Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет22/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

— Тастаса, тастай берсiн құлынын. Көкпектiгi жеткен соң өзiн 

сойып, бүгiнге ет қыламыз, — дедi Кендiр даусын көтере. 

— Қойыңдар-ей. Обал емес пе?

— Сен, немене, Сүлеймен? Ол биенi құлынымен бiрге көтерiп 

жүрмекпiсiң? 

—  Әй,  өшiрiндер  үндерiндi!  Жүре  көремiз,—  деп  ақырды 

Көбек. 


Ұрылар  сүт  пiсiрiмдей  мезгiлде  үйiрдi  сай  табанына  айдап 

түсiрдi.  Сай  iшi  қалың  ағаш  басқан  ну.  Мұнда  бiр  үйiр  емес, 

оншақты  үйiр  жылқыны  жасырып  отыруға  болатындай. 

Сүлейменнiң қуанышына орай, манағы бие осы жерге жеткенше 

құлындаған  жоқ.  Ұзақ  жүрiстен  шаршап,  бүйiрлерi  солқ-солқ 

етiп тұрған жылқылардың шетiн ала басын төмен салған күйi ол 

да  тұра  қалды.

— Кеш батқанша, осында аялдаймыз. Сүлеймен, сенiң қандай 

қажырлы екенiңдi көрейiк. Жылқыларды бiрiншi кезекте күзетуге 

келiсесiң бе? 

— Жарайды, Көбеке. Менiмен бiрге кiмдер болады? 

—  Кендiр,  Әмiр  үшеуiң  қалыңдар.  Басқамыз  ұйықтайық. 

Түс болғанда бiздi оятыңдар. Кендiр, сен мына екеуiне бас бол. 

Жылқылар бiр тынығып алған соң, отығуға өздерi-ақ бас қояды. 

Абайла,  сары  айғыр  үйiрдi  бастап,  керi  қашып  жүрмесiн. 

—  Ол  жағын  бiлемiз  ғой,  Көбеке.  Алаңдамай  ұйықтай 

берiңiздер. 

 Олар өз аттарын қосақтап, бiр шыршанын түбiне жата-жата 

кетiстi. Осы кезде Кендiр Сүлейменге қарады:

Сен бала, мылтық атуды бiлемiсiң?

— Оны бұрын кiм атып көрген дейсiң. 

—  Ата  алмасаң  да,  мә,  арқаңа  асын  мұны.  Оқ-дәрiнiң  иiсiн 

сезген аң-құс өзiңе жоламайтын болады. Қазiр үшеумiз үйiрдiң 

үш жағына шығып отырайық. Тек ұйықтап қалмаңдар. Бiраздан 

соң сары айғырды ұстап, байлап қоямыз. Ол бiр орнында болса, 

басқалары еш жаққа кетпес. Сен, Әмiр, анау етек жақты күзет. 

Сүлеймен, сен мына қия жаққа бар. Ал мен осында қалайын. 

 Кендiр берген шитi мылтықты асынды да, бiр қолына құрық, 

бiр қолына сойыл ұстап, қия жаққа бет алды. Бағанағы буаз бие 

тура сол шетте тұр екен. “А, жануар, өзiм жақта тұрғаның қандай 

жақсы болды”, деп қойды iштей. 



47

Сүлеймен қарақшы

Сөйтiп бiр қалың шөптiң үстiне отырды. “Осы аттар қазiр жан-

жаққа қаша жөнелсе ғой, қайсысына ие болар едiк. Жануарлар 

әбден  бағылған  екенi  көрiнiп  тұр.  Бәрiнiң  үстi  жып-жылтыр. 

Әсiресе  мына  бiр  айғырдың  жөнi  тым  бөлек  екен.  Өмiрiнде 

мойнына құрық салдырмаған-ау, сiрә. Мұның иелерi ендiгi жан-

жаққа  аттан  салып  жатқан  болар.  Кешегi  түнде  байлап  кеткен 

үш сорлының халдерi қалай болды екен? Сорлылар, жылқыдан 

айрылып қалғандары үшiн көресiнi көредi-ау ендi”,— деп ойлап 

отырып қалай қалғып кеткенiн өзi байқамады. 

Бiр  кезде  жанұшыра  кiсiнеген  жылқының  даусынан  оянып 

кеттi. Көзiн ашып жiберсе, бағанағы бие туып, жерде тәлтiректеп 

тұра алмай жатқан құлынын бiр жалап қойып, қалың ағаштың 

арасына  үрке  қарап  тұр  екен.  Басқа  жылқылар  да  бие  қараған 

жаққа  қадалып,  үрпиiсе  қалыпты.  Оларға  онша  мән  бермеген 

Сүлеймен құлынға деген әуестiгi оянып, орнынан атып тұрып, 

биенiң жанына жетiп барды. Бие төлiн қызғанды ма, жоқ әлде, 

басқа бiр нәрседен қорғанбақ болды ма, құлынын шыр айналып 

өттi де, бұған аяғын сiлтеп қалды. Абырой болғанда, оның тепкiсi 

денесіне  дарымады.  Осы  кезде  арт  жақтан  бiр  аңның  қорс-

қорс  еткен  дыбысы  шықты.  Сүлеймен  артына  бұрылды.  Биiк 

шыршаның түбiнде тұмсығында iстiк мүйiзi бар бiр дәу қап-қара 

аң  тұр.  Қанталап  кеткен  көздерi  үлкен  баланың  алақанындай 

екен. Жүндерi салбыраған, мойын жалы тiп-тiк. “Жабайы қабан, 

— деп ойлады кешегi Көбектiң сөзiн есiне алып. — Аттың бiрiн, 

болмаса жаңа туған мына биенi, не құлынды жарғалы тұр. Қанша 

күштi болсаң да, құлын мен биенi бермеспiн саған”.

Бiрақ өзiнiң  құр қол  тұрғаны  есiне ендi түстi. Мылтығы  да, 

сойылы да анау отырған жерiнде жатыр. Оларға жеткенше мына 

қабан құлынды жарып тастары анық. “Жаңағы Кендiр мен Әмiр 

неге бұл жаққа келмей отыр. Әлде айқайласам ба екен?” 

Қабан  шырша  түбiнен  атып  шықты  да,  тура  өзiне  қарай 

ұмтылды. Бұрылып кетсе, оның екi мүйiзi артында тәлтiректеп 

тұрған  құлынға  барып  қадалмақ.  Не  iстемектi  ойлауға  уақыты 

жоқ.  Өзiне  жетiп  қалған  қабанның  дәл  тұмсық  алдынан  оңға 

қарай ырғып кетiп, ол жанынан өте бергенде оның тұмсығындағы 

мүйiзiнен шап берiп ұстай алды. Алайда бар күшпен алға ұмтылған 



48



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет