170
өтірікке жақынырақ болатындығына қарамастан, неліктен
адамдар әлі күнге дейін ырымдарға сеніп келеді? Егерде
ХХ ғасырдағы білім саласында
танымал болған Владимир
Мезенцевтің сөзіне құлақ асар болсақ, ырымдар мен
наным-сенімдердің осынша көп уақыт өмір сүруінің себебі,
біздің қоршаған әлемді қабылдауымыз ақыл арқылы емес,
сезім арқылы келетіндігінде болып отыр. Ал, сезім дегенді
өзіңіздің үлкен немесе азғантай өмірлік тәжірибеңізде
кездестіргендей, егерде оны ақылмен тексеріп көрмесең
жиі алдап тұратындығын жақсы білесіз.
Сонымен қатар,
Мезенцев көп адамдар ойланбастан таңбалар мен
ырымдарға сене кетеді деп жазады. Бұл жерде ежелгі
аңыздар, дәстүр мен салттар үлкен рөл атқарады. Адам
баласы жас кезінен бастап үлкендер айтқан ежелгі
аңыздар жайлы көп естіп, ол аңыздардың бүгінгі таңдағы
маңыздылығы мен ақиқатқа
жақындығы туралы еш
ойланбайды. Мұндай жағдайлар көбінесе «біздің ата-
бабамыздан», «ежелден бері» келе жатқандығына
байланысты сонау ғасырдан ғасырға, бүгінгі таңдағы
күнделікті өмірімізден ойып тұрып орын алып үлгерген
тұрмыстық ырымдарға қатысты болып келеді.
Ең алдымен осы терминнің өзін қарастырайықшы.
Әртүрлі елдердің, әр қилы уақыттың атақты ойшылдары
ырымдарға сыншыл қараған. Ырым туралы олардың
пікірлерін тыңдап көрейік:
«Ырымнан болып ақымақтық жасаған жан, адамдар
арасындағы жеккөрініштісі».
Платон
«Ырым – адамзат әлеміндегі ең қорқынышты
шыбыртқылардың бірі».
Жан Жак Руссо
«Ырым өте қауіпті. Оның пайда болуына жол беру-үлкен
171
қорқақтықтың бар екендігін білдіреді. Оған сабырлылықпен
қарау – орта ғасырдағы қара түнекті қайтадан жаңғырту
мен әдепсіздікпен мәңгілікке келісу дегенді білдіру болып
табылмай ма? Ырымдар әлсіздендіріп, санасыздыққа жол
ашады».
Эмиль Золя
Ал, талқылау сөздігі қандай мағына береді: «Ырым
дегеніміз, бір нәрсеге адасушылықтан, бос, сандырақпен,
жаңсақ сену болып табылады. Олар: кереметке, ғажайыпқа,
бақсылыққа, бал ашуға, заттарға,
белгілерге сену; себеп
пен байланыстың еш қатысы жоқ дүниенің себебі пен
салдарына сену».
Ырым – көп өлшемді, әртүрлі бағыттары бар:
тұрмыстық, сандық, болашаққа, жолы болғыштық пен
жолы болмауына,
адамның мінезіне, табиғи және ғажайып
құбылыстарға және т.б. қатысты болып келеді. Ал, қазір
баршамызға таныс ырымды есімізге түсіріп көрейікші.
Сіздің критикалық ойлау қабілетіңізді таң қалдыру үшін
көп адамдарға таныс емес, тіпті, көне тарихы ұмытыла
бастаған ырымдарды келтіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: