мазмұнын жаңартуда қарастырылатын негізгі мәселелерге тоқталмақпыз:
1. Туғаннан 6-7 жасқа дейінгі балаларды жан-жақты жетілдіру мен
тәрбиелеудің ерекшеліктерін, зандылықтарын, ғылыми негіздерін қарастыру;
2. Туғаннан 6-7 жасқа дейінгі балаларға арналған дене, ақыл-ой, адамгершілік,
еңбек, патриоттық, этикалық тәрбиенің мазмұнын, құралдарын, тиімді әдіс-
тәсілдерін зерттеу;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың ғылыми-теориялық негізін,
мазмұнын, оқытуды ұйымдастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін қарастыру;
4. Қазақ халқының озық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрып үлгісінде жеті жасқа
дейінгі балалардың мінез-құлқын қалыптастыру мәселелерін зерттеу;
5. Қазақтың халық педагогикасы арқылы жеті жасқа дейінгі баланың
эстетикалық, адамгершілік сезімдерін дамытудың жолдарын зерттеу;
6. Қазақ халқынын, ұлттық ойындары, музыкалык ойындары, ән-күйі арқылы
балаларды ойшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
7. Бала ойыны мен еңбегінің мазмұнын, түрлерін және оларға басшылық ету
жолдарын қарастыру;
8. Тәрбиелік әсері күшті ұлттық ойыншықтарды, дидактикалық ойындар мен
материалдарды, көрнекі және техникалық құралдарды жасаудың ғылыми
негіздерін қарастыру;
9. Отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшелігін ескеріп, балабақша мен отбасындағы
тәрбие жұмысының бірлігін арттыру;
10. Қоғамдық тәрбие орындарына кәсіптік жағынан жетілген мамандар даярлау;
11. Балабақшада (қала мен ауылдың ерекшелігіне сәйкес) оқыту мен тәрбиелеу
бағдарламасын жасаудың ғылыми негіздерін салу;
12. Балабақша мен мектепте оқыту мен тәрбиелеудің бірізділігін қарастыру;
13. Қазақстанда тұратын түрлі ұлт халықтарының әдет-ғұрпы, әдебиеті,
мәдениеті, өнер туындылары арқылы баланың адамгершілік эстетикалық
сезімін, үлкендерге қарым-қатынасын дамыту мәселелерін қарастыру білім
мазмұнын жаңартуға ықпал етері сөзсіз.
Жоғарыда Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұны
дамуы мен қалыптасуының қазіргі жай жағдайын саралай келе, мектепке
дейінгі білім берудің ғылым ретіндегі дамуына талдау жасалып, шетелдік
және отандық ғалымдардың, ағартушылар мен ғұлама ойшылдардың ой
пікірлері зерделенді. Бүгінгі таңда республикамыздағы мектепке дейінгі
ұйымдардың дамуы мен қалыптасуына және ғылыми зерттеулерге шолу
жасалып, тәрбиелеу мен білім мазмұнын жаңартуға ықпал етудің басым
бағыттарын айқындадық. Атап айтқанда:
Мектепке дейінгі педагогикада: мектепке дейінгі балалықтың өзіндік
құндылықтарын сақтауға бағдарланған білім беру ортасын құру және жаңа
технологиялардың тиімді қолданылуы;
Білімдік, дамытушылық, тәрбиелік бағытта: мазмұндық сипатына қарай
білім беру бағдарламалары мен технологияларын тәрбиеші педагогтардың
сауатты, еркін, таңдай білуі;
64
Рефлекторлық дамытушылық бағытта: білім мазмұнын меңгертудің
ғылыми тұжырымдамасына негізделуі
Әлеуметтік, психологиялық даму бағытында: ұжымда жағымды
психологиялық ахуал қалыптастырылуы;
Шағын топтар жүйесі бағытында: балабақшаны басқару стиліне қарай
білім беру үдерісінің жағдайын жүйелі түрде ұжымдық талдау және негізделген
басқарушылық шешімдер қабылдай алуы және инновациялық жүйелер банкінің
құрылуы;
Гумандық бағытта: педагогикалық негізіне қарай білім алуға, еңбекке
қажетті жағдай туғызу, жұмыстың сапасын арттыру мақсатында материалдық
ынталандырылуы;
Балаға қатынас жасау бағытында: тұлғалық бағдарлық, сабақтық, топтық,
жеке балалардың жас ерекшелігіне жалпы ұжым мен жетекшінің әрекеттерінің
шығармашылық бағытының айқындалуында;
Ұйымдастыру бағытына қарай: мектепке дейінгі ұйымдар мен біліктілікті
жетілдіру жүйесінде педагогтар мен жетекшілердің кәсіби құзыреттілігінің
үнемі арттырылып отырылуында;
Балалардың жас ерекшелігіне сәйкестік бағытында: жалпы тәрбиелеу мен
білім беру мазмұнын баланың табиғи қабілетін дамытуға бағытталуында;
Басымдық танытатын әдісіне қарай: білім беру қажеттіліктері мен
отбасының сұраныстарына бағдар берілуінде;
Білім беру мазмұнын жаңартудың басым бағыттарын айқындауда мектепке
дейінгі тәрбие туралы неғұрлым толық түсінік беретін барлық негізгі ғылыми
теориялар, заңдар мен ұғымдар оқу бағдарламасында ұсынылғанын дәлелдейтін
жүйелі-құрылымдық талдау мен сараптамалық бағалау әдістері тиімді
қолданылуы шарт. Білім мазмұны қоғамның әлеуметтік және экономикалық
дамуының негізгі факторларының бірі ретінде жеке тұлғаға бағытталып,
тұлғаның өзін-өзі анықтауы және оның өзін-өзі жүзеге асыруын қоғамды
дамытуын қамтамасыз ету қажет.
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың бағыттарын жүзеге
асыруда төмендегі негізгі мәселелер ескерілуі қарастырылды:
- мекепке дейінгі ұйымдарда әлемдік білім білім беру кеңеістігіндегі
тәжірибелер отандық білім беру бағдарламаларында қамтылуы;
-жеке тұлғаға бағдарланған білім мазмұнын ұлттық және әлемдік мәдениетке
кіріктіру;
- мектепке дейінгі ұйымдарды арнаулы мамандармен қамтамасыз ету, әлеуетін,
құзіреттілігін жетілдіру;
- білім беру мазмұнын ұлты, этникалық, діни, әлеуметтік шығу тегіне
қарамастан адамдар арасындағы өзара түсінушілік пен ынтымақтастыққа құру,
дүниетанымдық көзқарастардың алуан түрлілігін ескеру, тәрбиеленушілердің
пікірі мен еркін таңдау құқығын жүзеге асыруға ықпал ету;
- мекепке дейінгі ұйымдар білім беру мазмұнын жаңартуда тәрбиелеу мен
оқыту бағдарламаларын нақты өздері таңдау;
Аталған басым бағыттар біздің зерттеуімізде осы заманғы мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен білім беру үдерісінің мазмұнының жеке тұлғаға бағытталуын,
65
әлеуметтік қызметтерді орындау үшін қажетті білім көлемі мен сипатын,
іскерліктері мен дағдыларын, әдеттері мен жеке дара қасиеттерін кәсіби
құзіреттілік тұрғысынан қарау көзделді. Білім мазмұнын жаңартуды білім беру
парадигмасының ауысуы себепші болып отыр: жаңа мазмұн, жаңа тәсілдер,
жаңа қарым-қатынас, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы бірлескен
қызметте жаңаша ұстанымдар қажет. Сондай-ақ, рухани-адамгершілік тәрбие
беру, балабақша мен мектеп отбасымен педагогикалық ынтымақтастықта
болуы және жаңа педагогикалық менталитет болғанда білім мазмұны жаңа
тұрпатты біліммен ғана емес жаңа икемділіктермен де баий түспек. Осыған
орай, мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуда басшылыққа алынған басым
бағыттарды №3 - суретте көрсеттік.
|