салыстырмалы нәтижелері
Батыс Еуропа мен
Америка
елдеріндегі
модельдер
Салыстырмалы білім мазмұнының нәтижелері
Латынеуропалық
(Франция, Бельгия,
Швейцария,
Италия),
- Франциядағы осындай «мектеп-ана» моделі 4 және 5
жастағы балалардың бәрін міндетті қамтиды;
- мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары мектептің бір
бөлшегі ретінде Ұлттық білім беру министірлігіне
қарайды;
- негізінен «мектеп-ана» типінде өмір сүреді және
жекеленген сыныптар түрінде, мектепалды дайындық
ретінде мектеп жанында жұмыс істейді;
- Францияда бала 6 жасында оқуды, жазуды, санауды
біледі, қажетті әлеуметтік дағдыларды меңгереді;
- Швейцарияда (Женевадан басқа) мектепке дейінгі
білім (4-5 жастан 6-7 жасқа дейін) міндеттелмейді;
- тәрбие мақсаттары, мазмұны мен әдістері түрлі
лингвистикалық
аймақтарда,
тіпті
бір
аймақ
шеңберінде ерекшеленеді;
- мектепке дейінгі ұйымдардың түрлі типтері жұмыс
жасайды;
45
Скандинавиялық
(Финландия,
Швеция)
- Скандинавиялық модельдің шведтік үлгісі мейлінше
жалпы талаптарға жақын келеді;
- 7 жасқа дейінгі барлық балалар міндетті қамтылады;
- олардың жоғарғы сапалығына ықпал ету үшін
арнаулы бақылау ұйымдары құрылады және ондағы
оқу-тәрбие жұмысы ғылыми негізделген жағдайда ғана
жүргізіледі;
- оқу-тәрбие бағдарламасының орындалуын мемлекет
мойынына алған, ата-аналар 10%-ын ғана төлейді;
- балаға 1,5 жасқа келгенде мектепке дейінгі білім беру
ұйымына қамтылуына кепілдік беріледі;
Англо-саксондық
(Ұлыбритания,
АҚШ, Канада)
- Англо-саксон моделі төмендегідей сипаттармен
ерекшеленеді: баланы өз тағдырын өзі анықтауға
құқы бар; тәуелсіз тұлға деп түсіну, теория мен
тәрбие концепцияларының плюрализмі, мектепке
дейінгі білім беруде мемлекет үлесі шектеледі;
- ол
елдерде
орталықтанған
басқарумен
қаржыландыру жоқ, олар жергілікті билік ұйымдары
құзырында болады;
- бұл іске әртүрлі ұйымдар мен жеке адамдар қатыса
алады;
- бұл моделъде бағдарлама сан алуан, сонымен бірге
жергілікті
жағдайлар
мен
баланың
жеке
ерекшеліктеріне,
ата-ананың
қаржылық
мүмкіндіктеріне сәйкестендірілуге икемді екенімен
сипатталады;
- мектепке дейінгі білім беру АҚШ–та негізінен
«балабақшалардың
топтары»
деген
атаумен
мемлекеттік мектептерде оқытуға бағытталады;
- көптеген мектептердің жанында 4-5 жастағы балалар
топтары құрылады;
-
мұндай
мектепке
дейінгі
білім
беру
бағдарламаларына ата–аналар қолдау көрсетіп, үнемі
тығыз байланыс жасау арқылы көмектесіп отырады;
- балалар пайдалы тәжірибелер жинақтап бастауыш
мектепте оқуға дайындалады;
- бағдарламалар балаларды ұжымда өзін ұстай білуге
тәрбиелейді
және
өзіне-өзінің
сенімділігін
қалыптастыруға негізделеді;
- «үйдегі қамқорлық»-бала, тәрбиеші мен күтуші
тәрбиесінде болады, бірақ - өз үйінде, «күндізгі отбасы
қамқорлығы» - бірнеше отбасы бірлесіп, бір үйде
балаларды күндіз қамқорлыққа алады, тәрбиеші мен
күтуші жалданады және міндетті түрде ата - аналардың
біреуі болады;
46
- «күндізгі қамқорлық орталығы»-отбасынан тыс
арнаулы орында ұйымдастырылған жеке меншіктегі
балабақшаларда жүзеге асырылады;
Достарыңызбен бөлісу: |