«Ни пуха, ни пера!»
Егерде сіз әлі күнге дейін оқу орнында оқитын болсаңыз,
онда сіздің әртүрлі эмтихандарға жиі дайындалатыныңыз
анық. Ал, егерде партада өткізген ізгі жылдарыңыз артта
қалған кезде әрине, эмтихан алдындағы әбігерге түсіп,
алаңдаған сәттеріңізді есіңізге аласыз. Өткен уақыт сияқты
қазір де достарыңыз эмтихан алдында «Мамық та емес, жүн
де емес!» «сиқырлы» сөзін айтып сәттілік тілейді. Ал, жауап
172
ретінде «сайтан алғыр!» деп айтуыңыз қажет. Ал, сіз бір рет
болса да мәселе оқуға қатысты болып тұрғанда мамық пен
жүннің, сайтанның қатысы қанша деп ойланып көрдіңіз бе?
Негізінде бұл тіркестер оқуға қатысты емес, аң аулауға
байланысты екен. Ерте кездерде адамдар аң аулаушыны
жындар аңдып, аңшының аң аулауын бұзады деп сенген.
Сондықтан, аңшы өз олжасына қарай аттанардан бұрын
оның туысқандары мен достары «аңшы ешбір сәттіліктен
үміттенбейді» жай ғана «табиғатты тамашалап, қыдырып
қайтады» деген сыңай танытып, жындарды алдарқатуға
тырысқан екен. Аңшы жаргонында мамық – сөзі «құс»
дегенді, ал жүн – «аң» дегенді білдіреді. Ырымшыл
достары мен туысқандары егерде тура Мамықты да, жүнді
де!» деп тілесе жындар аңшылықты дуалап тастайды деп
сенген. Аңшылыққа жындардың дуасы жүрмес үшін және
аңшыдан алыс жүруі үшін адамдар, жындарды сендіруге
керісінше «Мамық та емес, жүн де емес!» деп айтқан. Ал,
«сайтан алғыр!» деген жауап та аңшылықты дуаламас үшін
қолданылған.
Яғни, қаншама жыл, бәлкім мың жылдықтар өткен
соң да бүгінде біз әлі күнге дейін «Ни пуха, ни пера!» деп
жындарды қуып, эмтиханды табысты беруді тілеп жатамыз
ғой? Қызық, солай ма?
«Бірінші сәуір – ешкімге сенбеймін!» («Первое апреля –
никому не верю!»)
1-сәуір – «Күлкі күні», «Ақымақтар күні» деп аталатын
халықаралық мереке. Бұл мереке тарихының ар жағында
не тұр?
Шындығында бұл мереке ежелгі көктемнің келуін
173
тойлаудан шыққан және ол да жындармен байланысты
екен! 1-сәуір күні адамдар жынның бейнесін бейнелейтін
тұлыпты көмген екен. Ал, қыс жындары өзін көмген
адамның түрін біліп қалмасы үшін, адамдар беттеріне
қалқан киетін болған.
Яғни, тұлып пен жақындары және таныстарын
алдайтын мерекенің бастамасы қыс жындарын алдау
салтынан шығып отыр! Бүгінде 1-сәуір, егерде сізді әсіресе
жақындарыңыз бен достарыңыз күлкі үшін емес, қалжыңға
айналдырса сіз үшін ең бір ұмытылмас мереке болуы
мүмкін.
«Ит ұлуы – өліктің болуы» («Собака воет – к покойнику»)
Бұл белгі бүгінгі таңда аса танымал емес. Бірақ, 1930-
шы жылдарда мұндай сенім қазақ ауылдарында кеңінен
тараған болатын. Аштықтан жаппай қырылып жатқан
ауылдарда үнемі ұлып жүретін қараусыз қалған иттер
көп еді. Біздің арғы аталарымыз бен әжелеріміз иттердің
жындарды көретіндіктеріне сенетін. Сондықтан да иттер
қатты ұлитын болса, жақында ауылда қандай да бір өлім
болады дегенді білдіретін.
Алайда, біз бұл жағдайлардың барлығын критикалық
ойлаушы ретінде сараптайтын болсақ, келесі дүниелерді
анықтаймыз. Егерде тамақ болмағанның кесірінен
көптеген адамдар көз жұмған болса, онда иттердің жағдайы
қандай болған екен?-деген сұрақ пайда болады. Олай болса,
олар жейтін тамақ тіптен болмаған шығар. Ал, егерде
итте тамақ болмаса оның ұлитыны анық. Ауылдағы көп
өлімдердің себебі аштық болса да, тұрғындар үшін иттің
ұлуы өлімге себепші деп танылды.
174
«Айнаның сынуы бақытсыздыққа алып келеді»
(«Разбитое зеркало – к несчастью»)
Халық арасында: егерде айнаны сындырып алсаң,
келеңсіздікті күте бер, - деген бір белгі бар. Бұл белгінің
негізгі түп-тамыры бізді 13 ғасырда Еуропада айнаны
қолдана бастардың сәл алдындағы ерте заманға қарай
алып келеді. Айна әлі пайда болмаған кезде адам өз
бейнесін судың бетінен көрген кезде бұл құбылысты түсіне
алмайды. Ол өз бейнесін егіз-рухы ретінде қабылдады. Ал,
айнаны шығара бастаған кезде егіз-рухтың бар екендігіне
әлі де сенетін адамдар айнаның сынуын «өзінің егіз-
рухының өлімі» ретінде қабылдады.
Егерде сіз Өзіңіздің егіз-рухыңыз бар екендігіне
сенбейтіндер қатарынан болсаңыз, айнаның сынып
қалғанына қапаланбаңыз! Айнаның сынуы – Сіз үшін
ең алдымен жақын арада жаңа айна сатып алуға біраз
ақшаңызды жұмсайсыз дегенді білдіруі мүмкін!
«Қара мысық»
Алдыңыздан қара мысық кесіп
өте шыққан кезде көңіл-күйіңіз
түскен кез болды ма, есіңізге
түсіріңізші? Бұл үшін қандай
да бір ақталу, мысалы, өзіңізді
алдарқату
үшін
мысықтың
толыққанды қара емес екендігі
жөнінде мысық бойындағы ақ дақты іздеген кезіңіз
болды ма? Және де осылай өз көңіл-күйіңізді көтеруге
175
тырыстыңыз.
Ал, шындығында осы белгінің ар жағында не жатыр?
Ерте заманда көпшілік адамдар мысыққа айналып
кететін албастылардың бар екендігіне сенетін болған. Ал,
мысық жолыңды кесіп өткен кезде бұл мысық қана емес,
мысыққа айналған албасты деп сенген! Ал, адамдардың
түсінігінде албастылар тек сәтсіздік алып келетін еді. Міне,
бұл белгі осылай пайда болған екен.
Неліктен «қара»? Қара түске деген жеккөрініштілік
сонау ертеден туындаған болатын. Тарихқа дейін адамдар
қара түсті қауіптілікпен, түнгі түнекпен байланыстыратын
болған. Күндіз қатер жақсы көрінетін болғандықтан
қорғануға мүмкіндік бар болатын. Ал, түнде жауыңды
көре алмайсың. Тек қана қара мысық алғашты тұрмыстық
қорқыныш болып қалған жоқ. Игілікті қара түс көптеген
мәдениеттерде қайғымен, арам пиғылды күштермен,
ақыретпен байланыстырады. Ал, бүгінде бұл түс
сырбаздықты, классиканы, тектілікті білдіретіндігін атап
өткен жөн.
Сонымен қатар, барлық елдерде бірдей жолыңды
кесіп өткен қара мысық сәтсіздік әкеледі деген түсінік
қалыптаспағандығы да анық. Мысалы, Ағылшын елінде
қара мысық сәттілік алып келеді де керісінше, ақ мысық
жағымсыз жағдайлар ала келеді деп санайды! Осыған
орай, критикалық ойлайтын адамда көптеген сұрақтар
туындайды.
«13 саны»
Сізге 13 саны ұнай ма?
Егерде Сіз көптеген ырымшыл жандар секілді бұл
176
«Оқиға Англиядағы футболдан өтетін әлем
чемпионатына қатысты болып отыр. Кейбір
мықты
ойыншыларға
«жаман
нөмерлер»
қалғандығынан басталған болатын. Бұл көптеген
жанкүйерлер мен жаттықтырушыларды әбігерге
салды. Олардың арасында алаңға арқасында
13 деген жазумен шығуы керек болған атақты
португал форварды Эйсебио, аргентиналық
Лопец,
бразилиялық
Денильсон,
чилий
қақпашысы Оливарес болған еді. Осыдан кейін
не болды дейсіз ғой. Чилий епископынан өз елі
командасының қақпашысы осындай нөмермен
ойнайтындығына қатты алаңдаушылық білідіріп
отырғандығы жайлы жеделхат келеді.
Ал, Португалияда Эйсебионы «басымшылық-
тан» арашалау үшін арнайы ғибадаттар
ұйымдастырылады. «Рухани ұстаздарының»
айтқан сөздерінің барлығына сеніп үйренген
қарапайым Эйсебионың өзі де аз қобалжыған
жоқ. Бірақ, сұмдық жорамалдарға қарамастан,
португальдық форвард чемпионаттағы үздік
шабуылшы болып танылды. Сол кезде көпшілік,
келесі бір осындай жағдайға дейін ауыр сан
туралы ұмытып кетті…»
Достарыңызбен бөлісу: |