Рахмет самалы



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Sa
çma ey göz eşkden gönlümdekі odlâre su
Kіm bu denl
û dûtuşan odlâre kılmaz çâre su
(Ей  көз,  Аллаhтың  ұлы  Пайғамбарына  деген 
махаббатпен  көңілімде  алаулаған  отқа  су  төкпе!  Өйткені 
күшті  ғашықтық  қызуымен  алаулаған  бұл  отқа  су  төгу 
шара емес, сөнбейді.)
Âb-gûndur günbed-і devvâr rengі bіlmezem
Y
â muhît olmuş gözümden günbed-і devvâre su
(Бірақ сонда да көздерім, Оған деген сүйіспеншіліктен 
үздіксіз  жылағаннан  көк  судың  түсіндей  болып  кетті  ме, 
Әлде  көзімнен  аққан  су  бүкіл  аспанды  қаптап  алды  ма 
білмеймін, алжасып тұрмын.)
Suya vіrs
ün bağbân gül-zârі zahmet çekmesün
Bіr g
ül açılmaz yüzün tek vіrse bіn gül-zâre su
(Бағбан  гүл  бақшасын  суғарып  бекер  әуре  болма-
сын!  Өйткені  мыңдаған  гүл  бақшасын  суғарса  да,  Ей 
Аллаhтың  Пайғамбары  ешқашан  сенің  жүзіңдей  бір  гүл 
ашылмайды!..)
Dest-b
ûsu ârzûsuyla ölürsem dûstlar
K
ûze eylen toprağum sunun anunla yâre su
(Ей  достар!  Егер,  Хазіреті  Пайғамбардың  қолын  сүю 
арманымен өлетін болсам, жатқан жерімнің топырағынан 
бір  шелек  жасап  сүйіктіге  су  апарып  беріңдер.  Мүмкін 
осылай қолын сүйіп, шапағатына жету нәсіп болады.)
H
âk-і pâyіne yetem dіr ömrlerdіr muttasıl
Ba
şını daşdan daşa urub gezer âvâre su
(Ол  Рахмет  Пайғамбарының  аяғымен  басқан,  кезген 
мүбәрәк  жерлерге  жетемін  деп  сулар  еш  тоқтамай  өмір 
бойы тастан тасқа соғылып, еркін ағуда...)
Ислам  тарихының  сахабалар  кезеңінен  кейінгі 
ең  салтанатты  дәуірін  құраған  Осман  мемлекетінің 

- 133 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сұлтанынан  шопанына  дейін  бүкіл  халқы  Пайғамбарға 
деген  махаббатпен  ерекшеленген  ел  еді.  Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  есімі  аталған  әр  уақытта 
дұға  (салауат)  оқумен  бірге  «қолымен  жүрегін  ұстап» 
құрметпен  басу,  Оның  өмірбаяны  оқылғанда,  туу  сәті 
баяндалған сөздерді аяқта тік тұрып тыңдау сияқты құрмет 
көріністерінің  ең  толық  үлгілерін  бұл  ұлы  мемлекеттің 
басындағы патшалар, әдет-ғұрып ретінде қалыптастырған. 
«Мәдина-иі  Мұнәуәрәдан»  (нұрланған  Мәдина)  пошта 
келгенде  дәрет  алмай,  келген  хаттарды  сүйіп,  көзіне 
сүрмей  және  құрметпен  аяқта  тұрмай  оқытқан  бір  де  бір 
Осман патшасы жоқ.
Бұдан  басқа  Пайғамбар  мешітін  (Месжид  Нәбәуи) 
жөндеу  кезінде  әр  тасты  бой  дәретін  әрі  ас  дәретін  алып, 
бисмилламен  орнына  қойған  Османдықтардың,  бұл  жөндеу 
кезінде  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)нің  рухын 
қынжылтып  алмас  үшін  балғасына  киіз  ораулары  тарихта 
теңдесі жоқ әдептілік пен құрмет көрсету үлгісі.
Тағы  да  Османдықтар  дәуірінде  Нұрлы  Мәдина 
қаласына  баратын  «сүрре  алайы» 
(Османдықтар  патшасының 
Мекке  және  Мәдина  қалаларының  жергілікті  мұсылмандарына  әрдайым 
жіберетін  сыйлықтарды  жеткізетін  тобы) 
қалаға  кірмей  тұрып 
жақын  бір  жерге  түнеп,  өздерін  Мәдинаның  рухани 
ауасына  дайындап  истихареден  (Аллаhтан  қайырлы 
болатын істі сұрау) кейін рухани бір ишаратпен «Аллаhтың 
Пайғамбарының  алдына»  баратын  еді.  Зияраттарын 
орындап мемлекеттеріне қайтарда шипа әрі берекет болсын 
деп Мәдинаның мүбәрәк топырағынан алып кететін еді.
Тағы да Нұрлы Мәдинаны қорғауға міндеттенген Осман 
билері,  пәуескелерін  (ат  арба)  Пайғамбардың  мешітінен 
алыста тоқтатып, әдептілікпен Пайғамбардың (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) алдына жаяу баратын еді.

- 134 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Осман  Сұлтандарының  салғызған  суреттеріндегі 
сәлделердің  ұшындағы  шашақтары,  сыпыртқының 
кішкентай  бір  үлгісі  болғанын  кім  біледі?  Бұл  шашақ-
пен Харамайниш Шәрифейннің (
Мекке мен Мәдина қалалары
)  
сыпырушысы болатындарының көзқарасына ие болып, 
Харемейнді  сыпырып  тазалайтын  қызметкерлердің 
жалақыларын 
мемлекеттік 
қазынадан 
емес 
өз 
қалталарынан төлейтін.
Осындай шексіз әдептілікке тағы бір мысал:
Сұлтан  І-Ахмед  Хан  Пайғамбардың  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) мүбәрәк аяғының суретін сәлдесінің 
үстіне салдырып, оны еске алудан нұрлы табысқа жетуді 
тілегенін мынандай өлең жолдарымен көрсеткен:
N’ola t
âcum gіbі başumda götürsem dâіm,
Kadem-і p
âk іnі ol Hazret-і Şah-ı rusülün..
G
ül-і gülzâr-ı nübüvvet o kadem sâhіbіdür,
Ahmed
â durma yüzün sür kademіne ol gülün!..
(Шіркін-ай тәжімдей басымда тасысам әрдайым.
Пәк,  мүбәрәк  аяғын  сол  Хазіреті  Пайғамбарлар 
Сұлтанының
Ол Пайғамбарлық бақшасының гүлінің нағыз иесі!..
Ей Ахмед, тұрма, бетіңді сүр ол гүлдің аяғына.)
Әлемнің  патшасы  деп  аталған  Явуз  Сұлтан  Селим 
Хан да, өзін Мұхаммеди ақиқатқа жеткізетін кез-келген 
бір әулиені дүниедегі бүкіл өлшеулерден артық көріп:
P
âdіşâh-ı âlem olmak bіr kuru kavgâ іmіş;
Bіr vel
îye bende olmak cümleden a’lâ іmіş!..
(«Әлемге патша болу бекер талас екен,
Бір  әулиеге  шәкірт  болу  барлығынан  үстем  екен.») 
деген сөздерімен Аллаhқа және Пайғамбарына жақындай 
білудің маңыздылығын әрі қасіретін баяндаған.

- 135 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазіреті Азиз Махмұд Һүдаий бұл махаббатты былай 
баяндайды:
Kud
ûmun rahmet ü zevk u safâdır yâ Rasûlallâh!
Zuh
ûrun derd-і uşşâka devâdır yâ Rasûlallâh!
(Қадамың рахмет, құштарлық және шаттық әкеледі 
Ей Аллаhтың Пайғамбары. Ортаға шығуың ғашықтардың 
дертіне шипа болады Ей Аллаһтың Пайғамбары)
H
üdâyî’ye şefâat kıl eğer zâhіr eğer bâtın,
Kap
ına іntіsâb etmış gedâdır yâ Rasыlallâh!
(Есігіңе келіп тұрған кедей Һүдаийге барлық жақтан 
(
Ішкі (сезім) және сыртқы (амал, іс) дүниеде
) шапағат қыл)
Хазіреті  Айша  (радиаллаһу  анһә)  Аллаhтың 
Елшісінің нұрлы бет-бейнесін былайша баяндайды:
«Зүләйханы  кекетіп,  Жүсіпті  көргенде  қолдарын 
кесіп алғандар, Оның мүбәрәк келбетін көрсе жүректерін 
кесер еді!..»
Хадис  ғалымы,  мүжтеhид  Хазіреті  Имам  Нәбәуи 
Пайғамбарға еліктегені соншама, Ол қарбызды қолымен 
сындырып жеді ме, әлде пышақпен турап жеді ме анық 
білмегендігінен өмір бойы қарбыз жемеген.
Орта Азиядан Балқандарға дейін Исламның нұрын, 
ерекшелігін көңілдерге құйып, өсірген ұлы әулие Қожа 
Ахмед Яссауй бабамыз 63 жасқа келгенде өзіне кесене 
жасатып, жер астын қаздырып:
«Маған  Пайғамбар  жасынан  асқаннан  кейін  жер 
үстінде  өмір  сүру  керек  емес!»  -  деп,  ғибадат,  дін 
үйретумен  және  таратумен  толы  өмірін  Пайғамбарға 
еліктеп мазарда өткізген.
Имам  Мәлік  (радиаллаһу  анһу):  «Пайғамбардың 
аяғымен  басқан  топырағы»,  -  деп  құрметтеп,  Нұрлы 
Мәдина  қаласында  хайуанға  да  мінбейтін,  аяқ-киім 
де  кимейтін.  Өзінен  Пайғамбардың  хадистері  туралы 

- 136 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сұрап,  үйрену  үшін  біреулер  келгенде  оларды  дәретін 
алып,  сәлдесін  орап,  иіс  май  жағып  және  биіктеу  бір 
жерге  отырғаннан  кейін  ғана  қабылдайтын  еді.  Өзін 
Пайғамбардың  «рухани  ауасына»  дайындап,  Оның 
мүбәрәк  сөздерін  нақыл  ететіндіктен  өте  әдепті  болуға 
тырысатын еді. Пайғамбар мешітінде имам болған кезінде 
дауысын көтеріп сөйлемейтін еді. Сол кездің халифасы 
Әбу Жафар Мансұр дауысын көтеріп сөйлегенде:
«Ей  Халифа!  Бұл  жерде  дауысыңды  басып  сөйле! 
Аллаhтың  «Пайғамбардың  алдында  дауыс  көтеріп 
сөйлемеу»  жөніндегі  ескертуі,  сөзсіз,  сенен  өте  ерекше 
болған сахабаларға жасалған» - деген.
Тағы  да  Хазіреті  Имам  Мәлік,  өзіне  зұлымдық 
көрсеткен Мәдина әкімі туралы:
«Пайғамбардың  немересі  болған  бұл  кісіге  қарсы 
махшарда  дау  көтеруге  ұяламын»,  -  деп,  ақысын 
кешірген.
Бір қажылық сапарында, жолаушылар тобы Нұрлы 
Мәдина қаласына жақындағанда дем алу үшін аялдайды. 
Сол  кезде  билердің  біреуі  аңдамай,  аяғын  Рауза-й 
Мұтаһһара
  («Тазаланған  бақша»  мағынасында,  Пайғамбарымыздың 
қабірі  тұрған  мешітке  айтылады)
  жаққа  қарай  созғанын  көріп 
Ақын  Нәби  мұңайып  кетеді.  Қамығып  төмендегі 
өлеңдерді  жазып  Аллаhтың  Елшісіне  деген  құрметін 
баяндайды:
Sak
ın terk-і edebden kûy-і mahbûb-і Hudâ’dіr bu!
Nazarg
âh-ı іlâhîdіr, makâm-ı Mustafâ’dır bu! 
(Аллаh  Тағаланың  назар  аударған  жері  әрі  Оның 
сүйікті Пайғамбары Хазіреті Мұхаммед Мұстафаның 
мекені болған бұл жерде әдепсіздік көрсетуден сақ бол)
Mur
âât-ı edeb şartıyla gіr Nâbî bu dergâha;
Met
âf-ı kudsіyândır, bûsegâh-ı enbіyâdır bu!

- 137 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
(Әй  Нәби!  Бұл  мекенге  әдептіліктің  шарттарына 
бағынып кір. Өйткені бұл жер, айналасында Періштелер 
шыр  айналған  және  пайғамбарлар  табалдырығын 
сүйген мүбәрәк мекен!)
Жүрек  тебіренісімен,  ізгі  ниетпен  айтылған  бұл 
сөздердің  қарсысында,  Пайғамбардың  ескертуімен 
(түске  аян  беру  арқылы)  Пайғамбар  Мешітінің  азан-
шылары, таң намазы кезінде бұл өлеңді мұнаралардан 
оқиды.  Пайғамбардың  бұл  ілтипатынан  Нәби  өте 
қатты  әсерленеді  де  Раүзаға  көзінен  жас  төгілген 
күйде кіреді.
Жансыз  нәрселер  де,  Оған  ғашық  болып  сүйген. 
Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) айтады:
«Мен Мекке қаласында Аллаhтың Пайғамбары-
мен бірге жүретін едім. Бір күні Меккенің сыртына 
шықтық. Жолдағы тас пен ағаштар Оған:
«ес-Саләту уә-с-сәләму әләйкә уа Расулаллаh!»
(Жақсылық,  тыныштық,  сәлемет  бәрі  саған 
болсын,  ей,  Аллаhтың  Пайғамбары!)  деп  сәлем  бере 
бастады».
Сүлеймен Челеби де:
«Бір ажеп нүр кім гүнеш перуанесі!» - деп, күннің 
де  оның  айналасында  айналған  жынды  көбелектей 
болғанын айтады.
Пайғамбардың,  миғражға  шығуынан  аспандағы-
лардың  әуестенуін  әрі  шаттануын  ақын  Кемал 
Едіп  Күркчүоғлұ  өлеңінде  қандай  көркем  түрде 
баяндайды:
Şeb-і mі’râcda sîmâsını seyrettі dіye,
Kapan
ır yerlere gök secde-і şükrân olarak.
(Көк  миғраж  кешінде  Пайғамбардың  келбетін 
тамаша  қылудан  алған  нұрдың  зауқымен,  Соның 

- 138 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
даңқын  күшейту  үшін,  Пайғамбардың  аяғы  басқан 
жерге шүкүршілікпен сәжде етеді).
Can atar her gece R
ûhu’l-Kudüs іhrâma gіrіp,
Harem-і muhterem-і k
ûyuna mіhmân olarak..
(Хазіреті  Жәбірейіл  Хазіреті  Пайғамбардың 
алдына  кіре  алу  үшін  түн  сайын  әуестікпен  ихрамға 
(қажылық кезінде киілетін, тігіссіз ақ киім)
 кіреді).
Bіr g
ören bіr daha görsem dіye, Allâh Allâh
Şaşırır aklını ruhsârına hayrân olarak.
(Хазіреті Пайғамбарды бір рет көрген Оның келбетіне 
қайран қалып, есін жоғалтады! «Аллаh, Аллаh!..» - деген 
айқайлармен тағы бір рет болса да көруді армандайды).
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
жаратылыстағы 
жасырын, 
астарлы 
махаббатты* 
дамытып  құдайы  махаббат  ретіндегі  ұлы  мәртебеге 
жеткізген,  және  де  сол  махаббаттың  ортаға  шығу 
орталығы  деп  білінеді.  Шынында  да  мұсылман  адам 
Аллаһтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)нің 
алдында Құдайдан қорыққан және мәңгі әлемге қарасты 
сана-сезімі  болған  әрі  рухын  нәпсіден  тазартқан  кезде, 
Оған  еліктеп,  Оның  махаббатынан  бір  есе  алудың 
жолында  болады.  Хазіреті  Меулана  (Құддисе  Сирруһ): 
«Екі дүние бір көңіл 
(Аллаһтың Пайғамбарға деген ілтипаты)
 үшін 
жаратылған!  «Сен  болмасаң,  Сен  болмасаң  бұл  әлемді 
жаратпас  едім!»  деген  құдайы  хадистің  мағынасын 
ойла!»- дейді.
** Ислам ілімінде махаббат екіге бөлінеді. Астарлы махаббат - адамдар 
арасындағы  махаббат  (ананың  балаға  деген,  бір  жыныстының  екінші 
жыныстыға деген махаббаты). Ақиқат махаббат - адамның Аллаһқа деген 
махаббаты (шексіз)

- 139 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ҚОРЫТЫНДЫ
Барлық  айтқандарымыздан  шыққан  жалпы  және 
соңғы нәтиже мынандай:
Пайғамбар 
(саллаллаһу 
аләйһи 
уә 
сәлләм) 
Мырзамызға немесе Оны аз да болса еске алуға дәнекер 
болатын әрбір нәрсеге қаншама құрмет көрсетілсе де аз 
деп  ойлаймыз.  Өйткені  Ол  ұлы  Пайғамбар,  «Мүтеал» 
болған,  яғни  түсінуге  әрі  қиялына  да  мүмкіндік 
болмаған  Аллаh  тарапынан  «Хабибім»  (сүйіктім)  деп 
аталған.  Әлемнің  ұлы  Жаратушысы:  «Расында  Аллаh 
және  періштелері  Пайғамбарға  көп  салауат  келтіреді. 
Әй, мүминдер! Сендер де Оған салауат келтіріп, толық 
бір мойын июмен сәлем беріңдер!» 
(Аһзаб, 56) 
-деп айтып 
сансыз  періштелерімен  бірге  «салауат  және  сәлем» 
бергенін Құрани ақиқатпен білдіріп отырғанда, бұл ұлы 
Пайғамбардың  ерекшелігіне,  кәмілдігіне  жақындау, 
Оны түйсік пен сезімге сыйғызу, қолданылатын сөздердің 
мағыналарының  шектілігіне  байланысты  мүмкін  емес. 
Сондықтан бұл әңгімені «шексіз үнсіздікте» нүктелеуден 
басқа  шара  жоқ.  Оны  түсіндіруге  тілдер  мүлдем  әлсіз, 
мүлдем  шарасыз.  Біздің  баяндағанымыз  да  «мұхиттан 
иненің жүзегімен алған судай».
Пайғамбардан  басқасына  көңіл  аудармай,  жабайы 
бақшалардың  жасанды  (жалған)  гүлдеріне  алданбай, 
көңілдерін  тек  қана  Пайғамбарға  (саллаллаһу  аләйһи 
уә сәлләм) арнаған мұсылмандар қандай бақытты!..
Барлық  молекуламызбен  Оның  рухани  түйсігінен 
жанымызға дем алдырып Раббымызға оралайық...
Оның махаббаты арқылы Раббымызға жалынайық...
Ол,  өткен  замандағы,  осы  кездегі  және  болашақтағы 
барлық мақұлиқатқа:

- 140 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мүбәрәк болсын!
Берекет болсын!
Рахмет болсын!
Ol Seyyіd
ü’l-kevneyn Muhammed Mustafâ’ya salevât!
Ol Ras
ûlü’s-sekaleyn Muhammed Mustafâ’ya salevât!
Ol 
İmâmu’l- Harameyn Muhammed Mustafâ’ya salevât!
Ol Cedd
ü’l-Haseneyn Muhammed Mustafâ’ya salevât!
Ол екі дүниенің мырзасы, 
 
Мұхаммед Мұстафаға салауат!
Ол адамзаттың әрі жындардың пайғамбары
 
Мұхаммед Мұстафаға салауат!
Ол қасиетті екі жердің имамы
 
Мұхаммед Мұстафаға салауат!
Ол Хасан мен Хүсейннің атасы,
 
Мұхаммед Мұстафаға салауат!
Уа Раббым, біздерді махшарда осы мойындаумен тірілте 
гөр!
Оны еске алумен толсын күндер және кештер,
Қонсын тағы жиектерге (есік алдындағы)
Көгершіндер.
«Һу, Һу»дарға
 (Әрбір жаны бардың өз тілінде «Аллаһ, Аллаһ!» деп 
зікір етуі мағынасында)
 аралассын
Әминдер!
Мүбәрәк кеш,
Келіңдер ей Фатихалар, Иәсиндер!

- 141 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
РАХМЕТ ПАЙҒАМБАРЫНЫҢ
ҚҰРАНИ МҰҒЖИЗАЛАРЫ
Аллаh Тағала, құлдарын hидаят делінген тура жолға 
жеткізу үшін, оларға қайырымдылықпен берген ерекше 
сипаттарға қосымша, іштерінен өте ерекше әрі айрықша 
жаратылысты,  салиқалы  адамдарды  жол  көрсетуші 
қылып жіберген. Осындай салиқалы адамдардың уаhи-
мен  күшейтілгендері  -  Пайғамбар  деп  аталады.  Yммет-
терге  үлгі  болатын  адамгершілікті  көрсетіп,  үйрететін 
бұл киелі елшілер, үш бөлек міндеттемелер алған:
а. Аллаhтың аяттарын оқып, тарату;
ә. Нәпсілерді ағартып тазалау;
б. Кітап және парасатты үйрету. 
(Жұма, 2)
Хақ Тағаланың адамзатқа айрықша жәрдемі болған 
Пайғамбарларды  жіберу  мәселесі  бүкіл  адамзатқа, 
яғни  жалпы  болу  үшін  Хазіреті  Адамнан  басталған. 
Сондықтан  Хазіреті  Адам  атамыз  тұңғыш  адамзат  әрі 
тұңғыш пайғамбар.
Пайғамбарлықпен  міндеттелгендер  мен  оларға 
тыңдаушы болғандардың арасындағы заман ұзап кеткен-
де  түскен  құдайы  бұйрықтардың  бұзылған  мазмұнын, 
қоғамдық  дамуға  сәйкес  бірнеше  жаңа  өкімдермен 
толықтырумен  жаңадан  түсіріп,  пайғамбарлар  арқылы 
елге  тарату  -  Аллаhтың  әдеті.  Бұл  жағдай  Хазіре-
ті  Адам  (Аләйһиссәләм)нан  бастап  соңғы  Пайғамбар 
Мұхаммедке  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  дейін  осы-
лай жалғасқан. Құран Кәрімде үшеуінің пайғамбарлығы 
анық болмаған жиырма сегіз пайғамбар туралы айтыла-
ды. Сонымен қатар нақылдарға қарағанда жүз жиырма 
мыңнан артық пайғамбар болғанын көреміз. Әр қауымға 

- 142 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
һидайетке шақыратын бір пайғамбар жіберілгені Исла-
ми  ақиқат.  Әйтпесе  қауымдарға  тура  жолдан  шығып, 
теріс жол ұстанғандықтарынан айып салу, жазаға тарту 
әділетке жатпас еді.
Аллаhтың  дінін  таратудағы  бұл  даму,  соңғы 
Пайғамбар  Мұхаммед  Мұстафамен  (саллаллаһу  аләйһи 
уә сәлләм) аяқталды. Ал бұдан кейінгі бүткіл замандар 
мен мекендер Оған қарасты болғандықтан, өзіне түскен 
уаhидың  кәміл,  толық  назымдарын  (ұйқас)  құраған 
Құран  Кәрімнің  мазмұнында  дүние  бар  болғанша  пай-
да  болатын  әрбір  жағдайға,  әрбір  мәселеге  жауап  бере-
тін ережелердің болуы өте қажет. Міне Құран Кәрімнің 
мағына  жағынан  теңсіз  иғжазы  (
әдебиет  жағынан  теңсіз, 
болашаққа  қарасты  шынайы  мәліметтер  турасында  адамдарды  әлсіз 
қалдырып өзіне сендіретін, бас идіретін құрани күш
) және парасат-
ты назымдары осы жағдайдан пайда болған.
Әр 
Пайғамбарда 
дәуірінің 
қажеттіліктеріне 
сәйкес  бірталай  ерекшеліктердің  пайда  болуы  тарихи 
шындық.  Хазіреті  Исаның  кезінде  ең  назар  аударта-
тын  ілім  медицина  және  ең  күшті  ауруларды  емдейтін 
дәрігерлер  еді.  Сол  себепті  Хазіреті  Исаға  дәрігерлерді 
де  әлсіз  қалдыратындай  бір  күш,  яғни  «өлгендерді 
қайта  тірілтетін»  бір  мұғжиза  берілді.  Хазіреті  Мұсаға 
сиқыршылардың  ауызын  жабатын  бір  мұғжиза  берілуі 
де сол мақсаттан туған.
Ал  Мұхаммед  Мұстафаның  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) пайғамбарлығы қияметке дейінгі барлық уақыт 
пен мекендерді қамтығандықтан, Ол өзінен бұрын кел-
ген  пайғамбарлардың  барлығындағы  билік,  күш  және 
мұғжизаларға  ие,  әрі  олардан  да  үстем.  Сонда  да  жай, 
қарапайым  адамдарға  үлгі  болу  керек  болғандықтан, 
іс-әрекеттерін көбінесе адамдық қажеттіліктерге қарап 
жүзеге асырған.

- 143 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  кезінде  шешендік,  айтыс  және  әдебиет  өте 
қатты  назар  аудартатын.  Халықтың  ұнатып  бағалауы 
үшін  адамның  осы  салада  өзгеше  болуы  керек  еді. 
Мұғжизалардың  мақсаты  көпшілікті  арбап  пайғам-
барларға  бағындыруды  қамтамасыз  ету.  Сондықтан, 
қоғамда  құдіретті,  үстем  болғандардың  да  мойын  июін 
қамтамасыз  ету  мақсатымен  Хазіреті  Пайғамбарға 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бүкіл  мұғжизаларға 
қосымша әрі бәрінен де күшті Құран Кәрім мұғжизасы 
берілді. 
Мұғжизалар 
пайғамбарлардың 
тікелей 
өздерінен  пайда  болған  төтенше  оқиғалар  болғанымен, 
мұғжизалардың көпшілікті арбауы себепті тәблиғда тек 
қана  арна  және  дәнекер  болған  Хазіреті  Пайғамбарға 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  (тікелей  өзінен  пайда 
болмастан) берілген Құран Кәрім, иғжазының себебінен 
теңсіз  бір  мұғжиза  деп  аталса  қате  болмас.  Сондықтан 
құдайы болған, бірақ мәңгі алау сияқты Пайғамбардың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  қолымен  адамзатқа 
ұсынылған  Құран  Кәрімнің  иғжазы,  шешендік  және 
әдебиетті  жақсы  түсінетін  «аср  сағадет»  (Бақыттылық 
ғасыры)  адамының  Хазіреті  Пайғамбарға  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  мойынсұнып  бағынуын  қамтамасыз 
еткен  ең  әсерлі  мұғжиза.  Пайғамбарды  өлтіру  мақса-
тымен жолға шыққан Хазіреті Омар тыңдаған Құранның 
қысқа  бір  бөлімі,  оны  жердің  ол  шеті  мен  бұл  шетіне 
көзді ашып жұмғанша жететін найзағайдың тездігіндей 
һидайетке  жеткізуі  Құранның  бұл  қасиетінің  өте  анық 
және тарихи мысалы.
Сондықтан, Пайғамбар  (саллаллаһу аләйһи уә  сәлләм) 
Мырзамыздың мүбәрәк саусақтарынан су ағуы, азғантай 
азық-түліктің  берекелі  болып  бірталай  адамға  жетуі, 
ағаштардың өсіп тұрған жерлерінен топырақты жарып 

- 144 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
келіп  Пайғамбардың  алдына  еңкейіп:  «Сәлем  саған 
Әй,  Аллаhтың  Пайғамбары»  -  деп  Оны  құрметтеулері, 
үстінде құтпа оқыған құрма дөңбегінің жаңа мінбе жа-
салуынан,  сүйіктіден  айырылу  қайғысына  шыдай  ал-
май  ыңырсуы  сияқты  шексіз  мұғжизалары  жанында 
қияметке дейін күшін жоғалтпайтын ең ұлы мұғжизасы 
Құран Кәрім.
Бұл жағдай аятпен де бекітіледі: «Кәпірлер, оған 
«Раббыңан  басқа  мұғжизалар  неге  түсірілмейді?» 
-дейді.  Сен  де  оларға:  «Мұғжизалар  тек  қана 
Аллаhтың  жанында.  Ал  мен  -  өте  белгілі  ескертуші 
ғанамынң  де».  «Өздеріне  оқылып  жатқан  Құранды 
саған түсіргеніміз оларға мұғжиза болмай ма? Әлбетте 
иман еткен қауым үшін Құранда игілік пен ғибрат бар» 
(Анкәбут сүресі 50-51 аяттар)
Бұл  аяттар  уаhиға  алғаш  рет  тыңдаушы  болған 
Арабтардың 
үрейленіп, 
сасқалақтап 
Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  Мырзамыздан  дәлел 
сұрағандықтарынан  түсіп,  Құранның  ең  күшті  дәлел 
және мұғжиза болғанын көрсеткен.
Құран  Кәрім  Аллаh  тарапынан  жіберілген  соңғы, 
және басынан аяғына дейін уаhи арқылы келген кітап.
Уаhи  -  Аллаh  Тағаланың  hидайет  деген  тура  жол-
ды  көрсететін  әмірлері  мен  тиымдарынан  құралған 
бұйрықтарының  Пайғамбарлары  арқылы  адамзатқа 
құпия  түрде  білдірілуі.  Адамзат  өзінің  шекті  болған 
ақылымен құдайы және ақыреттік ақиқаттарды түсінуге 
шамасы  жетпегендіктен,  Аллаh  тарапынан  пайғам-
барларға  уаhи  жолымен  жіберілген.  Сондықтан  Құран 
Кәрім құдайы және ақыреттік ақиқаттар ең толық түрде 
баяндалған мұғжизат кітабы.

- 145 -

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет