Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата29.01.2017
өлшемі5,73 Mb.
#2947
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


Кіріспе 
Бүгінгі  күні  біздің  қоғамға  проблемаларды  шеше  алатын,  шешім  қабылдайтын, 
сындарлы  ойлайтын,  идеялар  мен  өнімді  пікір  ұсына  алатын  және  командада,  топтарда 
тиімді  жұмыс  істейтін  икемді,  креативті  және  бастамашылық  қабілеті  бар  жастар  қажет. 
Күрделілігі  күн  сайын  артып,  өзгеріп  және  тез  жетіліп  келе  жатқан,  біз  өмір  сүріп  жатқан 
әлемде  «Білімнің  болуы»  бүгінгі  күні  жеткілікті  емес.  Адамдардың  өмір  бойы  білім  алуын 
оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім 
беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз.  
Осы  әдістемелік  құрал  оған  енгізілген  әдістермен  шектеліп  қалмауға  тиіс,  ол 
мұғалімдер  өздерінің  күнделікті  педагогикалық  қызметіне  енгізгісі  келетін  әртүрлі  әдістер 
туралы оларға тәжірибелік кеңес беру үшін құрылған. Бұл жинақ мұғалімдер үшін жоспарлау 
барысында, оқушылар мен мұғалімдерге арналған ынталандырушы, байытушы, батыл және 
шоғырландырушы ортаны құруда пайдалы құрал болады деп күтіледі.  
Сондай-ақ бұл оқу-әдістемелік құралда жинақталған әдістер мен тәсілдер мұғалімдер 
жүргізіп  отырған  тәжірибелік  жұмыстың  нәтижесі  ретінде  алдағы  уақытта  оқыту  және  оқу 
мәнмәтініне  сәйкес  пайдаланылады  және  әзірленеді  деп  болжанумен  қатар,  бұл 
мұғалімдердің көшбасшылығын нығайту әдісі болып табылады.  
Белсенді  оқыту  мен  оқу  әдістерін  таңдау,  пайдалану  және  әзірлеу  –  оңай  жұмыс  емес, 
өйткені  мұғалімдерде  қандай  да  бір  тәсілді  қолданардың  алдында  көптеген  сұрақтар 
туындайды, мысалы:  

 
Осы сабақ білім алушылардың жасына сәйкес келе ме?  

 
Сыныпта қандай балалар жиналған, мысалы, қабілеттерінің деңгейлері әртүрлі, саны, 
жынысы және т.б. 

 
Жекелеген  оқушыларда  жоспарлау  барысында  ескерілуі  тиіс  белгілі  бір  мұқтаждық, 
өзіндік мән-жайлар бар ма? 
Белсенді  оқыту  мен  оқудың  белгілі  бір  әдісін  пайдаланардың  алдында  мұғалімдер 
өздеріне әртүрлі сұрақтар қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып 
отыруы керек. 
 1-кесте. Сыныпта белсенді ахуал құру үшін мұғалім мен оқушының рөлін өзгерту 
Оқыту ортасында мұғалім тұратын 
сынып 
Оқыту ортасында оқушы тұратын 
сынып 
Мұғалім «білім көзі» ретінде 
Мұғалім 
білімнің 
ұйымдастырушысы 
ретінде 
Мұғалім  балалар  үшін  «орындаушы» 
ретінде 
Мұғалім жәрдемдесуші «дәнекер» ретінде 
Оқушылар – білімді «енжар» алушылар  
Оқушылар белсенді және бірлескен 
Оқушылар сұрақтарға жауап береді  
Оқушылар сұрақ қояды 
Оқушылар  «шектен  тыс  қамқорлыққа 
алынған» 
Оқушылар өздерінің рефлексивті оқуы үшін 
жауапты болады 
Оқушылар бір бірімен бәсекелеседі 
Оқушылар оқу үдерісінде бірігеді 
Оқушылар өз пікірлерін білдіреді. 
Оқушылар басқалардың пікірлерін белсенді 
тыңдайды. 
 
 
 


ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ 
 
БФЕ (БАРЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫ ЕСКЕРУ) 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
ақпараттарды басқару; 

 
бірлескен жұмыс; 

 
ойлау, проблемаларды шешу, шешім қабылдау. 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл  әдіс  оқушылар  шешім  қабылдағанда  немесе  қандай  да  бір  идеяны  ойлағанда, 
оларды барлық сәйкес келетін факторларды ойлауға шақырады. Шешім қабылдап, белгілі бір 
әрекет барысын жоспарламас бұрын қолданылған жағдайда бұл әдіс пайдалы болмақ. Шешім 
мен  идеяны  анықтай  алатын  факторлардың  толық  тізімін  жасау  үшін  «Әткеншек»  әдісімен 
бірге пайдалануға болады.   
Сыныпты жоспарлау 
Егер  аталған  әдіс  «Әткеншек»  әдісімен  бірге  қолданылса,  оқушылар  топтасып 
сыныптағы  әртүрлі  тақталарға  кезек-кезек  бару  қажет.  Немесе  оқушылар  өз  орындарында 
қалып, белгілі бір уақыт өткен соң, артқы жақта отырған топқа оқу плакаттарын берулеріне 
болады.  
Жұмыс алгоритмі 
1.  Ұйымдастырушы  педагог  шешім  қабылдау  және  жоспарлау  кезінде  барлық 
факторларды қарау маңыздылығын оқушылармен талқылауға ниет білдіруі мүмкін. Мысалы, 
егер қандай да бір маңызды фактор ұмытылып қалған жағдайда,  дұрыс болып көрінетін іс-
әрекет ақыр соңында дұрыс болмай шығуы мүмкін.   
2. Топтарда оқушылар Барлық факторларды ескеру шаблонын толтыра алады 
 
 
 
3.  БФЕ  сауалнамалары  толтырылғаннан  кейін  оқушылар  топтар  арасында  ауысып, 
басқа  топтар  айтқан  факторларды  қарауы  тиіс.  Олар  өзара  бағалау  тәсілі  ретінде  «Екі 
жұлдыз, бір тілек» стратегиясын пайдалана алады. 
4.  Бұдан  кейін  оқушыларға  басқа  топтардың  парақтарында  жазылғанның  негізінде 
өздерінің парақтарындағы бастапқы факторларды өзгерту не толықтыру үшін уақыт беріледі. 
5.  Бұдан  кейін  барлық  факторларды  біріктіру  мақсатында  жауап  алу  жүргізіледі, 
сөйтіп барлық топ өзіне пайдалысын алады. 
 
 
БФЕ-нің үлгі сценарийі 
Қазақстанға  келетін  туристердің  және  іскер  топтардың  көбейіп  
келе  жатқан  санын  толығымен  қабылдау  үшін  Астана  әуежайының 
терминалын  және  ұшу-қону  жолағын  қайта  жоспарлауға  өтініш 
берілген.  Кәсіпкерлік  және  туристік  департаменттердің  басшылары 
жоспарды қолдайды, алайда жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаны 
қорғаушылар  қарсылық  білдіріп  отыр.  Түпкілікті  шешім  қабылдау 
барысында қандай факторлар ескерілуге тиіс? 


БФЕ шаблоны 
 
Пікір/ Сұрақ/Талқыланатын мәселе: 
 
 
1-фактор  
 
Артықшылықтар/иә 
Кемшіліктер/қарсы 
Қызықты факторлар 
 
 
 
2-фактор  
 
 
Фактор 3 
 
Барлық факторларды талқылағаннан кейін … деп ойлаймын. 
 
 
 
 
Артықшылықтар/иә 
Кемшіліктер/қарсы 
Қызықты факторлар 
Артықшылықтар/иә 
Кемшіліктер/қарсы 
Қызықты факторлар 


КАРТОЧКАЛАР ИЕРАРХИЯСЫ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
бірлескен жұмыс; 

 
ойлау, шешім қабылдау.  
Жалпы сипаттама 
Бұл  тапсырма  оқушыларға  идеялар  мен  ақпаратты  басымдығы  бойынша 
орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді. 
Сондай-ақ осыған ұқсас «Гауһарлар иерархиясын» қараңыз. 
Сыныпты жоспарлау  
Оқушылар  тақтаның  немесе  қабырғаның  жанында  жұмыс  істейді.  Немесе  топтарға 
үстел басында жұмыс істеуге болады. 
Жұмыс алгоритмі 
1. Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточка беріледі.  
2.  Оқушылар  оларды  маңыздылық/басымдығына  қарай  орналастырады.  Оларды 
тігінен немесе қатарлап қоюға болады.  
3.  Бұдан  кейін  оқушылар  сынып  ішінде  сұрақты  талқылауды  бастар  алдында  бір 
бірінің рейтингілерін салыстыра алады.  
4. Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болуы ықтимал.  
5. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты басқа әдістерді пайдалануға 
болады.  
 
 
 
 


ӘТКЕНШЕК (КАРУСЕЛЬ) 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
бірлескен жұмыс; 

 
ойлау, шешім қабылдау. 
Жалпы сипаттама 
Бұл белгілі  бір сұраққа қатысты оқушылардың ойлары мен жауаптарының жиынтық 
тізімін  жасауға  көмектесетін,  құрылымдалған,  ақпараттық  немесе  ойлау  қабілетін  арттыру 
әдісі. Өздерінің ойларын айту немесе қаралып отырған сұрақ бойынша ұсыныс енгізу үшін 
оқушылар  шағын  топтарда  жұмыс  істейді.  Сондай-ақ  олар  басқа  топтардың  идеяларын 
бірлесіп  бағалап,  сұрақтарға  өздерінің  жауаптарын  қалыптастыру  үшін  осы  идеяларды 
әлеуетті  негіз  ретінде  пайдалана  алады.  Шағын  топтардан  ақпарат  жинақтауға  арналған 
тәжірибелік тапсырма үшін «Идея іздеуші» немесе «Стикерлер жинағын» қараңыз.  
Сыныпты жоспарлау 
Оқушылар  сыныптағы  бір  тақтадан  екінші  тақтаға  кезектесіп  топтасып  ауысып 
отырады. Немесе оқушылар сынып ішінде топ болып көшіп жүрмеу үшін белгілі бір  уақыт 
өткеннен кейін оқу плакаттарын өздерінен кейін отырған топқа бере алады.  
Жұмыс алгоритмі 
1. Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. 
2.  Әрбір  топқа  белгілі  бір  тақырыпқа  қатысты  жазылған  сұрағы  бар  оқу  плакаты 
немесе А3 форматтағы қағаз беріледі. Әрбір плакатта әртүрлі сұрақтар болуға тиіс. 
3.  Оқушылар  топтарында  жұмыс  істейді,  бұл  ретте  оларға  бастапқы  сұраққа 
негізделген  өздерінің  жауаптарын,  ойлары  мен  идеяларын  жазуға  берілген  регламент 
сақталуы керек.  
4. Бұдан кейін өздерінің жауаптарын  оңай тануы үшін  әрбір  топқа  түрлі-түсті  қалам 
беріледі. 
5. Берілген уақыт аяқталған соң оқушылар басқа сұрағы бар келесі плакатқа көшеді.  
6.  Олар  алдыңғы  топтың  жауаптарын  оқиды  және  олармен  келісетіндігін    немесе 
келіспейтіндігін  талқылайды.  Егер  олар  келіскен  жағдайда,  құстұмсық  қояды.  Келіспесе, 
түсініктеме жазып, өз шешімдерін негіздей алады. 
7.  Осыдан  кейін  оқушылар  қойылған  сұрақ  бойынша  өз  ойларын  жазады.  Егер 
олардың  идеялары  бұрынғы  топтың  жазбаша  жауаптарынан  туындаса,  сызықшамен 
идеяларды қосуға болады. 
8.  Әткеншек,  егер  уақыт  болса,  әрбір  топ  әрбір  сұрақты  қарап,  оған  жауап  бергенге 
дейін жалғасуы мүмкін.  
9. Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болады. 
10.  Әткеншек  бағалаудың  жақсы  құралы  болып  табылады.  Төмендегідей  сұрақтар 
қойылуы мүмкін:  
Бүгін Сіз не білдіңіз?  
Бүгін Сіз үшін не ең керемет/таң қаларлық/қызықты/пайдалы болды?  
Сіз нені басқаша істер едіңіз? 
 
 


АР-ОЖДАН АЛЛЕЯСЫ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
ойлау, шешім қабылдау

 
бірлескен жұмыс. 
Жалпы сипаттама 
Бұл  рөлдік  стратегия  оқушыларға  тез  арада  белгілі  бір  тақырыпқа  қатысты  барлық 
сұрақтарға  қысқаша  шолу  жасауға  мүмкіндік  береді.  Оның  басқа  «стандарттық»  рөлдік 
ойындарға қарағанда артықшылығы  сол, едәуір  тез өткізілуі  мүмкін. Ол төменгі  сыныптың 
оқушылары немесе қабілеттілігі төмен оқушылар үшін ерекше қолайлы бола алады, өйткені 
олардың  ұзақ  уақыт  бойы  рөлде  болуы  талап  етілмейді.  Сондай-ақ  оларға  сұрақ  бойынша 
ауқымды ақпаратты білу керек емес, өйткені рөлдері бар карточкаларда олардың кім екендігі 
және талқыланып отырған белгілі бір жағдайға қатысы жазылады.  
Сыныпты жоспарлау 
Жүру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет. 
Жұмыс алгоритмі 
1. Оқушыларға жағдайды түсіндіріңіз (мысалы, мектепте болған  үлкеннің кішкентай 
балаға  күш  көрсету  оқиғасы  жергілікті  жастар  клубында  қайталанды.  Мектептен  осы  іспен 
айналысу сұралды). 
2.  Бұдан  кейін  әрбір  оқушыға  олардың  кім  екендігі  жазылған  және  осы  жағдайға 
олардың  қандай  қатысы  бар  екені  қысқаша  сипатталған  рөлдері  бар  карточка  таратыңыз 
(мысалы,  жәбірлеуші,  жәбірленуші,  жәбірленушінің  досы,  жәбірлеушінің  достары,  жастар 
ісімен айналысатын қызметкер, сынып жетекшісі, т.б.). 
3.  Ортада  өтетін  жол  қалдырып,  оқушыларды  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  қатарға 
қойыңыз.   
4. Еркін тәртіппен оқушыларды таңдап, олардан өзінің рөлімен таныстыруды сұраңыз.  
5. Қалған оқушылардан осы «кейіпкерге» арналған бір өтініш ойластыруды сұраңыз.  
6. Бұдан кейін таңдап алынған оқушы қатар арасынан өтеді, ал қалған сынып ол өткен 
кезде өз өтініштерін білдіреді (оқушыларды «рөлге енуін» ынталандыру үшін осыны бірнеше 
рет қайталау қажет).  
7.  Таңдап  алынған  оқушыдан  қандай  өтінішті  сенімді  деп  есептейтінін,  сондай-ақ 
жағдайға қатысты не ойлайтынын сұраңыз.  
8.  «Ар-ождан  аллеясы»  арқылы  өту  үшін  басқа  оқушыларды  таңдап,  тапсырманы 
қайтадан өткізуге болады.  
 
 
 


КРЕАТИВТІ МАТРИЦА 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
креативтілік; 

 
ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу

 
бірлескен жұмыс. 
Жалпы сипаттама 
Бұл әдіс оқушыларды жағдайлардың, нұсқаулардың, идеялар мен оқиғалар топтамасы 
туралы (болжамды түрде) креативті ойлауға ынталандырады. Бұл ойлау және проблемаларды 
шешу  дағдыларына  ықпал  ете  отырып,  оқушыларға  сұрақтарға  жаңа  қырынан  қарауға 
мүмкіндік  береді.  Нұсқаларды  зерделеп,  басқа  оқушылар  идеяларының  негізінде  өз 
нұсқаларын сындарлы әрі креативті етіп құрастыру үшін оқушылар топтарда жұмыс істейді. 
Жұмыс алгоритмі 
1. Оқушыларға белгілі бір мәселеге негізделген болжалды сценарийлері бар матрица 
беріңіз: 
КРЕАТИВТІ МАТРИЦА – Менің қоғамым 
Проблема: 
Не? 
Маскүнемдік/ 
нашақорлық 
Темекі шегу 
Нәсілшілдік 
Қатыгездік 
Ластану 
Адамдар: 
кім? 
Зейнеткерлер  Ата-аналар 
Этникалық 
аз топтар  
Отбасы 
Жеткіншектер 
Орын:  
қайда? 
Жұмыста 
Мектепте  
Қалада 
Үйде 
Демалыста 
 
2.  Оқушылардан  үстіңгі  әрбір  қатардан,  олардың  пікірінше,  өмірде  болуы  мүмкін 
және болуы мүмкін емес бір нұсқаны таңдап және оларды бірге қосуды сұрайды. Мысалы:  
• Анағұрлым ықтимал = маскүнемдік – жеткіншектер – демалыста 
• Ықтималдығы төмен = қатыгездік – зейнеткерлер – жұмыста 
3.  Оқушылардан  жауаптарын  басқа  топтардың  жауаптарымен  салыстыра  отырып,  өз 
нұсқаларын  дәлелдеу,  сондай-ақ  олардың  ықтималдығы  төмен  сценарийлері  іске  асуы 
мүмкін жағдайларды анықтау сұралады.  
4.  Бұл  тапсырма  бірқатар  идеялар  бойынша  шығармашылық  қабілеттілікті 
ынталандыруға арналған жоспарлау құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.  
 
КРЕАТИВТІ МАТРИЦА 
Азық-түлік өнеркәсібінде қандай іс аса табысты болуы мүмкін?  
Түрі 
Үнді 
Француздық   Британдық  
Қытайлық 
Итальяндық 
Адамдар  Зейнеткерлер  Мамандар 
Этникалық 
аз топтар  
Отбасы 
Жеткіншектер 
Қалай? 
Конвейерлік 
таспада  
«Фастфуд»  
Автодәмхана  Өзіне 
өзі 
қызмет 
көрсететін 
тамақтану 
орны 
Дәмхана  
 
Оқушылардан  анағұрлым  табысты  немесе  табысы  шамалы  бизнес  идеяларды  таңдауды 
сұраңыз:  
• Аса табысты = үнді - мамандар үшін – конвейерлік таспада  
• Табысы шамалы = француздық – жеткіншектер үшін – «Фастфуд» 
5. Бұдан кейін оқушылардан топ ішінде олар атқарған жұмысты талқылауды сұраңыз 
–  топтар  өздерінің  идеяларын  дәйектей  алды  ма?  Топтар  өз  талқылауын  қалай 
құрылымдады? Үйлестіруші болды ма? Келісімге қол жеткізді ме, егер олай болса, қалай қол 
жеткізді? 


6.  Бұл  әдіс  өзекті  мәселелерді  одан  әрі  зерделеуге  түрткі  болуы  мүмкін.  «Барлық 
факторларды  ескеру»  және  «Басқа  адамдардың  пікірлері»  сияқты  жаттығулар 
оқушылардың «Креативті матрицадан» туындайтын басты мәселелерді түсінуін тереңдету 
үшін қолайлы бола алады. 
 
 
 

10 
ГАУҺАРЛАР ИЕРАРХИЯСЫ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
басқаларман жұмыс істеу; 

 
ойлау, шешім қабылдау. 
Жалпы сипаттама 
Бұл  тапсырманы  шағын  топтар  орындайды,  ол  ақпараттар  мен  идеялардың 
артықшылықтарын  айқындауға  бағытталған.  «Стикерлер  топтамасы»  және  «Идеялар 
тасқыны»  сияқты  ақпаратты  жинақтауға  арналған  жаттығулардан  кейін  орындалатын 
жаттығу  болуы  мүмкін.  Бұл  оқушылардың  белгілі  бір  сұрақтарды  белгілі  бір  тәртіппен 
орналастырып,  неге  ол  ретпен  орналастырғанын  түсіндіру  дағдыларын  дамытуға 
жәрдемдеседі. 
Басымдықты 
айқындау 
жөніндегі 
жаттығулардан 
«Карточкалар 
иерархиясын» қараңыз.  
Сыныпты жоспарлау 
Оқушылар  тақтаның  немесе  қабырғаның  жанында  жұмыс  істейді.  Немесе  топтар 
үстел басында жұмыс істей алады. 
Жұмыс алгоритмі 
1.
 
Оқушыларға  карточкада  немесе  стикерде  белгілі  бір  сұраққа  қатысты  тоғыз  идея 
беріледі (немесе өздері алдын ала жазады).  
2.
 
Олар  өзінің  бірінші  басымдық  берген  карточкасын  жоғарыға  қояды,  бұдан  кейін  екі 
карточканы екінші орынға қояды, үш карточканы үшінші орынға қояды, содан соң қайтадан 
екі  және  неғұрлым  төмен  артықшылығы  бар  карточка  төменге  орналастырылады.  Осылай 
гауһар тас пішіні пайда болады.  
3.
 
Оқушылар бір-бірімен бітімге, келісімге қол жеткізуге ұмтылуы тиіс. Сондықтан олар 
карточкалардың ретін өзара талқылап, өз пікірлерін білдіреді.  
4.
 
«Бес  сұрақ»  сияқты  жаттығуды  пайдалана  отырып,  бірінші  кезектегі  карточкаларды 
анағұрлым толық зерделеуге болады.   
 
 
 
 
 
 
Талқылауға арналған идеялар үлгісі: 

 
Қылмыстық деңгейін қалай төмендету керек. 

 
Қоршаған ортаның ластануын болдырмау жөніндегі шаралар. 

 
Жолдағы қауіпсіздік. 

11 
ӘР АДАМ ӘРҚАЙСЫН ОҚЫТАДЫ (сондай-ақ «Біреуін аласың – біреуін бересің» 
деген атпен танымал)  
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
бірлескен жұмыс; 

 
ақпараттарды басқару. 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл  –  оқушылар  арасында  нақты  ақпараттың  ауқымды  көлемін  таратудың  балама 
тәсілі. Мұғалім дәріс оқығанның немесе айтып түсіндіргеннің  орнына, оқушылар тақырыпқа 
қатысты  ақпаратты  өздерінің  құрбыларымен  бөліседі.  Ақпаратты  тарату  бойынша  басқа  да 
пайдалы ойын үшін «Кластерлерді» қараңыз. 
Сыныпты жоспарлау 
Жүріп-тұру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет. Немесе төрт 
адамнан  тұратын  топта  оқушылар  партада  отырады,  екі  оқушы  белгілі  бір  уақыт  өткеннен 
кейін тобын ауыстыра алады.  
Жұмыс алгоритмі 
1. Белгілі  бір  факт  немесе  статистикалық  деректері  бар  қағаз  парағы  әрбір  оқушыға 
таратылады. Мүмкіндігінше әрбір оқушы үшін әртүрлі тұжырым болғаны жақсы.  
2. Оның  тұжырымның  мағынасын  түсінетіндігін  анықтау  мақсатында,  оқушылар 
өздерінің тұжырымдарын оқиды. 
3. Оқушылар  сынып  ішінде  жүріп,  өздерінің  тұжырымдарын  басқа  оқушылармен 
бөліседі. Оның мақсаты өзінің фактісін барынша көп адамға түсіндіру болып табылады.  
4. Оқушылар  мысал  келтіре  отырып,  өз  түсініктемелерін  толықтыра  алады.  Егер 
қисыны  келсе,  олар  өз  тұжырымдарын  басқа  оқушылардың  тұжырымдарымен 
байланыстыруға тиіс. 
5. Фактілермен  алмасуға  арналған  уақыт  аяқтағаннан  кейін,  оқушылар  тапсырманы 
орындау барысында алынған ақпаратты жүйелеу үшін шағын топтарда жұмыс істейді.  
6. Кейіннен  жауап  алу  жүргізілген  кезде  оқушылар  өздерінің  санаттау  жүйесін 
түсіндіреді және дәйектейді.  
7. Олар 
сонымен  қатар  әртүрлі  фактілерге/деректерге  қатысты  өздерінің 
реакциясымен бөлісуі мүмкін. Оларды не таң қалдырды? Оларды не абыржытты? Қандай да 
бір  тұжырым  оларды  мұңға  батырды  ма  немесе  бақытты  етті  ме? Немесе  қандай  тұжырым 
оларды қызықтырды? 
8. Оқушылар  өзінің  жеке  оқуы  туралы  ойлануы  мүмкін.  Олар  қандай  ақпаратты  есте 
жеңіл сақтайды? Олар үшін ең маңыздысы не? 
9. Барлық  сауалдар  бойынша  басты  тұжырымдарды  тақтаға  немесе  оқу  плакатына 
жазып қоюға болады.  
 
 
 

12 
ФАКТ немесе ПІКІР 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу; 

 
бірлескен жұмыс. 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл әдіс бойынша оқушылар оларға ұсынылған нәрсе факті ме, әлде қарапайым пікір 
болып  (құндылық  туралы  ойға  негізделген)  табыла  ма,  соны  шешуге  тиіс.  Плюралистік 
қоғамда дәлелдердің негізінде фактілер мен пікірдің ара-жігін ажырата білу маңызды дағды 
болып  табылады.  Осы  қиын  тапсырма  оқушыларды  білімнің  қалай  алынатынын  түсінуге 
ынталандырады  (көптеген  жағдайда  бір  нақты  жауап  болмауы  да  мүмкін).  Оқушылар  өз 
ұстанымдарын  талқылау  үшін  топтарда  жұмыс  істейді.  Осы  жаттығу  нәтижелі  болуы  үшін 
одан кейін жауап алу ұсынылады. 
 
Жұмыс алгоритмі 
1. Оқушыларға белгілі бір мәселеге қатысты бірқатар тұжырымдар беріледі. Көптеген 
жағдайларда олар талқыланып отырған мәселенің екі қырын бейнелейтін пікір болып келеді.  
2. Оқушылар  тұжырымдарды талдап, олар факті ме, әлде пікір  ме екендігін шешеді. 
Оқушылар өз шешімдерін дәйектеу үшін дайындалып, кері байланыс кезінде сынып алдында 
олармен  таныстырады.  Сонымен  қоса  оқушылар  топтар  арасындағы  пікірлердің  ұқсастығы 
мен айырмашылықтарын қарастыра алады.  
3. Тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу кезінде оқушылар осы пікірге тоқтауға 
ықпал  еткен  үдерістерге  тоқталады.  Топтар  қандай  тоқтамға  келді?  Әртүрлі  пікірлер  көп 
болды ма, бір шешімге, келісімге келуге мүмкіндік болды ма? Пікірлер жеткілікті дәрежеде 
негізделді ме? Пікірлер дәйекті баяндалды ма? Топтың ішінде рөлдер бөлінді ме? 
4.  Кері  байланыстың  негізінде  оқушылар  «Барлық  факторларды  ескеру»  сияқты 
жаттығулар  арқылы  сұрақтарды  одан  әрі  зерделей  алады.  Себептер  мен  салдарларды 
қарастыру  үшін  «Салдарлар  дөңгелегі»  немесе  «Себеп-салдарлық  байланыстар 
стратегиясын» пайдалануға болады.  
 
 
 

13 
БЕС СҰРАҚ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

 
ойлау, шешім қабылдау; 

 
ақпараттарды басқару. 
 
Жалпы сипаттама 
Бұл  әдіс  ақпарат  жинақтауға  арналған,  ол  сондай-ақ  оқушыларға  мәселені  терең 
зерделеуге  немесе  оны  шағын  тақырыптарға  немесе  тармақтарға  бөлуге  мүмкіндік  береді. 
Бұл  оқушыларға  күрделі  тақырыптарды  түсінуге  көмектеседі.  Аталған  әдіс  іс-әрекетті 
жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды 
көздейді.  Ақпарат  жинақтауға  арналған  тапсырмалар  үшін  осы  әдіспен  бірге  «Идеялар 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет