Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет16/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

Сүлейменге көз тастап қояды. Бiрақ Көбектен “Мұның кiм?” деп 

сұрамады.

—  Хош,  Көбеке.  Қысыр  сөздi  сөйлей  бергенше,  iске 

кiрiселiк.  Шыршықтың  арғы  бетiндегi  шегiр  жайлаудың 

үстiндегi  Қотырбұлақта  ағайынды  Досыбай,  Қосыбай  бектiң 

үш  үйiр  жылқысы  жүр.  Үш  үйiр  жылқы  үш  бөлек  жайылады. 

Әр  үйiрде  құлын-тайымен  есептегенде  қырық-елу  жылқыдан 

бар.  Жылқылар  күндiз  Қанбастаудың  үстiне  жайылады.  Арғы 

асуға  қарай  жылқышылар  жiбермейдi  оларды.  Ал  кеш  түсе  әр 

үйiрдi бергi табанға түсiрiп жусатады. Жылқышылар үш үйiрдi 

бiр-бiрiне  жақындатпай,  әр  төбенiң  астына  түнетедi.  Бергi 

Қотырбұлақ маңында түнейтiн сары айғыр үйiрiн үш жылқышы 

күзетiп шығады. Менiң көптен берi дiттеп жүрген үйiрiм — сол. 

Ел жата, әлгi үш жылқышыны қапысын тауып, байлап тастауға 

болады.  Одан  соң  жылқаларды  тауға  қарай  айдап  кету  оңай. 

Оларды  тау  басындағы  Теректi  шатқалына  бiр  кiргiзсек,  бiттi. 

Шыршық бастауына дейiн қауiп жоқ. Арғы жағында Құмдытас 

құзы таяқ тастам жер. Тағы бiр айтарым, үйiрбасы сары айғыр 

басқа  айғырлардай  асау  емес.  Қасқырға  алдырмайтын  тарпаң 

болғанымен,  айдауға  оңай  көнетiн  жануар… 

—  Мұның  бәрiн  жақсы  ойластырыпсың,  Елеке.  Барымтаға 

қашан  кiрiсемiз? 

— Қайбiр жылғыдай үш күн аңдып керегi не? Тап бүгiн түнде 

айдап кетiңдер. Бұл маңға көптен берi ұры келген жоқ едi. Содан 

болар,  бұл  жердiң  байлары  қазiр  арқа-бастарын  кеңге  салып, 

қауiп  жайын  ұмытқандай,  тұсау-шiдерлерiн  босатқан  жайлары 

бар.


—  Шыршықтың  арғы  бетiне  тағы  да  “Жайылма”  өткелiмен 

өтемiз  бе?

— Жоқ. “Жайылмамен” өтсек, Қотырбұлақтан қиястау кетiп, 

ұзақ жүрiп қаламыз. Бiзге ең тәуiрi — Жанбай ауылының тұсынан 

өту. Ол тұста, кешiп өтуге болатын бiр өткел бар. Оны көп адам 

бiле бермейдi. Сол өткелден сендердi өзiм бастап өткiзiп берем. 

Шыршық  пен  Қотырбұлақтың  арасы  бие  сауымдай  мезгiл 

жүретiн  жер.  Егер  iңiр  қараңғылығында  осы  жерден  аттанып 

кетсек,  ел  жатпаған  мезгiлде  межемiзге  жетiп  барамыз.  Бұл 

уақытта жылқыны қарауылдайтындар ешнәрседен күдiктенбей, 

қаннен-қаперсiз  отырады.  Ұрланған  үйiрдi  Теректi  шатқалына 

дейiн айдасып барсам, мен дереу керi қайтамын.




34

Сүлеймен қарақшы

— Сен, Елсапа, бiзбен бiрге Теректiге дейiн әуре болмай-ақ 

қой. Теректi мен ауылыңның арасы тым қашық. Үйiңе таң ата бiр-

ақ жетсең, кiм бiледi, жолда бiреу-мiреудiң көзiне түсiп қалуың 

ықтимал.  Сен  қалай  ойлайсың,  егер  бiз  үйiрдi  Теректiге  қарай 

емес,  Түлкiжортқан  жотасының  етегiмен  Ғалабасайға  қарай 

айдап,  Дауыл  би  мазарының  тұсынан  Шыршық  бастауының 

басынан  бiр-ақ  шықсақ  қалай  болар  едi?  Теректi  шатқалынан 

гөрi бұл жермен мал айдау да оңай.

— Ол жағын мен де ойлағам. Бiрақ Түлкiжортқанның етегiнде 

басқа рулардың да малдары жатады. Солардың үстiне тап келiп 

қалсаң қайтесiң? Басыңа пәле сонда төнедi. Одан да “аш құлақтан 

— тыныш құлақ”, Теректiге қарай кете берсейшi. 

— Иә, онысы бар екен-ау. Айтпақшы, өзiң жақын арада бiздiң 

ел жаққа түсiп қайтсаң болар едi. Менiң де көз тiгiп жүрген бiр 

үйiр тұяғым бар. 

— Ниетiмiз қалыс емес пе, Көбеке. Қар түспей сендер жаққа 

бiр түсермiн. Ал қазiр сендер жатып демалыңдар. Мен үй жаққа 

барып, кешiрек бiр-ақ келермiн. Ас-суларың бар ғой? 

—  Ұрыға  ауқаттың  онша  көп  керек  еместiгiн  өзiң  бiлесiң. 

Әйтеуiр  жұтап  қалмайтындай  азын-аулақ  тiске  iлiктiретiн  бiр 

нәрселерiмiз  бар.  Мейлi,  кешке  дейiн  аман  бол.  Бiз  бiраз  көз 

шырымын  алып  алайық.



35



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет