Сүлеймен қарақшы
— Әй, мынау тақылдап, неге үнiн өшiрмейдi. Тастан,
қалтаңдағы жiңiшке жiптi әкелшi. Аузын керiп байлап кетейiк.
Әрi бiз кеткен соң даланы басына көтерiп айқайламай жатсын.
Содан төртеуi бiрдей дөңес астындағы Әмiр күзетiп тұрған
аттарға қарай жүгiрдi. Мұнда келсе, Елсапа мен Көбек те осында
тұр екен.
— Төртеуiң жабылып, үш күзетшiнi зорға дегенде жай-
ғадыңдар-ау деймiн. Әйтеуiр бiреу-мiреуiн өлтiрiп қойған
жоқсыңдар ма?
— Жоқ, ә, Елеке. Өлтiрiп немiз бар оларды. Бiрақ мынау
Сүлеймен болмағанда, анау аюдай бiреуi шетiмiзден жер
қаптырып тастайтын ба едi. Әзер дегенде байлап тастадық. Тiптi
айқайламасын деп жiппен ауыздарын да керiп қойдық.
— Олай болса, мiнiңдер аттарыңа. Жылқыларды айдайық.
Сойылдарыңды тақымдарыңа қыстырып алыңдар да,
құрықтарыңды
оңтайлаңдар.
44
Сүлеймен қарақшы
VII
Атқа қонған жетi ұры жай аяңмен дөңестi айнала өтiп, ағаш
шарбақтың iшiндегi жылқыларға келдi. Өздерiне келген бiр қауiптi
сездi ме, әйтеуiр үйiр iшiндегi бес-алты айғыр қасқыр көргендей
ащы дауыспен оқыранып-оқыранып қойды. Ал кейбiр биелер
құлақтарын қайшылатып, құлындарын бауырына ала айналып
тұрды. Кендiр атынан түстi де, шарбақ есiгiне көлденеңiнен
байланған ұзын екi ағашты шешiп, былайырақ лақтырды.
— Көбек, Әмiр, iшке кiрiп, жылқылардың артынан айдаңдар.
Басқамыз шарбақтан шыққан жылқыларды тауға қарай бұрайық,
— дедi Елсапа.
Көбек пен Әмiр шарбақ iшiне кiрiп, иiрулi атарды ұзын
құрықтармен ұрып, “шу-шулап” айдай бастады. Бағанағы
Елсапаның айтқаны рас екен. Үйiрбасы дәу айғыр шарбақтан
бiрiншi болып атып шықты. Қалғандары соңынан ердi. Сырттағы
ұрылар оларды тауға қарай бағыттап, жан-жақтан қыса, айдай
жөнелдi. Қараңғылыққа әбден көздерi үйренген барымташылар
сол күйiнде үйiрдi шашау шығармай қиялап бiраз жүрген соң,
Көбек Елсапаны тоқтатты:
— Теректi шатқалына жақындап қалдық, Елеке. Ендi сен қайта
бер. Көмегiң үшiн рахмет. Өзiңе тиесiлi үлестi бiздiң ел жаққа
барғанда аларсың. Таң атпай үйiңе жетiп алуға тырыс. Ал бiзден
қам жемей-ақ қой.
Елсапа кеткесiн, топ жылқыны айдаған ұрылар ұзамай Теректi
шатқалына аяқ iлiктiрдi. Сүлейменге оның қандай шатқал екенi
белгiсiз. Бар көргенi екi жақ қапталда қараңғылықтан әзер
байқалған екi жоталы құздың сұлбасы болды. Айдалған малдар еш
жаққа бұрылып кете алмай, сол екi құздың табанымен алға қарай
шұбай түстi. Олар кейде үш-төртеу болып қапталдаса жүредi
де, тар қуыстарда бiр-бiреуден тiзбектелiп, айдаушылардың
ыңғайына оңай көнiп барады. Бағана шатқалға кiрер кезде Көбек
үш ұрыны жылқылардың алдына салып жiберген. Сүлеймен
мұның мәнiсiн түсiнбеген.
— Көбеке, Тастандарды жылқының алдына неге салдыңыз?
— Мұндай шатқалдың iшiнде бiреу алда, бiреуi артта жүрiп,
екi-ақ ұры мың жылқыны айдап кетуге болады. Көрiп келе
жатырсың ғой, қазiр бұл жануарлар ешқайда бас бұрып кете
алмайды. Ал ұзыннан-ұзақ шұбырған жылқы шатқалдан шыққан
кезде арттағы айдаушы оларды қуып жете алмайды. Сондықтан
45
Сүлеймен қарақшы
да алда бiреулердiң болуы ләзiм. Олар қашан соңғы жылқы
шатқал iшiнен шыққанша алдағыларды қайырып, иiре тұрады.
— Тап қазiр артымыздан қуғыншы келiп қалады деп
қорықпайсыз ба?
— Жаужүрек қуғыншы болмаса, дәл қазiр артымыздан ешкiм
келе қоймас. Бұл жерде қуғыншының бiздi алуы оңай емес.
Қайта бiз олардың жолын қиядан тас домалатып, оп-оңай бөгеп
тастаймыз. Егер, Құдай бетiн аулақ қылсын, соңымызға әккi де
күшi мол қуғыншы тобы түсетiн болса, ол бiздi ашық жерлерде
басуға әрекеттенедi. Бiрақ қанша дегенмен, соңымызда ешкiм
жоқ деп, босаңсуға болмайды. Қазiр шатқалдан шыққасын
жылқыларды бүлкiлге салып қуамыз. Бүгiн түнде қалай болғанда
да Өгемнiң шетiне жетуiмiз керек.
Шатқал арасымен ұзақ жүрдi. Бiр уақытта жазыққа шықты.
Үйiрдi алты ұры жан-жақтан қоршап, жылқыларға құрық басты.
Бiрталай жер жүргенде таң қылаң бердi.
— Құдай қаласа, Аюқұлағанға келiп қалыппыз. Жыраның оң
жағын айналып, сайға түсейiк. Аттарды жай айдаңдар. Денелерi
қызған олар, айдауға көне бермей, арт жаққа қашуы мүмкiн.
Шашауын шығармай, осы екпiнмен сайға бiр-ақ айдап түсiрейiк.
Сары айғыр қайда келгенiн өзi аңдамай қалсын, — деп айқайлады
Көбек.
Елден жырақ, тек аң мен құс қана мекен еткен тау басында
өздерiн еркiн сезiнген ұрылар айқайға басып, аттарды сай
табанына қарай қуды. Тер басқан жондарына құрықтардың
сабауы тиген соң жылқылар барымташылардың айдауына
көнбеске амалдары қалмады. Таң жарықтана түсiп, малдардың
түр-түстерi айқын көрiндi. Сүлеймен жан-жағына көз салғанда
күнбатыс жақтан үстерiнен төнiп тұрған бiр биiк құзды көрдi.
Аюқұлаған құзы осы-ау. Бiрақ оған ұзақ қарай алмады.
— Әй, бала, алақтай бермей, алдыңдағы малға қарасайшы.
Көбектiң сөзiнен кейiн мойнын бұрып қараса, тура алдында
бiр семiз ат еңiске қарай жүре алмай, төрт тағандап тұр екен.
Басқа аттар бiраз жер алға кетiп қалыпты. Сүлеймен қолындағы
құрығымен оның жон арқасымен салып-салып қалды. Анау
жануар зарлы дауыспен бiр кiсiнедi де, төмен қарай төрт аяғымен
тайғанақтай сырғи барып, үйiрге қосылды.
— Желiнi толып қалған буаз бие екен-ау. Көкпектiгi жеткенше
құлын тастап қоймаса болғаны. Айдауды көтере алмай, зорығатын
түрi бар,— дедi Әмiр.
|