41
күн суық болуы керек» - деген
пайымдау қызмет етіп
отыр. Яғни, аралық тұжырым болып бірінші сөйлемнен
(Далада адамдар күртешемен жүр) шығып,
соңғы негізгі
қорытындыға алып келетін
(Сондықтан да жылы киін)
екінші сөйлем
(Далада күн суық болуы керек) болып отыр.
Аргументтерде кездесетін
аралық тұжырымдар саны
бірнешеу болуы да мүмкін. Тағы да бір мысал қарастырып
көрейік:
Демография бойынша есеп: Е
ліміз бойынша туу деңгейі
өте төмен және жыл санап төмендеп келеді. Бұл дегеніміз,
өмір сүру ұзақтығын қаншалықты жақсартқанына
қарамастан, уақыт өте келе қоғамымызда адамдар саны
азайып, қарт адамдарға жәрдемдесу үшін өте көп жұмысқа
қабілетті адамдарға мұқтаж болатындығымызды
білдіреді. Зейнеткерлік жасты ұлғайту немесе жас
адамдардың еңбек өнімдерін жақсарту қажет болады.
Бұл аргументтегі
«Еліміз бойынша туу деңгейі өте
төмен және жыл санап төмендеп келеді» аргументінде
екі аралық қорытынды негізделеді: 1) «уақыт
өте келе
қоғамымызда адамдар саны азаяды», 2) «қарт адамдарға
жәрдемдесу үшін өте көп жұмысқа
қабілетті адамдарға
мұқтаж боламыз». Осы аралық қорытындылар бірлесе
отырып негізгі қорытындыға алып келеді: «Зейнеткерлік
жасты ұлғайту немесе жас адамдардың
еңбек өнімдерін
жақсарту қажет болады».
Достарыңызбен бөлісу: