Рахмет самалы


«Олар үңгірлерінде үш жүз жыл және бұған қосымша



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

«Олар үңгірлерінде үш жүз жыл және бұған қосымша 
тоғыз жыл қалды» 
(Кәhф сүресі 25-аят) 
- деп айтылған.
Жетінші  ғасырда  Меккеде  әр  түрлі  ғылым  сала-
сында  шексіз  надандық  көрінетін.  Мысалы,  матема-
тикада  қосу  және  алу  деген  амалдар  жоқ  еді.  Сандар-
ды  асты-астына  жазу,  «нөл  саны»  деген  түсініктер  әлі 
жоқ еді. Сандар тек қана, сөздермен айтылып, жазыла-
тын.  Жоғарыдағы  аят  түскен  кезде  Мекке  халқының 

- 170 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
әлеуметтік тұрмысында,  сонымен қатар арифметикада 
да  шексіз  надандық  болғанына  қарасақ,  жазуды  және 
арифметиканы білмейтін қауым, әрі іштерінен шыққан 
үмми Пайғамбар «күн жылы» мен «ай жылы» арасын-
да  минуттық  есепке  келіп  тірелетін  айырмашылықты, 
есепті қайдан біле алады. Осы сияқты Құранда ақылмен 
іздеп табыла алмайтын тек қана нақыл мәліметтерінен 
тұратын  баяндаулар  көп  кездеседі.  Бұл  мәліметтер  на-
дан қауымнан, әрі үмми бір адамнан қалай шығады?
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)-
нің  мұғалімі  Аллаh  Тағаланың  өзі  еді.  Сонымен  қатар 
құдайы  әмір  бойынша  әр-Рухул  Әмин  де  (Жәбірейіл) 
Пайғамбарға  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  ұстаз 
болған.  Жәбірейілдің  міндеті  Аллаh  Тағаладан  алған 
мәліметтерді,  бұйрықтарды  толығымен  Пайғамбарға 
жеткізу еді.
Құран  келешекке  қарасты  ғайыпты  хабарлар  бер-
ген. Бұл хабарлар кезі келгенде Құранда білдірілгендей 
жүзеге асып жатыр әрі жүзеге аса береді. 
Құран ешқашан жойылмайды. Ол әрдайым білімнің 
алдында. Көркем аятта айтылады:
«…  Шын  мәнінде  ол  -  ардақты  Кітап.  Оның  ал-
дынан  да  артынан  да  бос  сөз  араласпайды.  Ол  сөзсіз 
дана,  мақтауға  өте  лайықты  болған  Аллаһ  тарапынан 
түсірілген» 
(Фуссиләт сүресі 41-42 аяттар)
- деп айтады.
Құран  өткенге  және  келешекке  қарасты  хабарларға 
толы. Бәрі шындықпен сәйкесуде.
Тарихта  дүниеге  келіп,  бірақ  жойылып  кеткен 
мәдениеттер,  өлтірілген  Пайғамбарлар  мен  жоқ  болып 
кеткен немесе килігу жасалып өзгертілген киелі кітап-
тар  қаншама.  Бірақ  Аллаh  Тағала  тек  қана  Құранның 
өзгертілмей,  толығымен  қорғалып,  дәуірлер  бойы 
жүретінін хабарлап:

- 171 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Әлбетте Құранды біз түсірдік, қорғаушысы да әрине 
бізбіз!..»
  (Хижр  сүресі  9-аят)
  -  деп  айтқан  және  Құранның 
ешбір кітапқа нәсіп болмаған құдайы қорғау-қолдаумен 
мәңгілік болатынын баяндаған.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
өзіне  уаhи  түспестен  бұрын  Пайғамбар  болатынын 
қиялдаған да емес еді. Бұл шындықты Аллаh Тағала бы-
лай баяндайды:
«Сен  өзіңе  кітап  түсірілетінін  (пайғамбар  болудан 
бұрын) ойлаған жан емес едің. Ол Раббыңның саған бір 
рақымы…» 
(Қасас сүресі 86-аят)
Дінді  қорғау  жөніндегі  кепілдік  тек  қана  Аллаh 
Тағалада.
«Әрине,  егер  қаласақ  саған  уаһи  еткендері-мізді 
алып аламыз да кейін бізге қарсы сені қорғайтын ешбір 
күш таба алмайсың. Бірақ Раббыңның рақымы (арқылы 
Құран мәңгілік қалды). Өйткені Раббыңның саған деген 
ілтипаты тым зор». 
(Исра сүресі 86-87 аяттар)
Көркем аятта өте анық баяндалғанындай, Құранның 
килігу  жасалынып  бұзылмағанының  жалғыз  себебі  - 
«құдайы  жәрдем  қолының  оны  қорғауы»  болып  табы-
лады.
Римдіктер мен отқа табынатын мәжүсилер соғысып, 
мәжүсилер римдіктерді жеңген еді. Бұдан өздеріне пай-
да келтіргісі келген мүшриктер мұсылмандарға:
«Қәне,  кітап  арқылы  үстем  болатындарыңды  ойлап 
едіңдер.  Міне  мәжүсилер  кітап  иесі  болған  римдіктер-
ді  жеңді»,  -  деп  мұсылмандардың  иманы  мен  бекімде-
рін шайқалтуға тырысып жатқан еді. Аллаh Тағала бұл 
жағдайға қарай мүшриктерге қайғы, ал мұсылмандарға 
қуаныш әкелетін осы аяттарды түсірді:
«Әліф.  Ләм.  Мим.  Римдіктер  жеңілді.  Ең  жақын 
жерде  олар  жеңілгеннен  кейін  жедел  жеңіске  жетеді. 

- 172 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бірнеше жылдың ішінде. (3 пен 9 жылдың арасында) Іс 
бұрын да, кейін де Аллаһтың еркінде. Сол күні мүминдер 
Аллаһтың жәрдемімен көңілдері көтеріліп, қош болады. 
Ол сөзсіз үстем, ерекше мейірімді». 
(Рум сүресі 1-5 аяттар)
Сол  кезде  Византия  сондай  әлсіз,  күшсіз  қалған 
мемлекет  болғандықтан,  ешбіреуі  ойсырай  жеңілген 
бір  жеңілістен  кейін  қайтадан  жеңіске  жетуді  болатын 
жағдай деп ойламайтын.
Бірақ Құран сөзді күшейтіп былай айтқан еді:
«Бұл  Аллаһтың  уәдесі.  Аллаһ  уәдесінен  айнымайды, 
бірақ адамдардың көбі осыны түсінбейді».
 
(Рум сүресі 6-аят)
Ақыры  Аллаh  уәдесін  орындады.  Тарихшылардың 
жазғандарына  сәйкес  түрде  тоғыз  жылға  жетпейтін 
уақыттың ішінде римдіктер парсыларды жеңді.
Римдіктер  осы  жеңіске  жеткен  күні  мұсылмандар 
да  Бәдір  соғысында  мүшриктерге  қарсы  жеңіске  жетіп 
қуанған еді.
(Тирмизи)
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
Меккедегі 
мүшриктердің 
істеген 
зұлымдықтары 
көбейгенде  Жүсіп  жылдары 
(Жүсіп  пайғамбар  Мысыр 
патшасының  түсін  жорып:  «9  жыл  берекелі  жыл,  артынан  9  жыл 
ашаршылық болады» - деген)
 тәрізді ашаршылық болуын тілеп 
қарғады. Аллаh Тағала да:
«Ендеше  аспаннан  ашық  түрде  тұман  әкелінетін 
күнді  күт!  Тұман  барлық  адамдарды  орап  алады. 
Бұл  жан  түршігерлік  азап» 
(Дұхан  сүресі  10-11  аяттар)
  деп 
бұйырды.
Бұхари хадис кітабында:
«Бір адам көкке қарағанда аштықтан жер мен көк 
арасын тұмандай көретін», - деп айтады.
Жоғарыдағы аят былай жалғасады:
«Шынында  да  азапты  біраз  азайтамыз  да  сендер 
де  бұрынғы  қалыптарыңа  қайта  түсесіңдер.  Бірақ 

- 173 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қаттырақ  ұстап  соққан  күнде  (қиямет  күні)  сөзсіз  біз 
тиісті жазаны берушіміз». 
(Дұхан сүресі 15-16 аяттар)
Осы аяттарда ғайып туралы үш хабар беріледі:
1. Қиыншылықтардың жеңілдетілетіні;
Расында мүшриктер қуаңшылық кездерінде жаңбыр 
жаууы  үшін  Пайғамбарға  келіп  дұға  етуін  сұрағаннан 
кейін, Ол қол жайып:
«Ей,  Раббымыз!  Бізден  азапты  көтер.  Шынында 
да  енді  біз  сенеміз!» 
(Дұхан  сүресі  12-аят)
  -  деп  жалбарын-
ғанда  Аллаh  Тағала  дұғаларын  қабыл  алып,  жаңбыр 
жауғызған.
2. Мүшриктердің қайтадан айлаға көшіп, тұзақ дай-
ындайтындары;
Расында  мүшриктер  иман  келтіретіндеріне  қарасты 
берген  сөздерінен  тайып,  қайтадан  бұрынғы  күйлеріне 
түсіп,  мұсылмандарды  жеңу  үшін  Бәдір  соғысын 
дайындаған еді.
3. Ақыры мүшриктерден өш алынатыны білдіріледі;
Расында Бәдір жеңісі күні құдайы азап мүшриктерді 
қатты  қинап,  масқара  қылған.  Сол  күні  мүшриктердің 
атақтыларынан жетпіс кісі өліп, тағы да жетпісі тұтқын 
болған.
Бұрыннан Уәлид ибн Мұғира туралы:
«Оған  аяттарымыз  оқылған  сәтте:  «Бұл  бұрынғы 
заманның ертегісі ғой»-деді. Біз оның мұрынына таңба 
салып  белгі  қоямыз» 
(Қалам  сүресі  15-16  аяттар)
  аяттары 
түскен еді.
Бәдір  күні  Уәлид  мұрынынан  жараланып,  мүгедек 
болды да бетіне өмір бойғы құдайы таңба түсті.
Сол Бәдір күні Қамер сүресінің 45-аятында қосымша 
білдірілген төмендегі құдайы уәде де жүзеге асқан.
«Сол қауым жеңіліске ұшырап, арттарына бұрылып 
қарамастан қашады!»

- 174 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазіреті  Омар  (радиаллаһу  анһу)  аяттағы  ақиқатқа 
қатысты былай деп айтқан:
««Бұл  аят  түскенде,  бұл  қайсы  қауым  екен?»  -  деп 
ойладым.  Бірақ  бұл  қауымның  кімдер  болатынын 
анықтап  таба  алмадым.  Өйткені,  біздер  (мұсылмандар) 
күшіміз жағынан Бәдір күні өте аз едік. Бірақ кейіннен 
Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  Бәдір  күні 
осы  аятты  қайталап  оқып  жатқанын  көрдік.  Сол  күні 
жап-жаңа Құран мұғжизасы көрініс тапты».
Мүминдер  алғашында  Пайғамбарды  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) мүмкін болған қауіп-қатерден қорғау 
үшін,  Оның  жанында  кезекпен  күзетте  тұратын.  Бірақ 
Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«...  Аллаh  сені  адамдардан  (адамдардан  келетін  зи-
яндардан)  қорғайды!» 
(Мәйда  сүресі  67-аят)
  аяты  түскенде, 
жанындағы  күзетті  алып  тастаған:  Әуестікпен  әрі  ма-
хаббатпен  өзін  қорғау  үшін  таңға  дейін  ұйықтамаған, 
жанын пида ететін сахабаларына:
«Енді үйлеріңе барыңдар. Өйткені мені қорғауды Ал-
лаh өз мойнына алды»,- деп айтты. 
(Тирмизи)
 
Затұрриқа  соғысында  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  бір  ағаштың  түбіне  дем  алу  үшін 
тоқтап,  қылышын  ағаштың  бұтағына  іліп  қойған  еді. 
Сол  кезде,  Аллаhтың  Пайғамбары  жападан  жалғыз 
ұйықтап жатқанын көрген бір мүшрик дереу бұтақтағы 
қылышты алып Пайғамбардың алдына тұрды. Сол кез-
де  оянған  және  ешбір  асығыстық  белгісін  көрсетпеген 
Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Менен қорықпайсың ба ?!»- деді.
Ол да:
«Жоқ!» -деп жауап қайтарғанда, мүшрик:
«Қазір қолымнан сені кім құтқарады?»-деді.

- 175 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  да, 
орнынан түрегеліп:
«Аллаh құтқарады, қылышты таста!» - деп айтты.
Пайғамбардың табандылығы мен айбатынан шошып 
кеткен әлгі адам, сасқалақтап, қылышты тастай салды. 
(Муслим)
 
Міне,  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
осындай ең қорқынышты кездерде де шексіз сенімді әрі 
тәуекелшіл еді.
Осыған ұқсас бір оқиға Хунәйн соғысында да болды. 
Сол күні мұсылмандар бытырай қашып кетіп, Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қалың жаудың ортасын-
да жалғыз өзі қалған еді. Бірақ Ол, бұл қауіпті жағдайға 
қарамастан  жылқысын  дұшпандардың  ішіне  айдап, 
«Міне араларыңдамын, қолдарыңнан келгенді істеңдер» 
-  дегендей  жаудың  дәл  ортасына  дейін  кіріп  кетеді  де, 
күшті бір дауыспен былай айқайлады:
«Мен шын Пайғамбармын, бұл сөзім өтірік емес. Мен 
Әбдулмуттәліптің ұлы  Абдұллаhтың баласымын»,
Оның осы шексіз ерлігі мен жаужүректігінің алдын-
да  сасқалақтап  қалған  дұшпандары  ештеңе  істей  алма-
ды да, зиян да келтіре алмады. Аллаh осы соғыста Ұлы 
Пайғамбарына  көзге  көрінбейтін  әскерлерімен  жәрдем 
жіберіп, дұшпанды өз қолымен қуған еді.
Хижраттан  кейін  ансар  мұхажирлерді  бауырына 
басқан еді. Сол себепті бүткіл мүшрик арабтар да дәл бір 
жұмылған жұдырықтай болып бір араға жиналған. Са-
хабалар қарусыз жатып тұра алмайтын болған еді де өз 
араларында:
«Аллаhтан  басқасынан  қорықпайтындай  күн  туа 
ма?»- деп айта бастағанда төмендегі аяттар түсті:

- 176 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Аллаһ сендерден иман келтіріп ізгі іс істегендерге, 
өздерінен  бұрынғыларды  жер  жүзінде  қалай  үстем  ет-
кен  болса,  оларды  да  үстем  ететініне  және  олар  үшін 
таңдап,  разы  болған  дінін  бекемдеп  беретініне  және 
олардың қорқыныштарын жойып, бейбітшілікке жеткі-
зетініне уәде берген». 
(Нұр сүресі 55-аят)
«Ант  ішемін,  Таураттан  кейін  Забурда  да:  «Әлемге 
менің жақсы құлдарым мұрагер боладың -деп жаздық». 
(Әнбия сүресі 105-аят)
Расында  қысқа  мерзімнен  кейін  Ислам  әскерлері 
«иғлаи кәлиматуллаh», яғни Аллаhтың сөзін үстем қылу 
міндеттерін бүткіл әлемде орындау жолында ілгерілеп, 
сол дәуірдің ең күшті мемлекеттері болған Византияны 
тізерлетіп, Парсы империясын да «тарихқа көмген».
Қызыл  теңіздің  толқындарында  тұншыққалы  жат-
қанда мәжбүрлікпен иман келтірейін деген Перғауынға 
Аллаh Тағала:
«Қазір  иман  етесің  бе?  Алайда  сен  бұдан  бұрын 
(өмір  бойы)  қарсы  келіп,  әрдайым  бұзғыншылардан 
болған  едің!  (Яғни  бір  пәлеге  ұшырағанда  есіңді  жиып 
Аллаhқа  мойын  игенсің.  Бірақ  амандыққа  жеткенде 
бұрынғы  күйіңді  қайта  жалғастырғансың!  Қазір  де  со-
лай  істейтіндігіңнен,  енді  сенің  иманға  бұрылуыңның 
ешқандай мәні, күші жоқ!)» 
(Жүніс, 91)
 түсініктемесімен, 
үмітсіздік  күйінде  келтірген  иманын  қабылдамай  тағы 
осылай айтқан:
«(Ей Перғауын!) Сенен кейін келгендерге ғибрат бол-
сын деп Біз бүгін сенің жансыз денеңді (құрлықта биік 
бір  жерге  лақтырып)  қалдырамыз.  Әлі  де  адамдардың 
бірталайы аяттарымыздан хабарсыз» 
(Юнус сүресі 92-аят)
Ғалым Замаhшари, осы аятқа былай түсініктеме бе-
реді:

- 177 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Cені теңіздің шетінде бір бұрышқа лақтырамыз да, 
сүйегіңді бүтін, бұзылмаған күйде әрі жалаңаш түрінде 
өзіңнен  кейінгі  ғасырларда  келешекте  келгендерге 
ғибрат (үлгі) үшін сақтаймыз».
Соңғы  жылдарда  жасалған  зерттеулерде,  Құранда 
әңгіме  етілген  осы  Перғауынның  сүйегі  теңіздің 
жағасында  сәждеге  жығылғандай  күйінде  табылған. 
Қазір  осы  сүйек  «Бритиш  Музеюмда»  халыққа  ғибрат 
үшін көрсетілуде. Бұл ақиқат Аллаh Тағаланың Құран 
Кәрім  қиямет-қайымға  дейін  жалғаса  беретінін  білдір-
ген бір мұғжизасы болып табылады.
ІV) Ғылыми табыстар туралы хабар беруі
Құран Кәрімде ғылыми даму және табыстарға жарық 
беретін бірталай аят бар. Бұлар да Құранның келешекке 
қарасты бір иғжазы болып табылады.
Бірақ  Құранның  негізгі  мақсаты  -  тәуһидті,  яғни 
Аллаhты  бірлеу  жүйесін  қабылдатып,  адамзатқа  тура 
жолды  көрсетуші  болу.  Расында  қарастырған  бүткіл 
мәселелерді  осы  негізгі  мақсатқа  сәйкес    ұсынады. 
Сонымен  қатар,  табиғи  білімдер  саласына  кіретін 
мәселелер турасында адамзатқа ғибрат болу үшін берген 
мәліметтер  де  толығымен  ақиқатпен  сәйкес  түрде.  Бұл 
Құран Кәрімнің қияметке дейін бүткіл замандар мен ме-
кендерде жалғасатын ерекше иғжазы болып табылады. 
Осы  сәйкестіктер  Құран  Кәрімнің  көркем  салтанатын 
қайтадан  белгілеп  ортаға  қоюға  дәнекер  болады.  Шы-
нында  үнемі  дамып  бара  жатқан  ғылыми  жаңалықтар 
Құран берген мәліметтерді растап бекітер күйде. Мысал 
ретінде келесі жағдайларды айта аламыз:
Биология
Адамның  көбеюі  мен  эмбрионның  құрастырылу 
мәселесінде Құран, қазіргі кездегі білім жаңадан тапқан 

- 178 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бірнеше нақты мәліметтер беруде. Бұлар Хаж сүресінің 
5-ші және Мүминун сүресінің 11-13 - аяттарында егжей-
тегжейлі түрде түсіндірілген:
«Әй Адам баласы! Егер өлгеннен кейін қайта тірілу-
ден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан содан 
соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан, бейне-
ленген,  бейнеленбеген  кесек  еттен  өздеріңе  тектеріңді 
білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған 
мерзімге  дейін  қойып  қоямыз.  Соңында  бөбек  түрінде 
шығарамыз.  Одан  кейін  ержетесіңдер.  Кейбіреулерің 
қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін 
түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. 
Сен  жердің  қурап,  қаңсығанын  көресің.  Бір  жаңбыр 
жаудырсақ оған жан бітіп, көпсіп шыға келеді де, түрлі 
өсімдіктерді өсіреді». 
(Хаж сүресі 5-аят)
«Адамды  Біз  топырақтың  ең  асылынан  жараттық. 
Одан  соң  оны  ұрықтың  тамшысына  айналдырып,  өте 
сенімді  орынға  (жатырға)  орналастырдық.  Одан  әлгі 
ұрықты ұйыған қанға айналдырдық. Ұйыған қанды бір 
жапырақ  етке  айналдырдық.  Бір  жапырық  етке  сүйек 
бітірдік, одан соң сүйекке ет қондырдық, оған жан кір-
гізіп басқадай жаратылысқа айналдырдық. Аса шебер 
Жаратқан  ием  (хикмет  те,  құдірет  те)  барынша  ұлы». 
(Муминун сүресі 12-14 аяттар) 
Адамның  рухани  құрылысы,  Аллаh  Тағалаға  жете 
алатындай қабілетпен жаратылған. Сонымен бірге дене 
құрылысы  да  Ұлы  Аллаhтың  орасан  әрі  айбынды  бір 
таңғажайып өнері. Аллаh Тағала бұл аяттарда осы үлкен 
өнеріне назар аудартады. Аяттағы басқа бір сыр адамзат 
баласының пішінсіздіктен ең жақсы бір пішінге кіруі.
Жаратылысқа байланысты аяттарды баяндау ретінде 
Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай 
айтады:

- 179 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Әрбіреулеріңіздің  жаратылыс  ашытқысы  ана  жа-
тырында  жыныстық  тамшы  (шәует)  болып  қырық 
күн  теріліп  жиналады.  Одан  соң  (қырық  күн  ішінде) 
ұйыған қан күйіне келеді. Және сондай (бір қырық күн 
тағы бір жапырақ ет) күйінде. Бұдан кейін бір періште 
жіберіледі де (Аллаhтың бұйрығымен) оған рух (жан) 
үрлейді және ырыздығын, ажалын, амалын, тозақтық 
немесе жәннәттық болатынын жазады».
Ұрықтың ана жатырында өткізетін алғашқы қырық 
күні  хадисте  нутфе  мерзімі  деп  баяндалған.  Осы  кез-
ге  дейін  бірталай  дене  мүшелерінің  алғашқы  белгі-
лері  көріне  бастағандықтан  Хазіреті  Пайғамбардың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқан «теріліп жинала-
ды» баяндамасы ақиқатпен дәлме дәл сәйкеседі.
40 пен 80-інші күндер арасы алақа мерзімі, 80-ші мен 
120-күндер арасы ұрықтың (жатырдағы бала) «кесек ет» 
мерзімі болады. 120-сыншы күнде, яғни ұрықтанғаннан 
кейінгі  төртінші  айдың  басында,  іште  жатқан  ұрыққа 
бір періште жіберіліп рух (жан) үрленеді*.
Құран Кәрімнің және хадистердің берген мәліметтері 
мен «жаңа» биологияның осы мәселелердегі табыстары 
салыстырылғанда,  араларында  ешбір  айырмашылық 
болмай дәлме-дәл сәйкестік көрінеді. Алайда Құран бер-
ген осы мәліметтер 19-ғасырдан бұрын жер жүзінің еш-
бір жерінде білінген емес еді. Құран адамзат баласының 
* Адамда екі рух болады. Жәнин - жатырда ең әуелі халқ (жаратылыс) 
әлемінен  келген  рухпен  өсімдік  тәрізді  өмірін  жалғастырады.  Халқ 
әлемінен  келген  осы  рух  дене  өлгенде  жоғалады.  Ал  екінші  рух  әмір 
әлемінен болады. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: “Мен Оған (адамға) пішін 
берген  және  рух  үрлеген  уақыт...”  (Хижр,  29)  түрінде  айтқан  жағдай. 
Осы рухта мәңгілік сипат бар. Оған өлім жоқ. Қиямет күні оған қайтадан 
дене  кидіріледі.  Хадисте  баяндалғанындай  бір  періште  120-күні  осы 
рухты  сүйекке  үрлейді.  120  күнге  дейін  дамыған  сүйек  өсімдік  тәрізді 
үлкею күйінде болады. 120-күні Аллаһтан келген рух үрленгеннен кейін 
адамдық және рухани сипаттар құралады.

- 180 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
көбеюіне байланысты болған әрі ғасырлар бойғы зертте-
улерден кейін ортаға шыққан ақиқаттарды он төрт ғасыр 
бұрын,  нақты  түрде  баяндаған.  Шынында  да  бірталай 
мұсылман  емес  эмбриология  мамандары  осы  ақиқатты 
үйренгенде Құранды растап, бекіткен. Осы ғалымдардың 
біреуі канадалық профессор др. Кейтч Л.Мооре.
Канадалық  профессор  др.  Кеитч  Л.  Мооре  эмбрио-
логия  туралы  жазған  шығармасында,  адам  баласының 
жатырдағы  даму  мерзімдерін  түсіндіргеннен  кейін, 
осы  мәліметтерді  Құран  аяттарымен  салыстырады  да 
білімнің Құран Кәріммен сәйкестікте екенін, тіпті Құран 
берген мысалдарымен және түсініктемелерімен медици-
на ілімінен көш ілгері екендігін мойындайды.
Кеитч  Құрандағы  нутфе,  алека  және  мұдға  сөз-
дерімен  баяндалған  мерзімдердің  бәрінің  де  ғылыми 
ақиқаттармен  сәйкестігіне  қосымша  медицина  әлеміне 
үлкен  бір  «жарық»  болғанын  баяндайды.  Нутфе  күйі 
деп  баяндалған  мерзім  ғылыми  зерттеулердің  бүкіл 
мазмұнын  қамтиды.  Алека  мерзімі  ілінген  (ортада 
тұрған)  және  ұйыған  қан  сияқты  көрінеді.  Ұрықтың 
(жатырдағы  бала)  бүткіл  өмір  ерекшеліктері,  осы 
қойылып қалған қанда жиналған. Ал мұдға шайналған 
ет  деген.  Түріне  қарағанда  үстінде  тістің  іздері  бар-
дай,  шайналған  бір  жапырақ  ет  сияқты  көрінеді.  Бұл 
зерттеулердің  нәтижесінде  Кеитч  Құран  мен  Хазіре-
ті  Пайғамбарға  қайран  қалып,  Құранның  1400  жыл 
бұрынғы бұл мұғжизасын толық сеніммен қабылдайды.
Осындай  «қабылдауларды»  Құран  Кәрім  мұғжиза 
ретінде былайша білдіреді:
«Өздеріне  білім  берілгендердің,  саған  Раббыңнан 
түсірілгеннің  хақ  екендігіне  және  мақтаулы,  үстем 
Аллаһтың  жолына  салатындығына  көздері  жетеді». 
(Сәбә сүресі 6-аят)
Кеитч бұл қабылдауына қосымша, өткізген бір кон-

- 181 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ференциясында Құран Кәрімнің эмбриологияға қатысты 
ақиқатын былайша мойындайды:
«-Құран мен сүннет келтірген мұғжизалар туралы сіз-
дерге конференция ашқаным үшін өте қуаныштымын!
Қазіргі  күніміздегі  білім  мен  технологияның  жаңа-
дан  тапқан  шындықтардың,  ақиқаттардың  бұдан  14 
ғасыр  бұрын  үмми  адам  тарапынан  айтылуы  мені 
сасқалақтатып, таң қалдырды. Жасаған зерттеулерімнің 
барлығы, бағалауымды сөзсіз Құранның уаhи туындысы 
болғаны жөніндегі нақты бір пікірге келтірді».
Жаратылысқа  байланысты  жоғарыда  айтылған 
көркем  аяттарға  қосымша  адамзат  баласының  жатыр-
да өсуі кезіндегі мерзімдердің үш бөлек мекенде жүзеге 
асатыны Зүмәр сүресінің 6-аятында былай білдіріледі:
«...(Аллаh)  сендерді  де  аналарыңыздың  қарынында 
үш  қабатты  қараңғылық  ішінде  түрлі  мерзімдерден 
өткізіп жаратады...».
Биологиялық  тұрғыдан  қарағанда  осы  үш  қараңғы 
орынның, эмбрионның даму кезінде бірінен біріне өтетін 
үш орын болғаны баяндалуда.
Америкада анатомия кафедрасының бастығы болған 
профессор др. Маршал Жонсонды да Құранда баяндалған 
жаратылыс  мерзімдері  таң  қалдырып,  «мұдғаның» 
қамтыған ақиқаттары оның назарын ерекше тартқан.
Бір  шайнамдық  ет...  Дәл  тістердің  түзілуі  секілді 
терілген  күйде.  Шайналған  бір  жапырақ  еттің  үстінде 
қалған  тіс  іздерінің  көрінісі.  Түгелі  бір  сантиметр  (дәл 
бір жұтымдай).
Мұдғада  адамның  бүткіл  ерекшеліктері  бар.  Бірақ 
осы ерекшеліктердің кейбіреуі істей бастаған, кейбіреуі 
істемеген! Медицина осы жағдайды түсіндіретін сөз таба 
алмай жатыр. Мүшелер істеп жатыр дейін десе, істеме-
гендері  бар,  істемейді  десе,  істеп  жатқандары  бар.  Ал 
Құран мұны «белгілі белгісіз бір шайнам ет» деп сипат-

- 182 -

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет