Рахмет самалы



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата29.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2966
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
уаhидың түсуі кезінде адамзаттық жағдайынан шығып, 
періштелердің  дәрежесіне  көтерілгендіктен,  өзінде  бір-
неше төтенше ерекшеліктер пайда болатын еді.
Мүбәрәк денесі өте қатты ауырлап кететін. Мысалы: 
түйесінің  үстінде  отырса,  түйесі  шөгіп  қалуға  мәжбүр 
болатын.  Аяғында  тұруға  тырысса  да  көтере  алмай 
аяқтары  қисайып  сынып  кетердей,  қарап  тұрған  адам 
қорқатындай еді.
Зәйд бин Сәбит (радиаллаһу анһу):
«Бір  күні  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) қасында болған едім. Жамағаттың көптігінен 
тізерлеп отырған едік. Әрі Оның тізесі менің тіземнің 
үстінде еді, сол кезде Оған уаhи түсті. Балтырым сы-
натындай  ауырлық  болды.  Аллаhқа  ант  етемін,  егер 
қасымдағы  Аллаhтың  Пайғамбары  болмаса,  жаным 
ауырғаннан  бақырып  аяғымды  тартып  алар  едім» 
(Бұхари, Тирмизи)
 дейді.
Уаhи  түскен  кей  кездер  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  есін  жоғалтпай  талған  сияқты  бо-
латын,  ішінен  дауыстар  шығып,  айналасында  араның 
ызылындай дауыстар естілетін және күн суық болса да 
мүбәрәк маңдайынан тер ағатын еді.
Мүстешриктер 
(Ориенталисттер: 
Исламды 
ғылыми 
негізде  саралап  қате,  кем  тұстарын  іздейтін  Христиан  ғалымдар)

шығыстанушы  ғалымдар  мен  кәпірлер  Хазіреті 
Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  басы-
нан  өткен  бұл  жағдайларды  ұстама  (эпилепсия)  ауру-
ына  қатыстыру  ойында  болған.  Бірақ  уаhи  түсу  кезін-
де  көрінген  бұл  жағдайлардың  ұстама  ауруына  ешбір 
қатысы жоқ. Өйткені:
1. Ұстама ауруы ұстаған кісі, ұстамадан кейін әлсіз 
қалып бүкіл денесі ауырады да, жүйке жүйесі бұзылады. 

- 146 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Алайда Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұлай 
қиналып көрмеген әрі қайтадан уаһи келгенше, арадағы 
уақытты босқа өткен уақыт секілді қабылдап, уаhидың 
келуін  сағына  күтіп,  уаhидың  келуімен  өте  қатты 
қуанып кететін еді.
2.  Уаhи  келгенде  болған  бұл  жағдайлар  әр  уаhи 
түскенде болған емес, кейде Хазіреті Пайғамбардың жай 
халы жалғаса беретін.
3.  Ұстама  ауруы  кезінде  адам  ойлау  және  түсіну 
қабілеттерін  толығымен  жоғалтып  алады  да  айнала-
сында не болып өткенін біле алмайды. Осылайша ойлау 
қабілеті тоқтап қалатыны медицинада дәлелденген. Ал 
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне 
түскен  уаhимен  адамзатқа  заң,  мінез-құлық,  ғибадат, 
қисса және әңгіме сияқты бірталай мәселенің ең кәміл 
үлгілерін  қамтыған  Құран  аяттарын  халыққа  айтып, 
жеткізіп жатқан еді.
Былайша  айтқанда  жақсы,  терең  ойлау  керек;  тым 
болмаса  ең  қысқа  сүресіне  де  ұқсас  бір  нәрсені  ортаға 
шығара алмайтындай қылып адамзат баласы мен жын-
дарды әлсіз қалдырған бір келам (сөз), ұстама ауруына 
шалдыққан біреудің шығармасы бола ала ма?
4. Ұстама ауруы ұстаған кезде адамның қатты селкіл-
дегені білінеді. Бірақ уаhи кезінде Пайғамбарда осындай 
жағдайдың  болмауы  ориенталисттер  мен  кәпірлердің 
айтқандарының қандай өтірік, бос сөз екенін көрсетеді.
5.  Сонымен  қатар  ұстамалы  кісі  ауырған  кезінде 
сандырақтап  қалай  болса  солай  сөйлейді.  Ал  Хазіре-
ті  Пайғамбарда  мұндай  жағдайдың  болмағаны  және 
әкелген  Құранның  бүткіл  адамзатты  әлсіз  қалдырғаны 
сенбей, қарсы келгендердің сөздерін теріске шығаратын 
дәлелдердің біреуі ғана.
Дүниеден  ұстама  ауруымен  ауырған  жүз  мыңдаған 
адам өткен. Бұлардың арасында Пайғамбар (саллаллаһу 

- 147 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
аләйһи уә сәлләм) сияқты, осындай, қияметке дейін күші 
жоғалмайтын кәміл дін құрған ешкімнің болмағаны да 
анық.
Шынында да 1848 жылы, соттардағы анықтау дауы 
сияқты  (
Мысалы,  соттарда  жер-көлемін,  оның  иесін  анықтау  т.б. 
сияқтыы
),  поптың  біреуі  Француз  Ғалымдар  Академия-
сына  Хазіреті  Пайғамбарға  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  келген  уаhи  емес  жалпы  бір  түрлі  ұстама  ауру 
деген  дәлел  қағазын  алайын  деп  барады.  Бірақ  Фра-
цуз  Ғалымдар  Академиясының  ғалымдары,  ұзақ  зерт-
теулерден  кейін,  адалдықпен,  Пайғамбардағы  бұл 
жағдайлардың  ұстама  ауруына  қатысы  жоқтығын 
дәлелдеді.  Барлығы  6666  болған  Құран  аяттарының 
түсуін қажет ететін ұстама ауруына ешбір дененің шы-
дай  алуы  мүмкін  еместігін  ғылыми  дәлелдермен  бел-
гілеп,  берген  есеп  қағаздарымен,  Француз  попының 
көтерген дауын қабылдамады.
Уаhи  -  адамзат  хал-жағдайынан  тыс,  толығымен 
құдайы  оқиға.  Ол  жасандылығы  мүлдем  мүмкін  емес 
құдайы болмыс.
Расында да Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
адамзатқа Құдайы сыйлық ретінде әкелген Құран Кәрім 
шексіз  өлшеуде  мүғжизалармен  толы  болғанын  бір-
талай  жағдайларда  білдіруде.  Төменде  біздер  сырын 
түсінуден әлсіз қалған Келамұллаhтың (Аллаhтың сөзі) 
иғжазына қарасты бірнеше мысалдарды назарларыңызға 
ұсынамыз.
І) Шешендігі мен әдеби тәсілі
Құранның  мұғжиза  болуының  ең  маңызды  жағын 
шешендігі мен әдеби тәсілі құрастырады.
Шешендік  -  мазмұнға,  мақсатқа,  мәселеге  және 
тыңдаушыға  қарап  яғни,  жағдайдың  қажеттілігіне 

- 148 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қарап  ең  сәйкес  түрде  келетін  сөздерді  құрап  сөйлеу  деп 
табылады. Құран Кәрім қозғаған бүткіл мәселелерде мұны 
ең жақсы түрде жүзеге асырған.
Құран Кәрім жазылу мәнерінің көркемдігі жағынан да 
теңдесі жоқ кітап. Қолданылған сөздерінде, құрастырған 
сөйлемдерінде әрі бұлардың баяндаған мағыналарында ең 
ұсақ кемшілікті де табу мүмкін емес.
Құран Кәрім - тіл мұғжизасы. Міне осы салада өте үстем 
болған  Арабтардан  және  қияметке  дейін  келетін  адамзат 
баласынан  әрі  жындардан  өзіне  ұқсас  бір  сөз  шығаруын 
сұрап оларды «сөз майданына» шақырған.
Бұл  мәселе  туралы  Құран  Кәрімде  ең  алғаш  рет  Тұр 
сүресінің 34-аятында былай айтылған:
«(Аллаhқа серік қосқандар, Құран Аллаhтың сөзі емес 
деген дауларында) тура (және ізгі ниетті) болса, кәне онда 
Құран сияқты бір сөз келтірсін!»
Бұл  Құдайы  сөздердің  алдында  әлсіз  қалған  мүш-
риктердің  (Аллаhқа  серік  қосқандар)  бейшаралығын 
толық көрсету үшін Аллаh Тағала, Хұд сүресінің 13-ші ая-
тында қосымша ұсыныстар жасады:
«Немесе Олар: Құранды өзі жасады дей ме? (Мұхаммед 
(Аләйһиссәләм))  Оларға  айт:  Олай  болса  сендер  де 
Құранға ұқсас қылып жасанды он сүре келтіріңдер! Егер 
шыншыл  болсаңдар  Аллаhтан  өзге  көмекке  шақыра 
алатындарыңды да шақырыңдар!»
Юнус сүресінің 38-аятында да осылай айтылады:
«Немесе олар: Құранды өзі жасады дей ме? (Мұхаммед 
Аләйһиссәләм) Оларға айт: Егер айтқандарың дұрыс бол-
са кәнеки, соған ұқсас бір сүре келтіріңдер әрі Аллаhтан 
басқа (көмекке) шақыра алатындарыңды шақырыңдар!»
Аллаh  Тағала  бұл  ұсынысты  Бақара  сүресінің  23-ая-
тында да қайталайды.
Соңғы рет Исра сүресінің 88-аятында да:

- 149 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Айт:  Адамдар  мен  жындар  бір-бірлеріне  көмекші 
болып,  осы  Құранның  ұқсасын  ортаға  шығару  үшін 
жиналса  да,  жасай  алмайтынына  ант  етемін...»  -  деп 
бұйырған.
Бұл  жекпе-жекке  шақыру,  осы  күндерге  дейін 
бүкіл кәпірлердің әлсіреуімен және жеңілуімен нәтиже 
тапқан. Кәпірлер ешқашан Құранның сүрелеріне ұқсас 
бір де бір сүре келтіре алмаған.
Құран  Кәрім  сүрелеріне  ұқсас  қылып,  жасанды 
шығарма  жасаумен  әуестенген  Мүсәиләмәтүл  Кәззап 
(
Пайғамбар  заманында  өзін  «мен  пайғамбармын»  деп  жариялаған 
өтірікшілердің  біреуі
)  және  басқалар  істегендерімен  елге 
күлкі,  масқара  болған.  Жасағандары  да  әжуадан  басқа 
ешнәрсе болмай, тек қана олардың ақымақтықтарының 
көрінісі болып қалған.
Бірнеше  сүренің  басында  «Әліф,  Ләм,  Мим;  Әліф, 
Лам, Ра; Һә, Мим; Иә, Син» сияқты, hуруфу мукаттаға 
(бөлінген  әріптер)  деп  аталатын  бірнеше  әріптер 
бар.  Бұлардың  бір  бөлігі  сүренің  бір  аятын  құрайды. 
Мүтешабіh  деп  те  айтылатын  осындай  аяттардың 
мағынасын тек қана Аллаh Тағала біледі. Бұл мәселеде 
«сөздері  дуалы»  кейбір  ғалымдар,  hуруфу  мукаттағаға 
қарасты төмендегі анықтаманы жасаған:
1. Аллаh Тағала, бұл әріптермен адамзат және жын 
әлемін:
«Міне,  қолдарыңдағы  Құранның  сөздері  осы 
әріптерден  құрастырылған  Мархабат,  күштерің  жетсе, 
сендер  де  бір  ұқсасын  шығарыңдар!» -  деген  мағынада 
жекпе-жекке шақырады.
2. Бұл әріптердің сүрелердің алдында келуі, өздерінен 
кейін  келетін  мәселелер  мен  тақырыптарға  дайындық 
жасау үшін, назар аударуды қамтамасыз ету мақсатында 

- 150 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қойылған.  Өйткені,  кей  кездері  сөзді  құпия,  астарлы 
түрде бастап, мәселені құпияларға толы ишараттан кей-
ін баяндауға өте көп назар аударылады.
3. Осы әріптер, үйренудің әріптермен басталатынына 
ишарат  етеді.  Өйткені  Арабтар  Құран  түсе  бастағанға 
дейін әріптердің бұлай жеке өз басына оқылатынын біл-
мейтін еді. Мұны ең алғаш Құран Кәрім үйреткен.
Қысқаша айтқанда hуруфу мукаттаға, сырлары Ал-
лаh Тағалаға ғана мәлім болып, бүкіл адамзатты өзінің 
алдында әлсіз қалдырған Құранның иғжазы деп табыла-
ды.
Құранның тәсіліндегі ерекшеліктер
Құран  Кәрім  өлең  де  емес,  проза  да  емес,  бірақ 
өлеңнің  де  прозаның  да  ерекшеліктерін  жинаған,  әрі 
оның  ғажайып  сәйкестікпен  және  ішкі  мақаммен 
құрастырылған тәсілі бар. Адамзат баласы Құран оқыған 
кезде,  осы  ішкі  мақам  оның  рухының  тереңдіктеріне 
дейін әсер етеді.
Құранның  жолдарында  бір  сөздің  өзін  алдыға  не-
месе  артқа  орын  ауыстыру  секілді  өзгерістер  жасау 
оның  сәйкестігін  дереу  бұзады.  Осы  замандағы  Ислам 
ғалымы,  құрметті  Мұхаммед  Хамидуллаh,  Құрандағы 
сәйкестікке қарасты бір естелігін былайша нақыл етеді:
«Мұсылман  болған  Француздың  бір  музыка  зерт-
теушісі  бір  кездескенімізде  маған,  Наср  сүресіндегі  бір 
аятты «фи динилләhи әфуажа. Фәсәббиh...» деп оқудың 
ән  жағынан  құлаққа  жағымды  еместігін  айтты.  Мен 
Оған, бұл аятта «әфуажа» деп тоқталмайтынын тек қана 
«әфуажан-фәсәббиh»  («н»  және  «ф»  әріптері  бір-біріне 
қосылып оқылады. Бұл кезде «ф» әрпінен бұрын аздап 
«у» дауысы шығарылады) деп оқылатынын түсіндірдім.

- 151 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бұл  музыка  зерттеушісі  бауырымыз  дереу  былай 
деді:
«-Иманымды  қайталаймын.  Бұл  түсіндіргеніңізден 
кейін,  енді  ән  жағынан  да  Құранға  ешбір  қарсылығым 
қалған  жоқ.  Құрандағы  сәйкестік  адамзат  баласы 
сипаттауға  шамасы  келмейтін  дәрежеде.  Ол  сәйкестік 
салтанатын  көрсетуде.  Осындай  кәміл  ұлы  кітаптың 
орнына жай адамзаттық нәрсенің қойылуын кім ойлай 
алады?»
Құран  Кәрім  бұл  ерекшелігімен  адамзаттың 
көңіліне  өте  күшті  дәрежеде  әсер  еткен.  Арабтар  оны 
Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  мүбәрәк 
аузынан  тыңдап  топ-тобымен  иман  еткен,  бүкіл 
мүшриктер  де  бір  ұқсасын  шығара  алмай  шарасыз 
қалғандықтарынан  Құрандағы  шешендікпен  жазы-
лу  мәнерінің  көркемдігін  ұждандарымен  қабылдаған. 
Мүшриктер, Құранды тек қана өздеріне бір жетімге мой-
ын ию ауыр келгендіктен қарсы шығып, қабылдамаған.
Мүшриктердің  атақтыларының  бірі  болған  Уелид 
б.Мүғиренің  Құранды  тыңдағанда  не  істегенін  Аллаh 
Тағала Құранда былайша түсіндіреді:
«Расында да ол (Уәлид ибн Муғире) бір ойлап өлшеді 
де, пішті... Құрып кеткір қалай өлшеп пішті? Содан кей-
ін  ашуланды  да,  қабағын  түйді.  Тәкәппарлықпен  бет 
бұрды  да:  «Бұл  баяғыдан  бері  үйретіліп  келе  жатқан 
сиқырдан басқа ешнәрсе емес. Бұл, тек қана бір адамзат 
сөзің-деді»
 (Мүддессир сүресі 18-25 аяттар)
.
Уелид, бүйтіп айтуына қарамастан ұжданының дау-
сына құлақ түргенде сасқалақтап, үрейленген күйде:
«Ант  етемін,  Мұхамедтен  жаңарақта  бір  сөз  есті-
дім,  ол  сөз  адам  баласыныкі  де,  жындыкі  де  емес.  Бір 
тәттілігі,  көркемділігі  бар.  Тамырын  тереңге  жайған 

- 152 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жемісі мол ағаш секілді. Ол нақтылықпен үстем болады, 
одан  ешкім  аса  алмайды»  деп  айтып,  Құранның  адам 
жеткісіз шешендігін қабылдауға мәжбүр болған.
Халықтың  Құранды  тыңдауына  бөгет  болған  азғын 
мүшриктер  бірнеше  рет,  түнде  Қағбада  Құран  оқыған 
Хазіреті  Пайғамбарды  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм), 
тек қана тыңдау ұнағаны үшін, өзгелерден жасырынып 
тыңдаған  кездерде,  кездейсоқ  бір-бірлерін  көріп  қалса 
өз-өздерін айыптап:
«Yй! Ешкім көріп қоймасын! Ант етеміз, егер халық 
біздің осы жағдайымызды біліп қойса масқара боламыз 
да, бұдан кейін ешкім бізге құлақ аспайды!» -деп, екінші 
осылай істемейтіндіктері жөнінде келісіп, уәделесетін.
Құран  тәсілі  өте  әсерлі  болғандықтан,  мүшриктер 
адамдардың Құранды естімеулері үшін у-шу шығаратын 
немесе Құранның оқылуына тиым салатын еді.
Құрандағы  сәйкестік  пен  әуен  -  оқылғанда  шыға-
тын дауыстағы «тәртіптен», яғни сөздердің, әріптердің, 
«сүкүн» және «әрекелердің» (Құрандағы дауыс белгіле-
рі) ұзын және қысқа буындарының ең сәйкес түрде тізілу 
тәсілінен  пайда  болады.  Құран  бітіп  таусылмайтындай 
сәйкестіктерге  толы.  Көбінесе  бір  дауыстан  кейінгісіне 
өтерде  байқалатын  сәйкестікпен  әуен  көңілді  тебірен-
теді.  Мағынасын  түсінбегендердің  өзі  бұл  теңдессіз 
әуеннің алдында мәз-майрам болады.
Құран тәсілінде мағына мен сөздердің өз деңгейі бар. 
Ол түсіндіретін әрбір мағынаны ең жақсы әрі күшті түрде 
баяндай  білетін  сөзді,  өзгертілмейтін  бір  құдіретпен 
қолданады.  Осыменен  сөз  бен  мағынаның  арасындағы 
деңгейді  «Кәләм»  (сөйлеу)  сипатының  жалғыз  иесі-
не  қарасты  тәсілімен  құрады.  Бұл  мәселеде  ең  күшті, 
атақты әдебиетшілер де шексіз әлсіздік ішінде болады.

- 153 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Құран  Кәрім  қисса,  әңгіме,  тарих,  заң  шығару, 
диалектика,  пікір-талас,  ақырет,  жәннәт  пен  тозақ 
сияқты  мәселелерді,  қорқытушы  және  сүйіншілеуші 
аяттарды  мағыналарының  күшіне  қарап  бөлек-бөлек 
әдіс  бүтіндігімен  шешендік  және  жазылу  мәнерінің 
көркемділігін  сәйкестікте  ұстап  баяндайды.  Бұл  да, 
Құранның Аллаhтың сөзі болғандығынан.
Құран  Кәрім  қай  уақыт,  қай  кезеңде  болмасын 
әр  жерде  өмір  сүретін,  білім  дәрежелері  бөлек-бөлек 
барлық  адамзатқа  түсініктеріне  қарап  бұйрық  береді. 
Айрықша мәртебелі бірталай адамдар болған мәжілісте 
Құран  аяттары  оқылғанда,  сол  жерде  отырғандардың 
әрбіріне Құранның сәйкестігі (көркемдігі) бұзылмастан 
өз  түйсігіне  қарай  түсінік  береді.  Бұл  құлдардың 
мүмкіншілігі мен күші жетпейтін жағдай.
Құран тәсіліндегі бірнеше қайталанулардың болғаны 
да  әңгімеленген  ақиқаттың  зейіндерде  әрі  көңілдерде 
толық орнығуын қамтамасыз ету үшін.
Құран ақыл мен көңілге бір деңгейде айтылғандықтан 
оқыған адамды тыныштық пен шаттыққа бөлейді.
Құран  тәсілінің  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи 
уә сәлләм) киелі хадистерінің тәсілінен айырмашылығы 
бар.  Егер  Құран  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи 
уә  сәлләм)  сөзі  болса,  барлық  жағынан  Оның  хади-
стеріне  ұқсар  еді.  Мұндай  ұқсастық  мүмкін  емес  те, 
болмаған да. Өйткені Аллаhтың сөзі мен құлдың сөзінің 
арасындағы  айырмашылықтың,  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  тарапынан  «Жаратушы 
мен жаратылғандардың арасындағы айырмашылықтай» 
екені  айтылған.  Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) киелі хадистері адамзат сөздерінің ең 
биігінде болғанымен, шешендігі және жазылу мәнерінің 
көркемдігі  жағынан  Құдайы  сөзбен  салыстырылуы 
мүмкін емес.

- 154 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бір ұқсасын ойлап табу, адамзаттың күш-құдіретінен 
тыс болғандықтан, Құран Кәрім өзін «ішінде ешбір күдік 
болмаған кітап»-деп адамзатқа ұсынады.
«Әліф.  Ләм.  Мим.  Ол  -  кітап  (Құран);  онда  мүлдем 
күмән  жоқ.  Ол  Аллаhтан  қорқатындар  үшін  жол 
көрсетуші.» 
(Бақара сүресі 1-2 аяттар)
Құранның  аяттарында  ешбір  қарама-қарсылық, 
қайшылық, ақау немесе қисықтық жоқ. Расында көркем 
аяттарда былай айтылады:
«Олар  әлі  Құран  туралы  дұрыстап  ойламады  ма? 
Егер ол Аллаhтан басқаның тарапынан келген болса, 
оның  ішінен  көп  қайшылықтар  табар  еді». 
(Ниса  сүресі 
82-аят)
«Ант болсын, Біз үгіт алсын деп, бұл Құранда адам-
зат  баласына  әр  түрлі  мысалды  келтірдік.  Сақтансын 
деп,  ақаусыз,  арабша  Құран  түсірдік» 
(Зүмәр  сүресі  27-28 
аяттар).
Құранның қияметке дейін өзгертілмей сақталуы, әрі 
жалғасуы Аллаh тарапынан кепілдікке алынған. Ол, не-
гізсіз нәрсенің араласуы мүлдем мүмкін емес, ұлы және 
терең  мағыналы  кітап  болып  табылады.  Шынында  да 
көркем аяттарда:
«Әлбетте Құранды біз түсірдік, қорғаушысы да әрине 
бізбіз!»
 (Хижр сүресі 9-аят)
«...  Сөзсіз  ол  (Құран)  теңдессіз  кітап,  оған  алдынан 
да, артынан да негізсіз нәрсе кіре алмайды. Ол Хаким 
(
Хаким - Әкім, Хамид - мақтауға лайық)
 және Хамид болған Ал-
лаh тарапынан түсірілген» 
(Фүссиләт сүресі 41-42 аяттар)
 деп 
айтылған.
Құран  Кәрім,  сөз  әрі  мағына  және  өкім  жағынан 
бүтіндік  көрсетеді.  Ал  Адамзат  баласының  айтқан 
сөздері  көркемдік  және  түзулік  жағынан  әрдайым  бір-
дей болуы мүмкін емес. Жазған және сөйлеген адамның 
жағдайына және сезіміне байланысты өзгереді.

- 155 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Ал  Құранның  баяндауы,  әрі  тәсілі  басынан  аяғына 
дейін  теңсіз  бір  көркемдік  пен  ұйқастықтың  ішінде. 
Аяттардың  мазмұнындағы  мағына,  өкім  және  хабар-
лар  жаратылыстың  басынан  бастап  мәңгілікке  барлық 
нәрсені  қамтыған  түрде  кәміл  сәйкестік,  күштілік 
және  ұйқастықты  көрсетеді.  Міне,  тек  қана  осындай 
жағдайларды ойлап, белгілеу Құран Кәрімге адамзат та-
рапынан бірде-бір өзгеріс енгізілмегенін, Аллаhтан кел-
гендігін түсінуге жетеді.
Құран Кәрім осы ерекшелікті жер бетіне түскенінен 
осы  заманға  дейін  жалғастырғандай,  бұдан  кейін  де 
жалғастырады. Аллаh Тағала Оны әр түрлі өзгерістер енгі-
зіп, кемітуден және арттырудан сақтайды, әрі қорғайды. 
Расында  да  жетпіс  жылы  атеизм  және  коммунизмнің 
табанының астында өткен Ислам мемлекеттерінде Құран 
оқуға, әрі оқытуға тиым салынғанымен, Аллаhтың ұлы 
сөзі,  Құдайы  қорғаумен  кепілдікке  алынғандықтан  ең 
ұсақ өзгертілуге де ұшырамаған.
ІІ) Құран Кәрімнің адамзат
тарапынан өзгерістер енгізуден
пәк болуы
Құран  Кәрімге  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  тарапынан  мүлдем  килігу  болмаған. 
Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  өмірінде 
осы мәселені анықтайтын өте маңызды оқиғалар бар.
Уаhидың Кешігуі
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
оқиға  болған  кезде  жауап  беруге  мәжбүр  болғанымен, 
уаhидың  кешігетін  кездері  болатын  еді.  Мысалы,  Ифк 
оқиғасы секілді:
Бәни  Мұсталық 
(ру  аты)
    соғысынан  қайтарда 
мұнафықтар 
(Сырттай  мұсылман  болып  көрінгенімен,  негізінде 

- 156 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Аллаһқа сенбеген адамдар)
, Хазіреті Айша анамыздың намы-
сы туралы өсек-аяң таратқан. Бұл өсек селге ұқсап жай-
ылып, мұсылмандардың жүректері аузына тығылған.
Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
да ұялшақ әрі мұқият түрде:
«Мен Айша жайлы жақсылықтан басқа бір нәрсеге 
де куә емеспін» деуден басқа нәрсе істей алмаған.
Мәселені тексеріп, сахабасымен ақылдасқаннан кей-
ін Хазіреті Айшаға:
«Тыңда, Ей, Айша! Сен туралы бір сөз естідім. Егер 
күнәсіз  болсаң  Аллаh  сені  ақтайды.  Ал  егер  күнәға 
батқан болсаң, Аллаhтан кешірім тіле!» - деп айтқан.
Бұл сөздер ғайыпты 
(Белгісіз, құпия әлем, келешек)
 білмей-
тін  адамның  сөзі.  Ол  тек  қана  Аллаh  Тағала  білдірген 
кезде біледі. Ақыры бір айдан соң Нұр сүресі түсіп Хазі-
реті Айша анамызды ақтады.
Егер Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Құран 
Кәрімге  киліккен  болса,  еш  күтпестен  өзінің  сөздерін 
уаhиға қосып, өзі сезіміне жүгініп әрекет етер еді.
Аллаhтың  Елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм), 
Құбыланың Қағбаға тура болуын армандаған еді. Бірақ, 
хижраттың  он  алтыншы  айына  дейін  күтуге  мәжбүр 
болған.  Осы  айда  Құбыла  Құдұстағы  (Иерусалим) 
Бәйтул Мақдистен Қағбаға ауыстырылды. Аллаh Тағала 
төмендегі  аятты  түсіріп,  Пайғамбарын  арманына  жет-
кізді.
«(Ей, Пайғамбарым!) Біз сенің жүзіңнің көкке қарап 
тұрғанын  (көктен  хабар  күткеніңді)  көріп  тұрмыз 
(Асықпа). Әлбетте сені разы болатындай, бір құбылаға 
айландырамыз.  (Бұдан  былай)  бетіңді  Харам  Мешіті 
(Мекке) тарапына қарат. Қайда болсаңдар да беттеріңді 
сол жаққа қаратыңдар!..» 
(Бақара сүресі 144-аяттар).

- 157 -
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Әлемде  болып  жатқан  барлық  оқиғалар  мен 
әңгімелер,  Аллаhтың  еркіне  мойынсұнып  жалғаса  бе-
реді. Күзде ағаштан түсетін жапырақ та Құдайы ерікке 
байланған. Керісінше жағдай әлемде анархия (бейбере-
кеттік) туғызады. Пайғамбарлардың бүкіл іс-әрекеттері 
де Аллаhтың еркімен болады. Аллаh Тағала бұл жайлы, 
аятта былай айтады:
«Ол  (Пайғамбар)  өз  еркімен  сөйлемейді!  Онысы 
(Пайғамбардың сөйлегені өзіне) уаhи етілгеннен басқасы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет