Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


САБАҚТЫҢ АТАУЫ: ТАҚЫРЫБЫ: «АЯЗ БИ» ЕРТЕГІСІ



Pdf көрінісі
бет6/33
Дата28.01.2017
өлшемі9,52 Mb.
#2929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

САБАҚТЫҢ АТАУЫ: ТАҚЫРЫБЫ: «АЯЗ БИ» ЕРТЕГІСІ
ОҚО Ордабасы ауданы І Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі 
Медетова Гүлзира Жолдасқызы. ПШО Шымкент І деңгей
Сабақтың атауы
Тақырыбы: «Аяз би» ертегісі
Сілтеме
Әдебиет Авторлары: Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, слайдтар, сабақ жоспары.
Жалпы мақсаты
1. Қазақ халқының бай қазынасы-ауыз әдебиетінің балаларға лайықты таңдаулы үлгісі- 
«Аяз би» ертегісінің мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтау, ертегінің тақырыбы мен 
идеясын анықтату;
2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, негізгі мәселені анықтай 
білу, сұрақ қою дағдыларын, сыни тұрғыда ойлауын дамыту;
3. Аяз бидің жақсы қасиеттері мен істерінің мәнін терең түсініп, өз бойларына дарытуға, 
кейіпкерден үлгі ала білуге тәрбиелеу.
Міндеттер
1.Оқушылардың белсенділігін арттыру;
2.Оқушылардың білетін білімін жаңғырту;
3.Ертегінің тақырыбы мен идеясын анықтау;
4. Өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдау;
5. Ұжымдасып бірлесе жұмыс істеу.
Мұғалім үшін оқу 
нәтижелері
1. Жеке, жұппен, топтаса отырып шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;
3.Оқушылардың бірін-бірі бағалау мүмкіндіктерін жасау.
Сабақтың түрі,әдіс 
тәсілдері
Білімді жүйелеу.
Сұрақ –жауап,жинақтау, қорыту, талдау,
«Интервью», «Топтастыру»,стратегиялары
Жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ұжымдық ойлау әрекеттерін 
ұйымдастыру,
Сабақтың көрнекілігі
Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар,бағалау парағы
Күтілетін нәтиже
1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді;
27

2. Ертегі мазмұнын біледі;
3. Ертегінің тақырыбы мен идеясын анықтайды;
4. Кейіпкерлерді жағымды және жағымсыз қасиеттері бойынша бөле біледі;
5.Кейіпкердің іс-әрекетіне баға бере біледі;
6. Бір-біріне сұрақ қояды;
7. Ой қорытады;
8. Пікірлерін айтады;
9. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
Ұйымдастыру
кезеңі
1. Сәлемдесу;
2. Даладан жиналып алынған жапырақ түрлеріне қарай топқа бөлу
3. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру барысында оқушыларға ертегі 
кейіпкерлерінің жақсы қасиеттерін келесі оқушыға айтқызу. Мысалы: «Сен Ер Төстік 
сияқты батырсың»т.б.
 2 мин
 Жаңа сабақ
1. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1.Оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын:
«Интервью» стратегиясы арқылы
А) Оқушылардан ертегі желісі бойынша құрған 
жоспарларын сұраймын;
Ә) Ертегінің мазмұнын қаншалықты түсінгенін анықтау 
үшін әр топқа сұрақтар қоямын:
1. Уәзірлер не үшін шөптің жаманы деп шеңгелді алды?
2. Уәзірлер не үшін Жаманды адамның жаманы деп 
шешті?
3. Уәзірлер неліктен құстың жаманы деп қырғауылды 
таңдады?
4. Жаман гауһар тастың ішінде құрт барын қайдан білді?
5. жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қайдан білді?
6. Жаман ханның наубайдың баласы екенін қайдан білді?
1.Оқушылар ертегі желісі бойынша құрған жоспарларын 
оқиды.
2. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
 Сабақтың барысы
2. Мұғалімнің іс-әрекеті
 Оқушының іс-әрекеті 28 мин
1.Ертегімазмұныбойынша топтарға тапсырма беремін:
І топ-ертегіде кездесетін кейіпкерлерді бойындағы 
қасиеттеріне қарай жағымды, жағымсыз деп топтастыру 
(«Топтастыру» стратег);
ІІ топ- басты кейіпкер Аяз бидің өткен сынақтарын жаз 
«Теріп алу» стратег;
ІІІ топ-Аяз би қандай қасиеттері арқылы мұратына жетті?
2.Әр топқа ойларын айтқызу, дәлелдету;
3. Қорытынды жасата отырып, ертегінің тақырыбы мен 
идеясын ашуға жетелеймін.
1. Оқушылар өз топтарында кезек-кезек жауап береді.
2.Тиісті анықтамаларды мысалмен талдап, өз сөздерімен 
дәлелдейді, флипчарттарға жазады.
1-топ
Ертегіде кездесетін кейіпкерлерді бойындағы қасиеттеріне 
қарай жағымды, жағымсыз деп топтастырады, қорғайды.
2-топ
Басты кейіпкер Аяз бидің өткен сынақтарын жазады, 
қорғайды.
3-топ
Аяз би қандай қасиеттері арқылы мұратына жеткенін 
тізбектеп жазады.
4. Қорытынды жасай отырып, ертегінің тақырыбы мен 
идеясын ашады.
4. Білім дәрежесі түрлі деңгейдегі оқушыларға тапсырма 
беремін.
5. Топ оқушыларының жұмысын топ басшысына 
бағалату;
6. Берілген бағалау парағына топ басшысының бағалауы 
бойынша бағаларын қоюын қадағалайды.
Білім дәрежесі түрлі деңгейдегі оқушылар берілген 
тапсырманы орындайды.
№1 (дарындылар) – берілген ұйқасқа өлең құрайды;
№2,3 (жақсылар) –диалог құрау.
№4 (орташа)- ертегі желісі бойынша бір сұрақ дайындайды.
Бекіту 5 мин
28

3. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
«Әңгіме кестесі» стратегиясы бойынша ертегіні 
талдатады.
Мақсаты:оқушылар берілген сұрақтардың жауабын 
іздейді, талдайды, анықтайды, жазады.
Оқушылар жауабын бағалау;
Оқушылар ертегіні толық талдайды.
Топ басшылары бағалайды.
Қорыту Күтілетін нәтиже 3 мин
4 .Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
 Рефлексия
Ойларын жазады.
 Бағалау 2 мин
5. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Берілген бағалау парағындағы оқушылардың бағаларын 
қорыту
Бағалау парағындағы ұпайлар есептеледі.
Үйге тапсырма 1 мин
6. Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Тапсырмалар тақтада жазылады.
1. «Менің ертегіден алған әсерім» тақырыбында шағын 
шығарма
Күнделікке жазады.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: АЙТЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
 
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы «Шардара» мектеп – лицейі
 қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі Бапанова Акшагул 
Сабақтың тақырыбы: Айтыс және оның түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардан айтыс өнері туралы толық мағлұмат алып, оның түрлерімен халық - ақындық жанр, 
әншілік, ақындар, аспаптық, орындаушылық арасындағы өзара байланысты ояту және айтыс өнерін қадірлей білуге, ой - 
өрісі мен дүниетанымын жетілдіріп, қазақтың атадан балаға мирас болып қалған айтыс өнерін бағалай білуге баулу. 
Оқушылардан ата – бабаларымыздың салт - дәстүрінен мағлұмат алу. 
Сабақ түрі:  Зерттеу, топтық сабақ.
Көрнекіліктері: АКТ – ны қолдану, электронды оқулық, үлестірмелі карталар, 
 флипчарт, стикер, маркер.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, диалог құру, жағдаятқа қалдыру сұрақтары,  дарынды оқушыларды анықтау, сыни 
тұрғыдан ойлауын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сыни түрғыдан ойланады және диалогтық қарым – қатынасқа түседі, тақырыптың мазмұнын 
аша отырып, өздері ізденеді, ситуациялық жағдаяттан шығу жолдарын іздейді және шешеді. Айтыс түрлерінің қоғамда 
атқаратын рольін, қадірін, құндылығын, қасиетін және тазалығын түсінеді. 
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезең. Сәлемдесу, түгелдеу. Өткен сабақ пен бүгінгі жаңа сабақты ұштастыру.
Үй тапсырмасын сұрау.  (Оқушыларды топқа бөліп отырғызу)  Айтыс және оның түрлері.
Сабақ құрылымының жоспары:
 І. Қызығушылықты ояту стратегиялары.
 ІІ. Мағынаны ажырату стратегиясы 
 ІІІ. Ой қозғау стратегиялары
  Жаңа   сабақ:   Салт   айтысы.    Әдет   -   ғұрып   пен   сенім   -   нанымға   күнкөріс   кәсібі   мен   тіршілік   күйіне   байланысты 
қалыптасқан айтыс түрі. Бұл айтыс түрі ХІХ ғ. кеңірек жайылған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар:
- Сүйінбай,
- Орынбай, 
- Шөже, 
- Баста, 
- Тәбия, 
- Мұрат, 
- Омарқұл, 
- Түбек. 
Салт айтысының 2 түрі бар: қыз бен жігіт және ақындар айтысы.
1) Қыз бен жігіт айтысы – көбіне той - думанда, мерекелік жиында айтылады. 
Той - думанның бір бөлімі болып кіруі оның салт өлең екенін айқындайды. Басты ерекшелігі – айтысқа түскен қыз бен жігіт 
арасында әзіл - қалжың, сондай - ақ әлеуметтік жағдайлар көбірек баяндалады. Мысалы, «Омарқұл - Тәбия», «Біржан - 
Сара», «Жамбыл - Салиха», «Кенен - Ләтипа», «Сүйінбай - Күнбала» т.б.
2) Ақындар айтысы – айтыс жанрының кейінгі даму кезеңінің жемісі. Айтыстың негізгі арқауы ру мәселесі. 
Ой толғаныс: Оқушылар бүгінгі сабақта тақырыпты қаншалықты меңгердіңдер?
 Сабақ несімен қызықты болды?
 Несімен қызықсыз болды?
 Қандай әдіс – тәсілдер ұнады?
29

 Сабақтан алған әсерлері (эссе)
РЕФЛЕКЦИЯ
НЕ БІЛДІМ?
НЕ ТҮСІНДІМ?
МЕН ҮШІН ЖАҢАЛЫҚ?
Бағалау: Бағалау парағы арқылы бағалау.
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Р\с
Оқушының аты-жөні
Өзін-өзі 
бағалауы
Топтың 
бағалауы
Мұғалім 
бағасы
Жиынтық баға
1
2
Үйге тапсырма: Салт айтысы. 
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ «АНАМА ХАТ» ӨЛЕҢІ
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Батыр ата ауылы «І.Есенберлин атындағы 
жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қазақ тілі және әдебиет пәнің мұғалімі Бұралхиева Мөлдір Датқабекқызы
Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынұлы «Анама хат» өлеңі. 6-сынып
Сабақтың мақсаты
1. Білімділік: А.Байтұрсынов-тілші ,әдебиетші, көркемсөз шебері,ақын,аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. 
Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып,идеясын ашу;
2. Дамытушылық: оқушылардың ойын еркін айта білуін қалыптастыру; 
3. Тәрбиелік: мейірмділікке,адамгершілікке,ұлтжандылыққа баулу, ұлыларымызды үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,топтастыру,сұрақ-жауап,талдау,ой толғау.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,домбыра,қобыз,сызба -кестелер,ҚР. картасы, кеспе қағаздар және 
жұлдызшалар,суреттер.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі,ән-күй.
І. Ұйымдастыру кезеңі
 а)оқушылармен амандасу, түгендеу.(1-слайд)
 ә) психологиялық дайындық (2-слайд)
Сабақтың дәйек сөзі: “Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше 
тұлға.” Ә.Кекілбаев
ІІ.Жаңа сабақ (3,4,5 - слайд)
1. А.Байтұрсынұлының өткен сабақта қандай шығармасымен таныстық? («Қара бұлт» өлеңі) 
2. Өлең тақырыбы не жайында? (Адам бойындағы жақсы,жаман қасиеттер жайында) 
Ал бүгінгі сабағымызда «Анама хат» өлеңі.
3. Өлеңнің шығу тарихымен таныстырылады. (5-слайд,сызба-кестемен) 
Бұл өлеңі домбырада әнімен орындалған.(Музыка пәнінің мұғалімі домбырамен «Анама хат» әнін орындайды)
4. Ән тыңдау кезінде «Ақын туған жерінің келбеті» слайдтары көрсетіледі (6,7-слайдтар). 
5. Музыка пәні мұғалімі ән туралы сұрақтар береді: 
- Ән қандай екпінде орындалды?
-Әнді тыңдау барысында қандай көңіл-күйде болдыңыздар?
ІІІ.Топтық жұмыс. (8-слайд) Топтық жұмыс орындалу барысында Мүбарак Салақовтың орындауындағы 
А.Байтұрсынұлының «Анама хат» әні аудиотаспадан жіберіледі.
 І топ. «Ақындар» 
1.Алғашқы үш шумағын мәнерлеп оқу.
 2.Бір шумақты өлең құрылысына қарай талдау.(сатылай кешенді талдау)
 ІІ топ. «Жазушылар»
 1. 4,5,6 шумақтарды мәнерлеп оқу.    2.Қара сөзге айналдырып, әңгіме құрау.
 ІІІ топ. «Өнерпаздар»
 1.Соңғы үш шумағын мәнерлеп оқу.
 2.Ақын бойындағы қандай қасиетті байқадың? (ақынның мұғалімдік қызметінен шағын көрініс қойылады)
Ауылға Ахмет келеді. 
Ахмет: -Ассалаумағалейкум,ата!
Қария: -Уағалейкумсалам. Амансаулық сұрасқаннан кейін Ахмет келген шаруасын айтады.
Ахмет:-Мен ауданнан келіп  отырмын.Өзімнің түрік әрпінен аударған 28 әрпімді оқытуға, балалардың көзін ашуға келдім.
Қария: -Оқуға балалар берілмейді.Оқығандардың бәрі ату жазасына кетіп жатыр,олар «халық жауы» атанса,балаларымыз 
ауылда қой бағып,жүре бермей ме? Басшыларыңа солай деп айта бар!
Ахмет: -Ал,ата,мен енді кетейін.Батаңызды беріңіз?
Қария: -Бақ қарасын,Қыдыр дарысын,
30

Жорытқанда жолың болсын,
Қыдыр ата жолдасың болсын! Әумин!
ІV. Сөздікпен жұмыс.
Лаухұлмахбұз – діни ұғым бойынша адам тағдыры жазылатын тақта
Хақ тағалам- жаратушы алла
Жарам – уайым,қайғы
Харам - адал емес
Кермесіне – кедергі,қарсылық мағынасында
V.Сергіту сәті. (10-слайд,музыкамен) 
VІ.Бекіту.(11,12-слайдтар) 
1. «Кім тапқыр?» ойыны.Интербелсенді тақтада берілген тапсырманы оқушы сызба арқылы табады.
2. Шығармашылық жұмыс.
І топ. «Ақындар» Өз шығармашылығыңнан анаңа жазылған бір шумақ өлең оқып бер.
ІІ топ«Жазушылар» Ана тақырыбына жазылған мақал –мәтелдер айтып бер.
ІІІ топ. «Өнерпаздар» Анаңа не сыйлар едің? (оқушы интербелсенді тақтаға сурет салады)
Анаға деген махабатты күймен де жеткізуге болады.
3.Музыка пәнінің мұғалімі Сағырбайұлы Құрманғазының «Аман бол,шешем» күйінің тарихымен таныстырады және пән 
мұғалімімен қосылып, осы күйден үзінді орындайды. (домбыра және қобыз аспаптарында)
VІІ.Қорытындылау. Топтастыру әдісі бойынша балаларға түрлі-түсті жұлдызша қағаздар таратылады.
Сабақта ақынның шығармаларынан кітап бұрышы ұйымдастырылады.(13-слайд)
VІІІ.Үйге тапсырма: (14-слайд)
1.Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқу.
2.Аналарымызға хат жазу (өлең шығару,сурет салу
ІХ.Бағалау.(15-слайд) Сабақ барысында оқушылар жауабына жасыл,қызғылтсары,көк түсті жұлдызшалар сыйлық ретінде 
жауаптарына сәйкес беріледі.Мұндағы жасыл-«өте жақсы», қызғылтсары-«жақсы»,көк- «орташа».Оқушы жауаптарын 
А.Байтұрсынұлының тәрбиелі сөздерімен байланыстырып бағалау.
