Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет28/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

мектепке  дейінгі  кезеңде  –  жас  ерекшелігіне  сәйкес  балалардың  өзін-өзі 
бағалауының  сақталуы,  баланың  танымдық  және  тұлғалық  дамуы,  олардың 
қоршаған  ортамен  өзара  байланыс  жасауға  дайындығы,  мектепке  дейінгі 
кезеңдегі  іргелі  жаңалықтар  ретіндегі  жетекші  әрекеттерінің  дамуы 
қарастырылады.  Ал  бастауыш  сатыда  –  мектепке  дейінгі  кезеңдегі 
жетістіктерінің  барлық  деңгейіне  тірек  болуды,  қарқынды  даму  жағдайында 
жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерді түзетуге 
арнайы  көмек  көрсетуді,  жетекші  әрекеттер  арқылы  қоршаған  ортамен  өзара 
қарым-қатынас  формаларын  дамытуды  қамтамасыз  ету  қажет.  Білім  беру 
мазмұнының сабақтастығы мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сатыдағы, 
негізгі  мектеп  және  кәсіби бағдарлы  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындарында 
жалғасын  тауып,  білім  мазмұны  үндестік  пен  үйлесімділік  тұрғысынан 
қарастырылғанда ғана маңызды болмақ. 
    Тұжырымдамада  мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  жаңарту  мәселесін 
қарастыруымыз  –  негізінен  білім  мазмұнының  мәнін  ашу  және  оны  дұрыс 
таңдай  білу,  бiлiм  мазмұнын  жүйелеу,  білім  сапасын  арттырумен,  оны 
қалыптастыруда  дәстүрлі  әдіс-тәсілдердің  орнына  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  пайдалана  білумен  де  тығыз  байланысты  және  ол  бүінгі 
күннің қажеттілігінен туындап отыр. Бұл қажеттілікті қамтамасыз етудегі білім 
мазмұнын  жаңартудың  тиімді  тенденцияларын  ұсынамыз.  Мұндай 
тенденцияларға:  білім  берудің  жеке  тұлғаға  бағытталуы,  қоғам  дамуы  мен 
идеологияның өзара байланысының болуы; білім беру траекторияларына сәйкес 
және  жеке  тұлғаның  сұраныстары  мен  мүмкіндіктері  ескерілетін  білім  беру 
бағдарламаларының  көптүрлілігіне  біртіндеп  өтуі  (уақыты,  деңгейлері,  оқыту 
бағыттары  бойынша);  білім  беру  ұйымдарының  әртүрлі  желілерінің  көбеюі; 
білім  мазмұнының  жеке  тұлғаға  бағытталуы;  балалардың  дамуынан  күтілетін 


 
95 
нәтижеде 
негізгі 
құзыреттіліктердің 
қалыптастырылуы; 
білім 
беру 
ұйымдарының  автономдық  деңгейінің  көтерілуі,  педагогтардың,  балалардың 
еркіндігінің 
дамытылуы; 
білім 
берудің 
ізгілендірілуі 
мен 
гуманитарландырылуы,  жаратылыстану  және  гуманитарлық  пәндердің  
біртұтастығына  қадам  басуы;  білім  беру  үдерісінің  балаларға  өзіндік  және 
шығармашылық  жұмыс  істеу  дағдыларын  дамытуға  бағытталуы;  жалпы  білім 
беру  мүмкіндіктерін  пайдалану  ой  пікірлердің  алуан  түрлілігін  дамыту  үшін 
балалардың  азаматтығын,  құқығын,  психологиялық,  экономикалық  және 
экологиялық  мәдениетін    қалыптастыруға  ықпал  етуі  тиіс.  Білім  мазмұнын 
жаңарту  мәселесін  шешуде  білім  беру  саласындағы  реформаларды  жүзеге 
асыруда  қалыптасқан  жағдайлар  мен  білім  беру  жүйесінің  дамуындағы  оң 
тенденцияларды  ескеру  қажет.  Бұл  басым  бағыттарға  сүйене  отырып 
педагогика ғылымындағы білім мазмұнын таңдаудың төмендегідей өлшемдерін 
(критерий) басшылыққа алдық: 
- жеке тұлғаны үйлесімді дамытудың және оның мәдениетін қалыптастырудың 
біртұтас міндеттерінің қамтамасыз етілуі; 
-  қоғамдық  тәжірибедегі  білім  беру  материалдары,  оқу  пәндерінің  мазмұны 
ғылыми және тәжірибелік маңыздылыққа ие болуы; 
- білім мазмұнының жас ерекшелігіне сәйкестігі; 
- білім мазмұнының көлемі оны оқып, үйренуге кеткен уақытқа сәйкес болуы; 
- жалпы білім мазмұнын құруда әлемдік тәжірибелердің ескерілуі; 
- білім мазмұнын беруде өлкелік, аймақтық ерекшеліктердің ескерілуі; 
-  білім  беру  ұйымдарының  материалдық  және  оқу-әдістемелік  базасы  бүгінгі 
күннің талаптары деңгейіне сәйкес болуы; 
    Аталған  өлшемдерге  сай  білім  мазмұны  жалпы  және  қоғамдық  кәсіби 
мәдениетті,  өзгермелі  өмірге  бейімделе  білуді,  білім  беру  бағдарламаларының 
бүгінгі  күнгі  талаптар  деңгейіне  сәйкес  болуын,  әлемдік  және  ұлттық 
мәдениеттің  кешенділігін,  жеке  тұлғаның  адам  және  азамат  ретінде 
қалыптасуын,  қоғамдағы  кәсіби  мамандардың  әлеуетін  дамытуды  қамтамасыз 
етуді  көздейді.  Білім  мазмұны  этникалық,  діни  және  әлеуметтік 
ерекшеліктеріне  қарамастан  білім  алуға,  оны  таңдауға  ерікті  және  адамдар 
арасындағы  өзара  түсіністікпен  ынтамақтастықты  қалыптастырады.  Ол 
мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлеріне қатысты міндеттерді қамтиды:  
- балалардың тәни және рухани салауаттылығын қорғау және нығайту; 
- баланың дара тұлға ретінде дамуына қамтамасыз ету;  
- әрбір баланың көңіл-күйінің жәйлі болуына қамқорлық жасау;  
- мектепке дейінгі жаста білім мазмұнын жаңарту және оны тәжірибеге енгізу; 
- білім беру мазмұны сабақтастығының сақталуын  қамтамасыз  ету;  
- бала дамуына жайлы жағдай жасау, дамытушылық ортаны жабдықтау; 
-  балалардың  жан-жақты  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  баланың  отбасы  мен 
немесе қамқоршыларымен бірлесіп жұмыс істеу; 
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын арнайы мамандармен қамтамасыз ету; 
    Бұл  қызметтер  мен  олардан  туындайтын  міндеттер,  меншік  нысанасына 
қарамастан, балабақшалардың мынадай түрлерінде жүзеге асырылады:  


 
96 
-  жалпы  дамыту  тұрпатындағы  мектепке  дейінгі  ұйымдар:  оларға 
негізінен жалпы тұрпаттағы балабақша; 

оқу–тәрбие,  дене  сауықтыру  орталықтары:  қалпына  келтіру 
тұрғысындағы мектепке дейінгі  ұйымдар; 
-  есту,  көру,  ой-санасы  кемшін,  жүріп-тұру  қаракеттері  бұзылған 
балаларға арналған балабақшалар; 
-  бойындағы  болмашы  кемістігінен,  тобанаяқтығынан,  рухани  даму 
кенжелігінен,  сал  болудан,  жиі  қайталанатын  басқа  да  аурулардан  зардап 
шеккен балаларға арналған сауықтыру-тәрбие орындары жатады. 
    Жоғарыда  аталған  міндеттерді  шешуде  білім  мазмұнын  жаңартудың 
көкейкестілігін  аша  отырып  туындаған  проблемалар  жаңа  педагогикалық 
тұжырымдарды  ұсынуға  және  білім  мазмұнын  жаңартудың  принциптерін 
анықтап алуға негіз болды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет