Worker stuff[100]; // 100 құрылымнан тұратын жиым
Осы
typedef
түйінді сөзі сипаттамалары ұзақ болып келетін типтер үшін
қысқартылған атаулар берумен қатар, программаларды бір платформадан
екіншісіне көшіру мүмкіндігін жеңілдету үшін де қолданылады: егер машинаға
тəуелді типтер
typedef
операторларының көмегімен жарияланған болса, про-
грамманы басқа платформаға ауыстырған кезде тек осы операторларға ғана
өзгеріс енгізу жеткілікті болып табылады.
Тізбелер (enum)
Программаларды жазу кезінде кейде барлығының мəндері əртүрлі болуы
талап етілетін, атау берілген бірнеше тұрақтыларды анықтау қажеттілігі туа-
ды (мұндағы олардың нақты мəндері маңызды болмауы да мүмкін). Осын-
дай мақсатта барлық мүмкін мəндері бүтін сандық тұрақтылармен берілетін
тізбелік мəліметтер типтерін қолданған ыңғайлы болып табылады. Оның
форматы:
Достарыңызбен бөлісу: |