* * * * *
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: АЛҒЫРЛАР МЕН ТАПҚЫРЛАР
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Қобда мектеп-балабақша 
комплексі бастауыш сынып мұғалімі Мадетхан Кулзат
Сабақ тақырыбы:Алғырлар мен тапқырлар
-Сабақтың мақсаты :-Ақыл –ойын, жылдам ойлауын , ептілігін арттыру , оқушылардың алған білімінқорытындылау ;
Сабақтың барысы: І .ұйымдастыру
-Ал келіңдер, келіңдер ,
Дұрыс жауап беріңдер .
Білімдердітексеріп ,
Саудаласып көріңдер .
Сырларыкөп білімнің ,
Шешілмеген әлі де ,
Тереңдігі білімнің ,
Керек екен бәрі де .
Сайысымыз басталмас бұрын шартымен таныстырып 
жіберейік .
ІІ. Сайыс шартымен таныстыру
1.бәйге
2.мақал сөздің мәйегі-мақалдар сайысы
3.көкпар
4.Білімдінің шоқтығы биік
5.Ұшқыр ой
Қорытынды
-бәйгеге түсіп жарыспай ,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
кім жүйрік ойға ,сол алда –деп бүгінгі
2-сынып арасындағы ой мен білім сайысын бастаймыз .
1. таныстыру .
Бұл кезеңде оқушылар өздері туралы таныстырады .
1.Турбаева Альбина
2.Карабаева Гауһар
3.Тіршілік Фариза
4.Майлыбаева Арланбек
5.Қоныс Жұлдыз
6.Максутов Дастан
-өздерін таныстырады .
Келесі кезектетөрешілерді таныстырып өтейік .
ІІ. Ұлт тірегі білімді ұрпақ қолында
Ізденіңдер білім алу жолында ,
Еліңді сүй ,жеріңдісүй құрметте ,
Жас қырандар алау оттай жалында .
Келесі кезегіміз «бәйге деп аталады»
Әрсұрақ 5 ұпаймен бағаланады .
ІІ.Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң ,
Тістерсің бір күн бармақты –деп балаларға ақыл болатын сөз мәйегі мақалдар сайысы.
«мақал сөздің мәйегі» Әр оқушы өздері жаттаған саннан құралған мақалдарын айтады .Әр мақал 5 ұпаймен бағаланады .
ІІІ кезең. Сараланар сайыскерлер білімі. Математика ,қазақ тілі, әдебиет пәндері .
Білімділер озар бүгін ілгері-деп« көкпар » кезегін бастаймыз.
Тақтадағысандарды таңдап, сұраққа жауап беру арқылыұпай жинайды .
1.Абай өлеңіндегі 5 асылды ата .(10)
2.Абай өлеңдегі5 дұшпанды ата .(10)
3.Қобда ауданынан неше жыл? (10)
4.Үш арсызды ата . (10)
5.1 сағ 32 минмин (20)
6.Солынан оқысаң да сол сан (20)
7.Столдың төрт бұрышы бар ,
31

бір бұрышын кесіп алсам неше бұрышы қалады .(20)
8.Бөренені 5 –ке бөлу үшін неше рет кесеміз?(20)
9.Мен бір аяқпен тұрсам 60 кг мын .Екі аяқпен тұрсам неше кг-мын ?(30)
ІҮ кезең Білімдінің шоқтығы биік
1.Талда өсіп тұрған 5 қызынақтың 2-ін алдым .Талда неше қызанақ қалды ?
2.6 құс ұшып бара жатты .Аңшы 2-ін атып алды . Неше құс қалды ?
3.Қалаға 2 адам бара жатты .Алдынан қарсы 1 адам кездесті .Қалаға неше адам барады ?
Ү кезең Сұрақ-жауап .
1.заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады ?
2.Жалқы есім қалай жазылады ?
3.Өсімдік неше топқа бөлінеді ? Қалай ?
4.25 пен 5тің қосындысынан 10 –ды азайт
5.санға 1-ді қоссам не шығады ?
6.Бай болсаң , халқыңа пайдаң тисін , батыр болсаң жауыңа найзаң тисін –деген кімнің сөзі .
7.өсімдік сөзінде неше буын бар ?
8.Өсімдікке жасыл түс беруші не?
9.Адамға ең қымбат байлық не ?
10.Тіршілік жалғасы не ?
1.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал .
2.Санға нөлді қоссам не шығады ?
3.Құнарлы топырақ дегеніміз не ?
4.Сөздің әрі қарай бөлінбейтін бөлігі қалай аталады ?
5.Ыстық сөзіне қарама қарсы сөз
6.Ең кіші2 таңбалы сан.
7.Алтын ұяң-Отан қымбат ,
Құт береке атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат ,
Кіндік кескен жерің қымбат ,
Ұят пененар қымбат-кімнің сөзі
8.Қимылды білдіретін сөздер қалай аталады ? 
9.сағ 10 мин -мин
10.Қосымшалар қалай бөлінеді ?
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік ,
Сөз кезегін қазыларға берелік ,
Арамызда тапқыш достар көп екен ,
Солардың біз нәтижесін көрелік .
Кезек төрешілерге беріледі .
Жинаған өн бойына білім кенін,
Тәнтімін ,ынтызармын, өрендерім .
Бұл сынна сүрінбестен өте шыққан ,
Жарайсың ,айналайын ,өрендерім .
Бойларыңда от бар екен байқадым ,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым .
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей ,
Біліміңмен шарықтағын әрдайым .
* * * * * 
ВНЕКЛАССНОЕ МЕРОПРИЯТИЕ«ПОГОВОРИМ О ДРУЖБЕ»
Актюбинская область, Кобдинский район, Кобдинский комплексный 
школа-сад учитель русского языка Тасмагамбетова Айгул Успановна
Цель: формирование у детей понятий о дружбе и правилах дружбы.
Задачи: 1.Способствовать расширению знаний о взаимоотношениях людей, о дружбе.
2. Воспитывать культуру общения, дружеские взаимоотношения, желание поддерживать друзей.
Звучит музыка В. Шаинского из кинофильма «По секрету всему свету»
Вступительное слово учителя: Здравствуйте , дорогие гости! Добро пожаловать на наш праздник.Сегодня мы поговорим о 
дружбе.
Все дети хором:
Собрались все дети в круг
Я твой друг и ты мой друг
Вместе за руки возьмемся
И друг другу улыбнемся.
1.Нашей встрече все мы рады
Мы пришли не за наградой
Нам встречаться часто нужно
Чтоб жить весело и дружно!
2.А еще на праздник в зале
Мы гостей созвали
Убедитесь, что у нас
Самый лучший в школе класс!
3.Давайте отложим дела на потом,
О дружбе расскажем, о дружбе споем!
4.Дружба главное чудо всегда
Сто открытии в себе таящее
И любая беда не беда
Если рядом друзья настоящие!
Ребята , давайте поговорим о дружбе. Иногда говорят: 
«Друзья - не разлей вода.»
Как вы понимаете это выражение?
32

Что же такоедружба?
Чтобы узнать об этом давайте прочитаем стихотворения о 
дружбе.
1.Дружба – это тёплый ветер,
Дружба – это светлый мир,
Дружба – солнце на рассвете,
Для души весёлый пир.
2.Дружба – это только счастье,
Дружба – у людей одна.
С дружбой не страшны ненастья,
С дружбой – жизнь весной полна.
3.Друг разделит боль и радость,
Друг поддержит и спасёт.
С другом – даже злая слабость
В миг растает и уйдет.
4.Верь, храни, цени же дружбу,
Это высший идеал.
Тебе она сослужит службу.
Ведь дружба – это ценный дар!
А вот так слово «дружба» толкуется в словареС.И.Ожегова
Дружба – это близкие отношения, основанные на взаимном доверии , привязанности, общности интересов .
А сейчас мы немножко отвлечемся и посмотрим видеоролик о дружбе.
Люди сложили о дружбе много пословиц и поговорок. Предлагаю вам поиграть в игру «Собери пословицу». Начало 
пословиц я вам зачитаю, а концовку вам нужно будет найти на карточках, которыея сейчас раздам.
