Сүлеймен қарақшы
құлынды бауыздап тастайтынын бiлді де, орнынан атып тұрып,
жанына жетiп барды:
— Жаңа айттым ғой саған, құлынды сойдырмаймын деп.
Бағана қабанмен алысқанда қорқақтық танытқан Кендiрдiн
кеудесi намысқа толып тұр едi. Сол намысын сыртқа ендi
шығарайын дедi ме, екi көзi аларып, реңi бұзыла: “Менiң жолыма
тұратын сен кiмсiң?”— деп Сүлейменiң жағына құлаштап
кеп бiр қойды. Сұмның қолы қатты екен. Соққысы ауыр тидi.
Күтпеген соққыдан қаны басына шапқан Сүлеймен шап берiп
оның жағасынан ұстап, оңға қарай лақтырып жiбердi. Дүлей
күштен төрт-бес қадамдай жерге теңселiп барып құлаған Кендiр
тұра салды да, бұған қайта жүгiрдi. Бар екпiнiмен жүгiрген
Кендiр өзiне жақындай бергенде, кiлт бұрылып, оның желкесi
мен жамбас тұсынан ұстай алып, тағы да қалпақтай лақтырды.
Кеудесiн намыс қысқан Кендiр үшiншi рет шапты. Бұл жолы
Сүлеймен оны қапсыра құшақтап, жерге алып ұрды. Жерге оңбай
түскен Кендiр: “Ойбай, жамбасым сынды”,— деп айқайлап
жiбердi.
Төбелес басталғалы берi қайсысы жеңер екен деп қызықтап
отырған Көбек пен Әмiр Кендiрдiң жандаусы шыққан кезде
орындарынан атып тұрды.
— Болды, болды! Доғарыңдар айқасты! Кендiр, сенiң өзiңнен
де бар ғой. Нең бар едi, бұл диюды ұрып.
Кендiр қанша ызаланса да жеңiлгенiн мойындап, орнынан
көтерiле, басын тiзесiне қойып, ләм деместен отырды.
— Кей-кейде мұндай ашу-араздық болады арамызда. Бiрақ
бiр-бiрiңе кек тұтпай, ендi жарасыңдар. Апаны бiр қасқырлар
өзара дүрдараз болып жүрсе, жауға алдыруы оңай. Мейлi, бүгiн
Сүлейменнiң дегенi-ақ болсын. Түнде құлынды алдына өңгерiп
алып жүре ме, мойнына салып арқалап жүре ме, өзi бiлсiн. Бердiк,
құлынды оған. Жолда өлтiрiп алса, өз көңiлi өзiнде қалсын. Ал,
Кендiр, сенiң жас ет жегiң келiп, тiсiң қышып бара жатса, әне бiр
қара шұбар тайды сойып ал. Ол да бiр жасқа толмаған жас малға
ұқсайды. Ендiгәрi құлынға тиiсушi болма,— деп кесiм айтты
Көбек.
51
Сүлеймен қарақшы
Осы сөзден кейiн Сүлейменнiң көңiлi орнына түстi де, манағы
орнына барып жатты. Содан қатты ұйықтап кеттi. Бiр кезде
бiреудiң “тұр-тұрлаған” дауысынан оянып, басын көтерсе, күн
екiндiге таяныпты. Оятып тұрған Көбек екен.
— Тұр, жиен. Жүретiн мезгiл болды.
Серiктерiнiң бәрi жиналып, от басында ет жеп отыр. Сiрә,
бағанағы қара шұбар тайды бiреуi сойып тастаса керек. Арырақта
жылқының басы мен iшек-қарындары жатыр. Көбектен естiгенi
бойынша, ұрылар жолда сойған малдың басы мен аяқтарын,
iшек-қарындарын тастап кетедi. Олардың жүнiн күйдiрiп, боғын
тазалап жата ма?
— Кел, ей, батыр. Ет же,— деп айқайлады Тастан. — Әбден
тойынып ал.
Сүлеймен олардың қатарына жайғасты. Отқа қақтап пiсiрiлген
жас тайдын етi дәмдi-ақ екен. Ет желiнiп болған соң Көбек
сөйледi:
— Мына жылқылар отығып, жан-жаққа шашырап барады.
Жолай бұларды жая айдармыз. Бiреуiң барып, сары айғырдың
байлауын шешiңдер де оны жетектеп, алда жүрiп отырыңдар.
Бұған Тастан, сен ептiсiң. Әрi Мақпалкөлге қарай жүретiн жолды
жақсы бiлесiң. Осыдан сол маңға барып бiр-ақ тоқтаймыз. Ал,
Сүлеймен, сен құлыныңды қалай алып жүрмек ойың бар? Айдап
жүруге жарамайды ол. Әрiпбай сөзге араласты:
— Құлынды алып жүру де сөз болып па, Көбеке. Анау бос
атқа дәу қоржынның бiр жағына құлынды, бiр жағына мына
тайдың етi мен заттарымыздың теңдеп салып алайық. Жетектi
Сүлейменнiң өзi алып жүрсiн.
Бәрi осыған келiстi. Сүлеймен сәскеден берi емiп, бiраз әл
жинақтаған құлынды қуалап жүрiп ұстап алды да, төрт аяғын
бүктеп, басын жоғары қарата қоржынға салды. Қоржынның
екiншi жағына ет пен басқа заттарды теңдеп атқа артты. Бие
жануар оқыранып, оның жанынан кетер емес. Ұрылар аттарды
алдарына салып айдағанда да, бие оларға қосылмай, Сүлейменнiң
жетегiндегi аттың соңынан ердi де отырды. Осылайша, алдарына
бiр үйiр жылқыны салған Көбек бастаған топ, түнiмен жол жүре
отырып, таң ата Өгемнiң бiр жырасына келiп тығылды. Бұл
|