылық, тәртіптілік қасиеттерін сіңіре білген ұл-қыздарымыз иманды да әдепті танылатыны сөзсіз деп жиналысты
аяқтай келе ата-аналарға алғыс білдіріп,оқуында не тәрбиесінде қиындық туғызып жүрген балалардың ата-аналарын 1-
минут кідіре тұруын сұрайды.Ондай кемшіліктерді көпшіліктің ортасында айтуға болмайды.
3 Ата–аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізудегі өзін-өзі тану пәнінің маңызы зор
Колледждегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, колледждің бірлескен әрекетінде екені ешуақытта
күмән туғызбайды. Колледжбен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда топ жетекшісі негізгі рөл атқарады.Мұғалім
17
мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің еңнегізгісі— психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып
табылады.Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны
сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының
дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын
арттырып қана қоймай, жеке танып- білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.Осындай формада колледж
психологымен бірлесіп өткізілген ата-аналар жиналысының үлгісін көрсетіп отырмын..
Достарыңызбен бөлісу: |