« Нет друга – ищи ...( а нашел- береги)»
«Старый друг лучше... (новых двух)»
«Не имей 100 рублей,... (а имей 100 друзей)»
«Человек без друзей, ... (что дерево без корней)»
«Друг познается ...(в беде)»
«Сам погибай, ... (а товарища выручай)»
«Один за всех, и ...(все за одного)»
« Нет друга – ищи ... (что дерево без корней)»
«Старый друг лучше... (а имей 100 друзей)»
«Не имей 100 рублей,... (в беде)»
«Человек без друзей, ... (а товарища выручай)»
«Друг познается... ( а нашел- береги)»
«Сам погибай, ... ...(все за одного)»
«Один за всех, и ... (новых двух)»
Сүйемін, құрметтеймін достың атын,
Дос барда талмайтындай қос қанатым.
Қосылып жүректегі сырларымыз,
Арманның асқарына жол табатын.
Бейімдеп мінезімді мінезіне,
Ұқсағым келіп тұрар бір өзіңе
Ай нұрлы, шуақ жүзді асыл досым
Өзіңді балап жүрем күн көзіне
Өмір сәні достықта
Көңіл нәрі достықта
Жүректі мәңгі жалғадық
Сырға сырды қостық та.
Друг- это тот, кто тебя понимает.
Друг- это тот, кто с тобою страдает.
Друг не покинет тебя никогда
Друг остается с тобой навсегда.
Друг никогда тебя не обидит,
Друг- это тот, кто тебя насквозь видит.
И если с тобой приключится беда,
Только от друга жди помощь тогда...
Лишь другу ты можешь доверить секрет,
Ведь между друзьями предательства нет.
И тот у кого миллионы друзей,
Намного богаче всех королей.
И даже когда никого нет вокруг
Незримо с тобою твой лучший друг...
С другом разделю все вместе
С другомвсегда я честен
Если в чем –то я не прав
Друг поможет- он не враг
В обиду друга я не дам
Не променяю , не предам
От того беги скорей
Кто чернит своих друзей
Обижатьсяне спешу
Школьной дружбой дорожу.
Игра: Построим «Дом Дружбы» Дети выбирают кирпичики с качествами дружбы, а те что считают ненужными , убирают 
в сторону. На доске выстраивается «Дом дружбы».
Добрый, вежливый, честный, щедрый, сильный, внимательный, заботливый, преданный, умеющий хранить секреты, 
отзывчивый, хорошо учится, любезный, терпеливый, доверчивый, веселый, строгий, общительный, бескорыстный, 
трудолюбивый. Трусливый, жадный, льстивый, ленивый, ябеда, глупый, вор, каприза, задира, лживый, злой, невежа.
Подсказка
Добрый-ізгі
вежливый – сыпайы
честный- адал
щедрый- жомарт
внимательный- ықыласты
заботливый- қамды
преданный- берілген
отзывчивый- қайырымды
любезный - ізетті
терпеливый- сабырлы
доверчивый- сенгіш
общительный- жатырқамайтын
бескорыстный –тек өз басын
ойламайтын
трусливый- қорқақ
жадный -сараң
ленивый -жалқау
ябеда- арызқой
глупый- ақымақ
задира - төбелесқор
лживый- өтірікші
злой- ашуқор
невежа- көргенсіз
умеющий хранить секреты –құпияныжасыра білетін
трудолюбивый – еңбекқор
Сценка про дружбу.
Ведущий:
Как-то заинька трусишка,
Зайка - серые штанишки,
Повстречал в лесу лисичку,
Очень хитрую сестричку,
Зайка лиску увидал,
Как осинка задрожал.
А лисочка - то хитрит
И зайчишке говорит:
Лиса:
Что ты, заинька, дрожишь?
Что ты, серенький, молчишь?
33

Не приветствуешь меня,
Ведь с тобою мы друзья.
Дай тебя я обниму,
Лапку я твою пожму.
Заяц:
Ой, боюсь, боюсь тебя,
Съешь ты, лисонька, меня!
Ведущий:
Только треснул вдруг сучок,
Слышит лиска голосок:
Еж:
Не пожмешь! И не старайся!
И отсюда убирайся!
Друга съесть тебе не дам!
Лапы прочь! А то под дам!
Ведущий:
Видит зайка из-под елки
Выбегает еж из норки,
Палкой он лисе грозит
Ну, а та как побежит!
И лишь пятки засверкали,
Только лиску и видали.
Ребята, посмотрите на доске висит плакат с изображением сердца. Это наше сердце, давайте согреем его теплом наших 
ладошек. (дети несут заранее сделанные дома бумажные ладошки, читают пожелания классу).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет