Сүлеймен қарақшы
жұмсап батыр боласың? Одан да осы нағашыңа ерiп, қарақшы
бол.
— Әй, сен, қарғадай баланы қарақшыға теңеп, оттай берме.
Мен ұрлық жасасам, сенен ұрлап жатқаным жоқ. О несi-ей,
менен бiр запы көргендей, “ұры, ұры” деп қақылдай қалғаны.
“Ергежейлiнiң оны жабылып, бiр тоқтыға әлi келмептi” дегендей,
он нәуетек жұмылып бiр құнанды ауыздықтай алмағандарыңа
менiң ұры екенiмнiң не қатысы бар? Өй, жапан түздегi қасқырдың
жемтiгiн түлкiше қызғанған найсап. Әйда, Сүлеймен, мiн атыңа!
Кеттiк. Бұларға тәуiр iс жасасаң да, ауылындағы қатындарының
сөзiн айтып, көңiлiңдi қалдырады.
Әлгi жiгiттiң өзiне “қарақшы бол” деген сөзiн жақтырмаған
Сүлеймен, осы сәт өзiн-өзi ұстай алмай, оны жағасынан бүрiп
алды да, қаңбақтай етiп сонадай жерге лақтырып жiбердi. Бұдан
осыншалықты күштi күтпеген ол: “О, әкеңнiң… менi немене,
уысыңа оп-оңай бүрiле салатын қара құнан деймiсiң”, — деп
тұра салып, қайта ұмтылды. Екеуi ұстасқан кезде, Сүлеймен
оны тағы лақтырып жiбердi. Екiншi рет қаңбақтай ұшқанына
намыстанған анау қонышынан қамшысын алып, бет алды ауаны
тiлгiлей сабалап, қарсыласына айқайлай жүгiрдi. Осы сәтте
оны Көбек атының сауырымен бiр қағып, тағы да жалп еткiздi.
Сол-ақ екен, ат үстiндегi оның басқа серiктерi Көбектi жабыла
қамшының астына алды. Дегенмен оңай дес беретiн Көбек пе?
Қамшысымен сабаса жүрiп, олардың екi-үшеуiн аттан құлатты.
Сүлеймен болса, қолына iлiнгендерiн ары лақтырып, берi
лақтырып, өзiне ешқандай соққы дарытпады. Тiптi екi жiгiттiң
шылауына жармасып, ат-матымен жығып тастады. Осылайша,
екеуiне қарсы әлденуақыт алысса да, жеңiске жете алмаған
аналар аттарының басын ауылдарына қарай бұра салып, қаша
жөнелдi…
Осы оқиғадан кейiн Сүлейменнiң аты ауызға бұрынғыдан да
бетер iлiктi. Арада оншақты күн өткенде Көбек оның ауылына
келдi. Жиенiнiң үйiне бiр күн қонып шыққасын, Көбек келген
себебiн айтты:
— Сүлеймен, жасың болса он алтыға келдi, ендiгi жiгiт болдың.
Құдай саған қара күш пен дененi аямай-ақ бердi. Бiрақ қатын
8
Сүлеймен қарақшы
әперiп, оған қалың мал төлейтiн әкең, қарайласатын туысың тағы
жоқ. Өз тiрлiгiңдi өзiң қылмасаң, жеке болсаң да күн көруiң қиын-
ақ. Көнсең, маған iлес. Бiр-екi жылда алдыңда малың, басыңда
баспанаң болады. Қатынды содан кейiн-ақ аларсың.
— Сiзге iлессем, бiлемiн ғой, ұрлыққа ертпексiз де. Содан
байысам, қанеки. Ордабек болыс: “Келiп, менiң жылқыларыма
қарауыл болсын. Жыл сайынғы ақысын жемеспiн”, — деп қайта-
қайта кiсi шаптырып жатыр. Бiрақ оның да жарылқай қоятынына
күмәнiм бар. Нарымбет бай болса: “Қай атыңды қаласаң да
мiнгiзейiн. Көкпар тартып үйренсейшi. Анау сиқымдағы Құлажан,
Нұржаннан күшiң кем емес қой. Көкпарды бiр үйренсең, олардан
мықты шабандоз боласың. Көкпар-ақ асырайды сенi”, — деп ол
жүр. Алайда сол көкпар дегенге түк қызықпай-ақ қойдым. Өз
нағашым жақтан қапал Жүндiбай би: “Маған атқосшы болсаң
қайтедi. Ешкiмнен ауқат сұрамай, қарның тойынып жүредi” —
дегендi айтады. Бойы белiмнен келетiн, мойны мен мықыны
тұтасып қалған шалға атқосшы болуға арланып-ақ жүрмiн. Жазда
қасында шегiр Естеместiң Мәуленi бар Ордабектiң Тәшкенде
әскер оқуында жүрген Ноғай деген баласы келiп: “Әзiрше
ауылда жүре тұр. Оқуымды бiтiрiп, бiр жерге бастық болсам, сенi
қарауыма алармын”, — деп ол кеттi. Тектiден туған сабаз ғой ол,
сөзiнде тұрар. Алайда ол оқу бiтiргенше қай заман. Оның үстiне
оған еру үшiн орысша бiлу керек екен. Ал менiң ондай сауатым да
жоқ. “Әлiп” пен “ләмнiң” басын зорға қосып оқимын. Тiрегiм —
Төле, түбiм — Қожамжар, атам — Дауылбай бай болса да, әкем
Мәменнен мұралыққа бiр тышқақ лақ та қалмағанына ренжимiн
кейде. Есiк алдына қарайған бес-алты малдың басын құрап алсам
ғой, өз арбамды өзiм-ақ сүйретiп кетер едiм.
— Қапалығыңды түсiнем, жиен. Өзiмде болса, байлығымның
жартысын бөлiп берер едiм саған. Жоқ қой, сол дүние құрғыр.
“Ұры байымайды” дегендi өзiң бiлесiң. Аш бөрiдей үш-төрт
түн далада жортып жүрiп тапқан-таянғанымыз бiр-екi жетiге
әрең жетедi. Ашығын айтайын, маған iлессең, байымасың анық.
Бiрақ ешкiмге қол жаймай, нәпақа табуыңа болады. Ойланып
көр. Алда-жалда “соңымнан iлес” деп зорламаймын. Ерiк
өзiңде. Ордабекке барсаң, сүйектерiң бiр, аштан қалдырмас.
|