оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе
білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда
құзырлылық танытатын тұлға ретінде қалыптасуын қамтиды.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ре-
сурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне
көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshеd, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін
өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (
Strong, Ward & Grant
, 2011).
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі
екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті
деңгейде кездеседі.
Бұл «Студентке арналған нұсқаулық» Үшінші деңгей бағдарламасының негізін құрайтын
ғылыми зерттеулер кешенін зерделеуге және талдауға арналған. Сонымен қатар мұнда
ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің, сондай-ақ
тәжірибелі ұстаздардың көп жылғы тәжірибесіне негізделген.