Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет78/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Қойнына қараңғылық енген барып
Жағалай айналаның бәрі қауіп. 
Қарасаң қараңғы түн жан қорқарлық
Бұл күнде бола алмайтын жолды тауып, – 
 
дейді ақын. 
Жалпы  ақын  табиғат  жайлы  жазғанда,  оның  тылсым  сырын  айнала 
қоршаған  ортамен  бірлестіре  отырып,  қарапайым  кӛріністерден  ғажап 
суреттер  жасайды.  Ол  қашан  да  болсын  жаратылыстың  кӛркемдігін  адам 
тіршілігімен  байланыстыра  бейнелейді.  Айналадағы  тіршілік  тынысынсыз 
жансыз  табиғат  сүреңсіз  кӛрінеді.  Тіршілік  –  жансыз  суретке  әр  беретін, 
оның  сан  құбылуын  ӛрістететін,  оған  қимыл-қозғалыс  беретін  құбылыс. 
Ақынның  “Жазғы  қайғы”  ӛлеңі  –  осындай  ойдан  туған,  сыр  тұнған  сұлу 
сурет: 
 
Жаз жетіп, қарлар кетті, сулар ағып, 
Күн де тұр жарқ-жұрқ етіп нұрын жағып. 
Құлпырып, жүз құбылып жердің жүзі, 
Қуанбас жан-жануар бұған нағып. 
 
Ақын жаздың шуақты күнін, жер ананы исіндірген күн сәулесінен түлеген 
даланы,  сол  даланың  кӛркі  тӛрт  түлікті,  жайлау  тӛсіндегі  әдемі  суреттерді 
тӛгілдіріп  жырлап  келіп,  кілт  басқа  сарынға  ауысып  кетеді.  Онда  аһ  ұрған 
ӛкініште, пейлі кең қазақтың жері тарыла бастауына егіле толғану да бар. 
 
Жағалап ауыл қонған кӛлдерім-ай, 
Суында жүзіп ішкен тӛлдерім-ай! 
Шарқ ұрып, шалқып қонған қайран қоныс
Зар болып бір күнгіге шӛлдедім ай! – 
 
деп, ақын жері қарашекпенділер қолжаулығына айналып, ӛз еркі ӛзіне тимей, 
қонысы  тарылып,  еңсесі  түсіп,  езілген  жұртының  жайына  қамығады.  Бұлай 
астастыра  суреттеу  ақын  ӛлеңіне  үлкен  мағына  беріп,  оның  әлеуметтік 


195 
 
сарынын  айқындай  түседі.  Ӛлең  соңында  ақын  айтар  ойын  түйіндей  келіп, 
ащы шындықты жайып салады: 
 
Ал енді, бізге келген заман қандай, 
Заманға қарсы тұрар шамаң қандай? 
Мұжықтың кӛк желке боп тепкісінде
Талайсыз неден болдың, аһ, сормаңдай!  
 
“Гүл”  атты  ӛлеңінде  ақынның  бір  сәттік  кӛңіл-күйді  қалай  шебер 
бейнелейтінін кӛреміз. Жаздыкүнгі жайнап тұрған гүлге қарап ақын бір мезет 
мұңға беріліп, осы сұлулықтың тез соларына, табиғаттың құрсағынан сонша 
ғажап  болып  жаратылған  ӛсімдіктің  ғұмыр  қысқалығына  ӛкініш  сезімін 
білдіреді, ақынның жаны толқып ойын екі ауыз сӛзбен түйіндейді. 
 
Мұның бәрін білмесең, 
Ӛмір қайдан оңады. 
 
Бұл – ӛмір заңдылығы. Оны түйсіну ӛмір мәнін терең түсінуге жетелейді. 
Ӛмірдің ӛтпелігін, уақыттың құндылығын бағалауға итермелейді. 
Сұлтанмахмұт  ақындығын  зерттеуші  ғалымның  бірі  Ы.Дүйсенбаев 
“Табиғат  суреттері  (пейзаж)  мен  кӛңіл-күйдің  нәзік  тебіреністерін  беретін 
жырларында  Сұлтанмахмұт  ӛзінің  дағдылы  жолынан  танбайды,  демек  ең 
алдымен, шығарманың тәрбиелік мәніне, эстетикалық әсеріне не эмоциялық 
жылылығына ерекше кӛңіл бӛледі”,
49
 – дейді ақын шеберлігі ту-ралы. Бұған 
мысал болар дүние ақында жетерлік. 
“Жазғы  кеште”  деген  ӛлеңінде  сӛзден  сурет  сала  отырып,  табиғат 
аясындағы  серуендеп  жүрген  ғашықтардың  кӛңіл  күйін,  мӛлдір  сезімдерін 
уақыттың жанға сая, тәнге шипа кезімен астастыра кестелейді. 
 
Кӛк ауа, мӛлдір аспан бейне жібек
Кӛргеннің кӛңілі ӛсер, ойы түлеп. 
Ай бауыры, кӛк орайдың қойнында 
Сырласар сыбырменен сүйген жүрек. 
 
Сұлу кеш, сұлу сезім, албырт кӛңіл, адал жүрек бірін-бірі әдемі ашып тұр. 
Ақын  бұл  ӛлеңінде  сұлу  жұлдыз,  кӛк  ауа,  бауыры  алтын  ай  тәрізді 
эпитеттерді  қолдана  отырып,  сол  бір  кештің  кӛңіл  түкпіріндегі  кӛркем 
суретін береді. 
Сұлтанмахмұт  шығармашылығының  соңғы  кезеңі  1917-1920  жылдар 
аралығын қамтиды. Бұл – ақын ақындық ӛнердің бар қырын меңгеріп, нағыз 
                                                 
49
 Қазақ әдебиетінің тарихы. Т. 2. 2-кітап.-Алматы, 1965.- 473 б. 


196 
 
суреткер ретінде қалыптасқан кезең. Ұлы далаға бостандықтың келгенін паш 
еткен  буржуазиялық-демократиялық  революцияны  ақын  қуанышпен  қарсы 
алады.  Бұл  тұста  ақын  ӛзінің  шалқар  шабытына  мініп,  ұлтының  теңдігін 
жоқтап,  азаттықты  жақтап,  халқының  кӛңіліне  қонар  салиқалы  ой  тастап, 
жалынды жырларымен шашу шашты. Ақпан революциясынан кейін іле-шала 
“Алаш  ұраны”  дүниеге  келді.  Бұл  оның  ұлтжандылығын,  ұлтының  езгіге 
қарсы кӛтерілуіне шын тілектестігін білдіретін ӛршіл лепті, рухы биік, отты 
жыры болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет